1 - сурет Дәстҥрлі сабақ моделі
Берілетін білім мазмҧны
Мұғалім Оқушы
2-сурет Компьютер арқылы берілетін сабақ моделі
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
132
Берілетін білім мазмҧны
Мұғалім Оқушы
Дәстүрлі сабақ моделінде кӛрсетіліп отырғанындай білім беру (оқыту, үйрету)
үрдісі мұғалім мен оқушы арасында қарапайым түрде болады. Яғни, мұғалім мен
оқушының арасындағы қарым – қатынастың түрі инновациялық технологияларды
(компьютер, ойын, интерактивтік тәсіл) пайдаланып ӛткізілген сабаққа қарағанда
қарапайым болмақ.
Ал, компьютер арқылы ӛткізілетін сабақта мұғалім мен оқушының қарым –
қатынасы мейлінше жоғары деңгейде болмақ себебі, модельде кӛрсетілгендей
сабақтың ӛтілу үрдісі мұғалім қушы, оқушы мұғалім, мұғалім оқушы
аралығында. Осы үлгіде ӛткізілген сабақта мұғалім ғана негізгі субьект ретінде
кӛрінбей, оқушыда басты рӛл атқармақ, бұл дегеніміз – оқушыныңда белсенділік
танытып, ашық қарым-қатынас жасай алатындығын кӛрсетеді.
Егер әр ұстаздың әрбір сабағы инновациялық технологияларды (компьютер,
ойын, интерактивтік тәсіл), оның ішінде компьютерлік технологияны қолданылып
ӛткізілсе, жаңа білім беру стандарттарының талабына сәйкес болмақ.
Жоғарыда келтірілген мысалдарға сүйене отырып, қорытынды жасасақ,
күнделікті дәстүрлі сабақта оқушы мен мұғалім арасында ашық пікір-талас болмайды
деген сӛз емес, дегенмен қазіргі жаңа білім беру талаптарына сәйкес инновациялық
технологиялар қолданылған сабақ дәстүрлі сабаққа қарағанда заманауи тұрғыда ӛтеді,
сонымен қатар оқушылар сол пән мен қоса компьютерді де жақсы меңгеріп,
қызығушылықтары жоғарылап, сабаққа деген белсенділіктері артып, сабақ беру үрдісі
ұтымды әрі нәтижелі болмақ.
ӘДЕБИЕТТР:
1.
Сарбасова Қ.А. Инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде
тӛменгі сынып мұғалімдерін даярлауды жүзеге асыру. Пед.ғ.к. ... – Қарағанды, 2005, -
156б.
2.
Шадиев Қ. Компьютерді қолданудың педагогикалық мәселелері // Қазақстан
мектебі, 2006, №5 7-8б.
3.
Интернет–Google.Туматов К.Е. «Компьютерлік технология».2009, 2б.
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада шетел тілін оқытуда тӛменгі сыныптарда компьютерлік
технологияны қолданудың маңызы туралы жазылады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются особенности использования компьютерной
технологии в процессе обучения иностранному языку в средней школе.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
133
ЖАС ҦРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ӘУЕНДІ ҚИМЫЛДЫҢ МАҢЫЗЫ
Алиакбарова Ж.А. – магистрант.(Алматық қ-сы,ҚазмемқызПУ)
Бүгінгі қоғам, бүгінгі күн, жан – жақты жетілген, ұлттық сана мен психология
бойында қалыптасқан парасатты ұрпақ тәрбиелеп ӛсірумен құнды.Қазіргі ӛмірдің
ӛзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие
негізінің бастау бұлағы – отбасынан, мектепке дейінгі ұйымдардың басталатыны
белгілі дүние.
Жас ұрпақты ӛмір талабына сай білімді, ӛнерлі де мәдениетті, халықтың салт-
дәстүрін білетін рухани дүниесі бай тұлға ретінде қалыптастыру басты міндет болмақ.
Ӛсіп келе жатқан жас буын, жас ұрпақтың рухани байлығының іргетасы қалай қаланса,
мемлекеттің болашағы, ӛмірге деген ынта-жігері сондай болмақ.Болашақ
ұрпағымызды жастайынан имандылыққа, салауатты ӛмір салтына, ұлттық
рухымыздың дамуына, Отанымыздың гүлденуіне ӛз үлесін қоса алатын азамат ӛсірсек
дейміз, аянбай еңбек ету міндетіміз деп білеміз. Музыка арқылы жылт еткен сәуле бала
жүрегіне дарыса, баланы оятса, жан – дүниесін байытса, бұл зор ғанибет емес пе?!
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар», - деген ұлы Абайдың сӛздерінен сана мен
сезімді құдіретті ән мен күйдің билейтіндігін түсінеміз,оның мәніне, сазына аса назар
аударамыз.Ол музыканы сыртқы дүниенің жарқыраған сәулесі деп таниды.
Мектепке дейінгі ұйымдардың ерекшеліктері – бүлдіршіндерді музыка әлеміне
жетелеу, осы кезеңнен бастап олардың бойына қазақтың халық әндері мен күйлерін,
ұлттық шығармаларды, кӛп ұлтты еліміздегі басқа да халықтардың шығармаларын
қамтып, классикалық музыканы, әуенді-қимыл қозғалыстарды енгізіп, дамытуға
тырысамыз.Әуенді-қимыл қозғалыстары, баланың ӛсіп жетілуіне, дамуына әсері зор
екенін білеміз.Әуенді саз арқылы, бүлдіршіннің қимыл-әрекеті биге ұластырылады.
Олардың әуенді қимылдарын жетілдіре отырып, денелерінің сымбатты болып
қалыптасуына, ӛздерін әдемілікке, сұлулыққа құштар етіп ӛсуге ықпал етеміз.
Бүлдіршіндер әуенді-қимыл қозғалыстарды жасауға, музыканы сезіне білуге,елеңдей,
тыңдай білуге, шаттануға, кӛңілді-кӛңілсіз, жігерлі жұмсақ орындалуына, ән мен биді,
ән мен күйді айыра білуі тиіс. Музыкалық шығарманың сипаты би арқылы сезінуге,
бірге қуанып немесе күйіне білуге баулиды.
Музыкалық-ырғақтық қимыл екі шағын бӛліктерге бӛлінеді: музыкалық-
ырғақтық дағдылар және мәнерлі қимыл дағдылары. Музыкалық-ырғақтық дағдылар
мен мәнерлі қимыл дағдылары ӛзара тығыз байланысты және музыканы қабылдау мен
алуан түрлі қимылдарды, оның ерекшеліктерін еске түсірудің бірыңғай процесі болып
табылады. Музыкалық – ырғақтық дағдылар ойындар, билер, қол ұстасып ӛлең
айтулар, жаттығулар үйрену процесінде меңгеріледі.
Мәнерлі қимыл дағдылары (топтан топқа дейін кӛбейтіледі, мәселен, би, қайта
құру элементтерінің кӛлемі) сан жағынан және сапа жағынан да (сюжетті-образды
қимылдар күрделене түседі, былайша айтқанда, алуан түрлі музыкалық ойындар
образы беріледі, жүру, жүгіру және т.б. сипатының барынша нәзік музыкалық
ерекшелігі бейнеленеді) күрделене түседі.
Қазақтың би ӛнері жайында сӛз қозғағанда, оның ерте заманнан қалыптасып,
халқымыздың аса бай ауыз-әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі-тұрмыс салтымен
біте қайнасып келе жатқандығын еске алған жӛн. Би ӛнірінің де ата-бабадан қалған
мәдени мұраны аса маңызды бӛлігі ретінде қазақ қоғамымен бірге жасасып, оның
рухани ӛміріне азық болғанын аңғарамыз. Ел арасында сақталған азды-кӛпті билердің
ӛзінен-ақ халықтың ӛткендегі ӛмір салты, істеген кәсібі, оның айналадағы ортаға
кӛзқарасы кӛрініп тұрғандай. Қазақтың би ӛнері сонау ежелгі заманнан бері қарай
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
134
жұрттың кӛңіл-күйіне, ой-арманына, тілек-аңсарына, уақыт талабына, дәуір талғамына
сай ӛзінше дамып, ұрпақтан ұрпаққа таралып келеді.
Әр халықтың ерекшелігіне орай би ӛнерінің кӛркемдік бейнелеу құралдары мен
мазмұны да әртүрлі болып келді. Мәдениетті ӛскен халықтардың тұрмыс-тіршілігі мен
еңбек процесінің жетік дамуына байланысты олардың ұлттық ойындары мен билері де
сан түрлі сипат алып, түрлік, мазмұндық, кӛркемдік жағынан кең қанат жайып, үнемі
ілгеріліп отырады. Әр халықтың белгілі бір ережелерге бағындырылған әсем, нәзік
қимылдарынан келіп би туындайды. Одан біз әр халықтың дәстүрін, әдет-ғұрпын,
салтын, тұрмыс-тіршілігін айнытпай таныта алатын ӛзіндік ерекшеліктерін айыра
аламыз. Қазақтың би ӛнері де ұлттық мәдениеттің сан-салалы түрлерінің негізінде
қалыптасты. Халықтың билеу мәдениетін ӛркендетудің үлкен әлеуметтік мәселе екені
белгілі. Сондықтан би ӛнерін насихаттау, үйрету, жаттықтыру мақсатымен
бағдарламаға ендіріп отырмыз.
Бұл бағдарлама бойынша берілген қазақтың қолӛнер үлгілерінен алынған:
тұмарша, тарақ, шаңырақ, ирек, ашамай, тұрмысқа байланысты туындаған: сәлем,
түбек, кебеже, тақия, ӛрмек, ұлттық ойындарға байланысты: ат шабыс т.б. қарапайым
қимылдар тоқсан тақырыбымен, ӛнердің басқа салаларымен тығыз байланысты
қамьылған. Музыкалық ырғақты нақты сезіне білуіне, әсемдікті эстетикалық
талғаммен таңдай алуына кӛмектесері хақ.
Музыкалық есту, есте сақтау, музыкалық ойындар,билер,қол ұстасып, билеу, ӛте
кӛрікті қызықты ойындар мектепке дейінгі балалар үшін,олардың қабілеттерін
дамытуда ӛте қажет.
Сонымен, музыка деген ұлы құдіреттің қандай сезімді білдіретінін, не жайында
толғайтынын ұғыну үшін бала жүрегіне музыка нәрін дұрыс еге білуіміз қажет.
Кішкентайынан әнге, биге, күйге қанып ӛскен бала ӛнерпаз, ӛнерді сүйетін,
бағалайтын азамат болып қалыптасады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Музыкалық тәрбие беру методикасы - Алматы, 1981ж.
2. Балтабаев М. Ӛтемұратова Б. «Елім-ай» - Алматы, 1993ж.
3. Құнанбаев А. «Ӛлең сӛздің патшасы, сӛз сарасы» - Алматы, 2004ж.
4. Алиакбарова Ж. «Ән ӛмірдің ажары» - Алматы, 2008ж.
5. Музыкальные ритмические движения - М.,1976г.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада жас ұрпақты тәрбиелеуде әуенді қимылдың маңызытуралы айтылады.
РЕЗЮМЕ
В статье говорится о значении музыкальных ритмических движений в
воспитании молодого поколения.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
135
ТЕАТРЛАНҒАН ОЙЫНДАР - МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ
КОММУНИКАТИВТІК ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҦРАЛЫ
Байжигитова Г.Н. – магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Мектепке дейінгі тәрбие оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі
ретінде қазіргі тұрақты ӛзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала
тұлғасының қалыптасуы дамуы үшін жағдайлар жасайды. Жетекші ғалымдар мен
практиктер кӛптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі
жасты зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын анықтайтын шарт
екендігін дәлелдеді.
Балалар бақшасы мекемесінде балалардың коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастырудың мынадай құралдары қолданылады:
1)
Диалогты пайдалану (И.А.Артамонова, Е.И. Негневицкая), ұйқасты ӛлең
шумақтарын, санамақтар, тақпақтарды және т.б. пайдалану. (М. Кондратова, О.
Уланова)
2)
Кӛрнекі құралдарды, суреттерді, ойыншықтарды және т.б. пайдалану (И.
Рыжова, В.Ф. Толстова, И. Васильев және т.б.)
3)
Шет тілдегі жаттығулар мен ӛлеңдерді қолдану (И. Старшинская, Л.Ф.
Баранова, В.И. Филатов және т .б.).
4)
Ойын құралдарын пайдалану (Л.В. Артемова, Е.В. Жирнова, Баранова Л.Ф.
және т.б.)
Театрланған ойындарды коммуникативтік құзыреттілікті ӛнімді қалыптастыруға
септігін тигізетін тиімді құрал ретінде қарастырмастан бұрын, осы құралдың негізгі
қызметтерін анықтамай тұрып, балалар ойыны мен театрланған ойын ұғымдарының
жігін ажыратқан жӛн. Біз сондай-ақ олардың ұқсастығы мен айырмашылығын
кӛрсеткіміз келеді.
Ең алдымен ойын – іс-әрекет туындысы, оның кӛмегімен адам шынайы
болмысты түрлендіріп, дүниені ӛзгертеді. Адам ойынының мәні – әлемнің кӛрінісін
бере тұра, болмысты түрлендіру. Ойын мәні нәтижеде емес, үдерістің ӛзінде, ойынға
қатысты сезім толқуларының үдерісінде (Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, Д.Б.
Эльконин және т.б.). Ойынның осы ерекшелігінде үлкен тәрбиелік мүмкіндіктер
жатыр, себебі белгілі бір ойынның мазмұнын басқара отырып, педагог нақты
жағдаяттар мен рӛлдерді үлгілеуге мүмкіндік алады, ал олар ӛз кезегінде, бала сезімі
мен эмоцияларына оң ықпалын тигізеді.
С.Л. Рубинштейн кӛрсеткендей, бала белгілі бір рӛлге еніп, жай ғана жасанды
түрде жат тұлғаның кейпіне ауыспайды, рӛлді ойнай отырып, ол ӛзінің тұлғасын
байытады. ―Бала – оның рӛлі‖ ерекше қатынасында қиял, ерік, ойлау, есте сақтау
сияқты психикалық қызметтерді дамытуға болады, сонысымен ойынның негізгі мән-
маңызы анықталады.
Ойынның негізгі түрлерінің ішінде ғалымдар дидактикалық ойындарды, қимыл
ойындарын, сюжеттік – рӛлдік ойындарды бӛліп кӛрсетеді (А.В. Запорожец, Т.А.
Маркова, Н.И. Непомнящая, В.С. Мухина және т.б.).
Сонымен қатар басқа зерттеушілер бұл тізімді тағы бір ойын түрімен –
театрланған ойындармен толықтырады (Л.А. Абрамян, Л.В. Артемова, Т.В. Антонова,
Е.М. Гаспарова және т.б.).
Театрланған ойындар сюжеттік-рольдік ойындарға ұқсас, бірақ олардан
айырмашылығы балалар қиялына емес, әдеби шығармаларды драмалап кӛрсетуге не
белгілі сюжеттер қойылымына негізделеді. Сондай-ақ кейіпкерді танытатын ӛзіне тән
белгісі болуы тиіс (Л.В.Артемова, Л.А.Минкович).
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
136
Театрланған ойындар әдебиет пен театрға қызығушылық оятып, балалардың
рухани-эстетикалық дамуына ықпал етеді. Ойынның бұл түрі баланың дамуына,
сӛздікті белсенді пайдалануына себін тигізеді. Ол балаларды тиянақты ой түюге,
сұхбаттасымен диалогқа, талқылауға ынталандырады, демек, коммуникативтік
құзыреттілікті қалыптастыруға септігін тигізеді. Осы мәселе бойынша мәліметтерді
талдай келе, біздің айтатынымыз: театрланған ойындардың сюжеттік-рольдік және
басқа ойындардан айырмашылығы мұнда еркін балалар ойынына тән іс-қимыл және
ойын кеңістігін таңдау еркіндігі жоқ. Театрланған ойындарды оқу үдерісінде
пайдалануда педагог анықтаған мақсат-міндеттер болады. Біз зерттеуімізде
театрланған ойындар бала тұлғасының коммуникативтік құзыреттілігін, соның ішінде
шет тілінде де қалыптастыру үдерісін байытуға мүмкіндік береді деген деректі
негіздейміз.
Театрланған ойындар оқу үдерісін байытып, оны дәстүрлі қалыптардан арылтып,
қайталанбас үлгіде ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін атап кеткен жӛн.
№ 1 кестеде біз кӛрнекі-бейнелі түрде оқыту мазмұнын және соған сәйкес оқу-
тәрбие іс-әрекетін ұйымдастыру қалыптарын театрланған ойындар арқылы үйлестіруді
ұсынамыз.
№ 1 кесте
Оқу үдерісін театрланған ойын құралдары арқылы ұйымдастыру
Театрланған ойындар
Театрланған ойындарды осылай пайдалану С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко сияқты
классиктердің тәжірибесінде орын алған. Атақты педагогтар ойынның зор маңызын
ерекше бағалаған. Макаренконың ескерткеніндей, «бала ӛмірінің кӛптеген терең де
мәнді жақтары ашылмай, жасырын қалып, психикаға кері әсерін тигізіп, кӛптеген
түсініксіз қылықтың, қырсығудың, түсініксіз аурулардың пайда болуына себепші
болады» (1, 272-б.). Ұлы педагогтың пікірінше, театрланған ойындар не драмаланған
ойындар ішкі шиеленісті тарқатып, баланың сау психикасын дамытуға мүмкіндік
беріп, баланың тілінің дамуына оң әсер етеді. Театрланған ойындардың психиканы
сауықтыру қызметі, міне, осында.
Н.П.Аникееваның пікірі бойынша, театрланған ойындарды оқу-тәрбие
үдерісінде пайдалану:
а) ұжымды жұмылдыруға;
ә) сабақтың танымдық маңызын арттыруға;
б) шығармашылық ахуал қалыптастыруға;
в) тұлғааралық қарым-қатынасты белсендендіруге септігін тигізеді (5, 3б).
Кӛптеген педагог-ғалымдардың пікірі бойынша, театрланған ойындар
балаларды тәрбиелеп қана қоймай, шет тілдерге де тиімді үйретеді, себебі сабақ
Дайындық
сабақтары:
Театрлану
элементтері бар
ойындар.
Сӛзі
жоқ
ойындар:
мимика мен
қимылдарды
қолдану
Драмаланған
ойындар.
Режиссерлік
ойындар
Шағын
спектакльдер
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
137
дәстүрлі қалыпта жүргізілмейді. Шығармашылық ахуал балалардың сабақтағы
белсенділігін арттырып, ӛзін, ӛзінің әлемдегі орнын тануға, ӛзін түрлі рӛлдерде
сынауға, түрлі сезімге берілуіне мүмкіндік береді. Бұл ӛз кезегінде, баланың ӛз
пікірін белсенді білдіруге, коммуникативті міндеттерді атқаруға, құрдастарымен,
ересектермен байланыс орнатуға, тұлғааралық байланыс пен ӛнімді тілдесімнің
жаңа әдістерімен танысуға мүмкіндік береді .
Л.С.Выготский педагогтар негізінен білім беру үдерісінде ұсынылатын оқу
материалын есте сақтауға үйрететінін ескертіп, бұл тұста кеңес мектебін
психологияға қарсы деп атаған. Ӛкінішке орай, кӛп жыл бұрын айтылған осы
ескерту ӛз ӛзектілігін қазір де жоғалтпаған. Сондықтан осы кемшіліктен арылу
үшін оқу-тәрбие үдерісінде қандай құралдарды пайдалануға болады деген заңды
сұрақ туындайды.
Оқу үдерісінде театрланған ойындарды пайдалануда маңыздысы - осы
ойындарды дұрыс ұйымдастыру.
Мұның ӛзі:
1) тақырыптардың мазмұндылығы мен кӛп түрлілігіне;
2) театрланған ойындарды педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың барлық
қалыптарына үнемі, күн сайын енгізуге;
3) балалардың ойынды дайындап ӛткізудің барлық кезеңдеріндегі жоғары
белсенділігіне;
4) театрланған ойындарды ұйымдастырудың барлық кезеңдерінде балалардың
бір-бірімен және ересектермен бірлескен әрекетіне;
5) театрланған ойындарды коммуканикативтік біліктілікті игеруде кезеңмен
пайдалануды ұйымдастыруға байланысты.
Педагог зерттеушілердің пікірінше, театрланған ойындарды сабақта
пайдалану үдерісі бастапқы кезеңде еліктеу негізінде құрылады, мұның ӛзі
мектепке дейінгі және кіші мектеп жасы балаларының негізгі ерекшеліктерін
ескеруде ӛте маңызды.
Дұрыс қойылған сұрақтар күрделі жағдаяттарды ойластыруға, талдауға,
қорытындылауға, жалпылауға ынталандырады. Ойды дамыту тілдесімді
жетілдірумен тығыз байланысты. Кейіпкерлер сӛздерінің, ӛзінің сӛйлемдерінің
мәнерін жетілдіру баланың сӛз байлығын дамытып, дыбыстарды дұрыс айтуын
жақсартады. Жаңа рӛл, әсіресе кейіпкерлер диалогы баладан нақты, анық, түсінікті
сӛйлеуді талап етеді. Оның диалогтық тілі дамып, сӛйлеуінің грамматикалық
құрылымы жетіліп, сӛздігі белсенді түрде толықтырыла түседі (2) .
Театрланған ойындардың ерекшелігі сюжетке байланысты рӛлдерді ойнауда,
мұның ӛзі балаларды тәртіпке үйретеді, себебі олар белгілі бір ережелерге,
ерікке, жоспарға бағынуы тиіс. Бұл балаларға рухани тәжірибені иемденіп,
байытуға, эмоциялық сезімталдықты тәрбиелеуге кӛмектеседі.
Театрланған ойындар оқу-тәрбие үдерісінде ӛте тиімді, себебі бұл
құралдарды пайдалану шығармашылықтың ұжымдық сипатын ескереді. Бірлескен
іс-әрекет пен қарым-қатынас үдерісі, бірқатар авторлардың пікірі бойынша, балалар
бір-бірімен серіктес ретінде, ересекпен режиссер ретінде әрекеттескенде іске
асады. Әрқайсысы ӛз рӛлдерін орындайды, бірақ шығармашылық үдеріс барысында
олардың бәрі бірдей мақсаттармен бірлескен.
Театрланған ойындар балалар қиялын дамытады.
Театрланған ойындарды білім алу үдерісінде пайдаланғанда балалардың
мынадай ерекшеліктерін дамытқан жӛн: байқағыштық, ерік-жігер, ӛз қылықтарын
бағалай білу, ӛз бақылауларын талдап-жалпылау, сезімталдық, ӛзін-ӛзі бақылау
қабілеті және т.б. Қабілеттердің осындай кең кешенін дамыту балаға ӛзін іс-
әрекеттің кӛп түрінде айқын білдіруге мүмкіндік береді. «Балаларды ӛнер тілімен
таныстыра отырып, біз оларды шығармашылық зертханасына кіргіземіз, әлемді
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
138
кӛркем тану жолдарын ашамыз, қоршаған орта құбылыстарына эстетикалық
кӛзқарасты тәрбиелейміз, олардың ішкі рухани күшін жігерлендіреміз» (3, 348-б).
Педагог балалардың зейінін, сӛздің бейнелі табиғатына сезімталдығын дамытып,
қиялын оятып, мәтін негізінде кӛз алдына жарқын кӛріністерді елестетуге кӛмектесуі
тиіс. Сонымен қатар ол ӛз оқушыларына сезімдерін «сӛзбен жеткізуді» үйретуі керек.
Мұғалім балалардың ӛз іс-тәжірибесіне сүйене отырып, оларға жақын мысалдар мен
салыстыруларды пайдаланып, қиялын дамытады, баланың эмоциялық жадын
күшейтіп, олардың санасында түсінікті де қызықты ассоциацияларды туғызады.
Балалар үшін оқу-шығармашылық үдерісінің ӛзінің зор маңызы бар. Сонымен
бірге мұғалім педагогикалық міндеттерді шешуге талпынады (А.Д.Кошелева,
Л.П.Стрелкова және т.б.). Мектеп жасына дейінгі кезеңде ӛте құнды болып
табылатын сабақтың осы түрі мектепте неғұрлым мақсатты сипатқа ие болды,
себебі оған балаларды ұсынылған жағдайда әрекет ету біліктілігіне үйрету
элементтері енгізілген.
Балалардың ойналатын шығармалар мен сюжеттердегі кейіпкерлердің
әрекетінің рухани қырын сезіммен қабылдау қабілетін тәрбиелеген жӛн.
Оқушылардың назарын қолданылатын лексика, сӛйлесімнің құрылымына аудару
керек. Педагог балалар зейінін сауатты ұйымдастырып, олардың ой-қиялын
бағыттап, қиял жағдайындағы мақсат, міндет, әрекеттерді нақтылаған жӛн.
Сценарий, сюжет таңдауда кӛп нәрсені ескеру қажет, себебі дайындық кезінде
бірқатар тәрбиелік және педагогикалық мақсат-міндеттерді орындау кӛзделеді. Бала
орындай алмайтын материалды таңдай отырып, педагог баланың ӛзінің тәжірибесін
қолдану мүмкіндігін, сезім жады мен қиял қорын, ӛзін коммуникативті іс-әрекетте
білдіру талпынысы мен қабілетін шектейді.
Тұтастай алғанда сахналық қойылымдар мен сюжеттер ұғынымды болуы
керек, яғни, олар мектепке дейінгі балалардың және бастауыш сынып
оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс (Л.А.Абрамян,
Я.З.Неверович).
Кӛрнекті орыс педагогтары мен психологтары театрланған ойындарды
балалардың шығармашылық іс-әрекеті ретінде қарастырады.
Мәселен, Ю.И.Рубина, Т.Ф.Завадская, И.Н.Шевелев сияқты зерттеушілер
театрланған ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануды кӛркем-
шығармашылық іс-әрекеттің кӛрінісі деп бағалайды.
К.С. Станиславский дауыстың қойылуына ерекше мән береді, себебі сӛйлесім
мәнерлі, айқын дыбысталуы тиіс. Мұның ӛзі ӛз кезегінде педагогты баланың ана
тілін не басқа тілді дамытуға бағдарлайды. Сӛзбен берілген әрекетті меңгеру
айтылатын мәтінде ой, сезім, ерікті білдіру біліктілігін қалыптастыру деген сӛз.
Сонымен бірге кері хабарламаны қабылдай білу, оны дұрыс ұғыну,
коммуникативтік жағдаяттан шыға білу балалардың коммуникативті құзыреттілігін
қалыптастырады.
Белгілі педагогтардың пікірі бойынша, оқушыларда тиісті коммуникативтік
біліктілікті әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру қиын емес, бірақ педагогтан
ерекше зейінді, балалардың жас және жеке ерекшеліктерін, олардың нақты ӛмірлік
тәжірибесін ескеруді, табанды және жоспарлы жұмыс жүргізуді талап етеді.
Сӛзді нақты серіктеске бағдарлаудың ӛзі күнделікті адамдар арасындағы
қарым-қатынастың табиғи қасиеті. Кез-келген саналы әрекет әрқашан ең алдымен
мақсат белгілеумен анықталады. Сӛзбен берілген әрекет те солай. Бұл жағдайда
кӛп жаттыққан дұрыс, ол баланың тілін нақтылап, айқындап қана қоймай, оқушы
тілінің мәнерлік бедерін қалыптастырады.
Театрланған ойындар басқалармен араласуға ынтасы жоқ балаларға, ӛзінің
қабілеттілігіне толық сенімі жоқ балаларға ықпал етудің тиімді құралы болып
табылады. Мұндай балалар басқа балалармен байланыс орнатуға, тілдесімге,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
139
ұжымдық әрекетке қатысуға қорқады. Театрланған ойындар осы психологиялық
шиеленістен арылтып, бастамашылығы тӛмен, ӛзіне сенімсіз, аффектілі балаларды
ӛзара әрекетке, тілдесімге тартады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Балл Г.А. Теория учебных задач.- М.: Педагогика, 1990.- 169с.
2.
Леонтьев А.А. Теория речевой деятельности- М.: «Высшая школа»,1971-294с.
3.
Выготский Л.С. Психология искусства – М.: «Просвещение», 1986- 348с.
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік құзіреттілігін
театр ойыны арқылы қалыптастыру қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье автор попытался раскрыть формирование коммуникативной
компетентности в дошкольном возросте средствами театральных игр.
Достарыңызбен бөлісу: |