Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай



Pdf көрінісі
бет31/35
Дата29.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#88439
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Ezhelgi Babylda 1171 y e 1187 bay adam Dzhordzh Kleyson

№ 4 Сазбітік
Бүгін түнгі аспанда тағы да толған ай. Мен барымды салып еңбек
еттім. Əйелім қарызымнан құтылу жоспарымды барынша қолдады.
Сөйтіп, ниет біріккен шешіміміз арқасында, Небатыр үшін дені сау,
мықты түйелер сатып əкеліп, соңғы айда он тоғыз күміс бақыр таптым.
Оларды жоспар бойынша жіктедім. Оннан бір бөлігін өзіме деп алып
қ
ойдым, оннан жеті бөлігін əйелім екеуміз ақылдаса келе тірлік
қ
амына жұмсайтын болдық.Оннан екі бөлікті жез бақырдың
жеткенінше қарызгерлеріме əділ бөлдім.
Ақмарды кездестіре алмадым, бірақ ақшаны əйеліне қалдырып
кеттім. Біретшік шаруаның риза болғаны сондай, қолымды сүюге
барды.Тек қана қарт Алқахат томсырайған күйі қалған қарызды
тезірек қайтаруымды қадап айтты. Оған мен аш болмасам жəне шығын
жұмсайтын басқа жайт кезікпесе, тезірек қарыздан құтылатынымды
жеткіздім. Қалғандары алғыс білдіріп, ісімнен береке табуымды тілек
етті.
Жаңа ай туғанша, менің қарызымнан қалғаны төрт күміс бақырға
жуықтады, бұған қоса ешкім де сұрауға қақысы жоқ менде екі күміс
бақыр бар еді. Менің кеудем көп уақыт бойы басқан салмақтан арылып,
еңсем көтеріле бастады.
Міне, тағы да ай толды. Мен барымды салып еңбектендім, бірақ
табысым соншалықты емес. Мен аз ғана түйе сатып, бар болғаны он
бір күміс бақыр таптым. Сонда да əйелім екеуміз өз уəдемізде тұрып,


жаңа киім алудан бас тартып, көкөністі де азайттық.Табыстың оннан
бір бөлігін бəрібір алып қойып, оннан жетіні күнделікті шығынға
жеткіздік. Қарыздың аз бөлігін қайтарсам да, Ақпардың маған риза
болған кейпін көріп, қайран қалдым. Біретшік те мəз болды. Алқахат
болса, маған дүрсе қоя берді, бірақ мен оған алғысы келмесе, ақшаны
кері қайтаруды ұсынғанда, ол тына қойды. Ал,қалғандары - əр
кездегідей риза.
Бүгін де аспанда толған ай қалқып жүр. Ал мен қуаныштан ұшып
жүргендеймін.Маған керемет түйелер келесін сатып алудың сəті түсіп,
менің табысым қырық екі күміс бақыр болды.Бұл айда əйелім екеуміз
зəру болған шапата мен киімге қол жеткіздік.Сонымен бірге бұл ай
қ
орегімізге мал мен құс етін бұйыртты.
Сегізден аса күміс бақыр қарыз төлеуге кетті. Бұл жолы, тіпті,
Алқахат та қабағын шытпады.
Жоспарымыз сондай берекелі болды, өйткені, ол біздің жанұяны
қ
арыз зынданынан тартып шығаруда əрі қолымызға ақша
қ
орландыруда.
Бұл сазпараққа соңғы рет жазғалы үш рет толы ай мерзімі өтті.Əрбір
ай сайын мен өзіме табыстың оннан бірін қалдырып отырдым. Əр
жолы əйеліміз екеумізге қандай қиын болса да, табыстың оннан жеті
бөлігі ғана жұмсалды.Жəне əрбір жолы мен оннан екі табысты
қ
арызгерлерге тапсырып отырдым.
Кəзір əмиянымда жиырма бір күміс бақыр сыңғырлайды жəне
мұның бəрі менің меншігімде.Енді мен еңсемді тіктеп жүріп,
жолдастарыммен жарқын жүзбен, мақтан сезіммен кездесетін болдым.
Ə
йелім болса, үй тұрмысына пысық болып алды əрі сəнді киіне
бастады.Онымен өзімді бақытты сезініп жүрмін.
Жоспарымыз сөз жетпестей құнды екен. Өйткені, бұрынғы құлды
абыройлы жігітке айналдырған сол емес пе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет