Мулдагалиев В.С., Тулегенова К.Е.
Усовершенствование образовательной компетентности студентов в вузах путем изучения простых
конечных групп
В данной статье рассмотрены основные стороны науки о простых группах: сами простые группы,
методы, лежащие в основе классификации, а также основные компоненты классификационного
доказательства. Авторы раскрывают сущность понятий: «спорадические группы», «подгруппы»,
минимальные группы, «плотно вложенные подгруппы», «сигнализаторный функтор». В данной статье
определены методы, цели, задачи и место простых конечных групп в современном процессе обучения в вузах.
Ключевые слова: профессиональная компетенция, классификация, подгруппы, спорадические
группы.
Хабаршы
№2- 2015 ж.
67
Muldagaliyev B.S., Tulegenova K.E
Improvement of educational competence of students of higher education institutions by studying simple
final groups
In the article the main parties of simple groups are considered: methods, classification and also the
components of the classification proof. Authors open essence of the following concepts: subgroups, sporadic
groups, minimum groups and densely enclosed groups. In this article methods, purposes, tasks and a place of
simple final groups in modern process of teaching in higher education institutions are defined.
Keywords: professional competence, classification, subgroups, sporadic groups.
ӘОЖ: 81’243 – 053.6
Құлмағамбетова С.С. – педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, E-mail:
svetlana-sk-68@mail.ru
Жардемова М.С. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
(Орал қ., Қазақстан), E-mail: zhardemova90@mail.ru
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ОЙЫН
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ РӨЛІ
Аннотация. Мақала оқушыларға aғылшын тілін үйретуде ойын технологиясы, соның ішінде сол
әдістің белсенді қолданылуы қарастырылады.Оқыту процесінде 1- 4 сынып оқушыларының танымдық іс-
әрекеті ол ойлау мен сөйлеу әрекетінің біріккен процесі ретінде анықталып, ол білім берудің
материалдық негізі болып табылады.
Әрбір оқушының даму кезеңі жеке тұлғаның қалыптасуының сапалы айқын кезеңі болып табылады.
Кілт сөздер: педагогикалық үрдіс, ойын технологиясы, әдістер, оқушылардың белсенділігі, сөйлеу
әрекеті, оқыту, жеке ерекшеліктер, тәрбие.
Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлтты, көптілділі және көпмәдениетті. Сондықтан осы
қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «біз алдағы уақытта осы алған бағытымыздан
таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі - Қазақстанның
дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен,
әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керек» деген болатын. Сонымен қатар осы мақсатқа
жету жолында тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, жаңа ұрпақ ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ,
орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты.
Елбасы жолдауында кез-келген орта білім беретін мектеп балаларының ең жоғарғы
деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген.
Жалпы білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Бұл үшін
жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау
туғызбайтыны белгілі.
"Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7
желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 423 Жарлықпен бекітілген Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында: "Орта білім" деген кіші бөлімде: "Білім берудің 12 жылдық моделіне көшу" деген
тарауда: "Құзыреттілік тәсіліне және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға
негізделген 12 жылдық білім берудің жаңа стандартын әзірлеу және енгізу жоспарланды." Еліміздің
шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне
қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің
міндеті. Демек, балалардың шет тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына
сай көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойынде ерте кезеңнен бастап
ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Шетел
тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір баланың психологиялық ойлауына,
шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін
Хабаршы
№2- 2015 ж.
68
берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде. Білім сапасын арттыру, бүгінгі
күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу – білім беру мазмұнын
жаңашаландыру, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру. Сондай-ақ, білім
беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты.
Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелеуде, білімдерін нығайтуда сабақтағы
ойындардың атқарар рөлі өте зор. Бұл ойындар қазіргі теледидарда беріліп жүрген ойындармен
сәйкестендіріліп жасалынған. Оқушылардың шетел тілін оқып үйренуге деген қызығушылығы мен
танымдық белсенділігін арттыруда, алған білімдерін шығармашылықпен қолдана білуде,
қабілеттерін дамытуда ойынның мәні зор [1].
