фразеологизм "оқыстан елере үріккен" жанның бейнесін дәл береді (Абай
мен ел жуандарының арасындағы дау күтпеген
жерден Абайдың
пайдасына шешіледі).
Екіншіден, әдетте сөйлеу тіліне тән фразеологизмдердің
бағалауыштық сипаты күшті болып, олардың хоштау, ұнату, кекету,
ұнатпау тәрізді мәні айқын сезіліп тұрады. Сөйлеу тілі
фразеологизмдерінің мұндай коннатативтік реңкін жазушы авторлық
позицияны білдіру үшін кәдеге жаратады.
Жазушы белгілі бір оқиғаны
суреттеп қана қоймайды, ол жайында авторлық позициясын да сездіріп
отырады. Мұндайда сөйлеу тіліне тән ұнамды немесе ұнамсыз реңктегі
фразеологизмдерді (мысалы,
ит көрген текедей
65
) автор тілінде қолдана
отырып жазушы оқырманды бейтарап қалдырмай, авторлық позицияны
жақтаушы етіп, "өз" жағына шығарып алады. Сөйлеу тіліне тән
фразеологизмдер осылайша автор сөзінде көркемдік кызметте жұмсалады.
Сондай-ақ бәйәдеби қарапайым фразеологизмдердің сөзге сатиралық
реңк үстемелеу мақсатында көркем фельетон жанрында жұмсалуы
ықтимал. Мысалы
елемеді деген бейтарап
сөздің жалпыхалықтық тілде
көзіне ілмеді (сөйлеу тілі),
бит шаққандай көрмеді (әдеби қарапайым тіл),
Достарыңызбен бөлісу: