1.4 Тегеуіріндік-шығын сипаттамасы
Жаппай шығындалуды және ортадан тепкіш электр сорабы арқылы
берілетін сұйықтықтың тығыздығын өлшеу тәсілдері. Бұл тәсіл ағымдағы
момент үшін сораптың кірісі мен шығысындағы қысымды, номинал қысым
мәнін ескере отырып анықтауғы негізделген, сораптың жетегінің электр
қозғалтқышы тұтынатын электрлік қуатты өлшейді, және сорап білігіне әсер
ететін нақты қуат мәнін есептейді, ол үшін осы қуат мәніне керек ПӘК нақты
мәнін ескеру қажет, ағымдағы момент үшін шығындық коэффициент шамасын
анықтайды, және жоғарыда аталған тәуелділіктерді, тегеурін шамасын,
28
қысым, сорап білігіндегі қуат және ортадан тепкіш сорап үшін шығындық
коэффициентті ескере отырып, нақты көлемдік шығынды табады, өнімділік
пен тегеуріннің тәуелділігінен құлау сұйықтығының тығыздығын әсер етуші
тегеурін мәні мен қысымның мәніне бөлу арқылы анықтайды, және осы
алынған мәндер арқылы жаппай шығындалуды көлемдік шығындалудың
табылған мәнін оның есептелген тығыздығының мәніне көбейту арқылы
анықтайды.
Сұйықтықтың жаппай шығындалуын өлшеу тәсілдері бар, мысалы,
калориметрлік тәсіл, ол температуралар айырмасының ағаынында пайда
болған, сұйықтық ағанын тұрақты электр көзінің есебінен жылытуға
негізделген, олар ағынның жылдамдығы мен жылытқыштағы жылу шығынына
тәуелді. Бұл сияқты жаппай шығындалуды өлшеу тәсілінің кемшіліктері,
сұйықтық ағынында жылытқыш және екі термосезімтал элементтер болуы
керек, олар іс жүзінде оның өнеркәсіптік қолданылуын тоқтатады.
Сұйықтықтың жаппай шығындалуын өлшеудің басқа да тәсілдері бар,
олардың барлығы соңғы нәтижесінде, сезімтал элементтердің сұйықтық
ағынындағы құрылғысымен байланысты болып келеді. Мұның барлығы, іс
жүзінде ағындағы жаппай шығын өлшеуіштер еш жерде көп мөлшерде
қолданылмайтындығына алып келді.
Өлшеуге негізделген сұйықтықтың тығыздығын өлшеуіштер белгілі,
мысалы, эталонды сұйықтықпен толтырылған және бақыланатын ортаға
жүктелген құрал немесе тығыздықты өлшеу сұйықтық өтетін құбыр желісінің
қиындысының датчигіндегі үзіліссіз өлшеу арқылы іске асады. Резонансты
өлшеу түрі де белгілі, ол кезде тығыздықты өлшеу жүйенің құбырларының
механикалық тербелістерінің жиілігінің сол арқылы өтетін сұйықтықтың
тығыздығына тәуелділігі арқылы есептеледі. Бұл тәсілдердің кемшілігі
сұйықтық ағынында өлшенетін элементтердің болуы, олар төменгі
сенімділікке ие және сыртқы факторларға көп тәуелді болып келеді.
Сондықтан олар іс жүзінде қолданыста жоқ.
Жаппай шығындалу мен сұйықтық тығыздығын өлшеудің белгілі
әдістерінен ерекшелігі, ортадан тепкіш сорап үшін шамалас түрде,
өнімділіктен тегеуріннің, қысымның, сорап білігіндегі қуатты анықтайды және
шығындық коэффициентті табады, ол қысым мен сорап білігіндегі қуаттың
сол кездегі нөлдік өнімділіктің қысымы мен сорап білігіндегі қуатына
бөлгендегі шыққан қатынаспен анықталады, ал электр қозғалтқышы үшін
тұтынылатын электрлік қуат пен ПӘК тәуелділігін анықтайды, содан кейін
ағымдағы момент үшін сораптың кірісі және шығысындағы қысымды
анықтайды, сорап электр жетегінің электр қозғалтқышы тұтынатын электрлік
қуатын есептейді, және сорап білігіне әсер ететін нақты қуат мәнін есептейді,
ол үшін осы қуат мәніне керек ПӘК нақты мәнін ескеру қажет, ағымдағы
момент үшін шығындық коэффициент шамасын анықтайды, және жоғарыда
аталған тәуелділіктерді, тегеурін шамасын, қысым, сорап білігіндегі қуат және
ортадан тепкіш сорап үшін шығындық коэффициентті ескере отырып, нақты
көлемдік шығынды табады, өнімділік пен тегеуріннің тәуелділігінен құлау
29
сұйықтығының тығыздығын әсер етуші тегеурін мәні мен қысымның мәніне
бөлу арқылы анықтайды, және осы алынған мәндер арқылы жаппай
шығындалуды көлемдік шығындалудың табылған мәнін оның есептелген
тығыздығының мәніне көбейту арқылы анықтайды.
Сораптың жұмыстық процессі оның негізгі параметрлерімен анықталады:
сораптың шығыны, тегеуріні, пайдалы гидродинамикалық қуаты және ПӘК.
Н тегеурін деп сорап арқылы өтетін сұйықтықтың салмақ бірлігіне кететін
энергияны айтады.
Қысымды өлшеу бір деңгейде болатынын және кіріс пен шығыстағы
орташа жылдамдықтар тең екенін ескерсек, тегеурін келесі формуламен
анықталады:
g
Р
Р
Н
ВХ
ВЫХ
(1.17)
Пайдалы қуат (W
3
. Вт) көлемдік сұйықтық шығынының тегеурінге
туындысы ретінде анықталады:
Q
H
g
W
3
, бұдан:
Q
ЗР
K
Q
Р
P
W
СИ
ВХ
ВЫХ
10
60
32
,
133
3
(1.18)
Сораптың толық ПӘК пайдалы қуат пен келтірілген (біліктегі қуатқа)
қуатқа қатынасы түрінде сипатталады:
2
3
W
W
насоса
(1.19)
Сорап қозғалтқышының роторының айналу жиілігіның мәні (N
T
, айн/мин)
берілген (қондырылған оператор) жылдамдықтың (N
3
, айн/мин) мәніне
қатысты ауыспалы болғандықтан, шығындық-тегеурінді сипаттамалады
дұрыс бағалау үшін, шығындар мен тегеуріннің мәндерін берілген айналу
жылжамдығының (N
3
) мәніне сәйкес қайта есептеу жүргізіледі. (N
3
).
T
ПР
N
N
Q
Q
3
,
2
3
T
ПР
N
N
P
P
,
2
3
3
3
T
ПР
N
N
W
W
(1.20)
Сораптың сипаттамалары негізгі жұмыстық параметрлер арасындағы
графикалық тәуелділіктер болып табылады: тегеурін мен шығн арасындағы
(H-Q), пайдалы гидравликалық қуат пен шығын арасындағы (W
3
-Q), сораптың
ПӘК мен шығын арасындағы тәуелділіктер (η
насос
-Q) .
Сораптың маңызды гидравликалық параметрі болып сорғыштың мүмкін
болатын вакууметрлік биіктігі болып табылады, олар сұйықтықтың жұмыс
дөңгелегіне келуінің қалыпты шарттарын сипаттайды. Бұл шамалар сулық
бағананың метрімен 20°С температура кезінде және қалыпты атмосфералық
қысым кезінде (сулық бағананың 10 м) сипатталады. Әртүрлі себептер
әсерінен, оның ішінде,сораптың жұмыс істеуі кезіндегі физикалық процесстің
30
күрделілігінен, осы маңызды параметрге пайдаланылу кезінде және
сораптарды таңдау кезінде қажетті назар аударылмайды.
Сорапты пайдалану кезіндегі жайсыздықтардың көп бөлігі (біздің іс-
тәжірибеміз көрсеткендей) сораптың жұмыс істеуі кезіндегі жайсыз
шарттармен және осының нәтижесі ретіндегі кавитация пайда болуымен
байланысты.
Кавитация – сораптың тез бұзылуына және дірілдің әсерінен оның
бұзылуына (көп жағдайда мойынтіректік түйіндерде) алып келеді. Сораптың
тұрақты емес жұмыс істеуінің белгілері пайда болған кезінде, оған баса назар
аударуға тура келеді. Егер сіз сораптың жұмысы жөнінде кеңес алғыңыз келсе,
сізге сорушы желіні баса назар аударып, сипаттап беруіңіз керек, және
сораптың сорушы қабілеттілігіне келесі факторлар теріс әсерін тигізетіндігін
ескеруіңіз қажет:
- айдалатын сұйықтықтың жоғарғы температурасы (60° жоғары);
- ернемектік жалғанулар мен сорушы желідегі «мойынтіректік» тегеу-
ріндік арматура арасындағы аздаған тығыздық;
- сорушы желінің кіші диаметрі және үлкен қашықтығы;
- сорушы желінің ластануы.
Барлық машиналардағы сияқты, сораптық агрегат жинақтаушы
қозғалтқышты анықтайтын, тұтынылатын қуатты сипаттайды. Сорап
қуатының шамасы тегеурін шамасы мен берілістің шамаларына тікелей
тәуелді және оның пайдалы әсер коэффициентіне (ПӘК) кері
пропорционалды.
Сорапты агрегаттардың ПӘК шашыруы өте жоғары (20дан 98%-ға
дейін). Осынша пайда болған шашырау жұмыс органының сұйықтықпен өзара
әсерінің әртүрлі сипатымен анықталады. Жалпы заңдылық: динамикалық
сораптар осы параметрлер бойынша көлемдік типті парметрлерге орын береді.
Осы параметрлердің үлкен сораптар үшін маңыздылығы жоғары. Ортадан
тепкіш сораптар үшін ПӘК жоғарылатудың маңызды тәсілдерінің бірі жұмыс
дөңгелегін жұмырландыру болып табылады. Жұмыстық дөңгелектерді керекті
режимдерге (беріліс пен тегеурін) дәл таңдау, әсіресе үлкен көлемді
сораптарда, айтарлықтай энергия үнемдеуге мүмкіндік береді. Жинақтық
электр қозғалтқышын таңдауға белгілі бір көлемде айдалатын сұйықтықтың
меншікті салмағы мен тұтқырлығы әсер етеді (меншікті салмағын көтерумен
және тұтқырлығын жоғарылатумен тұтынылатын қуат өседі). Пайдалану
көзқарасынан қарағанда, барлық машиналарға ортақ сипаттамалар, сенімділік
пен қызмет көрсету ұзақтығы, бөлімдегі сәйкес келетін сораптар типімен
жарықтандырылады, ал бұл бөлімде, негізгі мән гидравликалық түсініктерге
бөлінеді және бірінші кезекте, сорап параметрлерін анықтаумен және оларды
реттеуге арналады, яғни беріліс пен тегеурінге бөлінеді.
31
2 Бөлім. Арнайы бөлім
2.1 Оқу-зертханалық стендті құрастыруға жабдықтарды таңдау.
Жұмыс істеу принципі
Бұл зертханалық стенд датчиктердің өлшеу дәлдігін зерттеуге, сораптың
көмегімен тегеуірін сипаттамасын алуға және сұйықтықтардың динамикалық
қасиеттерін өлшеу үшін құрастырылған оқу стенді.
Зертханалық - оқу стендін жасау және өңдеу студентке теориялық
білімін практикада қолдануды және материалды сапалы зерттеуге көмек
береді. Оқу-зертханалық стендін қолдану, басқару және реттеу теориясындағы
фундаментальды білімді алуға және мамандардың деңгейін көтеруде қажет.
2.1 кесте – Оқу-зертханалық стендтің жабдықтары
Жабдықтар
Түрі
Сипаттамалары
AC 800F контроллері
Freelance 800 жүйесінің
микропроцессорлық
контроллері.
Программалау ортасы
Control Builder F.
Визуалдау ортасы DigiVis
Аналогты және дискретті
кіріс шығыс модульдері
Аналогты AI890 - AO890
және дискретті DI810 -
DO810 кіріс шығыс
модульдері
PO25-14DK типті ортадан
тепкіш сорғы
Қуат - 500Вт
Кернеу - 220В
Макс. тегурін - 14 м
AM54132 үлгісіндегі
шығын датчигі
Дәлдік класы – 1,6(2,5)
Жұмыс тогы – 4-20 mА
Ішкі диаметрі – DN25
264NS үлгісіндегі
абсолютты қысым
өлшеуіш датчик
Жоғары қысымды
90МПа дейінгі қысымды
өлшейді.
Базалық дәлдік: ±0.075%
364DS сериялы қысым
айырмасын өлшеуіш
датчик
Макс. жұмыс қысымы
20МПа-дейін.
Көп мерзімді тұрақтылық
10 жылда – 0,15%
Өлшеу қателігі – 0,06 %
32
2.1 кестенің жалғасы
Жабдықтар
Түрі
Сипаттамалары
Жиілікті реттеу жетегі
(ЖРЖ )
Айналу жиілігі-50/60/5%
Импульсті есептегіш
Температура: +5 пен +50
°С Биіктігі - 68мм
А1 сериялы қысым
датчигі
Өлшеу диапазоны- 0-10
бар
Жұмыс тогы – 4-20 mА
2.1 сурет - Оқу-зертханалық стендтің түрі
Оқу-зертханалық стендтің жұмыс істеу принципі. Стенд мынандай
жабдықтардан тұрады: Ортадан тепкіш сораптан, бактан, жиілікті реттеу
жетектегі, қысым датчигі, шығын датчигі, өсу қысым датчигі, импульсті
санағыш. Енді АВВ контроллерін қолданып зертханалық стендтің жұмысын
басқарып отыра аламыз. Стендтің жұмыс істеу принципі ол –сорап бактан
суды алып оны труба арқылы айдап, бакқа қайтадан құйып отырады. Осы
кезде судын айналып жүріп отырғанында датчиктер оны өлшеп, санап тұрады.
Сорапты стендте келтіргіш немесе ЖРЖ арқылы шығынын немеме қысымын
реттеп тұруға болады.
33
2.2 Контроллердің салыстырмалы анализі. Қажетті контроллерді
таңдау
Кәсіпорындар алдында тұрған тез өзгеретін экономикалық жағдай және
міндеттердің үлкен әртүрлілігі, қазіргі нарықтық талаптар, ескі көзқарастарды
өндірісті автоматтандыру жүйесіне ауыстырды. Бүгінде мұндай жүйелерден
жағдайды тек бақылап қана қоймай, технологиялық прцестерді басқаруға да
болады. Адамдар тобына тұрақты ақпарат көзіне қолжетімділік керек және
өндірісті толықтай басқару мәселелерінде толыққанды шешім табу үшін
ақпаратты ыңғайлы түрде алып отыру қажет.
Өнеркәсіпте АЖӨҮБ
қолданылуы қажет етілмеген сала кездеспейді.
АЖӨҮБ
ең маңызды артықшылықтарының бірі толықтай істен шығарғанға
дейінгі төмендету болып табылады, адами факторлардың басқару процессіне
әсер етуі, қызметкерлер санын қысқарту, өнімдік шығындарды азайту,
берілген өнімнің сапасын арттыру, және соңғы нәтижесінде, өнімділіктің
тиімділігін айтарлықтай жоғарылату болып табылады. Осыған ұқсас
жүйелермен орындалатын негізгі функциялардың құрамы бақылау және
басқару, мәліметтермен алмасу, ақпаратты өңдеу, жинақтау және сақтау,
қауіптілік сигналдарын құру, графиктер тұрғызу мен есептеулерден тұрады.
Шетелдік терминологияға сәйкес үш категорияға бөлінеді: таратқыш
басқарушы жүйелер (distributed control systems DCS), РС- технология
базасындағы контроллерлер (PC-based) және контроллерлер.
Контроллер дегеніміз ақпаратты жинауға, түрлендіруге, өңдеуге,
сақтауға және басқару командаларын құруға арналған құрылғы. Олар
микропроцессорлық техника базасында іскее асырылған және берілген
бағдарламаға сәкйес жергілікті және таратушы жүйелерде жұмыс істейді. .
Аздаған және қуатты және жоғары жалдамдықты жүййелерде контроллерлер
аса талапшыл тапсырыс берушілердің өзін жан—жақты мүмкіндіктерімен
және басқару мен бақылаудың таратушы жүйелеріндегі заманауи желілік
шешімдерін іске асыру кезіндегі икемділігімен қамтамасыз етеді.
Шешілетін тапсырмалардың деңгейлерін анықтайтын техникалық
мүмкіндіктеріне байланысты, контроллерлер келесі класстарға бөлінеді: нано-,
микро-, кіші, орта және үлкен. Алғашында олар тек дискретті компоненттер
негізінде
жиналған,
есептеуіштерде,
таймерлерде,
қатқыл
логика
элементтерінде релелі-байланысты сұлбаларды ауыстыру үшін арналып
шығарылған.
IEC-61131.3 стандартының бес тілінде бағдарламалау мүмкіндігі бар:
- IL (Instruction List) – нұсқаулықтар тізімі. Мәтіндік тіл, аппаратты-
тәуелсіз, төмен деңгйлі ассемблерге ұқсас тіл;
-
LD (Ladder Diagram) – релелі-байланысты сұлбалар. Электромагнитті
реле базасындағы электрлік сұлбаларды бағдарламалауға арналған
графикалық тіл;
-
FBD (Function Block Diagram) – функционалдық блоктық диаг-
раммалар. Функционалдық блок бірнеше ішкі бағдарламаны сипаттайды,
34
олардың әрқайсысының кірісі (сол жағынан) және шығысы (оң жағынан)
болатын графикалық тіл;
- SFC (Sequential Function Chart) – бірізді функционалдық диаграммалар.
Жоғарғы деңгейлі графикалық тіл. Петри желісінің математикалық аппараттар
базасында жасалған. Оқиғалардың бірізділігін және ауысу шарттарын
сипаттайды;
- ST (Structured Text) – құрылымдық мәтін. Паскаль тіліне ұқсас мәтіндік
бағдарламалау тілі.
Заманауи контроллерлер дискреттік және аналогтық сигналдарды өңдей
алады, қақпақшаларды, адымдық қозғалтқыштарды, жетектерді, жиілік
түрлендіргіштерін басқара алады, реттеу жүргізе алады. Жоғары
пайдаланушылық сипаттамалары БЛК қолданылуын, датчиктерден келетін
сигналдардың логикалық өңдеулері қажет болатын барлық жерде лайықты ете
алады.
Контроллерлерді
қолдану
жоғары
сенімділікпен,
қарапайым
тираждаумен және басқару құрылғыларының қызметімен қамтамасыз етеді,
қондырғының монтажы мен жөндеуін жылдамдатады, басқару алгоритмдерін
жылдам жаңаруымен қамтамасыз етеді (оның ішінде жұмыс істейтін
қондырғыда қосылады).
Бағдарламалаушы логикалық контроллерді таңдау кезінде келесі негізгі
факторларды ескеру қажет:
- қолданылу сипаты (автономды, тартаушы тораптарда станция ретінде,
жойылған станция ретінде);
- функцияналдық тағайындалуы (ПИД-реттеуіш, басқару);
- жылумен және сумен жабдықтау жүйесі, берілген мәндерді өлшеу және
есептеу, термореттеу, апаттық қорғаныс және кодтау және т.с.с.
- кірістер мен шығыстар саны (цифрлық және аналогтық);
- мәліметтерді таратудың қажетті жылдамдығы;
- уақытты автономды есептеуіштің болуы;
- мәліметтерді тіркеу және сақтау шарттары;
- өздігінен диагностика жасау мүмкіндігі;
- оператор панеліне арналған талаптар;
- бағдарламалау тілі;
- интерфейс;
- байланыс каналдары (сымды, сымсыз);
- пайдалану режимі және шарттары.
Бұл дипломдық жобада контроллерлердің екі түрі қарастырылды.
Контроллер ABB АС 800F. Бірінші болып ABB компаниясының AC 800F
контроллері қарастырылды, ол өзінің байланыс функцияларының көлемді
жиынымен, сондай-ақ кірістік және шығыстық жүйелердің санын толық
резервтеу және сақтау қасиеті бар модульдік контроллер сипатында болады.
(2.2 суретті қараңыз). Compact Control Builder бағдарламасымен бірге
қолданғанда, , AC 800F контроллері басқарудың кез-келген шешімінде
қолданыла алады. Қолданылуға дайын функциялардың кодтарын және
35
кітапханаларын
қайта
пайдалану
орнату
мен
конфигурациясының
тиімділігімен қамтамасыз етеді.
ABB
FieldController
800
контроллері
қолданушыға
Fieldbus
технологиясының икемділігін ашып көрсетеді. ABB FieldController 800
контроллері
процесстік
станциялардың
«дәстүрлі»
тапсырмаларын
орындағаннан бөлек, әртүрлі типті бола алатын Fieldbus желісі арқылы келіп
түсетін технологиялық және диагностикалық мәліметтерді өңдей алады. . AC
800 контроллеріне 4-ке дейінгі (әртүрлі) fieldbus модульдері қосыла алады.
FieldController контроллері Freelance 2000 жүйесімен Ethernet стандартты
байланыс желісі арқылы әрекеттесе алады.
ABB FieldController 800 контроллерінің талаптары ретінде келесі резервтеу
деңгейлерімен қамтамасыз етеді:
-
2 FieldControllers арқылы құрылғыны резервтеу;
-
қорек көздері блогін резервтеу (24 В);
-
Ethernet бойынша байланыстар (стандарт);
-
Profibus DP үшін кабельдерді резервтеу, сыртқы қондырғының бар
болуын талап етеді (RLM 01).
Контроллерді резервтеу екі ABB FieldController 800 контроллерін
орнату арқылы мүмкін болады. Екінші контроллерге жылдам және
қиындықсыз ауысу үшін FieldController контроллері істен шыққан жағдайда,
аонайы резервтік байланыс желісі екінші модуль Ethernet арқылы екі
контроллердің ABB FieldController 800 синхрондылығымен кез келген сәтте
қамтамасыз ете алады.
2.2 сурет - AC 800F контроллері
fieldbus 4 жоғарғы жылдамдықты желілер fieldbus интеграцияланған
мүмкіншілігі бар үдерістік станцияның fieldbus әртүрлі түрін, тіпті бір уақытта
PROFIBUS-DP 12 Мбод модбус Modbus CAN Foundation Fieldbus H1 (c FIO
100) Foundation Fieldbus (жоғарғы жылдамдықты Ethernet дайындық үстінде)
дейін сақтап тұрады. Қарапайым инжиниринг: DigiTool-да толықтай
интегралданған. Үйлесімділігі: Freelance 2000 барлық бағдарламаларын
орындайды. Өрістік құрылғылар үшін бірыңғай жүйеленген дерек қор, ол
адам-машина интерфейсі және басқару деңгейінің бірлесіп қолданылуы (HSI)
болып табылады. Зауыттық және жұмыстық параметрлер бойынша үлгіні
36
тану, профилактикалық қызмет көрсету үшін қажетті барлық бағыттағы
диагностиканың тәсілі, шағын беріктілік конструкциясы бар. Беттік
панельдегі жалғағыш, ол бағытталған білте тақтайшасының монтажы немесе
қабырғалық
монтаж.
Қоршаған
ортаның
температурасы
0-60°С.
Электромагниттік тосқауылдарға (ЕМС) орнықтылығы EN50082 сәйкес
сертификатталған.
SIMATIC S7-300 контроллері. Бақылау жүйесінің сенімділігіне жоғары
сұранысты және апатты жағдайларға төзімділік қасиетін ескере отырып
Siemens фирмасының Simatic S7–300 типті контроллері.
Siemens фмрмасының Simatic S7 – 300 контроллерлері өте мықты
есептегіш құралы болып табылады және кез келген қиын есептеулерді
жүргізуге мүмкіншілік береді. Контроллер датчиктерден үздіксіз сұраныс
жасайды және модульдер диагностикасын қамтамасыз етеді.
2.3 сурет – Контроллер S7 – 300
Эсплуатациондық мінездемесі:
- қоршаған орта температурасы 1-50 градус;
- 30 градуста салыстырмалы ауа ылғалдылығы 90% аспайды;
- ауа қысымы 750 мм сынап бағанасы;
- қызмет көрсету түрі – периодты;
- жұмыс тәртібі – тәулік бойы.
Контроллердің техникалық мінездемесі орнатылған модульдерге
байланысты. Контроллер мен басқарудың төменгі құрылымы арасындағы
байланысты таратылған кіріс – шығыс ET200M және PROFIBUS – DP желісі
арқылы іске асады.
Контроллер құрамына келесілер кіреді:
- каркас;
- орталық процессор CPU 313;
- қорек көзі PS – 307;
- коммуникациондық процессор CP 343 – 1.
Орталық процессор ретінде CPU 313 қолданылады. CPU қолданушы
программасын орындайды. Модульдердің арт жағында орналасқан S7 – 300
шинасына 5B кернеу береді.
CPU 313 келесі қасиеттермен ерекшеленеді:
- Master – құрылғы DP (DP - Master) ретінде қолданылады немесе Slave
37
құрылғы (DP - Slave);
- 48 кбайттық жұмыстық жады;
- 80 кбайт орнатылған жүктемелі жады RAM; жады платасы арқылы 16
кбайттан 512 кбайтқа дейін кеңейтуге мүмкіншілік бар.
2.4 сурет – CPU 313 элементтері
38
2.2 кесте – Контроллердің салыстырмалы анализі
Контроллер
Артықшылықтары
Кемшіліктері
ABB
FieldController
800
1. Кіріс-шығыс жүйесінің жоғары
сенімділігі.
2. Эксплуатациялауға ыңғайлы және
сенімділігі жоғары.
4. Сапасы жәнефункционалдылығы
жағынан ыңғайлы.
5. Шет елдерде және ТМД
мемлекеттерінде кең таралған.
6. Бағасы арзан
1. Бағдарламалау
тілдері күрделі
Siemens Simatic
S7
1. Әртүрлі модельдегі орталық
процессорлары әртүрлі есептердің
тиімді шешімдерін құруға
мүмкіндік береді.
2. Бағдарламалау тілдері ыңғайлы,
әрі орындалу жылдамдығы
жоғары.
4. Сапасы және функционалдылығы
жағынан ыңғайлы.
5. ТМД елдерінде, Қазақстанда кең
таралған
1. Құрылған
функциялардың
үлкен көлемді
болуына
байланысты жоғары
қуаттылығы.
2. Бағасы жоғары.
2.2 кестедегі салыстырмалы сипаттамаларға сәйкес жұмыс жасауға ABB
FieldController 800 контроллері қолайлы деп танылды.
Достарыңызбен бөлісу: |