МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ
ПОЭЗИЯСЫ
Еркегүл
АРЫҚҚАРАҚЫЗЫ
«Көкше» академиясы «Қазақ тілі
мен әдебиеті» кафедрасының
аға оқытушысы, филология
ғылымдарының кандидаты
тап осы өлкеге қазақтар келіп қоныстана
бастаған кезеңінде ел көзіне түскен алғашқы
ақын – Тауданбек Қабаұлы (1830-1908), Алтай
қазақтарының ұлы ойшылы, кемеңгер, ақын
Ақыт қажы Үлімжіұлы (1867-1938) сынды тар-
лан таланттар қазақ тарихындағы аса күрделі
дәуір ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың
бастапқы жылдарында өмір сүрді.
Бұл кезең күллі қазақ тарихындағы аласа-
пыран оқиғалар мен қасіреттерге толы жылдар
еді. Ақындар туындыларындағы басты сарын
елді бірлікке, ғылымға, азаттыққа үндеу болды.
Сондай-ақ өздері жүріп өткен өмір тарихынан
өлең шежіре жасап қалдырды. Тұңғыш ақын
Тауданбек Қабаұлы Шығыс Қазақстан жерінен
сүйгені Жайлыбаланы алып қашып, Алтай
жерінен жігітті жылы шыраймен қарсы алады.
Тауданбек Қабаұлының:
Болғанда таудан найман, тастан найман,
Мен Тауданбек болғалы бірталайдан.
Атамекен артта қалып, арман жұтып,
Жылқышыға сіңгенім осы жайдан [2,4], –
деген өлең жолдары ақынның Қазақстан жерінен
Алтай тауының теріскей бетіндегі қазақтар ара-
сына келіп өмір кешкендігін дәлелдейді.
Бұл өлкеге қазақтар тұрақты қоныстанған
кезден бастап-ақ, адамдардың рухани, ішкі
ақыл-ой қажеттігін өтейтін, өздері басып
өткен тарих, өмір, белгілі оқиғаларды арқау
еткен әдебиет туындыларын жазу өмірдің
қажеттілігінен туды. Сондықтан өлең боп өріл-
ген өмір ақындар туындыларынан мол көрініс
берді.
Тауданбек ақын өз өлеңдерінде сол кез-
дегі өмір шындығын өрім етеді. Әлді мен
әлсіздің арасындағы теңсіздікті көрсете келіп,
әлеуметтік теңдікті талап етеді. Ақын «бақ
қайтқанда адамнан пейіл кетеді» [3, 11] атты
өлеңінде адам болмысына үңіледі. Пейілі кетіп,
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
37
араны ашылған адам қандай болмақ? Ара-
ны ашылудың арты жақсылыққа апармайды.
Қанағат жоқ жерде дүниеқоңыз тойымсыздық
бой көтереді. Бұл – адамгершілікке дақ түсірер
жаман әдет. Сондықтан адам дейтін ардақты
атқа лайықты бір жолы пейіл-ниетті түзеп, адал
еңбек ету екенін айтады. Қоғамдық-әлеуметтік
қайшылықтарды аң ғара білген ақын үнемі
имандылық пен ізгілік ті дәріптейді.
Тауданбек – ірі айтыс ақыны, оның Ыбысжан,
Есбосын, Жолды, Мешел, Деңсікбайлармен ай-
тыстары белгілі. 1908 жылы қайтыс болады.
«Ақыт Үлімжіұлы қазақтың біртуар перзен-
ті, кемеңгер, ойшыл, ұлтшыл қайраткер,
бос тан дық жолындағы жарқын күрестің
көшбасшысы болды. Алтай мен Қобдадағы,
яғни Моңғолия мен Қытайдағы қалың қазақтың
саналы тұлғасы боп танылып, Абаймен тұстас
өмір сүріп, өшпес әдеби мұрасын қалдырған –
данагөй ақын» [4, 12].
Ақыт ақынды Алтай, Қобда қазақтарына
ортақ ақын деуіміздің себебі – Ақыт Алтайдың
Көктоғай (Қытай жері) деген жерінде туып,
балалық шағын сонда өткізгенімен:
Алтай тау, Қобда, Сауыр, Бәйтік Боғда,
Ерентау, Сантай, Бөкен тұрмыз сонда.
Алшаңдап азғантай жыл кеңдік көрген,
Байытқан берекелі қайран Қобда [5,12] б., –
деп өзі жырлағандай, жігіттік шағын, саналы
өмірінің көптеген жылдарын Қобда бетте, яғни
моңғол жерінде өткізеді.
«Ақыт ақынның ұлылығы – оның мешеулік
пен отаршылық бұғауы торлаған Алтай, Қобда
қазағы ның мәдениетін әлеуметтік биікке кө-
теріп, алып шығуында жатыр. Ислам дінін
кең таратып қана қоймай, қазақ халқының
бостандығы, теңдігі, мәдениеті жолындағы
күресте оның адастырмас бастаушы екендігін
жұртына уағыздауында, ұқтыруында жатыр.
Ол осынау зор мақсат үшін халқымыздың өлең-
шіл қасиетін дарындылықпен де, дана гөйлік-
пен де пайдаланды» [3,6], – дейді ғалым Қ.
Қалиасқарұлы.
Ақыт ақынның «Қалам, сия – көз жасы»
атты толғауы халқын оянуға шақырып, ұлы
Абаймен, өз тұстасы Шәкерім, Сұлтанмахмұт,
Мағжан, Міржақыптармен үндеседі:
Талаптылар ой ойлан,
Мынау қалай, япырым-ау?
Ұйқыдан көтер басыңды,
Өнерге көндір жасыңды...[6,15].
Ақыт ақын қазақтың ұлттық мүддесін
жоқтап, «Елім» деп жырлар жазды.
«Есептесер күн болар» атты толғауында
күпірлік, тәкаппарлық, қараулық қатарлы
кесірлі мінездер талай ғасыр бойғы тарих
тағылымдарымен шендестіріліп беріледі:
Патшамын деп ойласаң,
Сүлеймен де өткен дүниеден.
Төремін деп ойласаң,
Ескендір де өткен дүниеден.
Күштімін деп ойласаң,
Ғали Арыстан, Қаһарман,
Олар да өткен дүниеден [6.12].
Ақыт қажы мәңгілік – ақыреттік дүниені
де жалықпай жырлады. Әсіресе «Хиямет аху-
ал» – «Ақырет баян» қиссасында ұжмақ пен
тозақты сенімді әрі әсерлі айшықпен суреттеді,
мұсылман баласын ислам дінін қастерлеп, бес
парызды мүлтіксіз орындауға шақырды.
Ақыт шығармаларының тақырып аясы ора-
сан кең де, дені имандылық, адамгершілік
тәр бие беруді көздеген, тілге оралымды, ой-
ға қонымды, көркем болып келеді. Ол өзінің
адамгершілікті, бірлікті ту еткен жыр-дастан-
дарында қазағының озық та биік, білімді де
мәдениетті ел болуын аңсады.
Г. Субханбердина, Қ. Қалиасқарұлы, З. Сейіт-
жанұлы, Қ. Мұхамадиұлы сынды зерт теуші-
ғалымдардың мәлімдеуіне қарағанда, Ақыт
ақынның мұраларының көбі ұзақ көлемді жыр,
толғаулар мен қисса, дастандар болып келеді.
Көптеген дастандары басылып шығумен қатар
бірталай жырлары қолжазба күйінде ауызша
тараған. Ақыт қажы Алтай, Қобдаға келген та-
тар, ноғай, қазақ саудагерлері (Ғабдолқадыр,
Ғабдоллақабылұлы, Ахметкәрім, Кәрімберді,
Бабаев т.б.) арқылы кітаптарын Қазанға жіберіп
бастырған. Ақыттың қисса, жырларының көбін
Шамсиддин Құсайынов және оның мұрагерлері
бастырған. Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақов
Алтайскийдің Қазан қаласында 1891-1914 жыл-
дары жарық көрген кітаптары мыналар:
1. Хисса и Жиһан шаһ Тамузшаһұғлы.
Ақид уәләд Өлімжі Алтайский (Қарымсақов).
Бастырған – Мұхаммеднәжиб Ғалиакбарұғлы.
– Қазан: университет табиғханасы, 1891.
2. «Тәржіма – и Ақид Уәләд Ұлымжыұлы Ал-
тайский». Бастырушы: Мұхаммеднәжиб Ғали-
әк бәрұлы. Қазан: университет баспасы, 1897.
3. Хисса – и Сейфулмәлік. Бастырған –
Ш. Құсайынов мұрагерлері. Қазан: Домбров-
ский баспасы, 1909.
4. Әхуал – и қиямәт. Мулла Ақит бин Үлімжі
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
38
Алтайский. – Қазан: Матбәғә и Кәримия, 1908.
5. Мунақиб пиран ғазизан. – Қазан: универ-
ситет табиғханасы, 1909.
6. «Әбъат ғақлия». Үшбу әбъятлар Алтай
жерінде Керей елінде молла Ақит Ұлымжыұлы
ұғлының тасниф-ойларынан-дүр. Бастырған –
Ш.Хусаинов мұрагерлері. Қазан: Домбровский
баспасы, 1909 т.б.
«Ақыт қажы ғұмырында аса көп шығармалар
жазып, артына өшпес мұра қалдырды. Ақынның
әдеби шығармалары кемінде жүз баспа табақ
немесе сегізден он том болуы мүмкін», – дейді
ғалым Қ. Мұхамадиұлы. [4,12.]
Ірбітұлы Оңашыбай (1892-1953) – қазақ
әдебие тінің өкілдерінің бірі. «Ол ХХ ғасырдың
алдыңғы жартысында осы өлке қазақтарының
өмірі мен тарихының куәгері болды. Талантты
ақын назарынан өлке қазақтарының басындағы
әрбір оқиға қалт кетпеген, өз тарапынан
қорытынды жасап, оны жыр тілімен білдіріп
отырды».
Жаламаны өлтіргенде айтқаны:
...Есіктің алды тал еді,
Еліне тыныш жан еді.
Құдай атқыр Жалама,
Не жазығы бар еді?
Айдалып, қырдың, қираттың,
Өзіңді атсын қан енді!
Жалама (Да-лама – 1911 жылы Қобда
қазағының басына қырғын салған моңғол фео-
дал билеушісі) бастаған жендеттердің қазаққа
салған ауыр күндерін сынап, жауыздыққа
қарсы батыл үн қосады.
1. Оңашыбай ақынның шығармаларынан
бұл өлкедегі қазақ әдебиеті өкілдерінің руха-
ни өмірінде болған өзгерістер, шығармашылық
деңгейі т.б. жайлардың бейнесін байқауға бола-
ды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ
ғасырдың 30 жылдарына дейін өмір сүрген
қазақ диаспорасының көрнекті ақындары өз
заманының өткен-кеткенін, бастан кешірген
айтулы оқиғаларын өлең-жырларында өзек
етулері – сол кезеңнің шындығын паш еткен-
дігінің айғағы. Бұл – өткен қоғамның тарихын
жырлау, рухани нәр беру, анығырақ айтсақ, сол
заманның шынайы болмысын, бет-бейнесін
көрсету еді.
Бабажұрттан шалғай өлке топырағында бұл
фәнидің тұзын тауысса да, «қазағым, туған
халқым, Азаттыққа жетсе, бірлік пен ынтымақ
болса» деген үкілі үміттерін болашақтың арай-
лы таңдарына артып, ұрпақ-жұрағаттарға жау-
һар жырларын аманаттап өткен Ақыт қажы,
Тауданбек, Оңашыбай, Төлебай сынды тарлан
таланттар туындыларының тәлім-тағылымдық
мәні зор. Ұлан байтақ дала төрінде көшіп-қонып
жүріп, өлеңнен өмірлерінің шежіресін жасаған
ақындардың төл әдебиетінің көне нұсқалары –
бар қазаққа ортақ мұра. «Дүниеде қазақ деген
ұлт, қазақтікі деген атажұрт, қара шаңырақ,
қазақтың мәдениеті деген тіл, мәдениет біреу
ғана» [1,4], – деп жазды тарихшы ғалым
З.Қинаятұлы.
Қысқасы, Моңғолия қазақтары жасаған
әдеби мұра – олардың қазақ әдебиетіне қосқан
үлесі, қазақ ұлтының ортақ қазынасы.
1940 жылы Моңғол Халық Республикасының
жаңа әкімшілік бірлігі Баян-Өлгий аймағын
құрды. Ол әдебиет пен өнерді өркендетудің жаңа
болмыстарын қалыптастырды. Ұлт аймағы бо-
лып бас біріктіргенде, соның рухани жаршысы
ретінде қазақ тілінде «Өркендеу» газеті, 1958
жылы әдеби-көркем «Шұғыла» журналы жарық
көрді. Бұл жағдай қазақ қаламгерлерінің басын
біріктіруге әсер етіп, 1955 жылы қаламгерлер
үйірмесі құрылды.
«Моңғолия қазақтарының жазба әдебиеті
1940 жылдардан бастап бой көрсетіп, бұл
күндері шығармашылық тұрғыдан қалып-
тасып, толысқан әдебиетке айналды», – деп
тұжырымдайды ғалым Қ. Қалиасқарұлы [3,3].
Осы тұжырымға бүгінгі күн тұрғысынан
қарасақ, көп мәселені аңғартатын сияқты...
Ғалым Қ.Мұхамадиұлы: «Қазіргі кезге
дейінгі зерттеу еңбектерде көбіне «Моңғолия
қазақтарының жазба әдебиеті 1940 жылдан
бастан бой көрсеткен», – дегенді жазып келді.
Олай болса Қазақтың абақ-керей тайпасы-
нан туып шығып, жазба әдебиетінің шексіз
мол мұрасын жасаған Ақыт қажы Үлімжіұлы
Қарымсақов-Алтайский
тағы
басқаларды
қайда қоямыз? Ал 1940 жылдарға дейін
Моңғолиядағы жазба әдебиеті үзіліп қалмады.
Тек саяси-экономикалық жағдайларға байланы-
сты өз шығармаларын баспа бетінде жариялай
алмай өткендері көп болды» [4,12], – деп өткен
уақыт сырына сын көзбен қарап, орынды пікір
айтады.
Моңғол қазақтарының жазба әдебиетінің
негізі халық революциясынан бұрын Ақыт қажы
Үлімжіұлының 1891 жылы Қазан қаласында өз
кітабын бастырып, шығарған кезінде қалағаны
белгілі [7,4]. Ендеше, «Моңғолия қазақтары
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
39
әдебиеті (поэзиясы) 1940 жылдан бастап бой
көрсетті, 1950 жылдары жаңа қазақ жазба
әдебиеті туып шықты» деген пікірлер біржақты,
ұшқары айтылған.
Алайда 1940 жылдан бастап жазба әдебиет
емес, тек «жаңа тұрпатты» (яғни социалистік
революция жеңісінен кейін) әдебиет (поэзия)
дамудың жаңа жолына түскендігі шындық еді.
Бұл тұста поэзия жетекші жанр болып,
бірнеше ақындардың есімдері белгілі бола
бастады. 1941 жылы қазанда «Өркендеу»
газетінің шыға бастауы жас әдебиеттің туу,
өсу жолында маңызды рөл атқарды. Көлемі
шағын бола тұра оның алғашқы сандары-
нан бастап-ақ әдеби туындыларға кеңінен
орын беріліп отырды. Жаңа әдебиеттің негізін
қалаушы алғашқы қарлығаштары – А.Бабиұлы,
Қ. Мұхамәдиұлы, А. Жұмажанұлы, Қ. Құмарұлы,
М. Құлыбекұлы, Д. Дікейұлы, Ш. Нығышұлы
бастаған аға буындар ең әуелі «Өркендеу»
газеті арқылы жұртшылыққа танылды.
1942 жылы аймақтың баспасынан латын
әрпімен тұңғыш әдеби кітап «Өлеңдер жинағы»
деген атпен басылып шығуы – қазақ тілінде
әдеби кітап шығарудың алғашқы игі қадамы
болды. Жекелеген қаламгерлерден ең алғашқы
өлең жинағы Жұмажанұлы Арғынбайдың
«Тақтақтар» атты кітабы 1949 жылы шықты.
Жас қазақ жазба әдебиетінің тез есеюіне
1960 жылдан бастап қазақстандық бүкіл
баспасөз өнімдері мен әдеби туындылардың
халықаралық кітап саудасы арқылы тұрақты
келе бастауының да зор маңызы болды. 1968
жылы өкімет қаулысымен Қазақ жазушылар
бөлімшесі құрылды. Осы сияқты іс-шаралар
әдебиеттің тез арада қалыптасып, дамып
кетуіне әсер етті.
1950-1980 жылдар аралығында әдебиетке
Қазақстан мен Моңғолияның жоғары оқу орын-
дарынан білім алған талантты жастар келіп
қосылды. Бұлар көркем әдебиеттің дамуының
қозғаушы күштеріне айналды. Әдебиет даму
ың жаңа жолына түсіп, қаламгерлер қатары
артты. Олар: Д.Қалаубайұлы, К.Құмарұлы,
А.Алақанұлы, И.Байбатырұлы, К. Жаңжұңұлы,
К. Ілиясұлы, Т. Құрманмолдаұлы, Қ. Жұма-
хан ұлы,
Р.Зұрғанбайұлы,
З.Мәулітұлы,
Ш.Қат шан ұлы, Я.Ілиясұлы т.б. уақыт өткен
сайын қаламгерлер қатары жаңа есімдермен
толығып отырды. Бұл жылдары әдебиетке
дайындықпен келген жастардың қаламынан
тың, соны шығармалар туды. Бұл ақындар
шығармаларының басты тақырыптары – сол
тұстағы қазақ халқының тыныс-тіршілігі
мен заман өзгерістері болды. Моңғолияның
бір аймағын мекен еткен халқы жергілікті
ұлттармен тағдырлас болды. Ел өміріндегі
қоғамдық-әлеуметтік
өзгерістерден
сырт
қалмады.
Бір айта кетер жай партияны, Ленинді,
Октябрьді жырлау бұл кезеңдегі қазақ совет
әдебиетінің де басты сарыны болатын. Бұл
жағынан алғанда, Қазақстан мен Моңғолиядағы
қазақ әдебиеті үндестік байланыста болғанын
байқаймыз.
Сонымен қатар бұл кезең поэзиясының өзек-
өріміне айналған тақырыптың бірі – халықтар
достығы. Бұған да аға буын ақындардан бастап,
соңғы буын өкілдеріне дейін жыр арнаған.
Абай, Ыбырайлардан бастау алған еңбек
тақырыбы Моңғолиядағы қазақ поэзиясының
арналы өзегі болған.
Аймақ поэзиясының өзекті тақырыптарының
бірі – табиғат лирикасы. Ақынның өлеңдеріндегі
сыршылдық жанды қысы мен жазын, күзі мен
көктемін, буырқана бұлқынған өзені мен айна-
дай көлін, биік таулары мен орманын – бәрін
сан түрлі бояумен келісті суреттейді.
Табиғат суретін салуға шебер ақындарының
бірі – Тойлыбай Құрманмолдин. Ақынның
өлеңдеріндегі сыршылдық жанды суретпен
образдылыққа ұласады. Дара қолтаңбасын та-
нытатын айшықтардан қазақ болмысына тән,
тыныс-тіршілік әрекеттерін, салт-санасын бе-
дерлеген көркем де келісті айшықтауларды
көптеп кездестіруге болды. «Ару Алтай –Ана
Алтай» өлеңі:
Шомбал таулар шоқтықты, шүйделірек
Ол жайында естимін күй көбірек.
Күн қадайды жап-жарық қарашығын,
«Бұл жалғанда бір өзің сүйгенім,» – деп,
Балуан Алтай шоқтықты шүйделірек.
Немесе:
Тас та мұнда айшықты, бейнелірек
Бұлттың қаны ысиды кейде еңіреп...
Су ішеді кешкілік қос шалқардан
Сынық мүйіз, сиыр тіл ай мөңіреп,
Тас та мұнда бедерлі бейнелірек.
Табиғат көркін сан түрлі бояуларымен
жандандыра тартымды суреттейтін өлеңдер
И.Байбатырұлы шығармаларында молынан
ұшырасады. Ақын табиғат құбылыстарын
үлкен суреткерлікпен бейнелеп, оқырманның
көркемдік таным әлемін кеңейте түседі. Ол
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
40
«Теңіз» атты өлеңінде теңіз көрінісін былайша
бейнелейді:
Жел тұрса жон терісі иректеліп,
Атады ақ көбігін сүйреп келіп.
Жел тынса жайланады, ойланады,
Жүзінің әжімдері сиректеліп [11,21].
Бір шумақ өлеңде поэзияға тән нәзік сезім
бар. Көз алдыңа сырлы теңіздің әдемі суретін
әкеп береді. Бұл – тек суреті ғана емес, бүгінгі
өмірдің бет-бедері, арынды ағысы мен толқыны.
«Көктем таңы» өлеңінде де ойды образбен
айтуға бейімділік байқалады:
Сал көктем, сен де осынша киелі ме ең?
Таулардың тер сорғалап иегінен.
Оянып ұйқысынан маңғаз дала
Жыртылып өзен жатыр жиегінен [9,20], –
деген жолдарда, бірінші, ақынның шеберлігін
өлеңмен өрнек салу, құбылысқа қимыл беруінен
байқасақ, екінші, бұл – үлкен сезімталдық пен
талғампаздық нышаны. Әсем сурет пен әдемі
құбылыстың үйлесімі сәтті көрініс тапқан.
Ақын «Күз суреті», «Тағы да көктем күле кеп»,
«Асыға жүгіргенде бұлақ қырдан», «Шапа-
нын тыстап киіп бүліспенен» т.б. туындылары
арқылы табиғаттың тылсым тамаша бедермен
бейнелейді.
Зүлкәпіл Мәуліұлы «Жаңбыр. Жайлау.
Мен» деген өлеңінде табиғат құбылысын ауыл
өмірімен қабыстыра суреттей келіп:
Тағы да пайда болып таспа бұлақ,
Тағы да секіреді тасқа құлап.
Тек қана ақбас таулар міз бақпайды,
Болар ма ем мен де
сондай асқағырақ! [12,24], –
деп түйіндейді. Ақынның суреткерлік ұшқыр-
лығы бірден аңғарылады.
Көшпелі елдің дағдылы тіршілігі де қаға
беріс қалмаған. Табиғат көріністерін бейнеле-
генде нақтылық, дәлдік және оны жандандыру
ұштасқан кезде суреткер әрі табиғат әдемілігін
аша түседі, әрі сыр-сезімін жайып салады.
Дүниені өзгеше қалыпта елестетеді. Бұл да –
сурет.
Моңғолиялық қазақ ақындарына тән басты
бір ерекшелік – табиғатты кескіндеуде қазақ
халқына тән тыныс-тіршілік, әдет-мінез, салт-
дәстүр белгілерін молынан қолданатындығы.
Яғни ұлттық болмысқа тән бояудың көптеп
кездесетін тұсын айтпай қоюға болмайды.
Моңғолиядағы қазақ поэзиясына тән бас-
ты бір ерекшелік: ақындар жырларының бой-
ында Абай салған образдылық, бейнеліктің
сан алуан қырлары, бір мағына емес, бірнеше
мағыналылықтың сырларының болуы. Яғни
Абайдан бастау алған табиғатты жанданды-
ра бейнелеу дәстүрі жалғастық тапқан. Аймақ
ақындарының шығармаларында табиғат лири-
касы сүбелі орынға ие. Сондай-ақ табиғат ту-
ралы өлеңдердің көбі-ақ адамның сыр-сезімін
дөп басатын айшықты туындылар десек, асыра
айтқандық болмайды. Мұндай даралық әсіресе
1960-70 жылдары әдебиетке келген бір шоғыр
ақын мұраларынан анық аңғарылады. Олар
И. Байбатырұлы, К. Жаңжүңұлы, Қ. Жұмахан-
ұлы, Қ.З. Мәуліұлы, Т. Құрманмолдин, Қ. Арыс-
бай ұлы т.б.
Имашхан ақынның «Жаздың жайлы
кешінде» өлеңінен үзінді келтірейік:
Жылқышы да көрсем деп құдашамды,
Бір сұғымға жылқысын бұра салды.
Күн жеңгетай болды, құбылаға
Қызғылтым шымылдық құра салды [9,24], –
деген жолдардағы малшы ауылдың кешкі
көрінісі бейнелі суретімен әсерлі.
Ақындардың табиғат лирикаларын оқып
отырғанда, ең алдымен, Абай, Шәкерім,
Мағжан лирикалары ойымызға оралады.
Абайдың атақты «Жаз» өлеңінде қозғалыстағы,
яғни көшпелі қазақ жазы көрініс таба-
ды. Бұл өлең бойында махаббат та бар,
әлеуметтік ортаның тұрмыс-тіршілігі де бар,
философиялық ой тереңге тартқан, уақыт пен
кеңістіктің, дәстүр мен салт бәрі көз алдыңа
келеді. Абай жазған табиғаттың классикалық
үлгісінен тәлім алған Моңғолиядағы қазақ
ақындарының шығармаларында лириканың
бұл түрі көптеп кездеседі. Ақындардың табиғат
тақырыбына жазған өлеңдерінің көбі-ақ –
суреткерліктің жақсы үлгісіндей туындылар.
Қауия Арысбайұлының «Қаңтар» өлеңіне сәл
назар аударайық:
...Ұйып қалған айрандай,
Ұлпа қардың түс-түгі.
Таулар ұйықтап қалғандай
Тыныш жатыр қыс күйі [14,78], –
тәрізді бейнелі сурет, тың теңеу – осыған дәлел.
Табиғат – өмірдің бір сәттік көрінісі ой тезінен
өтіп сезім сырымен ұштасып жатады.
1990 жылдардан бастап моңғол қазақ
әдебиеті жаңаша бағытта дами бастады.
Тақырып ауқымы кеңейіп, идеялық тұрғыдан
биіктеп, көркемдік қасиеті жоғарылап жаңа
сапа, жаңа сипатқа ауысты.
Ақындар өлеңдерінде жаңа заманмен бірге
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
41
елдің оянуы, өмірге еңбек пен шаруаға жаңа
көзқарасы, уақыт-кезең көріністері, рухани
сілкінісі баяндалады. Әрі осы кезеңнен бас-
тап Моңғолиядағы қазақ ақындарының негізгі
тақырыбы – бүгінгі күн тақырыбы болып келді.
Келмеске кеткен кеңес қоғамының бет-
бейнесін Зұрғанбайұлы Рысбек ақын асқан
шеберлікпен береді. Ақынша айтқанда, «пату-
асыз айқай», жалаң ұран, жалған насихаттың да
уақыты өтті:
Тұңғиыққа тартады ғасырлардың қойнауы,
Күн түбінен көз арбап батырлардың байрағы.
Көк Тәңірі жебеген көк сүңгілі Күлтегін.
Көкірегімнің төрінде көк бөрідей ойнады
[16,45.].
Өлеңіндегі ой оралымдары, сөз жоқ, ақын-
дық қолтаңбаны танытады. Қысқасы, жаңа за-
ман туды. Бұрынғы заман өзгерді.
Махаббат лирикасы – қашанда пәк жүректің
сезімін сол махаббатқа деген адалдық пен
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Қинаятұлы З. Жылаған жылдар шежіресі.– Алматы: Мерей, 1995–298 б.
2.Қалиасқарұлы Қ. Монғолиядағы қазақ зиялылары // Шалқар.– 1993. – №21–12– бб.
3.Қалиасқарұлы Қ. Монғолия қазақтарының әдебиеті.– Өлгий, 1993.– 85 б.
4.Мұхамадиұлы Қ. Монғолиядағы қазақ этникалық тобының қалыптасуы мен дамуы. – Алматы: 2000. 448 б.
5. Замана жыршылары // Құрастырған Қалиасқар Қ, Қажыбайұлы С. –
Өлгий, 1989.
6. Ақыт қажы. «Ғахилия»// Құрастырған Шынай Рахметұлы. Өлгий, 1992. 256 б.
7. Сейітжанов З. Ақыт ақын. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. 127 б.
8. Жаңжүнұлы К. Жауқазын. – Өлгий, 1981. – 54 б.
9. Байбатырұлы И. Алтын сарай. – Өлгий, 1989. –150 б.
10. Негимов С. Тойлыбай толғаныстары // Қазақ әдебиеті. – 1998. – 18 ақпан.
11. Байбатырұлы И. Жаңа өлеңдер // Шұғыла. – 1989. №3.–19–23 бб.
12. Мәулітұлы З. Ғашық жүрек. – Өлгий, 1988. – 82 б.
13. Жұмаханұлы Қ. Іңкәр сезім. – Өлгий, 1982. – 127 б.
14. Арысбайұлы Қ. Жол басы. – Өлгий, 1969. – 172 б.
15. Байбатырұлы И. Жаңа өлеңдер // Шұғыла. –1991. – №3.–76–77 бб.
16. Зұрғанбайұлы Р. Ғалам, саған ғашықпын. – Өлгий, 1987.– 186 б.
17. Жаңжүңұлы К. Қош, Көктем. – Өлгий, 1992. – 198 б.
18. Жаңжүңұлы К. Маусым. – Өлгий, 1981. – 54 б.
19. Тоханов Б. Жыл жемісі // Шұғыла. – 1989. №1. – 80 б.
20. Искаков М. Халық календары. – Алматы: Қазақстан, 1980. – 318 б.
айнымастықты, мұң мен сырды, ынтызарлық
пен сағынышты, күту мен қоштасуды сол бір
тұңғиық тереңнен тартып жүректен-жүрекке
жеткізетін поэзия. «Махаббатсыз – дүние бос,
хайуанға оны қосыңдар», – демей ме ұлы Абай?!
Әрбір түйсік-сезімі бар адам біреуді жақсы
көру немесе жек көруден тысқары тұра ал-
майды. Өмірде болсын, өнерде болсын,
сүйіспеншілік қастерлі сезім. Әсіресе адам
жанын нұрландырар күшке ие. Осы тұрғыдан
келгенде аймақтағы қазақ әдебиетінің бір
тақырыбы – сүйіспеншілік. Арыдан арна
тартқан бұл тақырып өзінің дәстүрлі жалғасын
тапты.
Түйіндей
келгенде,
бұл
аймақтағы
қазақ әдебиетінің барлық жанрлары да-
мып, қалыптасқан іргелі әдебиеттің біріне
айналған.
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
42
Сіз түске таяу басталған, содан кейін үзіліс
жарияланған, жұрт тамақтанып қайтқаннан
кейін қайта жалғасқан, сөйтіп, бас-аяғы бес
жарым сағатқа созылған концертті көріп пе
едіңіз? Көре қоймаған шығарсыз. Біз көрдік.
«Сондай бола ма өзі» деп отырған шығарсыз.
Болады. Егер ол концертті қазақтар қойса.
Егер ол концерт қазақтар үшін қойылса. Егер
ол концерттің залында атамекеннен кел-
ген сүйікті орындаушыларын сағына тосқан
қазақтар отырса.
Жексенбінің кешінде Данияның Аархус
қаласында Еуропа қазақтарының кіші құрыл-
тайы аяқталды. Біз айтып отырған концерт
құрылтай қонақтарына арналған еді. Түске дейін
осындағы аз үй қазақтың ұл-қыздары әлдері кел-
генше ән шырқады, бұралып би биледі, түстен
кейін сахна төрі Қазақстан өнер шеберлеріне
«МЕН – ҚАЗАҚ»
ДАНИЯДА ЕУРОПА ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ
КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ ӨТТІ
тиді. Әуел бастағы концерт бір сағаттың о жақ,
бұ жағында аяқталады дегеніміз, қол босаған соң
кешкі қаланы аралап қайтпақ ойымыз жайына
қалды. Түстен кейінгі концерттің өзі артық-кемі
жоқ үш сағатқа созылды. Ұлттық өнеріміздің
бүгінгі жарық жұлдыздары – Қыдырәлі Болманов
пен Қарақат Әбілдина, қоңыр дауыстарымен аз
жылдың аясында-ақ қалың қазақтың жүрегін
жау лап үлгерген «Қоңыр» тобы тыңдаушы-
лардың құлақ құрышын қандырды, қыза-қыза
келгенде концертіңіз кәдімгі тойға айналып, әнге
қосыла билеген жұрт тіпті сахнаға да шығып
кетті. Бұл нені көрсетеді? Алыстағы ағайынның
атажұртты аңсаған сағынышы басылмағанын
көрсетеді. Қазақтың бірлігін, ынтымақшыл
тірлігін көрсетеді.
Біз Данияның Копенгагеннен кейінгі екінші
қаласы саналатын Аархусқа жұманың кешінде,
ЕУРОПА ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ
43
сол күні таңсәріде Алматыдан шығып, Мәскеу,
Гамбург арқылы жеті сағаттай ұшып, Гам-
бургтен бері қарай автобуспен бес сағаттай
жүріп, кештетіп жеткен болатынбыз. Кешкі
дастарқаннан кейін ұйқыға құлай кететіндей
көргенбіз. Қайдан сағына тосып отырған ағайын
қиылып отырып Қыдырәлі мен Қарақатқа
бірнеше ән орындатқызды, өздері де ауылдың
алтыауызын айтты. Әуелде:
Аужар басын сұрасаң, былай болар, жар-жар-ай,
Қой көшкенде тынық су лай болар, жар-жар-ай.
Жылама деп айтасың, маған халқым, жар-жар-ай,
Ата-анадан айырылған қалай болар, жар-жар-ай,
деген сияқты аужардан бастап еді, бара-бара:
Айт десеңіз айтайын пайдаменен,
Бұрынғыдай заманым қайда менің?
Ағайыннан айырылып, қайғы жұттық,
Тілім-тілім жүрегім, қайран елім, –
деп тұрып аңыратты-ай келіп. Сай-сүйегіңді
сыр қырататын сол сырлы сарынды тұтас кел-
тіріп жатуға орын тар. Диктофонымызда
қалған ол шумақтарды айтқан апамыздың аты –
Қалима. Мюнхеннен келіпті. Алты баласы бар:
үш қыз, үш ұл. Қытайдың Баркөл жағынан 1954
жылы Түркияға өткен екен. Аужарлатып алды-
мен айтқан апамыздың аты – Амангүл. «Құдай
Ауғанстанда берген мені. Қашып барғаннан
кейін бір жылдан кейін бе, екі жылдан кейін бе
туыппын. Аман-сау өттік деп атымды Амангүл
қойыпты», – дейді апамыз. «Сүйегіміз – Әлім.
Жанғожа деген бар емес пе? Сол кісі – біздің
бабаларымыз. Шекті Жанғожа. Маған бірақ бұл
жақтан шекті табылмады. Шешем керейіттің
қызы еді, бұл жақта керейіт те жоқ екен.
Басқаларға ағайын табылды, маған табылма-
ды», – деп жас адамдай жарқылдап күліп қояды
өзі. «Онда қазақтың бәрін ағайын деп санаңыз»,
– дейміз. «Сөзің рас, шырағым, қазақтың бәрі
– ағайын ғой», – деп қайтадан сабырлы, ойлы
қалпына түседі. Осындағы бар шаруаның басы-
қасында Амангүл әженің немересі Нұрарман жүр.
Келген күні қазақстандық делегация мүшелерін
қала мэрі Яаков Бундсгаардпен кездестіріп
жүрген де – сол жігіт. Нұрарман осындағы
іскер топтардың біразын демеушілікке тартып,
солардың логотип терін буклетке шығарып та
қойыпты.
Мұндағы қай адаммен сөйлессеңіз де,
толған бай-тебіренбей қала алмайсыз. Бәрі разы.
Шүкір шілік айтады. Бүгінгі бақытқа тәубе
дейді. «Әкемнің туып-өскен жері – Қармақшы,
өзім Ауғанстанда туғанмын. Одан Түркияға,
одан Керманияға өткенбіз. Төрт балам бар,
ағайынды көріп қуанып жатырмыз. Отанымызға
тыныштық берсін, патшамызға ұзақ өмір
берсін. Еліміздің туын көтеріп келгендеріңізге
рақмет. Сіздердің қызметтеріңізде жүрміз. Алла
тағаланың арқасында амандықпен осылай жүре
берейік», – деп тілегін ақтарады Тәура Қарабазар
деген апай.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тың құрыл-
тайға қатысушыларға құттықтауын Дүние жүзі
қазақтары қауымдастығы Төрағасын ың бірінші
орынбасары – Талғат Мамашев оқып берді.
ЕУРОПА ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ
44
Онда:
Ардақты ағайын, қадірлі бауырлар!
Қазақ халқының басынан алыстағы ағайын
араласудан, бауырлар барыс-келістен қол үзіп
қалған небір нәубет замандар өтті. Еліміз
егемендік алған соң ғана жоғымызды іздеп, бары-
мызды түгендеуге қолымыз жетіп, Қазақстан
төрткүл дүниеге тарыдай шашылған халқын
іздеген бірден бір елге айналды.
Ата-баба арманына адал Сіздер қанша ұрпақ
ауысса да, ұлттың ұлы рухын уыстарыңызда
ұстап, атажұртқа деген ықыласты ыстық
сезім деріңізді жоғалтқан жоқсыздар. Бүгін,
міне, ағайынмен араласып, жұрағатпен жүз-
десу үшін Дания мемлекетінің Аархус қаласында
бас қосып, арқа-жарқа қауышып жатырсыз-
дар.
«Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі
бос» деп ұлы Абай айтқандай, бұл құрылтайдың
қандастарымыз үшін маңызы зор.
Елден жеткен жаңалыққа елеңдеп отыра-
тын дарыңызды білемін. Күні кеше тәуел сіз-
дігінің 20 жылдығын атап өткен Қазақстан
бүгінде сая си кемелденген, экономикалық
күш-қуаты мол, қоғамдық тұрақтылықты
тұғыр еткен мемлекет. Астанамыз қазіргі
кезде әлем елдерінің басшылары жиналып,
жаратылысқа ортақ мәселе талқылайтын
ордалы орталықтың бірі. Еуропа қауіпсіздік
және ынтымақтастық ұйымы мен Ислам
ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету
арқылы Қазақстан Батыс пен Шығыс ара-
сын жалғастырушы шынайы көпірге айналды.
Еліміздің әлемдік қауымдастықтағы орыны
жыл өткен сайын айқындалып, абыройы аспан-
дай түсуде.
Құрметті бауырлар! Сіздерді қай уақытта
да құшақ жайып қарсы алатын елдеріңіз барын,
сүйенгенге тірек, іздегенге пана болар жерлеріңіз
барын әрдайым естен шығармаңыздар.
Құрылтайда халқымыздың болашағына қа-
тыс ты маңызды мәселелер талқыланатынына
сенемін.
Жиын жұмысына табыс, жиналған ағайын-
ға аман-саулық тілеймін.
Атажұрттан жеткен жүрекжарды ыстық
сәле мім ді қабыл алыңыздар! – деп жазылған
болатын.
Құттықтауды мұндағы жұрт демін ішіне
ала тыңдады. Осы жауапты қызметті біраз
жыл дан бері абыроймен атқарып келе жатқан
Талғат Асылұлының ел сәлемін жеткізуі де
толқытарлықтай болды. Қазақстан Республика-
сының Германиядағы Төтенше және өкілетті
елшісі Нұрлан Онжановтың сөзі де әсерлі
шықты: «Осыдан талай жыл бұрын, сексенінші
жылдардың басында Берлиндегі Гумбольдт
университетінде оқып жүрген кезімде мен
алғаш рет шетелдік қазақ диаспорасының Ба-
тыс Берлиндегі өкілдерімен танысқан едім.
Бүгінгі мерекеге солардың кейбірінің балалары
қатысып отыр», – деп бастаған Нұрлан бауыры-
мыз: «Ай көрмесең – ағайын жат, жыл көрмесең
– жолдасың жат» деген нақыл сөзді мықтап есте
ұстаған қазағымыз сол ауыр жылдарда да бірін
бірі ұмытпады, жерлестік, туыстық байланыста-
рын үзбеді, құмға сіңген судай Еуропадағы басқа
ірі ұлттарға жұтылып кетпей, ұрпақтарының
жүрегіне Орталық Азиядағы қазақ деген ұлттың
өкілі екендерін, Қазақстан деген атажұрты бар
екенін мықтап құя білді. Енді, міне, жиырма
жыл бұрын қол жеткен тәуелсіздіктің арқасында
дүниеге тарыдай шашырап кеткен қазақ жина-
лып, ауылдан ат терлетіп арнайы үкімет делега-
циясы келіп, Дания жерінде ұлан-асыр той жаса-
лып жатыр», – деп кеңінен толғады.
Еуропа қазақтары кәрі құрлықтағы өзіміз
сияқты ағайындардың бізге қызыға, қызғана
қарайтынын жақсы біледі. Көп елдердің қан-
дастарға қарайласу, қолдау тұрмақ, қарауға
қауқары болмай тұрғанынан да хабардар. Ана бір
жылы, Мюнхендегі құрылтайға келгенімізде, сол
жиынға қатысқан белгілі өзбек жазушысының
бұл жайындағы пікірін репортажымызда
жазғанымыз да бар. Иә, Елбасының ойында
елдің қамы десек, сол көп қам-қарекеттің бел ор-
тасында отандастармен жұмыс тұр. Отандастар-
мен жұмысты тек оларды атамекенге оралтумен
тұйықтап тастауға болмайды. Олай қарасақ, осы
Еуропадағы бүкіл қазақ елге түп-түгел көшіп
барса да, жыртығымызды жауып тастамайтыны
белгілі.
Еуропа қазақтары үшін бүгінгі таңдағы ең
басты нәрсе – ұрпағының ана тілінен айыры-
лып қалмауы. «Мен ұрлық қылғанда, ай жарық
болды» дегендей, біз тәуелсіздік туын тігіп,
әлем айдынына шыққанда жаһандану желі
соға бастады, жаңадан мемлекет құра бастаған
біз тұрмақ, дербес тарихы ғасырларға кететін
елдерге де ұлттық дара сипаттардың шайылу
ЕУРОПА ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ
45
қаупі төне түсті, ол аз болғандай, қайта-қайта
қайырылып келіп тұрған қаржы дағдарысы кім-
кімді де бәрінен бұрын өз басының, тіршіліктің
қамын қаузауға мәжбүрлеп барады. Солай
болғандықтан, Даниядағы құрылтайда да ең көп
айтылған мәселе – тіл мәселесі.
Осы орайда елшіміз Н.Онжановтың бастама-
сы бойынша құрылтайға қатысушы жастардың
арасында «Қазақ тілін білесің бе?» деген атпен
конкурс ұйымдастырылғанын, оған қатысқан
қырыққа жуық ұл-қыздарымыздың жап-жақсы
сауаттылық танытқанын, оза шыққандарына
(бірінші орын ұлыбританиялық Сафа Жанал-
тайға, екінші орын франциялық Мәдина Үйсел-
ге, үшінші орын даниялық Әмір Аюбиге тиді)
мына жақтағы талай зиялының қолы жетпей
жүрген «Қазақтың мың әні», «Қазақтың мың
күйі», «Қазақтың батырлық жыры» сияқты аса
құнды диск дестелерінің сыйға тартылғанын
разылықпен айтамыз, алдағы құрылтайлар
өтетін елдердегі елшілер осы бастаманы
жалғастырып кетеді деп сенеміз.
Айтқандай, алдағы құрылтайлар демекші,
Даниядағы құрылтай осы істі бір жүйеге са-
лып бергенімен де есте қалуға тиіс. Біз осындай
құрылтайлардың талайына қатысқанбыз. Вес-
тероста да, Парижде де, Мюнхенде де, Ослода
да құрылтай аяғы келесі құрылтайдың орны
жөніндегі пікірталастарға ұласып кетіп жата-
тынын көргенбіз. Бұл жолы алдағы он жылдың
кіші құрылтайларын өткізудің жай-жапсары
қаралып, осы шаруаның тізбесі түзілді.
Сонымен, Еуропа қазақтарының кіші
құрылтайлары енді мына ретпен өткізіледі:
2013 жылы – Париж, 2014 – Амстердам,
2015 – Берлин, 2016 – Кельн, 2017 – Мюн-
хен, 2018 – Осло, 2019 – Лондон, 2020 – Вена,
2021 – Стокгольм, 2022 – Аархус. Бәлен жыл
бұрын біле тұрып, көңілдегідей дайындала
алмадық деп айта алмайтының анық. Бір атап
айтарлық жай, – биылғы кіші құрылтайға Пре-
зидент Н.Ә.Назарбаевтың тікелей тапсырма-
сы бойынша Қазақстан Үкіметі «Самұрық-
Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры арқылы қомақты
қолдау көрсеткен. Бір жағынан елшілік те
нақты қамқорлық жасаған. Сонымен бірге
бұл көмек ендігі жерде алыстағы ағайынды
«құрылтайларды Қазақстанымыз өткізіп беретін
болды ғой» деп босаңсытып жібермесе де-
ген алаң көңіліміз барын да жасырмайық. Бір
жақсысы, – көп дүниеге түсіністікпен қарау
белең алғаны. Талғат Мамашев басшылығымен
өткізілген дөңгелек үстелде көптеген мәселелер
нақты талқыланып, шешімін тапты немесе
шешімін табудың жолдары ойластырылды.
Бұрын келгендерімізде «Газетті қалай жазды-
рып аламыз, бағасы қаншаға түседі?» дегендей
сұрақтармен де мазалап жататын жұрт енді «Еге-
мен Қазақстанның» сайтынан мақалаларды сол
күні-ақ оқып алатын болғанына разылықтарын
білдіреді, ал біздің таяудағы екі айдан бері бұл
басылымның бүкіл әлемдегі қазақ атаулы түгел
оқи алатын тұңғыш газетке айналғанын, яғни га-
зет сайты үш әліпбимен – кириллицамен, латын-
мен және төте жазумен шыға бастағанын, ондағы
әрбір мақаланы бастырып алуға мүмкіндік бар
екенін айтқанымызға тіпті қуанысып қалды.
Әрине, қазақ – Африкада да қазақ. Мұн-
дағы ағайынға да біздегі бауырларының енжар-
лығы атымен тән емес деп айта алмаймыз.
Қауымдастық қамқорлығымен арнайы мұғалім
жіберіліп, қазақ тілін оқыту ұйымдастырылғанда
да әуелде біраз бала келген сол курстар айнала-
сы аз айдың аясында жабылып қалғаны, ондағы
негізгі себеп курс орналасқан жерге балаларды
жеткізудің қиындығы болғаны айтылды. Сонда
енді Қауымдастық балаларды таситын көлікке
дейін шешіп беруге тиіс пе? Мәжіліс депутаты,
тілдің танымал жанашыры Оразгүл Асанғазы өзі
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбаса-
ры қызметінде жүргенінде алыстағы ағайынның
балаларын жаз айларында елге алдыртып, тілдік
ортада қазақшаға үйрету тәжірибесі болғанын, оны
қайта жандандыру әбден-ақ мүмкін екенін айт-
ты. Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед,
Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай
сияқты ұлтжанды, білімді азаматтар барда тіл
мәселесінің көңілдегідей шешілеріне сенетінін де
білдірді. Филология ғылымдарының докторы Ше-
ЕУРОПА ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ
46
рубай Құрманбайұлы оқу-әдістемелік әдебиеттер
шығару ісіне Мәдениет және ақпарат министрлігі
тарапынан қамқорлық көрсетілетінін, шетелдер-
де тілді насихаттаудың бір тетігі Конфуций, Гете
институттарының үлгісімен Абай институтта-
рын құру екенін қадап көрсетті.
Жылдағыдай биыл да футбол турнирі
ұйымдастырылды. Бірінші орынды Мюнхен ко-
мандасы иеленді. Екінші орын Данияға, үшінші
орын Парижге бұйырды. Оларды марапаттаудың
өзі кәдімгі бір салтанатты рәсімнен кем болған
жоқ.
Дания құрылтайы Еуропа қазақтарының
ұлттық сана-сезімін ұштай түсетін, намысын
қамшылай түсетін, атамекеннің қадір-қасиетін
таныта түсетін тағы бір игілікті іске айналды.
Құрылтайдың үш күнінде де жастардың жарқын
жүзін көріп қуанып жүрдік. Концерт кезінде
даниялық бір бала жігіт екі иығын жұлып жеп,
поэзияның басын жарып, көзін шығарып, кәдімгі
рэпті соғып жатты.
Мен – қазақ,
Кіші жүз ішінде аспан.
Атымды сұрасаң менің – Ахметхан.
Данияда қазақтың атын шығартқан.
Жасай бер, Қазақстан!
Қазақстан! Қазақстан!
Бұған не айтарсыз? Жап-жас болып, әніне
руын қосқаны несі дейсіз бе, «аспан», «Ахмет-
хан», «шығартқан», «Қазақстан» деген сөздер
ұйқасып жарытпайды, мұндай ән мәтіні бол-
майды дейсіз бе? Ондай талабымызды осы
Қазақстанда-ақ қойып, орындатып алайықшы.
Сонау жер түбіндегі Аархуста жүріп, тілін, ділін
ұмытпағаны үшін, тіпті руын ұмытпағаны үшін
әлі келгенше ән шығарып, соған өзі сөз жазып, өзі
орындап жүрген бауырымызға ақ алғысымызды
айтпаймыз ба, алдымен? Әрине, солай еткеніміз
жөн. Сол әннің өзі залдағыларды «Қазақстан!
Қазақстан!» – деп айқайлатуға жетіп жатыр. Одан
артық не керек? Жаңағы жігіт әнінің дат тілінде
айтылатын шумақтарының қайырмасында
«Дан марк! Данмарк!» – деп те қояды. Саясаттың
сыралғысы үшін емес. Дания – туған жері,
өскен елі. Ана жылы бұзық ойлы біреуі
пайғамбарымыздың суретін салып, мұсылман
дүниесінің заңды ашу-ызасын туғызғанымен,
тұтастай алғанда, толерантты мемлекет. Тыныш
ЕУРОПА ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ
47
тұрып, түзу жүретін қазақтарда тіпті шатағы
жоқ. Айтқандай, дат тілінде демекші, Еуропа
қазақтары федерациясының төрағасы Әбдіқаюм
Кесижи дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде
Қауымдастық Төрағасының бірінші орынбасары
– Талғат Мамашевқа «ағылшынша, французша
өлең жазатын жастарымыз шығып жатыр, тілі
басқаша демесеңіз, жаны қазақша жырлар, от-
аншыл өлеңдер, соларды аудартып, Қазақстанда
бастырып беруге көмектессеңіздер» деп өтініш
айтты. Осы жерде жақында көрнекті әдебиет-
танушы ғалым, жазушы Немат Келімбетов тура-
лы жазған мақаламызда бір кезде ағылшынтілді
қазақ әдебиеті де пайда болуы мүмкін дегендей
ой айтқанымыз еске түсті. Сол заман қылаң
бере де бастағандай ма, қалай? Тегі, ол өлеңдер
жаңа жаза бастаған жастардың апыл-тапыл тал-
пынысы ғана шығар. Әйтсе де бұл – қазақтың
ақынжандылығына айғақ емес пе? «Қарсы алған
уақытты ежелгі досындай» деп әнұранымызда
айтылатындай,
қазақтың
уақыттың
қай
сынағына да сақадай сай тұра алатынына көп
дәлелдің тағы бірі емес пе?
Сауытбек АБДРАХМАНОВ,
Аархустан (Дания)
ЕУРОПА ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ
48
Ciz tüske taïaw bastalğan, sodan keyin üzi-
lis jarïalanğan, jurt tamaqtanıp qaytqannan ke-
yin qayta jalğasqan, söytip, bas-aïağı bes jarım
sağatqa sozılğan konцertti körip pe ediñiz? köre
qoymağan şığarsız. Biz kördik. «Sonday bola
ma özi?» dep otırğan şığarsız. Boladı. Eger ol
konsertti qazaqtar qoysa. Eger ol konsert qaza-
qtar üşin qoyılsa. Eger ol konserttiñ zalında at-
amekennen kelgen süyikti orındawşıların sağına
tosqan qazaqtar otırsa.
Jeksenbiniñ keşinde Danïanıñ Aarxws qalasında
Ewropa qazaqtarınıñ kişi qurıl tayı aïaqtaldı. Biz
aytıp otırğan konцert qurıltay qonaqtarına arnalğan
edi. Tüske deyin osındağı az üy qazaqtıñ ul-qızdarı
älderi kelgenşe än şırqadı, buralıp bï bïledi, tüsten
keyin saxna töri qazaqstan öner şeberlerine tïdi.
Äwel bastağı konцert bir sağattıñ o jaq, bu jağında
aïaqtaladı degenimiz, qol bosağan soñ keşki qalanı
aralap qaytpaq oyımız jayına qaldı. Tüsten key-
ingi konцerttiñ özi artıq-kemi joq üş sağatqa
sozıldı. Ulttıq önerimizdiñ bügingi jarıq juldızdarı
– Qıdıräli Bolmanov pen Qaraqat Abildïna, qoñır
dawıstarımen az jıldıñ aïasında-aq qalıñ qazaqtıñ
jüregin jaw lap ülgergen «Qoñır» tobı tıñdawşı-
lardıñ qulaq qurışın qandırdı, qıza-qıza kelgende
konцertiñiz kädimgi toyğa aynalıp, änge qosıla
bïlegen jurt tipti saxnağa da şığıp ketti. Bul neni
körsetedi? Alıstağı ağayınnıñ atajurttı añsağan
sağınışı basılmağanı n körsetedi. Qazaqtıñ birli-
gin, ıntımaqşıl tirligin körsetedi.
«MEN – QAZAQ»
DANÏADA EWROPA QAZAQTARINIÑ
KIŞI QURILTAYI ÖTTI
ЕУРОПА ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ
49
Biz Danïanıñ Kopengagennen keyingi ekinşi
qalası sanalatın Aarxwsqa jumanıñ keşinde, sol küni
tañsäride almatıdan şığıp, Mäskew, Gambwrg arqılı
jeti sağattay uşıp, Gambwrgten beri qaray avtobwspen
bes sağattay jürip, keştetip jetken bolatınbız. Keşki
dastarqannan keyin uyqığa qulay ketetindey körgen-
biz. Qaydan sağına tosıp otırğan ağayın qïılıp otırıp
Qıdıräli men Qaraqatqa birneşe än orındatqızdı,
özderi de awıldıñ altıawızın ayttı. Äwelde:
Awjar basın surasañ, bılay bolar, jar-jar-ay,
Qoy köşkende tınıq sw lay bolar, jar-jar-ay.
Jılama dep aytasıñ, mağan xalqım, jar-jar-ay,
Ata-anadan ayırılğan qalay bolar, jar-jar-ay,
Degen sïaqtı awjardan bastap edi, bara-bara:
Ayt deseñiz aytayın paydamenen,
Burınğıday zamanım qayda meniñ?
Ağayınnan ayırılıp, qayğı juttıq,
Tilim-tilim jüregim, qayran elim, –
Dep turıp añırattı-ay kelip. Say-süyegiñdi
sırqıratatın sol sırlı sarındı tutas keltirip jatwğa
orın tar. Dïktofonımızda qalğan ol şwmaqtardı
aytqan apamızdıñ atı – Qalïma. Myunxennen ke-
lipti. Altı balası bar: üş qız, üş ul. Qıtaydıñ barköl
jağınan 1954 jılı türkïağa ötken eken. Awjarlatıp
aldımen aytqan apamızdıñ atı – Amangül. «Quday
Awğanstanda bergen meni. Qaşıp barğannan key-
in bir jıldan keyin be, eki jıldan keyin be twıppın.
Aman-saw öttik dep atımdı Amangül qoyıptı»,
– deydi apamız. «Süyegimiz – älim. Janğoja de-
gen bar emes pe? sol kisi – bizdiñ babalarımız.
Şekti Janğoja. Mağan biraq bul jaqtan şekti
tabılmadı. Şeşem kereyittiñ qızı edi, bul jaqta
kereyit te joq eken. Basqalarğa ağayın tabıldı,
mağan tabılmadı», – dep jas adamday jarqıldap
külip qoïadı özi. «Onda qazaqtıñ bärin ağayın dep
sanañız», – deymiz. «Söziñ ras, şırağım, qazaqtıñ
bäri – ağayın ğoy», – dep qaytadan sabırlı, oylı
qalpına tüsedi. Osındağı bar şarwanıñ bası-
qasında amangül äjeniñ nemeresi Nurarman jür.
Kelgen küni qazaqstandıq delegaцïa müşelerin
qala meri Ayakov Bwndsgaardpen kezdestirip
jürgen de – sol jigit. Nurarman osındağı isker
toptardıñ birazın demewşilikke tartıp, solardıñ
logotïp terin bwkletke şığarıp ta qoyıptı.
Mundağı qay adammen söylesseñiz de,
tolğanbay-tebirenbey qala almaysız. Bäri razı.
Şükir şilik aytadı. Bügingi baqıtqa täwbe deydi.
«äkemniñ twıp-ösken jeri – Qarmaqşı, özim
awğanstanda twğanmın. Odan Türkïağa, odan
kermanïağa ötkenbiz. Tört balam bar, ağayındı
körip qwanıp jatırmız. Otanımızğa tınıştıq ber-
sin, patşamızğa uzaq ömir bersin. Elimizdiñ
twın köterip kelgenderiñizge raqmet. Sizderdiñ
qızmetteriñizde jürmiz. Alla tağalanıñ arqasında
amandıqpen osılay jüre bereyik», – dep tilegin
aqtaradı Täwra Qarabazar degen apay. Elbasımız
Nursultan Nazarbaevtıñ qurıltayğa qatıswşılarğa
quttıqtawın düne jüzi qazaqtarı qawımdastığı
törağasın ıñ birinşi orınbasarı – Talğat Mamaşev
oqıp berdi.
ЕУРОПА ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ
50
Onda:
Ardaqtı ağayın, qadirli bawırlar!
Qazaq xalqınıñ basınan alıstağı ağayın aral-
aswdan, bawırlar barıs-kelisten qol üzip qalğan
nebir näwbet zamandar ötti. Elimiz egemendik
alğan soñ ğana joğımızdı izdep, barımızdı tügen-
dewge qolımız jetip, Qazaqstan törtkül dünege
tarıday şaşılğan xalqın izdegen birden bir elge
aynaldı.
Ata-baba armanına adal Sizder qanşa urpaq
awıssa da, ulttıñ ulı rwxın wıstarıñızda ustap,
atajurtqa degen ıqılastı ıstıq sezimderiñizdi
joğaltqan joqsızdar. Bügin, mine, ağayınmen
aralasıp, jurağatpen jüzdesw üşin Danïa memle-
ketiniñ Aarxws qalasında bas qosıp, arqa-jarqa
qawışıp jatırsızdar.
«Biriñdi qazaq, biriñ dos, körmeseñ istiñ bäri
bos» dep ulı Abay aytqanday, bul qurıltaydıñ
qandastarımız üşin mañızı zor.
Elden jetken jañalıqqa eleñdep otıratın-
darıñızdı bilemin. Küni keşe täwelsizdiginiñ
20 jıldığın atap ötken qazaqstan büginde sa-
ïasï kemeldengen, ekonomïkalıq küş-qwatı mol,
qoğamdıq turaqtılıqtı tuğır etken memleket.
Astanamız qazirgi kezde älem elderiniñ basşıları
jïnalıp, jaratılısqa ortaq mäsele talqılaytın
ordalı ortalıqtıñ biri. Ewropa qawipsizdik jäne
ıntımaqtastıq uyımı men Ïslam ıntımaqtastıq
uyımına törağalıq etw arqılı Qazaqstan Batıs pen
şığıs arasın jalğastırwşı şınayı köpirge aynaldı.
Elimizdiñ älemdik qawımdastıqtağı orını jıl ötken
sayın ayqındalıp, abıroyı aspanday tüswde.
Qurmetti bawırlar! Sizderdi qay waqıtta da
quşaq jayıp qarsı alatın elderiñiz barın, süyen-
genge tirek, izdegenge pana bolar jerleriñiz barın
ärdayım esten şığarmañızdar.
Qurıltayda xalqımızdıñ bolaşağına qatıstı
mañızdı mäseleler talqılanatınına senemin.
Jïın jumısına tabıs, jïnalğan ağayınğa aman-
sawlıq tileymin.
Atajurttan jetken jürekjardı ıstıq sälemimdi
qabıl alıñızdar!– dep jazilğan bolatin.
Quttıqtawdı mundağı jurt demin işine ala
tıñdadı. Osı jawaptı qızmetti biraz jıldan beri
abıroymen atqarıp kele jatqan Talğat Asılulınıñ
el sälemin jetkizwi de tolqıtarlıqtay boldı. Qa-
zaqstan Respwblïka sınıñ Germanïadağı
Tötenşe
jäne ökiletti elşisi Nurlan onjanovtıñ sözi de äserli
şıqtı: «Osıdan talay jıl burın, sekseninşi jıldardıñ
basında Berlïndegi Gwmboldt wnïversïtetinde
oqıp jürgen kezimde men alğaş ret şeteldik qa-
zaq dïasporasınıñ Batıs Berlïndegi ökilderi-
men tanısqan edim. Bügingi merekege solardıñ
keybiriniñ balaları qatısıp otır», – dep bastağan
Nurlan bawırımız: «Ay körmeseñ – ağayın jat, jıl
körmeseñ – joldasıñ jat» degen naqıl sözdi mıqtap
este ustağan qazağımız sol awır jıldarda da birin
biri umıtpadı, jerlestik, twıstıq baylanıstarın üz-
bedi, qumğa siñgen swday Ewropadağı basqa
iri ulttarğa jutılıp ketpey, urpaqtarınıñ jüregine
Ortalıq azïadağı qazaq degen ulttıñ ökili ekend-
erin, Qazaqstan degen atajurtı bar ekenin mıqtap
quïa bildi. Endi, mine, jïırma jıl burın qol jetken
täwelsizdiktiñ arqasında dünege tarıday şaşırap
ketken qazaq jïnalıp, awıldan at terletip arnayı
ükimet delegasïası kelip, Danïa jerinde ulan-asır
toy jasalıp jatır», – dep keñinen tolğadı.
Ewropa qazaqtarı käri qurlıqtağı özimiz sïaqtı
ağayındardıñ bizge qızığa, qızğana qaraytının
jaqsı biledi. Köp elderdiñ qandastarğa qaray-
lasw, qoldaw turmaq, qarawğa qawqarı bolmay
turğanınan da xabardar. Ana bir jılı, Myunxen-
degi qurıltayğa kelgenimizde, sol jïınğa qatısqan
belgili özbek jazwşısınıñ bul jayındağı pikirin
reportajımızda jazğanımız da bar. Ïä, Elbasınıñ
oyında eldiñ qamı desek, sol köp qam-qareket-
tiñ bel ortasında otandastarmen jumıs tur. Otan-
dastarmen jumıstı tek olardı atamekenge oralt-
wmen tuyıqtap tastawğa bolmaydı. Olay qarasaq,
osı Ewropadağı bükil qazaq elge tüp-tügel köşip
barsa da, jırtığımızdı jawıp tastamaytını belgili.
Ewropa qazaqtarı üşin bügingi tañdağı eñ bastı
närse – urpağınıñ ana tilinen ayırılıp qalmawı.
«men urlıq qılğanda, ay jarıq boldı» degendey,
biz täwelsizdik twın tigip, älem aydınına şıqqanda
jaxandanw jeli soğa bastadı, jañadan memleket
qura bastağan biz turmaq, derbes tarïxı ğasırlarğa
ketetin elderge de ulttıq dara sïpattardıñ şayılw
qawpi töne tüsti, ol az bolğanday, qayta-qayta
qayırılıp kelip turğan qarjı dağdarısı kim-kimdi
de bärinen burın öz basınıñ, tirşiliktiñ qamın
qawzawğa mäjbürlep baradı. Solay bolğandıqtan,
Danïadağı qurıltayda da eñ köp aytılğan mäsele –
til mäselesi.
Osı orayda elşimiz N.Onjanovtıñ bastaması
ЕУРОПА ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ
51
boyın şa qurıltayğa qatıswşı jastar dıñ arasında
«Qazaq tilin bilesiñ be?» degen atpen konkwrs
uyımdastırılğanın, oğan qatısqan qırıqqa jwıq
ul-qızdarımızdıñ jap-jaqsı sawattılıq tanıtqanın,
oza şıqqandarına (birinşi orın ulıbrïtanïalıq Safa
janaltayğa, ekinşi orın fransïalıq Mädïna Uysel-
ge, üşinşi orın danïalıq ämir ayubïge tïdi) mına
jaqtağı talay zïalınıñ qolı jetpey jürgen «Qazaqtıñ
mıñ äni», «Qazaqtıñ mıñ küyi», «Qazaqtıñ batırlıq
jırı» sïaqtı asa qundı dïsk desteleriniñ sıyğa
tartılğanın razılıqpen aytamız, aldağı qurıltaylar
ötetin elderdegi elşiler osı bastamanı jalğastırıp
ketedi dep senemiz.
Aytqanday, aldağı qurıltaylar demekşi,
danïadağı qurıltay osı isti bir jüyege salıp bergeni-
men de este qalwğa tïis. Biz osınday qurıltaylardıñ
talayına qatısqanbız. Vesterosta da, Parïjde de,
Myunxende de, Osloda da qurıltay aïağı ke-
lesi qurıltaydıñ ornı jönin-
degi pikirtalastarğa ulasıp
ketip jatatının körgenbiz.
Bul jolı aldağı on jıldıñ kişi
qurıltayların ötkizwdiñ jay-
japsarı qaralıp, osı şarwanıñ
tizbesi tüzildi.
Sonımen, Ewropa qazaq-
tarınıñ kişi qurıltayları endi
mına retpen ötkiziledi: 2013
jılı – Parïj, 2014 – Amster-
dam, 2015 – Berlïn, 2016
– Kel`n, 2017 – Myunxen,
2018 – Oslo, 2019 – Lon-
don, 2020 – Vena, 2021 –
Stokgol`m, 2022 – Aarxws. Bälen jıl burın bile
turıp, köñildegidey dayındala almadıq dep ayta
almaytınıñ anıq. Bir atap aytarlıq jay, – bïılğı kişi
qurıltayğa prezïdent N.A. Nazarbaevtıñ tikeley
tapsırması boyınşa Qazaqstan ükimeti «Samurıq-
qazına» ulttıq äl-awqat qorı arqılı qomaqtı qoldaw
körsetken. Bir jağınan elşilik te naqtı qamqorlıq
jasağan. Sonımen birge bul kömek endigi jerde
alıstağı ağayındı «qurıltaylardı Qazaqstanımız öt-
kizip beretin boldı ğoy» dep bosañsıtıp jibermese
degen alañ köñilimiz barın da jasırmayıq. Bir
jaqsısı, – köp dünege tüsinistikpen qaraw beleñ
alğanı. Talğat Mamaşev basşılığımen ötkizil-
gen döñgelek üstelde köptegen mäseleler naqtı
talqılanıp, şeşimin taptı nemese şeşimin tabwdıñ
joldarı oylastırıldı.
Burın kelgenderimizde «Gazetti qalay jazdırıp
alamız, bağası qanşağa tüsedi?» degendey
ЕУРОПА ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ
52
suraqtarmen de mazalap jatatın jurt endi «Ege-
men Qazaqstannıñ» saytınan maqalalardı sol kü-
ni-aq oqıp alatın bolğanına razılıqtarın bildiredi,
al bizdiñ taïawdağı eki aydan beri bul basılımnıñ
bükil älemdegi qazaq atawlı tügel oqï alatın tuñğış
gazetke aynalğanın, ïağnï gazet saytı üş älipbï-
men – kïrïllïsamen, latınmen jäne töte jazwmen
şığa bastağanın, ondağı ärbir maqalanı bastırıp
alwğa mümkindik bar ekenin aytqanımızğa tipti
qwanısıp qaldı.
Ärïne, qazaq – Afrïkada da qazaq. Mundağı
ağayınğa da bizdegi bawırlarınıñ enjarlığı atımen
tän emes dep ayta almaymız. Qawımdastıq
qamqorlığımen arnayı muğalim jiberilip, qazaq
tilin oqıtw uyımdastırılğanda da äwelde biraz
bala kelgen sol kwrstar aynalası az aydıñ aïasında
jabılıp qalğanı, ondağı negizgi sebep kwrs or-
nalasqan jerge balalardı jetkizwdiñ qïındığı
bolğanı aytıldı. Sonda endi qawımdastıq balalardı
tasïtın kölikke deyin şeşip berwge tïis pe? Mäjilis
depwtatı, tildiñ tanımal janaşırı Orazgül Asanğazı
özi Oñtüstik Qazaqstan oblısı äkiminiñ orınbasarı
qızmetinde jürgeninde alıstağı ağayınnıñ balaların
jaz aylarında elge aldırtıp, tildik ortada qazaqşağa
üyretw täjirïbesi bolğanın, onı qayta jandandırw
äbden-aq mümkin ekenin ayttı. Memlekettik
xatşı Muxtar Qul-Muxammed, Mädenet jäne
aqparat mïnïstri Darxan Mıñbay sïaqtı ultjandı,
bilimdi azamattar barda til mäselesiniñ köñil-
degidey şeşilerine senetinin de bildirdi. Fïlologïa
ğılımdarınıñ doktorı Şerwbay Qurmanbayulı
oqw-ädistemelik ädebetter şığarw isine Mädenet
jäne aqparat mïnïstrligi tarapınan qamqorlıq kör-
setiletinin, şetelderde tildi nasïxattawdıñ bir tetigi
Konfwsïy, Gete ïnstïtwttarınıñ ülgisimen abay
ïnstïtwttarın qurw ekenin qadap körsetti.
Jıldağıday bïıl da fwtbol twrnïri uyımdastırıldı.
Birinşi orındı Myunxen komandası elendi. Ekinşi
orın Danïağa, üşinşi orın Parïjge buyırdı. Olardı
marapattawdıñ özi kädimgi bir saltanattı räsim-
nen kem bolğan joq.
Danïa qurıltayı Ewropa qazaqtarınıñ ulttıq sa-
na-sezimin uştay tüsetin, namısın qamşılay tüse-
tin, atamekenniñ qadir-qasetin tanıta tüsetin tağı
ЕУРОПА ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ
53
ЕУРОПА ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ
bir ïgilikti iske aynaldı. Qurıltaydıñ üş küninde
de jastardıñ jarqın jüzin körip qwanıp jürdik.
Konцert kezinde danïalıq bir bala jigit eki ïığın
julıp jep, poezïanıñ basın jarıp, közin şığarıp,
kädimgi repti soğıp jattı.
Men – qazaq,
Kişi jüz işinde aspan.
Atımdı surasañ meniñ – Axmetxan.
Danïada qazaqtıñ atın şığartqan.
Jasay ber, Qazaqstan!
Qazaqstan! Qazaqstan!
Buğan ne aytarsız? Jap-jas bolıp, änine rwın
qosqanı nesi deysiz be, «aspan», «Axmetxan»,
«şığartqan», «Qazaqstan» degen sözder uyqasıp
jarıtpaydı, munday än mätini bolmaydı deysiz
be? onday talabımızdı osı qazaqstanda-aq qoyıp,
orındatıp alayıqşı. Sonaw jer tübindegi Aarxw-
sta jürip, tilin, dilin umıtpağanı üşin, tipti rwın
umıtpağanı üşin äli kelgenşe än şığarıp, soğan
özi söz jazıp, özi orındap jürgen bawırımızğa aq
alğısımızdı aytpaymız ba, aldımen? ärïne, solay
etkenimiz jön. Sol änniñ özi zaldağılardı «Qaza-
qstan! Qazaqstan!» – dep ayqaylatwğa jetip jatır.
Odan artıq ne kerek? Jañağı jigit äniniñ dat tilinde
aytılatın şwmaqtarınıñ qayırmasında «Dan mark!
Danmark!» – dep te qoïadı. Saïasattıñ sıralğısı
üşin emes. Danïa – twğan jeri, ösken eli. Ana
jılı buzıq oylı birewi payğambarımızdıñ swre-
tin salıp, musılman dünesiniñ zañdı aşw-ızasın
twğızğanımen, tutastay alğanda, toleranttı mem-
leket. Tınış turıp, tüzw jüretin qazaqtarda tipti
şatağı joq. Aytqanday, dat tilinde demekşi, Ewro-
pa qazaqtarı federaцïasınıñ törağası Äbdiqayım
Kesïjï döñgelek üstelde söylegen sözinde
qawımdastıq törağasınıñ birinşi orınbasarı – talğat
mamaşevqa «ağılşınşa, franswzşa öleñ jazatın
jastarımız şığıp jatır, tili basqaşa demeseñiz, janı
qazaqşa jırlar, otanşıl öleñder, solardı awdartıp,
qazaqstanda bastırıp berwge kömektesseñiz-
der» dep ötiniş ayttı. Osı jerde jaqında körnekti
ädebettanwşı ğalım, jazwşı nemat kelimbetov
twralı jazğan maqalamızda bir kezde ağılşıntildi
qazaq ädebeti de payda bolwı mümkin degendey
oy aytqanımız eske tüsti. Sol zaman qılañ bere de
bastağanday ma, qalay? tegi, ol öleñder jaña jaza
bastağan jastardıñ apıl-tapıl talpınısı ğana şığar.
Äytse de bul – qazaqtıñ aqınjandılığına ayğaq
emes pe? «Qarsı alğan waqıttı ejelgi dosınday»
dep änuranımızda aytılatınday, qazaqtıñ waqıttıñ
qay sınağına da saqaday say tura alatınına köp
däleldiñ tağı biri emes pe?
Sawıtbek ABDRAXMANOV,
Aarxwstan (Danïa)
|