Қазақстандағы темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - б.з. VI ғасырларына жатады.
Ал ерте темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. VIII - б.з.д. III ғ. Кейінгі темір
дәуірінің хронологиясы: б.з.д. III - б.з VI ғ.
Ерте темір дәуірінің басталуымен Евразия кеңістігіндегі далалык этностар
өмірінде шынайы ғаламат өзгерістер басталды. Бұл дәуірде шығыстағы
Монғолиядан батыстағы Дунайға дейінгі далаларды мекендейтін бақташы,
бақташы-егінші тайпалардың жайылымдар мен су көздерін пайдалануды
маусымдық шектеудің күрделі де қатаң жүйесіне негізделген малшылық
шаруашылықтың жылжымалы түрлеріне көшуіне тура келді.
Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен дамыды,
металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат
төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап иелері пайда болды.
Үлкен "патша" обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің
құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар - қару-жарақ, ат
әбзелдері, әшекейлер бірге жерлеген.
49.
XVII ғ. және XVIII ғ. Қазақ халқының рухани мәдениеті.
XV-ХҮІІІ ғ. Басы Қазақ халқының тарихи мәдениеті басты орын алған кезең
болды. Тура осы кезде халықтың ауызша шығармашылығының әр түрі
дами берді және де ауызша, жазбаша әдебиеттер, шынайы музыкалық өнер
де дамыды
XV-XVII ғғ. Үлкен көлемде әр-түрлі жанрдағы халықтың ауызша
шығармашылығы дамыды. Ең жоғарғы орынды “салттық әндер” алды:
сәби өмірге келгенде, тойларда, ауырған кезде, адам қайтыс болғанда, жаңа
жылды қарсы алғанда т.б.. Екі жастың тойында мына өлеңдер айтылады:
“Той бастар”, “Жар-жар”, “Беташар”, “Қыз танысу”. Адам қайтыс болғанда
немесе қоштасу кезінде өлеңдер айтылады: “Қоштасу”, “Естірту”, “Көңіл
айту”, “Жоқтау”, “Жұбату”.
Қазақ халқының шығармашылығының ең көп тараған түрі “терме” болды.
Ақын жыршылар өздері поэмалар, өлеңдер, тарихи поэмалар, ертегілер т.б.
жазды. Терме өз шеңінде дауыс ырғағымен де, өз ерекшелігімен де
ерекшелінеді. Эпикалық, тарихи айтуларды тек қобызбен, домбырамен
жеткізген. Лирикалық әндер дауыс ырғағымен, мелодиясымен айрықша
102.
Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»
Достарыңызбен бөлісу: