Ақпаратты өңдеу қабілеті
Әр түрлі адамдар әр түрлі ақпаратты әр түрлі өңдейді. Йенсен ақпаратты өңдеудің 4
түрін қарастырады:
-
контекстуальды-глобальды;
-
дәйекті-нақтылау;
-
концептуальды.
Контекстуальды–глобальды типтегі адамдарды кейде парашютшілер деп атайды,
себебі олар барлық жағдайды түгелдей көреді, ұсақ-түйектерге көңіл аудармайды, ең
маңыздысын,
негізін меңгеруді көздейді, ал ұсақ- түйектерді содан кейін байқайды.
Жаңа бір мағлұматты оқыған кезде, олар ең алдымен оның мәні мен байланысын, қандай
салаға жататынын, неге арналғандығын ұғынады, тек содан кейін оларда бұл затқа деген
қызығушылық пайда болады. Олар бірнеше жұмыстарды қатар орындауды қалайды,
егер де бұл оларды қажытса, олар өзгерістерді қажет етеді.
Ақпаратты өндеген кезде,
олар өздерінің ішкі ойларына құлақ асады және дұрыс жауапты да содан іздейді.
Контекстуальды-глобальды аудармашыларға көбінесе ұсақ-түйектер маңызды
болмағандықтан, олар соттық отырыстарда қатысқаннан гөрі,
визитерлермен жұмыс
істеуді қалайды, ғылыми-техникалық аудармаларға қарағанда, көркем аударманы
қалайды. Бұл топтағы аудармашылар ақшаны ойламайды, кейде олар кім төледі, ал кім
төлемегенін білмейді. Олар көптеген сөздіктермен және де аударма үшін қажет құрал-
жабдықтармен қамтамасыздандырылған, бірақта олар сөздіктерді
жаңартуды ұмытып
кетеді. Олар сөздің мағынасын интернеттен немесе достарына қоңырау шалу арқылы
біледі.
Достарыңызбен бөлісу: