Əдебиет
1. Назарбаев Н. Жамбыл туралы сөз // Жамбыл тура-
лы сөз. – Алматы, 1996. – 153 б.
2. Бегалин С. Жамбыл: Өмірбаяндық хикаят. –
Алматы: Жалын, 1996. -184 б.
3. Садырбаев С. Фольклор жəне Жамбыл. – Алматы:
Ана тілі, 1996. – 240 б.
4. Жолдасбеков М., Төреқұлов Н. Тоқсан толғау: Де-
ректі ғұмырнамалық эссе. – Алматы: Өнер, 1992. – 232 б.
5. Абылкасимов Б. Жанр толгау в казахской устной
поэзии. –Алма-Ата: Наука,1984.–120 с.
Мəдени мұра
Шығыс халықтарының əдебиетінде Лұқман хакімнің даналық сөздерінің алатын өз орны бар.
Лұқман хакімнің даналығы туралы Құранда айтылған. Қазақ əдебиетінде Лұқман хакімнің даналық
сөздері мен өмірбаян ғибраттары түрлі басылымдарда жарық көрді, бірақ осы күнге дейін толық
топтастырылып, бір жүйеге түскен емес. Абай ғылыми-зерттеу институты Лұқман хакімнің даналық
сөздері мен өмірбаян ғибраттарын жинастырып, бір ізге түсірді. Осы жолы Лұқман хакімнің даналық
сөздері мен өмірбаян ғибраттарының бір топ үлгілерін журнал оқырмандарына «Мəдени мұра»
айдарымен ұсынып отырмыз.
ЛҰҚМАН ХАКІМНІҢ ДАНАЛЫҒЫ
-1-
Лұқманның қабағы түсіңкі, көңіл-күйі болмай
жүріпті. Соған байланысты қожайыны оның
пейілінің тазалығына біртүрлі күдіктеніп қарайды.
Қожайынның басқа құлдары да оны салғырттығы,
жайбасарлығы, үндеместігі үшін мазақтап, келе-
междеп жүреді екен. Бір күні қожайын оларды
жеміс-жидек жинап əкелу үшін баққа жібереді.
Құлдар жеміс-жидек жинап əкеледі. Қожайын
бірнеше себет жеміс-жидектің кем екенін бай-
қайды. Қызметші құлдар бір ауыздан жетіспеген
жеміс-жидектерді Лұқманның жеп қойғанын
айтады. Бұған қожайын қатты ашуланып, Лұқ-
панды жауапқа шақырады. Қожайын қанша
ашулы болса, Лұқман сонша сабырлы болады.
Сөз соңында Лұқман қожайынға былай дейді:
– Сен көмектесетін болсаң, мен бұлардың
өтірігін шығарамын. Ол үшін сен жеміс-жидек
жинауға барғандарымызға түгел ыстық, бірақ
қайнамаған су ішкіз. Содан кейін бəрімізді ашық
далаға шығарып, бір қатарға тізіп жүгірт. Өзің
атқа мініп, біздің соңымыздан қалмай шоқытып
отыр. Сонда шындыққа көзің жетеді.
Қожайын Лұқманның айтқанын бұлжытпай
орындайды. Ыстық су ішіп жүгірген құлдардың
біраздан соң мазасы кетеді. Жеген жеміс-жи-
дектерін құсып, өтіріктері ашылады. Тек Лұқ-
манның аузынан ғана жеміс-жидексіз таза
судың өзі шығады. Қожайын Лұқманның
адалдығына разы болады.
-2-
Лұқман бір саудагерде құлдықта жүреді.
Саудагер Лұқманның мінез-құлқын, адамгерші-
лігін жақсы білген соң, оған ерекше ықыласпен
қарайды. Ас ішкенде, Лұқманды дастархан
басына өзімен бірге отырғызып, оның табағына
астың дəмдісін салады. Егер Лұқман əлдебір
тағамды жеуден тартынса, қожайын да ол та-
ғамға қол созбайтын болады.
Күндердің күнінде үй иесіне əлдекім бір
қауын беріп жібереді. Үй иесі Лұқманды шақы-
рып, қауынды жарады. Бірінші тілімді Лұқманға
береді. Лұқман қауынның тілімін өте сүйсініп,
тілін бал үйіргендей рақаттанып жейді. Үй иесі
Лұқманның рақаттанған күйіне сүйініп, қауын-
нан тағы тіліп береді. Онан кейін тағы береді.
Осылайша қауыннан бір-ақ тілім қалады. Үй
иесі осыдан кейін ғана Лұқманның тілін үйірген
тəтті қауыннан өзі де жегісі келеді. Қауынның
қалған тілімінен бір тістегенде, үй иесінің тілі,
аузы ойылып, күлдіреп қалғандай болады: қауын
удай ащы екен. Тіл-аузының ауырғаны басыл-
ғандай болғанда, үй иесі Лұқманнан болған істің
жайын сұрайды:
– Осынша удай ащы қауынның бір тілімінен
кейін бір тілімін жеп, сонша жаныңды қинаға-
ның не? Ащы екенін білсем, мен саған оны
бермес едім ғой.
Лұқман үй иесінің сөзіне қарай мынадай
жауап береді:
– Мен сенің достық мейіріміңді көрдім,
сенің дастарханыңнан талай тəтті дəм таттым.
Мына қауын ащы болғанмен, оны беріп отырған
сенің қолың соншалықты мейірімді, қайырымды
болды. Сенің мейіріміңмен, қайырымыңмен
салыстырғанда, қауынның ащылығы не тұрады?
Мейірімнен, қайырымнан тəтті нəрсе жоқ. Ол
уды – балға айналдырады. Мейірімнен, қайы-
рымнан құдіретті нəрсе жоқ. Мейірім мысты –
алтынға, батпақты – баққа, өліні тіріге айнал-
дырады. Егерде мейірімі, қайырымы болмаса,
жұмақтың өзі дозақтай көрінеді.
Абай институтының хабаршысы. № 4 (10). 2011 55
-3-
Лұқманға бір топ қызметшілер жүгіріп ке-
леді. Аузын ашып ұйқтап жатқан қожайынның
аузына жылан кіріп кетіпті. Лұқпан түр-түсін,
киімін өзгертіп, қожайын жатқан жерге келеді.
Қожайынның қызметшілері үйдің жанында
қалады. Лұқпан келе сала қожайынды таяқпен
ұра береді. Қожайын ұйқысынан шошып оянып,
қаша жөнеледі. Лұқман оны таяқтап, мəуелеп
өсіп тұрған алма ағашына қарай қуады. Алма
ағашының түбіне келгенде, қожайынды тоқта-
тып, таяқтағанын қоймай, оған жерде шашылып
жатқан алмаларды жеуге бұйырады. Қожайын
жерде шашылып, шірігені, шірімегені аралас
алмаларды аузына тығып жей береді. Қожайын-
ның қарны толып, жегені аузынан қайта шығып
жатады. Сонда Лұқман қожайынды таяқтың
астына алып, қайтадан қуа жөнеледі. Жаны көзіне
көрінген қожайын қандай бəлеге душар бол-
ғанан білмей, есі шығып, безіп жүгіреді. Біраз-
дан соң ақ тер-көк тер болып сабылады. Өті
төгіліп, жеген алмасын құса бастайды. Бір
уақытта құсқан алмамен бірге аузынан жуан-
дығы білектей, ұзындығы құлаштай қара шұбар
жылан түседі. Қожайынның қызметшілері жина-
лады. Қожайын есін жинап, өзін өлімнен құт-
қарған адамның Лұқман екенін көреді де:
– Лұқман, сен менің құлым емес, құтқару-
шым екенсің. Құдай сені маған бекер жолық-
тырмаған екен. Менің құлым сен емес, сенің
құлың мен екенмін. Сен менің артымнан анам
сияқты қуғанда, мен сенен қожайынынан қаш-
қан есек сияқты қашыппын. О, Жаратқан, өзің
кешір менің надандығымды. Өзің жарылқа мына
құлыңды! – деп, Лұқманның етегінен сүйеді.
Лұқман қожайынына былай депті:
– Қожайын, сіз менің білетініме мұқтаж
болдыңыз. Мен білетінімді сізден жасырмадым.
Білгенімді сіздің амандығыңыздың жолына
жұмсадым. Кісінің өзі білген білімінің игілігін
мұқтаж адамдарға көрсетуі – екі дүниеде бірдей
сауапты іс.
-4-
Лұқманның қожайыны бір күні серіктерімен
ойын-сауық жасап, көп шарап ішеді. Шарапқа
қызған кезінде əрқайсысы əр нəрсені айтып
бəстеседі. Лұқманның қожайыны үйінің терезе-
сінен көрініп жатқан теңізді ішіп, тауысатынын
айтады. Серіктері дуылдап бəстеседі. Егер қо-
жайын теңіздің суын түгел тауысып іше алмай-
тын болса, онда бар дүниесін серіктеріне бермек
болады. Егер қожайын теңіздің суын таусып
ішіп қойса, онда оған серіктері өз дүниелерін
бермек болады.
Таң атады. Шараптың қызуы басылады. Қо-
жайынның ойына кешегі бəсі түседі. Аздан соң
бəстескен серіктері де келеді. Қожайын Лұқман-
нан ақыл сұрайды. Лұқман бəстің жайына қанады:
– Серіктеріңмен не деп бəстесіп едің?
– Мына теңіздің суын тауысып ішіп қояты-
ныма бəстестім.
– Басқа ештеңе айттың ба?
– Жоқ.
– Олай болса, менің айтқаныма құлағыңды
қой. Сен теңізге қара. Оған əр жақтан бірнеше
өзен ағып келіп құйылып жатыр. Сен теңізбен
қоса өзендерді де ішемін деген жоқсың. Сон-
дықтан өзіңнің теңізді ғана ішетінің туралы бəс-
тескеніңді, теңізге құйылып жатқан өзендерді
ішетінің туралы айтпағаныңды серіктеріңнің
есіне сал. Егер серіктерің теңізге құйылып жат-
қан теңіздерді тоқтатып тастаса, өзіңнің теңізді
ішіп тауысатыныңды айт.
Қожайын Лұқманның ақылын тыңдап, көңілі
орнына түседі. Серіктерінің жанына келіп, өзі-
нің теңіздің суын ішуге дайындығын білдіреді.
Серіктері оны дуылдасып қарсы алады. Сонда
өзіне тесіліп қарап тұрған серіктеріне Лұқман-
ның қожайыны былай дейді:
– Қымбатты серіктерім, мен сендермен мына
теңізді тауысып ішетініме бəстестім, теңізді
оған құйылып жатқан өзендермен бірге ішемін
деп бəстескен жоқпын. Теңізге құйылып жатқан
өзендердің бəрін байлап тоқтатсаңдар, мен
теңізді тауысып ішіп қоюға дайынмын.
Лұқманның қожайынының серіктері мына
сөзге қарсы уəж тауып айта алмапты.
-5-
Лұқман шаруаға өте тындырымды болыпты.
Көктемде қожайыны оған бидай ек деп тапсыр-
ма береді. Лұқман жер жыртып, оған бидай емес,
арпа екті. Арпа өсіп шықты. Қожайыны өсіп
тұрған арпаны көріп, Лұқманға қатты кейіді.
– Мен саған бидай ек деген едім, менің айт-
қанымды орындамай, арпа егіпсің. Мұның не? –
деп жекіреді. Лұқман қожайынды тыңдап болып,
оған былай деп қарсы сұрақ береді:
– Арпа ексем, бидай шықпай ма?
– Арпа ексем, одан бидай өсіп шығады деп
қандай адам күтеді? – деп, қожайын одан сайын
ашуланады. Сонда Лұқман мынаны айтыпты:
– Олай болса, өзің біреулерге жамандық
қыла тұрып, олардан өзіңе не үшін жақсылық
күтесің? Жерге не ексең, соны орасың. Кісіге не
істесең, алдыңа сол келеді.
-6-
Лұқман мен оның қожайыны жол жүріп келе
жаттады. Қожайын үлкен дəретке отыру үшін
дəретханаға кіреді. Лұқман сыртта тосып қала-
ды. Қожайын дəретханада көп отырады. Сонда
Лұқман қожайынына былай деп дауыстайды:
– Қожайын, кісі үлкен дəретке отырғанда,
ұзақ отырмауға тиісті.
Дəретханадан шыққан қожайын Лұқманның
сөзінің мəнісін сұрайды. Сонда Лұқман мынаны
айтқан екен:
56 Абай институтының хабаршысы. № 4 (10). 2011
– Дəретханада ұзақ отырған адамның бауы-
ры ауырады, қан қысымы көтеріледі, тік ішегі
қабынады.
Қожайын Лұқманның байымдылығына ырза
болады. Оның сөзін, басқаларға да пайдасы бол-
сын деп, дəретхананың сыртына жаздырып қояды.
-7-
Лұқманды қожайыны моншаға жұмсайды:
– Лұқман, моншада адам көп пе, аз ба –
соны біліп кел.
Лұқман моншаға баратын жолға түсіп, біраз
жүреді. Жол үстінде бір дөңбектің көлденең
жатқанын көреді де, тоқтайды. Жолдан бұры-
лып шығып, анадай жерге барып отырады. Жол-
мен моншаға қарай адамдар өтіп жатады. Өткен
адамдардың бірі жолдағы дөңбекті айналып
өтеді, бірі үстінен аттап өтеді. Əлден уақытта
бір кісі дөңбекті көріп кідіреді. Дөңбекті дөңге-
летіп, жолдан шығарып тастайды. Сөйтіп мон-
шаға қарай кетеді. Осыдан кейін Лұқман кері
қайтып келіп, қожайынына:
– Моншада бір-ақ адам бар, – дейді.
Қожайын моншаға келеді. Ішке кірсе, адамдар
көп екен. Көппен бірге моншаға түседі. Қожайын
үйіне келген соң, Лұқманды шақырып алып:
– Сен моншада бір-ақ адам бар деп едің,
олай болмай шықты. Моншада кісі көп екен.
Бұл қалай? – деп, сөгеді. Лұқман өзінің сөзінің
мəнісін былай түсіндіреді:
– Қожайын, моншаға баратын жолдың үстін-
де жүргіншілерге кедергі келтіріп бір дөңбектің
жатқанын көрдім. Сол жерде моншаға бара
жатқандарды қарап көп отырдым. Жолмен мон-
шаға қарай өткендер дөңбекті айналып немесе
аттап өтті. Күн еңкейгенде бір кісі келіп, дөң-
бекті жолдан шығарап тастады да, өзі ары қарай
моншаға кетті. Мен адам санатына осы кісіні
ғана қостым. «Моншада бір-ақ адам бар», –
дегенімнің себебі осы.
-8-
Бір күні Лұқман Дəуіт пайғамбарға (с.а.с.)
келіпті. Дəуіт (с.а.с.), патша болса да, бір шұғыл
іспен айналысып жатыр екен. Байқаса, темірден
кішкене дөңгелектер жасап, оларды бір-біріне
кигізеді. Темір пайғамбардың қолында мың бұра-
лып иіледі. Лұқман Дəуіт пайғамбардың (с.а.с.)
ойын да бөлмей, жұмыстан да қалдырмай, көз
алдында болып жатқан іске үн-түнсіз қарап тұра
береді. Бір кезде Дəуіт (с.а.с) барлық темір дөң-
гелектерді бір-біріне жалғап болып, үстіне киеді.
Лұқман патшаның күні бойы қолымен жасағаны
сауыт екенін көреді. Темір сауыт киінген Дəуіт
(с.а.с) Лұқманға қарап:
– Міне, енді мына киім мені қандай соққы-
дан да тура қалқан сияқты қорғайтын болады, –
деп, өз ісінің мəнісін түсіндіреді. Сонда Лұқман
Дəуіт патшаға былай деген екен:
– О, ұлы мəртебелі патшам, сен өзіңді жау
соққыларынан сақтайтын ғажап темір сауыт жа-
садың. Дегенмен сенің бойыңда одан кем түс-
пейтін басқа да бір мықты құрал барына көзім
жетті: ол – сенің темірдей берік төзімің.
-9-
Дəуіт пайғамбар (а.с.а.) Лұқман хакімнен
сұрапты:
– Лұқман, сен балаңа айтқан бір ақылыңда
надандардың қауымына баруға болмайды депсің
ғой?
– Иə, ұлы мəртебелім. Надандар наданның
сөзін айтады. Білімді адамның ондай жерге
баруы қатерлі. Надандар имансыздардың сөзін
айтады. Егер олар сөйлесіп отырғанда, Алланың
қаһары ұрса, олар да, олардың қасындағы білім-
ді адам да сау қалмайды.
Сонда Дəуіт пайғамбар (с.а.с.) түрегеп тұр-
ған жерінде тізерлеп отыра қалады да, екі қолын
көкке жайып, былай дейді:
– О, құдіреті күшті Алла, саған ғана құлшы-
лық етемін, сенен ғана мейірім күтемін! Егерде
мен сенің құрметті атыңды атап, ұлық сипат-
тарыңды айтып отырған қауымға бармай, саған
күман келтіріп, күпір болған надандардың қауы-
мына барар болсам, менің аяқтарымды оларға
жеткізбей сындыр! Сенің маған берген керемет
сыйың осы болады.
-10-
Лұқман хакім қолына даналық кітабын ұс-
тап, көпірден өтіп бара жатыр екен. Алдынан
Ыдырыс жолығып:
– О, Лұқман, маған Ыдырыстың дəл қазір қай-
да екенін айта аласың ба? – деп сұрапты. Лұқ-
ман қолындағы кітабын ашып қарап, былай деп
жауап беріпті:
– Жерде де емес, аспанда да емес.
– Жерде жоқ болса, аспанда болмаса, онда
ол қайда жүр? – деп, қайта сұрайды Ыдырыс.
Лұқман ойланып тұрып:
– Жерде де емес, аспанда да емес, көпірдің
үстінде тұрса керек, – депті. Сонда Лұқманның
көрегендігіне Ыдырыстың қарсы жасар шарасы
қалмай, оны иығынан салып қалса керек. Лұқман-
ның қолында даналық кітабының аз ғана беттері
қалып, көптеген беттері қолынан шығып, желге
ұшыпты. Біразы көпірдің астындағы өзеннің
суына түсіп ағып кетіпті, біразы тары еккен
аққапқа түсіпті. Содан су мен тарыға адамның
денсаулығына пайдалы қасиет дарыпты. Елдің
аңыздап айтуларына қарағанда, Лұқманның қо-
лында даналық кітабы түгел болғанда, ол өлмес-
тің жолын табатын екен (Гордлевский).
-11-
Мен жол үстінде келе жатып, алба-жұлба
киінген бір кісіні көрдім де:
– О, жолаушы, сен кімсің? – деп сұрадым.
Абай институтының хабаршысы. № 4 (10). 2011 57
– Адаммын, – деп жауап берді ол маған.
Мен одан:
– Атың кім? – деп сұрадым. Ол:
– Өзімді қалай атарымды ойланып болғанша
тоса тұр, – деді.
– Не істеп жүрсің? – деп сұрадым мен. Ол:
– Өзімді азаптан сақтап жүрмін, – деп жауап
берді.
– Не ішіп, не жеп күн көріп жүрсің? – деп
сұрадым.
– Ол маған нені жегізіп, нені ішкізсе, мен
соны жеп, соны ішіп жүрмін, – деді ол. Мен:
– Ол сені қайдан тамақтандырып жүр? – деп
сұрадым. Ол:
– Қайдан қаласа, содан, – деп жауап берді.
– Мұратыңа жет!, – дедім мен.
– Мұратыңа жетуіңе саған кім тыйым
салды? – деп сөзін бітірді ол.
-12-
Лұқман хакім патшаның ғұламалары мен
хакімдерінің жиынына барып, төмендегі орын-
дардың біріне жайғасады. Патшаның қойған əр
сұраққа ғаламдар мен хакімдер түгел жауап
беріп жатады. Лұқман да жауап береді. Бірінші
жолы патша Лұқманның жауабына қанағатта-
нып, оны бір саты жоғары отырғызады. Келесі
сұрақтың жауаптарының ішінде тағы да Лұқман-
ның жауабы жақсы болып шығады. Патшы оны
тағы бір саты жоғары отырғызады. Келесі жолы
да осылай болады. Ақырында, Лұқман патша-
ның қасынан орын алады. Жиналыс біткен соң,
патша ғалымдары мен хакімдеріне дастархан ба-
сына алып барады. Ғаламдар мен хакімдер кезе-
гімен шарап кесесін ұстап, ғибратты сөз айтады,
шараптан ішеді. Кезек Лұқманға келгенде, ол:
– Жоғары мəртебелі патшам, егер рұқсат
етсең, бір ауыз сөз айтайын? – дейді.
– Айтқың келген сөзіңді айт! – дейді патша.
– Жоғары мəртебелім, Алла сіздің бағыңыз
бен бақытыңызды асыра берсін! Алдыңызда
тұрған пендеңіздің бүгін сіздің ғұламаларыңыз
бен хакімдеріңіздің кеңесінде аңғартқан аз
ақылын көптей көрдіңіз, белгісіз атын белгілі
еттіңіз, қадірсіз басын қадірлі еттіңіз, көксеген
мұратына жеткіздіңіз. Енді осы жақсылығыңыз-
дың жоқ қылып, өзіңіз көптей көрген аз ақылым-
ды одан сайын азайта көрмеңіз деп жалбарына-
мын. Өйткені мен мына шарапты ішетін болсам,
аз ақылым ада болады, белгісіз атым біржола
өшеді, қадірсіз басымның қара бақырлық құны
қалмайды, көксеген мұратым күл болып ұшады.
Егер ұлы мəртебелі патша өзінің терең ақылы
мен мол қайырымының арқасында алдындағы
мүсəпір пендесіне жасаған жақсылығын артық
көрмесе, онда оның игілігін ұзарта түссе екен
деп тілеймін.
Патша Лұқманның мына сөзін естіп, разы
болады. Қасына отырғызып, құрмет көрсетеді.
Астына ат мінгізіп, үстіне шапан жабады.
Лұқманның абыройы асқанын көрген көпші-
лік: «Ақыл кісінің жердегі басын көкке жеткі-
зеді», – деп айтыпты.
-13-
– Əке, нені ешқашан ұмытпауым керек?
– Балам, кісі ешқашан ұмытпайтын, ұмы-
туына болмайтын екі нəрсе бар. Оның біріншісі
– Алла тағала. Екіншісі – өлім.
-14-
– Əке, нені ешқашан есіме алмауым керек?
– Балам, кісі өмірде ешқашан есіне алмай-
тын, ешқашан есіне алуына болмайтын екі нəрсе
бар. Оның біріншісі – сенің басқаға жасаған
жақсылығың. Екіншісі – басқаның саған жаса-
ған жамандығы.
-15-
– Əке, неден сақ болуым керек?
– Балам, əрқашан төрт нəрсеге сақ бол:
намаз үстінде жүрегіңе сақ бол; дастархан
басында тамағыңа сақ бол; жат елде тіліңе сақ
бол; жат жерде көзіңе сақ бол.
-16-
– Əке, не нəрседен қашық болуым керек?
– Балам, Алланы ұмытқандардың жиынынан
қашық бол.
-17-
– Əке, не нəрсеге асық болуым керек?
– Балам, дастарханыңның имандыларға
жайылғанына асық бол.
-18-
– Əке, қандай адамды жаман десе болады?
– Балам, жұрт өзін жаман деп тұрғанда, оған
ешқандай мəн бермеген адамды жаман десе
болады.
-19-
– Əке, қандай адамды жақсы десе болады?
– Балам, иманды адамды жақсы десе
болады.
-20-
– Əке, тастан ауыр не бар?
– Балам, бұ дүниеде мен көтермеген ауыр
нəрсе жоқ: тасты да, темірді де көтердім. Бірақ
жаныңда тұратын жаман көршіден ауыр нəрсе
көрмедім.
-21-
– Əке, удан ащы нəрсенің дімін татып көрдің
бе?
– Балам, жарық дүниеде мен татпаған у жоқ.
Бірақ аштықтан ащыны көрмедім.
-22-
– Əке кімге сенсем болады?
– Балам, Аллаға ғана сен.
-23-
– Əке, жоғымды кімнен сұрасам болады?
– Балам, Алладан ғана сұра.
58 Абай институтының хабаршысы. № 4 (10). 2011
24
– Əке, білімді адам деп қандай адамды
айтуға болады?
– Балам, білімді адам деп дүниедегі нəрсе-
лердің заты, сипаты, мəні қандай екенін білетін
адамды айтуға болады.
-25-
– Əке, ақылды адам деп қандай адамды
айтуға болады?
– Балам, ақылды адам деп дүниедегі нəрсе-
лердің заты, сипаты, мəні қандай екенін жəне
қандай болуы керек екенін білетін адамды
айтуға болады.
-26-
– Əке, кемеңгер кісі деп кімді айтқан
дұрыс?
– Балам, кемеңгер кісі деп бастаған ісінің
немен бітетінін білетін, сондықтан əрбір істе
абай болатын кісіні айтуға болады.
-27-
– Əке, данышпан деп қандай адамды айтуға
болады?
– Балам, данышпан адам деп дүниедегі нəр-
селердің заты, сипаты, мəні қандай екенін, қан-
дай болуы керек екенін жəне қалай жетілдіруге
болатынын білетін адамды айтса болады.
-28-
– Əке, ғалымның білімі мен ақылының
арасы қандай?
– Балам, ғалым деген кісі қанша білімді бол-
ғанмен, сол білімінің пайдасын не өзі көрмесе,
не өзгелер көрмесе, оның ғалымдығы зая. Ға-
лым біліміне ақылын серік еткенде ғана елге
пайдалы бола алады. Ғалымның білімі мен ақы-
лының арасында шек болмайды.
-29-
– Əке, білімсіздің күні қандай болмақ?
– Балам, білімсіздің күні екі дүниеде бірдей
қараңғы болмақ.
-30-
– Əке, білімнен қайыр болмайтын жағдай
бола ма?
– Балам, үш жағдайда білімнен қайыр бол-
майды. Бірінші, кісі білімді ақымақтармен ақыл
жарыстыру үшін алатын болса. Екінші, кісі бі-
лімді өзін өзі мақтау үшін алатын болса. Үшін-
ші, кісі білімді өзін өзгелердің мақтауы үшін
алатын болса.
-31-
– Əке, білім жолындағы адам білімді керек
етпей, орта жолда тастап кетсе қалай болады?
– Балам, білім жолындағы адам білімді
керек етпей, орта жолда тастап кетсе, үш түрлі
жамандыққа тап болады. Бірінші, көрер көзі
көрместей болады. Екінші, жұрт алдында ұятты
болады. Үшінші, надандықпен қауышады.
-32-
– Əке білімді мен білімсіздің парқы қандай
болады?
– Балам, бір адам білімді жəне өзінің білімді
екенін біледі. Ғалым дегеніміз сол. Соның
соңынан жүрсең, адаспайсың. Бір адам білімді,
бірақ ол өзінің білімді екенін білмейді. Бұл өзі-
нің біліміне жете мəн бермеген адам. Ондай-
ларға өзінің білімді екенін білдіру керек. Келесі
біреу білімсіз жəне өзінің білімсіз екенін біл-
мейді. Бұл – нағыз наданның өзі. Одан сақ бол.
Енді біреу білімсіз келеді, бірақ өзінің білімсіз
екенін біледі. Бұл мұқтаж адамдардың қатарына
жатады. Ондайларға жол көрсет, жөн сілте.
-33-
– Əке, білімді мен білімсіздің, жақсы мен
жаманның, момын мен зұлымның бір-біріне
жанасып, жақсы болатын жері бар ма?
– Балам, білімді мен білімсіздің, жақсы мен
жаманның, момын мен зұлымның жанасатын
жері бұ дүниеде де, ақыретте де болмайды. Қой
мен қасқырдың жанасып, жақсы бола алмай-
тыны секілді білімді мен білімсіздің, жақсы мен
жаманның, момын мен зұлымның жанасып,
жақсы болмағына жол жоқ.
-34-
– Əке, сөз жайында не білуім керек?
– Балам, сөздің де түр-түрі бар. Бірі балдай
тəтті. Бірі удан ащы. Бірі тастай қатты. Атылған
оқтай, жанған оттай сөз бар. Інінде жатқан
жыланды шығаратын сөз бар. Тас жаратын, тас
жармаса, бас жаратын сөздер де болады. Солар-
дың бəрінің өсіп-өнетін бағы – жүрек. Оған тек
жақсы сөздердің ғана ұрығын сеп. Сепкеніңнің
бəрі өнбесе де, біразы өсіп шығады.
-35-
– Əке, жаман сөз жайында не білуім керек?
– Балам, жаман сөзден ауыр ешнəрсе жоқ.
Қызған темір суда қалай шыңдалса, жаман сөз
де адамның жүрегінде сондай қатаяды.
-36-
– Əке, сөздің жақсысын кім іздеп табады?
– Балам, сөздің жақсысын даналар іздеп
табады.
-37-
– Əке, жүрегі жұмсақ құл қандай болмақ?
– Балам, кім өзіне жамандық жасаған адамға
кешірімді болса, кім өзіне жамандық жасағанға
жақсылық жасаса, соның жүрегі жұмсақ.
-38-
– Əке, жүрегі жұмсақ құлды қалай танимын?
– Балам, жүрегі жұмсақ құл ашуланған
кезінде танылады.
-39-
– Əке, жомарт адамды қалай тануға болады?
– Балам, жомарт адам өзі мұқтаж болғанда
танылады.
-40-
– Əке, батырды қалай тануға болады?
– Балам, батыр соғысқа шыққан кезінде та-
нылады.
Абай институтының хабаршысы. № 4 (10). 2011 59
Достарыңызбен бөлісу: |