Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата06.03.2017
өлшемі229,28 Kb.
#8149
түріБағдарламасы
1   2   3

4-тақырып. 

Септік

 

категориясы.

 

Септік

жалғауларының   мағыналары   мен   қызметі.   Зат   есімнің

жіктелуі

Зат есімнің септік категориясының сөлемдегі сөздердің

бір-бірімен  қарым-қатынасын,  байланысын  жүзеге  асыратын

категория   екендігі.   Сөз   арысындағы   қарым-қатынастың

түрлілігіне   қарай   септік   катгеориясының   мағнасының   түрлі

болатынын.   Септік   категориясының   мағынасының   септік



жалғаулары   арқылы   берілетіні.   Қазақ   тіліндегі   жеті   септік

бары,   атау   септіктің   қосымшасы   жоқ,   қалған   септіктердің

арнайы   қосымшаларының   бары,   әр   септіктің   өзінше

сұрақтары   болатыны.   Сөздердің   септелуінің   екі   түрі:   жай

септеу, тәуелді септеу. Жай септеудің жүйесі, қосымшалары,

олардың   сөзге   жалғану   ерекшеліктері,   сұрақтары.   Тәуелді

септелу   жүйесі,   қосымшалары,   жай   септеуден   ерекшелігі,

сұрақтары.   Тәуелді   септелу   жүйесі,   қосымшалары,   жай

септеуден ерекшелігі, сұрақтары.

Атау септіктің тұлғасы, мағынасы, синтаксистік қызметі,

ол   туралы   ғылымдағы   пікірлер.   Ілік   септіктің   тұлғасы.   Ілік

септіктің   қосымшалы,   қосымшасыз   қолданылуының

себептері.   Ілік   септіктің   негізгі   мағынасы,   қолданыста

мағынаның кеңуі. Ілік септіктің синтаксистік қызметі. Барыс

септіктің   мағыналық   құрамы.   Барыс   септіктің   сөйлемдегі

қызметі.   Табыссептіктің   тұлғасы   (қосымшалы,   қосымшасыз)

қосымшаның сөзге жалғануын талап ететін  жағдайлар мен

табыс   септік   жалғауының   бейтарап   қарайтын   жағдайлар.

Табыс   септік   жалғауының   мағынасы   мен   синтаксистік

қызметі.   Жеті   септіктің   тұлғасы,   мағыналық   құрамы,

сөйлемде   атқаратын   синтаксистік   қызметі.   Шығыс   септік

тұлғасы,   мағыналық   құрамы,   сөйлемде   атқаратын

синтаксистік қызметі. Көмектес септіктің мағыналық құрамы,

сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі.  

Зат   есімнің   ішінде   белгілі   бір   тобының   ғана   жіктік

жалғау   арқылы   түрлене   алатыны.   Зат   есімге   жіктік

жалғаудың   толық   түрі   жалғанатыны.   Зат   есімнің   сөз

түрлендіруші   қосымшаларының   бәрінен   соң   ғана   жіктік

жалғауы   жалғана   алатыны.   Зат   есім   барлық   жағдайда

жіктеле   бермей,   тек   баяндауыш   қызметінде   ғғана

жіктелетіні,   яғни   зат   есімнің   жіктелуі   нақтылы   бір

синтаксистік   қызметке   ғана   байланыстылығы.   Зат   есімнің

жіктік жалғауын түбір сөзге тікелей қабылдау қабілеті, оның

етістіктің жіктелуінен ерекшелігі.



5-тақырып. Сын есім. Шырай категориясы.

Сын   есім   заттың   түрлі   сындық   белгілерін,   салмағын,

сапасын, сипатын, түсін, түрін, көлемін, аумағын басқа да сан

алуан   түрлі   қасиеттерін   білдіретін   сөз   табы   екендігі.   Осы

ерекшелік   оның   зат   есіммен   тіркесте   қолданылуын   керек

ететінні.   Сын   есімнің   өзіндік   мағынасы,   морфологиялық

белгілері, синтаксистік қызметі бары. Сын есімнің мағыналық

жағынан үлкен: екі топқа бөлінетіндігі: сапалық сын есімдер,

қатыстық сын есімдер. Сапалық сын есімдер заттың әр алуан


белгілерінің   сапасын,   сипатын,   түрі,   түсін,   аумағы   мен

салмағын   т.б.   да   сындық   белгілерін   білдіретіндігі.   Сапалық

сындардың   басым   көпшілігінің   негізгі   түбір   болғанымен,

тарихи жағынан туынды түбірге жататын сын есім сөздер да

бар. Сапалық сындардың құрамы өте баяу болса да, толығып

отыратыны.

Сапалық   сын   есімдердің   мағыналық   жағынан,   түрлену

жағынан өзіндік ерекшеліктері, белгілері. 

Қатыстық сын есімдер заттың сан алуан белгілерін басқа

заттардың қатысы арқылы білдіретіні. Қатыстық сындардың

морфемдік   құрамы:   негізгі   морфема,   көмекші   морфемадан

тұратыны, әрқайсысысның атқаратын қызметі. Қатыстық сын

есімдердің   сын   есімнің   категория   көрсеткіштерімен

түрленбейтін   ерекшелігі.   Сын   есімдерді   құрылымына   қарай

ерекшілігі..   жалаң   және   күрделі   түрлері   бары.   Жалаң   сын

есімдердің   негізгі   және   туынды   түбір   сын   есім   болып

бөлінетіні.   Күрделі   сын   есімдердің   ең   кемі   екі   сөзден

құралатыны, оның ішкі құрамының түрлілігі: 1) көк ала, қара

шұбар, қара көк, ал қара көк; 2) ақ көйлекті, қара қалпақты;

3) жібек көйлекті, түлкі тымақты; 4) үлкен-кіші, таулы, таусыз

т.б.

Бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде түрлі дәрежеде



болуын білдіретін  сын есімінің шырай категориясы екендігі.

Шырай   категориясының   өзіндік   мағынасы,   ол   мағынаны

білдіретін   көрсеткіштері   бары.   Шырай   категорясының

мағыналық   құрамының   түрлілігі.   Шырай   категориясының

мағына   түрлілігіне   морфемдік   көрсеткіштердің   сәйкестігі.

Соған қарай шырайдың бірнеше түрлері бары. Шырай түрлері

топтастыру, жіктеу туралы ғалымдар пікірі.

Шырай түрлері: 1) жай шырай, 2) салыстырмалы шырай,

3) күшейткіш шырай, 4) асырмалы шырай. Шырай түрлерінің

әрқайсысының   мағынасы,   жасалу   жолдары.,   әр   шырайдың

өзіндік тұлғасы. Сын есімнің синтаксистік қызметі.

6-тақырып.  Сан   есім.   Сан   есімнің   синтаксистік

қызметі. Сан есімнің мағыналық топтары

Сан есім сөздер заттың сандық мөлшерін түрліше білдіре

алатынына   қарай,   бірнеше   мағыналық   топқа   жіктелетіні:

есептік   сан,   реттік   сан,   болжалдық   сан,   жинақтық   сан,

топтық   сан,   бөлшектік   сан.   Сан   есімнің   мағыналық

топтарының   әрқайсысының   бір-бірінен   мағыналық

ерекшелігі,   жасалу   жолдары,   зат   есіммен   тіркесте

қолданылуы   мен   зат   есін   тіркесінсіз   қолданылуы,   түрлену

мүмкіндігі.

7-тақырып. Есімдік


Есімдік   саны   жағынан   үлкен   сөз   табына   жатпайтыны,

бірақ тілдегі қолданысы жағынан ірі сөз таптарына кем емес

екені.   Есімдік   есімдер   тобына   жатқанымен,   олардың

ешбірінің   нақтылы   мағынасын   (заттың   атын,   сындық

белгілерін, санын) мағынаның жалпылығы арқылы сөйлемде

білдірмейтіні.   Есімдіктің   бұл   ерекшелігі   сөздің   сөйлемде

қайталу   қажеттілігінің   құтқаратыны.   Есімдіктің   түрленуі,

оның   қай   сөз   табының   орнына   қолданылуына

байланыстылығы,   есімдікке   ғана   тән   сөз   түрлендіруші

қосымша, категория жоқ екендігі. 

Есімдік синтаксистік қызметі де  оның қай сөз табының

орнына қолданылуына байланыстылығы, ссөйлемнің барлық

мүшесінің қызметін атқаратыны. Есімдікке тән ортақ негізгі

мағыналық   ерекшелік   жалпы   мағына   болғанымен,   оыныңі

штей   түрлі   өзіндік   ерекшілігі   бары,   соған   орай   есімдіктің

мағыналық   топтары   бары:   1)   жіктеу   есімдіктер;   2)   сілтеу

есімдіктері;   3)   сұрау   есімдіктер;   4)   өздік   есімдіктер;   5)

белгісіздік   есімдіктер;   6)   болымсыздық   есімдіктер;   7)

жалпылау есімдіктер.

Жіктеу  есімдіктерінің  жақтық  мағынаны  білдіретіні,   үш

жақтың   жекеше-көпше   түрінің   есімдіктері   бары.   Жіктеу

есімдіктері  не бары  8  сөз  (мен,  сен,   сіз,  ол, сендер,   сіздер,

олар)   болғанымен,   сөйлемде   өте   жиі   қолданылады.   Жіктеу

есімдіктерінің жақтық мағынасы сөйлеуші, тыңдаушы, бөгде

адаммен   байланысты   болғандықтан,   сөйлемде     адам

аттарының орынна қолданылып, олардың мағынасы адаммен

байланысты   екені.   Жіктеу   есімдігінің   үш   жағының   сілтеу

есімдігімен   ортақтығы,   бұл   есімдіктің   қолдану   аясының

кеңдігі.   Жіктеу   есімдіктерінің   адам   атауларының   орнына

қолданылу   қабілеті   оның   зат   есімнің   сөз   түрлендіруші

қосымшалармен   түрленуін   қамтамасыз   ететіні.   Жіктеу

есімдіктерінің   септелуі,   жіктелуі   есімдіктердің   септелуінің

өзіндік   ерекшілігі.   Жіктеу   есімдіктерінің   жіктік   жалғауы

боынша түрленуі, оның өзіндік мағыналық ерекшелігі, жіктеу

есімдіктерінің   жіктелуінің   синтаксистік   белгілі   қызметті

атқаруына   қатысы.   Тәуелдік   жалғауымен   түрлену   жіктеу

есімдіктерінің   3-жағына   қатысы.   Жіктеу   есімдіктерінің

синтаксистік   қызметі.   Сілтеу   есімдіктері,   оның   мағынасы,

оған жататын сөздер. Сілтеу есімдіктерінің негізінен заттың

белгісін білдіретін сөздердің орнына қолданылатыны, оларға

сұрақтың   да   соған   лайық   түрлері   қолданылатыны.   Сілтеу

есімдіктерінің   не   кеңістікті,   не   мезгілге   мезгейтіні,

нұсқайтыны. Сілтеу есімдіктерінің кеңістікті нұсқағанда, онда


алыстық,   қашықтық   мағынасы   аңғарылатыны.   Осы

ерекшелігіне қарай сілтеу есімдіктері екі топқа жіктелуі.

Сілтеу   есімдіктері   мезгілге   қатысты   қолданылғанда,

нұсқайтын жақындығын немесе бұрынырақтығын білдіретіні.

Сілтеу   есімдіктерінің   түрленудегі   ерекшелік,   сілтеу

есімдіктерінің   ішкі   топтарының   түрленуі,   оның   айырмасы.

Сілтеу есімдіктерінің синтаксистік қызметі.

Сұрау   есімдіктері,   оның   мағынасы,   сұрау   есімдіктеріне

жататынс   өздер.   Сұрау   есімдіктерінің   морфемдік   құрамы,

олардың   құрамындағы   қосымшалардың   оның   қандай

сөздердің   тобына   қойылатын   сұрақ   екеніне   қатысы.   Сұрау

есімдіктерінің   ішіндегі   кім?   не?   сөздерінің   түрленуі.   Сұрау

есімдіктерінің   қолданылуына   қарай   сұрау   мағынасын

білдірмейтін жағдайлары. 

Өздік   есімдікке   жалғыз   «өз»   сөзі   жатқанымен,   оның

тәуелденген   формаларының   тілде   қолданылу   аясының

молдығы.   Тәуелденген   өз   сөзі   бастауыш   болғанда,   оның

баяндауышпен   жақ   арқылы   қиысуы,   басқа   тәуелденіп

бастауыш болған сөзден айырмасы. 

Тәуелденген   өздік   есімдіктің   зат   есімдерше   түрленуі,

соған лайық барлық сөйлем мүшесі қызметін атқаруы.

Белгісіздік   есімдік,   оның   мағынасы,   құрамындағы

сөздер,   олардың   морфемдік   құрамы.   Белгісіздік   есімдік

жасауға белсенді қатысатын морфемалар.

Болымсыздық   есімдіктер,   олардың   мағынасы.

Болымсыздық   есімдіктердің   жасалуына   белсенді   қатысатын

морфемалар. Болымсыздық есімдіктердің түрленуі, жіктелуі,

олардың тілде қолданылу аясы. Болымсыздық есімдіктердің

қолданыста   өзінен   кейін,   негізінен   болымсыз   формадағы

мағынаның   экспрессивтік   мәнге   ие   болуына   қатысуы.

Болымсыздық есімдіктердің синатксистік қызметі. 

Жалпылау   есімдіктері,   оның   мағынасы,   құрамындағы

сөздер.   Жалпылау   есімдіктерінің   заттық   ұғымды   білдіретіні

және   кейде   анықтау   ұғымдарын   білдіруге   қатыстылығы.

Жалпылау есімдіктерінің жіктік жалғауды қабылдамайтыны.

Олардың   септелу   ерекшеліктері.   Жалпылау   есімдіктерінің

сөйлемдегі қызметі.

8-тақырып.

 Етістік.



 

Етістіктің

 

лексика-

грамматикалық   және   грамматикалық   категориялар.

Салт және сабақты категориясы.

Етістіктің сөз таптары ішіндегі ең күрделі сөз табы екендігі.

Етістік   сөз   табының   қазақ   тіл   білімінде   зерттелу   жайы.

Етістіктің   лексика-семантикалық   жағынан   алуан   түрлігі,   өзі

шінде   қозғалыс,   амалды   білдіретін,   өсіп-өну,   бағыт-бағдар,


көру-сес, мінез-құлық, бейнелеу мәнді, көңіл-күй мәнді, қалып

етістіктері т.б. болып бөлінуі. Негізгі түбір етістіктер, туынды

түбір етістіктер. Дара, күрделі етістіктер. Күрделі етістіктер

жүйесі ол туралы қазіргі тіл білімнің жаңа пайымдаулары тең

компонет   күрделі   етістік,   құрамды   етістік,   аналитикалық

формалы етістік т.б. Негізгі және көмекші етістіктер. Көмекші

етістіктер.   Көмекші   етістіктерідң   түрлері.   Аналитикалық

форманттар, олардың мағыналары, құрылымы, аналитикалық

форматтардың   етістіктің   гармматикалық   категорияларын

қатыстылығы.   Етістіктің   лексика-грамматикалық   және

грамматикалық категориялары. Салттылық және сабақтылық

категориясы.   Салт,   сабақтылық   мәннің   етістіктің

мағынасына,   объект   мен   субъектіге   қатыстылығы.   Етістік

категориясы субъекті мен объекті қимылға (және керсінше)

түрліге   қарым-қатынасын   білдіретін   арнайы   грамматикалық

формалар жүйесі екендігі. Етіс түрлері, ол жөніндегі зерттелу

мен   оқулықтардағы   ой-пікірлері.   Өздік   етіс,   білдіретін

грамматикалық   қимылға   қатысты   субъект,   оының

граммикалық   тұлғасы,   жасалуы,   жұрнақтары.   Ырықты   етіс,

мағынасы,   жасалуы,   жұранқаты.   Оның   басқа   тұлғалармен

ұқсастығы   және   айырмашылығы.   Ортақ   етіс,   мағынасы,

жасалуы, жұрнақтар. Оны басқа ұқсас тұлғалардан ажырату.

Етістік   жұрнақтардың   бір   сөзде   қабаттаса   қолданылу

ерекшелігі.   Етістіктің   болымды-болымсыздық   категориясы.

Есімше. Көсемше. Тұйық етістік.

Етістіктің   болымды-болымсыз   категориясы.   Болымды-

болымсыздықтың   бір   грамматикалық   категорияның   қарам-

қарсы   екіжағы   екендігі,   етістіктердің   болымды-

болымсыздығының   берілу   жүйесі,   болымдылық   пен   нолдік

тұлғаның   сәйкестігі,   болымсыздық   мағынаның   етістікке

синтетикалық,   аналитикалық   жолмен   берілетіндігі   туралы.

Болымды-болымсыз мағынаның қазақ тіліндегі бар етістікке

қатыстылығы.

Қимылдың   өту   сипаты   етістіктің   дербес   лексика-

грамматикалық   категориясы   екендігі,   оның   ғылымда

танылуы   мен   зерттелуі,   өздік   семантикалық   және

грамматикалық ерекшеліктері мен берілу тәсілдері. 

Есімше,   көсемше,   тұйық   етіс   тұлғаларының   етістіктің

грамматикалық   категориялары   ішіндегі   орны.   Есімше,   оның

түрлері,   мағынасы,   жасалуы.Есімшенің   екі   жақты   қызмет

атқаруы. Есімшенің түрленуі: көптелуі, тәуелденуі, септелуі,

жіктелуі.   Есімшенің   сөйлемде   атқаратын   қызмет.   Көсемше.

Көсемшенің   мағынасы,   жасалуы.   Көсемшенің   әрі   қимылды,

әрі   қимылдың   амалын   білдіретін   қызметі   туралы.   Көсемше



формалрының күрделі етістік, аналитикалық формалы етістік

құрамындағы   қолданысы,   орны.   Көсемшенің   жіктелуі,

сөйлемде атқарытн қызметі. Тұйық етістік. Тұйық етістіктің іс-

әрекеттің   өту,   істелу   процесін   емес,   атауын   білдіретіндігі,

қимыл атауы, қимыл есім атаулары жайлы. Тұйық етістіктің

көптелуі,   септелуі,т   әуелденуі,   сөйлемдегі   синтаксистік

қызметі.

Модальдық   категория,   модальдылық   жөніндегі

көзқарастар, пікірлер.

9-тақырып. Рай категориясы. Рай   категориясы.   Рай-

мазмұн жағынан да, форма жағынан да бай грамматикалық

категория.   Етістіктегі   грамматикалық   мағынаға   қос

модальдік мағынаның жарыса көрінуі.

Рай түрлері: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау

рай.   Ашық   райдағы   іс-әрекеттің   шақтық   ұғыммен

байланыстылығы. Бұйрық рай, оның білдіретін мағыналары I,

II және III жақтағы мағналардың бұйыру мәнен қатыстылығы.

Бұйрық   райдың   синтетикалық   және   аналитикалық

формалары.   Бұйрық   арйформаларындағы   етістіктің   жіктелу

ерекшілктері.   Бұйрықрайдың   жақ   тұлғасы,   етістіктің   түбір

тұлғасы,   нольдік   тұлға   ұғымдарының   бір-бірімен

арақатынасы   туралы   қазақ   тіл   білімндегі   зертеушілердіңой-

пікірлері.   Шартты   рай,   білдіретін   мағыналары,   жасалу

(синтетикалық,   аналитикалық)   көрсеткіштері.   Жіктеу

ерекшілігі,   -са,-се   жұрнағының   қосалқы   қызметтері   және

одан   туындайтын   модальдік   мәндер.   Қалау   рай,   білдіретін

мағынасы қалау мағнасының түрлі нүктелері және олардың

берілу   жолдары.   Қалау   райдың   синтетикалық   және

аналитикалық формалары. Шақ категориясы.

Шақ   категориясы   етістікті   өзге   сөз   таптарынан

ерекшелендіретін негізгі грамматикалық категория екендігі.

Шақ   түрлері:   осы   шақ,   келер   шақ,   өткен   шақ.   Шақ   түрлері

және оның атаулары жөніндегі қазақ тіл біліміндегі ғалымдар

пікірі.   Осы   шақ,   оның   мағынасы,   сол   мағынаны   білдіретін

амал-тәсілдер. Осы шақтың түрлері. Осы шақтағы етістіктің

болымды-болымсыз  формада  қолданылуы.   Өткен   шақ,   оның

сөз   ішінде   бөлінуі,   өткен   шақтың   түрлері,   олардың   берілу

жолдары.   Келер   шақ,   оның   түрлері,   жасалуы.   Етістіктің

жіктелуі.   Етістіктің   жақ   категориясы.   Етістіктің   сөйлемдегі

синтаксистік қызметі.

10-тақырып. 

Үстеу.   Еліктеу   сөздер. 

Үстеу-сөз

табының   бірі,   оның   семантикалық   сипаты.   Үстеудің

қимылдың   алуан   түрлі   күй-жағдайларын,   түрлі   белгілерін

білдіретіндігі,   өз   алдына   жеке   сөз   табы   екендігі.   Үстеу   сөз


қатарының   тілдің   түрлі   тәсілдері   арқылы   тарихи

қалыптасқаны.   Сондықтан   басқа   да   сөздер   тобымен

төркіндігі   морфологиялық   құрамы   жағынан   негізгі   түбір,

туынды   түбір   үстеулер   болатындығы.   Дара   және   күрделі

үстеулер   болып   бөлінетіндігі.   Үстеулердің   арнайы

морфологиялық   түрлену   жүйесінің   жоқ   екендігі.   Үстеу

грамматикалық  категориясы   жоқ  сөз  табы.   Үстеу   сөздердің

мағынасына   қарай   мезгіл,   мекен,   мөлшер,   сын-бейне,

күшейту,   мақсат,   себеп-салдар,   топтау   үстеулері   болып

бөлінетіндігі.   Мезгіл   үстеулері   қимылдың   жалпы   я   дәл

мерзімін   білдіріп,   қашан?   қашаннан?   сұрақтарына   жауап

берітіндігі,   мезгіл   үстеулердің   қатары.   Мезгіл   үстеулер,

олардың құрылысының біркелкі еместігі. Дара және күрделі

болып   келуі,   жасалу  жолдары,   сөйлемдегі  орны,   атқаратын

синтаксистік   қызметі.   Мекен   үстеулері,   олар   қимылдың

орынн, мекенін, бағытын білдіруі, сұрақтары қайда? қайдан?

Мекен   үстеуіне   жататын   сөздер,   олардың   тұлғаларының

бірыңғай   еместігі.   Мақсат,   себеп-салдар,   топтау   үстеулері,

білдіретін   мағыналары,   сұрақтары,   оларға   жататын   үстеу

сөздер. Үстеулердің сөйлемдегі қызметі. Пысықтауыш болуы,

үстеулердің әрқашан өздері пысықтайтын сөздерінен бұрын

тұратындығы,   алайда   мезгіл   үстеулерінің   сөйлемде   орын

талғамайтындығы. Кей жағдайларда үстеулердің бастауыш,

толықтауыш, баяндауыш қызметінде жұмсалуы.

Еліктеу   сөздердің   лексикалық   жне   тұлғалық   жағнан

өзгеше   сөз   табы   екендігі.   Еліктеу   сөздердің   қатары

айналадағы   түрлі-түрлі   дыбыстарға   еліктеуден   қимыл-

әрекеттерді,   қилы-қилы   көріністерін   бейнелеуден   туатын

сөздер тобы екендігі.

Еліктеу   сөздердің   түрленбейтіндігі.   Еліктеу   сөздердің

іштей   еліктеуіш   және   бейнелеуіш   сөздерге   бөлінетіндігі.

Олардың сипаттамасы, қатары, құрамы, еліктеуіш сөздердің

сөйлемдегі   қызметі.   Олардың   сөздермен   тіркесу   қабілеті

туралы.


Еліктеу   сөздердің   фонетика-морфологиялық   сипаты.

Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамының буын жігінің, айтылу

ырғағының   қалыптасқан,   әрі   орнықты,   әрі   жүйелі

заңдылықтарының   бар   екендігі.   Еліктеу   сөздердің

құрылысына   қарай   дара   және   күрделі   болып   келетіндігі.

Дара   еліктеу   сөздердің   негзігі   және   туынды   болып

бөлінетіндігі.   Негізгі   еліктеу   сөздерге   есту,   көру   арқыл

қабылднған   табиғат   құбылыстары,   көрініс   бейнелерінің

атауларының жататындығы, туынды еліктеу сөздерге жалпы

сипаттама.   Күрделі   еліктеу   сөздер.   Негізінен   етістіктермен



тіркесіп   пысықтауыш   мүше   қызметін   атқаратындығы,

құранды   мүшенің   құрамында   келіп   бастауыш   қызметінде

қолданылуы.   Зат   есімдермен   тіркесіп   анықтауыштық

қызметте де келетіндігі. Шылау. Одағай

Шылаулардың басқа сөз таптарынан ерекшелігі. Шылау сөздер әуелгі

дербестігінен   айырылған   көмекші   сөздер   ретінде   қызмет   атқаратыны.

Шылаулардың   дәнекерлік   қзметінің   және   атаушы   сөзддермен   тіркесу

қабілетінің   олардың   қалыптасқан   грамматикалық   мағыналарының

сипаттарына   қарай   жалғаулықтар,   септеуліктер,   демеуліктер   болып

бөлінетіндігі.

Жалғаулықтар,   олардың   өздеріне   тән   грамматикалық   қызметі.

Жалғаулықтардың өзар тең дәрежедегі бірыңғай сөөздерді, сөз тіркестерін,

сөйлемдерді   байлнстыратындығы.   Байланыстру   қабілетіне   қарай

салыстырғыш   және   сабақтастырғыш   жалғаулықтар   болып   бөлінетіндігі.

Ыңғайлас,   талғаулықты,   қарсылықты,   себеп-салдар,   шарттық,   ұштастрғыш

жалғаулықтар,   олардың   қатары,   сипаттамалары.   Септеуліктер,   олардың   өзі

қатысты   сөздің   белгілі   тұлғада   тұруын   талап   ететіндігі   және   тіркескен

сөздерге   себептік,   бағыттық,   мезгілдік   грамматикалық   мағыналарды

үстейтіндігі. Септеулік шылаулардың жалғаулық шылаулармен қызметтерінің

ұқсастығы   мен   айырмашылығы.   Демеуліктер,   олардың   өздері   тіркесетін

сөздерге түрлі қосымша реңктер үстейтіндігі. Қосатын реңк мәндеріне сай

сұраулық,   күшейткіш,   болжал,   болымсыздық,   қомсыну   мәнді   демеуліктері

болып бөлінетіндігі.

Одағай лексика-грамматикалық сипаты жағнан адамның әр түрлі көңіл-

күйіне   байлансты   ишарттар   және   төрт   түлік   малға   арнайы   айтылатын,

сөйлемде   басқа   сөздермен   грамматикалық   байланысқа   түспейтін,   оқшау

қолданылатын сөздер тобы екендігі. Одағайлардың зерттелуі. Одағайлардың

түрлері:   негізгі   одағайлар,   туынды   одағайлар.   Одағалардың   мағынасына

қарай   бөлінулері:   көңіл-күй,   ишарат   одағайлары.   Одағайлардың   сөйлемде

лепті, сұраулы сөйлемдердің құрамында келетіндігі. Екі түрлі жағдайда ғана

сөйлем мүшесі бола алатындығы.: 1) көмекші етістіктерімен тіркесіп, күрделі

мүшенің   құрамында   келгенде;   2)   түрлі   қосымшаларды   қабылдау   арқылы

заттанып барып әр түрлі сөйлем мүшесі бола алады.

11-тақырып.  Сөзжасам   тіл   білімінің   жеке   саласы.

Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы. 

Сөзжасамның   тіл   білімінің   дербес   саласы   деп   бірден

қалыптасқан   мәсе-ле   емес   екені.   Жалпы   тіл   білімінде

сөзжасамның   дербес   сала   болып   танылуының   түркі

тілдеріне   әсері.   Сөзжасам   –   дербес   сала.   Сөзжасамның   тіл

білімінің  негізгі салаларының  көбімен  байланыстылығы,  тіл

білімінде   бірімен-бірі   байланыспайтын   саланың   кездеспеуі,

олардың   ортақ   объектілері,   яғни   нысандарының   болуымен

байланыстылығы.

 

Сөзжасамның



 

морфологиямен

байланысының   күштілігі,   ол   байланыстың   ұзақ   уақыт

сөзжасамның   морфология   құрамында   қаралуына   себеп



болғаны. Сонымен бірге олардың айырмасы. Тілде сөзжасам

көрсеткіші   мен   қолданылған   сөз   лексемаТілде   сөзжасам

көрсеткіші мен қолданылған сөз лексема болып саналса, сөз

түрлендіруші қосымшамен қолданылған сөз формасы болып

танылады,   яғни   олар   тілдегі   екі   басқа   құрылыстарға

жататыны   туралы.   Сөзжасамның   синтаксиспен   байланысы.

Сөзжасамның аналитикалық тәсіл арқылы жаслған күрделі

сөздердің   табиғаты,   құрылысы   жағынан   синтаксистегі   сөз

тіркестерімен   ұқсастығы,   ол   ұқсастық   осы   тілдегі   екі

саланың


 

байланысынан

 

туғаны.


 

Сөзжасамның

лексикологиямен   байланысы.   Лексикология   тілде   бар

сөздерді зерттейтін ғылым екені. Сөзжасам тілде бір кезде

жоқ сөздің қалай пайда болғанын, қалай жасалғанын, керек

сөзді   қалай   жасауға   болатынын   зерттейді.   Сөзжасамдық

әрекет   нәтижесінде   жасалған   сөз   лексикологияның

қарамығына   түсетіні.   Осымен   байланысты   сөзжасам   мен

лексикология арасында байланыс пайда болатыны. Сөзді екі

сала екі тұрғыда зерттейді. Сөзжасамның тілдің морфология

мәселесімен   байланысы.   Сөзжасамның   негізгі   тілдік

бірліктерді

 

жұрнақтардың



 

дыбыстық


 

вариантта

қолданылатыны.   Жұрнақтардың   дыбыстық   варианттары

фонетика   заңдылықтары   бойынша   қалыптасқан,   оны

морфология   саласы   зерттейді,   бұл   арқылы   екі   саланың

байланысы көрінетіні туралы.    




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет