Дағдарыс кезеңінде Павлодар облысы экономикасының жай-күйі
Ескендірова А.Р., «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Павлодар филиалының Экономикалық талдау
жəне статистика бөлімінің бас маманы-экономисі
Біздің алдымызда дағдарыстың салдарларын еңсеру жəне келесі экономикалық
өсімге дайындалу бойынша зор міндеттер тұр. Тоқтап қалмау керек, ілгері қарай басып,
экономиканы бұдан əрі жаңғыртудың жаңа жоспарын жүзеге асыру мен елдің
дағдарыстан кейінгі кезеңде дамуын қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту стратегиясын
іске асыру қажет (ҚР Президентінің Жолдауы 06.03.2009 жыл).
01.10.2008 жылғы (бұдан əрі – базалық кезең) жағдай бойынша тіркелген 12598 заңды
тұлғаға қарағанда 01.10.2009 жылғы жағдай бойынша облыста 13083 заңды тұлға тіркелді.
2009 жылдың қаңтар-қыркүйегінде (бұдан əрі - есепті кезең) өнеркəсіп өндірісінің
көлемі 362,0 млрд. теңге болды, ол 2008 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
12,2% аз. Өңдеуші өнеркəсіпте өндіріс көлемі 12,5%-ға, өндірісте жəне электр энергиясын
бөлу, газ бен су – 5,8%-ға, тау-кен өндірісінде – 17,8%-ға төмендеді.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын дамытуда оң динамика сақталды. Ауыл
шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2009 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 43,1 млрд.
теңге, жеке көлем индексі 104,4% болды.
Өндірілген өнеркəсіп өнімі көлемінде ең көп үлес салмағы өңдеуші өнеркəсіпке тиесілі
болды – 64,9%, ал өндірісте жəне электр энергиясын бөлу, газ бен су – 23,5%,
тау-кен өндірісінің үлесі – 11,6% болды.
Əлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, облыста инвестициялық жобалар жабылған
жоқ, іс жүзіндегі перспективалық инвестициялық жобаларды іске асыру мен қаржыландыру
жалғасуда.
Өңдеуші өнеркəсіпте
2009 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 235,5 млрд. теңгенің өнімі
өндірілді.
«Стальмонтаж» ЖШС кран өнімдерін өндіру бойынша зауыттың қайта жаңғыртуды
жүзеге асыратын жүк көтергіштігі 32 тонна кран дайындауды аяқтады. Суперкранды
зауыттың конструкторлары əзірледі жəне Мойнақ ГЭС құрылысшыларының тапсырысы
бойынша зауыт мамандары құрастырды. Жүк көтеру механизмінің ерекшелігі барлық
тіреуіштерінің қаттылығында, ол дайындаудың жоғары дəлдігін талап етеді. Павлодарлық
конструкцияның бірегейлігі – көтеру биіктігінде жəне жүктің салмағында, республикада жүк
краны осындай өлшемдермен алғаш рет дайындалды. Сынақ жасау үшін зауытта арнайы
полигон жасалды, мұнда зауыт мамандары тапсырыс берушіге жіберер алдында
механизмдерге тексеру жүргізеді.
Павлодар зауытының болат құбыр жасайтын «Паритет-ПВ» ЖШС өндірілетін өнімге
деген тапсырыспен толықтай қамтамасыз етілген. Зауыт өнімі – тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығының, энергетика мен құрылыстың инженерлік тораптарына арналған құбырлар
– ішкі жəне сыртқы нарықта сұранысқа ие болуда. Зауыт ғимаратына «Паритет-ПВ» ЖШС
жеке жəне заемдық қаражаттан 1,8 млрд. теңге инвестицияланды. Кəсіпорынның қуаты –
жылына 100 мың тонна құбыр шығару. Цехта құбырларды электрмен дəнекерлеу өндірісі
үшін импорттық жабдықтар орнатылған. Автоматтандырылған желілердің бірінде болат
табақтарды кесу жүргізіледі. Қалған үш құбырда 15 мм-ден 76 мм-ге дейін жəне 89 мм-ден
219 мм-ге дейін құбырлар жасалады. Перспективада зауытта диаметрі 530 мм-ге дейін
құбырлар жасау жоспарлануда. Бүгіндері зауытта 120 адам еңбек етеді.
Павлодар облысында эфир жəне полипропилен өндіретін жаңа зауыт іске қосылды.
Құны 5,5 млрд. теңге кəсіпорынды «Компания Нефтехим LTD» ЖШС салды, ол бұрын
мұнай өңдейтін зауыттың факелінде жандырылатын газбен жұмыс істейді. Ол жыл сайын
«Евро» стандартты жоғары октандық бензиндерді өндіру үшін əлемдік нарықта талап етіліп
отырған өнімдерді - 20 мың тонна қышқыл құрамды қосынды метил-трет-бутилового эфирін,
3, 35 мың тонна пропилен жəне 30 мың тонна полипропилен шығаруға есептелген. Қазіргі
заманғы кəсіпорын озық технологиялар ескеріліп жобаланған жəне салынған: барлық
өндірістік процестер автоматтандырылған, өнеркəсіптік қауіпсіздігі қатаң сақталған.
Мұнай химия зауытында сутегін өндіру қондырғысы орнатылған. Жаңа өндірістік
объектінің іске қосылуы шығарылатын таза мұнай өнімдерін күкірт қосындысынан терең
тазартуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл өнім сапасын, оның экологиялық қасиетін
жақсартады жəне əрмен қарай ЕВРО-3 жəне ЕВРО-4 стандарттарына өтуге алғашқы қадам
болмақ. Қондырма швейцариялық «Kox Глитч» инжиниринг компаниясының жобасы
бойынша бір жарым жыл ішінде орнатылды, жетекші əлемдік компаниялардың жабдықтары
орнатылды. Инвестициялар көлемі 5,8 млрд. теңге болды, бұл кəсіпорынның меншік
қаражаты.
Тағы да аймақта жүзеге асырылатын 42 инвестициялық жобаның біреуі іске
асырылды. Павлодар облысының Май ауданында тұрғызылған асфальтты бетон зауыты өнім
өндіре бастады. Сағатына 100 мың тоннаға дейін жол жабындысын шығаратын жаңа зауытты
«Дорремстрой ПВ» ЖШС салды. Құны 500,0 мың доллар болатын жəне ашық жалын
пайдаланылмастан жұмыс істейтін қазіргі заманғы жабдық Қытайдан сатып алынды.
Кəсіпорын Қазақстанның ядролық орталығының дамуы үшін маңызды республикалық Ақсу-
Курчатов трассасына күрделі жөндеу жасайтын жолшыларды қазіргі заманғы
материалдармен толық қамтамасыз етеді. Жаңа өндіріс құрылысшыларды ыстық асфальтпен
үздіксіз қамтамасыз ете отырып, тəулік бойы жұмыс істейді. Қажеттігіне қарай канадалық
технология жəне пайдаланылатын минералды қосындылар өнімді қыста өндіруге де
мүмкіндік береді.
Ферросплавтарға сұраныстың қысқаруына қарай өнім өндіру көлемі төмендеді жəне
739,8 мың тонна немесе базалық кезеңмен салыстырғанда 76,7% болды.
Ақсу ферросплав зауытында күрделі жөндеуден кейін қуаты 21 МВА № 25 электр
пеші пайдалануға берілді. Оны қайта жасау құны 653 млн. теңге болды – АФЗ жаңғыртудың
жəне техникалық қайта жарақтандырудың инвестициялық бағдарламасының бөлігі болып
табылады. Ол кəсіпорынның жөндеу қызметі кестесін басып оза отырып орындалды.
Футерлеу мен қаптамасы түгел ауыстырылды, ток жүргізу конструкциясы мен суыту жүйесі
жаңартылды. Пеш жаңа трансформаторлармен жəне агрегаттың электрлік параметрлерін
айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін құрылғылармен жарақталды. Жөндеу барысында
пеш «дымқыл» түрдегі тиімділігі жоғары газ тазалайтын қондырғымен жабдықталды.
Тау-кен өнеркəсібінде
2009 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 41,9 млрд. теңгенің өнімі
шығарылды.
«Богатырь Көмір» ЖШС көмірдің тұтынушылар сұраған көлемін жөнелте отырып,
тұрақты режимде жұмыс істейді. Қыркүйек айында күн сайын Қазақстан мен Ресейдің электр
станцияларына 23 эшелон отын жеткізілді. Бүгінгі таңда еліміздің ірі разрезі 33 млн.
тоннадан астам көмір сатуға ниеттеніп отыр.
Жыл басынан бері бірлескен кəсіпорындар қазақстандық «Самұрық-Энерго» жəне
ресейлік «РусАл» компаниялары өз тұтынушыларына 2008 жылдың осындай кезеңімен
салыстырғанда үштен бір есе аз 20,2 млн. тонна көмір сатты.
Екібастұз ГРЭС-1 жəне ГРЭС-2 сияқты ірі отын тұтынушылардың пайдалану
қуатының қысқаруына қарай, ішкі энергетикалық нарықтарға жеткізілім қаңтарда өткен
жылдың сегіз айының деңгейінен 22,8% төмен болды. Қазақстанның коммуналдық-
тұрмыстық нарығына көмір жөнелту кеміген жоқ жəне 1,1 млн. тонна болды. Жыл басынан
бері дағдарысқа қарай 8,35 млн. тоннаға дейін - 45,2%-ға Ресейге отынды экспорттық жеткізу
азайды. Ірі тұтынушы – Рефтинск ГРЭС – көмір пайдалануды 61% төмендетіп, түтін
шығаратын құбырларды күрделі жөндеуге кірісті.
Алдағы 2010 жылға жоспарлар белгілей отырып, компания Қазақстанның жəне
«алып» отынмен жұмыс істейтін 18 электр станциясы бар Ресей Федерациясының
экономикалары өсуінің үрдістерін ескеруде. Электр энергиясын өндіруді ұлғайту қажеттілігі
көмір өндіруші саланы көтеруге жаңа импульс береді. «Богатырь Көмір» келесі жылы кем
дегенде 34-36 миллион тонна көмір өндіруді жəне сатуды жоспарлап отыр.
Электр энергиясын, газ бен су өндіруде жəне бөлуде
облыс кəсіпорындары
85,1 млрд. теңгеге өнім шығарды.
Екібастұз қаласының «Солтүстік-Оңтүстік» ауданында «Солтүстік жүйеаралық
электрлік желілер» АҚ «KEGOC» филиалының «Екібастұз 1150» шағын станциясында
электр берудің екінші желісінің құрылысы аяқталды. Екінші транзитті іске қосу елдің
оңтүстік аймағында дағдарысқа қарсы бағдарламаларды іске асыру үшін энергетикалық
тұтынуды қамтамасыз етеді. Жаңа ұзындығы 1 097 километрге созылған Екібастұз-Шу ВЛ-
500 пайдалануға беру Қазақстанның оңтүстігіне энергия ағынының қуатын 1350 МВт дейін
екі есе ұлғайтады. Құны 43,6 млрд. теңге энергия көпірі өз бастауын қуаттылығы жоғары
электр станцияларынан жəне Сібірді, Қазақстан мен Оңтүстік Оралды байланыстыратын
негізгі желілер шоғырланған Павлодар облысынан алады. Оны құру кезінде жаңа жабдықтар
мен конструкциялар, найзағайдан қорғайтын тростарға орнатылған полимерлік оқшаулау
мен байланыстың талшықты оптикалық желілері пайдаланылды. Жаңа желінің іске
қосылуымен берілетін электр энергиясының көлемі екі еселенеді, елдің энергия жүйесінің
тұрақтылығы мен сенімділігі өсе түседі. Қазақстанның, Ресейдің жəне Орталық Азияның
энергия бірлестіктерінде бірлескен жұмыстардың қауіпсіздігі ұлғаяды.
Ауыл шаруашылығында
2009 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ауыл шаруашылығы
өнімдерінің
жалпы
көлемі 43,1 млрд.
теңге,
жеке
көлем
индексі
104,4% болды.
Мал
шаруашылығы
өнімдерін
негізгі
өндірушілер
ел
тұрғындарының
шаруашылықтары болып, облыста 71% ет, 83% сүт, 39% жұмыртқа өндірілді.
2009 жылдың 1 қазанына шаруашылықтың барлық санаттарында мал басына шартты
түрде ауыстырғанда 518 мың бас мал болды, бұл 2008 жылдың тиісті датасында шартты
түрдегі 18,0 мың бас малға (3,5%-ға) көп. Шаруа шаруашылықтарында шартты түрдегі мал
басы 11,8 мыңға (14,0%-ға), халық шаруашылықтарында шартты түрдегі мал басы 5,6 мыңға
(1,5%-ға) жəне ауыл шаруашылығы кəсіпорындарында шартты түрдегі мал басы 0,6 мыңға
(1,0%-ға) ұлғайды.
Құс етін өндіру бойынша автоматтандырылған желі Шарбақты құс фабрикасында
пайдалануға берілді, ол Павлодар облысының халқын тауық жұмыртқасымен жабдықтауда.
Қазіргі заманғы жабдық Нидерландыдан сатып алынды, оның өндірістік қуаты - тəулігіне
төрт тонна құс еті өнімдерін өндіруге арналған. Ол өнімдер рыноктар мен Шарбақты
аграршылары Павлодардан ашқан əлеуметтік дүкендерге жеткізілетін болады. Бір құс етінің
сату бағасы - 220-250 теңге. Шарбақты құс фабрикасында 300 мың тауық өсірілуде жəне
өнім өндіруді де өсіре түсуде – жыл соңында құс саны үштен бірге өседі. Соңғы уақытта жем
проблемасы шешілді – кəсіпорындардың егіс алқабында өсірілген бидай өңдейтін құрама
жем цехы салынды. Жуырда іске қосылған жұмыртқа сұрыптау цехы буып-түйілген сапалы
өнім жеткізуге мүмкіндік жасады.
Шарбақты ауданының шаруа шаруашылықтары қарқынды түрде ауылшаруашылық
өнімдерін қайта өңдейтін кəсіпорындар тұрғызуда. «Победа» ЖШС май цехын тұрғызуды
аяқтауда, Сосновка ауылында тары өңдейтін өндіріс салынуда.
Екібастұз қаласында хромды иленген тері өндіретін жартылай фабрикат зауыты
ашылды, оның өндірістік қуаты айына 300 тонна шикізат шығаруға арналған. Құны
217 млн. теңгеден асатын инвестициялық жоба «КазЭкспортКожа» ЖШС-да іске асырылды,
ол «КазАгроФинанс» АҚ заемдары мен меншік қаражатқа салынды. Зауытта қазіргі заманғы
италияндық жабдық орнатылған. Цехтарда «Pajusco» фирмасының күлмен илейтін
барабандары, «Poletto» мездриль машиналары, «Rizzi» сығымдап престейтін машина, WEGA
өлшейтін машина орнатылды. Кəсіпорын үш санатты «Wet blue»жартылай фабрикатын
өндіреді. Өнім Италия, Испания, Қытай, Үндістан нарықтарына бейімделетін болады. Зауыт
жергілікті шикізатпен істейді. Жаңа кəсіпорынмен ынтымақтасу туралы меморандумға
мүйізді ірі қара малдардың терілерін жеткізушілер, облыстың тері шикізатын өңдеу бойынша
ауыл шаруашылығы кластерін қалыптастыруға жəне дамытуға ниет білдірген - 25-тен астам
ауылшаруашылық кəсіпорындары мен шаруа шаруашылықтары қол қойды. Жаңа зауыт
бұрын дайындаушылар шаруалардан болмашы ақшаға сатып алып, кейіннен оларды шетелге
жіберіп отыратын мал терілерін өңдейтін болады. Енді шаруашылықтарға бұл шикізатты
өңдейтін жəне бағалы шикізат түрінде өткізетін жергілікті зауытқа сату тиімді. Келешекте
қазақстандықтар терінің жартылай фабрикатын дайын өнім шығару үшін пайдаланатын
болады.
Негізгі капиталға инвестициялар Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің
қосымша бағалауын есепке алғанда облыс бойынша 94,7 млрд. теңге немесе 2008 жылдың
қаңтар-қыркүйегіне 100,3% болды.
Есепті кезеңде облыс бойынша құрылыс жұмыстарының (қызметтердің) көлемі
қосымша бағалауды есепке алғанда 27,9 млрд. теңге, 2008 жылдың қаңтар-қыркүйегіне
97,7% болды. Облыс көлемінде ең көп үлес салмағы жеке мердігер ұйымдар атқарған
құрылыс жұмыстары тиесілі болды (96%). Шетелдік мердігерлер жалпы мердігерлік
жұмыстар көлемінің 4% орындады.
Жаңа құрылыстар, жұмыс істеп тұрған кəсіпорындарды кеңейту жəне қайта жаңарту
есебінен облыста мынадай объектілер мен өндірістік қуаттар пайдалануға берілді: 30
тонналық картоп, көкөністер мен жемістер сақтау қоймасы, 15,7 мың шаршы метр сауда
кəсіпорындары алаңы, 500 орындық дəмхана, алаңы 3328 шаршы метр фирмалар мен
компаниялардың офистері, алаңы 2286 шаршы метр ойын сауық орталықтары, 19,5 км.
байланыстың талшықты-оптикалық желілері, 27,7 км. темір жол жəне басқа объектілер
электрлендірілді.
Есепті кезеңде негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен 3,6% тұрғын үй
құрылысына жіберілді (2895,6 млн. теңге), бұл базалық кезеңге 35,8% болды.
Көлікпен жүк тасымалдау көлемі 2009 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыста 46,7
млн. тонна болды жəне 2008 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,7%-ға азайды.
Қаңтар-қыркүйекте облыста жүк тасымалдау айналымы 10565,9 млн. ткм., ол
2008 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3%-ға аз болды.
Есепті кезеңде өткен жылдың осындай кезеңмен салыстырғанда жүк тасымалының
азаюы автомобиль көлігіндегі төмендеумен байланыстырылды.
Қаңтар-қыркүйекте облыста көлікте жолаушылар тасымалдау 8416,6 млн. пкм.,
2008 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға көп болды.
Есепті кезеңде өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жолаушылар
ағынының ұлғаюы жолаушылар тасымалы айналымының жалпы көлемінде үлесі
айтарлықтай (98,8%) болатын автомобиль көлігінде жолаушылар тасымалы өсуімен
байланыстырылды.
Президенттің Қазақстан халқына жолдауында адамдардың жұмыспен
қамтылуын қамтамасыз етуге болатын бағыттар айқындалған:
•
біріншіден, бұл коммуналдық желілерді реконструкциялау жəне жаңғырту. Бұлар –
сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, энергетика жəне канализация объектілері
мен желілері.
•
екінші бағыт – бұл жергілікті мəндегі автомобиль жолдарының құрылысы,
реконструкциясы жəне жөндеу, сондай-ақ əлеуметтік инфрақұрылымды, ең алдымен
мектептерді, ауруханаларды жаңарту.
•
үшіншіден, əрбір нақты елді мекендегі жергілікті маңызы бар объектілер. Бұлар
жергілікті биліктің шешімі бойынша абаттандыру мен көгалдандыру, жолдарды,
клубтарды немесе басқа объектілерді жөндеу жұмыстары болуы мүмкін.
•
Төртінші бағыт – бұл əлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту жəне жастар
практикасын ұйымдастыру.
Бұдан басқа облыста инвестициялық жобалар тұрып қалуға тиіс емес, керісінше,
олар биліктің назар салып қадағалайтын объектілері болмақ.
Электролиз зауытының екінші кезегі мерзімінде іске қосылады деп күтілуде, «KSP
Steel» ЖШС-да құбыр прокатын жəне химия зауытында хлорлы-қышқыл өндіруді дамыту
жалғасуда. Екібастұз ГРЭС-1 бойынша кеңейту мен реконструкциялау, Екібастұз ГРЭС-2
бойынша үшінші энергоблок құрылысының жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда ірі
инвестициялық жобалар жаңа жұмыс орындарының генераторы болады. Мұнда екі
мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.
Облыста агроөнеркəсіптік кешенді əрмен қарай серпінді дамыту – негізгі
басымдықтардың бірі.
ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ПАЙЫМДАУЛАР
Электрондық ақша ұғымы жəне қызмет атқару модельдерін талдау
Ашықбеков Е.Т., ҚР Ұлттық Банкі Төлем жүйелері департаментінің
төлем жүйелері саясаты басқармасының бастығы
Қазіргі кезде əлемнің көптеген елдерінде «электрондық ақша» немесе «цифрлық
ақша» (electronic money, elektronic cash, digital cash) дегендер кеңінен таралды. Электрондық
ақша жүйесінің қарқынды дамуы, сондай-ақ бірқатар ТМД елдерінде, əсіресе Ресей
Федерациясында байқалуда. Көрсетілген «өнімнің» пайда болуы соңғы онжылдықтар ішінде
ақпарат технологиясындағы ілгерілеу үрдістерінің жəне электрондық төлемдерді жəне
Интернет пен өзге де телекоммуникациялық желі арқылы онлайндық сауданы жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы төлем механизмдерінің пайда болуы
нəтижесінде мүмкін болып отыр.
Алайда, қазіргі уақытта əлемдік қоғамдастықта «электрондық ақша» туралы
бірыңғай пікір жəне түсінік қалыптасқан жоқ. Əлемнің əр түрлі елдерінде «электрондық
ақша» феномені интерпретациясына қатысты əр түрлі тəсілдер қолданылады.
Электрондық ақшаны заңнамалық реттеу мəселесінде неғұрлым белсенді ұстанымды
Еуропалық Одақ иеленуде. 2000 жылы Еуропа Парламенті мен Кеңесі электрондық ақша
жөніндегі əйгілі №2000/46/EC Директивасын қабылдады. Осы Директиваның қабылдануы
электрондық ақшаны дамыту үшін құқықтық негіз құруға бастапқы талпыныстардың бірі
болды жəне іс жүзінде əлемде электрондық ақшаны құқықтық реттеудің негізін қалады.
Сонымен, «электрондық ақша» дегеніміз не? Оның функционалдық ерекшелігі,
құқықтық табиғаты жəне қолданылу аясы қандай? Электрондық ақшаның қандай түрлері
(нысандары) бар жəне электрондық ақша жүйесінің жұмысы қандай қағидаттарға сай
құрылады? Əлемнің басқа елдерінде электрондық ақшаны шығару жəне айналысқа жіберуді
реттейтін заңнама бойынша əлемдік тəжірибе жəне қалыптасқан практика бар ма?
Соңғы кезде байқалып отырған «Желілік» электрондық ақшаның белсенді дамуы неге жəне
қандай объективті факторларға негізделген? Қазақстанда электрондық ақшаның
құқықтық мəртебесін бекіту үшін Ұлттық Банк тарапынан қандай жұмыстар
жүргізілуде? Осы жəне басқа да сұрақтарға осы мақалада жауап беруге тырысамыз.
Құқықтық жəне экономикалық тұрғыдан алғанда «электрондық ақша» ақшаның жаңа
нысанын білдірмейді жəне ақша болып табылмайды (əрине, оны Ұлттық Банк шығармаса).
Қазақстан Республикасындағы ақша ақша белгілері нысанында не банктердің клиенттерінің
банк шоттары бойынша жазба түрінде көрсетілген ақша міндеттемелері нысанында болады
(«Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы). Тиісінше,
Қазақстанда ақша ретінде айналыс эмиссиясын Қазақстанның Ұлттық Банкі ғана жүзеге
асыратын жəне мерзімсіз міндеттемелерді білдіретін қолма-қол ақша мен банктердің
клиенттеріне ашылған банк шоттарындағы жазба нысаны түріндегі қолма-қол емес ақша
таныла алады.
Электрондық ақша мен нақты ақша арасындағы принципиалды айырмашылық сол,
электрондық ақша банктер (сондай-ақ өзге де жеке ұйымдар болуы ықтимал) ақшаны
электрондық нысанда шығарған елдің жеке төлем міндеттемелерін білдірсе, ал ақшаны
елдің ұлттық (орталық) банктері ғана шығарады.
Технологиялық тұрғыдан алғанда, электрондық ақша электрондық құрылғыда
сақталатын жəне электрондық ақпарат беру құралдарының көмегімен бір электрондық
құрылғыдан – электрондық тасымалдағыштан (ол компьютер немесе микропроцессорлық
карточка болуы ықтимал) екіншісіне берілуі мүмкін ақшаның құнын білдіреді. Бұл ретте
электрондық ақшаны төлем карточкаларымен (дебеттік жəне кредиттік) шатыстырмаған жөн.
Электрондық ақша – мүлдем жеке жəне тəуелсіз құрал, ал төлем карточкасы банк
шотындағы ақшаға кіруге рұқсат беру құралы болып табылады, бұл ретте барлық
операциялар банк шотынан жүзеге асырылады. Электрондық ақша банк шотын
пайдаланбастан, банк жүйесінен тыс бір субъектіден басқасына, одан үшінші тұлғаға көшуге
қабілетті (мұнда қолма-қол ақшамен баламасын келтіруге болады). Сонымен бірге,
электрондық ақша əр түрлі дəрежеде дерек құпиялылығын (иесінің жеке басы туралы
абсолютті дерек құпиялылығынан бастап толық бірегейлендіруге дейін) қамтамасыз ете
алады, бұл электрондық ақша жүйесінің əрбір жекелеген жұмыс істеу схемасының
техникалық сипаттамаларымен айқындалады.
Дəстүрлі төлем құралдарынан айырмашылығы электрондық ақшаны пайдалана
отырып төлем жасау ақшаны пайдаланбай (қолма-қол не қолма-қол емес), бір тұлға
(төлеуші) басқа тұлғаға электрондық ақшаны - «эмитенттің ақша міндеттемесі бар
ақпаратты» беру арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте төлемді жүзеге асыру кезінде
электрондық ақшаны беру үдерісінің өзі электрондық ақша немесе оларға кіруді қамтамасыз
ететін электрондық тасымалдағыштардың (микропроцессор (чип), бағдарламалық
қамтамасыз ету, компьютердің «жадысы») көмегімен іске асырылады.
Қолданылатын тасымалдауышқа байланысты əлемдік практикада электрондық
ақшаның екі түрі ажыратылып айтылады:
1) карточкалар негізіндегі электрондық ақша (card-based).
Бұл жағдайда электрондық ақша карточкалар (микропроцессорлық карточка)
базасында іске асырылған өнімді білдіреді, яғни «ақша туралы» не иесіне (пайдаланушыға)
қол жетімді ақша құны туралы ақпарат карточкаға орнатылған микропроцессорлық чипте
сақталады жəне құны, əдетте, карточка санау құрылғысына енгізілген кезде беріледі.
Карточка негізіндегі электрондық ақша санатына əлемнің əртүрлі елдерінде құрылған
GeldCarte (Германия), Proton (Бельгия), Chip knip (Нидерланд), Avant (Финляндия), Cash Card
(Швеция), Quick (Астрия), FUNCHIP (Чехия), MiniCASH (Люксембург), MiniPay (Италия),
Meps Cash (Малайзия), eNETS (Сингапур), Mondex (MasterCard) жəне VISA CASH (VISA)
сияқты жүйелеріне жатқызылады.
2) желілер базасындағы немесе «желілік ақша» деп аталатын электрондық ақша
(network-based).
«Электрондық ақшаның» бұл түрі ақша құнын электрондық сақтау жəне
телекоммуникациялық желі (Интернет) арқылы электрондық ақшаны (эмитенттің
электрондық міндеттемелерін) беруді жүзеге асыру үшін компьютерде орнатылған
(компьютердің қатты дискі) арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланатын желілік
өнімді білдіреді.
Желілер базасындағы электрондық ақшаға мынадай электрондық ақша жүйелерін
жатқызуға болады - Paypal (АҚШ), E-Cold (Канада, АҚШ), E-dinar (Малайзия), WebMoney
(Ресей), ЯndexДеньги (Ресей), E-port (Ресей), PayCash (Ресей), Rapida (Ресей).
Қазіргі кезде қолданылып жүрген электрондық ақша жүйелерінің көпшілігі үшін
электрондық ақшаның бір жүйе шеңберінде айналымының тұйық сипаты, сондай-ақ оларды
бір рет қана пайдалану мүмкіндігі тəн – яғни тауарларына немесе қызметіне электрондық
ақшамен ақы төленген тұлға (сатушы), оны өзі қайтадан пайдалана алмайды жəне де бұл ал
электрондық ақшаны оны шығарған тұлғадан нақты ақшаға аударуы тиіс (яғни оларды
айырбастауы тиіс).
Толық ұғым болуы үшін электрондық ақшаны шығару жəне пайдалану тетігінің өзін
практикалық мысалда қарастырып көрейік (1 жəне 2-суреттер).
Электрондық ақшаны сатып алу үшін, клиент (жеке тұлға) Эмитентке ақша жарнасын
қолма-қол ақша жарнасы не қолма-қол жасалмайтын жарнамен жүзеге асырады (1). Осыдан
кейін, Эмитент электрондық əмиян деп аталатынға
1
нақты ақшаны емес, клиенттен алынған
1
мұнда «электрондық əмиян» дегенді микропроцессорлық (чиптік) карточка, сондай-ақ нақты иеленушінің
электрондық ақшасын есепке алуға жəне сақтауға арналған электрондық ақша жүйесінде ашылатын
«виртуалды» шот деп түсіну қажет
ақшаның балама электрондық құнын орналастырады (2). Өзгеше айтқанда, электрондық
əмиянға клиент жүргізе алатын операциялар шегінде клиент енгізген ақша құны туралы
ақпарат (жазба) енгізіледі. Бұл үдеріс электрондық ақшаны шығару дегенді білдіреді. Бұл
ретте электрондық ақшаны сатып алу үшін клиент енгізген ақша банктік өзінде немесе осы
электрондық ақшаны шығарған эмитенттің банк шотында қалғанын атап айтқан жөн.
Электрондық əмиян толықтырылған сəттен бастап оның иесі (немесе əмиянға кіруге
рұқсаты бар кез келген басқа тұлға) осы электрондық əмияндағы электрондық ақшаны
басқара алады. Тауарға немесе қызметке ақы төлеу кезінде сатып алушының электрондық
əмиянынан электрондық ақша алынады жəне Сатушының электрондық əмиянына
аударылады (3).
1-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: |