Сборник материалов IV международной научно-практической конференции «Роль физико-математических наук в современном образовательном пространстве»



Pdf көрінісі
бет55/56
Дата06.03.2017
өлшемі12,19 Mb.
#8065
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56

Әдебиеттер тізімі 
1.  Симонович С.В. Информатика базовый курс. Учебник для ВУЗОВ. Москва 2002. 
2.   Макарова Н.В. Информатика. Санкт-Петербург. 1999. 
3.  Информатика и образование. №5, 2005; №3, 2009. 
 
 
УДК 381.147 
ИНФОРМАТИКА  САБАҒЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ ЭЛЕМЕНТТЕРДІ ҚҰРУ 
 
Темірбекқызы А. 
Информатика мамандығының 4 курс студенті  
 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,
 Ақтөбе қаласы, Қазақстан. 
Sweety.ai@mail.ru
 
Ғылыми жетекші: доцент Мурзабекова З.Р. 
 
Қазіргі  ақпараттық    технологиялардың    мүмкіндіктерінің  таралуы  оқу  үлгісінің  түрлерінің  кеңейуін, 
дамуын және  жаңа  ұйымдастырылған   оқыту  әдістері  мен    формаларының туындауына түрткі болып отыр.  Білім 
беруді  ақпараттандару  жалпы  білім  беру  мен  арнайы  пәндерді  ақпараттық  жабдықтарды  қолдана  отырып, 
мультимедиялық технологиялардың негізінде оқыту мәселелері  болып табылады.  
Macromedia  Flash  программалау  және  ACTIVStudio  ортасында  жасалған  әдістемелік  құралдар  білім  беру 
жүйесінде  қоғаммен  бірге  дамып,  онымен  бірге  үнемі  өзгеріп  отырады.  Осыған  сәйкес  мектептерге  қойылатын 
талап  та,  ондағы  оқыту  және  тәрбиелеу  әдіс-тәсілдері  де  өзгеріп  отырады.  Егер  бұрынғы  дәстүрлі  формада  - 
мұғалім  оқу  процесін  басқару  арқылы  оқытып,  яғни  оқушы  әрекетін  басқара  отырып  бақылайтын  болса,  жаңа 
формада – көбінесе балалардың өздерінің оқуы, өздерін-өздері басқаруы арқылы білім алуы қажет. 
Оқушылардың  жеке  тұлғасын,  оның  рухани  әлемін,  қабілеті  мен  ынтасын  дамыту  үшін  қазіргі  таңда 
оқытуды ақпараттандыру, компьютерлік сауаттылығын жетілдіру маңызды роль атқарады.  
 
Оқушылардың  информатика  пәніне  қызығушылығын  арттыру,  ой-өрісін  және  танымдық  қабілеттін 
дамыту,  шығармашылыққа  баулу,  өз  ойын  еркін  жеткізе  білу  және  өткенді  шапшаң  еске  түсіру  дағдыларын 
қалыптастыру мақсатында компьютерлік сауаттылықтың маңызы зор(www.google.kz). 
Білім жүйесіне Macromedia Flash программалау ортасы және ACTIVStudio ортасында жасалған ақпараттық 
технологияларды  енгізу, оны  пайдалану  оқу  процесін  жеңілдетумен  қатар, оқушының өз  бетімен  жұмыс  істеуін, 
алған  білімі  мен  іс  әрекет  түрлерін  іс жүзінде  пайдалана  алатындай  дәрежеге  жеткізуді  ұйымдастыруға  болады. 
Macromedia  Flash  программалау  программалау  ортасы  және  ACTIVStudio  бағдарламасының    көптеген 
функцияларын пайдаланып, электронды әдістемелік құралдардың түрін қарастыруға болады. 
Қазіргі  таңда  оқыту  жүйесінде  меңгерілетін  білімнің  түпкі  нәтижесі  ең  тұғырлы  мәселеге  айналды.  Сондықтан 
жалпы  білім  беретін  мектеп  қабырғасындағы  әрбір  пән  оқушыны  дара  тұлға  ретінде  жетілдіруге,  оның 
шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  алғышарт  жасауы  қажет  деген  қағида  берік  орнықты.  Осы  бағытта 
оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер   интерактивтi  деп аталып жүр. Бұл 
әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар. Интерактив – 
ағылшынның  "өзара  әрекет”  деген  сөзі.  Демек,  интерактивті  оқыту  әдістері  тұлғааралық  қарым  –  қатынасқа 
негізделе  отырып,  "жеке  тұлғаны  дамытуға  бағытталатын”  қазіргі  білім  беру  парадигмасын  қанағаттандырады. 
Сонымен бірге,  сапалы білім  алудың  алғышарттары  болып  табылатын таным  белсенділігі  мен  ізденіс дербестігін 
қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.  
Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды.  
Оқу процесінің барысында оқушылар мыналармен қарым-қатынасқа түседі:  
  оқытушымен (оқушылар оқытушының сұрағына жауап берген кезде);  
  өзге оқушылармен (бірігіп жұмыс істеу барысында);  
  шағын топтармен (3-5 оқушымен);  
  оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, топ болып әлдебір мәселені талқылау барысында);  
  кейбір техника түрлерімен (мысалға компьютермен).  
Топтың  сандық  құрамы  оқудың  немесе  өзара  қарым-қатынастың  сапасын  айқындамайды.  «Өзара  қарым-
қатынас» әдісінің ерекшелігі- оқушы өзгелермен араласу барысында ашыла түсетін болады 

318
 
 
Бұл  интерактивтi  әдiстiң    мақсаты  –  тек  ақпаратты  беру  ғана  емес,  оқушыларға  жауаптарды  өз  бетiнше  табу 
дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.  
Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені білгілі:  
1.
  Балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру.  
2.
  Балаларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау.  
3.
  Оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату.  
4.
  Іс - әрекет барысында білім игеруге жол ашу. 
Осыған  орай  интерактивті  әдістерді  пайдаланып,Macromedia  Flashпрограммалау  ортасында  информатика 
сабағында мультимедиалық мұмкіндіктерді қолданып әдістемелік көрнекілік құралдар жасалды.  
 
1 сурет. Мұнда батырмалар арқылы келесі беттерге  
сілтемелер жасалған. 
 
2 сурет. Macromedia Flash ортасында жасалған файл туралы мәліметтер 
 
 
2 сурет. Дұрыс позицияны  таңдап орналастыру керек 
 
Жалпы Macromedia Flashпрограммалау ортасындажасалған Мультимедиа (multimedia) - бұл жаңа ақпараттық 
технология,  текст,  дыбыс,  видеобейне,  графикалық  бейне  және  анимация  (мультипликация)  жұмыстарын 
компьютер  жүйесіне  біріктіру  құралы.  Мультимедиа-бұл  текст,  графика,  анимация,  цифрленген  қозғалыссыз 
бейнелер, видео, дыбыс, сөйлеу тәрізді мәліметтерді компьютерге енгізуге-шығаруға, өңдеуге, сақтауға, жеткізуге 
және  бейнелеуге  мүмкіндік  беретін  технологиялар  жиынтығы.  Мультимедиаға  мыналар  жатады:дисплей 
экранында  дыбыстау  құралдарымен  қозғалыссыз  бейнелерді  көрсету;дыбысты  графикалық  бейне;қозғалмалы 
бейне;анимация,  яғни  қозғалмалы  бейнелердің  (мультипликацияға  ұқсас)  қозғалмасын  тудыратын  суреттер 
бірізділігі. 
Қорыта  келгенде  сабақты  дәстүрлі  оқулықпен  шектелмей  электронды  оқу  құралдарын  және  әртүрлі  әдістерді 
тиімді пайдалана отырып өткізу оқушының ой-өрісін дамытады, оларды жалықтырмайды.  
 

319
 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Бидайбеков Е. Ы., Григорьев С.Г., Гриншкун В. В. Информационное интегрирование и анализ образовательной 
области  в  разработке  электронных  средств  обучения.  //  Монография.  /  Алма-Ата:  Министерство  образования  и 
науки Республики Казахстан, АГУ им. Абая. - 2002,- 100 б.  
2.  С.В.Симонович Информатика Базовый курс Санкт-Петербург. 2002 
3.  Мурзабекова  З.Р.Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар. Ақтөбе-2009. 
4. 
www.google.kz
 
 
 
ӘОЖ 518(07) 
 
ПЕДАГОГТЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ҮДЕРІСІНІҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІ 
 
Мухамбетжанова А.Т., Майлыбаева А.Д. 
 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
 
 
Педагогтың ақпараттық құзырлылығының қалыптасу үдерісін келесі деңгейлер арқылы ерекшелеп алуға 
болады: 
қарапайым (ақпараттық сауаттылық); 

қызметтік (ақпараттық білімділік), 

жүйелік (ақпараттық қабілеттілік). 
Педагогикалық  ақпараттарды  талдау  және  оны  қорыту  мұғалімдердің  АКТны  пайдалану  бойынша 
ақпараттық сауаттылығын, білімділігін және мұғалімнің ақпараттық қабілеттіліктерін жіктеуге мүмкіндік береді.  
 
Осыған  орай,  біз  педагогтардың  АКТны  пайдалану  қызметінің 
қарапайым-бейімделушілік,  қызметтік-
ізденушілік,  жүйелік-шығармашылық
  деңгейлерін  атаймыз[1].  Әрбір  келесі  деңгей  алдыңғы  деңгейді  қамтиды 
және  сонымен  бірге  қызмет  тәсілі  ретінде  АКТ-ны  пайдалану  дағдылары  мен  оны  қолдану  барысының  сапалық 
өзгерістерімен сипатталады. 
 
Педагогтың  АКТ-ны  пайдалану  қызметіндегі 
қарапайым-бейімделушілік
  деңгей  жас  маманға  тән,  оның 
мақсаты АКТ-ға қойылатын талаптарға бейімделу, яғни пернетақтада, түрлі магниттік тасымалдаушыларда  (CD-
ROM  дискілер  мен  иілгіш  диск,  флеш-карта  және  т.б.)  жеткілікті  дәрежеде  сенімді  жұмыс  жасау,  компьютерлік 
техниканың  мүмкіндіктерін білу  және  оны қолдану арқылы  оқыту үдерісін  жеделдету, оқу-тәрбие үдерісін  тиімді 
басқару мақсатында қолданбалы программалық құралдарды пайдалана білу.  
 
Бұл деңгей педагогтардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастырумен сипатталады. 
 
Функционалдық-ізденушілік
  деңгейі  2-санаттағы  мұғалімдер  үшін  мультимедиялық  электрондық  оқу-
әдістемелік  кешендерін  мектеп  пәндерін  оқытуға  қолдану  және  оны  жасаудың  технологиясын  үйренумен 
шектеледі, басқаша айтқанда, ақпараттық білімділігін қалыптастырумен  өрнектеледі.   
 
Жүйелік-шығармашылық
  деңгей  жоғарғы  санаттағы  мұғалімдер  үшін  пәндерді  тереңдетіп  оқытуға 
негізделген  ақпараттық  материалдарды  және  Интернет-технологиямен  жұмыс  жасау  технологиясын  үйрену 
мәселелерін  қамтиды.    Бұл  деңгей  ақпараттық  қабілеттілікті  дамытумен  ерекшеленеді.  Егер  педагогтардың 
ақпараттық сауаттылығы, білімділігі мен қабілеттілігі ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін 
меңгеру бойынша  қалыптасса, онда олардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы қалыптасады.  
Сонымен,  педагогтардың
  АКТ
-
ны  пайдалану  қызметі
  үздіксіз  білім  беру  аясында  шығармашылықпен 
жұмыс  жасау  қабілетін  дамытуға,  жеке  тұлғаның  компьютерлік  сауаттылығы  мен  ақпараттық  мәдениетін 
қалыптастыруға негізделген.  
Педагогтардың  АКТ  құралдарын  пайдалану  қызметі 
«ақпараттық  сауаттылық»

«ақпараттық  білімділік»

«ақпараттық  қабілеттілік»

«ақпараттық  құзырлылық»
  сияқты  маңызды  санаттардың  бірлігі  мен  сабақтастығына 
байланысты дамитындығы анықталды. 
 
Бұдан, АКТ құралдарының динамикалық даму өзгерісіне сәйкес  білім беру үдерісінде  АКТ-ны пайдалану 
мәселелері  бір  деңгейден  басқа  деңгейге  көшу  барысында  қиындықтар  келтіреді.  Ақпараттық  және 
коммуникациялық құзырлылықтардың АКТ құралдары бөліктерімен сабақтастығы келесі құзырлылық тәсілдерінің 
бірін жүзеге асыру негізінде ғана мүмкін болады: білім, міндет, іс-әрекет.  
 
 
Педагогтардың    АКТ-ны    пайдалану  жөніндегі  қызметін  оның  кәсіби  біліктілігі  мен  шығармашылық 
әлеуетін дамытуға, қарым-қатынастық әрекеттер жасау қабілеттерін арттыруға, оқу қызметі мәдениетін дамытуға,  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

320
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет. Үш өлшемді кеңістікте АКТ құзырлығын қалыптастырудың психологиялық компоненттері 
 
оқу-тәрбие  үдерісінің  барлық    деңгейлерін  дамытуға,  оның  тиімділігі  мен  сапасын  арттыруға,  қазіргі  қоғамның 
ақпараттандыруға байланысты туындап отырған әлеуметтік тапсырысты өткізуге бағытталған қызмет түрі ретінде 
қарастырамыз.  
Олардың  мазмұны ретінде келесі қызметтерді алуға болады:  

ынта – мұғалімдерді АКТ құралдарын қолдануға ынталандырады; 

мақсат – мұғалімдердің АКТ құралдарын қолдану нәтижесінде сапаға жету жолдарына ықпал етеді; 

іс-әрекет құралдары  – мұғалімдерге АКТ құралдарын қолдану қызметін атқаруға игі әсерін тигізеді. 
Қызметтің  тағы  бір  қосалқы  құрылымы  нақты  қызметті  атқаруға  итермелейтін  ынта  болып  табылады.  Ынта 
нақты орындалатын қызмет құрылымына әлі енбеген, яғни әлеуетті және аталған құрылымға сәйкес енген, яғни 
көкейкесті болуы мүмкін.  Қызметтің үшінші құраушысы оны орындау тәсілі. Ол 
бір жағынан
, қызмет субъектісінің 
мақсаттары  мен  ынтасына  сәйкес  болса, 
екінші  жағынан,
  оның  қызметті  орындау  үшін  қажетті  білімнің, 
дағдылардың болуын көздейді.  
Демек,  АКТ  пайдалану  жөніндегі педагогтың    қызметі    үш  құрамды  бөліктен,    атап  айтқанда,   
мақсат-
ынта-іс-әрекет құралынан
 тұрады.  
АКТ құралдарын оқу-тәрбие үдерісіне пайдалану жөніндегі педагог қызметінің  мақсаты: 

мұғалімнің  шығармашылық  әлеуетін,  қарым-қатынастық  әрекеттерге  қабілетті  болуды,  сараптамалық-
зерттеу қызметі дағдыларын және оқу қызметі мәдениетін дамыту; 

оқу-тәрбие үдерісінің барлық деңгейлерін дамыту, оның тиімділігі мен сапасын арттыру; 

қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болған әлеуметтік тапсырысты өткізу. 
АКТ-ны  оқу  үдерісіне  пайдалану  жөніндегі  қызметтің
  ынтасы
  –  типтік  дағдыларды  бақылау,  түзету, 
басқару,  жаттықтыру  сияқты  педагогикалық  қызметтерді  жеңілдету  болып  табылады,  АКТ-ны  пайдалану 
қызметінің 
құралы
  –  ұтымды,  әрі тиімді  пайдалана  білудің  дидактикалық  құралы. Педагогтың  АКТ-ны  пайдалану 
жөніндегі  қызметі  табиғатының,  оның  мақсаттарының,  ынтасының  өзінің  сапалық  өзгеруі  оқыту  мақсатында 
дидАКТикалық  құрал  ретінде  пайдалану  дағдысына  әсер  етуі  мүмкін.  Сонымен  бірге  АКТ-ны  пайдаланудың 
қызметтік бастауын дамыту  «мұғалімнің АКТ-ны пайдалану қызметіне дайын болуын» көздейді, бұл өз кезегінде 
мазмұны  жағынан  күрделі  болып  келетін  оқу  еңбегінің  білімін,  еп-дағдыларын,  компьютерлік  сауатты  тұлғаның 
құндылық  бағдарларын,  жеке  адамның 
танымдық,  зияткерлік,  ұйымдастырушылық,  эмоционалдық-жігерлілік
 
қасиеттерін қамтиды.   
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылықтың құрамды бөліктері:  

АКТ арқылы  ақпараттарға салыстырмалы  талдау жасау  арқылы талданған    ақпараттар  негізінде саналы 
шешім қабылдау,  

АКТ  құралдарының  мүмкіндіктерін  және  электрондық  оқу  материалдарын    мектеп  пәндерін  оқытудың 
сапасын арттыруға қолдану,  

ақпараттарды  талдау,  жинақтау,  қорыту,  құрылымдау,  тікелей  және  жанама  дәлелдеме  жасау  және 
оларды модельдеу барысында АКТ құралдарын қолдана отырып, өңдеу,  

педагогтың қызметін АКТ арқылы жоспарлау және оны практика жүзінде іске асыра алу мүмкіндігі. 
Педагогтардың 
ақпараттық 
құзырлылығы 
дегеніміз 

оқу-тәрбие 
үдерісінеақпараттық 
технологияның  мүмкіндіктерін  жан-жақты  қолдану  қабілеті  болса,  ал 
ақпараттық-коммуникациялық 
құзырлылық дегеніміз 
мектеп  пәндерін  оқытуға ақпараттық-коммуникациялық технологияның  дидАКТикалық 
мүмкіндіктерін  қолдану  мен  әлемдік-ақпараттық  білімдік  кеңістікке  еркін  түрде  ену  арқылы  өздігінен  білімдерін 
жетілдіру  қабілеті[1].  Сонымен  қатар  ақпараттық  технологияларды  мектеп  пәндерінде  сапалы  деңгейде 
қолданып,  оқыту  және  оларды  технология  әлеміне  ендіре  отырып,  ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру  үшін 
мұғалімдерді  арнайы дайындау қажет деген көзқарасын айтады[2]. Мұнда мұғалім АКТ құралдарын оқу үдерісіне 
енгізудің  психологиясын  жақсы  біліп,  пәндерді  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  жетік  меңгеріп,  ақпараттық 
технологиялар  саласында  құзырлылығы  қалыптасқан  маман  болулары  тиіс  дей  келе,  олардың  меңгеруге  тиісті 
білімдері мен дағдыларын келесі мазмұнда көрсетеді: 

321
 
 

оқыту мен тәрбиелеуде компьютердің қолданылу мүмкіндіктерін білу; 

мектеп пәндерін оқытуды  ұйымдастыруда компьютерді қолданудың әдістерін меңгеру;   

өткен материалды меңгеру деңгейін бақылау, өзіндік бақылауларын ұйымдастыруда компьютерді қолдана 
білу білігі;    

оқытудың дәстүрлі және компьютерлік технологияларын тиімді үйлестіре білу білігі;  

шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыруда АКТ-ның мүмкіндіктерін қолдана білу. 
Бүгінгі  күні  педагогтың  құзырлылығын  қалыптастыру  ақпарат  ағымымен  және  әлемдік-ақпараттық  білімдік 
кеңістік арнасынан оқушыға сапалы білім  беру мүмкіндігімен түсіндіріледі. 
АКТ құралдары  мен  интерАКТивтік технологиялар  саласынан  теориялық білімдер  мен  практикалық  дағдылар 
педагогтан  білімді  жаңарту  жағдайында  шартты  түрде 
бес 
топқа  біріктірілетін 
кәсіби  міндеттерді 
шешуді  талап 
етеді, олар [3] : 

оқу үдерісінің мазмұнын АКТ құралдарының мүмкіндіктерін қолдану арқылы жаңарта білу; 

білім сапасын арттыруда АКТ құралдарының мүмкіндіктерін зерттей білу; 

ақпараттық ортада желілік қарым-қатынас орната білуге дағдылану; 

ақпараттық білім ортасын жасау және оны қолдану; 

кәсіби бағытта өздігінен білім алуды жобалау және оны қолдану. 
Педагогтың  құзырлылығына  қатысты  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  талдай  келе,  бүгінгі  мектеп  пәндері 
мазмұнының  жаңаруы,  соған  сәйкес  білімді  ақпараттандыру  жағдайында  оқушылардың  ақпараттық 
сауаттылықтарын сапалы деңгейде қалыптастырудың басты шарты ретінде мұғалім 
ақпараттық-коммуникациялық 
құзырлылыққа  
ие болу керек  деген пікірді ұстануға болады.  
Педагогтарда 
ақпараттық-коммуникациялық құзырлылықты
 қалыптастырудың мақсатқа сәйкестігі оны екі 
аспектіде қарастыруға мүмкіндік берді: 

технологиялықтұрғыдан
  (АКТ  құралдарының  түрлері,  олардың  құрылымы  және  әрекет  ету  ұстанымы, 
олармен негізгі жұмыс істеу тәсілдері, техникалық қызмет көрсету ережелері және т.б.); 

біліми  тұрғыдан
  (олардың  дидактикалық  негізі  мен  әдістемелік  қызметтері,  құрылу  қағидалары,  АКТ 
қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшелігі).      
Жоғарыда  келтірілген  түсіндірмелерге  сүйене  отырып,  педагогқа    қатысты  анықтаманы  былай 
тұжырымдауға  болады:  «
Ақпараттық-коммуникациялық  құзырлылық  –  бұл  жеке  тұлғаның  ақпараттық  және 
телекоммуникациялық  технологиялардың  орасан  зор  мүмкіндіктерін  қолдана  отырып,  мектеп  пәндерін  оқыту 
үдерісінде  кәсіби  міндеттерді  сауатты  түрде  шешуге    қабілеттілігі  мен  дайындығы»
.  Соның  негізінде  жеке 
тұлғаның  әлеуетінің  жоғары  деңгейдегі  қажеттілігін,  әріптестерімен  бірлесе  отырып,  жұмыс  жасауы  және  өзінің 
жеке мәнділігін сезінуін қамтамасыз ететін  тұлғаға-бағдарланған болып келеді. 
Сөйтіп, 
педагогтың 
ақпараттық-коммуникациялық 
құзырлылығы
оқытудың 
әдістемелік 
жүйесін 
қалыптастыруда  және  пәнді  оқытудың  сапасын  арттыруда  АКТ-ның  мүмкіндіктерін  қолдана  білуін  және  пәннің 
сапалы  тұлғалық-бағдарлы  парадигмасын  жүзеге  асыруда  өз  кәсіби  әрекетінде  оларды  тиімді  пайдалана  білуді 
болжайды.  Елдің  экономикалық  және  әлеуметтік  даму  мақсаттарына  жетуге  қажетті  мұғалімдердің  кәсіби 
шеберлігін жетілдіру Юнеско стандартының алдына қойылған міндеттерінің бірі. Финляндия мен Корея Египет пен 
Чилиге  қарағанда  экономикасы  дамыған  елдер  болып  есептелсе,  ал  Кения  мен  Боливия    Египет  пен  Чилиге 
қарағанда экономикасы едәуір  төмен  елдердің  қатарына  жатады. Олай  болса,  аталған  елдердегі  педагогтардың 
кәсіби  сапасы,  оқу  бағдарламаларының  мазмұны  мен  бағалау  нәтижелері  де  әртүрлі  болып  келеді[4].  Даму 
траекториясының  қозғалысы  білімді  қалыптастыруда  педагогтардың  сапалық  жетістігімен  анықталады.  Ал 
техникалық  инфрақұрылым  жағынан  салыстыратын  болсақ,  онда  педагогикалық  әдістердің  өзгеріс  шамасымен 
ерекшеліктер айқындалады.  
 
Әдебиеттертізімі 
1.  Тұрғынбаева  Б.А.  Мұғалімдердің  шығармашылық  әлеуетін  біліктілікті  арттыру  жағдайында  дамыту:  теория 
және тәжірибе. –Алматы: 2005. 
2.  Мұхамбетжанова  С.Т.  Білім  беру  қызметкерлерін  АКТ  бойынша  біліктілігін  көтерудің  ғылыми-әдістемелік 
негіздері. – Алматы, 2007 
3.  Кеңесбаев  С.М.  ,  Айтбаева.  Ж    Болашақ  мектеп  мұғалімдерін  жаңа  ақпараттық  технологияны  пайдалануға 
дайындаудың  мақсаты,  мазмұны  және  принциптері  //  «Педагогикалық  білім  беру  сапасы:  дамытудың  өзекті 
мәселелері мен болашағы» халықаралық ғ.–пр.конф. -Алматы, 2004. 
4.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  арнаған  жолдауы:  «Қазақстан 
жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». – Астана, 2014 
5.  Кудайбергенева К.С. Құзырлылық  
6.  2002-2004  жж.арналған  Қазақстан  Республикасында  Білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  тұжырымдамасы.- 
Астана,2001 ж.- 34 б. 
7.  С.Т.Мұхамеджанова. «Ақпараттық мәдениет негіздері». Оқу-әдістемелік кешені 
8.  С.Т.Мұхамеджанова. «Мектептегі информатиканы оқыту әдістемесі» 
9.  Халықова. «Информатиканы оқыту әдістемесі» 

322
 
 
МАЗМҰНЫ 
СОДЕРЖАНИЕ 
 
1 секция 
 
МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ МЕН ҚОЛДАНБАЛЫ МАТЕМАТИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ ПРИКЛАДНОЙ МАТЕМАТИКИ И МАТЕМАТИЧЕСКОГО МОДЕЛИРОВАНИЯ 
 
CONTEMPORARY PROBLEMS OF APPLIED MATHEMATICS AND MATHEMATICAL MODELING 
 
МАМРАЕВ  Б.  Халел  Досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік  университеті:  Қазақстанның     
рухани интеллектуалдық дамуында 20 жыл .................................................................................... 
НАЗИРОВ Ш.А., РАХМАНОВ К.С., ЭРЖАНОВ М.О. Построения уравнений детерминированных 
фракталов........................................................................................................................................ 
 

 

АБДРАХМАНОВА М.Т. Математиканы оқыту үрдісіндегі қолданбалы есептердің маңыздылығы......  13 
А.Қ.АБИРОВ,      К.Қ.АБИРОВА,  Г.Б.ДЖУМАГАЛИЕВА  Бөлінгіштікке  берілген  олимпиадалық 
есептер............................................................................................................................................ 
 
14 
А.Қ.АБИРОВ,  Б.К.ХАЛЫҚОВА Дискретті гармоникалық функциялар алгебрасының құрылымы....  17 
А.Қ.АБИРОВ,  Ж.САЙДОЛҚЫЗЫ  Екінші  және  үшінші  ретті  рекуррентті  анықталынған 
арифметикалық прогрессиялардың құрылымы................................................................................. 
 
19 
А.Қ.АБИРОВ,  К.Қ.АБИРОВА, М.М.ЕСҚАЛИЕВА Симметриялы олимпиадалық есептер................ 
23 
З.Б.РЕДЬКО К вопросу о подготовке  будущего учителя начальных классов   к формированию 
исследовательских умений младшего школьника............................................................................. 
 
25 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет