8
шынысына тимеуі қажет. Бұдан кейін блокты жауып, шкала бұрмасын
реттейтін дөңгелекті (6) бұрау арқылы окулярды
жарық пен көлеңкенің
шекарасына әкеледі. Айнаны (9) бұру арқылы шкаланың анық көрінуіне қол
жеткізеді де, окулярды айқасқан оптикалық нысана мен шкала анық
көрінетіндей етіп орналастырады. Бұдан кейін компенсатор жүрісін
реттейтін
дөңгелекті (3) бұрау арқылы шекаралық сызықтың бояуын жоюға қол жеткізіп,
шкала бойынша өлшеуді жүргізеді.
Сыну көрсеткішін өлшегеннен кейін призмалық блокты ашып, призма
беттерін жұмсақ шүберекпен абайлап сүртеді. Бұдан
кейін призма беттеріне
бірнеше тамшы спирт немесе эфир тамызып, қайта сүртеді де, кепкенше
біршама уақыт ашық қалдырады.
3.5-сурет. ИРФ-454 рефрактометрі
окулярының бақылау аймағы
Тәжірибе жүргізу реті
1. Зертханадағы көмекші маманнан концентрацияларының қатынастары 5-
15 мольдік проценттегі бинарлы қоспа изопропил спиртінің судағы
ерітіндісін, рефрактометрдің градуирленген қисық сызығын және осы
бинарлы қоспаның
у–х диаграммасын алып, бастапқы қоспаның құрамын
анықтайды.
2. Бастапқы бинарлы қоспаның массасын өлшейді.
3. Бастапқы қоспаны Вюрце колбасына құйып, изопропил спиртінің судағы
ерітіндісі азеотропты қоспа түзетіндіктен 0,25 г
кальций хлоридін
қосады. Колбаға қайнатқыштарды салады. 3.6-сурет бойынша
қондырғыны құрастырады.
4. Салқындатқышқа су жіберіп, колбаны қыздырады.
5. Қоспа қайнаған соң термометрдің көрсетуін
температура тұрақты
болғанша әрбір 5 мин сайын жазып отырады.
6. Дистилляттың бірінші тамшысы пайда болғаннан бастап 20-25 минут
өткен соң, қыздыруды тоқтатып, колбаны бөлме температурасына дейін
салқындатады.
7. Қабылдағыш
колбаға жиналған дистилляттың масасын өлшеп,
9
рефрактометриялық әдіспен құрамын анықтайды.
8. Вюрце колбасындағы қалдық сұйықтықты алдын-ала салмағы анықталған
колбаға құйып, массасын өлшегеннен кейін
рефрактометриялық әдіспен
құрамын анықтайды.
9. Жұмыс орнын ретке келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: