факторлары Жауабы: Жергілікті иммунитет – организм тұрақтылығын сақтап тұратын,əсіресе ішкі
ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді,бөтен биологиялық антигендердің енуінен
сақтайды.
Осыдан бірнеше жыл бұрын жергілікті иммунитеттің факторы болып антидене деп
саналды. Антидене барлық сыртқы секреция бездерінде: жас,сілекей,орталық құлақтың
сұйықтығы мен сүтте кездеседі. Жергілікті иммунитет организдмді ауру тудыратын
микробтардың енуінен сақтайды жəне залалсыздандырады. Адам мен жануарларда
автономды қызмет атқарады.Ауыз қуысының иммундық қорғаныс жүйесі, жалпы
шырышты қабықшаның жүйесінен айырмашалығы жоқ.Спецификалық және
бейспецификалық факторлар қатарласып іс атқаруымен ауыз қуысын тіс жегі,қызылиек
қабынуы және де т.б. аурулар қоздыратын түрлі патогенді микробтардан сақтауды
қамтамасыз етеді.Сілекейдің қорғаныс қасиетінің ерекше орны бар. Бір тәулікте ересек
адамдың ағзасының сілекей бездері 2 литрге дейін ферменттік белсенділігі бар сілекей
бөліп шығарады. Сілекей, патогендер өте алмайтын кедергі болуымен қатар, айқын
бактериоцидтік қасиетке ие.Сілекейдің басты факторлары
лизоцим,лактоферин,лактопероксидаза.имоноглобулиндер.Сілекейден әр уақытта
полиморфты лейкоциттер мен моноциттерді табуға болады. Бір мезгілде ауыз қойнауында
100 000 –нан астам фагоциттоздаушы жасушалар табылады.
Ауыз қуысының дәнекерлеу тінінде бейспецификалық төзімділік жасушалары орналасқан:
көшпелі тін макрофагтары, фибробластар, гранулоциттер мен тін базофильдері.Ауыз
қуысы тиімді спецификалық иммундық қорғаныс жүйесімен қамтамасыз етілген.
Анатомиялық құрылысына сәйкес онда жұтқыншақ шеңберінің қуатты бадамшалары, аса
дамыған лимфойдтық өзектер орналасқан. Тінде лимфойдтық жыйнақтар табылса,
сілекейде лимфоциттер мен А,М,G және Е изотипті иммундыглоублинер
табылады.Сілекейде секреторлық IgА-ның концентрациясы басым болады. Оның өлшемі
кан сарысуындағыдан да жоғары. Иммундыглобулиндердің басқа түлерінің
концентрациясы сарысудағыдан төмен. Иммундыглобулиндердің концентрациясы
төмендеген кезде ауыз қуысының шырышты қабықшасы іріңді ісік пен аллергиялық
ауруларға тап болуы мүмкін.
№5. Иммундық статус: ұғымның анықтамасы. Иммундық жүйені бағалаудың сандық