тобымен байланысып, кешендiк антиген түзедi. Пенициллинмен байланысқан ағзаның өз
нәруыздары кейбiр адамдарда гиперергиялық гуморалдық иммундық жауап туғызады.
Анафилаксиялық шок тудыратын басқа дәрiлiк заттарға анестетик – новокаин және
витаминдер жатады. Анафилаксиялық шоктың патогенезi атопияның патогенезiне
қарағанда күрделiлеу, ол екi иммунологиялық механизiмдi iске қосады. Бiрiншi механизм
– атопияға ұқсас, яғни цитофилді иммуноглобулиндердiң артық түзiлуiмен негiзделген.
Иммуноглобулиндер капиллярларға жақын орналасқан базофилдер мен мес
жасушалардың бетiндегi сәйкес рецепторлармен байланысады. Дегрануляция кезiнде
бөлiнетiн ББЗ-тар капиллярлардың өткiзгiштiгiн жоғарылатады нәтижесiнде қанның сұйық
бөлiгi тiндерге шығып, iсiнуді тудырады, сол кезде айналымдағы қан көлемi азайып оның
тұтқырлығы артады. Бұл артериялық қысымның төмендеуiне және гемодинамиканың
бұзылуына әкеледi. Нәтижесiнде анафилаксиялық шоктың клиникасы дамиды. Атопияға
қарағанда, анафилаксия патогенезiнде бiрiншi орында IgG (2,4) өндірілуінің жоғарылауы
болады, ал IgE маңызы бiршама төмен. Анафилаксияның даму патогенезiнде атопиялық
аурулар кезінде кездеспейтін, екiншi механизм қатысуы мүмкiн, ол IgG (1,3), ал кейбiр
жағдайларда IgМ-нiң шамадан тыс түзiлуiмен байланысты, олар айналымда жүрiп,
аллергенмен кездескен кезде қан айналымда иммундық кешендi (АИК) түзедi. Бұл АИК-
дер қан айналым баяулаған жерде капиллярлардың эндотелий жасушаларында тұнып,
жинақтала бастайды. Әрi қарай комплемент жүйесiнiң классикалық жолмен белсенуі
жүредi. Бұл белсену нәтижесiнде түзiлген соңғы өнiм С5-С9 лизистiк кешендер капилляр
эндотелийiн тесiп, оның өткiзгiштiгiн тез арада жоғарылатады. Эндотелийдiң зақымдануы
қан ұйыту жүйесiнiң артуына және тамырiшiлiк қабырғалық тромбтардың түзiлуiне
әкеледi. Комплемент жүйесiнiң белсенуi кезiнде С2в, С3а және С5а фрагменттерi түзiледi,
олар қосымша тамыр өткiзгiштiгiн жоғарылатады (С3а және С5а анафилотоксиндер т.б.,
мес жасушалар мен базофилдердiң мембраналарына әсер етiп, олардың дегрануляциясын
шақырады). Осылайша, анафилаксиялық шоктың екiншi механизмi комплементiң
классикалық жолмен белсенуi негiзделген, ал атопия комплемент жүйесi белсенуінсіз
жүруімен ерекшелiнедi. Анафилаксияның ең ауыр түрi анафилаксиялық шок болып
табылады. Ол ағзаға аллерген парентералды жолмен қайтадан түскен кезiнде пайда
болады, оның тұқым қуалайтын бейiмдiлiгi анықталмаған. Анафилаксиялық шоктың
клиникалық көрiнiсiнiң ерекшелiктерi мен айқындылық дәрежесi әр түрлi болуы мүмкiн.
Яғни, бұл бiрiншi немесе екiншi механизмнiң басымдылығымен анықталады.
№11.
Жоғары сезімталдық реакциялары: II тип – цитотоксикалық (қалыптасу
Достарыңызбен бөлісу: