Сұлтанәлі аға, осыдан біраз жыл бұрын
жарық көрген бір шығармаңызда: «Өткен
ғасыр қазақ халқы үшін қасіреті мол ғасыр
болды», – депсіз. Неліктен?
– Кез келген халықтың тағдырында ұмытыл-
майтын қайғылы кезеңдері болады. Ол қазақ
халқы үшін өткен – ХХ ғасыр. Осында қырылған
кім? – Қазақ. Озбырлық пен әділетсіздіктің
құрбаны болған кім? – Қазақ. Асылған, атылған,
айдалған кім? – Қазақ. Басқа халықтар аман-
есен, өсіп-өніп жатқанда қазаққа зауал қайдан
келді? Осыны зерттеп, зерделеп айтар болсақ: бұл
нәубеттің барлығы қолдан ұйымдастырылған,
қазақты ұлт ретінде жойып жіберудің жоспарлы
түрде іске асқандығы.
Бұған Сталиннің сіңірген үлесі көп. Отызын-
шы жылдардың аяғындағы репрессия кезінде
анық аңғарылып тұрды. Қазақстанға өзінің туған
бажасы, НКВД-ның ең қатыгез жендеті Реденсті
жіберіп, нәтижесінде қазақтарды қырып-жою
науқаны көрші республикалардан асып кетті.
Ақыры не болды? Қазақ халқы бұрын-соңды
болмаған рухани азғындауға ұшырады. Бүтін
ұлттың жартысы ана тілінен ажырады. Тіпті
осылай кете берсек, ұлт ретінде жойылып кету
қаупі бар. Осы шындықты мойындайтын кез
жетті деп ойлаймын. Өйткені бүгінгі қоғам
адамның қай ұлтқа жататынын тек төлқұжатына
қарап ажырататын болды. Мен негізі осы туралы
жазған болатынмын.
– Төлқұжатына қарап ұлтын ажырату
қате ме сонда?
Кез келген адамның қай ұлтқа жататынын
анықтайтын құрал – оның ана тілі болуы ке-
рек. Қазақша бір ауыз сөз білмейтін, ұлтының
мәдениетінен, салт-дәстүрінен мақұрым, киген
киімі, ішкен тамағынан тартып, тұрмысы, психо-
логиясы, түсінігі, дүниетанымы, орыстанып кет-
кен адам өзін қалайша қазақпын деп есептейді?
Осыған байланысты қазақ ұлтының өкілі болу
үшін қандай алғышарттар қажет, осыны халыққа
түсіндіре отырып нақтылап алуымыз керек.
– Бұл пікіріңіз біздің зайырлы қоғам үшін
жат емес пе?
– Егер осыны осы бастан бір жағына шығарып
алмасақ, ащы шындықтың басын ашып алмасақ,
қай тілде сөйлесе де, бәрібір, тек түрі қазаққа
ұқсағанды «қазақ» деп танысақ, біз ұлт ретінде
ұзаққа бармаймыз. Көп қазақтың өз тегіне де-
ген мәңгүрттік көзқарасы ешқашан өзгермейді.
Нәтижесінде түрі қазаққа жақын, тілі орысша
жаңадан бір халық пайда болады.
– Мұндайда келеңсіз құбылысты қоғам
немесе билік байқамай қалды делік. Ұлт тың
ТІЛІ БУДАН ҰРПАҚ
ҰЛТ ҮШІН ӨТЕ ҚАУІПТІ
Сұлтанәлі
БАЛҒАБАЕВ
жазушы, драматург
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
95
зиялы қауымы, көсемі дей тін дер болушы еді
ғой, олар неге үнсіз?
– Кез келген халықтың дамуына ұлт
зиялыларының тигізетін пайдасы үлкен. Олар
халқына төніп келе жатқан қауіпті алдынала
сезіп, дабыл қағып, шырылдап дұрыс жолды
нұсқауы керек. Өкінішке қарай, біздің зия-
лы қауым дәрменсіз. Кім көрінгенге тәуелді.
Қайта бізге қарағанда сонау отызыншы жыл-
дары айтарын айтып, құрбан болып кет-
кен ұрпақ бақытты. Осылардың жазып-сы-
зып кеткен дүниелерін оқып отырсаңыз,
сол заманда-ақ шырылдаған, осындай күйге
тап боларымызды сол кезде-ақ білген.
Бүгін гі зиялыларды көшбасшылық қабілеттен
айыр ған, саясаттың қол баласына айналдырып
жіберген дерт – атақ және қызмет құмарлық.
Көбіміз: «атақтан құр қалдық, кітабымыз дың
тиражы аз, орден таға алмай қалдық, кітап-
тарымызды ешкім оқымайды», – дегенде дау-
ысымыз қаттырақ естіледі. Бүйтіп зарла ғанша
жазғандарымызды оқитын ұрпақ тәрбиелеуге
атсалысуымыз керек еді ғой.
– Қайраткер ағаларымыз: «Халыққа
біз сияқты қызмет еткен ешкім жоқ», – деп
естеліктер жазып жатыр ғой?
– Міне, осындай теріс түсініктер терең
қанат жаймас үшін «халыққа қызмет етудің»
мән-мағынасын ашып алуымыз керек. Сон-
дық тан халқына қызмет етушілерге арнап: «Сіз
халқыңыздың рухани дағдарыстан шығуы-
на қандай көмек жасадыңыз?! Ана тілін
қорғауда не бітірдіңіз? Қазақша қанша мек-
теп аштыңыз?! Шетелдегі тоз-тоз болып кет-
кен қанша қазақты көшіріп алдыңыз»! – деген
сияқты сұрақтар қойылуы керек. Осы мәселеге
келгенде көбінің жер шұқып қалары анық.
Тек өзінің қарақан басының қамы, бала-
шағасының жағдайы үшін «қайраткер» болып
көрінетін алдамшы көрініс алысқа апармай-
ды. Нағыз жанкештілікпен адал қызмет еткен
тұлғаларын халық та ұмытпайды.
– Осы қайраткер зиялы ағаларымыздың
көбінің балалары ана тілін білмейтін сияқты.
Сөйте тұра өздері…
– Ар жағын айтпай тұра тұр. Оны бәрі біледі.
Дәл қазір байырғы ұлттық қалпымызға келетін
зор мүмкіндік туып тұр. Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы барлық мүмкіндіктерге жол ашып қой-
ды. Соған қарамастан, мәңгүрттік түсініктен
танбай отырмыз. Сенің мына сұрағыңа байла-
нысты бір мысал айтайын. Мен жасы жетпістен
асып бара жатқан бір зиялы ақсақалды білемін.
Дербес зейнеткер, оқыған-тоқыған адам. Әйтсе
де өзінің балалары, немерелерінің біреуі бір сөз
қазақша білмейді. Ұлттық сана, дәстүр деген-
дерден жұрдай. Ертең ақсақалдың көзі жұмылар
болса, артында қазақтың иісі де қалмайды.
Осы лай сан ғасырлар бойы жалғасып келе
жатқан бір әулеттің ұлттық қасиеті өшті. Осыны
әлгі ақсақалдың мүлдем ойламайтыны мені таң
қалдырды. Өзінің, ұрпағының құрдымға кетіп бара
жатқанын сезіне алмау – жақсы нышан емес.
– Сіздің пайымыңыз бойынш, ұлтты
сақтап қалатын дүние «тіл» болғаны ма?
– Өзінің ұлттық ерекшелігін сақтап, туған
тілін қадір тұтып, туған жерін сүйіп отырған
жұртқа сырттан келіп ешкім тиіспейді. Өйткені
онда тіл тұтастығы бар. Ал, керісінше, ұлттық
қасиетінен айырылып, ассимиляцияға ұшырап,
орыстанып кетсек, сырттан қарағандарға
Ресейдің бір бөлігі сияқты көрінеміз. Содан кейін
«Ресейге қосылу керек», – дейтін дәлел күшейе
түседі. Ондай пікірлер көрші елдің тәуелсіз
баспасөздерінде ара-тұра болса да, қылаң беріп жүр.
Бұл – тегін емес. «Рускоязычное населениенің» от-
арына қосылып кеткен қандастарымыздың өзі-ақ
бір күні осы мәселені бықсытуы әбден мүмкін.
Осының барлығы, айналып келгенде, тіл мәселе-
сінің қаншалықты күрделі екенін көрсетіп тұр.
– Сонда не істеуіміз керек?
– Сол себепті үкіметіміз солтүстік облыс-
тарда қазақ тілін жандандыруды еліміздің
болашақ тағдырына қатысты мәселе деп қарап,
айрықша көңіл бөлуі керек. Және осыған тез
арада, жедел түрде кіріскені жөн. Дәл бүгінгі
жартылай қазақша, жартылай орысша сөйлейтін
трагикомедиялық жағдай өзгермей тұрғанда
қаншама дабырайтқанымызбен тәуелсіздіктің
де, бостандықтың да ауылы алыс. Өзінің тілінен
ажыраған адамға ұлттық бостандықтың құны –
бес тиын. Ондай адам бұрынғы отаршылық күнін
аңсайды. Міне, тәуелсіздіктің қас жауы – осы-
лар. Біз биік мінберлерден анда-санда: «Қазақ
болайық!», «Қазақ тілінің мерейін өсірейік!»
деп айғайлап қойып, бала-шағаларымызды
бұрынғыдай орыс мектептеріне тоғыта берсек,
қайтіп қазақ болмақпыз? Сөзіміз бөлек, ісіміз
одан да бөлек.
– Тілді дамытуға тиіс мемлекеттік меке-
мелер, қоғамдық ұйымдар толып жатыр.
Осылардың ештеңеге шамасы келмей ме?
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
96
– Осы сіз айтып отырған мекемелердің
ісіне қарап отырсаңыз, көбінің айтатын өзекті
мәселелері – көшенің, елді мекендердің атын
өзгерту, терминдерді түзеу, әртүрлі басылым-
дар шығару. Әрине, бұл – жақсы. Тигізетін
көмегі де зор. Бірақ мұның барлығы – бірінші
мәселе емес. Қаланың, көшенің атауларын
сәл кешіктіре тұрсақ, ұтыла қоймаймыз. Ал
ұрпағымызды қазақша оқыта алмасақ, нағыз
сорлағанды сонда көреміз. Сол себепті ең
бірінші мәселе ретінде – Ана тілі тұруы тиіс.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында фами-
лия өзгерту деген науқан болды. Сан құбылып,
қоғамдық пікір дәрежесіне көтерілді. Кәне,
фамилия өзгергеннен түгелдей қазақ болып
кеткеніміз? – Бос сөз, есіл уақыт текке өтіп
кеткен. Бүгін бала қазақша оқып, қазақша
білім алмаса, ертең мың жерден қайырсаң да
кеш. Өліп кетсе де, үйіріне қайта қосылмайды.
Өкінішке қарай, біздің тәуелсіздіктің алғашқы
жылдарында оянған ұлтжанды сезіміміз он
жылға жетпеді. Қайтадан суалып, өшіп бара-
мыз. Соңғы жылдары қазақ мектебінде оқып
жүрген баласын орыс мектебіне ауыстыру да
көбейді. Оны әр адамның заң алдындағы құқы
деп қарап отырмыз. Сенбесеңіз, қаладағы орыс
мектептеріне барып көріңіз – кез келген сы-
ныптан бұрын бірнеше жыл қазақша оқыған,
оны тастап орысшаға ауысқан қаракөз ұл-
қыздарды кездестіресіз. Тіпті бірінші сынып-
ты қазақша оқыған, одан үмітін үзіп, қайтадан
орысша бірінші сыныпта отырған балалар бар.
Ашығын айтқанда, қазақ тіліне деген қарқынды
жұмыс азайған, көтерген ұран қожыраған,
жігер жасыған кепке түстік. Халықтың тіліне
деген үміті мен сенімі сетінеп барады. Одан
да жаман нәрсе, бастабында тіл үйренуге
ұмтылыс білдірген басқа халықтар «қазақтың
өзіне қажеті жоқ тілді мен қайтпекпін?» де-
гендей күйге түсті. Оған кінәлі – өзіміз. Бая-
ғы қанға сіңіп кеткен құлдықтың кесірі.
Жал пы, Қазақстанда туып өскен, қазақ хал-
қы мен өмір бойы бірге келе жатқан, қазақ-
тың нанын жеп биік мансапқа қолы жет-
кен азаматтар айына бір сөз үйренгенде
ендігі біраз жерге барып қалар еді ғой.
Мемлекеттік тілден хабары жоқ адамның
мемлекеттік қызметте отыруы біздің елде ғана
бар дүние шығар.
– Соңғы кезде «қазақ тілін білмегені
үшін кемсітуге болмайды», – деген пікір
қалыптасып үлгерді. Тілге қойылған нағыз
тұсау – осы емес пе?
– «Қазақ тілін білмегені үшін кемсітушілікке
ұшыратуға болмайды», – дейтін қате түсінік
қалыптасты. Дұрыс делік. Тілін білмегені үшін
сыйлап, сыйпайық. Сөйте тұра, орыс тілін
білмегені үшін кемсітушілікке ұшырап, ар-
намысы аяққа тапталып жүрген оралмандардың
құқығын кім қорғайды? Олар әлде қазақ болып
туғаны үшін осындай кемсітушілікке ұшырауға
тиіс пе?! Ойлап қарасаңыз, барып тұрған
қайшылық. Екіншіден, қазақ тілін білмегені
үшін олар мемлекеттің жұмысына зиян келтіріп
отыр. Елбасының тіл саясатын ілгері бастырмай
тұсаулап отырғандар да – осылар. Шын мәнінде,
үкіметтің қаулы-қарарымен, жарлық-нұсқауы-
мен дамыған тіл болған емес. Қазақ тілі де солай.
Егер біздің әрқайсымыз өзіміз ұмтылмасақ,
ұлттық қадір-қасиетімізді, ана тілімізді өзі-
міз қорғамасақ, онда мың жерден айтып, жа-
зып, мыңдаған тіл оқыту құралын шығар-
ғаннан бес тиындық пайда көрмейміз.
Он дай жағдайда қазіргі тәуелсіздік алғанымыз,
ана тілімізге мемлекеттік мәртебе бергеніміз
бар лығы – бос қиял, әншейін уақытша жетістік
болып қалады. Біз осындай жардың жиегіне
келіп тірелдік…
Ендігі мәселе – ұлттық сана-сезім күресі
жолындағы ұлт патриоттарының көбеюі. Бұл
ретте үміт оятар, жылт еткен жақсылықтарымыз
жоқ емес. Үлкен қалаларда ана тілімізде
сөйлейтін жастар көбейді. Өз басым осыны
көңілге медет етемін.
Әңгімелескен
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
97
Қауымдастықтың құрылғанына 20 жыл толуына арнап шетелдегі
қазақ диаспорасы өкілдерінің студенттері арасында
БАҚ-тағы жарияланымдарының бәйгесін жариялайды.
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы 1992 жылы Қазақстан Республикасының
Президенті бастамасы бойынша құрылған. Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайында
әлемнің 33 елінен келген қазақтар Н.Ә. Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары Қауымдас-
тығының Төрағасы етіп сайлады.
Бәйгеге жоғары оқу орындарындағы қазақ ұлтының студенттері, шетел мемлекеттері
мен Қазақстанның, шетелдік қазақ диаспораларының бұрынғы өкілдері санатынан,
азаматтар қатыса алады.
Бәйгенің мерзімі: 2012 жылдың 1 маусымынан 1 қазанға дейін.
Марапаттау Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының 20 жыл толуына орай
өтетін мерекесінде өтеді.
Бәйгеге соңғы үш жылда БАҚ-та жарияланған келесі тақырыптағы жарияланым-
дар қабылданады:
• «Қазақстан – әлемдегі этникалық қазақтардың тарихи отаны».
• «Шетелдегі қазақ мәдени орталықтары: құрылу тәжірибесі, қызметі мен Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығымен өзара байланысы».
• Шетелдегі қазақ диаспорасының қазіргі жағдайы.
• Шетелдегі қазақтардың мәдени мұрасы.
• Этникалық қазақтардың Қазақстанға қоныс аударуы, оралмандардың бейімделуі
мен ықпалдасуы.
Орын алған мақалалар Қауымдастықтың БАҚ-тарында жарияланады.
Материалдар www.kazaktar.kz сайтында, «Алтын бесік» журналында, «Туған тіл»
альманағында жарияланады.
Студенттер осы бәйгеге қатысуы арқылы өздерінің білім ошақтарын кеңінен
насихаттауға мүмкіндік алады.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
050002 Алматы, Уәлиханов 43А,
Телефон: 8(727) 273 90 25; 273 32 44.
E-mail: kazaktar.kz@mail.ru; tugan_til79@mail.ru
(мекенжайға жолдау қажет)
«Студенттер бәйгесі» белгісімен
ХАБАРЛАНДЫРУ
АТАМЕКЕН ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕГІ
ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ
98
Тіл мен ой әр уақытта да диалектикалық
бірлікте. Тіл ойлау арқылы туып, ойға түрткі
болады. Мемлекетінің төл тілінде түсінісе ал-
майтын ел ұлт болып, ұйысу мүмкіндігінен
айырылады. Саясаттың да, мәдениеттің де
қала ларда қалыптасатыны сияқты, тіл де ал-
дымен қалада қалыптасады. Өйткені ол заман
ағымына қарай бейімделіп, технология мен
ғылым жаңалықтарына ілесе отырып дамуы тиіс,
әйтпесе көштен қалады. Ал техниканың тіліне
айналмаған тіл – бұқараның қатынас құралы бо-
лудан қалады.
Ұлт, мемлекет, тіл ұғымдары бір-бірі мен
тығыз диалектикалық байланыста, бір тұтас.
Бұлар – тәуелсіз елдердің саяси философия-
сының іргетасы да. Біздің еліміз сияқты біртұтас
(унитарлы) мемлекетте ұлт тілі қоғам тілі
рөлін атқармай, қоғамды біріктіру жұмысы
алға баспайды. Тіл саясаты – жалпы ой-пікір,
идеяларды, мемлекетті құру тәсілдерін, жол-
дарын, қабылданған шешімдердің іске асыру
бағыттарын, жалпы қоғамды біріктіретін құрал-
тәсіл. Ұлттың өзін-өзі анықтауы да, таным тарату
процесі де тіл арқылы жүреді. Мемлекетті құрып
отырған жергілікті халықтың тілі – мемлекеттік
тіл екендігі Конституцияда заңдастырылатыны
да содан. Тіл саясаты дегеніміз – қоғамның
жеке-жеке топтарды, жүйелерді бір қалыпқа
келтіруінің басты құралы, оның қызмет аясын
қай елде болмасын мемлекет анықтайды және
іске асырады.
Тіл тағдыры – ел тағдыры. Тілді жеке адам да,
тұтас ұлт та, мемлекет те қадір тұтып ардақтап
сыйлауы, оның шын мәніндегі мемлекеттік тіл
деңгейіне көтерілуіне ат салысуы – әрбір саналы
ұлт өкілінің адамгершілік парызы. Мемлекетті
құрушы халықтың тілі мен мәдениеті елдегі
басқа ұлт азаматтарының бәріне ортақ болуы
шарт. Сонда ғана мемлекет азаматтарының бар-
шасы өзін «сол мемлекеттің азаматымын, сол
мемлекет мәдениетінің түлегімін» деп сезінеді.
Елде нағыз рухани бірлік қалыптасып, өзара
түсінісу оңайланып, ынтымақшыл орта пай-
да болады. Патриоттық тәрбие жұмысы да тез
алға басады. Әртүрлі деңгейлердегі оқу орын-
дарында ортақ мемлекеттік тіл арқылы білім
алғандар әдебиет, саясат, әлеумет, мәдениет тағы
басқа салаларда да ортақ ұғымдарға ие болады.
Сондықтан барлық мемлекеттер тұтастық
пен бірлікті орнату үшін тек ортақ тіл мен
мәдениет болу керек деп түсінген, әлеуметтік
саланың осы жағына ерекше көңіл бөлген.
ТІЛ САЯСАТЫ –
ӘЛЕУМЕТТІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
ТАЛДАУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
Алтай
ТАЙЖАНОВ
Философия ғылымдарының
докторы, профессор
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
99
Әлемде 200-ден астам мемлекет болса,
солардың ішінде тек қана бір ұлттан құралған
мемлекеттерді табу өте қиын, бар болса
саусақпен санап шығардай. Осы тұрғыдан
келгенде, Қазақстан – ерекше мемлекет емес.
Жоғарыда аталған 200-дей мемлекеттің барлық
азаматтары да түгелдей өздері тұрып жатқан
мемлекеттерінің мемлекеттік тілін біледі. Сол
тіл арқылы жергілікті жердің көне тарихын,
мәдениетін біліп өседі. Кеңестік қоғамда ерек-
ше орны болған, ал ол құлағаннан кейін жыл
сайын тынысы да, пайдаланылатын кеңістігі
де тарылып келе жатқан орыс тілінің етегінен
айырылмауды жетістік деп түсіндіруге бол-
майды. Болашағын ойлаған ел өз мемлекетінің
тілін игереді, халықаралық ағылшын тілін де
үйренуге бетбұрыс жасайды.
Бүгінгі таңда мойындалуы керек бір жайт –
мемлекеттік тілдің ғылым мен техника, білім мен
мәдениет, экономика мен саясат, мемлекеттік
басқару мен бұқаралық ақпарат құралдарында
және шаруашылық пен өнеркәсіптің барлық
салаларында белсенді қызмет етуіне қажетті
алғышарттар жасалғанымен, жүзеге асуының
мардымсыздығы. Бұл салада біз әзірге Пре-
зидент: «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін»,
– дедіден әріге бара алмай жүрміз. Ал билік ба-
сында отырғандардың тіл мәселесіне қатысты
тілге тиек етіп жүргендерінің бәрі – халықты
тыншыту үшін алынған статистикалық, сандық
көрсеткіштер. Сан сапаға айналмаса, ол
елдің өркендей дамуына, әлеуметтік саланың
жетілуіне айтарлықтай әсер ете алмайды.
Кез келген халықтың ұлттық болмысы,
мәдениеттілігі мен өркениеттілігі, сана мен пара-
сат деңгейі кең мағынасында сауаттылығымен
өлшенеді. Ал оның деңгейі тіл мәдениетімен, сол
тілдің қолданыс ауқымдылығының кеңдігімен,
орамды да ұтымдылығымен көрінеді. Ендеше,
ол оқу, өнер, әдебиет, мәдениет, баспасөз, ра-
дио, теледидар, дипломатиялық қарым-қатынас,
ғылым, өндіріс, ресми іс қағаздарды рәсімдеу
т.б. салаларға дейін қызмет ететін қоғамның ба-
сты құралына айналуы қажет.
Тіл – тәрбие басы, осыған орай жастарды ана
тілінде сөйлеуге, ойлауға тәрбиелеу – қажеттілік.
Мемлекеттік тіл мәселесін бастаған екенбіз, оны
аяқсыз қалдырмағанымыз жөн. Олай болса,
бұл саладағы барлық атқарылып жатқан істер
парасатпен, ой елегінен өткізіліп жасалғаны
абзал. Ол ұйымдастыру жұмысы ма, нақтылы
істер ме – бәрібір өте жоғары жауапкершілікпен
жасалуы да, атқарылуы да – шарт. Себебі тіл
– тәрбие құралы ғана емес, ұлт айнасы да!
Осы тұрғыдан алғанда, халық көп қолданатын
салалық, тақырыптық энциклопедиялар мен
орфографиялық сөздіктерді қатесіз, кем шілік-
сіз етіп бастыруымыз керек, ақпарат құрал-
дары арқылы берілетін хабарлар, шығып жатқан
кітаптар т.б. – бәрінің де деңгейлері жоғары
болғаны абзал, себебі олар – біздің сауаттылық
деңгейіміздің көрсеткіші деушілердің пікірін
қолдағанымыз жөн.
Сан алуан кәсіп салалары бойынша аударма
сөздіктер жасалса, тіліміздің жоғарғы деңгейде
дамуына бірден-бір себеп болары анық, сол
уақытта әркім өз бетімен сөз жасап, ұғымдар
кіргізіп, тілімізді қойыртпаққа айналдырмай,
«таза, терең, өткір, күшті, кең тілім», – деп,
Мағжан жырлаған ана тілімізді кең мағынада
құрал ретінде қолданып, қадірлеу – перзенттік
парызымыз екенін түсінер еді.
Әрбір халықтың өсіп-өркендеу жолын-
да да, әлемдік мәдениетке ілесу жолында да,
басқалардан этникалық ерекшеленетін тұсында
да сүйенері – өз ана тілі. Тіл тағдыры – кешегі-
нің, немесе бүгінгінің тағдыры емес, бүрсігүн-
гінің, болашақтың тағдыры. Осыны ұғынсақ,
бүгінгі жаһандану заманын бастан өткеріп
жатқан қаймана қазақ үшін соны әрекет, сезімтал
жүрек, шымыр ой қажет-ақ. Жыл сайын мұны
сезінетіндер қатары көбейе түсер деген үміт бар.
Өткен ғасырдың аяғына қарай Егемен ел
болып жаңа ғасыр табалдырығын аттап, ке-
руен басын жаңа даму жағына бұрған кез-
де қазақ саясаткерлері мен зиялыларына тіл
мәселесіне біржақты қарауға болмайтын еді.
Оның объективті де, субъективті де жақтары
болды. Объективті жағы – бәріміз де «ортақ»
идеология, ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ
тіл деп үйреткен Кеңестік үкіметтің шинелінен
шыққандар едік. Тіпті орыс тілін барымыз да,
байлығымыз да, тіршілігіміздің тетігі де деп
түсіндік. Білім алу үшін, ғылыммен айналысу
үшін жалпы ел қатарлы өмір сүру үшін орыс
тілін білу басты шарт болды. Осындай түсініктегі
өз ішімізде үлкен психологиялық толқулар
жүріп жатты. Екінші жағынан, ұлттық тілден,
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
100
дәстүр-салттан ада өз қандастарымыздың да
бірқатары құптай қойған жоқ. Олардың өздері
және өздері сияқтылар әлі де билік басында
отыр. Сол себепті де олардың қазірге уақытта
да бұл іске тікелей кедергі жасамағанымен
тілеуін тілеп отырғандары шамалы. Орыс және
басқа ұлт өкілдері үшін бүгінгі Қазақстандағы
бетбұрыс тіпті күтпеген жағдай болды. Өздері
ғана емес, бірнеше ұрпақтары Қазақ даласында
күн кешкеніне қарамастан, олар біздің тіліміздің
«қажеттілігі болады» деп тіптен ойлаған жоқ еді.
Ал сол тұстағы түсінік тұрғысынан объектив-
ті жағына келер болсақ, біз өз елімізде, өз
жерімізде басқа ұлт өкілдерімен салыстырғанда,
азшылық едік. Бұрынғы «азшылық көпшілікке
бағынады» деген қағида бойынша, олармен
есептесуіміз керек. Сондықтан да ішінде өз
қандастарымыз да бар орыс тілділер «орыс
тіліне де мемлекеттік мәртебе берілуі ке-
рек», – деп мәселе қойды. Әйтеуір үлкен
шыдамдылықпен, мәселені теориялық тұрғыдан
нақты дәлелдеумен дұрыс қолдап және құқықтық
тұрғыдан қорғап шығудың арқасында бұл істе
жеңіске қол жеткіздік. Сол кездегі депутаттар,
нағыз халық қалаулылары, академик–заңгерлер
Салық Зиманов пен Сұлтан Сартаевтардың,
ұлтшыл–патриот депутаттардың қазақ тілінің
мемлекеттік тіл дәрежесін иемденуіне сіңірген
еңбектері өте зор екенін біз әрқашан да естен
шығармай, айтып жүруіміз керек.
Бірақ, біздің ойымша, бұл мәселенің екінші
жағы бар. Ол – тілге қатысты әлемдік деңгейдегі
теориялық та, практикалық та жағдайларды
кеңінен зерттеп, зерделеу, оған әлеуметтік-
философиялық, танымдық тұрғыдан келу. Біз
оған көңіл бөлмедік, нәтижесінде уақтылы батыл
қадам жасамадық, көбіне өтіп жатқан, өтілетін,
болып жатқан, болатын шараларды жіпке тізіп,
сандық көрсеткіштерге ұрындық. Алыс елдерді
былай қойғанда, өзімізге іргелес жатқан ел-
дер мен бұрын біз сияқты басқа мемлекеттің
ықпалында болған елдердің тәжірибелері
зерттелмеді.
Көрнекті қоғам қайраткері, танымал ди-
пломат Болатхан Тайжанның «Түркістан»
газетінің 2006 жылғы 2 қарашасында екінші
рет қайта басылған «ұлттың күретамыры» атты
мақаласында дербестік алған елдердің тіл саяса-
тына жан-жақты талдау жасайды.
Автор Малайзияда алғашында малай тілімен
қатар он жылдай ресми тіл ретінде ағылшын тілі
пайдаланатыны туралы шешім қабылданғанын,
он жыл өтісімен ұлттық, яғни мемлекеттік ресми
тіл ретінде жалғыз малай тілі жарияланғанын,
сонымен қатар Конституция талаптары бойын-
ша Малайзияның азаматтығын алғысы келген
адам малай тілін игергендігін дәлелдейтін емти-
ханнан өту керектігін, бұл талаптардың барлығы
дербестікке қол жеткізген сәттен бастап Ма-
лайзия басшылары елдің бірлігі, мемлекеттің
тұрақтылығы, тілі, мәдениеті, әдет-ғұрпы, ділі
бір малай ұлтын құру арқылы жететінін басы-
нан анық түсінгендігін нәтижесі екенін айта-
ды. Сондай-ақ ол: «Шіркін, Қазақстанның бас-
шылары Еуропадағы, Азиядағы, Африкадағы
дербес мемлекет құру тарихы тәжірибелерін
жақсы білгенде, сол тәжірибені қолданғанда,
Қазақстанда мемлекеттік тіл мен бөтен елдің тілі
– орыс тілінің жағаласып, тартысып отырғанын
қазіргі замандағы азаматтар көрмес еді. Еуропа,
Азиядағы алыс жатқан елдерді былай қойғанда,
жуырда ғана орыс империясының қамытынан
құтылған Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан,
Кавказ, Балтық жағалауындағы елдерде жер-
гілік ті мемлекет тілін меңгеру қажеттілігін
барлық азаматтарына мойындатты. Украина-
да орыстілді ақпарат жүйесі құлдырауда. Тек
Қазақстан, өкінішке қарай, осы салада мешел
болып отыр... Қазақ елінің басшылары, билікте
отырғандар жұмған көздерінің біреуін ғана ашып
маңайына қараса, Отан тарихы олардың ұлтына
қарсы жасап отырған қылықтарына нендей баға
беретінін бір ғана сәт елестетер еді. Әлде қазіргі
биліктің тұтқасын ұстап отырғандар болашақ
қазақ ұрпақтары үкімінен қорықпай ма?» – деп
қынжылыс білдірген еді.
Осы салада жүргендерді және жалпы
қазақстандықтарды көрші елдер тәжірибесімен
таныстыруды мақсат тұтқан зерттеуші Қытай
Халық Республикасындағы, Индонезиядағы,
Шығыс Азияның басқа да көптеген елдеріндегі
бұл бағыттағы жүргізілген саясатқа кеңінен
тоқталып, бүгінгі біздің әлеуметтік саланың
ең бір өзекті тұсы тіл мәселесімен айналысу-
шы шенеуніктерге, Парламенттегілер мен ұлт
тағдырына жүрдім-бардым қарайтындарға
тағылымды таным боларлықтай деректер береді.
Оқып, танысып көрелік. Мысалы, Қытай Халық
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
101
Республикасында 56 халық тұрады. Соның
ішінде ханьдар ресми тұрғыдан алғанда, 1,5
миллиардқа жақын ҚХР халқының 93 пайызын
құрайды. Ханьдар мен тағы да екі этникалық
топ қытай тілінде сөйлейді. Қалған этникалық
топтардың өз тілдері бар. Олардың 29-ы қытай-
тибет топтарына жатады, 17-сі алтай тілдер
тобына, үшеуі Аустралия-Азия тобына, екеуі
үнді-еуропа тобына, біреуі индонезия тобына,
енді бір тілдің тобы анықталмаған, яғни қытай
халқын құрастыратын этникалық топтар 54
тілде сөйлейді. Қытай тілінің өзі жеті үлкен
диалекттілерге бөлінеді. 1956 жылы Қытай
үкіметі «мемлекеттік жалғыз ұлт тілін пай-
далану керек», – деген үкім шығарды. Ол тіл –
путунхуа. Үкіметтің шешімі бойынша, путун-
хуа міндетті түрде мектепте, әскерде және ірі
өнеркәсіп орындарында қолданылуы керек.
Ал Индонезияның тіл мәселелері көп жұртқа
беймәлім. Оның жері қазақтың жеріндей тұтас
емес. Индонезия аумағын мыңдаған арал
құрайды, жалпы бұл елді «үш мың аралды ел»
деп атайды, шынында ол елде он үш мыңнан
аса арал бар. Сондықтан бұл елдің солтүстігі
мен оңтүстік арасы – екі мыңға жуық километр,
шығысынан батысына – бес мың километрден
артық. Осындай арасы алшақ аралдарда алты
жүз елуден аса тілдер мен диалекттілер пайда
болған.
Индонезия 1945 жылы 17-тамызда бос тан-
дық алғанда саяси-экономикалық даму мәселе-
лері мен қатар ел тұтастығын қамтамасыз ету,
оны сақтап қалу мәселелері туды. Өйткені, Ин-
донезияда жүз елуден үш жүзге дейін халық
бар делінеді. Мыңдаған аралдарда қанша халық,
этникалық топтар тұратынын анықтау – оңай іс
емес. Ең үлкен халық ел тұрғындарының 83 пай-
ызын құрайды. Ал кейбір деректерге сүйенсек,
жалпы Индонезия тұрғындары 650-ден 1000-ға
дейін тіл мен диалекттілерде сөйлейді екен.
Сол тілдердің ішінде джауан тілінде елдің
42 пайызы сунды тілінде – 15 пайызы сөйлейді.
Осындай жағдайларға қарамай, индонезиялық
ел басшылары егемендік алысымен мемлекеттік
тілі ретінде малай тілінің индонезиялық түрін
– «бахаса-индонезияны» жариялады. Ол кезде
индонезиялық малай тілінде халықтың 5 пай-
ыздайы сөйлейтұғын.
Индонезия тіліне тартудағы мақсат: бірінші-
ден – халықтың осы тілді меңгеру деңгейін
арттыру; екіншіден – көп тілді Индонезия
жұртшылығы біртұтастық сезімін, ұлттық
ұйысуын қамтамасыз ету. Көп этникалық топ-
тар өз тілдері мен мәдениеттерін біле тұра,
барлығы бір тіл, бір мәдениеттің аясында бірігу
керек. Үкімет оқушыларға: «біріксек – жеңеміз,
бөлінсек – жеңілеміз» – деген ұғымдарды үнемі
оқытады. «менің отаным, туған жерім – Индо-
незия», – деген ұғым да уағыздалады.
Қазақстан – егемен ел, унитарлы мемле-
кет, ал қазақтар өзінің станы бар, тұрағы
бар, пайда болған орны бар этнос. Құдай бізді
осы жерде жасаған, басқаларды басқа жерде.
Олай болса, мемлекет құраушы қазақ ұлтынан
басқалардың бәрі – біздің елімізге 4 күн бұрын
келсін, 400 жыл бұрын келсін, диаспоралар. Өз
отанынан тыс өмір сүріп жатқан адамдар топтың
дүниежүзі практикасында «диаспора» деп атай-
ды. Сондықтан Қазақстанда тұратын басқа
этникалық топтардың «жүз отыз халық» деп
аталуының ешбір қисыны жоқ. Қазақстаннан
тыс жерде тарихи отандары бар. Бұл жерге
түрлі себептермен ерікті, еріксіз келгендер.
Әңгіме олардың қашан, қанша ғасыр бұрын
келгендерінде де емес. Тіпті олардың санына
қарап та, «халық, жергілікті этнос» деп атау
қисынсыз. Әйтпесе дүниежүзінің әр қиырында
бірнеше орыс, кәріс, украин, неміс халықтары
пайда болған болар еді. Ендеше, олар үшін әдейі
саясат пен заң жасау да, оларды көздеген са-
яси мүддені жүзеге асыру үшін пайдалану да
елге абырой әпермейді. Біз – зайырлы құқықтық
мемлекетпіз. Конституциямызда не жазыл-
са, олар да осы елдің азаматы ретінде соның
бәрін орындаулары керек. Қазақ ұлты мемлекет
құрушы ел ме, солай түсін. Конституцияда қазақ
тілі мемлекеттік тіл ме, сен осы елдің азаматы
ретінде мемлекеттік тілді білуге міндеттісің,
әйтпесе толық мәнде өз құқығыңмен пайдалана
алмайсың, сен осы елдің азаматы екенсің – оның
гүлденуіне, дамуына, қорғалуына, қауіпсіздігіне
өз үлесіңді қос т.б.
Расын айтайықшы, дүниежүзінің қай елі
өзінің мемлекеттік тіл саясатын кезең-кезең-
мен жүзеге асыруда. Тіл туралы заңның қабыл-
данғанына, міне, 20 жылдан асып барады. Сол
«баяғы жартас, бір жартас», «қадағалайық,
бақылауға алайық», осыдан әрі аса алмаймыз.
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
102
Қазір бірқатар облыстар мен орталық атқарушы
органдар аударма бөлімдерін ашып, «іс бітті»
деп қолдарын қусырып отырғандығы жасырын
емес. Ашығын айтсақ, орысшасының соңына
ілесіп жүрген құжаттардың қазақша мәтінін
ешкім оқымайды да, қарамайды. Себебі басшы
қол қоятын басты құжат орыс тілінде жазы-
луы керек. Ал қазақшасы ресми мекемелерге
жіберуге жарамсыз. Сонда мемлекеттік тілдің
мәртебесі қайда қалды? Осыдан бірер жыл
бұрын Президенттің «Ана тілі» газетіне берген
бағдарламалық сұхбатында: «Барлық қатынас
қағаздары ана тілімізде жүргізіледі. Сол кезде
аудармашылардың қызметіне иек сүйеп отырған
кейбір жауапты қызметкерлер: «Қолымды
мезгілінен кеш сермедім», – деп өкініп қалмасын
деген еді. Ал біз болсақ, Мемлекет басшысының
бұл ескертпесіне де әлі құлақ асқан жоқпыз.
Республика Конституциясының 7-бабында:
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
тіл – қазақ тілі», – деп атап көрсетілген. Қазақ
тілінің Конституциялық мәртебесін көтеру –
мемлекет пен қоғам қайраткерлерінің, саяси
партиялар мен әлеуметтік топтардың ғана емес,
ел мүддесін, болашақ қамын ойлаған әр сана-
лы азаматтың ат салысар қасиетті ісі. Гимнсіз,
Елтаңбасыз, Мемлекеттік Туы мен ұлттық
валютасыз мемлекет болмайтыны сияқты,
толыққанды мемлекеттік тіліміз болмай мем-
лекет те бола алмаймыз. Мемлекеттік тілде
болмаған тәуелсіздік, мемлекетте де болмай-
ды. Өз тілінде, мемлекеттік тілде сөйлемеген
халық бір тудың астына біріге де алмайды,
біртұтас тәуелсіз, азаматтық қоғам да құра
алмайды.
Кейбір басылымдарда, ауызекі сөйлеуде
жалпы тілдің қоғамдағы рөлін көрсету бары-
сында оны ресми маңыздылығы бойынша Ту,
Елтаңба, Гимні (Әнұран емес – А.Т.) Ұлттық ва-
люта сияқты мемлекеттік рәміздермен парапар
деген ой айтылады. Біз рәміздердің биік құрмет
пен маңызға ие екенін жоққа шығармаймыз.
Бірақ бұл түсінікке тереңірек мән берген жөн
деп ойлаймыз. Оның себебі ұлт, халық бар
жерде тіл бар және ол онымен бірге жасайды,
өзгермейді. Ел ішіндегі әртүрлі әлеуметтік-
саяси жағдайларға байланысты бірде кетіліп,
бірде жетіліп, ұлт тұрғанша тұрады. Ал
жоғарыдағы аталған рәміздер – ұстанған саяси-
әлеуметтік ұстаным мен заман ағымындағы
түсініктерімізге қатысты өзге, жаңа түр
мен мазмұнға ие болуы әбден мүмкін. Себебі
оларды жасаушы да, қабылдаушы да – адам-
дар, ендеше, олар мәңгілік емес. Бұл айтылған
ой Туға да, Гимнге де, Елтаңбаға да қатысты
(салыстырыңыз: бұрынғысын және бүгінгісін
–А.Т.) Ал тіліміз баяғыдай. Өйткені оны ешкім
жасаған жоқ, ол – бізге Құдайдың берген сыйы.
Ендеше, тіл мен ұлт диалектикалық бірліктегі
қастерлеуге тұратын қасиетті ұғым. Ал
толыққанды мемлекеттік тілі жоқ ел ешқашан
басқаның тілімен озық мәдениет жасай алмай-
ды.
Мәселе, ұлттық сананы қалыптастыру
проблемасының бүгінгі қоғам өмірінде беріде
кенжелеп, әріде назардан мүлдем тыс қалуында.
Ұлттық сана мен қазақ тілі туралы мәселеге
келгенде, біздің ресми билік қана емес, билікке
оппозициялық бағытта тұрған саяси пар-
тиялар мен құрылымдар да тасырқаған ат-
тай кібіртіктеп, шабысынан жаңыла беретіні
– ақиқат. Алайда негізгі мақсат – еліміздің
өркендеуі, халқымыздың жарқын болашағы
болса, «мың өліп, мың тірілген» қазақтың та-
рих сахнасындағы өзіне лайық мәртебелі орнын
алуы үшін үлес қосу болса, сол елдің мемлекеттік
тілі – қазақ тілінің, ол арқау болып отырған
мемлекеттің ұлттық мүдделері мен ұлттық
санасының бүгіні мен ертеңін жақсартуды жедел
қолға алуымыз керек.
Тіл қазаққа өз болмысын да, өзге болмысты
да тану үшін керек. Өзін өзгелерге мойындату
үшін де тіл керек, ұрпағына ұялмастай рухани
мұра қалдыру үшін де тіл керек. Бір ғажабы өзін
қазақ сезінетін, ұлттық намысы, ұлттық рухы
бар қазаққа тілді үйрен деп үгіттеудің де, жағдай
жасаудың да қажеті жоқ. Алғашқы қорытынды:
тіл үйренер едік, анау жоқ, мынау жоқ, анау
жетімсіз, шетелде, шет жерде жақсы деген – бос
бопса.
Президент өзінің бір сөзінде: «Қазақстандағы
жастар мынаны бiлуге тиiс: мемлекеттiк тiлдi
бiлмейiнше, мемлекеттiк органдарда, қызмет
көрсету саласында, құқық қорғау органдарын-
да немесе сот саласында жұмыс iстеуге мүмкiн
болмайды!» – деген-ді. Демек, мемлекеттiк тiл
қажеттiлiкке айнала бастады. Бұл – заман та-
лабы. Десе де бiз бұл салада әлi де либерал-
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
103
ды жолдан таймай отырмыз. Ең алдымен, өзге
емес, қазақтардың тiл бiлуiн мәжбүрлейтiн
болдық. Ал өзге ұлт өкiлдерi мемлекеттiк
тiлдi меңгергендерi үшiн сыйақы сұрағылары
келеді. Ендеше, мемлекеттегi iшкi жағдай
өзгермейiнше, қазақ тiлiне деген сұраныс та
жоғары болмайды. Сондықтан «қазақ тiлiн
бiлудi материалдық көмек арқылы ынталанды-
ру керек» немесе «орыс-славян ұйымдарындағы
қазақ тiлi курстарына қаржылай көмек көрсету
керек» деген – бос әңгiме. Өзге ұлт өкiлдерi –
құқықтық тұрғыдан алғанда, мемлекеттiк тiлдi
бiлуге мiндеттi.
Біз өзімізге егемен, тәуелсіз ел ретінде
қарайтын болсақ, салалар бойынша маман-
дарды орыс тілінде даярлауды жыл сайын
азайта беруіміз, тіпті тоқтатуымыз керек. Оған
объективті жағдайлар да, себептер де жеткілікті.
Мәселен, еліміздің жоғарғы оқу орындарында,
оның ішінде орыс бөлімдерінде оқитындардың
90%-дан астамы – қазақ балалары. (Жергілікті
жерде басқа ұлт өкілдері көптеу өңірлерде ғана
бұл сәл өзгешелеу болуы мүмкін – А.Т.) Мыса-
лы, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік медицина универ ситетінің 1-кур-
сына биыл түскен 700-ден астам студенттің 40
шақтысы ғана басқа ұлт өкілдері.
Әлемдік тәжірибелерге сүйенсек, Қазақ-
станнан басқа дербес елдердің ешқайсысы өз
еліне қажетті мамандарды өзге елдердің тілінде
немесе ағылшын тілінде даярламайды.
ЖОО-ларда мамандарды ағылшын тілінде
даярлауды қолға алып жатыр. Біз жалпы
тілдерді көптеп игеруге қарсы емеспіз, бірақ
ең жаман нәрсе – қабылдаған шешімдерді
орындамау немесе, оның тиімді, нақтылы
шешімін табу бағытында ойламау. Біздің
ұсынып отырғанымыз – соның бірден-бір
нақты шешімі және бұл әлемдік практикада
бар, сыннан өткен, нәтижесін берген үрдіс. Ал
қай саладан, қандай тілдегі маман керек болса,
оны да әртүрлі жолдармен даярлап алуға әбден
болады. Көптеген елдерде жақсы мамандардың
өз мамандықтарына қатысты басым тілдерді өз
беттерінше игеру үрдісі де бар.
Біздің замандастарымызға ешкім орыс
тілінен әдістемелік құрал жазып берген жоқ,
бізді өмір үйретті, қажеттілік үйретті. Ен-
деше, мемлекеттік тілді үйренуге қажеттілік
туғызу керек. Сонда олар өздерінің тілден
мақұрым екенін оқулықтар мен әдістемелік
құралдардан көрмей, ынтасыздықтарынан не-
месе қажетсінбеулерінен екенін түсінеді, бос
сылтаудан да құтыламыз. Ал тіл үйренуге кет-
кен қыруар қаражат басқа қажетті жерлерге
жұмсалады.
Ал қазіргі Қазақстанда орыс немесе басқа
ұлттардың өкілдерін өздері ойлағандай
«мәжбүрлеп» оқыту қандай қажеттіліктен
туып отыр. Олар мемлекеттік тіл менің
болашағыма керек десе – оқысын, олай ойла-
майды екен – оқымай-ақ, білмей-ақ жүре берсін.
Ал біз болсақ, олардың оқуына қыруар қаражат
бөліп, тегін оқытып, айлығына тіл білсеңдер
үстеме қосамыз деп, басқадай да сый-сияпаттар
көрсетіп, мәшинеге дейін сыйлап, жік-жаппар
боламыз. Әрі беріден кейін пайыздық құрамымен
алсақ та, бүгінгі күні басқа ұлттар мен орыс
тілділер әлеуметтік-экономикалық салаларда
да, материалдық-рухани игіліктерді өндіруде
де, кейбір салаларда болмаса, айтарлықтай
ықпалдары жоқ. Ал билік басындағылардың
жөні басқа, олардың мемлекеттік тілге де-
ген қатысын заңға сай реттеу керек. Ендеше,
ел ішінде алауыздық болады, біреудің көңілі
қалады деп жасқанатын да, жарамсақтанатын
да, үрейленетін де ештеңе жоқ. Біз осы шынайы
шындықты басшылыққа алғанымыз жөн. Бұл –
уақыт талабы.
Тiлдiң салтанат құруы – ұлттың сақталуы,
тiлдiң тұғырдан таюы – ұлттың жойылуы екенi
даусыз.
Мемлекеттiк тiл төңiрегiнде әңгіме бола
қалса, басқа елдерде, тіпті Ресейде де оны
қорғаушы, қолдаушы патриот саналады, ал бiзде
нақ сондай адамдар әлі күнге дейін «ұлтшыл»,
жұмсартып айтса, «ұлтшыл-патриот» атанады.
Кез келген елдің мемлекеттік тілі бар. Тіл –
әр мемлекеттің негізгі алтын арқауын құрайтын
ұлттың тіні болып табы лады. Еш уақытта,
ешқашан оның құнын төмендетуге болмайды.
Қа зақтың Қазақстаннан басқа Отаны жоқ.
Сондықтан қазақ тілі Қазақстанда ғана та-
мырын кең ге жая алады. Қазақ тілі – отанда-
старымызды біріктіруші тіл, жақындастырушы
тіл екенін әр азамат естен шығармағаны жөн.
Түбінде мемлекеттік тіл, қа лай десек те,
басымдыққа ие бола ды. Мемлекеттік жұмыс
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
104
қазақ тілінде жүреді. Басқару да, білім алу
да, ғылым да, мәдениетте, медицина да қазақ
тілінде жүзеге асады. Біз осыған келе жатырмыз.
Сон дықтан қазір ден бастап біз оған дайындала
бергеніміз жөн.
Өткенімізді еске алар болсақ, ХХ ғасырдың
соңында қазақ халқының тілі мен мәдениеті
айтарлықтай әлсіреді, көп нәрсемізді жоғалттық.
Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі қазақ ұлтының
жоғалтқанын қайтаруға ұмтылысы толығымен
заңды. Президент бұдан біраз бұрынғы бір
сөзінде: «Бұдан былай қазақ тілінің рөлі
Қазақстанда барған сайын арта түсетін болады.
Өмірдің заңды ағысы – осы. Мемлекеттік тілді
біздің барлығымыздың балаларымыз білуге
тиіс. Сонда біраз уақыттан соң ол Қазақстанның
барлық азаматының ортақ тіліне айналады.
Бұл үдеріс қазір жүріп жатыр. Ол үшін барлық
жағдай жасалуда. Қажетті нормативтік база
қалыптастырылды. Үлкен қаржы бөлінуде», –
деді. Шын мәнінде де солай.
Республикамызда ұлттық тіл жағдаятының
бүгінгі дәрежеге дейін құлдырауының тағы
бір келеңсіз себебі – ұлттық сананың оянба-
Достарыңызбен бөлісу: |