Бастауыш сынып оқушыларына заманауи білім берудің міндеті тек оқушыларға
бағдарламаны меңгерту ғана емес, сонымен қоса:
- оқушының бойына тілдерге деген қызығушылығын, оны үйренуге құштарлығын сіңіру;
- жеке тұлғаның заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау және оның басқа елдің
тілін, мәдениетін, тарихын және әдет-ғұрпын танып білуіне ықпал ету;
- оқушының сезімтал, шығармашыл, әлеуметтік, танымдық және тілдік қабілеттерінің
дамуына жағдай жасай отырып, оның жалпы дамуына едәуір үлес қосу;
- бастауыш сынып оқушыларын шетелдік құрдастар әлемімен, әндермен, тақпақтармен,
оқулық және ертегі кейіпкерлерімен таныстыра отырып, тілді тез меңгеруге және өздерін еркін
сезінуге көмек тигізу.
О.В. Амелина айтуы бойынша: «Ерте жаста баланың ағылшын тілін үйренуде ең бастысы
тездетіп сол тілде сөйлеп немесе ән айтып кету емес, маңыздысы соны қалауы. Ең бастысы –
қызығушылығын жоғалтпау. Ол тек мектеп алды жастаға ғана емес, сонымен қоса бастауыш
сыныпқада байланысты» [2].
Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық ғалым Н. Құлжанова
да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг, күнделікті негізгі әрекет және оның жеке өмірі, - деп
дәлелдеген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану-
баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай
бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым «Бала ойында ғана тынығып», «жұмыс жасап»,
өсіп жетіледі. Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артатынын атап
көрсеткен. «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе»,-деп М. Жұмабаев атап көрсетсе, «Ойын-баланың
рухани дамуының негізі»,-деп, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин өз еңбектерінде атап көрсеткен.
Көптеген психолгтардың пікірінше шетел тілін үйрену ерте жаста ересек жасқа қарағанда
әлдеқайда оңайырақ деп ойлайды. Ол 1,5 – 8 жас аралығын қамтиды. Оған да ғылыми тұрғыда дәлел
бар. Осы жас аралығында балада сензитивті, яғни өте сезімтал болады. Айналадағы әлемді
тереңірек ұғына бастайды [3].
Ағылшын тілін жетік меңгеру алдағы уақытта да болашағына үлкен табыстар акеледі. Сол
себептіде көптеген ата – аналар сабақта берілген үй тапсырмаларын көмектесуге барынша ат
салысады. Соған қоса уйде теледидардан ағылшынша мультфильмдер, бағдарламаларды қосып,
кітаптар, тақпақтар оқып, өлең айтып және сол тілде сөйлесуге тырысады. Бірақ бұл жердеде
өзіндік қиыншылықтар кездесуі мүмкін: егерде ата – анасы ағылшын тілін меңгермеген болса.
Алайда ондай жағдайда ата – ана репетитор көмегіне жүгінуге болады немесе арнайы курстарға
жаздыруларына абден болады [4].
Мұғалімнің мақсаты- қоғамдық жұмысқа белсенділігі мол, өз бетімен жұмыс жасай алатын,
іскер жанды тәрбиелеу. Сондықтан шетел тілін бастауыш сыныптардан оқыту белсенділік
жетілдіру, тәрбиелеу, тәжірибелік мақсаттарын көздейді. Оқыту процесінің барлық
жиынтықтарының ең бастысы- тәжірибелік мақсатқа жету. Тәрбиелік мақсаттар- балалардың
ағылшын тілін оқуға деген қызығушылығын арттыруды, оқу дағдыларын дамытуды көздейді.
Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін үйреткенде басты төрт дағдыны үйретіледі.
Олар: тыңдау, оқу, сөйлеу және жазу. Бірінші сыныпта осы төрт дағдыны қалыптастыру
сақталған, ал мектепке дейінгі сыныптарда жазу дағдысы болмайды, олар қайталап, жаттап,
ойыншықтарды бейнелеп, әртүрлі ойындар меңгереді. Оқытуда жаңа технологияларды қолданып,
мысалы әндерді бірге орындауға, тексттерді тыңдатуға т.б. қолданылса, көзбен көріп үйренген есте
көп сақталады.
Ақыл – ой әрекетінің дәрежесін меңгеру үшін, оның нақты құрылымын білу қажет. Оқыту
құрылымына кіретін компоненттер басқа да әрекеттер секілді. Олар: мақсат, мотив, әрекет, құрал,
нәтиже және баға.
Бастауыш сынып оқушыларын шетел тілін оқытудағы мақсат ретінде тек үйрету мен қатар
Хабаршы
№2- 2015 ж.
69
сабаққа қызықтыруда маңызды рөл атқарады. Сол себепті бірінші күннен бастап бала мектепке
қызығушылығын оқытудан тыс емес, оқу үрдісі кезінде алуын жадымызда ұстау қажетпіз.
Шет тілі оқытушысы оқушылардың мотивациясын арттыру үшін тиімді де, уақытты
үнемдейтін әдіс тәсілдерді пайдалануы қажет.
Ғалым-әдіскер Н.Д. Гальскованың айтуынша бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілі
сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:
оқушы қызығушылығын арттыру үшін тілді қарым-қатынас әрекетіне қолдану қажеттілігін
тудыратын қолайлы атмосфера жасау;
оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту;
оқушының оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенділігін арттыру;
сабақта алуан түрлі жұмыс түрлерін, яғни жеке, жұп, топ, ұжым жұмыстарын ұйымдастыру;
сабақта түрлі көрнекіліктерді, оның ішінде техникалық (үнтаспа, бейнефильмдер),
техникалық емес құралдарды (суреттер, апликация, сызбалар) кең қолдану;
әсіресе ойындар мен ойын элементтерін жиі қолдану.
Ойындар арқылы мұғалім балаларға жаңа сөздерді,сөз тіркестерін үйрете алады. 7-9 жастағы
балалар да ойнағанды ұнатады, бірақ оларды ағылшын тіліне оқыту үшін тек ойындарды ғана емес,
әртүрлі тапсырмалар, жаттығуларды да орындатқызу керек. Ойын арқылы балалар шетел тілінде
жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандарын сезбей, әсерлене,
қызыға отырып шет тілін тез үйренеді. Егер мұғалім ойынды тек балаларды көңілдендіруге, дем
алдыру үшін ойнатса, одан ешқандай пайда жоқ. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп,
ойналған кезде ғана нәтижелі болады.
Ойын дегеніміз:
1.
іс-әрекет (тілдік)
2.
зорлықтың, қыстаушылықтың жоқтығы
3.
баланың психикасын, ой-өрісін дамыту
4.
қызықтыра отырып үйрету
Шет тілінде жұмбақтар, кроссвордтар, байқаулар түрінде де, лингвистикалық ойындар,
қолғап ойыншықтар, жануарлар, көкөністер т.б. түрінде де ойналады. Шетел тілін үйрету
ойынының мынадай түрлері бар:
1.
грамматикалық ойындар
2.
фонетикалық ойындар
3.
лексикалық ойындар
4.
орфографиялық ойындар
5.
рольдік ойындар
Шет тілі сабағының әр кезеңінде ойын элементтерін пайдалануға болады. Мысалы: сабақтың
басында ұйымдастыру бөлімі кезінде алынатын фонетикалық рифмовка алған кезде, ал кәне кім
мына өлеңді бірінші жаттап алып, маған айтып берер екен деп жарыс ойынын ұйымдастырса және
эстафета таяқшасын дайындап алып барып, оны алда отырған оқушыға берсе, ал оқушы өлеңді
айтып болып, келесі оқушыға берсе, балалар жарыса отырып өлеңді қалай жаттап алғандарын
байқамай да қалады.
Сабақ процесінде ойын пайдаланылған кезде баланың миында Не істеймін? Қалай айтам?
Қалай жеңем? деген сұрақтар тұрады. Шет тілін нашар білетін бала ойын басқалармен бірдей
үйретіліп жатқан тілде сөйлеп, мен де басқалармен бірдей екенмін ғой, мен де біледі екем деген
ойда болады. Психологтардың айтуы бойынша бастауыш сыныптардың балалары ойын іс-
әрекетінен оқу іс-әрекетіне көшеді. Дегенмен, ойынның маңызы бұл жаста мол. 6-7 жастағы
балалардың қызығушылығы мол, жаңа тақырыпты қабылдағанда әдемі, қызықты заттарға назар
аударады, бірақ олардың назары тұрақсыз болып келеді. Балалар 2-3 минуттан астам әңгімесін
тыңдай алмайды, сондықтан сабақ түсіндіргенде сұрақ-жауап тәсілін қолданған жөн. Бастауыш
сынып оқушылары ұзақ отыра алмайды,тез шаршағыш болады, сондықтан 10-15 минут сайын
ойындар, қимыл іс-әрекет жаттығулар өткізген жөн.
Белгілі бір сөйлеу үлгілерін бекіту үшін ойыншықтар, құрылыс құралдарын қолдануға
болады. Ойыннан оқу іс-әрекетіне көшу үшін ойыншықтардан суреттеуге көшуге болады. Әдетте 6-
7 жастағы балалар жалпы жасалған нұсқауларды қабылдамайды, сондықтан тапсырма беру үшін әр
балаға жеке ескерту жасаған жөн.
Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін,
Хабаршы
№2- 2015 ж.
70
ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты,
ізденіпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да
толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді
әдістерінің бipi.
Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк
сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш және сыныпта
пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар,
сөздік ойындар т.б. Осылардың ішінде дидактикалық мақсаттағы ойындардың оқыту үрдісінде
оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.
Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда 1 – 4 сынып оқушылары белсенді және өте
қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, сабаққа аса қызығумен
қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарды
табысты және қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш - ырғақ. Сөйлеу ырғағын
құру мұғалімдердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс - әрекеті. Оқушылардың
қызығуын арттыру мақсатында мұғалім ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп
көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық «рөлдік-ойындар» оқушылардың сөйлеу
дағдысының қалыптасуын дамытады.
Бастапқы және кейінгі этаптарда ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын
элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені
меңгереді, сондықтан әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына,
жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек [5].
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі.
Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды,
ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте
маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың
ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай
болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,» - деп балалар
ойынын жоғары бағалаған.
Ойындар қимыл-қозғалыс ойындар және дидактикалық ойындар болып бөлінеді.
Дидактикалық ойындардың баланың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы орны ерекше.
Әрбір дидактикалық ойынның тақырыптық маңызы және мазмұны болады. Мысалы: балалар заттың
түр-түсін, кеңістіктегі орналасуын, саны және уақыты туралы білімдерін бекіту қажет болды делік.
Осы тақырыптың мақсатына байланысты балалар меңгеруге тиісті жеке сөздердің тобы белгіленеді.
Сонымен бірге кішкентай балаларға тән оқыту формасы болып саналады. Бұл оқытудың ең қолайлы
формасы. Оның маңызы балалардың дербестігін, ойлау және сөйлеу белсенділігін
дамытатындығында. Дидактикалық ойындарды өткізу кезінде оның міндеті болады. Оның болуы
ойынның оқыту сипатын, мазмұнын, балалардың танымдық әрекетін дамытуға бағытталғанында.
Сабақтың міндетінің тікелей қойылуынан өзгеше дидактикалық ойын ол баланың өзіндік ойындық
міндеті ретінде туады.
А.В.Запорожец дидактикалық ойынның рөлін бағалай келіп, былай деп жазады: «Біз
дидактикалық ойындарды жекелеген білімдер мен іскерліктерді игерудің формасы ғана етіп қоймай,
сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оң қабілеттерін қалыптастыруға қызмет
ететін де болуына жетуіміз қажет» [6].
Ойын арқылы оқушы нені меңгереді
1.
Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2.
Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше
шеше білуге үйретеді.
3.
Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4.
Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5.
Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6.
Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7.
Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8.
Оқушылар үшін қауіпсіз.
9.
Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10.
Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
Хабаршы
№2- 2015 ж.
71
11.
Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
Ағылшын тілін үйрену – қиын әрі ұзақ мерзімді үрдіс. Ал егерде ол бастауыш сыныпта
оқытылса, яғни 6 жастан бастау алса әрине оқуға деген құлшынысты жоғалтпау үшін балаларға
жеңіл әрі қызықты өтуі керек. Мектепке дейінгі балаларды және бастауыш сынып оқушыларын
ағылшын тіліне үйретуге арналған бағдарлама бар. Осы бағдарлама бойынша шетел тіліне
оқытудың мақсаттары: белгілі бір шетел тілі бойынша оңай біліктіліктерге үйрету, яғни қарапайым
әңгімені түсінуге үйрету және шет тілінде сөйлеуге үйрету болып табылады. Бағдарламада Отан,
отбасы, сандар, түстер, көкөністер, тағамдар, жануарлар тақырыбында материалдар енгізілген.
Қойылған мақсаттарға жету үшін мұғалім 6-7 жасар балалардың психологиялық ерекшеліктерін
білуі . Бұл жастағы балалар шет тілін үйренуге икемделген: олар қысқа тіл материалын оңай жаттап
алып, оны айтып бере алады, бірақ бала өскен сайын бұл қабілеттерді жоғалта бастайды [7].
Шетел тілін оқытудың сапасын көтеру үшін ағылшын тіліне оқытуды бастауыш сыныптардан
бастаған жөн. Бастауыш сыныптардан бастап оқытудың нәтижесі осы кезеңдегі балалардың жас
ерекшеліктерін пайдалану болып табылады. Шетел тілін оқыту арқылы мұғалім баланы жан-жақты
тұрғыдан дамытуға тырысуы керек.
Әдебиеттер:
1.
12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт концепциясы. Жоба. Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігі. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы. – Астана, 2010.
2.
Амелина О.В. Иностранный язык. Когда еще рано и когда уже поздно. // Начальная школа.
– 2006. – №1. – С. 92-94.
3.
Почему стоит начинать обучение ребенка английскому. // Онлайн изучения английского
языка. – 2015. – Выпуск 6. – http://subscribe.ru/catalog/job.lang.englisheasy.
4.
Онлайн изучения английского языка. // Александр Люкс. – 2015. – Выпуск 7. –
http://subscribe.ru/catalog/job.lang.englisheasy.
5.
Шетел тілін оқыту әдістемесі. – 2007. – №3(17).
6.
Запорожец А. В. Развитие произвольного поведения у детей. – М., 1986.
7.
Как обучать ребенка английскому самостоятельно? // Онлайн изучения английского языка.
– 2015. – Выпуск 8. – http://subscribe.ru/catalog/job.lang.englisheasy.
Кулмагамбетова С.С., Жардемова М.С.
Роль игровых технологий в обучении иностранному языку в начальных классах
В статье рассматривается игровая технология, а именно применение данного метод в работе с
учениками в обучении английскому языку младших классов. Когнитивная деятельность в учебном процессе
представляет собой единый процесс порождения мысли и речи школьников 1- 4 классов, это составляет
материальную базу обучения.
Каждый период развития школьников как личности представляет собой качественно
своеобразную ступень формирования индивидуума.
Достарыңызбен бөлісу: |