Техникалық және инструменттік құралдар: карандаштың бірнеше түрі, акварель немесе
гуашь, геометриялық фигуралардың көріністері.
Аудиторияда орындалатын тапсырмалардың тізімі мен түрлері:
1.берілген тақырып бойынша тірі адам құрылымына эскиздер сызу.
1.1. ер адамның басының перспективалы композициясы.
2. заттың жалпы формасын елестете білу.
2.1. ізденіс эскиздерін А4 форматында орындау.
Үй тапсырмасын орындау тізімі мен түрлері:
2.Эскиздерді графикалық және түстік шешімде орындау.
3.Берілген тақырып бойынша этюд құрастыру.
4. Берілген тақырып бойынша композиция эскиздері.
Бақылау сұрақтары: 1. Заттың формасын қалай анықтайды?
2. Перспективалық композиция деген не?
3. Негізгі композициялық ойдың мәні неде?
Практикалық сабақ №41 Сабақтың тақырыбы: Перспективалық заңдылықтарды қолдана отырып конструктивті
сызықтық қаңқасын тұрғызу.
Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша эскиздер сызу, композициядағы ер адамның
басының конструктивтік құрылысын салу.
1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін графикалық түрде орындау (акварель, гельді қаламсаппен).
2.ізденіс эскиздерін түстік шешімде жасау (акварельді краска, гуашь, түрлі-түсті қаламдар).
3. пішініннің перспективалық конструктивтік құрылысын айқындау.
Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: сәулеттік композициядағы көркемдік
форманы анықтай отырып, адам басын салудың заңдылықтарын меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: Жалпы суреттің бейнелеу өнеріндегі алатын орыны ерекше. Суретсіз бейнелеу өнерін
(живопись, композиция, архитектура, мүсін) суреттен тыс қарауға болмайды. Сонымен
қатар натюрморт жанрының сурет өнеріне тікелей қатысы бар. Атақты суретші-педагогтер
сурет өнеріне үлкен баға беріп, "Сурет кез келген бейнелеу өнерінің фундаменті. Суретке баса
назар аудару керек", — деп ескерткен болатын. Әрине, бұл тезистің өміршілдігі бүгінгі таңда да
анықталып отыр.
Бейнелеу өнерінде сурет қылқалам немесе көмірмен салынады. Негізінде холст бетінде
(кенеп) көмірмен жүмыс жүргізген жөн. Көмірдің жүмсақтық қасиетінің арқасында ол кенеп
бетін тырнамайды және де көмірмен кескіндеу әлдеқайда қолайлы. Кейде қылқалам
немесе көмірдің орнына кескінді қылқаламның көмегімен қоңыр немесе арнайы
дайындалған сұр түстес бояу мен де бейнелейді. Бұл әдістің түрін төжірибесі мол суретшілер
уақытты үнемдеу үшін қолданады. Сонымен сурет өнері (кескіндеме) перспективалық
композицияда мынадай мәселелерді атқарады. Біріншіден,композициялық құрылымын
анықтайды, екіншіден, әрбір дененің көлемін, ішкі құрылыстарын, оның табиғатын түсінуге
көмектеседі. Бұл үлкен екі мәселенің басын ашылмай натюрморт живописі өз дәрежесінде
шешілмейді.