Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет1/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)



Н.УӘЛИҰЛЫ
Фразеология және тілдік норма
Алматы
1


Н.У
ӘЛИҰЛЫ
Фразеология және тілдік норма. Алматы, Республикалық баспа
кабинеті, 1998., 128 бет. ISBN 5-8380-1612-4
Оқырмандар назарына ұсынылып отырған бұл кітапта қазақ тіліндегі
тұрақты сөз орамдарының тілдік табиғаты, ұлттық мәдени мазмұны,
стильдік ерекшеліктері әдеби тіл нормасы тұрғысынан қарастырылады.
Кітап жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, жоғары мектептің
окытушыларына, ғылыми қызметкерлер мен аспиранттарға, сондай-ақ сөз
мәдениеті мәселелеріне ден қойған оқырман қауымға арналған.
Пікір жазғандар:
Ә.Жүнісбеков, 
филология ғылымдарының докторы,
профессор;
Б.Құлмағамбетова, 
филология ғылымдарының кандидаты
Баспаға Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі – Ғылым
академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтыныңҒалымдар
кеңесі ұсынған.
ІSВN 5-8380-1612-4 
© Н.У
ӘЛИҰЛЫ
© Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлігінің оқулық және әдістемелік әдебиеттер жөніндегі
Республикалық баспа кабинеті, 1998.
2


АЛҒЫ СӨЗ
Тұрақты сөз орамдары немесе фразеологизмдер тілдің
құрылымдық жүйесіндегі аса күрделі тілдік бірлік ретінде
лингвистикалық зерттеулерде жан-жақты қарастырылып келеді.
Көптеген зерттеуде тұрақты сөз орамдарының әсіресе жеке сөздермен
салыстырғанда, бейнелі, экспрессивті-эмоционалды қасиетке ие
екеніне алдымен мән берілді. Фразеологизмдердің көбіне-көп көркем
шығарма тілінде көріктеуіш құрал ретінде жиірек жұмсалуы да
олардың осы қасиетіне байланысты болса керек.
Тұрақты сөз орамдары әдетте сөйлеу кезінде жасалмайтын,
«даяр» күйде қолданылатын, тұлғасы(формасы) жағынан сөз тіркесі
немесе сөйлемге, мазмұн жағынан дара сөзге ұқсас тиянақты тілдік
бірліктердің қатарына жатады. Сондай-ақ олар фразеологиялық
мағынасынан басқа мәдени ұлттық мазмұнға, өзге тілдік бірліктерге
қарағанда, аса бай болады. Мағыналық әрі тұлғалық құрылым-
құрылысы тұрақты, даяр күйде болуына қарамастан
фразеологизмдердің сөзсаптамада (высказывание) әр түрлі
семантикалық, тұлғалық жақтан өзгеріске ұшырап, жаңғырып
отыруының себебі неде? Дайын үлгіні жазушы қаламы неге
«бұзады»? Даяр үлгіні неге бастан-аяқ дайын күйде қолдана
бермейді? Тұрақты сөз орамдарын құбылта жұмсаудың көркем тіл
кестесіндегі бедері қандай? Егер тұрақты сөз орамдарының өздеріне
тән дәстүрлі, қалыптасқан нормалары болатынын мойындасақ, әр
түрлі өзгертулер мен құбылтулар, жаңғыртулар жөнімен болып
жатқан, көркемдік мәні бар тәсілдер ме? Тілдік нормадан жөнімен
ауытқуды жөнсіз ауытқудан қалай ажыратамыз? Назарларыңызға
ұсынып отырған бұл кітапта, міне, осындай біраз сұраудың жауабын
іздеуге тырыстық.
Алдымен фразеологизмдердің негізгі ерекшеліктеріне, тілдік
табиғатына, олардың мағыналық құрылымы, тұлғалық құрылысына
тән өзіндік нормалары болатынына қысқаша тоқталуға тура келді.
Сондай-ақ тұрақты сөз орамдарының кітаби, сөйлеу тілі,
қарапайым сөйлеу тілі тәрізді типтеріне, функционалдық-стильдік
түрлеріне, олардың көркем тіл кестесіндегі эстетикалық қызметіне
талдау жасауға көңіл бөлінді.
Теңдесі жоқ ұлы суреткерлер Абай, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов т.б.
сөз зергерлерінің көркем шығармаларынан мысалдар ала отырып,
суреткер қаламының фразеологизмдерді қалай түрлендіретініне,
халық тілі сөз байлығын, оның ішінде фразеологизмдерді,
шығармашылық жолмен игерудің барысында пайда болатын
семантикалық өзгерістер мен эмоционалды-экспрессивті реңктерге
талдау жасай келе, бұл құбылыстың жаңа бір көркемдік тәсіл ретінде
қалыптасып, эстетикалық қызмет атқаратынына назар аудардық.
3


Фразеологизмдердің тілдік табиғаты аса күрделі:
фразеологизмдер жеке сөзге де, сөз тіркесіне де, сөйлемге де
ұқсайды, сонымен бірге олардың ешбіріне ұқсамайтын қасиеттерімен
де ерекше болып тұрады. Фразеологиялық мағына фразеологизмнің
құрамына енетін сөздердің дербес мағынасынан туындамайды.
Сондықтан олардың мағынасы «фразеологиялық шартты»,
«фразеологиялық байлаулы» мағына деп аталады. Көптеген
фразеологизмдердің неге бұлай аталатыны, яғни уәждемесі
(мотивациясы) жоқ. Осы айтылғандар фразеологиялық норманың аса
күрделі екенін байқатады. Фразеологиялық нормадан жөнсіз
ауытқудың түрлері әсіресе олардың мағыналық құрылымын,
тұлғалық құрамын, стильдік мағынасын, функционалдық-стильдік,
эмоционалдық, экспрессивті-эмоционалдық реңктерін бұзып
қолдануға байланысты жиі кездеседі. Мұндай жағымсыз
құбылыстарды нақты мысалдар арқылы талдап, олардың түр-түрін
айқындау, нормадан ауытқудың себептерін, сөздің коммуникативтік,
эстетикалық сапасына тигізетін кері әсерін көрсете отырып
талдаудың тіл мәдениеті үшін күресте мәні ерекше. Осымен
байланысты тігісі теріс материалдардың ойдан шығарылмағандығын
байқату үшін мысалдарды қай автордан, қандай басылымдардан
алғанымызды көрсетуге тура келеді. Мысалдар негізінен 70-80
жылдары жарық көрген басылымдардан алынды басылымдар сол
кездегі атымен көрсетілді («Лениншіл жас», «Жұлдыз»,
«Социалистік Қазақстан» т.б.).
70-80 жылдары көркем әдеби үрдісте көріктеудің жаңа бір
тілдік құралдары мен стильдік тәсілдері көркем нормаға айнала
бастады. Мұның өзі алдымен әдеби тілдің осы кездегі
функционалдық-стильдік тармақтарының, әр стильдің өзіндік
бедерінің саралана түсуімен байланысты. Алдымен сөйлеу тілі мен
кітаби тілдің ара-жігі бұрынғыдан гөрі тереңдей беруі, әр стильдің
өзіне тән тілдік ресурстары молайып, функционалдық-стилдік
реңктері айқындала түсуі барысында функционалдық реңктегі тілдік
элементтерді эстетикалық қызметке жетудің мүмкіндігі арта түсті.
Міне, осы құбылысты тілдік норма мен фразеология аясында
қарастыра отырып, осы үрдістің ұлттық көркемдік нормаға айналуын
сөз еттік.
4




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет