Химия және химиялық технология факультеті



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата25.04.2023
өлшемі278,2 Kb.
#86659
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6 жұмыс Айдау үдерісі doc

Жұмыстың мақсаты – жай айдау қондырғысында бинарлы сұйық қоспаны 
дистилляция процесі арқылы бөліп, процестің материалдық балансын 
құрастырып, дистилляттың құрамын анықтау. 
 
Рефрактометрия 
Рефрактометриялық талдау әдісі зерттейтін заттың сыну коэффициентін 
анықтауға негізделген. Жарық сәулесі тығыздығы бірінші ортадан тығыздығы 
басқа ортаға өткенде өзінің бағытын өзгертеді, яғни ол сынады немесе 
рефракцияға ұшырайды. Себебі жарық жылдамдығы ортаның оптикалық 
тығыздығына тәуелді. Орта неғұрлым тығыз болса, жылдамдық соғұрлым баяу 
болады. Тығыздықтары әртүрлі екі ортаның бөліну шекарасында жарық 
жылдамдығының өзгерісіне түскен сәуле бағытының өзгеруі тәуелді.
Сәуленің түсу бұрышының синусы оның сыну бұрышының синусына 
қатынасы (3.3-сурет) сыну көрсеткіші немесе коэффициенті деп аталады: 
2
1
sin
sin
i
i
n
, (3.13) 
мұндағы 
1
i
түсу бұрышы, 
2
i
сыну бұрышы. 
3.3-сурет. Екі мөлдір орта шекарасындағы сәуленің сынуы 



Сыну көрсеткішін анықтауға арналған кұралдарды рефрактометрлер деп 
атайды. Рефрактометрлердің бірнеше түрлері бар. Солардың ішінде бір 
ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған Аббе рефрактометрлерін қолдану 
саласы өте кең. Аббе рефрактометрлері өлшегіш призма мен шкаланың
құрылымдарымен, қосымша жарық беретін призманың болуымен, өлшеуді 
жүргізу үшін күндізгі немесе жасанды жарықты қолдануымен ерекшеленеді.
Аббе рефрактометрінің шкаласы тікелей сыну көрсеткіші 
D
n
мәндерінде 
градуирленген. Сондықтан қандай да бір есептеу-лерді жүргізуді қажет етпейді, 
сыну көрсеткішін өлшеу бірнеше минуттар ішінде жүргізіледі.
Қазіргі уақытта Аббе рефрактометрлерінің жетілдірілген құралдарының бірі 
– ИРФ-454 рефрактометрі (3.4-сурет).
 
3.4-сурет. Рефрактометр ИРФ-454: 1 – окуляр; 2 – юстировкалық құралының бұқтырмасы; 
3 – компенсатор жүрісін реттейтін дөңгелек; 4 – жарық беретін призма камерасының 
тұтқасы; 5 – термометр; 6 – шкала бұрмасын реттейтін дөңгелек; 7 – компенсатор шкаласы; 8 
– жарық беретін призма терезесінің жапқышы; 9 – көмескі жарық айнасы; 10 – өлшегіш 
призма терезесінің жапқышы; 11 – юстировкалық кілт; 12 – юстировкалық табақша  
 
Бұл рефрактометрде шкала окуляр арқылы бақыланып, бір мезгілде толық 
ішкі шағылысудың шекаралас сызығымен көрінеді (3.5-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет