Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Ойын-сауық, бос уақытты өткізу, спорт секторы



Pdf көрінісі
бет14/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Ойын-сауық, бос уақытты өткізу, спорт секторы қонақжайлық 
индустриясының инфрақұрылымында маңызды орын алады және қонақ үй 
тұрғындары мен туристердің демалысын ұйымдастыру кезінде әртүрлі 
мәселелерді шешеді. Көптеген қонақ үйлердің өз спорт базасы, концерт 
залдары, дискотекалары, әртүрлі клубтары, ойын залдары және т.б. бар. 
Сонымен қатар қонақ үйлер қалалық ойын-сауық кәсіпорындарымен тығыз 
байланыста. Қонақтардың демалысын ұйымдастыру үшін экскурсиялық қызмет 
аса маңызды.
Қонақ үйлерді жіктеуде қонақ үйге белгілі бір категорияны тағайындау 
барысында басқа талаптармен қатар: 
 қызметтер номенклатурасы мен сапасы; 
 қызмет көрсету деңгейі ескеріледі.
Ұсынылатын қызметтер сапасы келісім шартқа сәйкес келу керек, ал 
келісімде шарттар болмаса немесе толық емес болса – осы қызметтерге 
қойылатын талаптарға сай болу керек.


22 
Қонақ үйлерде ұсынылатын қызметтер негізгі және қосымша болып 
ажыратылады. Олар тегін немесе ақылы болуы мүмкін.
Негізгі қызметтере орналастыру және тамақтану жатады. Қонақ үйге 
келуші және кететін тұрғындарын рәсімдеу тәулік бойы жүргізілу керек.
Орналастыру қызметінің мәні біріншіден, арнайы бөлмелерді (қонақ үй 
нөмірлерін) қолданысқа беру, екіншіден, тікелей қонақ үй персоналымен: 
қонақтарды қабылдау және рәсімдеу жөнінде портье, нөмірлерді жинау 
жөнінде горничная және т.б. орындалатын қызметтер ұсыну болып табылады.
Қонақ үй нөмірлері орналастыру қызметінің негізгі элементі болып 
табылады. Бұл тұрғындардың демалуына, ұйықтауына, жұмыс істеуіне 
арналған көп функционалды бөлмелер. Қонақ үйлерде ауданымен, 
жиһаздарымен, жабдықтармен, жабдықталуымен және т.б. ерекшеленетін 
әртүрлі категориялы нөмірлер бар. Бірақ категориясына тәуелсіз әрбір қонақ үй 
нөмірінде төмендегідей жиһаз бен жабдықтар болу керек:
 төсек; 
 бір орынға шаққанда орындық немесе кресло;
 бір төсекке шаққанда түнгі үстел немесе тумбочка;
 киім ілуге арналған шкаф;
 жалпы жарықтандыру; 
 қоқыс салуға арналған себет. 
Сонымен қатар әр нөмірде қонақ үй туралы мәлімет және өрт туындау 
жағдайында эвакуация жоспары болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет