Сәулет мамандығына арналған Шымкент 2022ж



Pdf көрінісі
бет2/74
Дата28.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#88236
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
Рисунок Практика

Кіріспе. 
 
 
Сурет пәні сәулет мамандығы бойынша оқытудың бастапқы кезеңіндегі таңдау пәндердің 
бірі болып саналады. Бұл курс студенттерді сурет салу негіздерін меңгеруге қажетті біліммен 
қаруландырады. Сәулеттік сурет курсының методикалық мәні зор, себебі ол студенттерге 
жобалау объектілерінің функционалдық белгісіне қарамастан сәулеттік формамен жұмыс 
істеудің кәсіптік әдістерін меңгеруге көмектеседі.
Алайда студенттер курстың теориялық бөлігін меңгеруде түрлі себептерге байланысты 
белгілі бір қиындықтарға жолығуда. Ең бастысы – жоғары оқу орындарына дейінгі базалық 
дайындықтың жоқтығы. Мектеп қабырғасында өнердің барлық түрінің негізі болып саналатын 
сурет туралы , үстірт болса да , ешқандай түсінік берілмейді. Сондықтан лекциялық 
материалдардың негізгі бөлігі жаңа терминдерге толы хабарламалардан тұрады. Курсты 
меңгеру үшін , студенттер практикалық жұмыстар арқылы өздерінің шығармашылық ойларын 
жүзеге асыра отырып негізгі сәулеттік сурет терминдерін түсінеді. Бұл композициялық 
пішімдерді үйрену, болашақ мамандар үшін ғимараттарды салуда және сызуда керекті пән деп 
толық сенуімізге болады.
Эстетикалық тәрбие негізінен жеке адамның эстетикалық талғамының қалыптасуына, өнер 
шығармаларында бейнеленген ақиқат құбылыстарды эстетикалық тұрғыдан ұғынуды дамытуға, 
көркем өнерпаздық қабілеттілікке және өнер саласындағы өнерпаздық дербестікке бағыттайды.
Студенттерге лайықты тәрбие мен көркемдік білім берудің нәтижелі болуы үшін оқытушының 
өзі сәулеттік композицияның түрлері мен өзіндік ерекшеліктерін жетік білу керек. 



Практикалық сабақ № 1 
Сабақтың тақырыбы: Пәнге кіріспе.
Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша қарапайым формалы эскиздер сызу; 
геометриялық денелерден тұратын натюрморт. 
1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін түссіз шешімде сызу (штрих сызықтармен).
2.ізденіс эскиздерін бірнеше нұсқада көрсету. 
3. қарапайым геометриялық денелердің пішінін штрихпен айқындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет