Ыбырай алтынсарин



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата06.03.2017
өлшемі154,66 Kb.
#8273
1   2   3

Ыбырайдың педагогтік пікірлеріне сай саяси кезқарас-

тары да қалыптасты. Оның қоғамдық ойлары басқа ағар-

тушылар сияқты ілгері дәрежеде-еді. Оқу-білім жолымен 

нрогресс жасау, сол арқылы қазақ қоғамын өзгертуді ой-

лады. Прогрестің жалынды жаршылары өнер-білімнің ма-

цызын жоғары бағалап отырғаны әркімге мәлім. «Адам 

баласы ушіп білім — ең зор дәулет. Білімсіз адам әрі т р-

пайы, әрі кедей, әрі бақытсыз. Оқу халыңқа дәулет пен 

зор қуат береді» деп Н. Г. Чернышевский босқа айтпаған. 

Ыбырай заманындағы қазақ халқының т рпайылығы мен 

бақытсыздығының үлкен бір себебі, оның Мәдениетінің тө-

мендігінде еді. Халқының басындағы бақытсыздықты өнер-

білім жолымен жоюды ойлап, сол жолда аянбай еңбек ет-

кен Ыбырайдың ақ ниеті әр уақыт жоғары бағаланады. 

Ыбырай өзінің саяси, әлеуметтік көзқарасы жағынан 

да прогрестік. бағыт стады. Б л жағынан да кезіндегі б -

қарашыл ойдың әсерлері байқалады. Ыбырай — өз елін, 

халқын шын сүйген адам. Өз халқыныц ауыр халін көріп, 

қайғырған — шын мәніндегі патриот.. 



<<Казақ халқы қарапайым, өнері төмен халық, бірақ біз 

қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз»— 

деп, халңының қарапайымдылығында көп жақсылық ны-

шаны бар екенін айтадыл. Сол кездерде кейбір адамдардың 

қазақ б зық, тағы халық деген лақаптарына соққы беріп, 

ол мағынасыз лаңап, халыңңа жапқан ауыр жала деп, өз 

түсінігін айтып отырған. Ол: «Ал кейбір ақылдысымақтар-

дың: қазақ тентек, қазақ қанішер халық деулері мәңгі 

бақи тек қана қағаз бетіндегі мағынасыз сөз болып қана 

қала бермек» (268-б.) дейді. 

Ыбырай қазақ халқының талантты, сезімтал, оқуға 

ықыласты, онерге қ штар, білімге зәру халық екенін әр-

дайым ескертіп отырды. Халқыпың осындай талғамдарына 

еептігін тигізуді өзі мақсат ңылды. Қазақ елінің өнерден 

шеткері. бір қалыптьі өмір сүріп, артта қалғанын аяушы-

лықпен атап көрсетті. Шексіз өлкенің жабырқау келбетін, 

жансыз жаткан меңіреу түрін козбен шолып, осынша ел 

көз жетпес кең даланы мекендеп жүре бере ме, әлде басқа 

елдерше өнерге мтылып, өз бойын таныта ала ма?— деп, 

288 


өзіне-озі сүрау қоііып, ел тағдырын ойлаудан бір тынған 

жоқ. 


«Кешкісін далаға шығып, олай-б лай көз жібересің, кө-

зіңе қ лазыған шет-шегі жоқ кең даладан басқа еш нәрсе 

көрінбейді... Торғайдың жай ағысына қарап, өзіңе-өзің 

еріксіз: б л не деген өмір, апыр-ай, бар өмірім осылаіі өтіп 

кетер ме окен деіісің» (276-б.) деп жабырқайды. Ол өз өмі-

рі мен ел тағдырын штастыра зарығады. Ақыры, бір қа-

лыпта қала беруге болмайды деп түйіп, өмірдің қызғылық-

ты, жан-жақты болуы үшін күреске бел буады. Ыбырай 

білім іздеп, тыным таппай еңбек еткенде кім үшін және 

қандай мақсаттарда еткен десек, ол с рауға да ақын өзі 

толық жауап береді. Ыбырай, қолынан келсе, бүкіл адам 

баласына паііда келтірмек. Бірақ ондаіі зор мақсат жеткізе 

бермес. Сондықтан, ең алдымен, өз халқыма пайдам тисе 

жарар еді деген тоқтамға келеді. Өзінің Ильминскийге 

жазған бір хатында: 

«Ақырында, мен не іздеп жүргенімді, білімге шөлімді 

қандырғаннан кейін не істейтінімді айтайын...» (268-6.) 

деп алып, бірақ өзінің алдына маңызды мақсат (бүкіл ха-

лыққа пайдалы іс қылу) қоя алмай, дағдарып, уайымға 

беріліп отырғанын айтып, біраз жабырқайды. Содан кейін: 

«дәрменім жетсе,— дейді ол,— мен азды-кепті қазақ хал-

қына ғана пайдалы бола аламын, ал басңа лттарға, ха-

лықтарға, әрине, түк пайдам тимейді» (268—269-6.). 

Осындай, айқын мақсатқа тоқтап, ой түйген жас талап 

ел үгаін аянбай еңбек етті. Өзінің ізгі ниеттегі еңбегінің 

нәтижесі бірден-ақ көріне бастады. Оны ақынның өзі де 

көп замай байқайды. Б ны көріп, б рын жабырқап жүр-

ген көцілі тыным алып, ж баныш табады. 

«Менің үнемі үмтылған тілегім—қалай да пайдалы 

адам болып шығу еді. Ал қазір осыған қолым жетіп отыр-

ғанын ойласам, көңілім толық ж баныш табады»,— дейді 

(274-б.), 

Ыбырай патшалық чиновниктері тобына да, елдегі 

жуандар қауымына да наразы. Олармен өткізген уақытын 

босқа откен мағынасыз өмірге балап, өзін олардан бөлек 

стады. Өзінің Орынбор бекінісіндегі өмірін, А. А. Бобров-

никовқа жазған хатында, айдаудағы адамдар өміріне са-

лыстырады. «Барып т рған жалғыздық, ж рттың бәрінен 

де... сақтана жүру, жабырқау, түңілу...» (264-б.) дейді. 

Осы хатының екінші бір жерінде озінің қалаға келіп жүр-

ген жөн-жосық білетін қазақтармен кездесіп, солармен 

«қарапайым, ақкоңіл, адал, ал кейде, тіпті қызық адам-

дармеп әңгімелесіп жүретінін», ондай күндерінің мағына-

10—1375 


289 

лы, коңілді болатыпын айтады (264-б.). Елде болған кезде-

рінде халықтың ескі аңыздарын, ауыз әдебиетін жинап, 

б л салада да еңбек етіп жүргенін көңіліне медет 

түтады. Ильминскйіге жазған бір хатында сол жинағанда-

рын жібермекші екенін хабарлайды (269-6.). 

Қазақ еліндегі қызмет адамдарына ол сын көзімен қа-

райды. Оларды кедеіі мүсәпірлерді жеп, тонап жатқан ар-

сыздар деп бағалайды. Елдегі панасыз жарлы-жақыбай-

ларға жаны ашып, оларды жақтайды. Қорғансыз момын-

дарды қанап, аз жыл ішінде байып кеткен пысықтармен 

өзінің араз екенін ашық айтады. 

«Қызмет бабында мен қазақтармен жиі-жиі үстасып 

қаламын. Олардың ішінде менің өз туысқандарым да бар. 

Олардың сырын жақсы білемін, көбін тіпті жек көремін. 

Қазақ арасындағы қызмет адамдарын да көңілім тіпті сүіі-

мейді. Олар кедей қазақтарды, қарсылық көрсете алмай 

қасқырдың аузында жем болатын ңорғансыз момындарды 

адамшылықтың шегінен шыға, арсыздықпен тонайды, та-

лайды. Соларды коргенде, менің жүмысым болмаса-дағы, 

мен өте қатты күйінемін. Бас-аяғы он жыл ішінде миллио-

нер бай болған, оған дейін еш нәрсесі болмаған, осы елдің 

күшті жемқорларының бірі оздеріпің істеп жүрген бүл іс-

терін жаратпаіітынымды біліп қойды...» (276-б.) деп, Ыбы-

рай өзінің әлеуметтік пікірлерін ашық айтқан адам. Б л 

сөздерден ақынның кімнің жағын жақтайтыны айқын. Ке-

деіілер мен момындарға қорган болып, елдегі жемқорлар-

мен наразы, өшті-қасты екені күмәнсыз... Ендеше. ол өзі-

нің әлеуметтік көзқарасы жағынан алган бағыты айқын. 

озық ойлы қоғам қайраткері. 

Ыбырай өз көзі көрген елдегі ауыр жағдайға жаны 

ашып қана қойған дормеысіз жан емес. Ол — сол елден озі-

не комектесер халық үлдарын тауып, оз ісін ілгері басты-

руга күш салған мәдениетті азамат. Оны өзіне наразы, ел 

топаған банлардан қорқып, бас сауғалаған гумаиист деуге 

тіпті болмайды. Ол — оз жауына, ел тонаушыларға қарсы 

батыл қарсылық көрсеткен күрескер. Қазақ кедеіілерін өз 

қасына жиып, соларға ақыл айтып, көзін ашуға күш са-

лады: «Қазақ арасынан бірнеше жігіттерді таңдап алдым, 

олармен қатты доспын. Кейде солармен жаіі әңгімелесіп, 

уақыт оздырамын. Ие, айтқандай, орыстан да бір досым 

бар, ол — жуырда кадет корпусын бітірген жас жүз басы. 

Ол өте адал және тамаша жақсы адам...» Ыбыраіі сөздері-

нен, оныц ел азаматтарымен де, адал жанды орыс адамда-

рымен де дос, сырлас, м ңдас болганын көреміз. Осы 

достарына арқа сүйеген Ыбырай ел үстемдерінен де, чинов-

290 


ннктердің жебір тобынан да қорықпайды. Олардың 

қоқан-лоқысына мән бермей, оз ж мысын жүргізе береді. 

«Мен б лардың бәрін елең қылмай, жайбарақат жүмысым-

ды істеп жатырмын» (277-6.) деп жазады. 

Ыбырай — қоғам мақсатын, ел мүддесін өзінің жеке 

мақсатынан жоғары қоя білген адам. Үй іші шаруасы 

куіізеліп, әже, жеңгелері реніш білдірген кезде де өзінің 

алган бетінен қайтпайды. Малы ж тқа шырап, үй іші 

куіізелген шақтарын айтып жолдастарына шағынса да, 

табые-қаражатын да оқу ісінен аямаііды. Жеке меншігін-

дегі жері мен мал-мүліктерін өзі тірі кезінде оқу орында-

рына жаздырып, сонда оқитын қазақ балалары игілігіне 

багыштаііды. Б л да оның нағыз қоғамшыл қайраткер еке-

ІІІІІІҢ


 айқын корінісі дерлік фактілердің бірі. 

Ыбырай — терең ойлы демократ. Ол өмірдегі ец негізгі 

нәрсе т рмыс қажеті екенін түсінеді. Адам баласы өзінщ 

т рмысына қажетті мәселені шешуге бірден ш ғылданаты-

нын айтып, қазақ та өз өміріне керекті нәрселермен шу-

гылданатын ел деп ескертеді. 

«Адам баласының оміріндегі ең үлкен мәселе — қалай 

түру керек,— деген моселе ғой... Менің ала көңіл ақылым-

нан ол копке дейін д рыс жауап таба алған жоқ еді» (268-

б.) деп жазды өзінің бір түйінді пікірін. 

Ыбырай дуииені тануға, өмірді өзгертуге адамның кү-

ші, ақылы жетеді деген зор үмітпен өмір сүрді. Оның да-

мылсыз озгерін отыратындығына да шек келтірген емес. 

Бүл ретте ағартушы ақын көп жүкті өнер-білімге артты. 

Халқының қолын өнерге жеткізіп, коңіліне медет беріп, 

козін ашса, омірдегі көп қайшылықтың кілті табылғандай 

коріиді. 

Ыбыраіі гылымга жетілуде тәжірибенің ролі ерекше 

деп таныды. «Тәжірибе барлық ғылымньщ бастамасы ғой. 

кем-кемдеп озіміз де үйреніп, балаларды да оқыта берейік, 

мүмкін сүйте келе мақсатымызға да жетерміз» (312-б.) 

доп, ол тәжірнбе туралы өз пікірлерін ашық айтады. Бірақ 

Ыбырай тәжірибеге бірыңғай қарап, соған соншалық сен-

ген адам деп түсінбеу керек. Ол тәжірибенің өлшемді мүм-

кіншілігін ескерте де біледі. Тәрбие ж мысында тәжірибе-

нің зор ролі барын айта келіп, оған сене беруге болмайты-

пыи. ол ушін тәжірибенің де тәжірибесі бар екені, лайықты 

ортаның да керектігін үлкен ойшылдыңпен болжайды. 

«Балалар күнбе-күн тәжірибеден тәлім алар деуге — 

мүндағы қоғамның түрі мынау, ал тіпті, б дан басқа, бү-

дан гөрі мәдениеттірек қоғам болғанның өзінде де тәжіри-

беге сене беруге болмайды» (262-б.). 

10* 

291 


Ыбырай — өзі жасап жатқан істің маңызы мен мақса-

тына тереңнен түсінген, нысанасы айқын, жаңашыл адам. 

Ағарту саласындағы істерінің қазаң үшін үлкен жаңалың 

екенін, бүл ретте өзі ауыр кезеңде жасап отырғанын айқын 

таниды. 

«Бізге ең ауыр, жауапты кезең кез келіп отыр: б л ке-

зеңде біз бәрін де жаңадан бастап жасауымыз керек, осы 

жаңалықтың бәрін қараңғы халықтың арасына енгізіп, кү-

шіміздің келгенінше, біліміміздің жеткенінше, олардың 

көзін ашуымыз керек» (311-б.). 

Ыбырайдың әлеуметтік беті оның көркем творчество-

сында айқын. 



Ыбырай — кернекті ақын, талантты жазушы. Оның қа-

ламынан бойындағы тамаша талабын танытқандай маңы-

зы зор көркем шығармалар туды. Ол өзінің бар күш-қуа-

тын халықты ағарту, жастарды тәрбиелеу қызметіне жүм-

сады. Ыбырайдың жазушылық қызметінің түпкі қазығы 

да сол оқу-өнер, білім мәселесімен сабақтас. Оның ақын-

дық шабытына дем беріп, жазушылық қиялына қанат біті-

ретін зор нысанасы — қараңғы қазақ халқының көзін ашу, 

кеңілін ояту, оны озық мәдениетті елдердің қатарына 

қосу. Сондықтан Ыбырайдың ңоғамдық-педагогикалық, 

жазушылық қызметі езектес, оның ізгі, кекейтесті ойла-

рының туындысы. 

¥ л ы педагог-ақын өзінің өлеңдері арқылы оқудың, 

өнер-білімніц маңызын түсіидіріп, надандыққа қарсы 

шықты. Ол қазақ балаларып білімге баулып, олардан бо-

лашақтың иелерін даярлауды бірінші мақсатым деп са-

нады. 


Өиер, білім — борі де 

Оқуменен табылган... 

Кел, балалар, оқылық!— 

деп жар салды. Қазақ балаларына оқыған адамның қа-

раңғылықтан қүтылып, дүниенің шырағын жағып, ілгері 

нық басатынын ескертті. 

Оқымағап жүреді, 

Қараңғыны қармалап... 

Оқысаңыз, балалар, 

Шамнан шырақ жағылар! 

Адамды қор етіп, әбден аздыратын, ақылын т сап, то-

пастандыратын ең бір ауыр індет надандық деп білген 

292 


ақын, елдегі небір алуан дөкірлік пен опасыздық осы на-

дандықтың салдары деп бағалады. 

Надаидықтыц белгісі — Жайылып журген айуапдай 

Еш ақылға жарымас,

 А

қ, қараны танымас. 



Өнерлі, білімді адамды надандарға қарама-қарсы қо-

йып, ақын олардың бірінен-бірінің айырмашылықтарын 

тайға таңба басқандай бейнеледі. Өнерді ел бақыты, ха-

лықты м ратқа жеткізетін сенімді қ рал, шын мәнісіндегі 

адамгершіліктіц, дүние танудың бірден-бір анық жолы деп 

бағалады. 

Оқу мен ғылымның материалдық мүмкіншіліктерін де 

ақын терең түсінді. Адам бойындағы ең жақсы қасиет, 

ақыл, мінез, дәулет, т рмысқа керекті б йым — бәрі де 

оқумен, білумен, ізденумен табылатын адам ақылының 

жемісі. Дүниедегі ең ескірмейтін м ра да, омірлік сенімді 

серік пен берік сүйеніш те, сарқылмас дәулет те — өнер-бі-

лім деп, ақын қазақтың мал байлығына өнер-білім байлы-

ғын қарсы қояды. Білім еш арымайды, ж тқа шырамай-

ды: ол мәңгі бақыт кілті деп танытады. 

Ыбырайдың ғындыруынша оқу, опер қиындықсыз, оп-

оңай түсер тегін нәрсе емес, оған адам тозімді күрес пен 

қажырлы еңбек арқылы ғана жетеді. Сауысқан екеш са-

уысқан да өз тамағын еңбектеніп, шоқумен табады. Үсті-

ңе киер киім де — еңбек жемісі, ол да тоқумен табылған... 

Жалықпай ізденіп, еріибей еңбек ету арқылы ғана өперлі, 

бақытты болмақшы. Адамға еңбек ету — парыз. Еңбексіз 

еш нәрсе онбейді, еңбек — өмір кілті, оқуға, өнерге жеткі-

зетін де осы еңбек. 

Қазақтың алдына өнері ілгері елдердің мәдени табыс-

тарын колденең тартып, сол елдердің техникалық жетіс-

тіктері — оқудың жемісі, оқыған адамға дүние кең, өмір 

сүру жеңіл, өйткені білімді адам от пен суды өзіне қызмет 

еткізеді; дүниенің рақаты — мәдениетті өмір, жақсы т р-

мыс, салтанат — бәрі де өнер арқылы қол жеткен табыс. 

Біз де қарап жатпалық. Басқа елдер жеткен онерге мты-

лып, соған қол созайық деп жастарды өнерге үндейді. 

Желкілдеп шыққап көк шөптей, Қатарың кетті-ау алысқа-ай, 

Жаңа өспірім достарым, мтылыңыз қалыспай! 

Ыбырай өлеңдері тек оқу, өнер, білім тақырыбы шеңбе-

рінде қалып қоймайды. Оның көп өлеңдері әлеуметтік, гу-

манистік идеяны нақтылы мәселелер төңірегіндё көтеріп, 

оз кезінің шындығын аша түседі 

293 


Адамға ең керек нәрсенің бірі онер деп көрсеткен ақын 

онерлі адам ақылды, ал ақылды адам озбырлыққа, қиянат-

қа қарсы ізгі іс қылып, қаііырымды болмақ екеніп аіітады. 

Ал оз дәулетіне мас больш, адамшылық арын шашу, озі 

тоііса да козі тоймай қатыгез, қайырымсыз болу — адам-

шылыққа жат. Бүндай істі білімді, өнерлі адам істеуге тиіс 

емес. Ол — тек Қарынбайдай қара пейіл, надандар істер 

жүғымсыздық. Өзінің осиет олеңдерінде ақын осы пікірле-

рін зор гуманизм түрғысынаи танытады. 

Жазушының опышна, адам баласы озінің жаралуын-

да, туысында тең праволы. Олай болса, олардың омірде де 

тең болулары заңды. Ақын адамды өнерлі, өнерсіздігіне қа-

рай, болмаса, туысына, нәсіліне қарай болуге болмайды 

деи тйіеді. 

Жаратты погле алуаи журт бір қуданьш, 

Тең етті бәрімізге күн мен айын 

Адамның адам біткен баласымыз, 

Ңаіісыц болек тудың деп аііыраііып. 

Адамның біріне-бірі қол шын созып, тату омір сүруі, 

д ниеқорлыққа салынбауы жөн. Оның устіне омір санау-

лы, олім хақ. Дүниеден жарлы да, бай да, батыр да. хан 

да, патша да, жомарт та, сараң да, с лу да өтер. Дәуіт 

пайгамбар мен Сүлеймен батыр да, дүиие жүзін билемек 

болған Ескендір патша да, Жүсіп, Зылихалардай с лу да, 

сараң Қарынбай да өтіпті. Олардың паііғамбарлығы да, 

патшалығы да, дүниеқорлардың малы да өлімге богет бола 

алмапты. 

Мақтанба сүлумыч деп ажарыца. Зылпха, Жуеітшепеп сулу откоп, 

Лжарсыз адамдарды ал иазарыда. Турмагап ажар ара ажалыча! 

Сондықтан тірліктің қызығы қайырымдылық, татулық, 

достық, әділет өмір деп, жазушы көнке халық аңызындагы 

Атымтай жомарттың ізгі істерін улгі етеді. Мал үшін, дү-

ние ушін адамшылықты жоюға, арсыздық жолга түсуге 

паразылық білдіреді. 

Ьүзбацмл оділдікті бул мал үшін, 

Яінясыз опы дагы бір жан ушін... 

Ақынның адамгергаілік хақындагы кейбір пікірлері 

озіне дейінгі қазақ ақындарының ақылгөйлік дәстүрін 

жалғастырып. орыстың үлы гуманисі Л. Н. Толстой пікір-

лерімеп штасады. Ыбырай да, Толстой сияқты, достыққа, 

адамгершілікке, тату-тәтті өмірге үндейді. 

Бәріміз бір адамиың баласымыз, 

Жігіттер, бір-біріңе қарасаңыз! 

294 


Өмір деген бес күпдік, кстер отіп, 

Лтац барғап орыпга барасыцыз! 

Доулеттілер кемтар, кедейлерге кө мектесіп, жақсылық 

жольгнда ізгі іс қылса, қатарға тез қосылар еді, зүлымдық 

тез жойылар еді деген жалған сенім гуманист ақынды бі-

раз еліктіреді. Осыдан келіп оның кейде бар, бай адамдар-

ды ақылға келтіруге болмас па еді деген жалған үміттің 

алдауынан шыға алмай қалатын шақтары да кездеседі. 

Ңорлама кем адамды болсаң дана, 

Кәріпті қүдаіі сүіісе пе еді шара?! 

Репжітпе пенде болсац бейшараны, 

Кәріп коңілі бір сыпық пияла-ды. 

Ақыниың «Араз бол кедей болсаң үрлықпенен» деген 

өлеңінің мәні де терең. Б нда ол еңбек салтанаты мен 

адалдықты, шындықты жырлайды, халқын берекесіз, ж -

гымсыз істен аулақ больгп, игілікті еңбегімен, өз күшімен 

күн көруге, шындық үшін жан беруге, адал өмір сүруге 

шақырадьт. Ақын б л өлеңінде әлеуметтік теңсіздікті жою-

дың жолын көрсете алмаса да, еңбекке негізделген пара-

сатты омір үстемдігін аңсайды. 

Араз бол кедей болсац рлықпепен. 

Кете бар кессе басың шындықпенен. 

Қорок тап бейпеттен де, тәңіріц жәрдем, 

Телмірме бір адамға м цдықпепсн! 

Дүниедегі адам көзі бақ пен дәулетке тоймайды. Сон-

дықтан адамға қайыр, рақым керек. Онсыз ол адам ата-

гынан айырылады дейді Ыбырай. 

Мақтанба бақыттымын деп багыңызга, 

Қартаіімақ, қнын сауда тағыңызда. 

Іске аспай бақ. дәулеттің қалуы оңай 

Басыңнап бағың тайған шағыңызда. 

Ақын «Әй, достарым!» деген өлеңінде «Қолыңнан келсе 

қыл қайыр!» деп, қайырымды, кең пейіл, адал азамат бо-

луға шақырады. 

Б дан кейін Ыбырай зиянды, адамгерптілікке сыііым-

сыз мінез-қ лықтарды атап көрсетіп, солардан елді сақтан-

дырады. Үстем тап өкілдерінің әр тобына тоқтап, олардың 

бойындағы азғындық белгілерін айтып береді. Оларға тән 

қылықтарды ақын жеке адамдарға ғана тән кездейсоқ қ -

былыс деп қарамайды. Оның қоғамдық сырын терең та-

нып, сол қоғам туғызған кесел екеніне оқушысының козін 

жеткізеді. Осындай кеселге бой алдырған хан, қожа-мол-

да, бай-мырза, билер бейнесінен ақын жағымсыздықтың ең 

сорақы көріністерін тауып, б лардың елді аздыра түсетін 

қатерлі кесапат екенін танытады. 

295 


Азган елдің билерінің Қайда доулотті адам болса, 

Барар болсаң алдына... Перер соган асын-айі. 

Қорадагы малына Көзіп суртіп бір көрі 

Төре берсе керек-ті. Төгіп келсе жасын-ай. 

Азған елдің байлары Бермек түгіл бейшараны 

лық т тар басын-ай, Масқара қылса керек-ті,— 

дей келіп, билердің парақорлығын, байлардың мейірімсіз-

дігін, қара пейіл, қатыгез, жағымпаз қылықтарын бетіне 

басады. Ақын б ларды азған ел өкілі деп жариялап, хал-

қына: «Әй, жігіттер! Үлгі алмаңыз азған елдің ішінен, 

алыс-алыс қашыңдар зияндасты кісіден» деп ақыл береді. 

Үстемдер тобының қалың копшілікке сүйкімсіз, ел береке-

сін кетіретін азғындықтарын батьтл мінейді. 

Б қарашыл ақынныц озбыр топқа наразылығьг барған 

сайын күшейе береді. «Тақсырлар тобын» халықты күйзе-

ліске үшыратып жатқан ауыр індет деп бағалайды. 

Тақсыр-тақсыр дегізіп тамсандырдың, 

Сөйтіп жүріп аяққа қап салғыздың... 

Оразапың түбіне мақс т жетер, 

Азғап елдің түбіне тақсыр жетер... 

Би-болыстардың жолына бас рып, олардың бар істе-

рін қ птап, жолдарына бас иіп «тақсыр-тақсыр» деп қасы 

мен қабақтарына қарап, аяқтарына жығала қ лшылық 

етіп төмендеуді, ар-намысты аяққа басқан арсыздықты 

қатты сынайды. 

Ыбырай озбыр окімет өкілдеріпе жай ғана наразылық 

білдіріп қоймай, олардың бір кезде, әділ қазы алдында 

жауап бермей кете алмайтынын ескертеді. Жарлылар ары-

зын тыңдар күн туса, жеген малың ртыңнан шығар, тіпті 

ақыр соңында, түбі бір әділдік тауып, кедейлер өздерінің 

кеткен еселерін қайтарар-ау деген сенім білдіреді. 

Әділдіктен хан тайса — папым кетер, 

Жылай-жылаіі жарлыныц майы жетер. 

Ай, тақсыр, б л дүние өтер-кетер... 

Мал иесі де артыңнап қуып жетер. 

Жарлылар да бір табар әділ қазы 

Таразылы күн болса арыз етер... 

Ыбырай өлецдерінің әлеуметтік мәні осы үзіндінің өзі-

нен-ақ байқалады. Ақынның жарлыларға іш тартып, аяу-

шылық білдіре, ақыл айта сөз қозғауы — үлкен батылдық. 

Б л ақынның қоғам оміріне сын көзімен қарап, ондағы 

қайшылыңтар сырын терең т сіне білгендігінің айқын кө-

рінісі. Ел басындағы әлеуметтік теңсіздіктен туған ауырт-

палықты кору, «жақсылар» тобының қиянатын айыптау, 

296 


езілген халыққа ара түсу — ақын өлеңдеріндегі ең езекті 

идеяның бірі. 

Ыбырай — жаңашыл жазушы. Ол — ең алдымен қазақ 

әдебиетіне жаңа идея мен тың тақырыптар окелуімен жа-

ңашыл. Қазақ ақындарынан оқу, тәлім-тәрбие, мәдениет 

мәселелерін Ыбырайдай арнайы жыр еткен ешкім болған 

жоқ-ты. Ыбырай б л мәселелерді өз шығармаларының ар-

қауы етті. Өнер, еңбек, кәсіп, адалдық, адамгершілік идея, 

отырықшылыққа бапланысты т рмыс жаңалықтары кең 

котеріліп, европалық мәдениет үлгісі уағыздалды. Өмір 

мәселелері кейіпкерлер әрекеттері арқылы агаылып, адам 

образын жасау қолға алынды. Ыбырай қазақ әдебиетінде 

намды кейіпкер жасау проблемасын көтерген жазушы деп 

танылса да артық емес. Сейітқ л, Үсен, әке мен бала, кә-

сіпқорлар, т. б. кейіпкерлер сол кездегі қазақ әдебиетіне, 

сондай-ақ ақынның «Жаз», «Өзен» деген өлеңдері 

де кезінде қазақ әдебиетіне жаңалық болып қосылды. 

Адам өмірін емірене жырлаған ақын табигатты ескермей 

кетуге тиіс емес еді. Себебі, адам өмірі табиғат қ шағынан 

тыс болмақ емес. Бірақ, Ыбырайға дейінгі қазақ аңында-

ры табиғатты өз алдына тақырып жасап, бөлек жырлауды 

дәстүр етпеген-ді. Ал, Ыбырай мен Абай қазақ әдебиетін-

де жыл мезгілдерін өз алдына тақырып етіп жырлаған 

жаңашыл лирик ақындар болды 

Жазушы табиғат лирикасын туғызған кезде оның ал-

дында даяр үлгі — орыс әдебиеті мен батыс поэзнясы бар 

еді. Ақын оны шебер меңгерді және оған өзіпдік талғам-

мен қарады. Ол орыс не батыс әдебиетіндегі табиғатты 

жалаң алып, өмірден оқшау жырлаған символист, пейза-

жист аңындарды емес, табиғатты адам өміріне байланыс-

тыра жырлаған Байрон, Пушкин, Лермонтов сияқты ақын-

дарды үлгі т тты. Сөйтіп, ол әрі мәнді, әрі с лу суретті та-

биғат лирикасын жасады. 

ЬІбырай «Жаз» деген өлеңінде жерді көк майса шал-

ғын басып, дүние гүл жайнап, оның хош иісі адамды ра-

ңатңа бөлеп жатңан ең бір әсем кезеңнің тамаша картина-

сын жасайды. 

Сәуірде алуан-алуап жауар нөсер, 

Носердің қуатымен жер шөбі өсер. 

Кокорай дүние жүзі шалгын болып, 

Мал, айуап, адамзат бауырын төсер. 

Жап-жәндік рақат тауып гуру үшін 

шпақтан хош иісті желдер есер. 

297 


Табиғат кестесін ақын мал баққан шаруаның т рмысы-

на штастыра баяндап, кәшпелі елдіц оміріне сай сурет 

жасайды. 

Сәуірдіц өрбір күні дертке дәрмеп, 

Қ дайым дәрмен бод ден етер нәрмен... 

Бір малы шаруапың екеу болып, 

Қыстаудап ел шыгады алуан-алуан... 

Жазғы жақсы шақты халықтың көңілді күй-жайымен, 

жастардың махаббатымен штастыра жырлайды. 

Күлісіп, қүшақтасып эзіл етер, 

Әйелдер кош жөнелтін кейін қағган... 

Адамзат сайрап етер коңілі жай, 

Секіріп ойын салар қ лын меп тай... 

Кеш болса күп қонады таудап асып, 

Шапаққа қызыл алтын арай шашып, 

А рып шүкірлікпен қ шақтасар, 

Раңатпон кеш уақытында пеше ашық, 

Боз үйден тац алдыида к йеу шықса, 

Артыцпап қарар жары жүзін басып. 

Ақынның «Өзені» де табиғат суретін тамаша беіінелей-

ді. Суға толы өзеннің ағысы өмір сырын бейнелеп, ты-

нымсыз ағып, адам, жан-жануар біткенге өмір нәрін сы-

нады. 

Таулардан өзен ағар сарқырағап, 



Айнадай сәуле берін жарқыраган. 

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпты, 

Аралап тау меп тасты арқыраган, 

Коціліц суып ішсец ашылады, 

Дененде бар дертіңді қашырады, 

Өксіген оттай жапып жануарлар, 

Өзениен рақат тауып басылады. 

Міне, Ыбырайдың табиғат туралы өлеңдері осындай, 

бастан-аяқ адам тіршілігіне байланысты. Ақынның бүл 

өлеңдері реалистік суреттерімеи ерекшеленетін, әдебиеті-

мізге қосылған зор үлес. 

Ақын олеңдерінің көпшілігі — тәлім-тәрбие мақсатын 

коздеген, дидактика сарыны басым шыгармалар. Сондық-

тан олардың көшнілігіне публицистика стилі тән деуге бо-

лады. 

Ыбырай өлеңдерінің тілі қарапаііым, жатық та тартым-



ды, мақал-мәтелдерге де толы. Ақын айтайын деген ойын 

оқушысының көңіліне қ йып, қолыңа нық статқандай 

әсер қалдырады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет