Серикова Жанаргул Сериковна ПҚМК А, В,С есептері
«ПШО» ЖҚ филиалы Мұғалім портфолиосы
Талдықорған қаласы
Мектептің педагогикалық қоғамдастығының жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу туралы рефлексивті есеп Бүгінгі күні оқыту сипатына жаңаша қарап, оқушылар өздерінің тану ерекшеліктеріне неғұрлым сәйкес келеді деп есептейтін тиімді оқыту стильдерінің жаңа тұжырымдамалары оқытудың іргетасын қалауға тиіс деген пікір кеңінен таралған. Осы қағидаттарға негізделген оқыту тәсілдері бүгінгі күнгі танымдық және метатанымдық ғылымға сәйкес әзірленген оқыту үдерісінің және білім мен түсінік алудың қазіргі негіздемелерінің нәтижелері мен рөлін неғұрлым нақты көрсетеді». (МАН 100-бет)
Білім алушылар қоғамдастықтары біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін маңызды стратегия деп саналады. (МАН 100-бет)
Педагогикалық қауымдастықтағы мұғалімдер көшбасшылығы курсынан алынған білімді тәжірибеде іске асыру мақсатына мектеп әкімшілігімен келісе отырып, мектеп қажеттіліктерін, соның ішінде оқушының сапалы білім алуы мен өзіндік «менін» қалыптасыруға, танымдық қабілеттерін дамытуға бірден-бір ықпал ететін мүғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту мақсатында мектепте «Бастау» атты педагогикалық қауымдастықтың жұмыс жоспары құрылды.
Көшбасшылық қасиеттерді зерделеу мақсатында жүргізілген зерттеулер көшбасшылардың өздері атқарып отырған істерінің мақсаттарын, сондай-ақ көшбасшылықтың алып отырған орнын және жақсарту үшін нені өзгерту қажеттілігін ұғынудың маңызды екендігіне ерекше көңіл бөледі (Sinek, 2009). МАН 13-бет
Синек Саймонның конустық фигурасына сәйкес қоғамдастық жоспарын құруда төмендегі сұрақтарға алынды.
Қоғамдастық тобына неге осы адамдар тартылды?
Кедергілерге сәйкес іс-шараларды қалай жүзеге асырамын?
Кедергілерді жоюым үшін не істеуім керек?
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде қоғамдастықтың жұмыс жоспарын толықтыру мақсатында мектеп әкімшілігі, мектеп тренерлері және әдістемелік бірлестік жетекшілерімен кеңестім. Қоғамдастық аясындағы шараларды өткізуге пән бірлестігінің жетекшілері (жаратылыстану, ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі, математика, физика, информатика) және мектеп психологтері, мектептің көшбасшы мұғалімдері, 7 сыныптың сынып жетекшілері таңдалып алынды.
Таңдалып алу себебі:
мектептің бастапқы жағдайын зерттеу
пән бірлестіктеріндегі мұғалім қажеттіліктерін анықтау
сыныптағы ахуалды анықтау
қуатты педагогикалық құралдарды тәжірибеде пайдалану (мектеп тренерлері)
Қоғамдастықтың жұмысын жоспарлау барысында мұғалімнің оқу мақсатына сай сабақ мақсаттарын дұрыс құрылуы, сабақтарға қатысу, қысқа мерзімді жоспардың талапқа сай жоспарлануы зерделеніп, кедергілер анықталды. Соның ішіндегі басымдық көрсеткен кедергі «Мұғалімдердің оқу мақсатына сай тапсырмаларды құра алмауы» екендігі анықталды. (мектептегі тәжірибе кезеңінде бұл кедергі сауалнама нәтижесі арқылы нақтыланады деген ойдамын)
Табысты оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады. МАН 9 бет.
Сапалы құрылған сабақ жоспары табысты және тиімді оқытудың көзі деп қарастырсақ, мұғалім бойында Шульманның «үш көмекшісі» деп атаған қасиеттер болған жағдайда оқыту табысты болар еді. Кедергілерді ескере отырып, қоғамдастықтың басым міндеттерінің бірі ол мұғалім тәжірибесіне өзгеріс енгізу, қуатты педагогикалық құралдарды тәжірибеде қолдану болып табылады.
Мектеп тәжірибесі кезеңінің 1 аптасында «Топтық жұмыстар арқылы көшбасшыларды анықтау» тақырыбында мектеп тәжірибесінде көшбасшыларды кәсіби қоғамдастық қызметіне қатыстыру арқылы болашақ көшбасшыларды дайындау. Осы шара өткізілген соң анықталған көшбасшылар өз ортасындағы мұғалімдерден қажеттіліктерін анықтау бойынша сауалнама алады. Жиналған деректер топта талқыланып нақты кедергілер анықталады.
Мұғалімдердің қажеттіліктеріне сай бірнеше іс-шаралар жоспарланып отыр, атап айтқанда «Оқыту мен оқу үдерісін тиімді жоспарлау» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында
Сіздің мақсатыңыз оқыту нәтижесін анықтай ма?
Ол сізге мұғалім ретінде оқушылардың сабақ соңында бір нәрсені меңгергендігін анықтауға көмектесе ме?
Сіз сабақтың нәтижесін «көріп», «тыңдап» немесе «оқып шыға» аласыз ба? деген сұрақтарға жауап алу мақсатында «Мінсіз ҚМЖ» әдісі бойынша ҚМЖ құру алгоритімі құрылады, оқыту мен оқу үдерісін тиімді жоспарлау әдістері ұсынылады және осы ҚМЖ алгоритмі бойынша «Қара жәшік» ішіндегі сұрақтар бойынша кері байланыс алынады.
Мектептегі тәжірибе кезеңінің 2-аптасында бөлінген көшбасшы топтарында өткізілген іс-шаралардың оқу процесінде іске асырылуы зерделенеді. Шағын топтарда қысқа мерзімді жоспарын бағалауға арналған чек лист бойынша бағаланып кәсіби әңгіме жүргізіледі, және қосымша кедергілер бойынша арнайы деректер жинақталады. Кәсіби әңгіме барысында туындайтын қосымша болжамды кедергілер: қалыптастырушы бағалаудың объективті болмауы, метатану үдерісі, бағалау нәтижелерін ескере отырып оқытуды түрлендіру, оқушының сындарлы ойлауына бағытталған ашық сұрақтар.
Осы аталған болжамды кедергілерді ескере отырып 3 аптаның 1 күнінде «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс тақырыбында шебер-сынып өткізу жоспарланып отыр. Шебер-сыныпта «Қара жәшік ішіндегі жұмыс» ресурсы бойынша теориялық білім «Мозайка әдісі» арқылы топтарда талданады. Осы топтық жұмыстың ұйымдастырылуы төмендегі критерийлер бойынша бағаланады:
бақылау мен қарым-қатынас дағдылары;
топ мүшелерінің белсенділігі;
топ мүшелерінің бір-біріне қолдау көрсетуі;
Спикер жұмысына бағалау критерийі:
Берілген мәліметті интерпретация жасауы
Мәліметтің түсінікті жеткізілуі
Шебер-сыныптың мақсаты мұғалімдерді теориялық біліммен таныстыра отырып, топтық жұмыстың ұйымдастырудың «Мозайка» әдісімен танысады және өзара бағалау, топты критерий арқылы бағалау әдістері, шебер-сынып барысында әлеуметтік өзара серіктестік іске асырылады.
Тізбектелген сабақтарда өзін-өзі бағалау мен өзара бағалауды іске асырылуы бойынша топ мүшелері сабақтарға қатысады. Осы сабақта қалыптастырушы бағалаудың дескрипторлар арқылы бағалануы іске асырылады, бағалау критерийіне сәйкес оқушылардың кері байланысы «Жапондық бағалау» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Бағалау процесінде оқушылардың өз ойларын еркін айтуына баса назар үшін қосымша сөйлем шаблондары қолданылады. Сабаққа қатысушы топ мүшелері құрылымдалған және құрылымдалмаған сабақты бағалау парағы арқылы сабақтың өтілу барысын бақылайды, сабақ аяқталған соң топта сабақты талдау (мұғалімнің сабақ талдауы, топ мүшелерінің пікірі) жүзеге асырылады. Осы тізбектелген сабақ барысында бағлау әдістерімен бірге топ мүшелеріне мұғалімнің сабақ талдауы мен құрылымдалған және құрылымдалмаған сабақтарды бақылау әдістері бойынша қосымша сұхбат өткізіледі. 4 аптада «Оқыту мен оқуда АКТ-ны тиімді пайдалану» тақырыбында өтетін шебер сыныпта қосымша сабақты құрылымдалған бақылау арқылы қалай жүргізуге болатындығын Не үшін? Қалай? Не? деген сұрақтар жауап ретінде критерий құрады және 5-6 аптада іс тәжірибе алмасу кезеңінде дерек ретінде құрылымдалған бақылау парақтары арқылы сабақты талдау қалай жүзеге асырылғандығы топта талданады.
Қоғамдастық аясында атқарылатын іс-шаралар бойынша 5-6 аптасында жоспарланған іс шаралардың тиімділігін анықтау мақсатында сабақтарға қатысамын, қажеттілік анықталса қолдау көрсетемін. Аналитикалық талдау барысында әрбір өткізілген іс шара бойынша әріптестерімнің кері байланысын ескеремін және өз жұмысыма толық рефлексия жасалынады. «Мектептегі тәжірибе кезеңіне дейін» және «Мектептегі тәжірибе кезеңінен кейін» мұғалім тәжірибесіндегі өзгеріс бойынша сауалнама алынып, нәтижесі талданады. Қоғамдастық аясында жүргізілген шаралардың тиімді және толықтыруды қажет ететін тұстары туралы топ мүшелерімен кәсіби сұхбат жүргізіліп, мектептегі кәсіби қоғамдастық жұмысы туралы кері байланыстар Padlet тақтасына жинақталады.