1996 жылдан бастап шығады Основан в 1996 году



Pdf көрінісі
бет22/24
Дата06.03.2017
өлшемі3,23 Mb.
#8199
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Список литературы 
1.Компетентностный  подход  в  подготовке  кадров  в  области  гуманитарных 
технологий:  учебно-  методическое  пособие  /  Под  ред  В.Г.Зарубина, 
Л.А.Громовой. - СПб: РГПУ им. А.И.Герцена, 2007.- С.51-59. 
2.Соколова  Л.Б.  Становление  культуры  педагогической  деятельности  учителя: 
Монография.- Оренбург:  Издательство ОГПУ, 2003.-С.35-39. 
3.  Хуторской  А.В.  Педагогическая  инноватика:  учеб,  пособие  для  студ,высших 
учеб.  заведений  /  А.В.Хуторской.  –М.:  Издательский  центр  «Академия»,  2008.- 
С.25-31. 
Түйіндеме 
Бұл макалада зерттеу проблемасының  өзектілігі көрсетілген, экономика 
бакалврының  әлеуметтік-жобалау  құзыреттілігіне  түсінік  береді.    Сапаның 
қалыптасуының  педаогогикалық  шарттары  сипатталады.    Зерттеу  нысаны 
бойынша педагогикалық эксперимент нәтижесі баяндалады.   
 
Summary  
In  the  avticle  the  actuality  of  the  investigated  problem;  is  grounded 
defimination  of  concept  is  given  «socially  –  project  competence  of  bachelor    of 
economy»;  the  pedagogical  tevms  of  forming    of  the  determined  quality  are 
characterized; а pedagogical experiment and result are described on organization of 
the investigated process. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

196
 ~ 
 
Қ.С. Зинуллина  
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ АДАМИ КӨЗРАСТАРЫ МЕН 
ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ  ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТАРЫ 
                                   
 Соңғы  жылдары  қазақ  халқының  ұлы  ойшылдарының  шығармаларындағы 
психологиялық  көзқарастарды  зерттеп-зерделеудің  қажеттілігі  туындап  отыр.    Бұл 
егемен еліміздің жастары үшін ең қажетті білім бастауы.  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 
әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университеті  студенттерімен  кездесуінде: 
«Қазіргі  бәсеке  заманында  қажыр-қайратың,  ынта-жігерің,  тынымсыз  ізденісің 
болмаса,  көштен  қалу  оп-оңай.  Данышпан  ақын  Шәкәрім  бабаларың  «Құбылған 
әлем  жарысы.  Ақылды  жанның  табысы»  деп  бекер  айтпаған.  Ендеше  жастарға 
жүктелетін  міндет  те  үлкен»  деп,  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  пікірін  келтіруі 
дәлелдей түседі [1]. 
 
Шәкәрім  Құдайбердіұлының  адами  көзрастарымен  дүние  танымының 
қалыптасуына ықпал еткен алғышарттардың бірі:  ақынның шыққан тегі мен отбасы.  
Шәкәрімнің  тегі  бүкіл Тобықты  мүддесін  ойлаған  кесек  тұлғалардың  бірі  Құнанбай, 
оның  әкесі  Өскенбай,  олардан  тарған  ұрпақтар  Құдайберді  және  ағасы  ұлы  ақын 
Абай.    Қажы  отбасында  тәрбиеленген  Шәкәрім  жасынан  өте  зерек  болып  өседі.  
Баланың  тілі  «р»  әріпіне  жарап,  яғни  «бисмиллаһи  аррахмани  аррахимиді»  дұрыс 
айтуға  келген  шақта,  Құдайберді  Шәкәрімді  Семей  медіресессінен  оқып  шыққан 
Өтебай  деген  молдаға  5-6  жас  шамасында  оқытады.  Шәкәрім  оқуға  барған  жас 
шамасының мөлшерін «Мұтылғанның өмірі» деген өмірдерек өлеңі анықтайды.  
Бесімде оқу білсін деп,  
Ата-анам  берді  сабаққа...-  деген  ақынның  өлеңінен  Шәкәрімді  ата  анасы  бес 
жасынан сабаққа бергенін білеміз [2] .  
Шәкәрімнің  өмірбаянын  зерттеуші  В.  Гушиннің  пікірінше,  Шәкәрім  молда 
алдында  арапша  сауаттын  ашып  қана  қоймайды,  5-жасында  түрік,    орыс  тілдерін 
сауатты меңгергенін  былайша спаттайды: «Он с самого раннего возраста удивлял 
свойх  близких  своими  способностями.  Благодаря  постоянной  заботе  и  вниманию 
Абая,  Шакарим  в  5  лет  уже  знает  арабскую,  турецкую,  русскую  грамоту,  овладел 
персидскими и тюркскими языками» 
[3].   
Ақынның  адами  көзқарастарымен  дүние  танымының  қалыптасуына  негіз 
болған  екінші  алғышарт  Шәкәрімді    дүниеге  әкелген  анасы  Төлебике    (Дәметкен) 
болды. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек [ 4]  Шәкәрімнің шешесі Төлебике (Дәметкен) 
қаракесек  ішінде  Кедей  табынан  шыққан  абралылық  Аллаберген  бидің  қызы. 
Аллаберген    күллі  Байбөрі  руларының  сөзін  ұстаған,  адалдығымен,  жоқ-жітікке 
қайырымдылығымен  төңірекке  атты  шыққан  ірі  кісі  болған.  Аллаберген  би  қызы 
Төлебикенің  зеректігін  байқап,  қызын    арапша  оқуға  молдаға,  кейін  ұстаз  алдына 
береді.  Төлебике  арапшаны,  әсіресе,  түрекшені  жетік  меңгерген.  Шәкәрімнің  түрлі 
тілді меңгеруі анасы  Төлебикенің арқасы. 
Жоғарыда  айтқанымыздай    Шәкәрімнің  өсі,  даму  жолдары  ағасы  және 
рухани  жағынан  ұстазы  болған  ұлы  Абай  есімімен  байланысты.  Абай  мен  Шәкәрім 
тек қан жағынан туыс болып қоймай, олардың жан сырлары,  рухани  жан дүниелері 
бір  болатын.  Абай  қара  сөзінде  жан  мен тәнді  сөз етсе, Шәкәрімде  «жан мен  тән» 
тартысын одан әрі дамытып: «Жан құмары – істемек, біліп алмақ, Бөгет бола береді 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

197
 ~ 
 
дене салмақ. Асыл іздеп асылды аласұрар, Амал бар ма денесіз  қайда  бармақ?»,- 
дейді [ 5].  
 
Шәкәрім Құдайбердіұлының адами тұрғыдан жетілуі, оның дүниетанымының 
қалыптасуы ақынның жастайынан өзін-өзі тәрбиелей білуі. Оның өмірлік ұстанымы –  
ешкімге  қиянат  қылмау,  бөгде  адамға  жаманшылық  жасамау,  мейлі  жан-жануар, 
жәндіктерге  болсын,  зәбір  көрсетпеу.  Яғни  адамшылықты,  арды  бұзатын  барлық 
теріс  қылықтардан  тыйылуға  ерте  бастан  кіріскен.  Ол  жас  кезінде  өзі  басынан 
кешірген жағдайды үнемі есіне алып, ұдайы сол ісінен сабақ алып отырған. Шәкәрім 
жеті жасқа келгенде, әкесі Құдайберді қайтыс болып, үйіне жан-жақтан көңіл айтып, 
кісілер  келіп  жатады.  Бала  Шәкәрім  сол  сәтте  сай  ішіне  ойнауға  кетеді.  Ойнап 
отырып, ирелеңдеп бара жатқан жұлдыз құртын езіп өлтіріп тастайды да, кейін оған 
жаны ашып қатты өкініп жылайды. Ең алғашқы өлеңі «Өлтірдің онан таптың қандай 
пайда?»  деген  атпен  осылайша  дүниеге  келеді.  Бұл  оқиғаның  ақын  есінде  мәңгі-
бақи  қалғандығын  баласы  Ахаттың  әкесіне  қатысты  естеліктерінде  кездесетіндігіне 
қарап  топшылауға  болады.  Өмірінде  одан  кейін  жан-жануар,  жәндік  атаулыға 
қиянат  жасамауға  серт  бергендігі  оның  тырнақалды  туындысынан  аңғарылады. 
Жетім  қалған  баланың  ой-санасында  атасы  Құнанбайдың,  өз  анасы  Ботантайдың 
берген тәрбиесі мәңгілік із қалдырады.   
Қорыта  айтқанда,  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  адами  көзқарастарымен,  дүние 
танымының  қалыптасуына ықпал еткен жайттар төмендегідей:  
1.Туған  үй,  өскен  орта.  Атасы  Құнанбайдың  тәлім-тәрбиесі  мен  еңбекке  деген 
құштарлығы. Сол арқылы қоғамдық санасының қалыптасуы.  
2.Ағасы қазақтың ұлы ақыны -Абайдың тәрбиесі, ғылым-білімге жетелеуі, ақыл-
кеңестері.  
3.  Жас  кезінде  түйген  ойлары.  Әкесі  қайтыс  болған  кезде  алғаш  рет  өз  халін 
жәндікпен  салыстырып,  сол  арқылы  тірі  мақұлыққа  зәбір,  жапа  көрсетпеуге  ант 
беруі.  
4.  Өзбетімен  білім  алып,  білімге  ұмтылуы.  Сол  арқылы  туындыларының,  өлең-
жырларының дүниеге келуі.  
Осылардың  барлығы  Шәкәрімнің  дамып  жетіліп,  адами  көзқарастарымен 
дүниетанымының қалыптасуының негізі деп айтамыз. 
 
Резюме 
В  статье  рассматриваются предпосылки, оказавшие  влияние на  человечкие 
и мировозренческие  взгляды Ш.Кудайбердиева. 
 
Summary 
The  article  deals  with  premises  influenced  social  and  pedagogical  views  of  Sh. 
Kudaiberdiyev 
      Әдебиеттер тізімі 
1.  Акманова  Г.Р
.  Орта  мектепте  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  шығармаларын  оқыту 
әдістемесі.  Пед.ғыл.канд.ғыл.дәр.алу  үшін  дайынд.дисс.авторефераты.  - 
Алматы, 2010. -11-12 бб.  
2.  Шәкәрім. Шығармалар. Алматы. 1988. 
3.  Есімов Ғ. Хаюм Абай. Алматы. 1994. 
4.  Құдайбердіұлы Ш. Үш анық. Алматы, 1991. 
5.  Шәкәрім. Шығармалар. Алматы. 1988. 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

198
 ~ 
 
ӘОЖ  371 
Г.Қ. Шұғаева 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯ  
ЖӘНЕ ОНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ 
 
Аңдатпа 
Бұл мақалада педагогикалық инновация мәселесі, оның зерттелуі және білім 
беру үдерісіндегі маңызы қарастырылған. 
Негізгі сөздер: 
инновация, педагогикалық инновация, инновациялық      үдеріс. 
 
Қазіргі  кезеңде  қоғам  адам  туралы  ғылымдардың    жетістіктері  мен  оның 
даму  заңдылықтарын,  жаңа  педагогикалық  технология,  қарым-қатынас  мәдениетін 
терең  меңгерген,  жан-жақты  шығармашылықпен  жұмыс  жасайтын  мұғалімді  қажет 
етеді.  Сонымен  қатар,  бұл  мәселенің  көтерілуі  қазіргі  мектептегі  оқу  үдерісінің  
сараланып  оқытуға  көшуімен,  білім  беру  мекемелерінің  жаңа  түрлері  пайда 
болуымен,  мұғалімнің  қолданатын  жаңа  білім  технологияларының  көбеюімен, 
мектептегі  эксперименттік  жұмыстардың  кеңінен  етек  жаюымен  байланысты. 
Мектептегі  инновациялық  үдерістер  бүгінде  жаппай  сипат  алуда,  сондықтан  бұл 
мектептерде  жұмыс  жасайтын  мұғалімдердің    жоғары  білікті,  шығармашылық 
ғылыми-педагогикалық  ойлауы  жақсы  дамыған  жаңашыл  мұғалімдерге  деген 
қажеттілік туындап отыр.  
 «Педагогикалық  инновация»  жаңа  ұғым  болғандықтан,  оның  теориясына 
тоқталып,  теориялық  және  тәжірибелік  мәселелеріне  талдау  жасауды  жөн  көріп 
отырмыз.  
Инновация  –  педагогикалық  үдеріске  оқыту  мен  тәрбиенің  жаңа 
тұжырымдамаларын,  оқу жоспарларын  және  бағдарламаларын,  түрлерін,  әдістерін, 
құралдарын енгізіп, мақсатқа жету. Инновациялық үдеріссіз мектептің дамуы мүмкін 
емес.  
Үлкен энциклопедиялық сөздікте «инновация» ұғымына  жаңа пайда болған 
түр  деген  түсінік  беріледі.  Кеңестік    энциклопедиялық  сөздікте  де  оны  жаңадан 
пайда болған түр ретінде қарастырылады. А.И.Кочетов «инновация» ұғымына келесі 
анықтама  береді:  инновация  –  педагогикалық  қызметтің  көрсетілген  деңгейге 
шығуын  қамтамасыз  ететін,  біртұтас  теориялық,  технологиялық  және  әдістемелік 
жаңару тұжырымдамасы. 
Жаңалық  енгізуді  әлеуметтік  және  психологиялық  аспектілерде  қарастыру 
қажет:    а)  қоғамға  әлеуметтік  маңызы  бар  объектікті  жаңа  өнім  шығару  ретінде. 
Оған  педагогикалық  құбылыстарды  теориялық  зерттеу  жатады;  б)  жеке  тұлғаға 
және оның дамуына маңызды субъективті жаңа өнім шығару ретінде. Мұнда белгілі 
педагогикалық идеялар, технологиялар пайдаланылып, өзгертіледі. 
Инновация  адамның  рухани  қажеттілігімен,  әлеуметтік  және  саяси 
өзгерістерімен,  қоғам  өмірінің  жаңа  құбылыстарымен  байланысты.  Олардың  пайда 
болуы  қоғамның  жаңа  сапалы  өмір,  жаңа  сапалы  білімге  деген  қажеттілігінің  өсуін 
көрсетеді. 
Сонымен, «инновация» ұғымы ғылыми әдебиеттерде жаңалық енгізу ретінде 
қарастырылады.  «Инновация»  ұғымының  бұл  аспектісі  оқу  үдерісіне  де  қатысты. 
Белгілі  ғалымдар  В.А.Сластенин,  И.Ф.Исаев,  Е.Н.Шиянов  «педагогикалық  үрдіске 
қатысты  инновация  бұл  оқыту  мен  тәрбие  мақсатына,  мазмұны,  әдістері  мен 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

199
 ~ 
 
формаларына,  мұғалім  мен  оқушлардың  біріккен  іс-әрекетін  ұйымдасытруға 
жаңалық енгізу» деп атап көрсетеді. 
А.В.Лоренсов,  М.М.Поташник,  О.Г.Холерик  зерттеулері  бойынша,  жаңалық 
енгізу  оның  осы  жаңалықтың  негізіне  алынған  құралдардың  мектеп  дамуының 
міндеттерін шешуге мүмкіндік  берсе, сол жағдайда ғана ол тиімді деп есептелінеді . 
  Қазақстан  Республикасында  білім  беру  саласындағы  педагогикалық 
инновация  мен  оқытудың  жаңа  технологиясы  мәселелерін  Ш.Т.Таубаева, 
Н.Н.Нұрахметов,  С.Н.Лактионова,  Е.З.Батталханов,  Қ.Қ.Қадашева,  Т.О.Балықбаев,  
Ж.А.Қараев, 
Г.К.Нұрғалиева, 
К.Бұзаубақова, 
С.Д.Мұқанова, 
Н.И.Хван,  
Л.Е.Румянцева,  З.У.Имжарова,  М.М.Мұқаметқалиқызы  және  т.б.  педагог  ғалымдар 
зерттеген .  
«Инновациялық үдеріс» ұғымы «педагогикалық инновация» ұғымымен тығыз 
байланысты.  Үдеріс  –  белгілі  бір  нәтижеге  жетуге  бағытталған  бірізді  қимыл-
әрекеттерінің жиынтығы. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау көрсеткендей, 
инновациялық 
үдеріс 
– 
күрделі 
динамикалық 
жаңалық 
енгізу 
ретінде 
қарастырылады. 
А.В.Лоренсов, 
М.М.Поташник, 
О.Г.Холерик 
зерттеулерінде 
инновациялық  үрдіске  мынандай  анықтама  беріледі:  «Жалпы  инновациялық  үдеріс 
деп  жаңалықты  ашу,  игеру,  пайдалану  және  таратуға  бағытталған  кешенді  іс-
әрекеті»  .  Инновациялық  үрдіс  жаңалық  енгізілетін  жүйені  сапалы  жағына 
жақсартуға 
бағытталады  және 
оған 
қатысушыларды 
 
ынталандыруымен  
ерекшеленеді және оның білім беру үдерісіндегі мыңызы өте зор деп айтуға болады. 
Білім  беру  үрдісіндегі  инновациялық  үдерістер  негізіне  педагогиканың  екі 
маңызды 
мәселесі 
жатады: 
педагогикалық 
тәжірибені 
зерттеу 
мәселесі; 
технологиялық-педагогикалық 
ғылыми 
жетістіктерін 
тәжірибеге 
енгізу 
(П.И.Пидкасистый, Л.С.Подымова, В.А.Сластенин және т.б.).   
Инновациялық  үдеріс  нәтижесі  –  жаңалықты  теорияда  және  практикада 
пайдалануы болып табылады. 
Инновациялық білім беру үдерісінің дамуының негізінде шарттардың екі тобы 
жатады: объективтік шарттар – инновациялық іс-әрекеттің  дамуына ынталандыруға 
жағдай  жасау;  субъективтік  шарттар  –  инновациялық  үрдістің  субъектісімен,  оның 
инновациялық    қызметке  дайындығымен  байланысты.  Инновациялық    үдерістің 
субъектісі  ретінде  қызметтері  инновациялық  бағыттағы  мұғалім-педагогтар, 
оқытушылар  және  білім  беру  саласындағы  барлық қызметкерлер  болып  табылады. 
Педагогикалық инноватика категориясына сонымен қатар, «инновациялық әлеует», 
«инновациялық  орта»  да  жатады.  Қазіргі  кездегі  педагогикалық  әдебиеттерде  бұл 
ұғымдардың  мәні  былайша  ашылады:  мектептің  инновациялық  әлеуеті  –  бұл 
мектептің  жаңалықты  ашуға,  қабылдауға,  іске  асыруға,  сонымен  қатар 
педагогикалық жағынан  тиімсіз,  ескі  құбылыстардан  дер  кезінде  бас  тартуға  деген 
қабілеттілік . 
Инновациялық орта  –  бұл  мектептегі оқу-тәрбие  үдерісіне  жаңалық  енгізуді 
қамтамасыз етуіне бағытталған ұйымдастыру, әдістемелік, психологиялық сипаттағы 
жинақталған жұмыстарымен  бекітілген белгілі бір моральды технологиялық жағдай. 
Инновациялық бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі 
педагогикалық    инновацияны  бағалаудың  критериийі  ретінде  қарастырылады. 
Педагогикалық инновацияның мазмұны мен критерийлерін тап басып тану, оларды 
қолданудың    әдіс-тәсілін  меңгеру  жеке  мұғаліммен  бірге  оқу  орнының  жетекшісіне 
де оны енгізуді объективті бағалау мен болжамдауға мүмкіндік береді. Мектептерде 
жоғарының  нұсқауымен  енгізілген  инновациялық  жаңалықтар  қысқа  мерзімде 
ұмытылып кетеді немесе бұйрықпен тоқтатылады. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

200
 ~ 
 
Педагогикалық  үдерісте  озат  тәжірибені  кеңінен  қолданудың  маңызы  зор. 
Өйткені,  терең  білім  мен  тәрбие  беру,  педагогикалық  озат  тәжірибені  зерттеу, 
жинақтау және таратудың нәтижесі, мұғалімдердің шығармашылық ісінің жемісі. 
Оқу  мен  тәрбиенің  тиімді  тәсілдері  мен  әдістерін  іздестіруде  мұғалімнің  өз 
тәжірибесін  өзі  зерттеп,  жинақтау  ісі  әрі  қиын,  әрі  күрделі  мәселелердің  бірі.  Бұл 
мәселені  ойдағыдай  зерттеп,  практикада  дәлелдеу  тікелей  мұғалімнің  өзіне 
байланысты.  Мұғалім  оқыту  мен  тәрбие  әдістеріне  байланысты  басты  мәселелерді 
таңдап  алады  да,  олардың  тиімділігін  сабақтың    немесе  тәрбие  жұмысының  
барысында  бақылайды,  терең  зерттейді.  Зерттеу  материалдарына  талдау  жасап, 
қорытындысын үнемі дәптеріне жазып отырады. Мұғалім әр сабақтың немесе тәрбие 
жұмысының өзіне тән ерекшелігін, әртүрлі әдістерді қолданудың  тиімді жолдарын, 
оқыту  мен  тәрбие  үдерісінде  оқушылардың  ынтасы  мен  таным  қабілетін  дамытуды 
шығармашылықпен  іздестіреді.  Осының  нәтижесінде  мұғалім  өз  жұмысындағы 
жетістіктер мен елеулі кемшіліктерді  көре бастайды. Сөйтіп, оларды жоюдың тиімді 
жолдарын  қарастырады. Ол  үшін  мұғалім  педагогикалық  әдебиеттермен  танысады. 
Қажетті әдебиеттерге аннотация және библиография жасайды. 
Мұғалім  өз  мектебіндегі  немесе  көршілес  мектептердегі  тәжірибелі 
мұғалімдердің  тәрбие  жұмыстарымен  танысады,  сабақтарына  қатысады.  Олардың 
оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен салыстырады, тиісті 
қорытынды жасайды және оны өзінің тәжірибесінде пайдаланады. 
Зерттеу  жұмысына  байланысты  құжаттарды  мұғалім  бірте-бірте  жинастыра 
береді.  Оларға:  сабақ  жоспары,  бағдарлама  тақырыптары  бойынша  жасалатын 
тақырыптық  перспективалық  жоспар,  оқушылардың  жазба  бақылау  және  кестелік 
жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің  оқу-тәрбие жұмысының жоспары, түрлі 
тақырыптарға  жазылған  оқушылардың  баяндамалары  жатады.  Осы  құжаттардың 
негізінде мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, жүйеге келтіріп, жинақтайды. 
    Озық педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымы жетістіктерін практикаға 
енгізу,  педагогикалық  инновацияның  критерийлері.  Инновациялық  үрдісті  енгізуде 
мұғалімдердің өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы үлкен роль атқарады. Тек өзі  
ісіне жауапкершілікпен қарап,  жаңалыққа ұмтылған ұстаздан ғана жаңа талаптарға 
сай  келетін  білімді,  саналы,  жан-жақты  дамыған  шәкірттер  тәрбиеленеді. 
Сондықтан, болашақ ұрпақ қамы үшін білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер 
және  озық  жаңашылдықпен дамыту әр ұстаздың міндеті екені сөзсіз. 
 
Әдебиеттер тізімі  
1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.  
2.  Керимбаева  М.С.  Инновационные  процессы  в  школе:  проблемы,  перспективы, 
поиск. Алматы, 1995. 
3.  Беспалько В.П.  Педагогика и прогрессивные технологии обучения. М., 1995. 
4.  Таубаева  Ш.Т.,  Лактионова  С.М.  Педагогическая  инноватика  как  теория  и 
практика нововведений в  системе образования. Алматы, 2001. 
 
Резюме 
В  статье    рассматривается  вопросы  педагогической  инновации,  ее 
разработка в науке  и значение  в образовательном  процессе. 
Summary 
In the article discusses about questions of pedagogical innovation it’s development in 
the science and importance in educational process 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

201
 ~ 
 
ӘОЖ  373.02 
 
А. Жұмағазиева, Н.С. Жұмашева  
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ОҚУШЫЛАР ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ 
 
Аңдатпа 
Мақала  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтарды  бойына  сіңірген 
тұлғаны  тәрбиелеудегі      оқушылар  ұйымдарының  мәртебесін  көтеру  туралы  
мәселеге  арналған.  Балаларды  қоғамдық  негізде  тәрбиелеу  мәселесін  тәжірибе 
арқылы  жүзеге  асыруға  әрекет  жасаған  педагогтардың  еңбектеріне  теориялық 
тұрғыдан талдау жасалады. 
Негізгі  сөздер: 
оқушылар  ұжымы,  оқушылар  ұйымы,  тәрбие  жұмысы,  ұлттық 
құндылықтар. 
 
      
Ғаламдық  жаһандану  жағдайындағы  жаңа  қоғамда  орын  алған  iрi 
экономикалық  өзгерiстер  мен  технологиялық  жетiстiктер  –  қоғам  дамуының 
қозғаушы  күшi  болып  табылатын  бiлiм  жүйесiне  де  орасан  ықпалын  тигiзiп  отыр. 
Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ 
мүддеге  барынша  әрекеттенуi  –  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтарды 
бойына  сiңiрген  саналы    парасатты  тұлғаны  тәрбиелеу  қажеттiгiн  де  алға  тартып 
отырғаны шындық. 
      
Ел Президентiнiң  сөйлеген сөзінде: “...Барлық дүние мектептен басталады. 
Сондықтан  да  12  жылдық  жалпы  орта  білім  беретін    жүйеге  көшіп,  педагогтардың 
кәсіби  деңгейі  мен  жаңа  оқулықтар  мен  біліми  технологиялардың    сапасын 
арттыруымыз  қажет..”,-  десе    “Қазақстан  –  2050”  бағдарламасында:  “...сондай-ақ, 
балаларымыздың,  жалпы  жеткіншек  ұрпақтың  функционалдық  сауаттылығына  зор 
көңіл бөлу қажет. Балаларымыздың қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса 
маңызды...”,- 
десе, 
жастарға 
патриоттық 
тәрбие 
берудің 
маңыздылығын 
«мемлекеттік  «Мәдени  мұра  бағдарламасы»  негізінде  бүгінгі  ұрпақтардың  бойына 
ұлттық  патриоттық  сезімдерді  қалыптастыру  керек...»  -  деп,    ұлт  болашағы  мен 
ұрпақ тағдырына  зор жауапкершiлiкпен қарағанын көреміз.  
        
Болашақта гүлденген Қазақстанның одан ары қарыштап өркендеуiнiң негiзгi 
тұтқасы  болатын  демократиялық  қоғамды  құратын  озық  жетiстiктерге  негiзделген 
бiлiм  нәрiмен  қатар,  ұлттық  тәрбие  құндылықтарын  бойына  сiңiрген  ұрпақтар  ғана 
ұлт  тағдырын  тереңiнен  таразылап,  болашағын  барынша  болжайтын  тұлға 
парасатты  бiлiмдi  тұлғаларды  дайындауда  ұлттық  тәлiм-тәрбиенiң  атқаратын 
жұмысы зор екенi даусыз.  
          Бұл 
жөнiнде 
Қазақстан 
Республикасында 
бiлiм 
берудi 
дамыту 
тұжырымдамасында:  “...тәрбие  мен  оқыту  мазмұны  бiрiншi  деңгейде  қызметтiң 
өзiндiк  түрлерiн  және  баланың  даму  бағытын,  оның  кейiнгi  мектеп  жағдайына 
бейiмделуiн қамтамасыз етуге тиiстi...”,- делiнген. 
       
Тәрбие  құралының  адам өмiрi мен тұрмысында  айырықша көрiнiс табатыны 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  :  “...неке  мен  отбасы,  ана  мен 
отбасы  және  бала  мемлекеттiң  қорғауында  болады.  Балаларына  қамқорлық  жасау 
және  оларды  тәрбиелеу  ата-ананың  етене  құқығы  және  мiндетi”,-  деп  атап 
көрсетеді. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

202
 ~ 
 
      
Баланы  ұжым  арқылы  тәрбиелеу  сонау  көне  заманнан  бері  күн  тәртібіне 
қойылып келеді. Солардың ішінде балаларды қоғамдық негізде тәрбиелеу мәселесін 
тәжірибе арқылы жүзеге асыруға әрекет жасаған швейцария педагогы  Песталоцци 
И.Г.  болса,    ал,  теориялық  жағынан  бұл  мәселені  көтерген  атақты  “Әрекет 
мектебінің”  негізін  салған  неміс  педагогы  Вильгельм  Август  Лай  болды.  Ол  еңбек 
бірлестігін  қоғамдық  әрекет  жасаудың  педагогикалық  ұстанымдарының  негізі 
ретінде  ұсынды.  Шын  мәнінде  ұжымдық  мәселе  көне  Египетте,  Спарталықтарда, 
орта 
ғасырлық 
қорғандарда 
жетекші 
орын 
алды. 
Жеке 
балалардың 
шығармашылығының  дамуы  ұжым  мүшелерінің  белсенділік  деңгейімен  тығыз 
байланысты.  Ұжымдағы  қоғамдық-пайдалы  еңбекте  оқушы өз  бетінше  әрекет  етсе, 
онда ұжымдағы оның беделі жоғарылап, ұжымға әсер ететін ықпалы күшті болады.  
      
Кеңестік  мектептер  пайда  болған  алғашқы  жылдардан  бастап  оның  негізгі 
міндеттерінің  бірі  -  оқушылардың  ұжымын  ұйымдастыру  болды.  Оқу-тәрбие 
жұмысында  оқушыларды  мақсатқа  сай  ұжымшылдыққа  тәрбиелеуді  кеңінен 
насихаттаған  атақты  педагогтар  мен  қоғам  қайраткерлері    Луначарский  А.В., 
Крупская Н.К., Макаренко А. С., Шацкий С.Т., В.П. Сухомлинскийлер болды.  
А.Луначарский:  “...адамды  тәрбиелеу,  әсіресе  бүгінгі  қоғамдағы  нағыз  ұйымшыл 
тұлғаны  тәрбиелеу,  оның  өмірін  жеке  қызығушылығынан  гөрі,  қоғамдық  пайдалы 
еңбек  етуге  деген  парасатты  көзқарасының  қалыптасуына  арналуы  керек.  Отбасы 
мен  қоғамдық  орта  негізгі  әрекетін  бала  тәрбиесіне  ден  қоюды  мақсұт  тұтса,  онда 
аталмыш  тәлімдік  үрдісті  қоғамның  әлеуметтік  тәлім-тәрбие  жетістігі  деп 
танимыз..”,-деп бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің бірі – жас ұрпақтың бойына 
ұжымшылдық қасиеттерді барынша сіңіру қажеттігін атап көрсетеді.  
     
Н.К.Крупская  балалар  мен  жасөспірімдерге  ұжымдық  тәрбие  берудің 
артықшылығын  жан-жақты  негіздеп,  ұжымдық  іс-әрекет  жағдайында    ұжымды 
баланың даму ортасы деп қарастырды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет