Хабаршысы №4(5), 2010


ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата06.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8223
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Исембаева Л.А. -аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Еліміздегі  жаңа  ғасырдың  жаңаша  талаптары-қоғамның  қажеттілігі  мен 
мүдделерін  қанағаттандыру.  Білім  беруді  жаңарту-білім  берудің  мақсатын, 
құрылымын,  мазмұнын,  әдістер  мен  құралдарын,  оқу  үрдісін  ұйымдастырудың 
формасын жаңартуды кӛздейтін үдеріс. 
Ӛзге  тілді  үйрену,  оның  әр  түрлі  тілдік  аспектілерін  меңгеру,  қарым-қатынас 
құралы  ретінде  қолдана  білуге  дағдылану-оқыту  процесіндегі  күрделі  мәселе.  Тілді 
жүйелі  түрде  үйрену  мектеп  курсынан  басталатындықтан,  оны  оқыту  қазіргі 
ғалымдардың,  атап  айтқанда  лингвистиканың,  психологияның,  педагогиканың  соңғы 
жетістіктеріне сүйенетіні сӛзсіз. Осы тұрғыда  елімізде шет тілін және орыс тілін ӛзге 
тіл  ретінде  оқытудың  ғылыми  негізі  жан-жақты  қарастырылып,  түбегейлі  мәселелері 
ашылған.  Ӛзге  тілді  оқытудың  ғылыми  негіздерінің  бірі  психологиялық  жағы  И.А. 
Зимняя,  Б.Б.  Беляев,  А.Н.  Леонтьев,  К.  Оразбекова,  Е.  Суфиев  т.  б.  еңбектерінде 
айтылған.  Олардың  еңбектерінде  шет  тілі  мен  орыс  тілін  оқытуда  психология 
ғылымының  атқаратын  ролі,  ӛзге  тілді  үйренудің  психологиялық  заңдылықтары, 
ерекшеліктері,  сабақ  тиімділігінің  психологиялық  аспектілері  баяндалған.  Бұл 
зерттеулер  А.Н.  Леонтьев,  С.Л.  Рубенштейн,  Л.С.  Выготский  сияқты  кӛрнекті 
психологтардың  адам  әрекеті,  сӛйлеу  механизмі  жӛніндегі  ғылыми  еңбектеріне 
негізделген. 
Психология-бүгінгі таңда жан-жақты дамыған  ғылым саласы. Бүгінде оның дами 
түсуі пәндерді оқыту, соның бірі тілді оқыту әдістемесі үшін маңызы зор.  
Біздің  қоғамымыз  ілгері  дамыған  сайын,  оқыту  процестерінің  де  мазмұны 
жаңарып,  әдістері  жетілдіріп  келеді.  Оқыту  процесінде  кездесетін  себептілікті, 
байланыстылықты, бір-біріне тәуелділікті, даму жолдарын нақты ажырату үшін таным 
заңдылықтарын  жете  білудің  маңызы  зор.  Әрбір  пәннің  оқыту  әдістемесі  белгілі  бір 
ғылымына:  тарихты  оқыту  тарих  ғылымына,  ал  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  шет  тіл 
мен  тығыз  байланысты  қаралады.  Тілде  дамымай,  ӛзгеріске  ұшырамай,  бір  қалыпта 
қалып  қоятын  мәңгілік  еш  нәрсе  жоқ,  бәрі  де  ӛзгереді,  дамиды.  Сондай  ӛзгеру  мен 
дамуды тілдің синтаксистік жүйесінен кӛруге болады. 
Тілдің  синтаксистік  жүйесіндегі  ӛзгеріс,    даму,  ең  алдымен,  сӛздердің,  яғни  сӛз 
таптарының  бір-бірімен  тіркесімпаздық  қасиетіндегі  құбылыстардан,  синтаксистік 
элементтерді бір-бірімен қарым-қатынасқа келтіретін амал тәсілдердегі, формалардағы 
құбылыстардың,  грамматикалық  формалардың  мағыналары  мен  функцияларындағы 
құбылыстардан байқалады. Мұндай құбылыстардың нәтижесінде сӛздердің бір кездегі 
грамматикалық  топтарының  басқа  бір  топтағы  сӛздермен  немесе  ӛзді-ӛзімен 
синтаксистік байланысында кездеспейтін жаңа тіркестер туып қалыптасады.  
Тіл біліміндегі осындай ӛзгерістер шет тілін оқыту әдістемесінің дамуына әсерін 
тигізеді.  Осының  нәтижесінде  шет  тілі  бағдарламасы  мен  оқулығына  «сӛз  тіркесі», 
«лексика»  бӛлімдері  енгізіледі.  Мысалы,  шет  тілі  бағдарламасы  мен  оқулығындағы 
фонетика,  грамматика  жӛніндегі  материалдар,  қазір  лексика,  стилистика,  орфография 
мәселелерімен  тығыз  байланыста  қарастырылады.  Шет  тілі  курсындағы  сӛз  таптары 
жӛніндегі  ережелер  де  нақтыланып,  сӛз  тудыру  мәселесіне  арнайы  бағдарлама  мен 
оқулықтан орын беріліп отыр.  
Бастауыш мектепте шет тілін оқыту барысында оқушының ауызша және жазбаша 
тіліне  кӛп  кӛңіл  бӛлінеді.  Мұның  ӛзі  тілдің  фонетика,  орфография  және  орфоэпия 
бӛлімдерін саналы меңгеруге байланысты. Бұл тақырыптарды дұрыс меңгерген оқушы 
жазба жұмыстарында қате жібермей, сауатты жазатын болады. Бұлардың бәрі де оқыту 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
56 
процесінде  байланыстырып  сӛйлеуге  дағды  бере  отырып,  оның  жүйелі,  дұрыс  айта 
білуіне жаттықтырады.  
Қорыта  келгенде  шет  тілін  оқыту  әдістемесі  тіл  ғылымының  дамуына,  оның 
қойып  отырған  талаптарына  сай  жетіліп  келеді.  Мектепте  оқытылатын  шет  тілі 
материалдарының  қандай  саласы  болмасын,  атап  айтқанда,  шет  тілінің  фонетикасы, 
лексикасы  мен  фразеологиясы,  орфографиясы  мен  орфоэпиясы,  грамматикасы, 
сӛздердің ӛзгеруі мен сӛздердің сӛйлемдегі тіркесі, сӛйлем түрлері мен оның белгілері 
және  шет  тілін  жалпы  заңдылықтары  мен  таныстыру-шет  тілін  оқыту  әдістемесінің 
негізгі объектісі болып табылады және оның ешқайсысы әдістемелік амал-тәсілдерсіз 
оқытылмайды. Сондықтан шет тілі бастауыш мектепке арналған бағдарлама бойынша 
белгілі  бір  пән  ретінде  танылса,  шет  тілін  оқыту  әдістемесі  оның  оқыту  әдістері  мен 
тәсілдерін белгілейтін ғылым демекпіз.  
Педагогика  ғылымы  соңғы  жылдары  бір  сыпыра  табыстарға  жетті.  Әсіресе, 
адамның психикасының қоғамдық-тарихи даму табиғатын танып білуде, ой санасының 
жетілуін зерттеу проблемасының айналасында үлкен ғылыми зерттеулер жүргізілуде.  
Психологияның  жеке  пәндер  әдістемесін  нақтылап  түсіндіруде  алатын  орны 
ерекше.  Мысалы,  психология  грамматикалық  ережелерді  оқушыладың  қалай 
меңгеретінін, оның күнделікті практикада қалай жүзеге асыратынын зерттеп, шет тілін 
оқыту әдістемесінің дамуына ықпалын тигізіп отырады. 
Оқу жоспарын жасағанда да, шет тілінің бағдарламасы мен оқулықтарындағы оқу 
материалдарын  іріктеуде  де  оқушылардың  жас  ерекшелігі  мен  психологиялық 
ерекшеліктері ескеріліп отырады. 
Әрбір  сабақтың  мазмұнына  қарай  әдістерді  қолдануда  оқушылардың 
психологиялық ерекшеліктеріне айрықша мән беріледі. Әсіресе, оқушының логикалық 
ойлау  әрекеттерін  дұрыс  тәрбиелеудің  маңызы  зор.  Демек,  оқушы  оқу  материалын 
терең  түсініп,  саналы  меңгеру  үшін,  оның  ішкі  заңдылығы  мен  ӛзара  байланысын 
дұрыс анықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет. 
Оқушы  бірінші  сыныптан  бастап  шет  тілін  оқу  барысында  тілдегі  түрлі 
қолданылатын  атауларды,  мысалы:  әріп,  сӛз,  сӛз  тіркестері,  сӛз  бен    сӛзді 
байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілерінің алуан түрлері- сызықша, нүкте, 
үтір, леп белгісі,  қос нүкте, жақша, түрлі  граматикалық  ереже,  анықтамаларды оқып 
үйренеді.  Қабілеті  әр  түрлі  оқушы  тілдің  мұндай  белгілері  мен  атауларын  түбірінен 
меңгеріп кетуі мүмкін емес, оның кейбірін ғана сақтауы мүмкін. 
Оқушы бір-бірімен сӛйлесу барысында тілдің эмоциялық жағын, яғни интонация 
ырғағын,  ымдау,  қол  шараларын  пайдаланады.  Сондықтан  тіл  психикалық 
құбылыстарды танып білудің де құралы бола алады. Мысалы, оқушы еліктеуіш, одағай 
сӛздерді  жиі  айтуда,  қолдануда  тілдің  эмоциялық  жағын  меңгереді.  Сондай-ақ,  қазір 
тілге  қойылатын  талаптар  тұрғысынан  техникалық  құралдарды  пайдалану,  кестелер, 
диаграммалар,  магнитафон  жазбаларын,  кинофильмнің  фрагменттерін  пайдалану 
арқылы  оқушылардың  есту,  кӛру  сезімдеріне  әсер  ете  отырып,  олардың  ойлану 
қабілетін  арттыру  дағдыға  айналып  отыр.  Сабақта  қолданылатын  түрлі  кӛрнекіліктер 
оқушыларды  әр  түрлі  ойлау  әрекеттеріне  бейімдейді,  түсіндірілген  материалдарды 
саналы  меңгеруге  ықпал  жасайды.  Оқушылардың  білім  сапасының  кӛп  жағдайларда 
тӛмен болуы осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден деп айтуға болады. 
Бізді  қоршаған дүние ӛте жылдам қарқынмен ӛзгеруде, сондықтан қазіргі қоғам 
ӛзінің іс-әрекетіне ӛзі басшылық жасап, шұғыл шешім қабылдай алатын тұлғаны қажет 
етеді.  Мұндай    тұлғаны  оқытудың  жаңа  техникасы  нәтижесінде  қалыптасатыны  
белгілі.  Қазіргі  заман  оқушылары    дәстүрлі  ӛтетін  сабақтан  гӛрі  оқытудың  жаңа 
техникасын:  мультимедиалық  кабинетте  немесе  интерактивті  тақтаны  пайдаланған 
сабақтарға кӛп қызығып, белсене қатысады. 
Оқу  тәрбие  ісіндегі  ең  қажетті  мәселе-мұғалімнің  психологиялық  жағынан 
дайындығы.  Әсіресе,  шет  тілін  оқытуда  мынадай  психологиялық  ерекшеліктерді 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
57 
меңгеру  қажет  болады:  біріншіден  сӛйлеу  процесіндегі  ерекшелік,  екіншіден  жеке 
оқушының шет тілін меңгеру қабілеті ескерілуге тиіс. Сондықтан шет тілін оқытатын 
мұғалім ӛз пәнінің ерекшелігіне қарай психологияны жақсы білуі аса қажет. 
Оқушылардың материалды меңгере алуының психологиялық негізі сабақтың әрі 
әсерлі, әрі қызықты ӛткізілуіне байланысты. Сабақ психологиялық жағынан неғұрлым 
әсерлі  болса,  оқу  материалын  олар  соғұрлым  терең  түсінеді.  Бұл  мұғалімнің 
шеберлігіне  де  қатысты  мәселе.  Сабақты  психологиялық  жағынан  ӛте  тартымды  етіп 
құру үшін, негізгі үш жағдайдың болуы  шарт: бірінші жағдай сабақтың педагогикалық 
тұрғыдан  ойдағыдай  болуы.  Оған  қатысты  мәселелер  шартты  түрде:  мұғалім  мен 
оқушылардың сабақ кезіндегі қарым-қатынасы, мұғалімнің ӛзін-ӛзі ұстау мәнері, оның 
ӛнегелі  ӛнегесі,  сыртқы  келбет-пішіні,  сӛйлеу  мәдениеті,  оқушыларға  қатаң  талап 
қоюмен, бірге оларды сыйлай да білу, саналы адамгершілік пен парасаттылықа баулу 
т.б.  мұғалімнің  сабақта  жеке  оқушыны  ӛзіне  қарата,  зейінін  аудара  білуі  сынып 
ұжымын  тегіс  меңгере  алуын  қамтамасыз  етеді.  Сабақтың  теориялық  жағы  негізгі 
факторлар  мен  дәлелденіп,  оның  ғылыми  мәні  кӛңілге  қонымды  болса,  ол 
оқушылардың  логикалық  ойлау  ынтасын  арттырады  және  сабақ  оқушыларға  әсерлі 
болады. 
Үшінші  жағдай  сабақтың  әдістемелік  жағынан  тиімді  болуы.  Мұғалімнің 
материалды  баяндау  әдісін  шеберлікпен  игере  алуында,  дидактикалық  заңды 
принциптерді орынды қолдануына, қажетті кӛрнекі құралдар мен тәжірбе жұмыстарын 
тиісті кезеңде кӛрсете білуіне байланысты.     
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Зимняя И.А. Психология  обучения иностранным языкам в школе. М. 1991; 
2.
 
 Алхазишивили А.А Основы  обладания устьной инастранной речью. М 1988  
3.
 
Артемов Б.А Психология обучения иностранным языкам. М 1965  
4.
 
Ильинская Е.С Психологический анализ урока инастранного языка М 1980  
5.
 
Леонтьев  А.А  Некоторие  проблемы  обучения  русского  языка  как 
иностранный М 1970  
6.
 
Оразбекова К Психология усвоения русского языка в казахской школе А 1982 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада 
шет 
тілін 
оқыту 
әдістемесінің 
психологиялық 
негіздері 
қарастырылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  настоящей  статье  рассматриваются  психологические  основы  в  обучений 
иностранного языка в начальных классах. 
 
 
 
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
 
Есқалиев М.Е. – тех.ғ.д., профессор, Джакиева Д.О. – магистрант  
(Алматы қ. ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін одан әрі дамытуда мектептерде, 
басқада  оқу  орындарында  оқу  процессін  жаппай  компьютерлендіру  науқаны 
жүргізіліп жатқаны белгілі. 
«XXI ғасыр — идеялар мен ақпараттық технологиялардың бәсекелесу ғасыры»  - 
деп  президент  Н.А.Назарбаев  қазіргі  білім  мен  ғылымның  қарқынды  дамуында 
жаңа ақпаратттық технологияның орнын айқын кӛрсетіп берді. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
58 
Осы  ретте  жүйелі  білім  берудің  маңызды  да,  жетекші  саласы,  онымен  қоса 
педагогикалық, 
акпараттық 
және 
телекоммуникациялық 
технологияларды 
пайдалануға негізделген жаңа бағыт қашықтықтан оқыту элементтері. 
Стратегиялық проблемалар жӛніндегі мамандар қашықтықтан оқыту формасын 
XXI ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жүр. Қазіргі таңда оған үлкен мән беріліп 
отыр.  Бұрын  технологияларға  бағытталған  коғамдық  прогрестің  нәтижелерінің 
бүгінде ақапараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны қашықтықтан оқытудың 
маңыздылығын  арттырды.  Барлық  елдерде  дерлік  информатика  дәуірі  басталғаны 
белгілі.  Оның  қазіргі  даму  кезеңін  телекоммуникациялық    деп  сипаттауға  болады. 
Бұл  ақпарат  пен  білімнің  ӛзара  қатынас  аймағы.  Кәсіби  білім  бірте-бірте  тез 
ескіретіндіктен  оны  тұрақты  түрде  жетілдіріп  отыру  керек.  Қашықтықтан  оқыту 
формасы  бүгінде,  уақыт  және  кеңістік  белдеулеріне  тәуелсіз,  кӛпшіліктің  ӛз 
бетінше  үздіксіз  жалпы  білім  алу  жүйесін,  ӛзара  ақпарат  алмасуын 
қалыптастырады  және  жүзеге  асырады.  Одан  басқа,  қашықтықтан  оқыту  жүйесі 
әлеуметтік  жағдайына  (оқушыға,  студентке,  азаматтар  мен  әскерилерге  т.б.) 
қарамастан  кез-келген  мемлекеттің  елді  мекенімен  білім  және  ақпарат  алу  құқығын 
камтамасыз етеді.  Әрбір  азаматтың білім алу кұқығын қамтамасыз етуде және коғам 
қажеттілігін  ӛтеуде,  ақпараттық  жүйе  тиімді,  әрі  қолайлы.  Жоғарыда  айтылған 
факторлардан  мамандарды  дайындау  мен  олдардың  жоғары  квалификациялық 
деңгейін  ұстап  тұруда  қашықтықтан  оқыту    XXI  ғасырдағы  ең  әсерлі  жүйе  деп 
бағалауға болады. 
Қашықтықтан  оқыту  жүйесін  құрудың  мақсаты  ақпараттық  компьютерлік 
технологияларды  қолдана  отырып  Қазақстан  Республикасы  ғылым  және  білім  беру 
жүйесінің  жұмыс  істеу  тиімділілгін  кӛтеру,  халықты  жан-жақты  оқытумен 
қамтамасыз  ету.  Қашықтықтан  оқыту  жүйесін  құру  оқу  үрдісінің  белсенділігін 
қамтамасыз етеді, оқыту мәселелерін,  мақсаттарын  іске  асырады,  білім  алушының 
ӛз  бетімен  жұмыс  істеу  іскерлігінің  артуына  және  оқытушының  үнемі  оқу  үрдісін 
бақылауына  мүмкіндік  береді,  оның  кәсіпби  іскерлігінің  сапасына  жоғары  талап 
қойылып,  жұмыс  ауқымы  кеңейеді.  Сабақ  жүргізу  әдістемесі  ақпараттық-байланыс 
технологияларын  кеңінен  қолдану  арқылы  жетіледі.  Қашықтықтан  оқытуда  негізгі 
ақпаратты  тасушы  оқытушы  ғана  емес,  сонымен  қатар  оқу-әдістемелік  және 
электронды  құралдар  мазмұны  маңызды  роль  атқарады,  білім  алушылардың 
оқылатын  пәнге  деген  кызығушылығы  артып,  ғылым  жетістіктерімен  тікелей 
танысып оқытушымен ӛзара белсенді байланыста болады. 
Қашықтықтан оқытудың элементтері: 

 
оқыту курстары; 

 
тестілеу; 

 
жаңалықтар; 

 
ішкі пошта; 

 
форум; 

 
электронды деканат; 

 
есеп берулер; 
Қашықтықтан оқытудың мәселелері: 

 
қашықтықтан  оқытуда  студенттердің  уақытын  үнемдеу  және  ақпараттық 
қызмет кӛрсетуді жақсарту; 

 
ақпараттарды  тарату,  ӛңдеу,  жинау  сатыларын  қамтитын  міндетті 
стандарттарды  қолдана  отырып,  мемлекеттік  органдар  жүйесіне  және  ақпараттық 
қорлар жүйелік интеграциясы үшін жағдай жасау; 

 
VЕВ 
мазмұнында  жарияланған  ақпараттардың  жету  жылдамдығын  
нақтылығын, ӛзектілігін және қайшылықсыздығын қамтамасыз ету; 

 
жүйелер  арасында  ӛзара  әрекетті  ақпаратты  қамтамасыз  етудің  тиімді 
механизмін құру; 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
59 

 
ақпараттарды ӛңдеу және жинауда процедуралардың кӛшірмелерін жібермеу; 

 
нақты  уақытта  оқу-әдістемелік  кешенді  және  басқадай  құралдарды 
профессорлық- окытушылар құрамына ұсыну мүмкіндіктері; 

 
халықаралык  және  ұлттық  индикаторлар  бойынша  білім  беру  жүйесінің 
дамуына мониторинг жасау; 

 
ақпараттық  компьютерлік  технологияларды,    қашықтықтан  оқыту  жүйесін 
және  электрондық  оқыту  қызметін  қолдана  отырып  білім  алушылар  жастар 
мен педагогикалық ұжымды жаппай оқыту; 

 
жоғарғы білімді компьютеризациялау. 
Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру кезеңдері: 

 
электрондық оқыту басылымдарын ӛңдеу және қолдау; 

 
оқу бағдарламаларын басқару; 

 
қолданушылар құрамын кұру, ӛзгерту және жою; 

 
оқыту үрдісін қолдау; 

 
электронды кітапхананы және тест қорын құру, толықтыру, үздіксіз жаңарту; 

 
жалпы  жүйеге,  оқыту  бағдарламасына  сын  пікірлер,  ұсыныстар  алу  және 
жұмыс  сапасын  жақсарту  мақсатында  барлық  қолданушылар  үшін  кері 
байланысты қамту; 
Қашықтықтан      оқыту      жүйесі      -      уақыт      бойынша      келісімге      және   
кеңістікте  тағайындалуға  бейтарап,  оқытушы  мен  студенттер  арасында  оқыту 
құралдарымен  интерактивті  (сұхбаттық),  асинхронды  және  синхронды  ӛзара 
әрекеттесу мақсатына бағытталған үрдіс. Сӛйтіп, қашықтықтан оқыту деп: 

 
кейстік технологиясын; 

 
интернет-технологиясын; 

 
телекоммуникациялық  технологиясын  (ТВ  технологиясын),  немесе  оқытудың 
барлық формаларындағы қолданылатын технологиялардың қосындысын түсінеміз. 
 
Осы оқыту технологияларында  қашықтықтан оқытуды үш категорияға 
бӛлуге болады: 

 
педагогикалық технологиялары; 

 
оқытудағы      ақпараттардың      берілуінің      технологиялары      (баспалық 
технологиядан мультимедианы қолдануға кӛшу); 

 
оқытудағы  ақпараттарды  еру  және  оқу  үрдісін  қолдау  технологиялары 
(«бетпе-бет» әрекеттесуден Интернет арқылы коммуникацияларға ӛту). 
Кӛптеген  зерттеушілер  /1,  2/  қашықтықтан  оқытудың  үш  моделін 
ерекшелейді.  Дегенмен,  олар  барлық  мүмкін  болатын  тәсілдерді  кӛрсете  алмайды, 
бірақ мұғалімнің оқытуды басқаруынан бірлесе басқаруға кӛшуді, ары қарай оқытуды 
оқушылардың  ӛздері  басқаруын  ұсынады.  Әрбір  модель  тек  пайдаланылатын  оқыту 
технологияларымен  ғана  емес,  сонымен  бірге,  басқару  әдістерімен,  мұғалім  мен 
оқушылардың ӛзара әрекеттесуімен жалғасады. 
Үлестірілген  класс  моделі  әр  жерде  орналасқан  бір  класс,  оқушылар 
тобына  дайындалған  курсты  интерактивті  теллекоммуникациялық  технологиялар 
кеңейткен  жағдайда  пайдаланылады.  Мұның  қарапайым  мысалына  дәстүрлі 
әдіспен  біліп  алатын  оқушылар  мен  қашықтықтан  білім  алатын  оқушыларды 
біріктіретін аралас сыныпты алуға болады. 
Ӛз  бетіндік  оқыту  моделі  оқушыларды  анықталған  уақыт  кестесі  бойынша 
белгілі  бір  сынып    бӛлмесінде    отыру    қажеттілігімен    сипатталады.    Оқушылар  
курсты    сипаттайтын  материалдар  жинағымен  (электрондық  оқулықтар,  оқытуға 
арналған ақпараттық материалдар) және   нақты   оқу   бағдарламасы   мен   жұмыс    
істеу    программасымен қамтамасыз етіледі. 
Ашық оқыту моделі қашықтық топтың ішінде оқушылардың қарым - қатынасын 
ұйымдастыру  үшін  оқушыға  курсты  интерактивті  теллекоммуникациялық 
технологияларды  пайдалана  отырып,  ӛзіне  қолайлы  жылдамдықпен  оқуға 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
60 
мүмкіндік  беретін  курстың  баспа  түріндегі  және  басқа  да  құралдарды  (мысалы, 
бейне жазулар немесе электрондық оқулықтар) пайдаланылуын қамтиды. 
 
Қашықтықтан оқытудың жағдайында оқыту процесін басқару үлгісі /3/ тӛменгі 
кестеде берілген 
 
 
Қашықтықтан оқыту артықшылықтары. 
Зерттеушілердің  /4/  айтуынша,  қашықтықтан  оқытудың  артықшылықтары 
мыналар: 
1.
 
Білім беру қызметінің арзандығына қарамай, кешкі немесе сырттай оқу 
түріне қарағанда әлдеқайда жоғары кәсіби дайындық ; 
2.
 
Оқу мерзімін қысқарту; 
3.
 
Қазақстан мен шет елдерде жоғарғы оқу орындарында катар оқу мүмкіндігі; 
4.
 
Студенттің жоғарғы оқу орындарынның географиялық орнына тәуелсіздігі. 
Қорыта  келгенде,  қашықтықтан  оқыту  формасы  туралы  айтқанда,  құрамына 
барынша мүмкін болатын ақпараттың электрондық кӛздері (желілікті қоса алағанда) 
виртуальды кітапханалар, деректер базасы, консултациялық қызметтер, электрондық 
оқу  құралдар,  киберсыныптар  т.б.  кіретін  бірыңғай  ақпараттық-білім  кеңістігін 
жасау.  Қашықтықтан  оқыту  мағынасында  оқушы  және  оқулық  бар  деп  түсіну 
керек. 
Бұл  оқушы  мен  оқытушының  ӛзара  әсері.  Осыдан  шығатыны, қашықтықтан 
оқыту  формасын  ұйымдастыруда  ең  бастысы  электрондық  курстар,  қашықтықтан 
оқытудың  дидактикалық  жасалымы,  педагог-үйлестірушілерді  дайындау  болып 
табылады.  Қашықтықтан  оқытуды  сырттай  оқытумен  ұқсатудың  қажеті  жоқ,  себебі, 
бұл  жерде  мұғаліммен  және  киберсыныптағы  басқа  студенттермен  тұрақты  байланыс 
бар,  күндізгі  оқудың  барлық  параметрлері,  оқудың  еркеше  формасы  ескеріле 
отырып қамтылған. Бұдан шығатыны, теориялық талдаулар, эксперименттік тексеру, 
жауапты ғылыми-зерттеу жұмыстары талап етіледі. Ӛкіншіке орай, біздің инетернетте 
кӛріп  жүргендеріміз,  компакт-дисклердегі  электрондық  оқулықтар  педагогикалық 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
61 
және  дидактикалық  талаптарға  толық  жауап  бере  алмауында.  Осыдан  барып, 
кашықтықтан  оқыту  курстарын  жасақтау  және  оны  әртүрлі  базалық,  тереңдетілген, 
қосымша  білім  беру  мақсаттарындағы  әдістемелік  құралдармен  жабдықтау 
қажеттілігі туады. 
Жоғарыда  келтірілген   фактілер   мен   мысалдар,   Қазақстанда   қашықтықтан   
окыту  жүйесін  құруды  және  оны  аймақтарда  кеңейту  қажеттігін  кӛрсетеді.  Бұл 
квалификациясы  жоғары,  интеллектуалдық  сапасы  күшті,  кәсіби  деңгейі  дамыған, 
халықаралық  деңгейдегі конкуренцияға тӛзімді қоғам құруға зор кӛмегін тигізеді.  
Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты мен міндеттері: 

 
білім    берудің   біртұтас    ақпараттың    жүйесін    құру   арқылы    оқушылар   
мен студенттердің білім деңгейін кӛтеру. 

 
бір-бірімен        тығыз        байланысты        бола        отырып,        мемлекеттік    
(республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі; 

 
кұру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау; 
Қашықтықтан  оқытудын  жергілікті  жүйесі  белгілі  бір  білім  және  жекелеген 
қала  (университет)  шеңберінде  жұмыс  атқарады,  оның  құрамына  тек  жоғары  оқу 
орындары  ғана  емес,  мектептер,  гимназиялар  мен  колледждер  де  кіреді.  Осындай 
жүйенің  аясында  жұмыс  жасаудың  алғашқы  сатысында  зиялылық  потенциялын, 
компьютерлік  техниканы  ұтымды  пайдалана  отырып,  үздіксіз  білім  беру 
принциптерін ойдағыдай іске  асыру қажет.  Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу 
орындары  жергілікті  және  аймақтық  желіні  пайдаланып,  шығармашылық 
жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістемелік тәжірибе алмасуы қажет. 
Оқытудың  ауқымды  және  жергілікті  жүйелерін  ойдағыдай  пайдалана  білудің 
нәтижесінде  білімнің  базалық  және  деректердің  банкілік  мәліметтеріне,  клиент  - 
сервер,  мультимедиа,  компьютерді  оқып-үйренуші  жүйелерге,  электрондык 
оқулықтарға,  оку-әдістемелік  материалдарға,  қашықтықтан  оқыту  жүйесінің 
технологиясымен үйлесімді болатын бағдарламаларға еркін кіруге болады. 
Осындай  сан  қырлы,  әрі  күрделі  мәселелерді  жүзеге  асыруда  оқытушының 
атқарар  рӛлі  орасан.  Оған  әрі  ауыр,  әрі  жауапты  міндет  жүктеледі:  ол  курстың 
бағдарламасының  құрылымын  дайындап,  оны  қашықтықтан  білім  беру  жүйесімен 
байланыстырады.  Оқу  үрдісінің  барысын  қадағалап,  тапсырмаларды  орындау 
барысында,  ӛз  бетімен  бақылау-пысықтау  жұмыстарын  орындау  жӛнінде 
ұсыныстар  береді.  Бұл  ретте  қашықтықтан  оқыту  жүйесінің  әдістерінде 
кӛрсетілгеніндей,  кӛңіл-күй,  психологиялық  қарым-қатынастар  қалыптасады. 
Қашықтықтан  оқыту  тәсілі  бойынша  жұмыс  істейтін  оқытушы  оқытудың  жаңа 
технологиясын,  оқытудың  компьютерлі  және  тораптық  жүйелерін  жетік  біліп, 
олармен   іс-жүргізу кезеңдерін орындауы шарт. 
Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі 
адамдарға бірнеше талаптар қойылады: 

 
Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет. 

 
Қашықтықтан  оқытудағы  мақсаттары  мен  міндеттері,  оның  алдағы  уақытта 
ақпараттық  технология  және  коммуникация  құралдарының  негізінде  дамуы  туралы 
білуі қажет. 

 
Қашықтықтан  оқыту  технологиясын  жетік  білетін,  білім  саласындағы 
қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет. 

 
Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы 
қажет. 

 
Окытудың  телекоммуникациялық  құралдарын  қолдану  ісіне  дағдылануын 
қалыптастыру,   атап   айтқанда:   тұтынушылар   арасында   ақпараттар   алмастыру   
және  ақпараттық  жүйелердегі  ресурстарды  пайдалануға  дағдылануын  қалыптастыруы 
қажет. 

 
Жинақталған  түрде  оқу  бағдарламасын  құрайтын    белгілі  бір  тәртіптегі  

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
62 
модульдік  курстардың  әдістемелерін  және  курстарды  ӛткізуді  ұйымдастыра  білуі 
қажет. 

 
Оқу   үрдісін   қашықтықтан   оқыту   шеңберінде   жүргізу   ісіне   жан-жақты  
дайындық  жасау,  қашықтықтан  оқыту  жүйесі  бойынша  сабақ  ӛткізу  үрдісінде 
үйлестіруші болуы қажет. 
Бүгінгі  таңда  ақпараттық  қамтамасыз  ету  жүйесіне  мән  бермейінше,  білім 
берудің  ақпараттық  технологияларын,  дәлірек  айтқанда,  электрондық  оқулық  және 
бейнефильмдерді,  басқа  да  электрондық  басылымдарды  қашықтықтан  оқытудың 
спутниктік  арнасы  пайдаланылмаса,  кез-келген  әлеуметтік-экономикалық  саланың 
алға басуы мүмкін емес. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет