12 шілде 2014 жыл
4
Шілде айының 2-ші жұлдызында Жастармен жұмыс жасау орталығының ұйымдастыруымен
аудан жастары арасында № 132 орта мектебінде спорттың ерекше түрі – турниққа тартылудан
аудандық ашық біріншілік өтті. Бұл спорттық сайысқа қатыушылар – дала гимнастикасы бо-
йынша бақ сынасты. Сайыс басталмас бұрын мемлекеттік әнұран орындалып, Атасу кентінің
әкімі Р.Түсіпов пен аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысының
орынбасары А.Қарабаев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Өте жоғары деңгейде
өткен сайысты тамашалаған көрермендер спортшылардың жасаған әртүрлі элементтеріне
таңырқап, қол соғып отырды. Айта кететін бір жәйт, бұл жарыста аудан спортшыларымен
бірге Қарағанды қаласының гимнасттары да бақ таластырды. Сайыстың деңгейін бағалаған
әділ- қазылар да өз бағаларын беріп жатты...
Жалпы сайысқа 15 спортшы (турникмендер) қатысты.
Жарыс қорытындысында жерлесіміз Есенов Дарын Айтуғанұлы бас жүлдені жеңіп алса,
жүлделі 2-ші орынды Жаңаарқа ауданының тумасы, қазіргі уақытта Қарағанды қаласының
тұрғыны, қонағымыз Темірғалиев Бексұлтан Құралұлы еншіледі. Ал 3-ші орын Сәтжанов
Спартаққа бұйырды. Жеңімпаздар медальдармен, грамоталармен және бағалы
сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің бас-
шысы Р.Казимов жеңімпаздарды құттықтап, сайыстан ерекше әсер алғанын жеткізді. Соны-
мен қатар, спортшыларға алдағы уақытта өнерлерін шыңдай берулеріне тілегін білдірді.
Б.МЫРЗАШЕВ,
«Жаңаарқа ауданының жастармен жұмыс жасау Орталығы» КММ маманы
Дала гимнастикасы өтті
МӘДЕНИЕТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Еліміз бойынша спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыру үлкен ықпал етуде.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамытуға
ерекше көңіл бөлуде. «Тәні саудың – жаны сау, жаны саудың дені сау»,- демекші жұманың сәтті
күнінде «ЕрТөстік» бөбек – жайында психолог: Ү.М.Тоқбергенова, тәрбиеші А.Ю.Кішенованың
ұйымдастыруларымен спорт әлеміндегі ең қызықты ойын «Әкем, анам және мен»,- толағай
отбасылық жарыс өткізілді. Үш топтан «Күн» тобының Ізтілеуовтер, «Еркетай» тобының
Әкішевтар, «Жұлдыз» тобынан Дәуренбековтар отбасылары қатысып, өз балалары үшін тер
төкті. Балабақшаның тынысына араласып, спорттан шеберліктерін көрсетіп жатқан ата-аналарға
ризашылығымыз шексіз.
Бүгінгі жарысқа қатысқан барша отбасыларыңызға денсаулық, бірлік, береке тілейміз. Жарыстан
жарысқа жете беріп, жүлделі орындардан көріне беріңіздер!. Спорттық сайысының соңында
«Күн. Еркетай. Жұлдыз» тобының бүлдіршіндері ата-аналарға әннен шашу шашты.
Д.САБИРОВА,
«Еркетай» тобының ата-анасы
Балабақшадағы жарыс
Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай жастармен жұмыс жасау орталығы іс-шаралар
ұйымдастырды.Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қолдауымен «Нашақорлыққа
жол жоқ!» атты акция ұйымдастырды. Акция барысында нашақорлықтың алдын алу мақсатында
«Әлия» дүкені, «Сәт» сауда үйі мен мәдени-сауық орталығының алаңдарында үнпарақтар тара-
тылды. Акцияға ауданның жанашыр жастары белсенді түрде атсалысып, арнайы жиде киіп, аудан
тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Сондай-ақ, С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханада «Біз есірткі туралы не бі-
леміз?» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шарада Жаңаарқа ауданының нар-
колог дәрігері Қ.Ы.Әлбатыров, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері
В.Р.Жұмашева, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының медбикесі С.С.Әлібаева және
аудандық қылмыстық полиция бөлімінің жедел өкіл капитаны Ж.С.Қайыпберлин баяндама
оқыды. Баяндамалар тыңдалғаннан кейін жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға
мардымды жауаптар алды.
Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар.
Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе
болып отыр. Бұл нәубеттің әрбір үйге, әрбір сыныпқа, әрбір отбасына енуі мүмкін – шұғыл
қимылдау қажет. Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі
жандардың өмірі. Солардың әр қайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар, дәрігерлер, ата-ана-
лар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беруі керек. Халықаралық нашақорлықпен күрес
күніне орай өткізілген іс-шаралардың мақсаты да осы болып табылады. Ендеше, салауатты өмір
салтын ұстанайық, ағайын!
Ш.АКПУПЕНОВА,
Жастармен жұмыс жасау орталығының маманы
Нашақорлыққа жол жоқ!
Үстіміздегі жылдың маусым айының 17-күні Ералиев ауылының мәдениет үйінде көпшілікті
қуантқан мәдени шара өтті. Бұл Жаңаарқа ауданының құрылғанына 85 жыл, арқаның ақиық
ақыны, дарабоз жерлесіміз С.Сейфуллиннің туғанына 120 жыл, қазақ әнінің ақ еркесі атанған
әнші Игілік Омаровтың туғанына 80 жыл толуына байланысты өткен балауса ақындар мүшайрасы
болатын.
«Өлеңдерім – елімнің көк аршыны» деген атпен өткен бұл мүшайраға ауылдағы О.Әлібаев
атындағы орта мектептің 5-11 сыныптар аралығындағы жас ақындар өздері шығарған өлеңдерін
көпшілікке ұсынды. Балауса ақындардың бұл шараға үлкен дайындықпен, зор жауапкершілікпен
келгендіктері олардың жазған жыр жолдарынан көрініп тұр.
Әсіресе, Г.Кәрібекова, М.Отжанованың жыр жолдарында туған жерге деген ыстық ықылас пен
Сәкен аталарына деген сағыныш сезімдерін көрсетуге барынша тырысқан. Мәдени шара бары-
сында ауыл мәдениет үйінің басшысы Ж.Көпбосынов Сәкеннің, И.Омаров орындаған Біржанның
әндерін асқақтата шырқап, тыңдаушы қауымның ілтипатына бөленді. Мүшайраға қатысып
отырған зейнеткер, Қазақстан оқу ағарту ісінің үздігі Р.Нұрланова, ауылдық «Нұр Отан» партиясы
тобының жетекшісі Ш.Нұржанбаев және тағы басқалары сөз алып, жас ақындарға ақ жол тілеп,
баталарын берді.
Мүшайраға келген ауыл ақсақалдары мен ардагер аналар осы шараның өтуіне мұрындық болған
ауылдық кітапхана қызметкерлеріне, әкімшілік ұжымына рахметтерін жаудырып игі ниеттерін
білдірді. Кеш соңы жас ақындардың көрермендер мен ескерткіш суретке түсуімен аяқталды.
Ә.ӘБІКЕНОВ,
Ералиев ауылы
Жас ақындар мүшайрасы
ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ ӨНЕРМЕНЕН ӨРІЛДІ
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Жезқазған қаласы, Жаңаарқа ауданының
«Құрметті азаматы», ұстаз-әнші Ғ.Мұхамединнің қатысуымен Ақтау ауылының мәдениет үйінде,
«Ән – көңілдің ажары» атты концерт болды. Халықтың көңілін көтеріп, ауылымыз туралы
Т.Әлжановтың «Қызыл тас» әнін шырқағанда тебіренбеген жан жоқ шығар. Осындай халықтың
көңілінен шығатын әсем әндер көп бола берсін дейміз. Тағы бір жерлесіміз Жаңаарқа ауданының
тумасы, айтыскер ақын, әрі әнші және қобызшы Ж.Көпбосыновтың өнеріне халық дән риза
болды. Өнер жұлдыздарына сәттілік тілейміз.
Е.ИБРАЕВ,
Ақтау ауылы
Түгіскен орта мектебінің кітапханасына келуші оқушылар ертелі кеш бір азаятын емес. Бірі оқып
болған кітаптарын өткізіп жатса, екіншісі өздері қалаған кітаптарын жаздырып алуда. Кітапхана
ішіне кіргеннен-ақ ерекше бір жинақтылықты, тазалықты байқауға болады. Кітаптар жанрларына,
әдебиеттердің түрлеріне қарай сөрелерге рет-ретімен жиналған. Келушілер өздеріне қажетті кі-
таптарды тез тауып алуына кітапханашы да көмектесіп жүреді.
Кітапханашы Ләззат Тайжанова Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінде
кітапхана ісі мамандығы бойынша бітіріп, келгеннен кейін еңбек жолын осында бастаған бола-
тын. Еңбек еткен бірнеше жыл ішінде өз міндетін үлкен жауапкершілікпен, тиянақты атқара
жүріп, көпшіліктің сенімі мен ризашылығына ие болды.
Ол жұмысын ынтамен атқара жүріп, әріптестерінің де сеніміне ие болды. Кітап оқырмандары
қатарын жыл сайын көбейте түсуге, оларға қызмет көрсету мәдениетін жетілдіруге Ләззат жастық
жігерін жұмсай, жұмыс істеп, көп үлес қосты. Әр жылдары шығып отыратын жаңа кітаптарды
оқырмандарға насихаттап, ұсынып отыратын Ләззат олардың ой-пікірін, талап-тілегін біліп, та-
нысу ойларын зерттеу мақсатында оқырмандар конференцияларын жиі өткізіп тұруды дәстүрге
айналдырған. Әр түрлі тақырыптарда, атап айтқанда қазіргі жастың тәрбиесі, ұлттық салт-
дәстүрлер, тағы да басқа көкейде жүрген ойларды айтып, пікір алысатын диспуттар, әңгімелер
ұйымдастырып отыруды да Ләззат үлкен іскерлік танытып жүр. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына
байланысты «Үздік кітапханашы-2011» байқауына қатысып, «білімді кітапханашы» номинация-
сымен марапатталды.
2011 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында көп жанрлы жазушы, драматург, аудармашы
Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақ білек» романы бойынша дайындаған сахналық қойылымы
аудандық байқауда бірінші орын алды. Қоғамдық жұмысқа белсене қатысқаны үшін ауыл әкімінің
«Мақтау қағазымен» марапатталды.
Жас ұрпаққа сапалы білім беруде оқулықтардың орны ерекше. Оқушылардың білім алуына
кітап қоры жеткілікті. Кітап көрмесі әдебиетті көрнекті насихаттаудың негізгі түрі болып табы-
лады. Мектеп кітапханасында әлем таныған «Қазақстан», «Тіл- ұлт келбеті», «Тарих, тұлға,
тағзым», «Салт- дәстүрім қазынам», «ЕХРО- болашақтың энергиясы», «ҰБТ-ға дайынсың ба?»
атты тақырыптың сөрелері тұрақты жұмыс істейді.
Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына байланысты «Жыр менің жалғыз тарланым» атты кон-
ференция, «Қазағымның дәстүрлері-ай» 8-11 сыныптар аралығында дөңгелек үстел өткізді.
С.Сейфуллиннің туғанына 120 жыл толуына орай «Өлеңмен өрілген өмір» атты жыр кеші өтті.
«Ел және Елбасы», «Болашақты нұрландырған – Тәуелсіздік», «Бабалар сөзі-ақылдың көзі» атты
сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын өткізді.
Ертелі-кеш бір тыным таппай, кітапхана жұмысын көпшіліктің өскелең талап-тілегіне сай
ұйымдастыру жолында ойдағыдай қызмет атқарып жүрген үлгілі кітапханашы Ләззат
Тайжановаға оқырмандардың алғыстарын жұмысына берілген үлкен баға деп біледі.
Л.Тайжанованың алдағы уақытта да мектеп оқырмандарына қалтықсыз қызмет көрсетіп,
абыройға бөлене береріне сенімдіміз.
Б.ҮКЕНҚЫЗЫ
Үлгілі кітапханашы
12 шілде 2014 жыл
5
АДАМ. ҚОҒАМ. ЗАҢ
“Жаңаарқа” газетінің заң және құқық
саласына арналған беті
Бұл мәселе – қоғамның, Қазақстанның экономикалық және саяси өмірінде ең маңызды
болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру елдің дамуының жалпы мемлекеттік
міндеті. Оның байқалуы азаматтардың құқықтарына және мүдделеріне шек қойып,
заңдылықтың принциптерін бұзады. Жаңаарқа аудандық тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасы 2011-2015 жылдарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
жөнінде салалық бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес
жұмыстар атқаруда. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 13-қарашадағы №
691 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
агенттігі құрылды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Рес-
публикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігін (бұдан әрі – Агенттік) бөлу жо-
лымен оған: Бәсекелестікті қорғау агенттігінен (Монополияға қарсы агенттік) –
тұтынушылардың құқықтарын қорғау, Денсаулық сақтау министрлігінен – халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінен–тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша
техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың
сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын
бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле
отырып, қайта ұйымдастырылды. Агенттікті тұтынушылардың құқықтарын қорғау және
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган деп
белгіледі. Сондай-ақ оған тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың
санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске
асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге
асыру жөніндегі функциялар берілді. Жаңаарқа аудандық тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасыда азаматтардың өтініштері мен шағымдарға арналған ұяшық, үндеулерді
тіркеу журналы бар, сенім телефоны жұмыс істейді. Әр жыл сайын «Жаңаарқа» газетіне
сенім телефондары хабарланып отырады. Азаматтарды жеке мәселелер жөнінде қабылдау
кестесі құрылған. Әр ай сайын халықпен кездесу іс-шаралары өткізіледі. Кездесу бары-
сында әр түрлі заңнамаларға сәйкес тақырыптар талқыланып, пікір алмастырылады.
Бүгінгі күнге барлық қызметкер уақытында жеке табыс салығы мен мүлік жөнінде декла-
рацияны тапсыруда. Мемлекеттік қызметке жаңадан келген мамандар шектеулерді қабылдап
алды. Еңбек тәртібін сақтау жөнінде жұмыс атқарылып жатыр. Басқарма бойынша лауа-
зымды тұлғалардың қызметтік жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталған жоқ. 2014
жылға арналған құқықтық оқыту жоспар-кестесі әзірленген. Оған сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу жөніндегі мәселелер кірді. Әр тоқсан сайын нәтижелер туралы өткізілетін
кеңестердің күн тәртібіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» мәселелері кіргізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын насихаттау, құқықтық жалпылама оқуды
өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
заңнамалары, Қазақстан Республикасы заңдарын қатаң сақтау және құқықтық тәртіпті
көтеру бойынша Басқармада түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Басқарма Кеңсесі арқылы
бір терезе принципіне сәйкес мемлекеттік қызмет қөрсетіледі. Онда құжаттарды, сонымен
бірге рұқсат беру құжаттары қабылданып, құжаттарды беру қамтамасыз етіледі. Барлық
өтініштерге дер кезінде жауап қайтарылады. Жауаптар өтініш түрінде беріледі. Жеке және
заңды тұлғаларға консультациялар беру бейнебақылау орнатылған Басқарма Кеңсесінде
жүргізіледі. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес кіріс құжаттарын қабылдау,
шығыс құжаттарын беруге тиісті тіркеу жасау қамтамасыз етіледі. Жеке және заңды
тұлғалардың өтініштері қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңдарында берілген мер-
зімде және тәртіптеріне сәйкес қарастырылады. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік
қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы Қазақстан Республи-
касы Президентінің 2014 жылғы 27-ақпандағы № 757 Жарлығы қабылданды. Орталық мем-
лекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2014 жылғы 2 сәуірден бастап 2015 жылғы 1
қаңтарға дейін шағын және орта бизнес субъектісінің өзінің қызметіне қатысты өтініші
оларды жүргізуге негіз болып табылатын тексерулерді, осы өтінішпен байланысты қарсы
тексерулерді, конституциялық құрылысқа, ұлттық қауіпсіздікке, заңдылыққа және қоғамдық
тәртіпке тура және тікелей қауіп-қатер төндіретін іс-әрекеттің алдын алу немесе жою
мақсатында жүргізілетін тексерулерді қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъекті-
лерін тексерулер тоқтатылды. Тексерістерді жүзеге асыру саласында мемлекеттік органдар
қызметтерін реттейтін, заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен жаңа заң талаптары әртүрлі
тексерістер жүргізу жөніндегі мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді, мем-
лекеттік бақылауды жүзеге асыруда айқындырақ бола түсуде, осыған ұқсас іс-шараларды
жүргізу туралы ақпараттар жалпы қолжетімді болып отыр. Осындай ақпараттардың бірі ҚР
Бас Прокуратурасының арнайы сайтына мемлекеттік бақылаушы органдардың тексеріс
жүргізу жоспарларын орналастыру болып табылады. 2014 жылдың 25 сәуір айында
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының ұйымдастыруымен, басқарма
ғимаратында аудан кәсіпкерлерінің және де мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен
семинар-жиналыс өткізілді. Семинар–жиналыстың күн тәртібінде «Қазақстан Республи-
касы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 691 Жарлығы, «Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 757 Жарлығы,
санитарлық тазалық және аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру туралы, 22-26 сәуір
аралығында Қазақстан бойынша жалпы екпе күндері жүргізілгендігі туралы жалпы
түсініктер беріліп, сөз талқыланды. Қатысушылар арасында көкейкесті сұрақтар қойылып,
талқыланды. 2014 жылдың 19 мен 25 мамыр аралығында «Здоровые продукты – здоровье
народа» атты базар, супермаркет және азық-түлік дүкендерінде сатылатын
ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігіне тегін зертханалық зерттеулер жасалатын акция
өткізілді. Жеке кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған шаралар сыбай-
лас жемқорлық құқығының бұзылуына жағдайлар жасайтын, шаруашылық және басқа да
субъектілер мемлекеттік бақылаушы органдардың негізсіз тексерістер жүргізуге және
құқықтық әрекетсіздіктерге жол бермейді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында
басқарма Кеңсесі «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді, сондықтан сыбайлас
жемқорлық пен құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында өтінішпен келген жеке және
заңды тұлғалардан өтініштері бір жерден қабылданып, сол кабинеттен керекті жауаптарын
алулары және әрбір өтініш уақытылы қаралады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір
мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті. Сыбайлас жемқорлық
мәселесі жер бетіндегі барлық мемлекеттерге таныс. Осы жағымсыз әрекетке айнымас
жапқыш қою керек.
Ж.Х.БЕКОВА, Жаңаарқа аудандық ТҚҚБ басшысы
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА
АЙНЫМАС ТОСҚАУЫЛ ҚОЮ
Алаяқтық – алдау, сенімге кіру арқылы бөтеннің мүлкіне қол сұғу, не болмаса, бөтен
мүліктің құқығына ие болу арқылы іске асатын қылмыс. Қазақстан заңнамасында
алаяқтық үшін қыл-мыстық жауапкершілік белгіленген.
Қылмыс жасаған адам Қылмыстық кодекстің 177-бабына сәйкес жауапқа тартылады.
Алаяқтықтың негізгі принципі – өзі құрбан етіп отыр-ған адамды алдау, сол арқылы өзіне ақша,
мүлік немесе басқалай нәрселердің құқын ерікті түрде бергізу болып табылады. Бұл «еріктілік»
алаяқтықты ашкөздік қылмыстардың ішінде ерекше етеді. Біріншіден, алданған адамдар өзінің
алданғанын білсе де, құқық қорғау органдарына өтініш бермейді. Оған себеп, оңай алданып
қалғанына ұялғандықтан және ештеңе өнбейтінін білгендіктен. Екіншіден, мұндай қылмысты
дәлелдеу өте қиын.
Өйткені алдау фактілерін объективті түрде дәлелдеу қажет. Алаяқтық адам психологиясын және
оның әдеттегі әрекетін жақсы білуге негізделген. Бұл арада адамгершілік туралы әңгіме бол-
майды. Олар өз әрекетін алдын ала ойластырып алады. Оның тәсілдері мүлдем қарапайым болуы
да мүмкін. Кейде олар топ болып әрекет етіп, өз құрбандарын алдын ала жоспарға сәйкес үгіттеп,
алдайды. Олар адамның бір нәрсеге қызыға қарау, әуестік тәрізді психологиялық ерекшелігін
ескеріп, соны пайдаланып кетеді. Алаяқтар сонымен қатар адамдардың жеңіл пайда табу, бір
нәрсеге оңай әрі тез қол жеткізу сияқты әдеттерін ескеріп, өз ісіне оңтайлап алады. Олар басқа
да қылмыскерлер мен басбұзарлардан өзгеше болады. Олар негізінен әртістік дарыны бар, өтірікті
шындай етіп соғатын айлакер болып келеді. Бүгінге дейін азаматтардың асырап отырған малдарын
немесе ақшаларын алып кейін орнына керекті затыңды алып беремін деп алду дерегі көбейсе
онымен қоса, енді ұялы телефон алаяқтары көбейе түскен. «Қылмыстық істердің көбі ұялы
байланыстарға СМС жіберу арқылы жүзеге асырылады. Қалта телефонына түрлі хабарламалар
жібереді.
Онда, адамды көндіретін мәселелер жазылады. Мысалы, сіз теледидар тағы басқа тұрмыстық
бағалы сыйлықтар ұттыңыз. Енді, оны рәсімдеу үшін белгіленген хабарламадағы нөмерге бірлік
құйып жіберіңіз дейді. Алайда, ондай хабарламалар ұтыс емес алдаудың құрығына түсіру. Мұндай
алаяқтықтардың құрығына көп жағдайда зейнеткерлер ілінеді. Оларға балаларын немесе немер-
лерін сылтауратып хабарласатын көрінеді. Өздерін қоңырау шалған кезде «полиция қызыметкері»,
- деп таныстыратын алаяқтар құрық бойламас қулыққа барады. Танымайтын біреу үй немесе ұялы
телефонға хабарласып «Әке құтқар» немесе «Көмектесші Әке» деп дауыс шығарады. Сасқанынан
өздері баласының есімін атауға мәжбүр болады. Қоңырау шалып арам пиғылдарын жүзеге
асырғаннан кейін, келісілген қаражатты алу үшін сыбайластарын жібереді. Ал, қазіргі таңда ондай
алаяқтардың ізіне түсу біраз қиындық тудырып отыр.
Қазіргі уақытта байланыс алаяқтығы артып барады. Сондықтан кез-келген жалған ақпарат пен
хабарламаларға сенбеуге болмайды. Айта кетейіндегеніміз, егер адам бір нәрсе ұтса, ол ешқашан
хабарлама арқылы келмейді. Сондай-ақ, қылмыс жасап ұсталған күннің өзінде қылмыс қудалау
органдарының қызметкері қаражат сұратпайды. Бірден бөлімшеге шақыратын болады. Ондай
ақша және бағалы бұйымдар сұрағандарға ештеңе бермеу керек.
Қазіргі заманда алаяқтықтың бір жолы болып заңсыз несиені адамдардың аттарынан рәсімдеу
болып табылады. Аталған алаяқтық деректерінің артуына байланысты танымайтын тұлғаларға
және банкке барған кезде жеке куәліктеріңіздің жәнеде басқада құжаттарыңыздың көшірмелерін
тастап кетпегеніңіз абзал. Осындай деректер орын алған жағдайда құқық қорғау органдарына тез
арада хабарлау қылмыстың ашылуына септігін тигізетін болады. Осыған байланысты, қазіргі
аудан, қала орталықтарында бұл қылмыстың тәсілдері жаңарып бара жатқандығына алаңдатуда.
Бір сөзбен айтқанда, алаяқтық – ұрлық жасаудың бір түрі. Алдау-арбау, сенімге кіру арқылы кейбір
қылмыскерлер бөтеннің мүлкін, ақшасын алып, пайдаланып кетеді. Жасалған қылмыстардың
барлығының дерлік мазмұны әртүрлі болғанымен, мақсаты бір. Осындай «бойы бұлғаң, сөзі
жылмың» адамдардан сақ болыңыздар!
Е. БАЛХАБЕКҰЛЫ,
Жаңаарқа аудан прокурорының көмекшісі
АЛАЯҚТЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!!!
Коррупция – социальное зло, которое пока не удалось преодолеть ни в одной стране мира.
Можно ограничить коррупцию, создать условия для предельно возможной чистоты социальных
отношений от злоупотребления возможностями в корыстных целях и в ущерб обществу.Все го-
сударства мира сталкиваются с этим злом. Более того, в современных условиях коррупция посте-
пенно из внутригосударственной проблемы превращается в глобальную проблему. Коррупция,
произошла от латинского слова [лат. corruptio] означает подкуп.
Подкупность и продажность общественных и политических деятелей, государственных чинов-
ников и должностных лиц. В настоящее время коррупция является опасным социальным явле-
нием, влекущим за собой разложение общества и государства, когда государственные служащие,
лица, уполномоченные на выполнение государственных и иных управленческих функций, в том
числе и в частном секторе, используют свое служебное положение, статус и авторитет занимаемой
должности вопреки интересам службы и установленным нормам права и морали в целях личного
обогащения.
Объектом коррупции могут являться практически все установленные и охраняемые законом об-
щественные и хозяйственные отношения. В обыденном понимании коррупция связывается,
прежде всего, с государственной службой. Несмотря на существующую тенденцию распростра-
нять антикоррупционное законодательство и на другие сферы - представительную власть и ад-
министрацию корпораций - наиболее детально разработанными остаются законы, направленные
на борьбу с коррупцией в среде государственных должностных лиц.
Действительно, государственные служащие, обладая значительным объёмом дискреционных
полномочий и зачастую действуя бесконтрольно, имеют все возможности использовать долж-
ностное положение в своих интересах и, следовательно, вопреки интересам государства Борьба
с коррупцией должна носить общесистемный и комплексный характер. Главной целью, кото-
рой является защита конституционного порядка, прав и законных интересов граждан и органи-
заций, проведение единой государственной политики в области борьбы с коррупцией,
снижение уровня коррупции, укрепление доверия общества к государству и его институтам. Осо-
бая роль в пропаганде антикоррупционного законодательства отводится средствам массовой
информации, которые призваны широко и объективно освещать ход реализации государст-
венной политики в борьбе с коррупцией, активно пропагандировать антикоррупционное зако-
нодательство.
В этой борьбе основной упор делается на предупреждение и профилактику правонарушений,
связанных с коррупцией. Общеизвестно, что к проблемам, порождающим коррупцию, относятся
те, которые свойственны не только Казахстану, но и большинству стран, находящихся в стадии
модернизации, в первую очередь - переживающим переходный период от централизованной си-
стемы к рыночной экономике. Следовательно, только изучив должным образом причины и усло-
вия, порождающие коррупцию, можно определять и вырабатывать конкретные меры по ее
ограничению и снижению.
Достарыңызбен бөлісу: