10
Француздар бұндай қызмет көрсетуді table d’hote (табль д’от), яғни «қожайын
үстелі» деп атаған. Ақшалы қонақтар қожайында бар өнімдерден даярланатын
арнайы тағамдарға тапсырыс бере алды – a la carte (а ля карт)- және де
тағамның қалай даярланып жатқанын көру үшін асханаға кіре алды.
Ауыл жерлерде тұрақ орындары барлық саяхаттаушыларға қызмет
көрсетті, бірақ өз экипажымен саяхаттаушылар онда кірмейтін, ал жаяу
жүргінші кедейлерді ол жерге кіргізбеген. Қалай болса да әр қонаққа қызмет
көрсетуде әлеуметтік айырмашылықтары ескерілді.
XII-XIII ғасырлары Русьта алғашқы қонақ үйлердің негізі – тұрақ
орындары (постоялые дворы) пайда болды. Олар барлық категориялы
саяхаттаушыларға түнейтін жер мен тамақ ұсынды және аса ыңғайлылықпен
ерекшеленген жоқ. XV ғасырда тұрақ орындары бір-бірінен ат шаптырым
жерде "яма" - пошта бекеттерінің қасында құрылды.
Жол бойындағы тұрақ орындары ХІХ ғ. ортасына дейін, кей жерлерде одан
да ұзақ қызмет етті. Олардың дамуы темір жолдардың пайда болуымен
уақытша тоқтатылды. Бірақ содан кейін, автомобиль көлігінің дамуына
байланысты тұрақ орындары жол бойында мотель түрінде пайда болды.
Орыс қалаларында орта ғасырлық қонақ үйлердің бір түрі – қонақ үй
сарайлары (гостиные дворы) кең тараған. Олар тұрақ орындарынан
орналастыру мен тамақтанудан басқа бұл жерде коммерциялық келісімдер
жүзеге асырумен ерекшеленді, яғни қонақ үй сарайларында жиһазбен
жабдықталған бөлмелер, сауда қатарлары, көрме залдары, қойма болды. Қонақ
үй сарайлары сауда үшін және тауарларды қоймада сақтау үшін арналды, себебі
саудагерлерге онымен үйде айналысуға рұқсат етілмеген. Бұл заң барлық
саудагерлер мен тауарларға таралды. Ол тек ХVІІІ ғасырда ғана жеңілдетілді.
Достарыңызбен бөлісу: