Жауабы: Иммундық тесттер
Иммундық жүйені сынау ,
Мұны істеу үшін кейбір проблемалар мен себептерді адамдардан көру керек. Бұл
проблемалардың ең маңыздысы - егер адамдарда ұйқының бұзылуы болса, иммундық
жүйені тексеру қажет. Сонымен бірге иммундық жүйені мықты әрі мықты ету үшін
бірнеше нәрсені ескеру қажет. Адамдарда ұйқы факторы мен иммундық жүйе бір-
бірімен үйлесімді жұмыс істеуі керек. Егер бұл екі элемент бір-бірімен үйлесімді жұмыс
істемесе, бұл иммундық жүйенің құлдырауын білдіреді. Бұл жағдайда қажетті
иммундық жүйені тексеруден өткізу орынды болады. Тағы бір фактор ретінде, адамдар
спорттық шараларға назар аударуы керек. Жүйелі, қысқа және күнделікті жаттығулар
иммундық жүйеге айтарлықтай пайда әкеледі. Иммундық жүйеге арналған спорт қан
қысымын жоғарылатады және жүрек ырғағын реттеу арқылы жүйені нығайтады және
қорғайды. Иммундық жүйеге зиян тигізбейтін жалғыз жау - темекі шегу мен алкогольді
тұтыну иммундық жүйеге осы екі жаудан аулақ болуға пайдалы болады.
№7.Иммундық жүйені бағалаудың функционалдық сынақтары: латексті фагоцитоз, НСТ
тесті ( нейтрофилдердің фагоцитарлық активтілігі)
Жауабы: жоқ
№8.Иммундық жүйені бағалаудың функционалдық тесттері: ИФТ
Жауабы:Иммунды ферменттiк талдау (ИФТ). Бұл әдiс, РИТ-тiң қағидасына сәйкес
негiзделген, тек бұл кезде радиоактивтi белгiлердiң орнына ферменттi (хрен
пероксидазасы, сiлтiлi фосфатаза, глюкозидаза) қолданады. Осы ферменттiң әсерiнен,
бояуы өзгерген субстраттың негiзiнде, серпiлiске түскен белгiленген антидене немесе
антигеннiң саны анықталады. ИФТ сынама-жүйесiнiң антиденелерi (поликлонды және
әсiресе моноклонды) үшiн аналитикалық нысана ретiнде А, М, G, E иммуноглобулиндерi,
гормондар (нәруыздық және стероидты табиғаты бар), тасымалдаушы және құрылымдық
нәруыздар, липопротеиндер, гликопротеиндер және көптеген басқа да жоғары
молекулалық биологиялық қосылыстар болып табылады. Сезiмталдығы және арнайлығы
бойынша РИТ және ИФТ ұқсас, себебi, осы көрсеткiштер белгiлердiң сапалығымен емес,
антиденелер және антигендермен анықталады. Бiрақ РИТ-ға қарағанда ИФТ кеңiнен
қолданады, себебi ИФТ үшiн реагенттер мәндi: - сақтау және тасымалдау кезiнде тұрақты; -
РИТ-ға қарағанда қауiпсiз, өйткенi РИТ кезiндегi радионуклеидтердi қолданады. Ол үздiксiз
сәулелендiредi, және оның радиациялық белсендiлiгi уақыт өте үздiксiз өзгередi, себебi
нәруыздарды белгiлеу кезiнде радионулидтi йод жиi қолданылады, оның ыдырау кезеңi
қысқа болады және реагенттердi айына бiр рет жаңартып отыру қажет; - нәтиженi
субъективтi (микроскопия) арқылы емес, аспап арқылы бақылау (фотометрия). Басқа
иммунологиялық әдiстермен салыстырғанда, ИФТ-ды қолдана отырып, техника жағынан
оңай және тура талдауын көрсетедi. ИФТ-да нәтиженiң өндiрiлуi және өнiмдiлiгi жоғары –
бiр уақытта 96 талдау жүргiзуге болады. ИФТ негiзiнде екi биологиялық феномен жатыр –
антиденелердiң жоғары арнайылығы (яғни, байланысқан антиген/эпитопты қатаң басқару
қабiлетi бар) және химиялық серпiлiстiң ферменттермен көп мәрте күшейту. Әдiстi өңдеу
үрдiсiнде ИФТ-дың гетерологиялық (қатты фазалық) және гомогендi варианттары
құралған. Әдiстiң гомогендi варианты төменгi молекулалық заттарды анықтауға арналған,
ол байланысу сипатына қарай, ферменттердiң белсендiлiк айырмашылығын табуға
негiзделген. Гетерогендi вариантта антиген немесе антидененi қатты фазада
иммобилизациялайды. Қатты фаза ретiнде жиi қолданылатын – пластик. Ол
иммунологиялық серпiлiсте планшеттiң лункаларын, қағаз немесе полимерлi пластинка –
стрипттердi қолданады. Жұқпалы аурулар диагностикасында қатты фазалық иммунды
ферменттiк серпiлiстiң қолданылуын жөн көрген. Бүгiнгi күнде барлық қолданылатын
иммунологиялық зерттеу әдiстерi дәрiгерлердiң тәжiрибелiк қызметiнде қызмет етедi:
денi сау және науқас адамдарда иммунды статусын нәтижесiн анықтау үшiн;
науқастың иммундық жүйенiң зақымдалу деңгейiн анықтау үшiн;
келесi тексерулерге дейiн науқастың екiншiлiк иммундық тапшылық жағдайының
себебiн анықтау үшiн;
иммунитеттi реттейтiн терапияны жүргiзу қажеттiлiгiн дәлелдеу үшiн;
иммунитеттi реттеу үрдiсi кезiнде зақымдалған иммунологиялық параметрлердiң
қалпына келтiруiн бақылау үшiн;
жұқпалы аурулардың сатысын анықтау (жедел сатысын, вирустың белсендi репликация
сатысын, созылмалы сатысына ауысуын, созылмалы жұқпалардың өршуiн, анық
клиникалық симптоматикасы жоқ жасырын жұқпалы патологияны, бұрын жұқпамен
ауырған нәтижесiнде қан сарысуындағы IgG деңгейiнiң динамикасымен, егуден кейiнгi
иммунитет және т.б.) ПТС берiлген нәтижесi бойынша (биологиялық материалда
қоздырғыштың ДНК немесе РНК-ның белгiлi бiр кесiндiсi арқылы бар екенi), ИФТ
(биологиялық материалда антидене және антигеннiң болуы) үшiн;
аллергиялық жағдайлардың дамуында этиологиялық факторларды анықтау (НЗК
сынамасы арқылы жұқпаны да, сол сияқты аллергендi) дұрыс диагноз қою мақсатында
(жұқпалы, жұқпалы емес немесе аллергиялық патологиялық) және терапияда дұрыс
емдеу тактикасын қолдану үшiн;
генетикалық бөтентектi тiндердi немесе мүшелердi
трансплантацияға дайындау және кейiн тұрақталуын, қызметiн атқаруы бойынша
иммунологиялық бақылау жүргiзу, иммундық депрессиялық терапияны тағайындау үшiн.
Соған байланысты, қазiргi уақытта әртүрлi аурулар кезiнде иммунитеттiң жасушалық және
гуморалды звеносының иммунологиялық көрсеткiштерiн, фагоцитоз, комплемент
жүйелерiнiң қызметiн, цитокиндердiң деңгейiн, сонымен бiрге ИФТ, ПТС, ИФС, ТИФ, НЗК,
РАСТ және басқа да әдiстердiң нәтижелерiн анықтау жүргiзiлуде. Мiндеттi түрде,
иммунологиялық зерттеу әдiстердiң диапазоны кеңейедi және жаңарады.
|