Әдебиеттер тізімі
1.Алмонд Г. Адамзаттық мәдениет. Әлемдік саясаттану антологиясы. Т. 7. Алматы.
"Қазақстан", 2007, 142б.
2. Панарин А.С. Политология. М. Проспект,1999.
3. Назарбаев Н.Ә. Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның
жаңа мүмкіндіктері. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Ана тілі, 10ақпан, 2010.
Резюме
В статье раскрываются понятие политической культуры, роль политической
культуры в развитии связи между поколениями.
Summary
In the article is open up the meaning of political culture, its essence, the role of
political culture in development the generations relationship.
ӘОЖ 811. 512
Ж.И. Мұхамбетов
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
Аңдатпа
Бұл мақалада түркі тектес қазақ тілінің тілдік ерекшелігі мен тарихы,
түркология мәселелері мен зерттелулері туралы айтылады.
Негізгі сөздер:
Лингвистика, түркология, түркітану, көнетүркі, шығыстану, тіл
тарихы, генеология, түркі тектес т.б.
Бүгінгі жаңарып, жаңа сатыға көтерілген ана тіліміздің яғни қазақ тілінің,
ұлттық тіліміздің түп төркіні байрығы көне түркі тілдері деп аталатын үлкен бір
шоқтығы биік тілдік топтың қатарынан ойып тұрып орын алатыны белгілі.Түркітану -
бүкіл түркі тектес халықтардың тарихы мен тілін, әдебиеті мен мәдениетін, тұрмысы
мен салтын т.б. барынша жан-жақты зерттейтін кешенді ғылымдардың санатына
жатады. Түркітану ғылымы бірнеше тарихи дәуірлер бойына қалыптасып, өзінің
ғылыми-бағыт бағдарын толық анықтаған. Оның өзі Еуразия құрлығында дүниеге
келіп, дамып, өсті. Осы алып Еуразия территориясының басым көпшілігін түркі
халықтары мекендеген, олардың туып-өскен ата қоныстары да болған. Осыншама
үлкен жерлерді мекендеген түркі халықтарының өмір тіршілігінің оның тілінен
бастап сан-салалы ғылымының болғандығы белгілі. Түркі халықтары Орталық Азия
даласынан шыққан, көшпелі өмір салтын ұстанған біздің де ата-бабаларымыз олар
тарихи кезеңдерде Еуразия даласына тез тарала бастаған. Түркология ғылымында
белгілі өзіндік қолтаңбасын қалдырған, түркітанушы ғалым С.Е.Маловтың мына бір
пікіріне сүйенсек, «түркі халықтары біздің жылсанауымызға дейінгі V ғасырдың
өзінде қазіргі қоныстанған жерлерін, тіпті одан да үлкен территорияны билеген.
Яғни, көне дәуірдің өзінде түркі халықтары Қытайдан Дунайға дейінгі аралықты
жайлаған». Түрколог ғалымның бұл пікіріне күмән келтірген ғалымдар болса да,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
162
~
С.Е.Маловтың топшылауының дұрыстығын тағы бір ірі зерттеушінің тұжырымы
растай түседі. Белгілі орыс фольклортанушысы, академик В.М.Жирмунский түркі
халқының эпосы «Алпамыс» пен грек эпосы «Одиссея» сюжеттерінің ұқсастығын бұл
халықтар арасында көне байланыстардың болғандығы деп санайды және оны терең
зерттеу қажеттігін айтады [1].
Түркітану жалпы жеке ғылым ретінде XVIII ғасырда пайда болды. Дегенмен
бұған дейін де түркі халықтары мен олардың тілдері туралы зерттеулер дүниеге
келген жоқ деген тұжырым тумауы керек. Түркітану осы уақыттан бастап өзінің
зерттеу нысанының көлемін белгілеп, өзіндік зерттеу принциптерін қалыптастырып,
кешенді де, дербес, жеке ғылым ретінде әйгілі бола бастады. Ал XIX ғасырда
түркітану ерекше дамып, батыс түркологтарының зерттеулерінің арқасында қарқын
алып, сан ғасырлық тарихы бар ғылымдармен терезесі теңесті десек те болады.
Түркологияның қалыптасуына есімдері әлемге мәшһүр белгілі түрколог-ғалымдар:
М.А.Казем-Бек, В.В.Радлов, В.В.Бартольд, С.Е.Малов т.б. ғалымдарды атауға болады.
Түркітану шығыстану ғылымының үлкен бір тармағын құрайды, ал
Шығыстану осы Шығыс елдерінің яғни түркі тектес халықтардың барлық рухани-
мәдени өмірін: олардың тілін, мәдениетін, әдебиетін, тарихын, археологиясын,
этнографиясын, географиясын сондай-ақ, әлеуметтану, қоғам, философиялық ілім-
білімдерін де түгел қамтып, зерттейтін сан-салалы ғылым саласы болып табылады.
Сонау көнеден басталатын түркі халықтарының өзіне тән бүткіл болмыс-бітімі мен өз
руханияты бар, өз тарихы бар болғанымен де бұрынғы Кеңестер елінің ұстанған
кесір саясатының әсері бойынша олар туралы айтуға тыйымдар салынған еді. Өз
кезеңінде Ұлы орыстан басқа Шығыс халықтарының мәдени руханияты, өз тарихы,
ілім-білімі, мәдениеті жоқ сияқты көзқарастарды қалыптастыруға тырысып-ақ бақты.
Дегенмен де бәріне уақыт сыншы, тарих өз дегенін жасайды уақыт өте келе, қазіргі
таңда еліміз өз егемендігін алып, түркі халықтары өз тарихы мен мәдениетіне, тілі
мен діліне, әдебиетіне қайта қауышты, бүткіл мәдени руханиятын әлемге паш ете
бастады. Осы түркітанудың бір пұшпағы болып табылатын қазақ халқының да көне
тарихи-мәдени материалдары, ескі жазба мұралары табылып, ғылыми тұрғыда
терең зерделеніп, зерттеле бастады. Өзінің бай рухани-мәдени мұраларын қалың
жұртқа паш ете бастады. Қазірге дейін сол тарихи материалдардың негізінде
түркілердің де көне тарихы, мәдениеті мен жазу-сызуы болғандығы, дүние жүзіндегі
рухани байлық, мәдениет деген ұғымдардың негізін қалаған халықтардың бірі
болғандығы айқындала бастады. Бүкіл әлемдік маңызы бар түркология ғылымы
бүгінгі таңда жан-жақты қарастырылып, зерттеліп, биік белестерден көрінуде.
Сонау көнетүркілік V-VI ғасырлардан бастау алатын жазба ескерткішер тілін
зерттеуден бастап, бүгінгі кемел күнге дейін түркі әлемінде қол жеткен табыстар да
аз емес. Дегенмен де әлемдік өркениетте, ғылыми ортада өзінің анық ізін қалдырған
түркі халықтарының тарихы туралы толық жазылмай, ол туралы деректер де аз
екендігі қолбайлау болып отыр. Себебі қандай халықтың тарихы болмасын оның тілі
де осы тарихпен тығыз байланысты болатынын әрдайымда ескеруіміз керек.
Сондықтан түркі халықтарының тарихы да олардың тілінің тарихымен де
сабақтасып, терең байланысып жатады деген сөз. Түркітану ғылымы түркі
халықтарының тарих таразы- сынан себепсіз алынып тасталған тарихын
толықтыруға да қомақты өз үлесін толықтай қоса алады.
«История человечества изучена крайне неравномерно. В то время как
последовательность событий и смен общественных формаций в Европе и на
Ближнем Востоке была изложена в общедоступных сводных работах уже в конце
XIX в., а Индия и Китай описаны в начале XX в., огромная территория евразийской
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
163
~
степи еще ждет своего исследователей», - деп жазады XX ғасырдың 30-жылдарында
белгілі түркітанушы ғалым Л.Н.Гумилев [2].
Бүгінгітаңда дүние жүзінде 130 миллионнан астам түркі тектес халықтар
әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүруде, осыған орай түркітану мәселесінің, түркітану
ғылымының өте күрделі де, маңызды екенін бағамдай беруге болады. Түркологияда
алты тілдік топтан, қырық тілден, жүзден аса диалектілерден тұратын түркі тілдері,
тектес тілдербар. Әрине оларды жеке зерттеп, ғылыми тұрғыдан нақты талдаулар
жасау заман талабы. Осындай мәселелерді, маңызды жұмыстарды түркітану ғылымы
жүзеге асырады. Түркі әлемі, түркі халықтары сонау заманнан бастап әлемге белгілі
болған, тарихта өз ізін қалдырған, өзіндік бай әдеби, мәдени мұралары бар көне
халықтар екені белгілі. Олардың тілі мен әдебиеті, мәдениеті, халықтық
дәстүрімыңдаған жылдар бойы өзінің даму соқпағынан өткені белгілі. Әлемдік
өркениетте өзіндік қолтаңбасын қалдыра білген түркі халықтары әлемдік
өркениеттің даму үрдісінде де артына өзіндік із, әдеби-мәдени, тілдік бай мұралар
қалдыра білді. Түркітану ғылымы өмір өткелдерінен өте білген, өзіндік бай
мұраларымен әлемге мәшhүр болған көне дәстүрі мен ғылымда өзіндік орны
қалыптасқан іргелі ілім. Қандай ғылымның болмасын зерттеу нысаны – халық болып
табылады. Ғылым атаулының барлығы халық үшін қажетті құбылыстар мен адамзат
құпиясын ашуға негізделген. Демек, түркітану ғылымының да негізгі нысаны,
обьектісі – түркі халықтары болып табылады.
Ал бүгінгі күнде түркітану ғылымы түркі халықтарының тілі мен оның жазба
ескерткіштерінің табиғатын тануға, туыстас тілдердің генеологиялық дәрежелерін,
түркітанудың кейбір дара мәселелерін анықтауға бағытталған.Сондықтан да
лингвистер, тіл мамандары түркітану ғылымын тек «түркі тілдерін зерттейтін
ғылым» деп аясы тар мағынада, тар ұғымда алып қарастырады. Шын мәнісінде
түркітану ғылымы әлемдік ғылым болған соң, әлемдік аренада өзіндік орны мен
салмағы болуына орай, түркітану – түркі халықтарының тілдерін зерттеумен ғана
шектелмеуі қажет деп есептеген дұрыс. Бұл ғылым жоғарыда айтып өткеніміздей
түркі тілдес халықтардың тілі мен дінін, көне тарихы мен этносын, этнографиясын,
мәдениеті мен әдебиетін, материалдық және рухани барша дүниесін зерттейтін сан
алуан мамандықтарды, мамандарды біріктіреді, басын қосады. Сондықтан да әлемдік
мәдениетте түркітану ғылымын, түркітану мәселесін кең форматта алып,
қарастырған жөн. Ғасырлар мұрасы болып, ертеден келе жатқан әлемдегікөне
халықтың бірі – түркі халықтарының бүгінгі күнде де болашағы жарқын, ғылымы
даңғыл, әлі де асар асулары алда екені белгілі. Қазіргі жаһандану жағдайындағы
түркі халықтары, түркі тектес халықтар олардың тілі мен әдебиеті, мәдениеті, тілдік
қатынастары аса маңызды мәселелер қатарынан орын алады. Түркі халықтарының
тілі мен әдебиетін, экономикасы мен этнографиясын, ділі мен дінін зерттеу, жан-
жақты қарастыру бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Осы түркі тектес халықтардың бір бұтағы болып табылатын қазақ тілі де аяқ
астынан ғайыптан пайда болған жоқ, керісінше қазақ тілінің ата тегі көне түркі тілі
болып табылады. Оған дәлел көне түркі жазба мұраларындағы көптеген тілдік
категориялар мен деректер негіз болады. Тіліміздің шыққан ата тегі бар, қазақ тілі
түркі тілдері деп аталатын үлкен бәйтеректің ірі бір бұтағына жатады. Тегі бір, бір
негізден өрбіген, туыстас, түркі ата тілінен тарағандықтан қазақ, қарақалпақ
қарайым, қарашай, құмық, қырғыз, ноғай, саха, татар, әзірбайжан, башқұрт, түрік,
түрікмен, ұйғыр, хакас т.б. тілдері түркі тілдері деп аталады. Қазақ тілі осы түркі
тектес тілдердің қатарынан орын алады. Ана тіліміздің, яғни қазақ тілінің түркі
тілдерімен гендес, туыстас болатын себебі
көк, бөрі, тәңір, ай сияқты зат есімдер,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
164
~
қол, аяқ, бас, көз, тіс сияқты дене мүше атаулары, ақ, қара, көк, сары, қоңыр сынды
сын есімдер,
бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сияқты сан есімдер, кел, бар, жүр, тұр,
жат секілді етістіктер, апа,қарындас, ақа, келін, қайын т.б. сияқты туыстық атаулар
ортақ болып келеді. Мұндай өмірлік мәнді де негізгі ұғымдарды біліретін атаулар
әдетте ауыс-түйістікке жатпайды, сондай-ақ олар түркі тілдерінің бір негізден, бір
ата
тілден
тарағандығының
белгісі
болып
табылады.
Сондай-ақ,
тілде
грамматикалық шақ, жақ көрсеткіштері мен септіктердің түркі тілдеріне ортақ болып
келуі, ұқсастықтары олардың бір ата тілден, туыс тілден тарағандығын, гендестігін
көрсететін нақты да сенімді тілдік тірек, деректер болып табылады.
Туыстастығы жағынан қарақалпақ, ноғай, өзбек тілінің қыпшақ диалек- тісі,
сонымен бірге татар, қырғыз тілдері қазақ тіліне ең жақын тілдер санатына жатады.
Туыстығы алыс саха, чуваш тәрізді тілдерді, туыстығы біршама жақын, туыстығы өте
жақын тілдердің деректерін салыстыру арқылы тіліміздің қандай көнелік,
көнетүркілік белгілерді сақтағанын, дыбыстық мағыналық жақтардан қандай
өзгерістерді өткергенін өз зерттеулерінде тіл мамандары айқындап береді. Олардың
ғылыми мәні зор болғандықтан, тілдердің туыстығына зерттеушілер ерекше мән
береді. Тіл- тілде тілдердің туыстастығы мәселесі ерекше болып табылады. Соған
орай түркі тілдерінің туыстастығы мәселелері тіл білімі үшін, тіл ғылымы үшін өте
маңызды. Түркі тілдеріне ортақ салыстырма грамматика мәселелері туралы айтсақ,
тілдік материалдарын салыстырғанда олардың қазіргі жай-күйі оның өткендегі
тарихымен байланыстырыла қараған дұрыс. Салыстырмалы-тарихи зерттеудің
негізгі мақсаты да тілдердің көне формаларын анықтау. Осы мақсат негізінде кез-
келген салыстыру қазіргі қолданылып жүрген тілдік форма мен ең көне деп
саналатын форманың арасындағы даму процесін белгілеу, дәлелдеу болып
саналады. Жалпы тіл ғылымында тілдік деректерді салыстырмалы-тарихи зерттеу 19
ғ. басында пайда болды. Түркі тілдері материалдарын ғылыми негізде салыстыру
В.В.Радлов, Н.Ф.Катанов, О.Бетлинг еңбектерінде қолданылады. Сондай-ақ XI ғ.
энциклопедист ғалымы М.Қашғаридың «Диуани лұғат ит-түрік» атты көлемді
еңбегінен бастау алады. Бұл тәсілдің ерекшелігі ол алдымен генеалогиялық немесе
тарихи туыстығы бар тектес түбі бір тілдердің материалдарын салыстырады. Бұл
әдіс туыстық тегі бар, бірақ әртүрлі жолмен дамыған, өзгерген заңды түрдегі
ұқсастықтарды қарастырады. Жалпы тіл тарихындағы тілдік материалдарды
салыстырғанда оның қазіргі жай-күйі мен өткен тарихын байланыстыра қараймыз.
Осыған байланысты тілдегі салыстырмалы-тарихи зерттеудің негізгі мақсаты – ең
көне формасын анықтау. Осының негізінде кез келген салыстыру қазіргі
қолданылып жүрген форма мен ең көне деп саналатын форманың арасындағы тілдің
даму процесін белгілеу, дәлелдеу болып табылады. Біздер тіл тарихына
теререңдкген сайын, тілдің сан алуан ерекшелігінің сырын аша түсеміз. Түркі
халықтары о баста бір негізден өрбігенімен, оның этностық құрамы бір текті емес,
әр-түрлі ру-тайпалардан, тайпалар одағынан тұрған; олардың тілдерінде де белгілі
өзгешеліктер болған. Салыстырмалы-тарихи зерттеуде әр тілдің ішкі заңдылықтары
есепке алынып, жеке-жеке тіл болып саналатын түркі тілдері өзара ортақ
заңдылықтармен астарласып, байланысып жатады. Осындай заңдылықтар тілдің
фонетика
және
лексика
салаларында
молырақ
байқалады.
Лексикадағы
ерекшеліктер тілдің басқа салаларына қарағанда өзінің тез өзгеруімен, ал
фонетикалық ерекшеліктер баяу өзгеруімен көзге түседі. Тілдің лексикасын
салыстыра зерттеу түркі тілдерінде М.Қашғаридың еңбегінен бастау алатындығы
белгілі. Жалпы түркілердің орналасқан географиялық жері, тілдеріндегі ерекшелігі,
этникалық құрамдары туралы алғаш мәлмет берген М.Қашғари «Диуанда» 29 түркі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
165
~
тайпаларын атап көрсетеді де, тілдеріндегі ерекшелікті де көрсетіп отырады.
Сондықтан оны түркі диалектісін зерттеген алғашқы оқымысты деп те айтуға негіз
бар. Бұл мәселені тіл тарихында әрі қарай орыс түрколог ғалымдары жалғастырды.
Бұл Л.Будагов пен В.В.Радловтың еңбектерінде анық көрінеді. Бұл бағытта
салыстырмалы-тарихи тәсілді толық пайдаланған В.В.Радловтың «Опыт словаря
тюркских наречий» деп аталатын сөздік еңбегі. Тілдегі грамматикалық
көрсеткіштердің қалыптасып даму жолдары мен қазіргі түркі тілдеріндегі қалпы
салыстырмалы-тарихи зерттеу нысанына жатады. Дегенмен түркі тілдеріндегі
барлық грамматикалық категорияның түп негізі ашылып, сыры толық анықталды
деп айтуға әсте болмайды, негізінен сөз түрлену үлгісі көбірек зерттелініп,
қарастырылады. Түркі тілдерінің барлығында да септік жалғаулары бар, бірақ
мағына, сан жағынан бәрінде бірдей емес. Бұлай болу себебі кейбір түркі тілдерінде
септік формасы сан жағынан сәйкес келгенімен, олар іштей ерекшеленіп жатады.
Түркі тілдерінің туыстығы олардың лексикалық мағынасынан, грамматикалық
құрылысынан, фонетикалық, дыбыстық жүйесінен анық байқалады. Сондай-ақ түркі
тілдерінің әрқайсысына тән лексикалық, грамматикалық, фонетикалық өзгешелік,
ерекшеліктері де болады. Ондай өзгешеліктерді түркі тілдері бойынша туыстас
тілдердің деректерін салыстыру әдісі арқылы байқауға болады. Мысалы, басқа түркі
тілдерінде
[б], [ғ], [г] фонемалары келетін орындарда қазақтар [у], [к], [қ]
дыбыстарын қолданады:
аба-ауа, тағ-тау, гелді-келді, ғырмызы-қырмызы;
Басқа түркі тілдерінде
[ш] дыбысы келетін кейбір бірнеше сөздерде [с]
дыбысын қолданады,
[ж] дыбысы келетін біраз сөздерде [й] дыбысын қолданады:
баш-бас, таш-тас, иол-жол т.б.Сонымен бірге басқа түркі тілдерінде сөз басында
[й]дыбысы келетін жерде өз тілімізде, қазақ тілінде [ж] дыбысы айтылады: йаш-жас,
йол-жол, йаз-жаз, йыл-жыл т.б.
Кейбір түркі тектес тілдерде дауысты дыбыстардың созылыңқы түрі бар,
олар сөз мағынасын өзгертуге әсері болады, созылыңқы дауысты дыбыстар қырғыз
тілдерінде бар. Ал қазақ тілінде жоқ:
тау-тоо, мал-маал, ат-аат т.б.
Жалпы қазақ тілінің даму барысында қандай кезеңдерден өткенін, қай
бағытқа қарай бет алғанын, тілдің әлемдік мәдениетпен қандай тілдік байланыста
болғаны көне жазба ескерткіштердің тілдік деректерімен салыстыру арқылы
айқындалып, анықталып отырады.Қазіргі күнде де түркологияның жаңа белеске
көтеріліп, тың серпілістермен терең зерделеніп зерттелінулері, әлемдік тұрғыда
мәдени-тарихи, тілдік құндылықтар қатарына көтерілуі, оның мән-маңызының артуы
түркі халықтары үшін, қазақ тілі үшін үлкен жетістіктер, зор мәртебе.
Түркі халықтарының бүгінгі таңдағы ілім-ғылымы, ғылыми жаңа- лықтары,
қол
жеткен табыстары
сияқты көптеген
мәселелері
көнетүркілік тілдік
материалдадың, жазба мұралардың бізге берген жемісі деп түсінгеніміз абзал.
Әдебиеттер тізімі
1. В.М. Жирмунский. Тюркский героический эпос. Л.: Наука. 1974, 333-334с.
2. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 4с.
Резюме
В статье рассматриваются история и языковые особенности казахского
языка, вопросы тюркологии.
Summary
The article is considered history and lanquaqe peculiarities of Kazakh
LanquaqeTurcik problems and research.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
166
~
С. Қасенов
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
СТУДЕНТ БІЛІМІН РЕЙТИНГ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША БАҒАЛАУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Еліміздің жаңа әлеуметтік-экономикалық даму бағытына байланысты бүгінде
жоғары білім беру жүйесіне жаңа сапаға ие кәсіби маман дайындау аса маңызды, әрі
өзекті мәселенің бірі болып отыр.
Өткен ғасырдың 60-жылдары америкалық экономист Т.Шульц «Адам капиталы»
ұғымын енгізді. Адам капиталы ұғымы бұрын тек жеке адамның бойындағы бай
рухани құндылықтарымен бағаланып келсе, бүгінде оған елдің жоғары
экономикалық көрсеткішінің бір тетігі ретінде қарайды. Бұрын капитал ұғымы
қаржы, байлық, ақша, құн мағынасында түсіндіріліп келген болса, қазір оқу-білім,
ақыл, парасат, ғылым, экономика саласына жұмсалса адам капиталына айналады.
Сондықтанқазір «ақылды экономика», «білімэкономикасы», «парасатты экономика»
терминдеріқолданыстабуда.
Жоғары білім саласының кредиттік технология бойынша оқытуға көшудегі басты
мақсаты – білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен кіріктіру және кәсіби мамандардың
сұранысқа, экономикалық бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік жасау болып
табылады.
Кредиттік технология – студенттердің білім алуын өз қалауына сай
жоспарлауына беріліп отырған мүмкіндік. Ол білім берудің демократиялығымен
сипатталып, әр студенттің жеке бас ерекшелігі мен қабілеттерін дамытуға жол
ашады. Жаңа жүйенің басты ерекшелігі – студенттердің білім кеңістігін таңдау
еркіндігі, яғни, білім стандарттарының мамандар дайындаудың сапасына қоятын
талаптарына сәйкес, білім алудағы өзінің ерекшелігі мен қалауына сай
қалыптастыра алады.
Оқу үдерісі барысында студент пен оқытушы(тьютор) арасында өзара тығыз
байланыс қалыптасып, студентке әр оқу пәні бойынша жеке дайындығына көп уақыт
бөліп, оқу үдерісіне белсенді түрде қатынасуы және алға қойған мақсатқа жетуге
деген тұрақты қызығушылығының болуын талап етеді. Студент оқу пәннің негізгі
теориялық материалдарын аудиторияда меңгере отырып, сабақтан тыс өзі үздіксіз
қосымша ізденіп, білімін толықтыруы қажет.
Тьютор студент үшін тек ақпарат көзі ғана емес, ол студенттің қажетті
ақпаратты іздеп тауып, саралап, күнделікті өмірде қолдануға үйретуші маман болуы
қажет.
Кредиттік технологиямен оқыту тьюторға студенттің семестр барысындағы
білім деңгейін бағалауда шығармашылық тұрғыда шынайы, әділ қарауды талап
етеді. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі оқуда студент білімін бағалау бір жақты тек
емтиханда(сынақта) ғана, оның билет сұрақтарына берген жауабы негізінде
бағаланды. Студенттің семестр бойы орындаған жұмыстары ескерілмеді.
Қазіргі талап- тьютор студенттің үлгерім деңгейіне семестр барысында
күнделікті тұрақты мониторинг жасап, оның білім алуға деген ынта-жігері мен
қызығушылық сезімін оята отырып, студент оқу үдерісі барысында алған бағасы тек
өзінің жеке басының еңбекқорлығы мен ізгі қасиеттерінің жемісі (пән тьюторының
жеке басының көңіл-күйіне немесе студенттің тьютормен жақсы қарым-қатынасына
байланыссыз) екендігін сезінуі тиіс! Студент білімін бағалауда пән тьюторының
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
167
~
адамгершілік тұрғыдағы әділдігі мен баға қою саясатының ашық, жариялылығы
қажет.
Кредиттік технология негізінде оқыту барысында студенттің оқу жетістігін
бағалауда рейтинг жүйесінің маңызы ерекше. «Рейтинг»- ағылшын сөзі «to
rate»(бағалау, бағалатқызу, бағалату) және «rating»(баға, бағалау) деген мағына
береді. Рейтинг жүйесі- студенттіңоқу жетістігін күнделікті кешенді бағалау
болғандықтан, төмендегідей артықшылықтары бар:
- студенттің күнделікті сабақтан қалмауы;
- бүкіл семестр барысында белсенді жұмыс істеуі;
- студенттер арасында «жалқаулар» санының азайып, білімге деген бәсекелестіктің
артуы;
- студенттердің дайындаған жауаптарының сапасына қызығушылығы;
- студенттің қосымша білім көздерін пайдалануға мүдделілігінің артуы;
- әр студенттің жеке бас қабілет-мүмкіндігінің айқын көрінуі;
- студент сияқты оқытушының да өз ісіне деген шығармашылық жауапкершілігінің
артуы;
- оқу орыны бойынша білім сапасы көрсеткіші мен оқу үдерісін ұйымдастырудың
сапалық деңгейінің артуы.
Рейтинг жүйесінде студент оқу пәні силлабусында берілген рейтинг-жоспар
(Қосымша) негізінде өзінің қорытынды бағасын семестр барысында бірнеше бағалау
критерилері бойынша күнделікті жинақтау негізінде құрайды. Рейтинг-жоспар
балдық көрсеткіштерімен әр тьютордың шығармашылық шеберлігіне байланысты
құрылып, студенттің оқу пәні бойынша аудиториялық және өздік жұмыстары
негізіндегі (аудиториядан тыс) білімге деген жетістігін көрсетуі тиіс. Рейтинг бағалау
кезінде студенттің тек білім көрсеткіштерін ғана емес, оның оқу пәні бойынша
ғылыми-зерттеу жұмысына қатынасуын да (кафедра жанындағы үйірме жұмысына
немесе
түрлі
деңгейде
өткенғылыми-зерттеу
жұмыстарына
(олимпиада,
конференция, симпозиум т.б.) бағалап қосымша «сыйлық балл»(бонус) берген
дұрыс.
Бұл жерде студентке балл оның іс жүзінде жазған ғылыми мақалалары,
ғылыми конференциялар мен олимпиадаларда алған дипломы (сертификат) үшін
берілуі керек.Рейтинг бағалау кезінде студенттің тек білім көрсеткіштерінен ғана
емес, жеке басының ерекше қасиетін де (жауапкершілігі, тиянақтылығы,
ұқыптылығы, адаммен қарым-қатынас жасау мәдениеті) бағалап, қосымша «сыйлық
балл»(бонус) берген дұрыс.
Рейтинг Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы
18 наурыздағы № 125-бұйрығымен бекітілген ”Жоғары оқу орындарында білім
алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау
өткізудің Үлгі ережесінің” 11 - тармағы талабына сәйкес бір академиялық кезеңнің
(оқу семестрі) 7- 15 аптасында қабылданады. Студенттің рейтинг бақылаудағы
білімі балдық-рейтингтік жүйемен максималды бал-100 ге дейін бағаланып, дәстүрлі
жүйе бағасының төмендегідей шкаласына сәйкес келеді: 90-100 бал-“өте жақсы”,
75-89бал- “жақсы”, 50-74бал-“қанағаттанарлық”
Студент сабаққа түрлі дәлелді себептерменқатыспаған жағдайда
(сырқаттанған, отбасы жағдайына, іссапарда болғанда) қосымша тапсырма алып,
орындап, тапсыруы арқылы алмаған балдары орнын толтыруына мүмкіндік беру
керек.
Тьютор студент білімін бағалауда төмендегідей қағидаларды қатаң сақтауы
керек:
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
168
~
-бағалау критерилерінің студент үшін түсінікті болуы;
- баға қою саясатыныңмейілінше ашық, әрі әділетті болуы;
- әр студенттің еңбегін мұқият саралап, жеке басының талант-қабілетінің жан-
жақты ескерілуі.
Еліміздің жоғары білім саласына жаңа еніп жатқан кредиттік технологиямен
оқытудың өзіндік ерекшелігі бар, студент білімін бағалауда төмендегідей
кемшіліктер байқалуда:
- жекелеген оқытушылардың жаңа жүйе талабына толық дайын болмауы;
- насихат жұмысының төмендігінен кредиттік технология талаптарын әлі де
студенттердің толық түсінбеуі. Бұл бағытта арнаулы кафедралар дайындайтын
мамандығы студенттері арасында кең көлемде жұмыстар жүргізуі керек.
Білім беру үдерісіне тьютор мен студенттің тең қатынасуы, студентке белгілі бір бі-
лім мөлшерін толығымен дайын түрінде емес, оның ішкі мүмкіндігін пайдалану
арқылы сыни тұрғыдан игерту басты мақсат. Сонда ғана білімнің сапасы артып,
дамыған елдердегідей кемел ақыл, парасат, білім, ғылым экономикаға жұмсалмақ,
адам капиталының көрсеткіштері де сапалы жаңа биікке көтерілмек.
Достарыңызбен бөлісу: |