An introduction to educational research methods. Введение в образовательные исследовательские методы Білім беру-зерттеу әдістеріне кіріспе



Pdf көрінісі
бет13/85
Дата06.03.2017
өлшемі32,4 Mb.
#8078
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85

 Іздеу параметрлерін енгізу 

Өз дереккөздерін белгілей келе, уақыт шектері, географиялық қамту, жас ерекшелік 

тобы, әдебиеттер түрлері мен жарияланым күні сияқты іздеу параметрлерін анықтап 

алу қажет. 



Сіздің зерттеу жұмысыңыздың уақыттық шектеулері қандай? 

Әдетте сіздің дереккөздеріңіз жаңа болуы тиіс және егер сіздің дереккөздеріңіздің 

көпшілігі 10-15 жылдан астам болса, онда түсіндіру қажет. Сіз, әрине, ескі ойлар мен 

теорияларды таңдауыңыз мүмкін және бұл жағдайда неліктен екенін түсіндіруге 

дайын болыңыз. Зерттеушілер әдетте мейлінше ескі дереккөздерді пайдаланады, 

егер бұл дереккөздер «классикалық» жұмыстар болса немесе олар салыстыру үшін 

бағдар беруші болған жағдайда. Мәселен, сіз маңызды заңды қабылдағаннан кейін 

жарияланған әдебиетке шолу жасағыңыз келеді. 



Сіздің зерттеу жұмысыңыздың географиялық қамтуы қандай? 

Ең алдымен, сіз Ұлыбританияда орындалған жұмысқа назарыңызды аударасыз, алайда 

ағылшын тілінде орындалған зерттеу жұмысына шолу жасаудағы шектеу біржақты 

дереккөз болып есептеледі, сондықтан бұл сіздің іздеу стратегияңызда нақты 

көрсетілген болуы тиіс. 


Reviewing The Literature And Writing A Literature Review

108


2.1 тапсырма. 

Өзіндік іздеу стратегиясын түзу 

Іздеуді бастамас бұрын, ең үздік кілт сөздер мен іздеу параметрлері 

туралы ойлану үшін біраз уақыт жұмсау қажет. Ол үшін келесі сұрақтарға 

жауап беріп алайық: 

1. Сіздің зерттеу жұмысыңыздың нысаны қандай? Зерттеу нысанының 

барлық түрлі бөлшектерін белгілеп алып, оны құрамдас бөлшектерге 

бөліңіз. 

2. Іздеу барысында кілт сөздер ретінде пайдалануға болатын осы түрлі 

бөлшектерді сипаттайтын кілт сөздер мен тіркестердің тізімін жасаңыз. 

3. Осы концепциялардың әрқайсысын сипаттайтын ұқсас сөздер бар ма? 

4. Сіздің іздеуіңізді шектеуге мүмкіндік беретін мейлінше нақты кілт сөздер 

бар ма? 

5. Іздеуді жүзеге асыру үшін осы кілт сөздерді біріктіруге болады ма? 

Мәселен, «Жыныс ПЕН Ғылым» екі бірдей сөзді қамтитын нәтижелерді 

береді. «Жыныс НЕМЕСЕ Ғылым» немесе «жыныс» немесе «ғылым» деген 

сөздерді қамтитын нәтижелерді береді. Іздеу жүйелерінен ЖӘНЕ және 

НЕМЕСЕ операторын бас әріптермен теріңіз. 

6. Қажетті ақпаратты табу үшін түрлі кілт сөздерді пайдаланып көріңіз. 

Сіз сынақтан өткізгелі отырған топтың жас ерекшелігі немесе білім деңгейі 

қандай? 

Егер сіздің зерттеуіңіз бір білім деңгейімен шектелетін болса, онда бұл сізге іздеу 

нәтижелерін қысқартуға көмек береді.   

Қандай түрдегі әдебиеттер сіздің назарыңызды қамтитын болады? 

Іздеу барысын тек жарияланған жұмыстармен ғана шектеп немесе сонымен бірге 

жарияланбаған диссертацияларды, газет мақалаларын, мақалаларды және ағымдағы 

зерттеулерді пайдаланатыныңызға қатысты шешім қабылдаңыз. Шолуға түрлі әдебиет 

түрлерін қамту түрлі пікірлерді бейнелеуге мүмкіндік береді, алайда оларды шектеу 

сіздің іздеу ауқымыңызды тарылтып, оны мейлінше шоғырландырады. 



Жарияланған мета-талдаушы әдебиеттерге шолу

1993 жылдан бастап саясат пен тәжірибе саласындағы дәлелдемелік орталығының 

ақпараттық-үйлестіру орталығы (EPPI-Centre), білім беру институты, Лондон 

университеті, мектептегі білім беру салаларының қатарында жүйелі шолуларды 

үйлестіреді. Ұлыбританияның университеттік факультеттеріндегі инспекциялық 

топтар нақты ғылым тақырыптарына қатысты әдебиеттерге ауқымды іздеу жүргізеді 



Reviewing The Literature And Writing A Literature Review

109


2.1 қорапша. EPPI R (есеп) пен T (техникалық есеп) шолу

Higgins, S., Baumfield, V. and Hall, E. (2007) ‘Learning skills and the development 

of learning capabilities’, in Research Evidence in Education Library. London: EPPI-

Centre, Social Science Research Unit, Institute of Education, University of 

London.

Біз нені білгіміз келеді?

Оқушылардың бойында қажетті дағдыларды оқыту үшін қандай оқыту 

әдістері оқушылардың оқу көрсеткіштерін жетілдіруді көрсетеді? 

Кім білгісі келеді және неліктен білгісі келеді? 

Осы шолудың негізгі мақсаты ағымдағы саяси бастамаларды қолдау болды: 

атап айтқанда, оқушылардың белсенді қатысуы және өзінің жеке табысын 

бақылауда алу мүмкіндігі мен есепке алу дағдыларына шоғырланған 

қабілетті дамыту кезінде оқыту мен оқу стратегияларын анықтау есебінен 

жекешеленген оқуды дамытуды қолдау. Екінші міндет қандай оқыту 

әдістерінің белгілі бір контекстте іске асатынын ғана емес, сонымен қатар 

неліктен түрлі тәсілдер табысты болып табылатынын оқушыларға түсінуге 

көмек беретін ақпаратты зерттеуден алуға негізделеді. Бұл оқушыларға 

өзіндік жағдай үшін мейлінше тиімді нұсқаны саналы түрде таңдауды 

жасауға көмек бере алады. 

Біз нені таптық? 

Мазмұнға бағытталған оқу дағдыларына апаратын тәсілдер арасында 

қарбаластық бар – белгілі бір дағдыларды меңгеру түрінде және үдеріске 

– оқуға деген тәсілдерді жалпы түсінудегі дағдыларды орналастыру 

түрінде. Жалпы алғанда мазмұнды білуге бағытталған бағалау жағдайында 

көрсеткіштерді жетілдірудің мейлінше тиімді тәсілі тікелей оқыту болып 

табылады. Ұзақ мерзімді перспективада немесе концептуалды түсінікке 

бағытталған бағалау жағдайында мейлінше тиімді метатанымдық немесе 

стратегиялық тәсілдер болады. 

және таңдалған зерттеулер негізінде шынайы мәлімдемелерді анықтаудың нақты 

әдістерін пайдаланады. Бұл желілік қойма сонымен бірге тезаурусқа және іздеу 

мүмкіндігі бар мәліметтер базасына ие. 2.1 қорапша оқу дағдыларына арналған желілік 

мәліметтер базасынан EPPI шолуы туралы қысқаша есепті қамтиды. 


Reviewing The Literature And Writing A Literature Review

110


 

 Әсіресе егер тәсілдер метатанымдық деңгейге бағытталған болса, 

тиімді ретінде есепке алу әдістері мен стратегияларды түсінуді дамытатын 

тәсілдер болып табылады. Шолумен белгіленген осы әдістердің ерекшелігі: 

• пәндік мәнмәтіндегі белгілі бір және жан-жақты стратегияларға 

бағытталған құрылымдалған міндеттер 

• қызмет ету мақсатына қатысты оқушы мен мұғалімнің арасындағы 

мейлінше тиімді алмастыруды сабақтарда қамтамасыз ету қабілеті 

• оқу стратегияларын қолдануды тұжырымдауға әсер ететін кішкене 

топтық өзара әрекеттер 

• құрдастарымен және мұғаліммен оқу мақсаттарын өзара түсінуді 

тексеру үшін оқу тапсырмаларына кіріктірілген механизмдер 

• оқушыда тапсырманың мазмұнымен тікелей байланысты диагностикалық 

ақпаратты алу үшін көбірек мүмкіндіктер пайда болады. 

Біз осы тәсілдердің тиімділігінің қажетті талаптарын белгілей аламыз: 

• Мұғалім пәнді жақсы түсінуі, оқуға деген түрлі тәсілдерді жақсы түсінуі 

және түрлі оқушылардың қажеттіліктеріне құлақ салуы тиіс. 

• Мұғалімдерде оқушыны бағыттау үшін және одан оқу туралы 

ақпарат алуға мүмкіндіктерді кеңейту үшін практикалық саймандар мен 

стратегиялар жинағы болуы тиіс. 

• Мұғалімдер мен оқушылар оқуға бағытталған болуы тиіс, ол белгілі бір 

оқытушылық және оқу қызметінің тағайындалымы мен мақсаты туралы 

диалог пен келіссөздерге кірісу дайындығымен белгіленеді. 

• Оқу талпыныс жасау есебінен, қабілеттерден емес және тиісті 

стратегияларды оқушының таңдауының есебінен нәтижеге қол жеткізуге 

бағытталуы тиіс. 



Осы нәтижелерге қалай қол жеткіздік? 

Электронды мәліметтер базасы мен толық мәтінді жинақтарда біз 1379 

рет сілтемені таптық. Жалпы алғанда 146 есеп алынып, оның 80-і шолуға 

қамту үшін сұрыпталып алынды. Терең шолу жасау 10 зерттеуден алынған 

топшаға түзілді. 


Reviewing The Literature And Writing A Literature Review

111


Әдебиетті ұйымдастыру  

Табылған әдебиетті сақтау  

Сілтемелерді сақтау ұйымдастыру мен талпынысты талап етеді. Сіздің зерттеу 

жұмысыңыздың жобасының басынан бастап сізге табылған дереккөздерді қадағалап, 

каталогтауға көмек беретін жүйені түзу ұсынылады. Әдебиетті сақтау мен кейіннен 

табу үдерістің барлық кезеңдерінде жүзеге асады. Сіз пайдаланатын жүйе сіздің 

жеке таңдауыңызға байланысты болады. Бұрын зерттеушілер қолмен жазылған 

картотекаларды пайдаланған, алайда кейіннен библиографиялық бағдарламалар 

қол жетімді болды. Сатып алуға болатын кеңінен қолданылатын коммерциялық 

бағдарламалар бар. EndNote® бағдарламасы университет факультеттерінде кеңінен 

қолданылып, сізге сілтемелерді ұйымдастыруға, сақтауға және табуға және ғылыми 

әдебиеттен алуға мүмкіндік беретін күшті мәліметтер базасы болып табылады. Ол 

сізге мақала немесе диссертация жазған кезде уақытты үнемдеуге көмек береді, 

сонымен бірге EndNote форматынан тікелей Word құжатына сілтемелерді енгізуге 

және барлық сілтемелерді жазып алу қажеттілігінсіз әдебиеттер тізімін түзуге 

мүмкіндік береді. Оны сонымен қатар желілік библиографиялық мәліметтер базасынан 

немесе кітапханалық каталогтардан тікелей сілтемелерге қол жеткізу, іздеу мен тиеу 

үшін пайдалануға болады. 

 

Ақысыз Zotero желілік бағдарламасы сонымен бірге библиографиялық 



ақпаратты, ескертулер мен қосымша ретінде ұсынылып отырған электронды 

құжаттарды немесе экрандағы суреттерді сақтауға арналған және сілтемелер мен 

үзінділер сияқты мақалаларға арналған ақпаратты қамти алғанда, танымал академиялық 

мәліметтер базасымен ықпалдасады. 

 

 BEI, AEI және ERIC сияқты ірі мәліметтер базасы өте пайдалы болуы мүмкін 



осы коммерциялық бағдарламаларға іздеу нәтижелерін сақтау мен табыстаудың түрлі 

нұсқаларын ұсынады. Іздеу нәтижелерін қадағалап, орындалған іздеу мен табылған 

әдебиетті есепке ала алатыныңызға көз жеткізіңіз. Әрбір жекелеген мәліметтер 

базасы үшін пайдаланылған іздеу критерийлері мен терминдер жинақтамаларын 

құжаттандыруға болады, өйткені кейіннен олар қажет болуы мүмкін. Одан бөлек, егер 

сіз бір мәліметтер базасында орындалған іздеу үдерісін басқа базада орындағыңыз 

келсе, бұл пайдалы болады. Сәйкесінше, өз нәтижелеріңізді түзу кезінде сіз өз іздеу 

үдерісіңіздің жүйелілігі мен мұқияттылығын көрсете аласыз.

 

Сонымен қатар тиісті кітаптардың көшірмелерін сақтап, тігіп отырыңыз және, ең 



алдымен, сілтемелерді рәсімдеудің ұсынылған мәнерін анықтап алып, оны басынан 

бастап пайдаланыңыз. 



Оқудан тыс сақтау  

Сіз маңызды болып табылатын көптеген деректерді табасыз және кейіннен қайта 

оқып шығу үшін оларды шетке ысырып қою ниеті пайда болады. Алайда бүкіл өткен 

материалды оқу қиын әрі қол жетпейтін тапсырма болуы мүмкін, сондықтан мен 

сілтемелерді оларды табу реті бойынша сұрыптап қоюды ұсынар едім. 

 


Reviewing The Literature And Writing A Literature Review

112


2.2 қорапша. Ғылыми журналдағы мақалалар құрылымы

Ғылыми  журналдардағы  рецензияланатын  мақалалардың  дәл  құрылымы 

автормен  және  белгілі  бір  журналмен  анықталғанымен,  тәжірибелік 

нәтижелерді хабарлайтын көптеген мақалалар келесі құрылымды ұстанады: 

1 Кіріспе/бастапқы ақпарат: зерттеу жұмысының контекстін сипаттау, осы 

саладағы тиісті әдебиеттер мен басқа да зерттеулерге шолу жасау және 

бұрын зерттелмеген кейбір саланы белгілеу.

2  Мақсаты:  мақалада  қарастырылатын  негізгі  зерттеу  мақсаттары/

міндеттері, ненің зерттелгеніне сипаттама жасау. Бұл кейбір мәлімдемеге 

ие тапсырманы қою түрінде болуы мүмкін, алайда үнемі мұндай емес. 

3  Бағдарламаның  сипаттамасы:  бағдарламаның  немесе  жүргізілетін 

эксперименттің қысқаша сипаттамасы (егер болса). 

4  Таңдау: таңдау сипаттамасы, оның ішінде қатысушылар саны, географиялық 

орналасуы/жағдайдың  түрі,  жасы  мен  білім  беру  деңгейін  және  басқа  да 

зерттеу  бойынша  демографиялық  білім  (мәселен.,  жынысы,  қабілеттері/ 

жетістіктері, этникалық тиесілігі, белгілі бір білім беру талаптары). 

5  Жоба және әдістер: зерттеу жобасы мен әдістері, оның ішінде мәліметтерді 

жинау күндері, таңдау әдісі, мәліметтерді жинау мен талдау әдісі.

6  Нәтижелер:  зерттеу  мақсаттары  мен  міндеттеріне  қатысты  негізгі 

нәтижелер. 

Тиімді оқу әдістерін жасауға тырысыңыз – бұл дегеніміз мақалаларға қатысты емес 

жайттарды оқу үшін уақыт өткізбестен өзінің құнды уақытын тиімді пайдалануды 

білдіреді. Одан бөлек, тиімді оқыту әдістерін жасауға тырысыңыз, яғни сіз кейіннен 

таңдалған мақалаларды оқу үшін уақыт бөлген кезіңізде, сіз өзіңіздің не оқып 

жатқаныңызды түсіне аласыз. 

Тиімді оқу

Аңдатпаны оқу

Ең алдымен, аңдатпаны мұқият оқып шығу қажет. Егер реферат дұрыс құрастырылған 

болса, онда бұл жағдай сізге бүкіл мақаланы оқып шығуға тұрарлық екендігін 

түсінуге мүмкіндік береді. Аңдатпаларды оқу мен қажет емес жұмыстарды сұрыптау 

оқылуы немесе сақталуы қажет материалды өзіңіздің библиографиялық мәліметтер 

базаңыздағы мақалалар санын қысқартуға мүмкіндік береді. 

 

Алайда аңдатпа тым ақпаратты болады, сондықтан бұл жағдайда кіріспені, 



негізгі тұжырымдар немесе қорытындыны оқып шығуға тырысыңыз. Бұл тараулар 

бүкіл мақаланы оқып шығудың қажеттігін шешу үшін жеткілікті ақпарат береді. 2.2 

қорапша тәжірибелі зерттеулер туралы көптеген мақалалардың негізгі құрылымының 

қарапайым сипаттамасын қамтиды. 



Reviewing The Literature And Writing A Literature Review

113


Мұқият зерттеу үшін мақалаларды таңдау

Газетті немесе романды оқығандай етіп академиялық ғылыми журналдағы мақаланы 

оқуға тырыспаңыз. Егер жай ғана басынан бастап, содан кейін соңына дейін оқысаңыз, 

мұның пайдасы болмайды және бұл ойлардың сіз үшін тым күрделі екендігі туралы 

бұрыс пікір қалыптасуы мүмкін. Академиялық мақалалардың көпшілігін бір оқығаннан 

қамту мүмкін емес және онымен әр түрлі тәсіл арқылы бірнеше рет жұмыс жасау 

талап етілуі мүмкін. 

 

Тез арада мақала жөнінде пікір алу үшін, аңдатпаның, тақырыпшалардың, 



кестелер, сызбалар мен суреттерді әрі қарай конспектілеу үшін құрылымын түсінуге 

тараумен немесе мақаламен танысып шығыңыз. Содан кейін қандай жағдайдың сөз 

болып жатқаны туралы түсіну үшін параграфтың бірінші сөйлемдерін оқып шығыңыз 

да, бірнеше тараулардың ғана қажеттігін немесе мақаланы түгелдей оқып шығу 

қажеттігін шешу үшін материалдың пайдалы немесе қызықты екендігін анықтап алған 

дұрыс. 


Тиімді оқу

Тез оқу  -  шолу жасап танысып шығу мақсатында оқу үшін жақсы, алайда бұл оқу түрі 

ойланып, талдау жасап оқуға сәйкес келмейді. Көбірек оқыған сайын, бұл автордың 

сөздік қорымен, академиялық тілімен және теориялар мен ойлар туралы оқумен 

танысу реті бойынша жүзеге асатын болады.

Дегенмен, егер сіз алдыңғы тарауда келтірілген белгілі бір кеңеске сүйенетін болсаңыз 

да, сізге бұрынғыша көптеген мақалаларды оқып шығуға тура келеді, сондықтан оларды 

оқудың жүйелі стратегиясын құру ұсынылады.

1. 

Мақалаларды санаттары бойынша сұрыптау – сіздің зерттеу бағытыңыз немесе 



сұрағыңыз бойынша мақалаларды сұрыптап алу болып табылады. Немесе оларды 

маңыздылық реті бойынша немесе әрбір топты жеке белгілеп шығуға болады. 

2. 

Конспектілеу – оқу барысында конспект жасау үшін мақалаларды оқуды 



бастамас бұрын кесте түзіп алыңыз. 2.3 суретте осы тараудың басында Аткинсон 

ұсынған әдебиеттік шолуда қолданылған осындай үлгі көрсетіліп өткен. Жазбаларға 

кейіннен қайта оралуға мүмкіндік болу үшін оқу барысында пайдалану үшін кестені 

түзу басталғанға дейін уақыт жұмсауға болады. Әрі қарай қолдануды жоспарлап 

отырсаңыз, қажетті сілтемелер немесе үзінділерді жазып отырыңыз. Сіздің әдебиеттік 

шолуыңыз бөгде біреулердің ойларының жинағы емес, өз ойларыңыздың көрінісі 

болуы тиіс. Сондықтан өз дереккөздеріңізді меңгеру үшін және оларды өзіңіздің 

ойыңызға біріктіру үшін алдын-ала уақыт бөліп алған дұрыс. 

7 Талдау: зерттеу жүргізу барысында туындаған нәтижелерді түсіндіру мен 

бағалау, алған нәтиженің мәні. 

8 Қорытынды: зерттеудің негізгі қорытындылары, мүмкін қолдану мен әрі 

қарай зерттеу жүргізу қажеттігі. 



Reviewing The Literature And Writing A Literature Review

114


2.3 сурет. Әдебиетке шолу қалпы 

Дереккөз:  Atkinson, M., Springate, I., Johnson, F. and Halsey, K. (2007) Inter-school 

Collaboration: A Literature Review. Slough: NFER.

Аналитикалық оқу

Мақалалар мен кітаптарды оқу барысында белсенді оқу әдістерін пайдаланыңыз. 2.3. 

кестеде келтірілген конспектілеу бойынша ұсынымдарды пайдаланыңыз және Zotero 

бағдарламасына өз сілтемелеріңізді қосыңыз. Сіз жұмысыңызды жазуға кіріскен кезде 

немесе егер сізге қандай да бір үзілістен соң жобамен жұмыс жасауға қайта оралу 

үшін бұл пайдалы болуы керек. Әрбір мақаланы оқу барысында келесі сұрақтарды 

қойыңыз. 

2.3 кесте. Конспектілеуді ұйымдастыру 

Сіздің конспектілеріңіз немесе карточкаларыңыз сіздің тақырыбыңызға ғана 

қатысты ойларды қамтиды және көп жағдайда авторға сілтеме жасамастан көбінесе 

қорытынды жасауы тиіс. Ескертулерге арналған қағаздарға өз ойларыңызды жазып 

қойыңыздар. Кітапқа еш уақытта жазбаңыз. 

   Дегенмен,  егер  сіз  алдыңғы  тарауда  келтірілген  белгілі  бір  кеңеске  сүйенетін  болсаңыз  да,  сізге 

бұрынғыша  көптеген  мақалаларды  оқып  шығуға  тура  келеді,  сондықтан  оларды  оқудың  жүйелі 

стратегиясын құру ұсынылады.  

 

1.  Мақалаларды  санаттары  бойынша  сұрыптау  –  сіздің  зерттеу  бағытыңыз  немесе  сұрағыңыз 



бойынша мақалаларды сұрыптап алу болып табылады. Немесе оларды маңыздылық реті бойынша 

немесе əәрбір топты жеке белгілеп шығуға болады.  

2.  Конспектілеу  –  оқу  барысында  конспект  жасау  үшін  мақалаларды  оқуды  бастамас  бұрын  кесте 

түзіп  алыңыз.  2.3  суретте  осы  тараудың  басында  Аткинсон  ұсынған  əәдебиеттік  шолуда 

қолданылған  осындай  үлгі  көрсетіліп  өткен.  Жазбаларға  кейіннен  қайта  оралуға  мүмкіндік  болу 

үшін  оқу  барысында  пайдалану  үшін  кестені  түзу  басталғанға  дейін  уақыт  жұмсауға  болады.  ƏӘрі 

қарай қолдануды жоспарлап отырсаңыз, қажетті сілтемелер немесе үзінділерді жазып отырыңыз. 

Сіздің əәдебиеттік шолуыңыз бөгде біреулердің ойларының жинағы емес, өз ойларыңыздың көрінісі 

болуы тиіс. Сондықтан өз дереккөздеріңізді меңгеру үшін жəәне оларды өзіңіздің ойыңызға біріктіру 

үшін  алдын-ала  уақыт  бөліп  алған  дұрыс.  Сіздің  конспектілеріңіз  немесе  карточкаларыңыз  сіздің 

тақырыбыңызға  ғана  қатысты  ойларды  қамтиды  жəәне  көп  жағдайда  авторға  сілтеме  жасамастан 

көбінесе  қорытынды  жасауы  тиіс.  Ескертулерге  арналған  қағаздарға  өз  ойларыңызды  жазып 

қойыңыздар. Кітапқа еш уақытта жазбаңыз.  

 

Тақырып:  



Күні: 

Автор(лар): 

 

ДЕРЕККӨЗГЕ ШОЛУ 



ƏӘдебиеттің мақсаты/міндеттері  

Ынтымақтастық түрі, мəәсел., мектептер саны жəәне т.б. 

Ынтымақтастық пен оның барысын/үдерістерін сипаттау  

Мақсаттар/міндеттер/күтілетін нəәтижелер (ынтымақтастық себебі)  

Ынтымақтастыққа əәсер ететін талаптар/факторлар  

Ынтымақтастықты жеңілдететін талаптар/факторлар (үдерісте) 

Үздік тəәжірибе үшін ұсынымдар/негізгі факторлар  

Ынтымақтастыққа кедергі жасайтын талаптар/факторлар  

Қиындықтар/ қорқыныштар 

LA/үкімет/ынтымақтастыққа əәсер ететін басқа ұйымның рөлі 

Ынтымақтастықтан түсетін пайданың дəәлелдемелері  

 

ДЕРЕККӨЗ СИПАТТАМАСЫ 



Бөлімі 

Елі/облысы  

Қатысушылар 

ƏӘдіс(тер)  

Мəәліметтер жинау уақыты мен ұзақтылығы  

Дереккөз/құжат түрі  

Негізгі сілтемелер 

 

ШОЛУШЫНЫҢ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІ 



Келтірілген талдау оңтайлы əәрі дұрыс болды ма?  

Автордың қорытындылары дəәлелдермен расталған ба? 

Қандай да бір білуіміз қажет беталыстар жайында айтылған ба?  

Дереккөздер расталып үш жақты жүзеге асқан ба?  

Шолудың сəәйкестігі (жоғары, орта немесе төмен) 

Шолу күні 



2.3 сурет. ƏӘдебиетке шолу қалпы  

 

Дереккөз: Atkinson, M., Springate, I., Johnson, F. and Halsey, K. (2007) Inter-school Collaboration: A 



Literature Review. Slough: NFER.  

 

 



 

Аналитикалық оқу 

 

 

Мақалалар  мен  кітаптарды  оқу  барысында  белсенді  оқу  əәдістерін  пайдаланыңыз. 2.3. кестеде 



келтірілген  конспектілеу  бойынша  ұсынымдарды  пайдаланыңыз  жəәне  Zotero  бағдарламасына  өз 

сілтемелеріңізді  қосыңыз.  Сіз  жұмысыңызды  жазуға  кіріскен  кезде  немесе  егер  сізге  қандай  да  бір 

үзілістен соң жобамен жұмыс жасауға қайта оралу үшін бұл пайдалы болуы керек. ƏӘрбір мақаланы оқу 

барысында келесі сұрақтарды қойыңыз.  



 

2.3 кесте. Конспектілеуді ұйымдастыру  

 

Сілтеме  



RQ  

Негізгі 

нəәтижелер 

Жоба мен 

əәдістер  

Таңдау 

Үзінділер 

немесе 

сілтемелер  Түсініктемелер  Баға 1–5  

Мəәсел., 

автор, күні, 

тақырыбы, 

журналы, 

томы, 


шығарылымы, 

беттер  


Сіздің 

зерттеу 


нысаныңызға 

қатысты  

Сіздің 

зерттеу 


нысаныңызға 

қатысты 


Зерттеудің 

қай түрі? Ол 

қалай 

жүргізілді? 



Кім 

қатысты? 

Саны 

қанша? 


Беттердің 

нөмірлері 

Кез келген 

ескертулер 

1 = өте 

маңызды 5 = 

қызықты, бірақ 

маңызды емес 

 

Жұмыстың мақсаты 

 

  • Автор мақаланы неге жазды? 



  • Бұл сіздің зерттеу салаңызбен байланысты ма? Егер байланысты болмаса, əәдебиеттерді шолуға 

қоспаңыз.  

  • Мəәселе немесе сұрақ қаншалықты нақты анықталған?  

  • Жұмыстың маңыздылығы нақты белгіленген бе?  

  • Басқа көзқараспен мəәселеге қатысты мейлінше тиімді əәдісті пайдалануға бола ма? 

 


Reviewing The Literature And Writing A Literature Review

115


Жұмыстың мақсаты

Автор мақаланы неге жазды?

Бұл сіздің зерттеу салаңызбен байланысты ма? Егер байланысты болмаса, 

әдебиеттерді шолуға қоспаңыз. 

Мәселе немесе сұрақ қаншалықты нақты анықталған? 

Жұмыстың маңыздылығы нақты белгіленген бе? 

Басқа көзқараспен мәселеге қатысты мейлінше тиімді әдісті пайдалануға бола ма?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет