Хабаршысы №4(5), 2010


ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата06.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8223
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН   ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ- 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Кенжан. А.- п.ғ.к.доцент м.а. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Мектеп  оқушыларының  шығармашылық  қызығушылығын  қалыптастыру  ӛте 
маңызды,  күрделі  және  кӛп  салалы  мәселе  болып  есептеледі.  Шығармашылық 
дегеніміз  –  бұл  адамның  ӛмір  шындығында  ӛзін-ӛзі  тануға  ұмтылуы,  ізденуі.  Ӛмірде 
дұрыс  жол  табу  үшін  адам    дұрыс  ой  түйіп,  ӛздігінен  саналы,  дәлелді  шешімдер 
қабылдай  білуге  үйренуі  керек.  Адам  бойындағы  қабілеттерін  дамытып,  олардың 
ӛшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, ӛзін-ӛзі тануына кӛмектеседі.  
Психологтар мен педагогтардың зерттеу жұмыстарында шығармашылық тұлғаны 
сипаттайтын,  алдағы  уақытта  шығармашылық  бағыты  мен қажыр-қайратын  болжауға 
және мақсатты түрде арттыруға мүмкіндік беретін, олардың даму деңгейін айқындауға, 
бір қатар жекелеген қабілет түрлері атап ӛтіледі.  
Шығармашылық 
қабілеттің 
қалыптасуын 
И.Я.Лернер 
оқушыларға 
шығармашылық  іс-әрекет  тәжірибелерін  беру  бағытында  қарастырады.  Ол  жалпы 
шығармашылық  қабілетке  қатысты  тікелей  ұғымдар  мен  шығармашылық  іс-
әрекеттің  орындалу  тәртібімен  немесе  істің  жүргізілу  ерекшеліктерімен  тікелей 
жұмыс жүргізбесе де,  біз олардың айқындап  мазмұнын шығармашылық сипаттағы 
іс-әрекетті іске асыруға қажеттіліктерді айқындауға ұмтылыс деп түсінеміз.  
Шығармашылық 
іс-әрекеттің 
осындай 
процессуальдық 
қасиеттері 
М.Я.Лернердің  пікірінше:  білім  мен  дағдыларды  жаңаларда  ӛз  бетінше  қабылдау; 
шешімін  таппаған  жаңа  мәселелерді  жағдайда кӛре білу;  объектінің жаңа қызметін 
кӛре білу; іс-әрекеттің  әдістерінің жаңаша үйлесімділігін ӛздігінше жасай білу; балама 
шешім мен оның барысын қадағалай білу; баланың түбегейлі   жаңа  тәсілдерін құра  
білу    жатады.  Шығармашылықтық  процессуальдық  сипаттамасының    тізіміндегілер 
ӛзара тығыз  байланыста    болады - деп атап кӛрсетті М.Я. Лернер.    
Шығармашылық  іс-әрекет  –  мәселелі  қою,  ойды  тұжырымдап  айту,  идеяның 
пайда  болуы,  оны  шешу,  оның  логикалық  дамуы,  аталған  мәселені  шешуде  тиімді 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
71 
әдістерді  қолдану,  негіздеу,  оны  тәжірибе  жүзінде  дәлелдеу  барысында  нәтиженің 
нақты кӛрінуі. 
Шығармашылықта  жетістіктер  мен  нәтижелерге  қол  жеткізу  ойлау 
механизмдерін  іске  қосатындай  «қозғалтқыш»  («двигатель»)  «қозғалтқыш  белдік» 
қажет,  ынта  мен  ерік,  себептік  негіз.  В.И.  Андреев  пен  оның  ізбасарларының 
жасаған  жеке  тұлғаның  шығармашылық  қабілеттерінің  даму  тұжырымдамасы  А.Н. 
Луктің  идеяларына,  В.И.Андреевтің  түсінігінше  оқушы  тұлғасының  шығармашылық 
қабілеті-"бұл белгілі-бір оқу-шығармашылық іс-әрекет түрінің және оның  нәтижелігінің 
деңгейімен  байланыстырылған  талаптарға  сай  дәрежесімен  сипатталатын  тұлғаның 
қасиеттері мен ерекшеліктерінің қосындысы.    
Оқушының  шығармашылық  деңгейі  –  оның  мәселені  қою  мен  оны  шешудің 
жолдарын  табуынан  кӛрінеді.  Мұнда  жаңа  білімді  меңгеру  процесі  шығармашылық 
ойдың  қалыптасуымен  және  дамуымен  бірге  жүреді.  Демек,  шығармашылық  ойдың 
нәтижесі  -    тек  қана  белгілі  ұғымдарды  қайталап,  жаңғыртумен  ғана  емес,  сонымен 
қатар жаңа білімді жасау, тапсырманы орындауда жаңа жолдарды ашу. 
ХХІ ғасыр білімін адамның шығармашылық қызығушылықтарының дамуы, оның 
ӛзінің  жеке  тұлғалық  дамуы  деп  түсіну  қажет.  Бұл  -  әр  адамның  ӛзін-ӛзі 
жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан ӛзіне сыни баға бере 
алуы,  айналаны  ӛзгертуге  қатыса  алуы.  Білім  арқылы  адамның  интеллектуалдық, 
рухани  күші  артып,  жеке  тұлғасы  қалыптасады.  Шығармашылық  қызығушылық 
әлеуеттің  дамуы  жаңашылдықтың  қажеттілігін  сезіну  арқылы,  оған  деген  ӛзінің 
сенімдерін  қалыптастыру  арқылы  кӛрінеді  де,  ӛз  білімін,  танымын  кеңейтуге  негіз 
болады.  
"Шығармашылықты танып - білудегі адекваттық -психологтың   пікірінше,   
шығармашыл  тұлғаны  танымдық  сипаттамасынан  кӛрінеді".  Тұлғаның 
шығармашылықтық  қабілетінің  осындай  зерттеу  бірлігін,  қойылатын  сабақтан   
тыс  ойлау  әрекетінің  жалғасы  ретінде,  "интеллектуальдық  білікті"  қарастыруды 
ұсынады.  Кез-келген  шығармашылдық  ойлау  қызметінің  негізгі  бӛлігі, 
қабілет  шығармашылықтың  тұтқасы  ретінде  Я.А.  Пономарев  әрекеттің  ішкі 
жоспары    немесе  "ойда"  әрекет  ету  қабілетінің  даму  талаптарын  белгілейтін 
шығармашылықтық ойлауды   атап ӛтеді. 
 Бүгінгі  Қазақстанға  қалыптан  тыс  ойлай  алатын,  шұғыл  шешімдер  қабылдай 
білетін, белсенді, шығармашыл жеке тұлға қажет. 
Әлемдік  білім  кеңістігіне  енудің  жаңашылдық  стратегиясына  сәйкес,  мектептің 
ғасырлар  бойғы  даму  тарихында  алдыңға  қатарлы  педагогикалық  ой  ӛкілдерінің 
шығармашылық  қызығушылықты  қалыптастыру  идеяларын  зерттеу  және  талдау 
негізінде  маңызды  бес  бағытты  бӛліп  кӛрсетеміз:  философиялық-танымдық  бағыт; 
дидактикалық-психологиялық 
бағыт; 
педагогикалық-әдістемелік 
бағыт; 
педагогикалық-инновациялық бағыт; акмеологиялық бағыт. 

 
Шығармашылық  қызығушылықты  қалыптастырудың  қазіргі  тұжырымдамасы 
жаңа  парадигмаға  сүйенеді,  ол  әр  жеке  тұлғаның  ынтасы;  әр  жеке  тұлғаның  даму 
мүмкіндіктерінің,  оның  ішінде  оның  шығармашылық  ӛзін-ӛзін  дамытуды 
қажетсінуінен;  ішкі  еркіндігінің  басылымдылығы  –  сырқы  шығармашылық  ӛзін-ӛзі 
дамытудың  табиғатын  танымдық  қызығушылықтың  ықпалдастырылған  сипаттамасы 
ретінде түсінуден тұрады. 

 
Жеке тұлғаның шығармашылық қызығушылығы – бұл ішкі процесс, адамның 
орта әсеріне белгілі бір жауап беру тәсілі, ӛзіндік қарама-қайшылықтар әсерінен және 
қоршаған  ортаға,  әлеуметтік  қатынастардың  субъектісі  ретінде  ӛзінің  субъективті 
қарым-қатынастарын есепке алу негізінде ӛзін саналы түрде жетілдіруге ұмтылысы. 

 
Шығармашылық 
қызығушылықтың 
жетекші 
функцияларына 
талаптанушылық,  танымдық,  реттеушілік,  рефлексиялық,  белсенді  ӛзара  қарым-

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
72 
қатынас  т.б.  жатқызылады.  Олар  ӛзін-ӛзі  дамытудың  бағыттылығы  мен  артуын, 
тұлғалық компоненттердің деңгейін және олардың сабақтастығын айқындайды, адамға 
ӛзін жетілдіруге орай дербес әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. 

 
Шығармашылық  қызығушылықты  қалыптастыру  -    субъект-субъектілік 
бағдардың  шығармашылық  әрекетінің  ерекше  түрі,  ол  бір    жағынан    ―ӛзіндік‖ 
процестердің  ―ӛзін-ӛзі  тану,  ӛзін-ӛзі  айқындау,  ӛзін-ӛзі    басқару,  ӛзін-ӛзі    таныту‖ 
қарқынын  күшейту  мен  тиімділігін  арттыруға,  екінші  жағынан,  педагог  олардың 
шешімін  табу  барысында  субъектілік  бағыт  ұстанатындай,  тұрақты  түрде  күрделеніп 
отыратын  проблемалық  шығармашылық  міндеттердегі  қарама-қайшылықтарды 
шешуге бағытталады. 
 Шығармашылық қызығушылық – жеке тұлғаның жаңа жағдайда ӛзекті мәселенің 
шешімін  табуға  танымдық  бағдары  негізінде,  психологиялық  сапаларын  дамыта 
отырып,  білімдік-рухани  құндылықтарға  жетуге  ұмтылысымен  сипаталатын  және 
шығармашылық қабілетті дамытуға жетелейтін танымдық сапасы― 
Оқу процесінде оқушылардың шығармашылық сипаттағы тапсырмаларын жүйелі 
түрде  ұйымдастыру  және  оны  болашақтағы  кәсіби  бағдарымен  сабақтастыра  зерттеу 
мұғалімнің    педагогикалық  құзіреттілігіне  де  байланысты.  Ӛз  пәнін  жетік  меңгерген 
және  оның  мазмұнын  жаңа  біліммен  үнемі  толықтыра  отырып,  шығармашылықпен 
жұмыс  істеуі,  ӛз  болмысын  терең  зерделей  отырып,  жеке  тұлғаның  дамуы  мен 
қалыптасуына  ӛзінің  қолтаңбасын  қалдыруына,  рухани  тұрғыда  терең  түсінуі 
мұғалімнің ішкі құндылық бағдарына байланысты. 
Оқушының  шығармашыл  тұлғасын  қарастыру  оның  кӛптеген  сапалық 
қасиеттерінен тұрады: 
1)  когнитивтік  (танымдық)  сапалары  –  қоршаған  әлемді  түсінуі, 
құбылыстардың мәнін білуге ұмтылуы, танымдық ынтасының тұрақтылығы т.б. 
2) 
креативтілік 
(шығармашылық) 
сапалары 
 
ойлау 
белсенділігі, 
шығармашылық шабыт, қиял, болжай білу, ой тереңдігі, қарама-қайшылықтарды кӛре 
білу  немесе  сезу;  ӛзекті  мәселені  табу;  шығармашылық  қызығушылығының 
тұрақтылығы т.б.; 
3)  әдіснамалық  (ұйымдастырушылық)  сапалар  –  тапсырманың  мақсаты  мен 
мәнін  түсіну,мақсатқа  жетуде  іс-әрекетті  оңтайлы  ұйымдастыру,  нәтижеге  жетудегі 
табандылық, рефлексиялық ой-санасы, коммуникативтік қабілеттері т.б. 
Сонымен,  білім  берудегі  инновациялық  процестерді  жүзеге  асырып,  дамыту  – 
бұл білім беру жүйесінің дамуы, оны жаңарту мен тиімділігін арттырудың шарттары. 
Сондықтан да қазіргі таңда балаға деген кӛзқарас пен қарым-қатынаста баланы объект 
деп қарамай, оны дамушы тұлға ретінде қабылдап,  оқу-тәрбие жұмысын осыған лайық 
ӛзгерістерге  сай,  қазіргі  педагогикадағы  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған  жаңа 
технологияны  енгізудің  қажеттілігі  туындап  отыр.  Ал  жаңа  технологияны 
пайдаланудың  мақсаты  –  міндетті  деңгейдегі  білімді  қалыптастыра  отырып, 
шығармашылық деңгейге жету. 
Білім  берудің  адамға,  тұлғаға  бағытталуы,  білім  мазмұнының  жариялылығы 
заман  талабына  сай  білім  беру  мен  ұлттық  оқу-тәрбие  процесінің  гуманистік  сипаты 
жаңаша оқытудың әдіснамалық негізі ретінде қызмет ете алады. Оқытудың мазмұнын, 
ӛзіндік  ерекшеліктерін,  одан  туындайтын  ұстанымдары  мен  шарттарын  жүйелеу 
арқылы қазіргі ұлттық білім берудің философиялық тұғырнамасын, әдіснамалық және 
әдістемелік  негіздерін  жасауға  болады,  мұны  ескермей  мектептер  мен  білім  беру 
мекемелеріндегі  ұлттық  идеяны  кӛздейтін  тұжырымдамалық  тұтастықты  қамтамасыз 
ету мүмкін емес. 
Бүгінгі білім жүйесінде, Д. Дьюи атап ӛткендей, ―Үлкен ӛзгерістер басталуда. Ол 
маңызы  жағынан  Н.  Коперниктің  жаңалығына  (күн  астрономиялық  орталық,  басқа 
планеталар  оның  айналасына  шоғарланады,  оны  айнала  қозғалады)  тең  болып  отыр, 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
73 
яғни,  оқушы  тұлғасы  орталыққа  айналып,  барлық  педагогикалық  әрекеттер  оның 
айналасына шоғырландыра жүргізіледі‖. 
Шығармашылық  іс-әрекетке  деген  ынта-ықыласты  оятуда  мынадай  оқыту 
қызметтерінің маңызы зор:  оқудағы жетістікті қамтамасыз ету;  оқыту  формаларының 
түрлерін  жетілдіру,  оқу  материалының  мазмұнын  оқушылардың  ерекшеліктеріне 
сәйкес  құру,  білімді  меңгерудің  әдіс-тәсілдерін  оңтайландыру,  жаңа  педагогикалық 
технологияларды  пайдалану,  мұғалім  мен  оқушының  жағымды  ықпалды  әрекеттерін 
жетілдіру, шығармашылық оқытуды кеңінен пайдалану т.б. 
Мотивациялық-еріктік  компонент  –  білім  берудің  жаңа  парадигмасына  сәйкес, 
оқушының шығармашылық іс-әрекетке құндылық бағдар ретіндегі ынтасы, жаңалыққа 
қызығушылығы,  ӛзекті  мәселенің  шешуін  табуға  құлшынысы,  ерікті  түрде  ӛз  іс-
әрекетін  шығармашылық  сипатта  ұйымдастыруға  талаптануы,  шығармашылық 
дербестікке ұмтылуы және қажетсінуін қамтиды.  
Мазмұндық-операциялық компонент - ӛзін шығармашылық қызметтің субъектісі 
ретінде тануы, жеке тұлғалық  ерекшеліктері мен ӛзін-ӛзі  шығармашылық дамытудың 
тәсілдерін білуі, шығармашылық іс-әрекетті іске асыру біліктілігінің болуы, ұжымдық 
шығармашылық жұмыстарға талаптануы және оны ұйымдастыра білуі, пәндік ғылыми 
білімдерінің және қажетті жағдайда қолдану мүмкіндігінің болуы. 
Рефлексиялық-бағалау  компоненті  –  шығармашылық  іс-әрекетке  талдау  жасай 
білуі, жетістіктері мен сәтсіздіктерін себептерін анықтай білу, жауапкершілік сезімінің 
және  жолдастық  кӛмек,  ізденімпаздық  іс-әрекетке  даярлығының  тұрақтылығы, 
шығармашылық  ой-ӛрісінің  белсенділігі  мен  рефлексиялық  бағытының  қалыптасуы, 
жоғары  танымдық  қызығушылық  негізінде  шығармашылық  бағыттылығының 
тұрақтылығы.   
Жоғары  деңгей:  шығармашылық  іс-әрекетте  танымдық  қажетсінуі  қалыптасқан, 
ізденімпаздықпен дербес жұмыс істеуге, жаңаны табуға талаптанады. Жаңашылдыққа 
жаны құмар, білімді   құндылық   бағдар  ретінде тани алады, білімін қажетті жағдайда 
еркін және оңтайлы пайдалана біледі. Болашақ кәсіби іс-әрекетін жоспарлап, кәсіптік 
бағдары анықталған, инновациялық процестерді ынтасымен қабылдайды. 
Орташа  деңгей:  оқу-танымдық  материал  мазмұнын  тапсырма  мақсатына 
байланысты  шығармашылық  іс-әрекетті  ұйымдастыра  алады,  бірақ  үлгіні  және 
тапсырманың  орындау  жолдарына  нұсқау  беруді  қажетсінеді.  Шығармашылық  іс-
әрекеттің  құндылық  ықпалын  түсінгенімен,  тұрақты  қызығушылығы  қалыптаспаған. 
Ӛзін-ӛзі 
дамытуда 
рефлексиялық 
бағыттың 
толымсыздығы 
байқалады. 
Шығармашылық іс-әрекет нәтижелерін бағалауда ӛз пікірін білдіруге асықпайды. 
Тӛмен  деңгей:  ӛз  шығармашылығын  дамытуға  белгілі  бір  жағдайларда  ғана 
қызығушылық танытқанымен, оны тұрақты қажетсінбейді. 
        
2-кесте – Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру моделі 
 
Компонентт
ер 
 
Ӛлшемдері 
 
Кӛрсеткіштері 
 
 
 
Мотивциялы
қ-еріктік 
компонент 
 
Шығармашылық 
іс-
әрекетке  құндылық  бағдар 
ретіндегі танымдық ынтасы 
мен танымдық қажетсінуі. 
-  ӛзекті  мәселенің  шешімін 
табуға құлшынысы, 
-шығармашылық  іс-әрекетке 
танымдық ынтасы, 
-шығармашылық  іс-әрекеттің 
тұлғалық-құндылық мәнін түсінуі. 
 
 
Мазмұндық-
 
Ӛзін    шығармашылық 
іс-әрекеттің 
субъектісі 
-  шығармашылық  іс-әрекет 
әдістері мен тәсілдерін білуі, 
-жаңаны  табуда  танымдық 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
74 
операциялық 
компонент 
ретінде 
тани 
отырып, 
ғылыми 
білімдерді 
меңгеруі 
мен 
оны 
практикада 
пайдалану 
біліктілігінің болуы. 
біліктерінің қалыптасуы, 
-шығармашылық 
іс-әрекетті 
жоспарлау 
және 
оны 
тиімді 
ұйымдастырудың 
жолдарын 
меңгеруі, 
-ұжымдық 
шығармашылық 
жұмыстарға 
талаптануы 
және 
білімдерін  қажетті  жағдайда  ӛзара 
ықпалдастық 
сипатына 
сай, 
практикалық  тұрғыда  сабақтастыра 
білуі. 
 
 
Рефлексиял
ық-бағалау 
компоненті 
 
  Жеке 
тұлғаның 
танымдық 
қажеттіліктері 
мен  қоғамның  сұранысына 
сай 
үйлесімді 
бағдары, 
әлеуметтік-психологиялық 
рефлексияның қалыптасуы. 
-шығармашылық  іс-әрекетке, 
ізденімпаздық  жұмыстарға  талдау 
жасай білуі, 
-жеке 
іс-әрекетін 
ұйымдастырушылық  тұрғыда  ӛз 
бетімен сараптау, 

жоғары 
танымдық 
қызығушылық 
негізінде 
шығармашылық  бағыттылығының 
тұрақталуы, 

іс-әрекетті 
объективті 
бағалай, 
кемшіліктерді 
жоюға 
жауапкершілікпен қарау, 

ӛзін-ӛзі 
дамытуда 
рефлексиялық  бағытты  таңдау, 
жеке  тұлғалық  құндылықтарды 
саналы түсіну. 
Шығармашылық  іс-әрекеттің  жеке  тұлғалық  сапалық  қасиеттерінің  дамуына 
әсерін  талдай  алмайды.  Ӛз  сәтсіздіктері  мен  жетістіктерін  сыртқы  жағдайлардың 
нәтижесі ретінде   қарастырады. Мазмұнды-операциялық     компоненттерін    меңгеру 
толымсыз жағдайда. 
Оқушылардың  білім  алуында  шығармашылық  әрекетін  белсендіруге,  олардың 
интеллектуалдық, рухани-адамгершілік дамуын арттыруға байланысты  мәселені шешу  
дидактикалық  тәсілдерді  ӛзгертуді және мұғалім ақпаратына берілетін уақыт бӛлігін 
азайтып,  оқушының  ӛзіндік  танымдық,  шығармашылық  іс-әрекет  уақытын  кӛбейтуге 
әкелетін оқу уақытын қайта бӛлуге орай қажетті жаңартулар жүргізуді талап етеді.  
Ӛзін-ӛзі  дамытумен  қатар  индивидтің  жан  мен  тән  үйлесіміне  сәйкес  ӛз  ойын 
жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды   (Р. Декарт,   Д. Локк). 
Жаңа      дәуір  философиялық        идеялары      «ӛзіндік»  және  «Мен»  ұғымдарына 
бағытталады. Жаңа құндылық - адамның ӛзіндік «Мен» құндылығы пайда болды. 
Шығармашылық  -  жаңаны  жасаудағы  процесс,  креативтілік  –  адамның  ішкі 
ресурсы,  әлеуеті.  Креативтілік  -  адамның  шапшаң,  нақты  ойлау,  жоғары 
қызығушылықтарға негізделген бай қиял және проблеманы жылдам түсіну қабілетімен 
танылады. Креативтіліктің негізгі шартының бірі – адамның ӛзін-ӛзі ұстауы мен ӛзіне 
деген сенімділігі. Креативтілік тек қана ойлау операцияларының сапасымен ғана емес, 
тұлғалық  сипатымен,  шығармашылық  кезеңдеріне  қажетті  білім,  білік,  дағдыны 
меңгеру  деңгейімен ерекшеленеді.  
Креативтілік  -  тұлғаның  ӛзін-ӛзі  дамытудағы  маңызды  фактор.  Адамның 
креативтілік процеске дайындығы оның тәжірибеге деген ашықтығымен анықталады.  
Шығармашылық  кӛзі  –  танымдық  қызығушылық,  интеллектуалдық  қабілет, 
білім, ойлау стилі, тұлғалық мінездеме, мотивация және қоршаған орта.  

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
75 
Креативтілік  факторлары  –  тұлғалық  бағытталу,  жағдайға  талдау  жасау, 
шығармашылық процесс, шығармашылық нәтиже. 
Оқыту жүйесіндегі рефлексия – оқыту субъектісінің ӛз іс-әрекетін саналы түрде 
ой елегінен ӛткізіп, ӛзіндік сезінуі. Рефлексияның мақсаты – іс-әрекет компоненттерін 
еске  түсіру,  санадан  ӛткізу,  оның  мәнін,  түрін,  ӛзекті  мәселелерін  белгілеу,  шешу 
жолдарын анықтау т.б. 
Ӛзінің  оқу  тәсілдерін,  таным  мен  ойлау  механизмдерін  түсінбейінше 
оқушылардың қол жеткізген білім нәтижесін толық ұғынуы мүмкін емес.  
Рефлексивтік  іс-әрекет  оқушыға  ӛзіндік  талдау  кезінде  ғана  байқалатын  ӛзіндік 
жеке  дара  ерекшеліктерін  тануына  мүмкіндік  туғызады.  Білімді  саналы  түрде  ӛзіндік 
қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз 
–  міндеттерді  шешу  тәсілдерін  түсіну.  Рефлексияның  қай  түрі  болмасын  мақсатпен 
тікелей байланысты. 
Шығармашылық  рефлексия  –  мақсатқа  жету  нәтижесі,  қорытынды  ғана  емес, 
жаңа білім мен жаңа мақсаттарға бастама бола алады. 
Сонымен,  шығармашылық  рефлексия  –  жекетұлғалық  құндылық  сапаларын 
қалыптастыруда  және  ӛзіндік  даму  бағытын  айқындауда,  оқушының  жеке  тұлғасын 
қалыптастыруға бағытталған шығармашылық іс-әрекетте ішкі жан дүниесі ресурстары 
арқылы ой қорытуы. 
                                                     
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Хмель 
Н.Д. 
Теоретические 
основы 
профессиональной 
подготовки 
учителя,1998г. 
2.
 
Пед.энциклопедия.4т1968.ж 
3.
 
Миразова А.Т.Оқушының  шығармашылық  қабілетін дамытудағы мұғалімнің  
кәсіптік шеберлігі.Ұлағат.2002 ж.   
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  қазіргі  кезде  оқушылардың  шығармашылық  қызығушылығын   
қалыптастырудың педагогикалық- психологиялық аспектілері айтылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  говорится  о  педагогико-психологических  аспектах  формирования 
творческого интереса школьников. 
 
 
 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ДҦРЫС СӚЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ТИІМДІ ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРУ 
 
Қодасова А.Е. – оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Елімізде  жүріп  жатқан  ӛзгерістердің  мәнін  пайымдау  бәрінен  бұрын  жастарды 
тәрбиелеп отырған ұстаздарға үлкен жауапкершіліктер жүктейді.       Ел басымыздың 
жолдауында кӛрсеткендей қазіргі шәкірт ертеңгі күні әлем кеңестігіне еркін ену үшін 
білім беру жүйесі  халықаралық  деңгейге кӛтерілуі  керек. Сондықтан да 21  – ғасырда 
ағылшын  тілін  үйрететін  жоғары  оқу  орындарына    қойылатын  талаптар  ӛте  кең. 
Ағылшын  тілін  меңгерудегі  ана  тілінің  рӛлі  туралы    академик  Л.В.Щерба, 
М.В.Ляховицкий,  атақты  педагог  К.Д.Ушинский  ӛз  еңбектерінде  кеңінен  тоқталған. 
Жалпы  теориялық  негіздері    бір-біріне  ұқсас  Л.В.Щерба  «  Ана  тілін  шетел  тілі 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
76 
сабағынан        аластатуға  болады.  Ал  мектеп  жағдайында  оқушылардың  санасынан 
аластату  мүмкін  емес»  деп  жазады.  Ал  бұл  қағиданы  Л.В.Ляховицкий  ӛзінің  «  Неміс 
тілін  оқытудың  негіздері»  еңбегінде  «Шет  тілін  меңгеруде  ана  тілінің  ерекшелігін, 
студент  үшін  жаңа  тілде  кездесетін  қиындықтарды  түсіну  үшін  шет  тілін  оқытатын 
ұстаздар ӛздері шәкірт дайындаған да ана тілін ӛте жақсы білуі керек. Сонымен қатар 
салыстыру тілі де үлкен роль атқарады. 
Ол үшін: 
-
 
Студенттің  ӛз  тілін  үйретіп  мәдениетіне,  ӛнеріне  деген  ӛз  кӛзқарастарын 
қалыптастыру. 
-
 
Ӛздерінің  қабілеттеріне  қарай  ӛз  ана тілі  арқылы  қарым-қатынас  жағдайларын 
ары қарай дұрыс жауап беруге үйрету. 
-
 
Студенттердің  рухани  жан-дүниесін  байыту,  ой-ӛрісін  кеңейту,  халықаралық 
қарым-қатынасқа мәдениетке тәрбиелеу. 
-
 
Студенттің зиялы, сезімтал жан болып ӛсуіне кӛмектесу. 
Қоғамдағы соңғы кезеңде болып жатқан ӛзгерістер ағылшын тілін оқып-үйренуге 
мәжбүрлігін туғызып отырғаны жасырын емес. Компьютер арқылы әлемдік ақпараттар 
кеңестігіне  шығу,  әлемдегі  озық  технологияларды  жаңалықтарды  меңгеру,  ӛмір 
ағымына  ілесу.  Студенттерге  ана  тілінің  негізінде  ағылшын  тілін  үйрету,  олардың  ӛз 
ойын  ауызша  және  жазбаша  дұрыс,  еркін,  келістіре  баяндау  білуге  дағдыландыру. 
Оқулықтарды,  сӛздікпен  жұмыс  жасауда  ӛздігінен  пайдалана  білу  сияқты  іскерлік 
дағдыларын    қалыптастыру,  ғасырлар  бойы  жазған  рухани  мәдениетімен,  білімімен 
қаруландыру және егемен еліміздің ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін шет тілі арқылы 
таныту. Қазақ тілін жан-жақты білгенде ғана ӛзге тілдердің мән-мағынасына қасиетіне 
терең үңілуге болады. Онда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі, 
ал халықаралық тіл – ағылшын тілі болып саналады. 
Осыған  байланысты,  қазіргі  таңда  шет  тіліне  деген  үлкен  сұраныс  болуына, 
елімізде  сӛйлеу  мәселесі  қолға  алына  бастады.  Ӛзекті  болуының  себебі  шет  ел 
мемлекеттерімен  қарым-қатынас  негізгі  мақсаты  болуына  байланысты  студенттердің 
дұрыс сӛйлеу мен сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Жоғары 
оқу  орындарында  шет  тілінде  тілдің  дыбыстық  құрамын  дыбыстардың  айтылу 
нормасын  дыбыстық  заңдылықтары  және  оның  грамматикалық  құрлысын  игеруге, 
ойын  еркін  жеткізуге,  бӛгде  біреудің  сӛйлеуін  түсініп,  жеткілікті  дәрежеде  сӛздік 
қорын  меңгеріп,  шет  тілінде  қарым-қатынас  жасауға  жаттықтырылады.  Студенттерді 
мұндай  дәрежеге  жеткізу  үшін  сӛйлеудің  ӛзіндік  жүйесі,  тәсілдері  мен  амалдары, 
жолдары ойластырылады.  
Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан әрекет, ол ең алдымен жаңа мазмұндағы жоғары 
оқу орындарына арналған оқулықтар мен бағдарламалары қажет, яғни білім мазмұнын 
анықтау  мәселесі  ӛзекті.  Сондықтан  шет  тілінде  тілді  үйрету  үшін  сӛйлесу  әрекетіне 
дағдыландырылады.  Ӛзге  тілді  үйрену  барысында  студенттің  қабілеттілігі  мен 
бейімділігі,  шеберлігі  яғни  икемділігі  ерекше  орын  алады.  Сол  себепті  шет  тілінде 
сӛйлесу икемділігіне кӛңіл аудару қажет. Тілді тәжірибеде пайдалану  – сӛйлесу, яғни 
қарым-қатынас  жасау.  Қарым-қатынастың  дамуының  түрлері,  қатысым  үрдісі,  оның 
мазмұны,    оның  құрамының  жүйесі  т.б.  бар.  Ал  студенттерді  сӛйлеуге  үйретуде  осы 
ерекшеліктер  негізге  алынады.  Сондықтан  сӛйлеу  үрдісі  қатысымдық  негізде 
құрылады.  Сӛйлеу  құралдарын  шегеру  мен  оны  қарым-қатынаста  пайдалану  сӛйлесу 
икемділігі мен дағдыларын сапалы қалыптастыруға ықпал етеді. Демек, қазіргі сӛйлеу 
тәжірибесінде студенттің сӛйлесу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыруда осы 
қатысымдық  әдісіне  барабар,  екіншіден,  қатысымдық  бағыт  тілді  игеріп,  ӛз 
тәжірбиесіне пайдалана білу, яғни сӛйлесу мақсатын кӛздейді. 
Сӛйлеу тілін дамыту әрқашан әдісте қаралып отырды. Оның маңызы, қажеттілігі 
айқындалды.  Бірақ  шет  тілінде  сӛйлеудің  енді  ғана  қалыптасып  келеді.  Әсіресе, 
сӛйлеуге жаттықтырудың негізгі атаулары және категориялары, тіл дамытуға арналған 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
77 
жұмыстар,  сӛйлеудің  мазмұны,  құралы,  студенттердің  тіл  байлығын  бағалау 
қалыптары анықталмаған, бірақ қазіргі тіл дамыту әдістерінің ӛзіндік зерттеулері бар, 
керекті  психологиялық,  лингвистикалық  базасы  жетіле  бастаған.  Бұл  мәселелер 
студенттердің қатысымдық әрекет негізінде сӛйлеуге үйретудің ӛзектілігін анықтайды. 
Егер  шет  тілінде  жоғары  оқу  орындарында  студенттердің  сӛйлесу  тілін  дамыту 
ісі  лингвистикалық,  психологиялық  және  педагогикалық  негіздерге  сай,  қатысымдық 
әрекет  әдісі  арқылы  жүйелі,  тілдің    қарым-қатынас  қызметі  мен  экспрессивтік 
қызметіне қарай ұйымдастырылса, онда сӛйлесудің тиісті лексикалық, грамматикалық 
икемділіктері  мен  дағдыларын  қалыптастыруда,  дамыта  сӛйлеудің  әдіс-тәсілдерін 
тиімді пайдаланып жүргізгенде ғана нәтижелі болады. Сондықтанда ӛзге елмен қарым-
қатынас жасау үшін  сӛйлеу  қызметі ӛрістете түсуге мүмкіндік алды. Шет тілі басқару 
орындарда, ӛндіріс ошақтарында, ғылыми мекемелер мен білім беру саласында кеңінен 
қызмет ете бастады. 
Сондай-ақ  «Шет  тілі»  пәнінің  практикалық  білім  мазмұнында  «  Сӛйлеу  және 
жазба тіл мәдениетін игеру. Қазіргі заман сӛйлеудің үш түрі – ауызша, жазбаша және 
электронды  түрлерінің  дамуын  ерекше    талап  етіп  отыр.  Сӛйлеудің  жазбаша, 
электронды түрі қаншалықты маңызды болса – ауызша сӛйлеудің мәні де соншалықты 
зор.  Ауызша  сӛйлеуге  үйрету  барлық  топтарда  жүргізіледі.  Студенттердің  ауызша 
сӛйлеуге баулу мәселесін нақты әңгіме ететін кезең келді. Бұл - әлеуметтік қажеттілік, 
заңнамалар  талабы,  Елбасы  тапсырмасы.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  атап  кӛрсеткендей  : 
«Ӛсіп келе жатқан ұрпаққа әлемдік стандартқа сай келетін сапалы білім беруіміз керек, 
сонымен қатар қазіргі мамандардың біліктілік деңгейін кӛтеруді де ұмытпауға тиіспіз», 
- деген міндетті белгілейді. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  студенттердің  дұрыс  сӛйлеу  дағдыларын  қалыптастырудың  тиімді 
жолдары қарастырылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматриваются вопросы формирования качеств устной речи студентов 
в изучении иностранного языка
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет