қанжар қайраулы...; ер жүрекmiң шайылғаны, ер Сырымның
тайынғаны...; еркелеттің қуандым, жан серігім дедің, бұрын естімей
жүргендей қуандым... т.б.); дипломатиялық мәнердегі сөз өрнектері:
Г у б е р н а т о р – . . . Е ң алдымен халық кеңесі деген ел басқарудың
жаңа түрін тапқан, Сырым би, сізді.., ...сіздің осындай пікірді аянбай
жақтаған сіздің халқыңызды құттықтаймын... Бұдан былай Россия
халықтарының арасында достық күшейте беруіне халық өкіметі тізе
қосар деп үміт етеміз. С ы р ы м – Рахмет, барон, мырза, мен барлық
халқымыздың атынан рахмет айтып, Сізді құттықтағым келеді... Сізге
деген біздің алғысымызды да ауызбен айтып жеткізу маған да оңай
болып тұрған жоқ; кейіпкер тіліне ескілік сипат үстейтін "гримдер":
улуғ
мәртебелі; мархаматыңызға мауафих; Кіші жүз халықтарының
бахытына хурмет уағиззатын бағышланмыш т.б. әр түрлі стильдік
бояулар контраст тудырып, шығарма тілінің көркемдік сипатын аша түсуге
септігін тигізіп тұр. Жазушы тілінің бір сарынды болмай, сөз бояуының
бір өңкей көрінбейтіні де сондықтан. Бояуы бөтен бөгде стильдік
элементті жазушының сезімтал қаламы сөйлеу тіліне жанастырып
"тірілтіп" отырады
(шала піскен мәселе, күйіп тұрған мәселе т.б.).
Жазушы өзге стильдік элементтерді дайын күйде "көшіре" салмай,
қауызынан айырып қолданады. Сондықтан бөгде стильдік элементтер
негізгі қызметінде (коммуникациялық функцияда) жұмсалмай,
эстетикалық мәнге ие болғанда, көркем тіл кестесіне лайық түрге енеді.
Көркем әдебиет стилінің ерекшелігіне бағынып, жазушы идеясына тәуелді
болады. Алоларды "шикізат" күйінде жұмсау шығарма тілінің көркемдік
әрімін бұзады.
Сөзді бірыңғай, бір сарынмен, бір өңмен құра бермей, әр түрлі
стильдерден бояу ала біліп, өмір шындығын дәл бейнелеу – реалистік
шығармаға тән тәсілдердің бірі.
Стильдік контраст – кейіпкер тілін даралаудың бір тәсілі. Оның
айқын көрінетін жері – көркем диалог. Көркем диалог – драманың негізгі
компоненті болса, ал прозалық шығарманың құрамдас бөлігі. Сондықтан
стильдік контраст тек драмалық туындыларда ғана емес, көркем проза
жанрларында кездесуі заңды.
Көркем әңгімеде стильдік контраст жасай білудің әсері айрықша.
Енді жазушының "Атақты әнші Майра"
("Қазақ әдебиеті", 27.2.1981)
әңгімесіндегі мынадай диалогті еске түсіріп көрейік:
Достарыңызбен бөлісу: