М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет12/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
(Әулие әз Тәйтеке Байбекұлы, Бұқар жырау 
Қалқаманұлы мен Мәшхүр Жүсіп Көпейұлының 
қазақ халқының болашағы туралы көрегендік 
өсиет-тілектері және болжау өлеңдері)
Әулие әз Тәйтеке би 1666-1722 жылдары өмір 
сүріп, 56 жасында дүниеден өткен. Өзі өлген соң 
1723 жылы ақтабан шұбырындының алдын-ала 
болжап, кейінгі ұрпақтарына төмендегідей өсиет-
тілектерін жазып кеткен.
Жалғанда әз Тәйтеке дүниеден өтті, 
Бар жоғы елу алты жасқа жетті.
Бағыну бір көсемге дұрыс қой деп,
Боларын ақ табанның біліп кетті.
Төреден тілімді алсақ безін деді,
Келді енді көсем сайлар кезің деді,
Қазақты өз батыры басқармаса,
Құл қылып қалмақ алар сезін деді.
Хан, сұлтан, төре күні кеткен деді,
Оларда ақыл, айла біткен деді.
Қазағым одақтасып, тұтас ел боп,
Қорғайтын өзіңді уақыт жетті дейді.
Ақылды болсын көсем батыр деді,
Біріксе қазақ болар есен деді.
Көрші елмен татуласып, тіл табысар,
Болсын өзі тағы да шешен деді.
Ішінен көптің көсем ізде деді,
Хандардан құтылуды көзде деді.
Қазақты төре орыс жеткізет деп,
Малтаңды би мен бектер езбе деді.
Үш жүзден үш ақылшы болсын деді,
Қазаққа бақ пен дәулет қонсын деді.
Сайлаған көсемдерің кемеңгер боп,
Халықына қызметші болсын деді.
Соңынан төре орыс жұрт ермесін
Хандарға бауыр басып дос көрмесін.
Хан, сұлтан, төре, орыс бәрі құзғын,
Тізгінін басқаруды ел бермесін.
Басқарса тозған елді көсемдерің,
Ақылды болсын сөзге шешендерің.
Хан, сұлтан, төре, орысты дос санама,
Тізе қос, күшті жинап аңғал елім.
Қыздарым босқа жатпай топ құрыңдар,
Жауыңа мойын сұнбай сақ болыңдар.
Ұрыста әйелмін деп берілмеңдер,
Қалмақты селебемен басқа ұрыңдар.
Қиыншылық көп ұзамай өтер-кетер,
Ерлерің жауды ұзатпай тентіретер.
Бөгенбай, Сары, Асқат, Жабай, Көшек,
Қалмақты шапқа түртіп мезі етер.
Ақылды би мен бектер еске алмады,
Өздері дұрыс кеңес қоса алмады. 
Үш жүздің шонжарлары төре жоқ боп,
Ішінен батыр-көсем шыға алмады.
Өткен іс өтіп кеткен қайта келмес,
Бақыт құс ұшып кеткен енді оралмас.
Өсиетін әз Тәйтеке еске алып, 
Төле, Қазбек, Ақсуат би шайқады бас.
Торғауыт, жоңғар, ойрат бәрі қалмақ,
Орыстар мен қытайлар алған жалдап,
Қолтығына су бүркіп дем берген соң,
Қазақтарды құртпақшы отша жалмап.
Күнгей жақты қаптаған қалмақ алды,
Жетісудің өңірі елсіз қалды.
Бостырып үйсін, найман, қоңыратты,
Мал баққан қазақтарға ойран салды.
ӘОЖ 882.151.212.2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет