Хабаршысы №4(5), 2010


ФИЗИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТЕРДІ ПАЙДАЛАНЫП МЕКТЕП



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата06.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8223
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

 
 
 
 
ФИЗИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТЕРДІ ПАЙДАЛАНЫП МЕКТЕП 
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Сәндібаева Н.Ә. – аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Алматы қ. Nazira.S Әрбір 
елдің  ӛсіп-ӛркендеуінде  техникалық    ғылымдар  басты  рӛл  атқарады.  Әсіресе  біздің 
еліміз жӛнінен айтқанда, елбасы жолдауларында кӛрсеткендей және «Интеллектуалды 
ұлтты  тәрбиелеу»  жобасына  сәйкес  интеллектуалды  секіріс  жасау  барысында  физика 
сияқты техникалық ғылым ауадай қажет. Сол ауадай қажет білімді, елдің ертеңгі тірегі 
болатын жас ұрпаққа үйрету, мына біз ұстаздардың міндеті 

1


Ғылыми-техникалық  ӛрлеудің  және  жаңа  технологиялардың  дамуы  үшін 
физиканың мәні арта беруіне байланысты, мектептерде физиканы оқытуға үлкен назар 
аударылып, осы пәннің жетілдірілуі үшін жаңа бағдарламалар, әдістер, педагогикалық 
әрекеттер жиыны жасалуы тиіс.  
Физика  пәнінен  сапалы  білім  беру  -  міндетті  түрде  тәжірибе  мен  оқу 
экспериментін тиімді пайдаланып, оң нәтижелер алу арқылы жүзеге асырылуы керек. 
Тәжірибе – физикадағы білімнің кӛзі, қайнар бұлағы. Физика пәнін оқытуда 7-11 
сыныптарда  ӛтілетін  материалдарды  қарастыра  келе  демонстрациялар  мен 
кӛрнекіліктерді  қолдану  тиімді  екенін  анықтап  білуге  болады.    Тәжірибені 
кӛрнекілеудің  кӛп  мақсаттарының  бірі  -  ол  жаңа        тақырып  ӛту  барысында 
оқушыларды  физика  пәніне  қызықтырумен  ӛтілетін  физикалық  ұғымдарды  дұрыс 
қабылдап, нақты ғылыми түсінік иемденуіне ықпал етуі. Тәжірибе кӛрнекілеу сабақта 
айтылған  оқытушының  теориялық  шарттарын  нақтылап  түсіндіруге  зор  ықпалын 
тигізеді.  Бұл  мақсаттардың  орындалуы  үшін  оқытушының  айтқан  қағида-
тұжырымдарына  тәжірибедегі  физикалық  заңдылықтар  мен  құбылыстар  кӛрнекілігі 
болуы керек.  
Физика  пәнін  оқытуда  құбылыстарды  немесе  обьектінің  қасиетін  идеалдау 
арқылы  теориялық  түрде  ғана  оқып  үйретіледі.  Оқушылар  осы  абстракциялау 
әдісіндегі  құбылыстарды кӛз алдына елестете алмай, оған қолданылатын заңдылықтар 
мен құбылыстарды түсінбейді, яғни күнделікті нақты ӛмірде практикалық кӛргендерін 
теориялық  оқып–үйренгендерімен  ұштастыруы  қиын.  Сондықтан,  физика  пәнін 
оқытуда  әр  түрлі  тәжірибелер  мен  оқу  эксперименттері  кеңінен  пайдаланылады. 
Физика  пәнінен  бағдарлама  бойынша    тәжірибелер  кӛрсетілмесе  және  міндетті 
зертханалық жұмыстар жүргізілмесе, онда ең жақсы баяндалды деген тақырыптың ӛзі 
де  қанағаттанарлық  деп  есептелмейді.  Тәжірибелер  қандай  да  бір  құбылыс  пен 
заңдылықтың  иллюстрациясы  ғана  емес.  Ол  білім  кӛзі,  әртүрлі  теориялық 
қағидалардың  дұрыстығының  дәлелі  болады,  оқушылардың  дағдылары  мен  білімін 
дамытады.  Физикалық  тәжірибелер  мен  оқу  экспериментін  пайдалана  отырып, 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
117 
оқушылардың  ойлау  қабілетін,  білім,  білік,  дағдысын,  шығармашылық  белсенділігі 
мен  танымдық  қызығушылығын  қалыптастыру  да  қазіргі  заман  оқыту  әдістемесінің 
негізгі  талаптарының  бірі.  Физика  пәнін  оқытуда  тәжірибелер,  оқу  эксперименті 
арқылы: 
-
 
жаңа технологияларды меңгерту; 
-
 
оқушылардың ойын жинақтау, ұқыптылық, тӛзімділік, ізденушілік, жан жақты 
бақылай білу, білімдерін дамытуға баулу, күнделікті ӛмірде дағдылану құзыреттілігін 
қалыптастыру; 
-
 
тәжірибелер жасай отырып жаңа білім кӛздерін ашу; 
-
 
кӛрнекілеуді әдістемелік мақсатпен ұштастыру; 
-
 
шығармашылық  белсенділігі  мен  танымдық  қызығушылығын  қалыптастыру 
сияқты қабілеттіліктерді дамытуға болады 

2


Физика пәнінен оқыту  барысында сабақты белгілі бір жүйемен ӛткізіп, халықтық 
педагогика  элементтерін  қамти  отырып  оқыту  арқылы  жүргізілетін  сабақтардың 
тиімділігі  мен  сапасын  арттыруға  болады.  Тӛменде  бірнеше  сабақтардың  үлгі-
жоспарлары беріліп отыр. 
Физикалық шамалар, физикалық шамаларды ӛлшеу 
1.
 
Мыналардың  ішінен:  масса,  метр,  спидометр,  таразы,  секунд,  сызғыш, 
термометр,  мензурка,  жылдамдық,  ұзындық,  килограмм,  кӛлем,  сағат,  градус,  аудан, 
уақыт, температура, секундына метр, шаршы метр; физикалық шаманы, оның бірлігін 
және ӛлшеу құралын тӛмендегі кӛрсетілген үлгіде теріп жазыңдар. 
Үлгі: масса-килограмм-таразы. 
2.Мына сұрақтарға түсінік беріндер. 

 
Бастауыш сыныпта қандай физикалық шамамен, құралдармен таныс 
болдыңдар? Үйде қандай құралдармен таныссыңдар? 

 
Әйтеуір бір шаманы ӛлшеу дегеніміз не? 

 
Жіптің жуандығын кәдімгі сызғышпен ӛлшеуге бола ма? Болса қалай? 
3.Тӛменде  қазақ  халқының  ескі  ӛлшеу  бірліктері  келтірілген:  ат  шаптырым,  бие 
сауым, бармақ елі, батпан, мысқал, қап, қадақ, танап, кӛнек, шӛкім, адым, жанторсық. 
Бұлар қандай шамалардың ӛлшеу бірлігі ретінде қолданылған? 
4.Мына мақалдардың тәрбиелік және физикалық мәнін түсіндіріңдер: 

 
«Жеті рет ӛлшеп, бір рет кес». 

 
«Қарыстан сүйем жуық». 

 
«Гауһарды мысқалдап ӛлшейді». 
5.Ӛлшеу  құралдарының  атын  атап,  ӛлшеу  құнын  анықтаңдар.  Құралдың 
бағдаршасы қандай шаманың мәнін кӛрсетіп тұр? 
Заттың құрылысы, молекулалар 
1.Дененің кӛлемін қандай тәсілдермен ӛлшеуге болады?  Бірнеше тәсілін атаңдар. 
Денен  кӛлемінің  ӛзгеруін  заттың  молекулалық  құрылысы  тұрғысынан  қалай 
түсіндіреді? 
2.Мына сұрақтарға түсінік беріңдер. 

 
Неге  шыныдан  жасалған  ыдысқа  бірден  ыстық  су  құйсақ,  ол  сынады?  Ыдыс 
сынбау үшін не істеу керек? 

 
Неге ыстық  қазанға  суық суды бірден құюға болмайды? 

 
Ыдыстардың қақпағына дейін толтыра сұйық құюға болмайды. Неге? 
3.
 
Қазақ  зергерлері  асыл  бұйымдар  жасағанда  заттың  құрылысын  қалай 
пайдалана білген? Сол сияқты ағаш шеберлері киіз үйдің уық, керегесін талдан немесе 
қара  мойылдан;  шаңырақ,  табалдырығын  қайыңнан  жасаған.  Сонда  оларды  морға 
салып  балқытып,  тезге  салып  әртүрлі  бейнеге  келтірген.  Осылар,  аталған  заттардың 
қандай қасиетіне негізделген еді? 
4.Мына мақалдардың тәрбиелік және физикалық мәнін түсіндіріңдер. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
118 

 
«Сынған кесені жамауға болмайды». 

 
«Отқа тисе тасқада сызат түседі». 

 
«Отқа салып ӛртесең, алтын сірә жез болмас...». 
Мензуркага  зер  салып  қараңдар.  Шкала  бойынша  әрбір  мензуркадағы  сұйық 
кӛлемін анықтап, бұлардың түрліше болу себептерін түсіндіріңдер. 
Оқытудың алғашқы кездерінде 7-8 сыныптарда оқушылар физика курсын жүйелі 
түрде  оқып-үйренуге  алғаш  кіріскен  кезде  эксперимент  ерекше  мәнге  ие  болады. 
Мұнда  сабақ  сапасы  кӛбінесе  эксперименттің  қаншалықты  дұрыс  алынғандығына, 
қандай дайындалғанына және қалай жүргізілгендігіне байланысты болады.  
–эксперимент сабақтың кӛп бӛлігін алмай, мұғалімнің әңгімесінің 
кейбір негізгі жақтарын ғана иллюстрациялап кӛрсетсе болғаны; 
–  эксперимент  жасауға  арналған  құралдар  мен  қондырғылар  мүмкіндігінше  ӛте 
қарапайым және оқушылардың назарын шаршатпайтындай алуан түрлі болуы қажет; 

 
эксперимент  бақыланатын  құбылыстың  жаңашылдығы  мен  немесе      
нәтижесімен байланысты қызықтыру элементтері енгізілетіндей болып ойластырылуы 
керек 

3


Осының  барлығы  оқушылардың  назарын  оңай  аударады  және  пәнге  деген 
қызығушылығын  арттыруға  мүмкіндік  береді.  Білім  кӛзін  сыртқы  дүние 
құбылыстарынан  эксперименттен  іздеуге  мәжбүр  етеді  және  табиғаттың  ақиқаттығы 
жайлы  ғылым  ретінде,  физика  туралы  материалистік  түсінікті  қалыптастырады.  Бұл 
әдістемелік  жүйе  дәстүрлі  оқыту  үдерісіне  ӛзгертулер  енгізу  қажеттігін  кӛрсетіп, 
оқытудың  шығармашылық  қызметін  дамытып,  білім  мазмұнын    жаңа  ӛркениеттік 
бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.  Білім берудің жаңа бағыттарының басты 
ерекшелігі  –  оқытудың  нәтижесін  алдын-ала  болжап,  оқушылардың  физикалық 
эксперимент  негізінде  қызығушылықтары  мен  ізденімпаздығы  негізінде  білімі  мен 
біліктерін  жетілдіріп,  оны  толық  зерделей  отырып,  шығармашылық  әрекетін  үнемі 
дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Физика – математика журналы: 2001.№6., 2002.№5.,  2003. №5. 
2.
 
В.П.Орехов, А.В.Усова, Физиканы оқыту әдістемесі. 56 б.                                             
3.
 
Физика пәнінен оқу экспериментін пайдалана отырып, оқушылардың оқу 
біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру жолдары. 
 
4.
 
ФайзуллаевӘ.Ф., СәндібаеваН.А., Хабаршы №1. Алматы ҚазМемҚызПи 
баспасы. 2007.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  физикалық  эксперименттерді  пайдаланып  мектеп  оқушыларының  
шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары қарастырылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье говорится  о формировании творческой деятельности школьников через 
использование физических экспериментов. 
 
 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
119 
 
ҚЫТАЙДАҒЫ МЕКТЕПТІК БІЛІМ  БЕРУ РЕФОРМАСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ 
 
Сыпырындиева Г.К.– ізденуші (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Қай  елдің  де,  қай  халықтың  да  ӛркениеттілігін  оның  білім  беру  істерінен  бӛле 
қарауға  болмайды.  Яғни,  білім  беру  ісін  елеусіз  қалдырған  елден  ешқандай  ӛркенді 
келешек күтуге де болмайды. Жер бетіндегі барлық мемлекеттердің даму процесіне кӛз 
жүгіртсек  те  немесе  жеке  бір  елдің  ғылым  мен  мәдениетінің,  экономикасының 
гүлденіп,  дамыған  кезінде  де  сол  елдің  білім  беруге  ерекше  кӛңіл  қойған  уақытымен 
байланысты  екенін  кӛреміз.  Мәселен,  Қытай  Халық  Республикасының  –  адамзаттың  
ежелгі мәдениетінің бесігі болған елдің білім беру жағдайына назар аударайық. 
Біздің жыл санауымыздан бұрынғы 200 жылдардың ӛзінде (алғашқы Чинь дәуірі) 
Коң-Чию  деген  адам  білім  беру  жүйесіндегі  ақсүйектік  тар  ӛрістіліктің  тамырына 
балта  шауып,  «әуестігіне  қарай  бейімдеп  оқыту»,  «ғылым  алдында  адамдардың 
барлығы  ұқсас»  деген  қағидаларды  алға  қойды,  әрі  осы  қағида  бойынша  оқушы 
қабылдады.  Дегенмен,  оқушылардың  кӛбі  ақсүйектердің  балалары  болғанымен, 
оларды басқа балалармен салыстырғанда, қомақты мӛлшерде оқыту ақысы алынатын. 
Оқушыларға ӛтетін сабақ тек кітатағы білімдермен ғана шектелмейтін. Айталық, әдет-
ғұрыптан  бастап,  музыкалық  білімдер,  шежіре  жаттау,  ӛндірістік  қара  жұмыстарға 
араласу,  хаткерлік,  ғылыми  зерттеудің  жолдары,  т.б.  үйретілетін.  Тіпті  сол  заманның 
әйгілі дін кітабы «назымнаманы» оқып-үйрену де талап етілетін. Сондай-ақ, Коң-Чио 
оқушылардың  саяси-ядролық  тәрбиесіне  де  ерекше  кӛңіл  бӛлген.  Оларға  оқу  оқыту, 
саясатпен айналысу, ел басқарудың қыр-сыры дегендерден тыс, адамгершілік жӛнінде 
білімдерді де мүкіндігінше молынан қамтыған.  
Бір  қызығы,  сол  заманның  ӛзінде-ақ  оқыту  әдісі  тӛтенше  болғаны  байқалады. 
Мәселен,  оқушылардың  сабақ  қайталауына,  жаттығу-пысықтау  жасауына  жеткілікті 
уақыт  бӛлінетін.  Әрі  олардың  ӛзара  талқылау  ӛрістетуіне,  ұстаздарынан  кез  келген 
уақытта түсінбеген, білмеген нәрсесін сұрауына рұқсат берілетін.Сұрауға оқытушы сол 
оқушының  шама-шарқына  қарай  жауап  беретін.  Міне,  осылайша  Коң-Чиюдің  ағарту 
тәсілі ежелгі дәуір мәдениетінің тез ӛркен жаюына,білім беру ісінің жедел қарқынмен 
дамуына үлкен ықпал еткен. Ол кезде мәдениет, ғылым-білім шонжарлардың қолында 
емес,  керісінше,  қуат  алып,  күшейіп  келе  жатқан  білімпаздардың  қолында  болатын. 
Яғни, әрбір  бектік ішкі жақта ӛз үстемдігін нығайта түсу үшін, сыртқы жақта әскери 
саяси,  дипломатиялық  істерін  алға  қарай  жылжыту  үшін  дүйім  жұртты  жарыссӛзге 
шақырып,  ақыл-ойы  елден  асқан  оқымыстыларды  ел  басқару  істеріне  араластыра 
бастайды.  Тіпті,  кейбір  бектердің  маңында  білімдарлар  2-3  мыңдап  болған. 
Елбасылары  (бектер)  керекті  қызметкерлерін  солардың  ішінде  таңдап  қойған.  Бұл 
жағдайдың  адамдардың  білім  алуынағ  ғылым  қуына  құлшыныстарын  арттырғаны 
соншалық, ел ішінен мал-мүлкін, жерін сатып, білім аудың жолына шындап түскендер 
кӛптеп  саналады.  Кейіндері  бұл  дәстүр  ретінде  қалыптасып,  ХХІ  ғасырдың  басына 
дейін «Қыжүй» деген атпен жалғасын тауып отырды [1]. 
Сондықтан  да,  сол  заманның  ӛзінде-ақ  қытай  топырағында  бүгінде  шығыс 
философы  деп  аталып  жүрген  Коң-Зы  (Коң  Фузы,  б.з.б.  551-479  жылдар)  сияқты 
ойшылдардың дүниеге келуін сол кездегі білім беру жүйсінің кемелдігінің жемісі деу 
орынды.  Сол  кездегі  ұстаз  Коң-Зының  ӛзі:  «Кӛрген-білгеннен  іштей  ой  қорытып 
отыру;  білім  алудан  жалықпау;  басқаларға  үйретуден  әсте  бас  тартпау  сияқты 
шарттарды қаншалықты орындай алып жүрмін?» деп ӛзіне жиі сұрақ қойып отырады 
екен. Ал, ол ӛз ғұламалығы туралы: «Мен анамның құрсағынан білімді болып туғаным 
жоқ.  Қайта  халқымның  дәстүрлі  мәдениетін  сүйіп  үйренудің,  сондай-ақ,  ӛзімнің 
ӛтенше қажырлылығымның арқасында жас білгірге айналдым» деп жазады [2]. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
120 
Ертедегі дәуірде білім беру үкіметтік қамқорлық пен қоғам мүшелерінің ықыласы 
кейінгі  ұрпақтарда  реми  дәстүрге  айналды.  Сауаты  жоқ  адам  санда  болса  да  санатта 
болмайтын  тұстар  болған.  Оның  керісінше,  білім  мағлұматтарының  жоғары-
тӛмендігіне  қарай,  оқымыстылар  түрлі  дәрежедегі  әкімшілік  басқару  орындарына 
тағайындалып  отырған.  Бәсеке  бар  да,  озу  бар  емес  пе,  содан  ендігі  жерде  елдің 
ішіндегі  оқумен  емес,  шетелден  білім  алудың  үрдісі  мен  бәсекесі  басталады.  Атап 
айтсақ,  сонау  таң  дәуірінде  (840  жыл)  Қытай  елі  маңайындағы  Корея,  Жапон,  Үнді 
сияқты елдермен жүздеп мыңдап оқушы алмастырып оқыта бастаған [3]. 
Дегенмен  білі  берудің  ол  замандардағы  томаға-тұйық  әрі  таза  діни-феодалдық 
жүйесі  бүкілхалықтық  мәдениетті  кӛтеру,  ғылыми  техниканы  ӛркендету,  ел  еңсесін 
биіктету деген мақсаттардан гӛрі елді қалай басқару, қара халықты қалай қанау, тақты 
қайткенде  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғастыруға  болады  деген  сияқты  сұрақтарға  кӛбірек 
жауап  беретін.  Сондықтан  да,  қоғам  дамуының  алғашқы  кезеңдерінде  адамзат 
мәдениетінің  үлкен  ошақтарының  бірі  болған  Қытай  орта  ғасырдың  межесінде 
мешеуліктің жаппай сауатсыздықтың батпағына белшесінен батып бара жатты. 
Сол  замандарда  әдеби  шығармалар  хандар  мен  бектердің  ермегі  үшін  жазылып,  
солардың  оқуына  беріліп  отырды.  Мектептің  ӛзі  барған  сайын  таланты  бар-жоғына 
қарамастан, есігін бар адамдарға ғана ашты. Содан да 1949 жылға ддейін бүкіл қытай 
жұртының 80 пайызы сауатсыз болып келді. Қытайдың ертедегі (ХХ ғасырдың басына 
дейінгі жүйесі) Коң-Зыңының классикалық діни оқуына негізделген болатын.  
1902-1903  жылдар  оқу  жүйесіне  тұңғыш  реформа  жасалып,  соның  нәтижесінде 
Еуропа елдері үлгісіндегі жаңаша мектеп жүйесі қалыптаса бастаған. 
1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылды да, білім беру жүйесіне күрделі 
ӛзгерістер  енгізілді.  Дәлірек  айтқанда,    1951  жылғы  жаңа  реформа  бағдарламасы 
бойынша,  елдің  оқы  жүйесі  мынадай  ретке  келтірілді:  бірінші  басқыш,  3-7  жас 
аралығындағы  бӛбектерге  арналған  балалар  бақшасын  іске  қосу;  екінші  басқыш,  7 
жасқа  толған  балалар  алтыжылдық  бастауыш  мектепке  бару;  үшінші  басқыш,  орта 
мектепте (толық орта мен орталауды қамтиды) алтыжылдық мерзімге тұрақтану [4]. 
Міне,  осы  жүйе  бойынша  жап-жақсы  даму  арнасына  түсіп,  түлектерін  ӛз 
деңгейінде  тәрбиелеп,  ел  кәдесіне  жаратып  келе  жатқан  Қытай  білім  беу  жүйесін 
«мәдени  тӛңкеріс»  (1966-1976)  бейне  бір  суық  ағыстай  ызғарын  шашып  келді  де, 
үсіріп,  ӛшіріп  жіберді.  Жоғары  оқу  орындары  дерлік  жабылды.  Мектептер 
МаоЦзедунның «Хуңвейбіңдерін» (Қызыл қорғаушы) дайындаумен ғана айналысатын 
күйге  түсті.  Ұлағатты  ұстаз,  білікті  мамандар  оқу  орындарының  босағасынан 
алыстатылды.  Тіпті,  бұл  процесс  1978  жылға  дейін  жалғастыдеуге  болады.  Тек  Ден 
Сияопин  таққа  қайта  шығып:  «Біздің  оқу-ағарту  істеріміз  ең  кемінде  халық 
шаруашылығының дамуына жауап бере алатын қарқынмен дамуға тиіс» деген ұранды 
ортаға  қойған  соң,  әсіресе,  оның  «Оқу-ағарту  саласындағылар  идеяны  азат  етіп, 
белсенділікпен  іске  асыру  керек»  деген  үндеуінен  кейін,  ҚХР-ның  білім  беру  жүйесі 
қайтадан  ретке  алынып,  бұрын-соңды  болып  кӛрмеген  жүйелі,  нысаналы,  тәртіпті 
жағдайға  келтірілді  [21].  Содан  бүгінге  дейін  ақаусыз  келе  жатқан  қытай  білім  беру 
жүйесі дүниелік деңгейдің талабына сай мамандарын  ӛздері  дайындап келеді. Бүгінгі 
ҚХР-ң 23 ӛлке, 5 автономиялы аймақ, 3 тӛте қарасты қаласында жиыны 400-ден астам 
жоғары  оқу  орны  бар.  Аса  ірі  әрі  ежелгі  оқу  орындарынан  Пекин,  Нанкай,  Чинхуа, 
Ухан, Фудан, Нанжин, Хуадуң университеттерін айтуға болады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Боревская Н.Е. Образовтельная политика в Китае и Россси. //Педагогика 1999 1с 
92-102 
2.Кравцова М.Е. История культуры Китая // Сравнительная педагогика 1999 с416 
3.Кусайнов А.К. Развитие образовния: проблемы и перспективы –А2005. с 279 
Машкина О.А. Конфуции и его школа. –М., 1996. с 176. 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
121 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада Қытайдағы мектептік білім  беру реформасының кезеңдері туралы сӛз 
етіледі. 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  говорится  об  этапах  реформирования  системы  образования  школ  в 
Китае. 
 
 
 
 
ПРАВОВОГО ВОСПИТАНИЯ И ФОРМЫ  
ПРОБЛЕМЫ УПРАВЛЕНИЯ СИСТЕМОЙ ОБРАЗОВАНИЯ КЫРГЫЗСКОЙ 
РЕСПУБЛИКИ 
 
Сейдакматов М.Ж.- доцент 
( Кыргызстан. Кыргызского государственного университета им. .Арабаева) 
 
Современность  требует  радикальных  изменений,  которые  позволили  бы 
учащимся  адаптироваться  в  быстро  меняющемся  мире.  Разработанная  в  Кыргызской 
Республике  концепция  реформирования  структуры  и  содержания  общего  среднего 
образования  ставит  развитие  и  воспитание  человека  правовой  культуры,  способного 
влиять  на  собственную  траекторию  поведение,  соотнося  ее  с  личностными  и 
общечеловеческими ценностями. 
Очевидно, что для того,  чтобы роль закона возрастала и имела превалирующее 
значение,  люди  должны  не  только  защищать  свои  права,  но  и  знать  их,  обладать 
правовой  культурой.  При  этом  реализация  этих  идей  предполагает  демократизацию, 
гуманизацию и гуманитаризацию образования. 
В  процессе  такой  образовательной  деятельности  возникают  нового  вида 
отношения  —  образовательные  правоотношения,  которые  требуют  механизмов 
регулирования в процессе реализации факторов управления образованием. 
Нормативно-правовой  основой  создания  органов  общественного  управления 
образованием, способствующего сформировать правовую культуру учащихся, является 
Конституция  Кыргызской  Республики.  В  соответствии  с  п.1  ст.1  «Наша  страна 
является  демократическим  правовым  государством  с  республиканской  формой 
правления»,  что  означает,  что  все  сферы  жизнедеятельности  человека,  в  том  числе  и 
образования, обязаны функционировать на основе права. 
Закон  Кыргызской  Республики  «Об  образовании»  в  качестве  принципа 
государственной  политики  в  области  образования  провозглашает  правовой, 
государственно-общественный характер управления образования (ст.2), устанавливает, 
что  управление  образовательными  учреждениями  строится  на  принципах 
единоначалия,  самоуправления  и  соуправления  (ст.38,  ст.39).  Закон  предоставляет 
право  на  участие  в  управлении  образовательным  учреждением'всем  участникам 
образовательного процесса (ст.37, ст.38, ст.39 и др.). 
Для  меня,  очевидно,  что  активными  субъектами  образовательной  политики  по 
формированию  правовой  культуры  учащихся  должны  стать  все  граждане  нашей 
страны,  семья  и  родительская  общественность,  общественные  институты,  органы 
государственной  власти,  местного  самоуправления,  профессионально-педагогическое 
сообщество,  научные,  культурные,  коммерческие  и  общественные  институты. 
Расширение  участие  общества  в  выработке,  принятии  и  реализации  правовых  и 
управленческих решений в  образовании должен  обеспечиваться как соответствующей 
нормативно-правовой  базой  и  реальными  механизмами  действенного  общественного 
участия в развитии образования. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
122 
На  сегодняшний  момент  нет  ни  одного  законодательного  и  правового  акта,  в 
котором бы раскрывались правовые механизмы общественного участия в управлении 
образованием как основные факторы формирования правовой культуры граждан. 
Руководителям  и  участникам  образовательного  процесса  в  образовательных 
учреждениях    и  образовательных  системах  необходим  творческий  подход  в   
реализации идей демократизации   управлением образованием. 
Государственно-общественное  управление  -  это  постоянное  взаимодействие 
управления, соуправления и самоуправления. Управление направлено на обеспечение 
оптимального  функционирования  образовательной  организации  и  его  развития. 
Субъекты  управления  -  это  люди  и  органы,  которые  вырабатывают  и  принимают 
решения. Если в выработке решений принимают участие педагоги, ученики, родители 
и  социум,  то  это  будет  являться  coy  правлением.  Главной  функцией  соуправления 
является  создание  системы  интеграционных  сил  школы  и  общества.  Если  часть 
функций  управления  делегирована  педагогам,  школьникам  и  родителям  -  это 
самоуправление.  Самоуправление  не  отменяет  ни  управления,  ни  соуправления. 
Соуправление и самоуправление -необходимые элементы демократизации управления 
образовательной организацией. 
Соуправление создает условия для объединения в социальной деятельности всех 
участников  образовательного  процесса.  «Соуправление  -это  совместная  деятельность 
общественных  или  самодеятельных  органов  самоуправления  с  государственными 
органами управления или другими общественными формированиями на равных правах 
при  равных  обязанностей  для  достижения  общих  целей».  Соуправление  может 
существовать  только  при  демократическом  управлении.  Соуправление,  как 
естественный процесс, начинается с содружества, переходит к сотрудничеству, а затем 
к  сотворчеству.  Это  рождает  новую  форму  взаимодействия  -  партнерство, 
предусматривающее  равные  права  и  обязанности  участников  в  выполнении 
конкретных дел. Соуправление не заменяет и не отменяет управление образовательной 
организацией, а является одним из его компонентов. 
Самоуправление можно рассматривать как реальную демократию в действии, оно 
составная  часть  государственно-общественного  управления  образованием.  Природа 
самоуправления  многогранна,  ее  основу  составляет  социальная  активность  народа, 
уровень его правовой культуры, система этических и нравственных ценностей. 
В теоретической и методической литературе термин «самоуправление учащихся» 
получает  различное  толкование.  Его  рассматривают  как  часть  системы  управления, 
другие - как форму организации коллективной жизни, третьи - как реализации права на 
управление  делами  школы.  Мы  склонны  рассматривать  самоуправление  как  часть 
демократизации управления образованием. 
В      решении  этого  вопроса  имеется      множество  проблем,      среди  них  прежде 
всего,  низкий  уровень  правовой  культуры  большинства  участников образовательного 
процесса. 
Для организации самоуправления учащихся и родителей необходимо, чтобы сами 
педагоги имели такой опыт правовой культуры. Именно педагоги показывают другим 
участникам  образовательного  процесса  образцы  правового  поведения,  являются 
хранителями  традиций  правовой  культуры  в  коллективе.  Традиции  правовой 
проявляются  в  групповых  формах  самоуправления  (педсоветы,  методсоветы, 
методические  объединения,  малые  педсоветы,  творческие  группы,  временные 
творческие  коллективы),  так  и  в  индивидуальных  формах  (работа  на  доверии, 
наставничество, творчески работающий учитель и др.). 
Правовые  условия  можно  разделить  на  две  части:  права  педагога  и  его 
обязанности.  Эти  права  и  обязанности  заложены  в  Конституции  КР,  законах  «Об 
образовании», «Статус учителя», а также в Уставе образовательной организации

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
123 
Органы  педагогического  самоуправления  в  образовательных  организациях 
республики 
представлены: 
педагогическим 
советом, 
малым 
педсоветом, 
педагогическим  консилиумом,  творческой  группой,  кафедрой  или  методическим 
объединением педагогов. 
В  вузах  преподавательское  самоуправление  представлено  Ученым  Советом, 
научно-методическим  советом,  советом  факультета,  советом  молодых  ученых, 
заседаниями кафедр, одновременно могут создаваться временные творческие научно-
исследовательские  коллективы,  творческие  группы,  команды  по  решению  отдельных 
актуальных вопросов. По мере выполнения возложенных задач временный коллектив 
распадается и может создаваться новый с другими членами. 
Высшим органом демократического управления в школе является педагогический 
совет.  Педагогический  совет  решает  вопросы,  связанные  с  организацией  и 
регулированием  деятельности  всех  участников  образовательного  процесса,  в  первую 
очередь  самих  педагогов.  На  педагогических  советах  обсуждается  и  утверждается 
Устав школы и другие нормативные акты, выбираются и утверждаются учебный план 
школы,  варианты  содержания  образования  (особенно  школьный  компонент), 
направления  и  программы  опытно-экспериментальной  работы,  вопросы  обновления 
содержания  и  качества  образования,  методика  и  технология  совершенствования 
управленческой 
деятельности 
в 
образовательной 
организации, 
вопросы 
совершенствования  воспитательной  работы  со  школьниками,  основные  направления 
соуправления  и  самоуправленческой  деятельности  коллектива,  рассматриваются 
спорные вопросы. 
Педагогический  совет,  являясь  органом  педагогического  самоуправления, 
принимает  решения  обязательные  для  исполнения  каждым  педагогом  данног  о 
образовательной  организации.  Ему  принадлежит  ведущая  роль  в  формировании  и 
реализации  основных  направлений  деятельности  педагогического  коллектива, 
сохранения  его  организационного  единства,  а  также  принципов  деятельности  и 
традиций  школы.  Педагогический  совет  является  механизмом  реализации  всех 
основных педагогических идей. 
Аналогичные  функции  в  вузе  выполняет  Ученый  Совет.  В  демократизации 
управленческой  деятельности  администрация  опирается  на  творческую  группу  или 
команду (как принято говорить о творческих группах в последнее время), привлечения 
учителей  к  анализу  собственной  деятельности  и  выявлению  в  своей  практике 
нерешенных проблем. 
Вместо традиционного контроля предлагается:  смотр опыта; публичные смотры 
знаний; публичной аттестации, что позволяет сделать контроль гласным и творческим, 
предупредить  нежелательные  эксцессы  в  коллективе.  Вместо  командно-
административных  методов  и  средств  организации  коллектива  использовать  опрос 
общественного  мнения  о  необходимости  проведения  конкретных  мероприятий  или 
решения проблем, экран гласности действует сильнее любого приказа администрации. 
При планировании деятельности образовательной  организации  исходить,  в 
первую очередь, из возможностей конкретных людей и их пожеланий. В соответствии
 
с ними 
проводить  корректировку  намеченных  дел  или  мероприятий.  Разумеется, 
администрация  не  справится  с  выделенным  кругом  проблем  без  опоры  на  коллектив 
педагогов, их самоуправление. 
Таким  образом  правовое  воспитание  в  школе  осуществляется  сложной 
социальной  системой  объединенной  общей  целью  -разносторонним  развитием 
личности.  Внутренние  связи  системы  составляет  взаимодействие  таких  ее  элементов 
как: государственные, учебно-воспитательные учреждения, внешкольные учреждения, 
семья,  общественные  организации,  средства  массовой  информации,  неформальные 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
124 
объединения  производственные  коллективы,  общественные  фонды,  народная 
педагогика. 
Важнейшим  элементом  в  этой  системе  является  сама  личность  школьника 
каждый  из  названных  элементов,  реализуя  свою  специфику,  работает  на  достижение 
общей цели. Достигается эта цель как выше видим, благодаря организации различных 
видов  деятельности,  отношении,  общении,  влиянию  на  интеллектуальные, 
нравственные,  эмоциональные  качества  школьников,  пробуждению  внутренних  сил, 
самостоятельности и ответственностью в учебе, труде, общественной работе. 
В  компонентный  состав  процесса  воспитания  правовой  культуры  учащихся   
относят,      прежде  всего,  цель  образовательно-воспитательного  процесса,  которой 
определяется вся деятельность следующих компонентов 
-  педагогов  и  учащихся,  содержание  правового  воспитания  как  целостности,  на 
усвоение  которой  ориентирована  система,  и  элементы,  способствующие 
эффективности  реализации  правового  воспитания  (принципы,  движущие  силы, 
методы, формы организации, условия). 
Таким  образом,  общая  концепция  развития  воспитания  правовой  культуры 
учащихся как части системы воспитания в основном формируется в целостном учебно-
воспитательном  процессе  школы  и  немаловажное  значение  должно  придаваться 
деятельности  педагогического  коллектива,  классного  руководителя  и  семьи  и 
общественных объединений. 
 
ЛИТЕРАТУРА 
1.Ильенко  Л.П.  Программа  развития  школы:  структура,  содержание, 
перспективное планирование работы.- М., 2003. 
2.Исаев  Р.  И.  Социальное  партнерство  в  регионе  как  основа  развития 
образовательных  организаций  и  предприятий  //Материалы  докладов  участников 
международной конференции (Санкт-Петербург, 22-23 июня 2004 года) /Под научной 
ред. Н. А. Лобанова и В. Н. Скворцова. - СПб.: Издательский дом «Петрополис», 2004. 
- С. 123-128. 
З.Кабуш  В.  Т.  Ученическое  самоуправление:  теория  и  практика  //  Творческая 
педагогика. - 2003. - № 1. — С. 42-52. 
4.Кадушина  А.  А.  Основные  тенденции  развития  среднего  образования  в 
современной Англии и борьба за его демократизацию: Автореф. дисс. канд. пед. наук. - 
Минск, 1986. - 16 с. 
5 .Кадышев Е. Н. Концепция многоуровневой образовательной системы в рамках 
классического университета //Известия РАО. - 2001. - №. 3. - С. 39-43. 
6.Филонов Г.Н. «Воспитание гражданина в советской школе».  - М.: Педагогика, 
1990. - 52 с. 
7.Караковский  В.А.  Воспитай  гражданина:  (Записки  директора  школы).  -М.: 
Московский рабочий, 1987. - 102 с. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье придается особое значение деятельности педагогического коллектива в 
воспитании правовой культуры  учащихся школ Кырзызстана 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  Қызғызстан    мектептерінде  құқықтық    мәдениетке  тәрбиелеудегі 
педагогикалық ұжымның қызметі қарастырылады.    

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
125 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет