12 шілде 2014 жыл
6
Ақтүбек ауылының мәдениет үйінде дөңгелек үстел өтті. Оған Ақтүбек ауылының имамы
С.Кәрібаев, Жаңаарқа ауданының Халық мешітінің бас имамы Б.Нұрғалиев, имам Е.Иска-
ков, Ақтүбек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Н.Нұржанбаева және ауыл
тұрғындары қатысты. Б.Нұрғалиев ҚР-ның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының
үндеуімен таныстырды. Ислам діні туралы оның ішінде діни ағымдарға тоқталды. Сонымен
қоса, «Ораза айы» туралы әңгіме қозғады. Ақтүбек ауылдық округінің имамы С.Кәрібаев:
«Дін және діл» туралы мағлұмат оқыды. Ауыл тұрғындары С.Есжанов, А.Батталов,
А.Әкішев, А.Шәуенов, А.Әлмусин, Т.Орманова, А.Ахметовалардың қойған сұрақтарына
Халық мешітінің бас имамы Б.Нұрғалиев жауап берді. Жастардың дінге қатысты
сұрақтарына ауыл имамы жауап беріп, талдау жасады. Дәстүрлі дініміз туралы түсініктеме
берді.
А.ИБРАЕВА,
Ауыл тұрғыны
ДІН – ТӘРБИЕНІҢ ТҰТҚАСЫ
ДІН - ДІҢГЕГІМ
Мұсылмандар үшін қасиетті болған Рамазан айы-
мен Жаңаарқа тұрғындарын аудандық орталық
«Халық» мешіті құттықтайды. Қасиетті ораза
айында жасалған әрбір жақсы амалдардың сауабы
бірнеше есеге көбейтіліп жазылады. Қиямет күні
адам баласына шапағат ететін құраннан кейінгі
ұстаған оразаларымыз.
Айлардың сұлтаны Рамазанның алғашқы жұмасы
күні аудандық орталық «Халық» мешітінен бас
имамы Б.Нұрғалиевтің ұйымдастыруымен
Д.Хасеновтің демеушілігімен көп балалы және аз
қамтылған 4 отбасына азық-түлік таратылды. Найб
имам Е.Искаковтің ұйымдастыруымен 1 отбасына 1
қой тірідей жеткізілді. Оразаның құрметіне «Ғ.Ті-
леухан» мешітінің жанына киіз үй құрылып, ауыз
ашар берем деушілерге мүмкіндік жасалды.
Е.Ахметовтың демеушілігімен 30 күн бойы осы
киіз үйде ауыз ашар беріліп жатыр. Сондай-ақ
«Халық» мешітінің асханасы ауыз ашар берем
деушілерге тегін беріледі.
Аудандық орталық «Халық» мешітінің баспасөз қызметі
Қасиетті айдағы ізгі шара
Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті алу үшін тұрғылықты жеріндегі немесе тір-
келген мекен-жайы бойынша орналасқан ХҚКО-мен қатар, еліміздің кез-келген халыққа
қызмет көрсету орталығына құжат тапсыра алады. ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің
Электрондық қызметтерді және халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту
департаментінің директоры Абылайхан Оспановтың айтуынша, «бұл механизм ҚР Ішкі істер
министрлігімен белсенді түрде талқыланып, іске асырылды. Бүгінгі күні барлық мәселелер
реттелді және ХҚКО-дағы көші-қон полициясының қызметкерлері тұрғындардан жаңа
куәлік немесе паспорт рәсімдеу үшін құжат қабылдауды бастады. Бұл қызмет
азаматтарымыздың уақытын және қаржылық шығындарын айтарлықтай үнемдейді, мысалы,
жаңа жеке куәлік немесе паспорт алу үшін тіркеуде тұрған облысқа, ауданға барудың қажеті
жоқ». Сондай-ақ, агенттіктің тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие мемлекеттік
қызметтерді де тіркелген жері немесе тұрғылықты жеріне байланыстырмай-ақ, кез-келген
ХҚКО арқылы беру мәселесін мемлекеттік органдармен бірге қарастыруда. «ХҚКО» РМК
ақпаратына сәйкес, осы жылдың басынан бері 600 мыңнан астам адам еліміздің халыққа
қызмет көрсету орталықтарына құжаттандыру қызметін алуға келген. «Айталық, сіз Ақтөбе
қаласында немесе басқа елді мекенде тұрып жатырсыз, бірақ қазіргі уақытта Алматы
қаласында жүрсіз. Сізге паспорт немесе жеке куәлік алу үшін өзіңіздің қалаңызға барудың
қажеті жоқ. Паспорт немесе жеке куәлік алуға өтінімді Алматы қаласында орналасқан кез-
келген ХҚКО-на бере аласыз» - деп түсіндірді «ХҚКО» РМК директоры Мұрат Айтуғанов.
Айтып өту керек, азаматтың жеке басын куәландыратын жаңа құжатты алуға өтінімді аты-
тегін ауыстырған, құжат бүлінген, паспортты жоғалтқан, құжаттың мерзімі өтіп кеткен
және т.б. жағдайларда тұрғылықты және тіркелген мекен жайына қатыссыз, кез-келген
ХҚКО-на беруге болады. Ал, қосымша тексеру жүргізу немесе шешім шығару қажет болған
жағдайда жаңа құжат азаматтың тіркелген мекен -жайы бойынша ғана беріледі. Құжатты
әзірлеу уақыты туралы ақпаратты ХҚКО-на өтінім беру кезінде біле аласыз.
«ХҚКО» РМК Қарағанды облысы бойынша
филиалының Жаңаарқа ауданындағы бөлімі
Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті
кез-келген ХҚКО арқылы ала алады
МАМАН КЕҢЕСІ
ІШІП АЛЫП ОТБАСЫН ОЙРАНДАҒАН
Бүгінгі таңда етегі кеңінен жайылып отырған мәселелердің бірі ұсақ бұзақылық. Сол
бұзақылықтың бірі арақ ішіп алып ата-анасын, апа-қарындасын, аға-бауырын сыйламай, от-
басында ұрыс жанжал шығарып, отбасының берекесін қашыру. Тілге тиек етсек: Азамат Т.
бұрын бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 336 бабының 3 бөлімі, 336
бабының 2 бөлімі, 79-5 бабы 2 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке бірнеше рет тартыла
тұра, одан ешқандай нәтиже шығармай, қайталап 18- мамыр күні сағат 11-30 шамасында,
азамат Т. арақ ішкен мас күйінде Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде, А.Сейдімбеков көшесінде
тұратын анасына жазықсыз тиісіп, балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, маза бер-
меген. Жаңаарқа аудандық соты азамат Т-ны Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 79-5 бабы
2 бөлігімен кінәлі деп танып, 10 (он) тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарды.
Сонымен жоғарыда көрсетілген мәліметтер яғни асқар таудай әкесімен, түн ұйқысын төрт
бөліп асырап баққан анасымен, туған бауырымен, асыл жары, жолдасымен т.б
сыйламаушылық, отбасы тыныштығын бұзған жағдайлар кейінгі уақытта көбейіп,
отбасындағы кикілжіңдер сотқа дейін жеткізіліп, шешімін табуда. Тәлім-тәрбие «Отбасы-
ошақ қасынан басталатынын» ұмытпайық! Бүгін сіз жасаған қателікті, ертеңгі күні
балаңыздың жасамауына кім кепіл! Заң алдында кешірім сұрамау үшін, қараңғы қапаста
қамалмау үшін немесе қалтаңызды қағып мемлекетке айыппұл төлемеу үшін қазірден бастап
ойланып, қателікке жол бермей, ақыл таразысына салып, оң жолды таңдауды естеріңізге са-
ламын ағайын!
Ж.Б.РАЙЫМБЕКОВ,
Жаңаарқа аудандық сотының аға сот приставы
Жүкті әйелдерді тексеру және қан алу тегін:
-Құрсақтық жұқпаға;
-Іштегі нәресте дамуының туа біткен кемістігі;
-Жыныстық жолмен және АҚТҚ (ЖИТС)-н берілген, жұқпаға;
-УДЗ.
Жүктілік іші уақытында алдын-алу және жүктіліктің асқынуын түзету үшін Сіз акушер-
гинекологқа тағайындалған уақытта келуге тиістісіз. Емханада «Жүкті әйелдерді босануға
даярлау мектебінде» отбасының мүшелерімен тегін сабақтар жүргізіледі. Отбасын жоспар-
лау, контрацепцияны таңдау әдісі бойынша тегін, жасырын кеңес беріледі.
Құрметті ата-аналар!
Медицина қызметкерлері 1 жастан бастап 18 жасқа дейін балаларға профилактикалық-
медициналық тексеруді тегін жүргізеді, олар мыналарды қамтиды:
-Тексеру: педиатрмен, жасөспірімдер дәрігерімен, отоларингологпен, невропатологпен,
стоматологпен, эндокринологпен, гинекологпен;
-зертханалық зерттеулер: қанның жалпы талдауы, жалпы несеп талдауы, ішек-құрттар
жұмыртқасын тексеруі (бүкіл жастағы балаларға), қанның тобы, резус-ықпал, ЭКГ (15 жас),
флюрография.
Тегін рецепт бойынша дәрілік заттар мешелді және асқазан-ішек инфекциясын алдын-алу
мақсатында, сонымен қатар 1 жастан 5 жасқа дейін балалардың амбулаториялық
жағдайында ауырған болса мына аурулардың түрі бойынша босатылады: обструкциялы
бронхит, жіті респираторлық, фарингит (тонзиллит), жіті бронхит, гипофизарлық нанизм,
ерте жыныстық дамуы, фенилкетонурия, эпилепсия, миастения, церебралдық сал, гемофи-
лия, отит, стоматит, энтеробиоз, теміртапшылықты анемия, ішектің жіті инфекциясы.
1 жасқа дейінгі балалар абсолюттік және салыстырмалы медицина мен әлеуметтік
көрсетулері бар болғанда тамақпен қамтамасыз етіледі.
1 жасқа дейін баланы ерте қолдан көрсеткендерге ауыстыру үшін:
-әлеуметтік факторлар: бала асырап алу;
-емшек беретін ананың денсаулығының жағдайы: АҚТҚ-жұқпасы, туберкулездің белсенді
түрі, галактоземия, фенилкетонурия, «үйеңкі сироп» ауруы.
1 жасқа дейін баланы ерте қолдан аралас қоректендіруге ауыстыру үшін:
-әлеуметтік факторлар: көпұрықтылық жүктіліктен туған балалар, күндізгі оқыту түрімен
оқу мекемелерінде оқитын студент аналардың балалары, аналардың стационарлық емделуі
кезінде.
Құрметті Жаңаарқа тұрғындары!
Жаңаарқа орталық ауруханасы, мекен-жайы: Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, А.Сейдімбек
көшесі № 49 үй, сіздерді тегін медициналық көмекпен кепілдік берілген көлемде қамтамасыз
етеді, сонымен қатар скрининг өтуге шақырады.
Скрининг дегеніміз қауіпті факторлар мен ауруды ерте сатысында анықтау үшін белгілен-
ген жастағы дені сау азаматтардың профилактикалық медициналық тексерістен өтуі.
Қан айналым жүйесі ауруын және қант диабетін ерте диагностикалау мақсатымен бүкіл
тұрғындар алдын алатын тексерісті мына жаста өтуге тиісті: 25, 30, 35, 40, 42, 44, 46, 48, 50,
52, 54, 58, 60, 62, 64 жаста.
Тексерулер жүргізіледі:
-антропометриялық өлшеулер жүргізуі (салмағы, бойы, белдің көлемі);
-терапевтің; ЖПД тексеруі;
-скрининг-тест бойынша сұрату жүргізу;
-жалпы холестерин мен қант глюкозасының экспресс-диагностикасын жүргізуі;
-электрокардиография.
Глаукоманы ерте анықтауға скринингтік тексерулер жүргізіледі: 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 56,
58, 60, 64, 66, 68, 70 жаста.
Көзішілік қысымды өлшеу.
Сүт безінің ісік алды және ісік ауруларын ерте анықтауға скрининг жүргізіледі: 50, 52, 54,
56, 58, 60 жастағы әйелдерге.
-мамография.
Жатыр мойнының ісік алды және ісік ауруларын және ерте анықтауға скрининг жүргізіледі:
30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдерге
-цитологиялық зерттеу.
Жуан және тік ішектердің ісік алды және ісік ауруларын ерте анықтауға скрининг
жүргізіледі: 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы бүкіл тұрғындарға.
-гемокульт-тестті жүргізу.
Асқазан және өңеш обырын ерте анықтауға скрининг тексеріс жүргізіледі: 50, 52, 54, 56,
58, 60 жастағы бүкіл тұрғындарға.
Еркекбез обырын ерте анықтауға скрининг тексеріс жүргізіледі: 50, 54, 58, 62, 66 жастағы
еркектерге.
Бауыр обырын ерте анықтауға скрининг тексерік жүргізіледі: бауыр циррозы ауруы бо-
йынша «Д» есепте тұратын, науқастарға.
В және С гепатитін анықтау скринингі қатерлі ісік ауруымен, қан ауруымен есепте тұратын,
гемодиализді ересектер үшін және де осы аурулармен қабат ота жасалған балалар үшін.
-емшек беретін ананың денсаулығының жағдайы: қан өндіретін аппаратының, қан
ауруларының ауыр түрлері, қатерлі онкологиялық аурулар, жіті жүйке аурулары (психоз не-
месе босанғаннан кейінгі ауыр депрессиялар), бүйрек функциясының жеткіліксіздігінен
дамыған бүйректердің ауыр түрінің ауруы, жүрек-қантамырлық жүйесінің декомпенсация-
сымен қоса берілген жүректің туа біткен және жүре пайда болған кемістіктері, қанның
іріңді-сепсистік аурулары, аллергиялық аурулардың ауыр түрі, гипогалактияның алғашқы
түрлері.
Диспансерлік есепте тұратын, балалар мен жасөспірімдерге дәрілік заттар рецепт бойынша
тегін келесі ауруларда босатылады: теміртапшылықты анемия, асқазан мен ұлтабардың
ойықжара ауруы (асқазанның және ұлтабар ойық жарасы), бронх демікпесі, созылмалы
бронхит, пневмония, гемофилия.
Ересектерге дәрілік заттар: тұрғындардың жекеленген санаттарының әлеуметтік-маңызды
ауруларына тегін рецепт бойынша босатылады.
Онкологиялық аурулар, жүйке аурулары, эпилепсия, бронх демікпесі, туберкулез, қант және
қантсыз диабет, паркинсон ауруы, гемофилия, миастения, гипотиреоз, ревматоид артриті
және дәнекертіннің жүйелі зақымдары, күшею гломерулярлық аурулар, акромегалия,
гипофиздің гармон ісіктері, жүректің протезделген қақпақшасымен науқастарға, телімсіз
ойық жаралы колит және крон ауруы, гепатомидың дистрофиясы, жүректің ишемиялық
ауруы, артериялық гипертония, өкпесінің созылмалы обструкциялы ауруы, пневмония,
ойық жара ауруы, созылмалы жүрек кемістігі, аритмия.
Өзіңіздің денсаулығыңыздың қамын ойлаңыз! Біз Сізді күтеміз және сізге көмектесуге
қуаныштымыз! Телефондар: 2-66-45, 2-69-50, 2-72-40, 5-21-17, 2-84-28.
«Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасы» КМК әкімшілігі
Құрметті әйелдер!
ДӘРІГЕР КЕҢЕСІ
12 шілде 2014 жыл
7
БЖЗҚ-ға қош келдіңіздер!
Қазақстанның зейнетақы қорлары «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік
қоғамына (БЖЗҚ) біріктірілді. Осылайша, қазір барлық зейнетақы жинақтары сонда
жинақталған. Біріктіру шаралары қалай өткендігі, қордың қалай жұмыс жасайтындығы,
салымшылардың зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты қалай алуларына болатындығы ту-
ралы БЖЗҚ-ның Қарағанды облыстық филиалының директоры Мордвинцев А. В. баяндайды.
- Зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға беру қалай өткізілді?
- Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін/міндеттемелерін БЖЗҚ-ға
қабылдау-өткізу үдерісі Қазақстан республикасының Ұлттық Банкі бекіткен графике қатаң
сәйкестікте өткізілді. Ағымдағы жылдың 26 наурызы күні соңғы қор «Қазақстан Халық
Банкі» ЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу жүзеге асы-
рылды. Осылайша, 2014 жылғы 27 наурыздан бастап барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары
салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға орналастырылды.
Барлық зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды зейнетақы заңнамасына сәйкес Ұлттық
Банк жүзеге асырады.
Барлық ЖЗҚ-лардың зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бір жерге шоғырландыру
нәтижесінде БЖЗҚ-ның ЖЗШ-салымшыларының (алушыларының) саны зейнетақы
шарттарының барлық түрлері бойынша 9,7 миллионнан аса бірлікті, ал зейнетақы
жинақтарының сомасы – 3,9 триллионнан аса теңгені құрады. 1 мамырда бұл сандар арта
түсті. БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны
9 832 582 бірлікті, ал зейнетақы жинақтарының сомасы – 4 триллионнан аса теңгені құрады.
Салымшылардың БЖЗҚ-да ашылған жеке шоттарына қабылдау-өткізу үдерісінде өткізуші
ЖЗҚ-да өткізу сәтіне қалыптастырылған сома сол қалпында аударылды. Бұған көз жеткізу
үшін БЖЗҚ-ның кез-келген офисіне келіп, өз шотыңыздың жай-күйі туралы үзінді көшірме
алу жеткілікті.
- БЖЗҚ бүгінде қалай жұмыс жасауда, ол зейнетке бұрын шыққан зейнеткерлерге
жинақтарын төлей ме?
- БЖЗҚ-ға Жинақтаушы зейнетақы қорларының тек зейнетақы активтері ғана емес, сонымен
бірге міндеттемелері де берілді. Біздің Қордың офистерінен салымшылар қызметтердің толық
ауқымын ала алады. Атап айтсақ, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу,
міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт ресімдеу, зейнетақы
жинақтары туралы ақпарат алу тәсілін өзгерту, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алу туралы
өтініш жазу.
Сондай-ақ, БЖЗҚ активтер мен міндеттемелерді қабылдау шаралары өткізілгенге дейін зей-
неткерлік жасына толуына байланысты зейнетақы ала бастаған зейнеткерлерге зейнетақы
төлеу бойынша міндеттемені де өз жауапкершілігіне алды. Төлем алудың барлық шарттары,
яғни, салымшының ЖЗҚ-мен жасаған қосымша келісімде белгіленген кезеңділік, мерзім
бұрынғысынша қала береді. Бүкіл жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша 2014 жылғы бі-
рінші тоқсандағы зейнетақы төлемдерінің сомасы 27 миллиард теңгені құрады, оның 14 мил-
лиард теңгесі тек БЖЗҚ-дан төленді. Бүгінгі күні БЖЗҚ-да республиканың әртүрлі өңірінде
орналасқан 240 бөлімшесі, яғни филиалдары, бөлімшелері мен қызмет көрсету орталықтары
бар. Офистер тек ірі емес, сонымен қатар шағын елді мекендерде де ашылуда. Қазірдің өзінде
біз бұрын-соңды басқа қорлар болмаған 20 елді мекенде қызмет көрсету орталығын аштық,
бұл жерлердің тұрғындары жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді көшірме алу үшін ондаған
шақырым асып, басқа жаққа баруға мәжбүр болатын.
- БЖЗҚ салымшыларға зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беруді
қалай жүзеге асырады?
- 2013 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ заңнама талаптарына сай ГНПФ салымшыла-
рын және активтері 2014 жылдың 01 қаңтарына дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорына өткізіліп үлгерген қорлардың салымшыларын зейнетақы жинақтарының жай-күйі ту-
ралы хабардар етті. Басқа жинақтаушы зейнетақы қорларының, дәлірек айтсақ, «Астана»
ЖЗҚ» АҚ, «МұнайГаз-Дем» ЖЗҚ» АҚ, «Грантум» ЖЗҚ» АҚ, «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ,
«Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ» АҚ салымшылары (алушылары) зейнетақы шарттары бо-
йынша зейнетақы активтері менміндеттемелерін қабылдау-өткізу шаралары басталғанға дейін
бұрын өздері зейнетақымен қамсыздандыру шартын жасасқан жинақтаушы зейнетақы
қорынан жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алуы тиіс еді.
Қазіргі таңда зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратты әр салымшы БЖЗҚ офисіне
келіп, еш қиындықсыз ала алады. БЖЗҚ бөлімшелері бүкіл Қазақстан бойынша әрқайсысы
аптасына 60 сағаттан жұмыс жасауда. Өзіңіздің зейнетақы жинағыңыздың жай-күйі туралы
ақпарат алу үшін уақыт табудың еш қиындығы жоқ екенімен келісетін шығарсыздар?!
Бұдан бөлек, қорға бір рет келіп, логин мен пароль алып, өз жеке зейнетақы шотыңызды
enpf.kz сайты немесе тіпті ұялы телефоныңыз арқылы үнемі тексеріп тұруға болады. iOS
жүйесінде жұмыс істейтін (iPhone және iPad үшін) және Android (смартфондар мен планшет-
тер үшін) планшеттер мен смартфондарға арналған мобилды қосымшалар әзірленіп,
қолданысқа енгізілді. Бүгінде 334 мыңнан аса салымшы интернет-үзінді көшірме арқылы
ақпарат алу тәсілін таңдады. Бұл салымшының өзі үшін өте қолайлы, ал БЖЗҚ-ның қызметі
айтарлықтай ашық бола түсуіне жол ашады.
«БЖЗҚ» АҚ-ның Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген зейнетақы
қағидаларына сәйкес, ЖЗШ ашу туралы өтінішті жаңадан ресімдеген салымшыларға жеке
зейнетақы шотынан үзінді көшірмені почта байланысы арқылы жіберу көзделмеген. Үзінді
көшірмені почта арқылы тек ақпарат алудың осы тәсілін бұрыннан таңдаған салымшылар
ғана алуы тиіс. Бірақ көбінесе дәл осындай салымшылар үзінді көшірме алмағандықтары ту-
ралы шағымданады.
Мұндайда көптеген адамдар зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқаннан бері
бірнеше рет мекенжай өзгертіп, бұл туралы зейнетақы заңнамасы талап ететіндей, зейнетақы
қорына хабарламаған болып шығады. Үзінді көшірме салымшыға почта арқылы жөнелтіледі,
бірақ почташы қажетті адамды таба алмаған жағдайда, үзінді көшірмені Қорға қайтарады.
Осы жылғы хабарландыру қорытындысы әлі белгілі бола қойған жоқ. «Қазпошта» жеткізіл-
меген хаттар туралы мәліметтерді жартыжылдық соңына қарай ұсынады. Бірақ өткен
жылдардағы хабарландыру шараларының қорытындылары бойынша үзінді көшірмелер
салынған почталық жіберілімдердің 15-тен 20-ға дейінгі пайызы салымшы шартта қате ме-
кенжай көрсеткендіктен қайтарылғандығын айта кетуге болады. Осы тәрізді қайтарылым
болған жағдайда, БЖЗҚ зейнетақы заңнамасының талаптарына сай, келесі жылы ондай
салымшыға үзінді көшірме жолдамау құқығына ие болады.
Жылдан жылға үзінді көшірмені почта арқылы жолдауға қомақты сома жұмсалып келеді.
Бір конвертті қажетті мекенжайға жеткізу бүгінде 111 теңге тұрады. Енді тәжірибе
көрсеткендей, көбінесе керекті мекенжайына жетпей қайтып келетін жаппай жіберілім жасау
үшін қаншама қаражат жұмсалатынын өздеріңіз санап көріңіздер. Бұдан бөлек, көптеген са-
лымшылар шарт жасасу кезінде өзі келіп ақпарат алу тәсілін таңдаған (мүмкін олар зейнетақы
жинағының құпиясын тіпті өз отбасының адамдарына да жария етпеу туралы шешім
қабылдаған шығар) екен, яғни, біз олардың ақпаратты құпия түрде алу құқығын бұза алмай-
мыз. Сондықтан барлық салымшыларға: «Уақыт тауып зейнетақы жинағыңыздың жай-күйі
туралы ақпарат алыңыздар, логин мен пароль алыңыздар, немесе электрондық почта бо-
йынша ақпарат алу (ақпарат алудың бұл тәсілі де заңнамада көзделген) тәсіліне
жазылыңыздар»,- деп кеңес бергім келеді.
БЖЗҚ салымшыларды (алушыларды) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлан-
дыру үрдісінің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға 2014
жылы өткізілген 5 (бес) ЖЗҚ-ның салымшыларын (алушыларын) хабарландыру туралы
шешім қабылдады. Салымшыларға (алушыларға):
- ЖЗҚ-дан БЖЗҚ-ға аударылған зейнетақы жинағының, зейнетақы жарналары түсімдерінің,
өсімпұлдың нақты түскен күні көрсетілген сомасы;
- әр ай үшін есептелген инвестициялық табыс (шығын) сомасы және жалпы сомасы;
- БЖЗҚ комиссиялық сыйлықақысының шамасы;
- зейнетақы төлемдерінің және (немесе) зейнетақы жинақтары аударымдарының сомасы ту-
ралы ЖЗШ БЖЗҚ-да ашылған күннен бастап көрсетілетін ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпарат
беріледі. Барлығы 4 330 387 салымшы хабарландырылды. ЖЗШ-дан үзінді көшірмелер
салымшыларға (алушыларға) олар ЖЗҚ-мен міндетті зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шартқа отырған кезде таңдаған әдіс бойынша беріледі. Бұдан бөлек, БЖЗҚ министрліктермен
және ведомстволармен бірлесе отырып, салымшыларға неғұрлым қолжетімді және хабардар
болуды, соның ішінде e-gov порталы мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО)
арқылы қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта БЖЗҚ-ның
салымшылардың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы инвестициялық табыс есебі
көрсетілген ақпаратты электрондық форматта беру жөніндегі қызметін Мемлекеттік
қызметтер тізбесіне қосу бойынша шаралар қабылдануда. БЖЗҚ-ны e-gov пен ХҚО-ға қосу
салымшыларға (алушыларға) жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты толық
көлемде (инвестициялық табыс есебімен бірге) интернет арқылы өз бетімен немесе Қазақстан
бойынша кез-келген ХҚО–дан алу мүмкіндігін береді.
АУҚЫМДЫ ЗЕЙНЕТАҚЫЛЫҚ ҚАЙТА ЖҮКТЕУ
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
БОКС
1-6-шілде күндері Тараз қаласында бокстан Қазақстан Республикасының мектеп пен колледж
оқушылары арасындағы ҮІІ-жазғы спартакиадасы аяқталды. Осы додаға Қарағанды құрама са-
пында өнер көрсеткен жерлесіміз Жаңаарқа ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт
мектебінің тәрбиеленушісі Кәрімова Жансая (60 кг) салмақ дәрежесінде және Мұқышбекова
Алтын (75 кг) салмақ дәрежесінде күміс медалға ие болды. Сонымен қатар Жансая жарыста
жеңіске деген жігер көрсеткені үшін арнайы ҚР білім және ғылым министрлігінің арнайы
сыйлығымен марапатталды. Спортшыларды дайындаған ҚР спорт шеберлері Қ.Хасенов және
Қ.Кіштаев. жеңістерін құтты болсын!
Достарыңызбен бөлісу: