УДК 802.0:809.434.2
М.Ө. Бекетаева, ҚазҰТУ
THE PRONOUN. (ЕСІМДІК)
Данная статья написана с целью сопостaвления английских местоимений с
местоимениями в казахском языке. Каждый язык имеет свои особенности и сходства в
употреблении местоимений. При изучении английского языка в национальных группах
необходимо объяснять сопоставления их на родном языке. Статья предназначена для
всех, кто интересуется изучением и преподаванием английского языка как иностранного.
The article is devoted to comparison of the English Pronouns with the Pronouns in the
Kazakh language. Each language has its peculiarities and similarities in Pronouns‘ use . It is
necessary to explain comparisons between the English and Kazakh languages in learning
English in the national groups. The article is for those who study and teach English as a foreign
language.
Ағылшын тілінде, қазақ тіліндегідей есім сөздерді (зат есім, сын есім, сан есім)
алмастырып, солардың орнына қолданылатын сөздер есімдіктер деп аталады. Кanat
came.-Қанат келді.
He came. - Ол келді.
Read the newspapers. - Газетті оқыңыз.
Read it . - Оны оқы.
Ask Altyn. - Алтыннан сұра.
Ask her. - Одан сұра.
Kanat, the newspaper, Altyn - зат есімдерін he, it, her есімдіктeрі алмастырып тұр.
Ағылшын тілінде есімдіктер құрамына қарай дара (бір ғана негізден тұратын) жəне
күрделі (бірнеше негізден тұратын) есімдіктер болып бөлінеді. Дара есімдіктер: my -
менің, who - кім, it - ол, оны.
Мысалы: күрделі есімдіктер: myself - өзім, yourself - өзіңіз, somebody - біреу, any –
body - əлдекім, something - бір нəрсе.
Қазақ тілінде есімдіктер жеті топқа бөлінсе, ағылшын тілінде мағына – Мысалы
жіктеу есімдіктері - Personal pronouns.
1.
Тəуелдеу есімдіктері - Possessive pronouns.
2.
Сілтеу есімдіктері - Demonstrative pronouns.
3.
Сұрау есімдіктері - Interrogative pronouns.
4.
Қатыстық есімдіктерi немесе байланыстырушы есімдіктер – Rela - tive or
connective pronouns.
5.
Белгісіздік есімдіктер - Indefinite pronouns.
6.
Болымсыздық есімдіктер - Negative pronouns.
7.
Өздік есімдіктер - Reflexive pronouns and Emphatiс pronouns.
8.
Ортақ есімдіктер - Reciprocal pronouns.
9.
Жалпылау есімдіктері - Universal pronouns.
Personal pronouns (Жіктеу есімдіктері)
Жіктеу есімдіктері белгілі бір жақты көрсету үшін қолданылады. Олар қазақ
тіліндегі атау жəне табыс септіктерінде тұратын сөздермен мəндес.
Қазақ тіліндегідей, ағылшын тілінде де жіктеу есімдіктері жақтарға жіктеледі,
септеледі, жекеше, көпше түрлерге бөлінеді:
Атау септігіндегі жіктеу
Табыс септігіндегі жіктеу
есімдіктері
есімдіктері
Жекеше түрі
Жекеше түрі.
І - мен (сөйлемде тек бас əріппен
Me - мені
жазылады)
You - сіз, сен
Your-сізді, сені
He - ол (ер адам)
Him - оны
She - ол (əйел адам)
Her - оны
It - ол жануарлар,жəндіктер,
Its - оны
жансыз заттар үшін)
Көпше түрі
Көпше түрі
We - біз
Us - бізді
You - сіздер, сендер
You - сіздерді, сендерді
They - олар
Them - оларды
Жіктеу есімдіктерінің I, II жақтары who? кім? деген сұраққа жауап берсе, ІІІ жағы
who? кім? what?-не деген сұрақтарға жауап береді.
Жіктеу есімдіктерінің сөйлемдегі қызметі
Жіктеу есімдіктерінің сөйлемдегі қызметі төмендегідей:
1. Атау септікте тұрып, бастауыш болады: I am an engineer - Мен инженермін.
2. Баяндауыштың есім бөлігі болады: It is she. – Бұл - ол.
3. Табыс септігінде толықтауыш болады: They saw me. - Олар мені көрді.
4. Объективті септікте тұрып тура, жанама толықтауыш қызметінен басқа,
предлогпен келіп, пысықтауыш болады:
There is blackboard in front of us. - Біздің алдымызда тақта бар.
Possessive pronouns (Тəуелдеу есімдіктері)
Тəуелдеу есімдіктері заттың біреуге, бір нəрсеге тəуелділігін көрсетіп
whose? кімнің? кімдердің? кімдердікі? деген сұрақтарға жауап береді.
Əрбір жіктеу есімдігі тəуелденеді. Бұл есімдіктердің екі формасы бар:
а) Dependent form–тəуелді форма-зат есімді анықтайды.
ə) Absolute form–абсолютті форма, тəуелсіз, жеке тұрып, зат есімнің орнына
қолданылады:
Take her ball. - Оның добын ал.
Hers is better. - Онікі жақсырақ.
Бұл сөйлемдегі her - оның тəуелді форма, ал hers - оныкі абсолютті форма.
Бұлар жекеше, көпше түрлерге бөлінеді:
Dependent form
Absolute form
Тəуелді форма
Абсолютті форма немесе тəуелсіз
форма
Жекеше түрі
І жақ my - менің mine - менікі
ІІ жақ - your - сіздің
yours - сіздікі
ІІІ жақ his - оның (ер адам) his - оныкі (ер адам)
her-оның (əйел адам)
hers - оныкі (əйел адам)
іts - оның (жануарлар,
its - оныкі (жануарлар,
жансыз заттар үшін)
жансыз заттар үшін)
Көпше түрі
І жақ our - біздің
ours - біздікі
ІІ жақ your - сіздердің
yours - сіздердікі
ІІІ жақ their - олардың
theirs - олардікі
Тəуелдеу есімдіктері ағылшын тілінде септелмейді:
My father looks through journals and newspapers every day.-
Менің əкем күнделікті журналдар мен газеттерді қарап шығады.
Тəуелдеу есімдігінің тəуелді формасы сөйлемде зат есімді анықтайды.
His flat is in a new district. - Оның пəтері жаңа ауданда.
Absolute form of possessive pronouns
(Тəуелдеу есімдіктерінің абсолютті формасы)
Тəуелдеу есімдіктерінің абсолютті түрі сөйлемде зат есіммен тіркеспей-ақ, зат
есімнің орнына қолданылады: His English teacher is
Utebaeva, ours is Moldabaeva. Оның ағылшын тілі мұғалімі - Өтебаева, біздікі
Молдабаева. Бұл сөйлемде his – тəуелді, ал ours – абсолютті түрі.
Тəуелдеу есімдіктерінің абсолютті түрінің
сөйлемдегі қызметі
1. Сөйлемде тəуелдеу есімдігінің абсолютті түрі бастауыш болады:
This is not my shawl. - Бұл менің шəлім емес. Minе is new - Менікі жаңа.
2. Баяндауыштың есім сөз бөлігі болады: This school is ours and that school is yours.
-Мына мектеп біздікі, ал анау мектеп сіздердікі.
3. Сөйлемде толықтауыш болады: He has lost his pen, please give him yours. - Ол
қаламын жоғалтып алыпты, оған өзіңіздікін бере тұрыңызшы.
4. – of шылауымен бірге тіркесіп, анықтауыш болады: Ainash is niece of mine. -
Айнаш менің жиенім.
Demonstrative pronouns (Сілтеу есімдіктері)
Сілтеу есімдіктері нұсқау, көрсету, меңзеу мағыналарында жұмсалады да оған this-
бұл, осы, мынау; that-анау, ана, сол; these-бұлар, мыналар; those-олар, аналар; such-сияқты;
same-ол да, дəл өзі сондай, сол, сондай жəне it-ол, бұл, мынау есімдіктері жатады. Бұлар
which? қай?, қайсысы? сұрағына жауап беріп, сөйлемде бастауыш, анықтауыш,
толықтауыш қызметін атқарады. Сілтеу есімдіктері жекеше, көпше түрлерге бөлінеді.
This, these сілтеу есімдіктері сөйлеушіге жақын тұрған заттарды көрсету үшін
қолданылады.This-бұл, мынау жекеше түрде, these-бұлар мыналар көпше түрде болады:
This is a house. - Мынау үй.
These are houses. - Мыналар үйлер.
That - ол, анау, those-олар, аналар сілтеу есімдіктері сөйлеушіден алыс тұрған
заттарды нұсқау үшін қолданылады да that-жекеше түрде, those-көпше түрде болады.
Such, same - сілтеу есімдіктері жекеше түрде де, көпше түрде де бірдей
қолданылады.
Same - сілтеу есімдігі the белгілік артиклімен келеді: Write the same let-ter to the
customers, please - Тапсырушыларға дəл сондай хат жазыңызшы. Show the same offers for
the chemical equipments, please. - Химиялық құрал-жабдықтарға арналған дəл сол
ұсыныстарды көрсетіңізші.
Сілтеу есімдіктерінің сөйлемдегі қызметі:
1. Сөйлемде сілтеу есімдіктері бастауыш болады: This is a latest event of our country.-
Бұл біздің еліміздегі ең соңғы уақиғалар (жаңалықтар).
2. Баяндауыштың есім сөз бөлігі болады: Such is my life. -Менің өмірім-осындай.
3. Толықтауыш болады: Don’t read that! - Оны оқымаңыз! He recommended me this.
–Ол маған бұны ұсынды.
4. Анықтауыш болады: This equipment suits us. - Бұл құрал-жабдық бізге қолайлы
(керек).
5. Кейде зат есімнің орнына that (those) сілтеу есімдігі предлогпен тіркесіп келеді.
The price for goods is cheaper than that one. - Мына тауардың бағасы анаған қарағанда
арзандау.
Іt-сілтеу есімдігі мағынасында қолданылғанда бастауыш жəне толықтауыш қызметін
атқарып, бұл, бұны болып аударылады:
It is a cable. - Бұл жедел хат.
It is my grassing - ground. - Бұл менің қыстауым.
We understood it. -Біз бұны түсіндік.
Interrogative pronouns (Сұрау есімдіктері)
Сөйлемдегі сұрау есімдіктері заттың, нəрсенің белгілерін, санын білдіреді жəне
өзіне тиісті жауап тілейді, сұрау есімдіктеріне: who? кім?; what? не? қандай? кім
(мамандыққа байланысты); which? қайсысы? қай?; whose? кімнің?; how? қалай жатады.
Сұрау есімдіктері сөйлемге арнайы сұрақтар қойғанда қолданылады.
Сұрау есімдіктерінің сөйлемдегі қызметі
Who? what? есімдіктері сөйлемде
1. Бастауыш болады:
Who was in office?– Кеңседе кім болды?
2. Баяндауыштың есім сөзді бөлігі болады:
Who is your secretary?-
3. Толықтауыш болады:
“What do you expect?”- said the manager.- “Нені күтіп тұрсыз ?”- деді басшы.
Егер what? who? сұрау есімдіктері шылаумен тіркессе, шылау əдетте сөйлемнің
соңында тұрады:
Who are you looking at? - Сіз кімге қарап тұрсыз?
Who? сұрау есімдігінің екі формасы бар: who? whom? Атау септігінде who
қолданылады да шылаумен келеді, шылаулар сөйлемнің соңында тұрады:
Who was the book written by? -Кітапты кім жазған?
Ал басқа септікте whom? Формасы қолданылады да, шылаулар сөйлемнің басында
да, соңында да келеді:
By whom was this book written? -Бұл кітапты кім жазған?
Whom was this book written by?- Бұл кітапты кім жазған?
Сонымен, жоғарыда берілген Who? whom? - сұрау есімдіктерімен берілген
сөйлемдердің мағынасы бір.
Who? – сұрау есімдігі адамға, ал what? -заттарға қатысты, дегенмен
what? - адамның қызметі, мамандығы туралы сұрағанда да қолданылады:
Who is that?-Анау кім? That is Mr.Bill-Oл -Билл мырза.What is Mr. Bill? Билл
мырзаның мамандығы қандай? He is an economist- Ол –экономист.
Whose? which? what? -сұрау есімдіктері сын есімнің орнына қолданылып, сөйлемде
анықтауыш болады:
-Whose telex are you reading? - Кімнің телексін оқып отырсыз?
-Which telex are you reading? - Қай телексті (көп телекстің қайсысын) оқып отырсыз?
-What kind of telex are you reading? Қандай (не туралы жазылған) телексті оқып
отырсыз?
How long? -қанша уақыттан бері? How much?- қанша? How many?-қанша? неше?
How old? -нешеде? неше? (қанша) жаста? How?-қандай? қай? сұрақтары, ағылшын тілінде
арнайы сұрақтар немесе сұраулы сөздер болып саналады да қазақ тіліндегідей сұрау
есімдіктеріне жатпайды.
Relative or Connective pronouns
(Қатыстық немесе байланыстырушы есімдіктер)
Бұл есімдіктерге, who, which, whose, that, whoever (кім болса да), what-ever (не
болса да) есімдіктері жатады. Олар құрмалас сөйлемде басыңқы жəне бағыныңқы
сөйлемдерді байланыстыру үшін қолданылады.
Сөйлемде қатыстық есімдіктер:
1. Бастауыш болады: This is customer who will make an appointment with Mr.Bill. -
Билл мырзамен кездескісі келген мына тапсырушы.
2. Толықтауыш болады: I know that this broker works at the Kazakh Trade Delegation .-
Мен мына делдалдың Қазақ Сауда өкілеттігінде қызмет ететінін білемін.
I know that this company is selling a new model of equipments – Мен мына
компанияның құралдардың жаңа үлгісін сатып жатқанын білемін.
3. Анықтауыш болады: “Otrar sazy” played its concert for which it was awarded the first
place. -“Отырар сазының ”қойған концерті бірінші сыйлыққа ие болды.
Indefinite pronouns (Белгісіздік есімдіктері)
Белгісіздік есімдіктері затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді жорамалдап,
тұспалдап, көмескілеп көрсету мəнін білдіру үшін қолданылады. Олардың екі түрі бар-
дара жəне күрделі. Дара белгісіз есімдіктері: some-бірнеше, біршама; any-біраз, бірнеше,
кейбір; all-бəрі; each-əрқайсысы; every-əрбір; both-екеуі; other-басқа; another-басқасы;
many, much-көп; little-аз; few-аз; a little, a few-аз да болса жеткілікті.
Күрделі белгісіз есімдіктері: somebody, anybody-біреу, əлдекім; something, anything-
бірнəрсе; someone, anyone, everybody, everyone-əркім, барлығы, əрбір адам, біреу;
everything-əрнəрсе, бірдеме.
Белгісіздік есімдіктерінің сөйлемдегі қызметі
Белгісіздік есімдіктері сөйлемде:
1.
Бастауыш болады: Everything is ready. -Бəрі дайын.
2.
Толықтауыш болады: Do you see anybody there? - Сіз ол жерден біреуді көріп
тұрсыз ба?
3. Анықтауыш болады: All the graduaters take the state exams-Барлық оқу бітірушілер
мемлекеттік емтихан тапсырады.
Negative pronouns (Болымсыздық есімдіктері)
No, none, no one-жоқ, емес, ешнəрсе, ешкім; nothing-ешнəрсе; nobody-ешкім; neither-
ешқандай – болымсыздық есімдіктері.
No, no any-ешнəрсе жоқ мағынасындағы болымсыздық есімдіктері зат есімнің
алдында келеді. No-зат есімнің алдында келіп болымсыз сөйлемде қолданылады: I find no
mistakes in his translation. - Оның аудармасынан ешқандай қате тапқан жоқпын. No pupil
used a dictionary while translating this text. -Ешбір оқушы бұл мəтінді аударғанда сөздікті
қолданбады. I like neither of these methods. - Мен мына əдістемелердің ешқайсысын да
ұнатпаймын.
Болымсыздық есімдіктері сөйлемде бастауыш, анықтауыш, толықтауыш болады.
Reflexive and Emphatic pronouns (Өздік есімдіктер жəне күшейтпелі есімдіктер)
Ағылшын тілінде барлық жіктеу есімдіктеріне тəн өздік есімдіктері болады.
Тəуелдеу есімдіктеріне объективті септіктегі жіктеу есімдіктеріне жекеше түрде-self,
көпше түрде – selves жалғанады. Олар қазақ тіліндегідей жіктеледі, тəуелденеді, жекеше,
көпше түрлерге бөлінеді, бірақ септелмейді.
I (мен)- -myself- өзім
You (сіз)
-yourself -өзіңіз
She (ол)
-herself - өзі
You (сіздер) -yourselves -өздеріңіз
They (олар) -themselves -өздері
Өздік есімдіктері қазақ тіліндегідей ағылшын тілінде де атау септігінде жіктеу
есімдіктерімен қабаттасып қолданылады: They saw themselves in the photo. - Олар өздерін
суреттен көрді. I’ll do it myseif. - Мен мұны өзім істеймін.
Reciprocal pronouns(Ортақ есімдіктер)
Ортақ есімдіктер each other,one another-бір-біріне, біреуі екіншісіне мағыналарын
беріп, əдетте екі адамға, я затқа қатысты қолданылады.
Олар сөйлемде толықтауыш болады: Our students always help one another. - Біздің
студенттер бір-біріне ылғи көмектеседі.
Universal pronouns (Жалпылау есімдіктері)
Бір тектес заттар қатарына жататын заттарды көрсету үшін қолданады. Every-əрбір,
əрқайсысы; everybody-əркім; everyone-əркім; everything -əр нəрсе, т.б.
Every-затқа, не адамға байланысты шектеусіз шеңберде қолданылады. Ол
анықтауыш ретінде санауға болатын жекеше түрдегі зат есімдермен қолданылады. Every
morning my father drives a car. -Күнде ертеңгісін əкем машина жүргізеді. Every – есімдігі-
thing, -body, -one компоненттерімен everything, everybody, everyone сияқты туынды
есімдіктер құрайды.
All-бəрі есімдігі зат есіммен жіктеу есімдігін анықтап сөйлемде анықтауыш болады.
All are present. - Бəрі түгел.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР
1.
Колкер Я.М. и др. Практическая методика обучения иностранному языку М.,
2000.
2.
Баданбеккызы З.Р., Бекетаева М.Ө., Мұқаметқалиева М.А. English Ағылшын
тілі Алматы: Экономика, 1997.
3.
Орысша- қазақша сөздік І, ІІ том –Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі,
ФҒД профессор Ғ.Ғ. Мұсабаевтың жалпы ред ., Алматы,1978.
4.
Mark Foley and Diane Hall. Advanced Learners’ Grammar – England,Longman,
2004.
Мақаланы ұсынған фил. ғыл. док., проф. Ахметов
25.05.05 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |