24
Мейрамханамен табысты басқару үшін ресторатор «мықты шаруа»,
саналы администратор, ықтималға баратын бизнесмен болып қана қоймай,
мейрамхана ісінің ерекшеліктерін білу керек.
Қазіргі кезде мейрамхана бизнесі профессионализмді қажет етеді.
Мейрамхана бизнесінің құрылымы пайда болды, мейрамхана нарығында жұмыс
істейтін дизайнерлер, жабдық, тағам өнімдері мен сусындар жабдықтаушылары
пайда болды. Бұл бизнес түрі жаңа сапалық сипатқа ие болып дамуда.
Қоғамдық тамақтандыру жағдайында тағам өндіру және тұтыну өте
ыңғайлы, бірақ тежегіш фактор өнімдердің жоғарғы құны болып табылады.
Қоғамдық тамақтандыру дамуына әсер ететін тежегіш факторларға қарамастан
қоғамдықтамақтандыру кәсіпорындары өндіретін өнімдерге сұраныс өсіп
келеді.
Мейрамхана өмірі батыс үлгісі бойынша дами бастады. Мейрамхана
қонақтары мейрамхана картасы бойынша сүйікті
шеф-аспаздардың орын
ауыстыруын бақылап, қай жерде ең жақсы тағам ұсынатынын біледі.
Мамандардыің астанада мейрамхана нарығының толып кетуі болжамына
қарамастан жаңа кәсіпорындар ашылып, бірден гастрономдық чарттар шыңына
көтеріліп жатыр. Гастрономдық фестивальдр, конкурстар, салондар ерекше
табысқа ие. Тұтынушыларды мәзірді маусымдық ауыстыру мен арнайы
ұсыныстар қызықтырады.
Мейрамхана бизнесінде қызмет көрсету түрлері мен әдістері уақыт пен
орынның
нақты жағдайымен, сонымен қатар аспаздық өнімді өніру
технологиясымен басқарылады. Қызмет көрсету әдістері мен түрлері арқылы
мейрамхана сервисі қалыптасады.
Қызмет көрсетуді рационалды ұйымдастыру мақсаты - әртүрлі қызметтер
кешенін көрсету. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының сауда әрекетін
ұйымдастырудың мақсаты- тұтынушыларға қызмет көрсету түрлері мен
әдістерін жетілдіру және қызмет көрсету мәдениетін жоғарылату болып
табылады.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорандарда көрсетілетін қызметтер:
Тамақтану қызметі;
Аспаздық өнімдер мен кондитерлік өнімдерді даярлау қызметі;
Өнімді тұтынуды ұйымдастыру және қызмет көрсету қызметтері;
Аспаздық өнімдерді өткізу қызметі;
Бос уақытты ұйымдастыру қызметі;
Ақпараттық-кеңес беру қызметі;
Басқа да қызметтер.
Тамақтану қызметі аспаздық өнімдерді даярлау
және оларды кәсіпорын
типі мен классына сәйкес өткізу мен тұтыну үшін жағдай құру қызметтері
болып табылады және мейрамхана, бар, кафе, асхана, дәмхананың тамақтану
қызметі болып ажыратылады.
Аспаздық өнімдер мен кондитерлік өнімдерді даярлау қызметіне
тұтынушы тапсырысы бойынша аспаздық өнімдер мен кондитерлік өнімдерді
даярлау, кәсіпорында тапсырыс беруші шикізатынан тағам даярлау, үйге келіп
25
аспаздық және кондитерлік өнімдер, тағамдар
даярлау жөнінде аспазшы,
кондитер қызметі жатады.
Өнімді тұтынуды ұйымдастыру және қызмет көрсету қызметтеріне
мерейтойлар, жанұялық отырыстар, астар ұйымдастыру; конференция, семинар,
жиналысқа қатысушылардың тамақтануын ұйымдастыру және қызмет көрсету,
демалу аймағында мәдени-массалық шаралар, тұтынушы тапсырысы бойынша
аспаздық өнімдер мен кондитерлік өнімдерді жеткізу, аспаздық өнімдер мен
кондитерлік өнімдерді жұмыс орнына, кеңсеге, үйге, жолаушы көлегене, қонақ
үй нөмірлеріне жеткізу және қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру
кәсіпорындары залында орындарды алдын-ала тапсыру,
кешенді рационға
қызмет көрсету талондары мен абонементтерін сату, кешенді тамақтандыруды
ұйымдастыру жатады.
Аспаздық өнімдерді өткізу қызметіне аспаздық және кондитерлік
өнімдерді дүкендер және аспаздық бөлімдері арқылы өткізу, түскі астарды үйге
жеткізу, аспаздық өнімдер жинағын жолға жинау жатады.
Бос
уақытты
ұйымдастыру
қызметі
музыкалық
қызметті
ұйымдастырудан, концерт жүргізуден, варьете және видеобағдарлама
жүргізуден, газет пен журнал таратудан, үстел ойындары, ойын автоматтары,
биллярд ұйымдастырудан тұрады.
Ақпараттық-кеңес беру қызметі аспаздық және кондитерлік өнімдерді
даярлау, безендіру жөнінде мамандардың кеңес беруі және дастарқан жаю;
емдім бикенің аспаздық өнімдерді әртүрлі ауруларда тұтыну мәселесі бойынша
кеңес беруі; аспаздық шеберлікке оқытуды ұйымдастырады.
Басқа да қызметтерге ас жаулықтарды, ыдыстарды, аспаптады,
саймандарды жалға беру; фирмалық значоктарды, гүлдерді, сувенирлерді сату;
парфюмерия, аяқ-киім
тазалау құралдарын ұйымдастыру; киімді жөндеу және
тазалау; тұтынушыларға қызмет көрсетуден кейін қалған тағамдарды буып-
түю; кәсіпорыннан алынған аспаздық өнімдерді буып-түю; кәсіпорында
тұтынушыларға телефон және факс байланысын ұсыну; тұтынушының жеке
заттарын (сыртқы киім), сөмке мен бағалы заттарын кепілді сақтау; тұтынушы
тапсырысы бойынша такси шақыру; кәсіпорын
алдында ұйымдастырылған
тұрақта тұтынушы көліктерін қою жатады.
Қоғамдық тамақтандыру қызметтері мақсатты тағайындалуына, уақытында
ұсынылу мен дәлдігіне сай келу керек, сонымен қатар қауіпсіздік, экологиялық,
эргономикалық, ыңғайлылық, эстетикалық, қызмет көрсету мәдениеті,
ақпараттық талаптарына жауап беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: