Аудармашының жады



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата28.04.2023
өлшемі184,9 Kb.
#88100
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Аударматану(№8СОӨЖ).

Ішкі типті аудиалдар өздерімен сөйлесіп, оңай үйренеді. Тіл үйренуді олар лингафон 
кабинетінде, басқалармен сөйлегенде жақсы үйренеді, бірақ олар үнсіз жаттағандарын 
міндетті түрде дауыстап сөйлеуі керек. 
Сыртқы типті аудиалдар тәрізді олар да тілдің иесі сияқты шет тілде сөйлеулері керек, 
бірақ ойша айтуға тәуелді болады, үнемі шетел тілінің дыбыстарын және интонациясын 
ойша жасап жаттығуы керек. Олар ауызша аударумен сирек айналысады, сыртқы типті 
аудиалдарға қарағанда, себебі баста естіліп тұрған сөзді дауыстап шығаруға 
ұмтылыстары әлсіз болады. Олар да ритмнің маңызына көп көңіл бөледі, үнемі 
аударманы және алғашқы мәтінді ойша қалпына келтіріп жасайды. Бұдан басқа олар 
жұмыс істеп отырып аса қатты емес аспапты музыканы тыңдайды және бір мезгілде 
аударумен бірге іштей монолог жүргізеді. 
Үнемі үнсіз монолог ішкі типті аудиалды алаңдатпай, қайта оның жұмысының өте 
өнімді, өте ризашылықпен, тез орындалуына көмектеседі 
Кинестетикалық қабылдау 
Кинестетикаға іс-әрекетті орындау арқылы оңай үйренуге болады. Істің қалай 
орындалатынын анық білмей, іске кірісіп, орындау барысында білу үйренудің ұнаған 
әдісі. Жаңа құрылым сатып алған соң, визуал жұмыс істеуге басшылықтың схемасын 
қарайды, ал аудиал ережелер өз сөздерімен оқып, біртіндеп оларды түсінікті формаға 
келтіріп, қиыншылық болса, техникалық қолдау қызметіне телефон шалады, кинестетик 


приборды жұмысқа қосып, барлық кнопкаларын басып көреді. Кинестетиктер аз сөйлеп, 
көп істейтін адамдар. Олар өз эмоцияларына есеп береді, әр уақытта тексереді, осылай 
іске кіріспей тұрып жасайды. 
Бірақ олар өз сезімдерін нашар көрсетеді, барлық құбылысты да аз дәрежеде көреді не 
барлығын ойластырып және дұрыс қортынды аудиалдар сияқты жасайды.
Тактилді-кинестетикалық адамдарға затты қолға ұстау қажет. Олар денесімен 
үйретеді, қозғалыс пен жанасу арқылы іске асырады. Мұражайларда оларға 
қолдарыңмен ұстауға болмайды деп ескертеді. Олар экскурсоводтың ұзақ әңгімесін 
тыңдағаннан гөрі, экспонаттарды алыстан қарап тұруға шыдамдары жетпейді. Оларға 
“Терезені аш!” деген фразаны айтқаннан гөрі, ол терезеге келіп, оны ашқанда, оңай 
жаттап алады. Ересектердің 15 % ақпаратты сезіну арқылы қабылдайтындығы 
дәлелденген. 
Тактилді-кинестетикалық аудармашылар аудару процесі кезінде тілдік ағынды 
сезінеді аудиалдарғадай оларға да ритм мен интонация маңызды болып табылады. 
Олардың көзқарастарынша мәтінді аудару өз-өзінен жүретіндей, өз импульсы бола 
тұрып, адамдар тобынан не қағаз бетінен шығатын мәтіндер аудармашы денесіне еніп 
және өте жоғары күшпен саусақтарынан не оның аузынан ұшып шығады. Аудармашы 
жұмысын ауызша да, жазбаша болса да олар ағын бағыты деп қабылдайды, ал негізі 
аудару тіліндегі сөздер мен сөздер тіркестері эквивалентін жасау екенін білмейді. Қиын 
сөздер не сөз тіркестері ағынды тоқтатып не тежейді, ағаш түбіртегі не тар арна тәрізді. 
Осы категориядағы аудармашылар қиындықтармен кездескенде, сөздіктерге не 
синонимдер тізімін қарайды, бірақ олардың бар ұмтылысы ағынды қалпына келтіру. 
Алғашқы мәтінде пайда болған проблеманы анықтау және аудару тілінде оның шешуін 
табуға көмектесетін аналитикалық процестер маңызды, бірақ бұл процестер аудиалдар 
мен визуалдарға қарағанда, терең сублимирленген, сондықтан кейде оларда қиындықтар 
жойылып кеткендей не олар қиындықтардың шешімі басқа тыс жерден келгендей әсер 
қалыптасады. Белгілі сөздерді және сөз тіркестерін көз алдына елестету үшін қозғалыс 
пен жанасу терминдерінде оны жасайды олар өздері заттар алып тұрғандарын 
елестетеді, оны көтереді, айналдырады, салмақтайды, сипалайды ойша заттарға 
қозғалады, оны айнала не одан әрі қарайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет