З. Г. Бисенгалиев



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі483,49 Kb.
#8287

УДК 614.23:001:37 

 

З.Г. БИСЕНГАЛИЕВ  

доктор филологических наук, профессор 

 

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ – ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ  ҰЛТТЫҚ РУХ 

 

Қазақ  қоғамдық  санасында  үлкен  орны  бар  мемлекет  және    қоғам  қайраткері,  ірі  ғалым  Халел  Досмұхамедұлы  туралы 



еліміздің  кӛрнекті  қаламгерлері  мен  ғалымдары  З.Қабдолов  (1),  К.Нұрпейісов  (2)  Р.  Сыздықова  (3)  Ш.Сарыбаев, 

Б.Хабижанов,  Т.Ізмұхамедов,  М.Күлкенов,  Ғ.Әнес  (4),  А.Мектептегі,    Р.Әлмұқанова,  туыстары  Қ.Халелқызы, 

Д,Әбдірахимова, меценат Ж.Нәбиев т.б. біраз   мақалалар  мен  ғылыми еңбектер жазды. 

Осы  еңбектерде    Х.Досмұхамедұлының  азамат  ретінде  қалыптасуына  әсер  еткен    ұстаздары  -  әлемге  әйгілі    ірі  ғаламдар: 

И.П.Павлов, В.Бартольд, В.Радлов, Бодуэн де Куртенье т.б.туралы деректі мәліметтер бар. 

Туысы бӛлек – текті  тұқымның перзенті,  Алдияр бидің шӛбіресі, Байнақ би (Исатай – Махамбеттердің тілеулес серігі)  ұлы 

Машақтың    бел  баласы,  Досмұхамедтің  ұлы  Халел    тумысынан  аса  зерек,  талантты  болған.  Дархан  табиғат  оған  бірегей 

қабілетке  қоса,  таудай  талап  пен  тапжылмас  табандылықты  да  сыйлаған.  Ойға    алған    жұмысты  қолма  қол  істемей  

тынбайтын – істің адамы, іскер болған. 

Ауыл  молдасынан  оқып  хат  таныған  шәкірт,  одан  алған  алғашқы  тәлім  әсерлерін,  білім  нәрінің  түйірлерін  де  қасиетті 

тұмарындай сақтаған тәрізді. Бұл туралы, сәл кейінірек айтамыз.  Жергілікті орыс –   қазақ мектебінен алған білімі Тайсойған 

құмынан мұнай іздеп келген орыстармен  ауылдастары арасында  тәржімашылыққа жарайды. 

1894  жылы  11  жасында    Орал  қаласындағы    әскери  реалды  училищенің  дайындық  курсына,  қабылдануға  осы  ауылында 

алған  білімдердің  септігі  тиген  секілді.    1902  жылы    училищені  үздік  бітірген  талапкер      тағы  бір  жылға  қалып  дайындық 

курсынан  ӛтеді.  Мұндағы    мақсаты  латын  тіліне  байланысты  еді.  Оның  бірыңғай  білім  жолына  шығуына  туған  ағасы  

Дәулетүмбеттің (орысша оқыған, сауатты) рӛлі ӛте зор болғаны аян..  

1903  жылы    Санкт-Петербургтағы  Императорлық  Әскеи-Медициналық  академияға  латын  тілінен  қосымша    емтихан 

тапсырып түсу осы мақсаттардың орындалғаны еді. 

Талабы  зор  жастың  алдында  қызығы  мен  қиындығы  аралас  ғылым-білімнің  алып  ордасы  Санкт-Петербург  жатты.  Бірақ 

шәкірт Халелді  кӛрген қызықтарынан гӛрі ӛзі шешен де кӛсем санайтын халқының жұпыны да жүдеу тірлігі ойландыратын. 

Тайсойғандағы    үлкенді  құрметтеген  қазақтардың    даланың  кеңдігіндей  дархан  мінезі,  сӛзге    шеберлігі,  уәдеге  берік  ер 

кӛңілі, ертегі мен аңыз әңгімелерге, жыр – дастандарға, халық әдебиетіне  құмарлығы – мына қалада кӛргендеріне  мұлде 

ұқсамайтын.  Бірақ  туған  жеріндегі    халықтың  ӛнері,  тұрмыс  –салты,      әзіл-қалжыңы,  тәуелсіздігі    қасиетті  кӛрінді.  Санкт-

Петербургтағы  жылдар  қазақ    халқының      мына  дүниедегі  орны,  ӛнері  мен  әдебиеті,  арманы,  орыс-қазақ  арасындағы 

қатынастар туралы ойлы жастын пікірлерін  қалыптастырды, пісірді, бекіттді. 

Санкт-Петербургтағы қайнаған ӛмір, қоғамдық қайшылықтар , түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы тартыстар біртіндеп 

саяси қозғалыстарға тартты.... Аса талантта айрықша зерек  жастың парастқа, адам және қоғамдық ӛмір туралы ойлардан 

әрекетке  араласып  кӛруге  шешім  қабылдағандай.      Ұлыорысшыл  шовинистердің  «Бұратана»  деп  менсінбей  мінездейтін 

халықтардың оқу іздеп, тағдыр айдап келген жастарының  саяси кӛзқарастарының  қалыптасатын жылдары да осы.   

1905-1907 жылдардағы саяси-әлеуметтік қозғалыстар мен сан түрлі  кӛтерілістер сабағы  текке кеткен жоқ. Елге демалысқа 

келген студент  Орал облысындағы саяси-ағарту, үгіт жұмыстарына араласа бастады.  

 «Фикр»  (Пікір),  «Уральский  вестник»  газеттері  бетіндегі  мақалаларда,  түрлі  жиын-той  бас  қосулардағы  сӛйлеген  сӛз, 

кеңестерінде .. Санкт-Петербургте болып жатқан саяси уақиғаларды  тәуелсіздік, елдік идеяларын айта  бастады. Полиция 

назарына  ілігу  ұшығып  кете  жаздады,  шешендігі  мен  логикасының  мықтылығы  арқасында  ретін  тауып  құтылды:  

«Демократиялық  күштер,  оның  ішінде  студенттер  қауымы  да  жиі-жиі  наразылық  біддіріп  жататын.Қым-қиғаш  студенттік 

ӛмірге  араласумен  қатар,  саяси  білімімді  жетілдіруге  кірістім.  Әр  тұрлі  саяси  партиялардың  бағдарламасмен,талап 

тілектерімен  таныстым.  Мені  және  басқа  да  қазақ  студенттерін  ешбір  саяси  партияның  бағдарламасы 

қанағаттандырмады..»-деп  жазады  Х.Досмұхамедұлы.(5)  ОГПУ  тергеушісіне  жазған  жауабында.  Және  мұндағы      астын 

сызылған жолдардың әдейі «саясатқа орай» айтылғаны да дау туғызбайды. 

Оқуға, Санкт-Петербургке   оралу осындай әсерлермен қабаттасқанды.. 

1909 жылы академияны «үздік дәрежелі емші» атағымен бітіргеннен  Х.Досмұхамедұлының   офицер ретіндегі дәрігерлік 

қызметтері  басталады.  Перм  губернияысында,  2-Түркістан,  2-Орал  батальонында  дәрігерлік  қызметтері  1913  жылы  әскер 

борышын ӛтеуден босағанға дейін, тікелей мамандығына байланысты болды. 

Х.Досмұхамедұлы    әскери  қызыметтен  арызданып  жүріп  босайды.  Халелдің  жұмыс  ауыстыру  себебі  туралы  академик 

Ғ.Ташенов пен Ғ.Әнес былый деп жазады: «Осы орайда әскери борышын ӛтеп жүрген Халелдің жеке бас тұрмыс-тіршілігі 

ешкімнен кем емес, қайта озық болғанын айта кету жӛн. Оған мына бір архивтік құжат дәлел бола алады. Мәселен, оның 

штаб  қызметкерлері  мұқият  толтырып  отырған  әскери  кітпшасының  8-тармағында  алатын  қаражаты  санамалап  берілген. 

Олар: «Жалақы – 720 сом,Қосымша – 240 сом.Тамақтануға – 96 сом. Пәтерге – 72 сом. Қызметші жалдауға – 50 сом. Отын 

мен шыраққа – 25 сом» (Ол кезде жылқының бәсі – 5 сом  болған) (Ағартушы Халел.-Алматы: Арыс,2004. 59-б.)  

1913 жылы Х.Досмұхамедұлы Темір уезіне бӛлімшелік дәрігер болып орналасады. 

Ол  кездерде    Қазақстанда    медициналық  кӛмек  кӛрсету    жайы    ӛте  тӛмен  деңгейде  болатын.  Ал  санитарлық-

эпидемиологиялық  жұмыстар    туралы  айтудың  ӛзі  қиын  еді.    Осы  жылдарда,  1912-1913    және  1915  жылғы  оба  (чума) 

ауруларының ӛрши бастаған тұстарында Х.Досмұхамедұлы аянбай еңбек етіп, кесірлі кеселді  тоқтатуға үлес қосады. 

Жұқпалы      аурулардың   қазақ халқына  қаншама қайғы қасірет әкелгенін 

санау  түгіл,  ойлаудың  ӛзі  қиын.  Халел  Досмұхамедұлы  халқының    дәрігерлік  кӛмекке      қаншалықты  мұхтаж  екенін    бала 

жастан білетін. Ел ішінде ӛсті.  Түрлі  жұқпалы аурулардың алдын алатын қарапайым шараларды   халық  білмеді. Сауатты 

оқыған  жандардың  аз  кем  айтқандарын  ешкім  тыңдамады..Бұл  елге  үлкен  қасірет  әкелді.    Орны  толмастай  ауыр 

қайғылардың  талайын  кӛрді.  Білімі  жетпегендіктен  шарасыз  күй  кешті.        Ақыры,  оқуға  түскен  бойда-ақ,  қазақтар 



арасындағы  үсақ-тұйек    ауруларды  емдеуге    кӛмектесе  бастады.  «...студент  кездің  ӛзінде-ақ  ата  қоныстары  Тайсойғанда 

тӛрт бӛлмелі үй салғызып каникулға,кейіннен демалысқа  келген кездерінде осы үйде ауру-сырқауларды қабылдап, елдің 

үлкен  кішісінің  бәрін  медициналық    тексеруден  ӛткізіп  отырған»  (6)  .Жұқпалы  аурулардан  сақтану  жолдарын  туралы 

әңгімелер сол кездерден басталған еді 

Бірақ,  ауруға  қарсы  күрестің  қашан  да    оңай  емесі  белгілі.  Қатерлі  дерт  туралы  қарапайым  білімнің,  тазалықтың,  дәрі  -

дәрмектің жоқтығынан  қаншама халықтың шыбындай қырылғаны  жасырын емес. Осындай жағдайларда мыңдарға ақыл 

үйретіп кеңес берудің жалғыз жолы баспасӛз арқылы ӛз тәжірибесі мен білімін кӛпке жеткізу екенін кӛрді.  

Халел Хосмұхамедұлы қазақ еліне тарай бастаған баспасӛз   «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» (Орал), «Қазақ» т.б газеттер 

арқылы    жұқпалы  аурулар  туралы,  олармен  күресудің  қарапайым  жолдары,  дәрі  дәрмектің    түрлері  жӛнінде  жазды. 

«Қазақ»  газетінің  басында  отырған    Ахмет    Байтұрсынұлы  мен  Міржақып  Дулатұлы  оның  әрекетін  қолдап,  қол  жеткен 

табыстарына  қуанышын  білдіріп  отырды.    Аурудың  таралуына  жол  бермеу  туралы  мақалалар    мен  арнайы  кітапшалар  

жариялау қазақ ағартушы-демократтарының ең басты міндеттері екенін  айтты. 

 «Тамыр  дәрі  хақында»,  «Сары  кезік  –  сүзек»,  «Жұқпалы  ауру  хақында»  т.б.  еңбектер  -  осы  мақсаттағы  ойлардың  жемісі. 

Мұндай мақалаларды жазу үстінде нақты ғылыми пән, медицинаға арналған арнайы ұғымдарды білдіретін терминдердің, 

терминологияның  қажеттігі  кӛрінді.  Әрі  ғылыми  ойдың  маңызын  дәл  жеткізетін  мәдениетті,  сауатты  жазылған 

мақалалардың  қажеттігі  пайда  болды.  Х.Досмұхамедұлы    арнайы    кӛңіл  аударған  терминология  мәселелері  осындай 

қажеттіліктен  туындаған  еді.  Ғалым  «...анатомиялық  аталымдардың  қазақ  тіліндегі    алғашқы  466  баламасын  берген» 

(Хабижанов Б.Дәрігерлік қызметі...//Ағартушы Халел.Алматы,2004. 82-б) Біршама сауатты, білікті жазылған мақалалар мен 

медициналық сауат ашу кітапшалары  дұниеге осылай келе бастады. 

Кӛп  кешікпей-ақ  Х.Досмұхамедұлы  ел  қамын  ойлаған  білікті  азаматтар  мен  қоғам  қайраткерлерінің,  қалың  кӛпшіліктің  

назарына  ілікті.    Қазақ  елі  үшін  маңызы  зор  қоғамдық  мәселелеге  байланысты  жиындаға,  мәжілістерге,  құрылтайларға 

шақыру бастады.  

1916-1917 жылғы саяси әлеуметтіқ қозғалыстар  мен  тӛңкерістер. Патша үкіметінің құлауына ықпал жасады. Оның орнына  

келген  Уақытша  үкімет  және  саяси    бостандықтар  мен  әлеуметтік  теңдік  жариялағанмен,  оны  орындауға  келгенде 

самарқаулық  жасап,солқылдақтық  танытты.    Қазақтың  кӛрнекті  қоғам  қайраткерлері  тәуелсіздік,  бостандық  жолындағы 

күрестерге шықты.«Алаш» партиясы және «Алашорда  (автономиясы) үкіметі» жолындағы күрестер осы мақсат жолындағы 

әрекеттердің басы еді.  

1917 жылдан кейінгі  қызметтерінде Х.Досмұхамедұлы  дәрігерлік мамандығынан қол үзіп кетпесе де, негзінен қоғамдық, 

саяси-әлеуметтік  істерге  қоян  қолтық  араласа  бастайды    Жаһаншаһ  (Жанша)  Досмұхамедұлымен  жақындасады.    Бұлар  

тектері Досмұхамедұлы болғанмен туыстас, ағайынды жандар емес.  Бірақ, қалған ӛмірлерінде  азапты да, тозақты да бірге 

кӛрген, қазақтың  азаттығы мен Егемен ел болуын армандаған  достар   кұрес  жолында бірге болды. 

Олар  «Алаш»    партиясы  мен  Алаш  үкіметін  (автономиясын)  құруға  белсене  қатысып,  оны  ұйымдастырушылардың  бірі 

болған. 

1918  жылы  Халел  мен  Жанша  Досмұхамедовтер  Кеңес  үкіметінің  басшылары  В.И.Ленин  және  И.В.Сталинмен  Мәскеуде 

кездесіп  Алашорданың    шешуін  табуды  күтіп  тұрған  ӛзекті  мәселелерін  айтады.(7)  Бірақ,  Кеңес  үкіметінің    басына  келген 

большевиктердің  мақсаты  ӛздері  бір  кезде  жариялаған  «Россия  халықтары  праволарының  Декларациясындағы» 

уәделерінен  мұлде  басқа  болатын,  сондықтан  да  олар  Алаш  автономиясы  мен    Алашорда  үкіметінің  тіпті  кейбір 

мәселелерде  болса  да  еркіндік,  автономиялық    дербестік  алуын  естігісі  де  келмеді.  Бұдан  әріде    бейбіт  келіссӛздерден 

ештеңе шықпайтынын түсінген қазақ қайраткерлері большевиктерге қарсы ӛзге де саяси күштермен бірлесе отырып күрес 

жолына шықты. 

Ӛкінішке  орай  азаттық  жолына  күреске  шыққан    қайраткерлердің  басы  бірікпей  үшке  бӛлінді  де  кӛп  кешікпей-ақ,  күш 

кӛрсеткен    большевиктер  қимылдарына  шыдай  алмай  бет-бетімен  кетті.  Кеңес  үкіметі  «Алаш»  қозғалысын  талқандап  , 

ұйымдарын күшпен таратты.       

Алайда,  аз-кем  уақыттан  соң,  талантты,  сауатты  қазақ  қайраткерлері  М.Жұмабайұлы,  М,Әуезүлы,  Ж.Аймауытұлы, 

М.Тынышбаев, Қ.Кемеңгерұлы т.б. Кеңес үкіметінің жұмыстарына шақырылды... 

1920  жылдың    соңында    Х.Досмұхамедұлы  Ташкент  қаласына  келеді  де,  ӛмірінің  жаңа  кезеңі    ғылыми  –  шығармашылық 

жұмыстарды  жолға  қою  және  оқу  -  ағартуды  ұйымдастыру,  мәдениет,  әдебиет  қолға  алу  т.б.мәселелерімен    тікелей  

айналыса  бастайды.    Мәселен,  Халық  ағартуды    институтында  оқытушы,  Орта  Азия  университеті  медицина  факультетінің 

ауруханасында  ординатор,  Түркістан  республикасы  қарамағындағы  ғылыми  кеңестің  тӛрағасы,  мемлекеттік  ғылыми 

баспаның бӛлім жетекшісі міндеттерін атқарады.  

1922  жылдары  ғалымның  «Жануарлар»  атты  кітабының  1  (  омыртқалылар)  және  2  (омыртқасыздар)  бӛлімдері  биология 

және медицина негіздерінен жеке оқулық ретінде жарық кӛреді.(8), (9),(10). Осы оқулықтың –«Жануарлар» 3-кітабы, 1927 

жылы жарияланады Бұл оқулық 1930 жылдарға дейін бірнеше мәрте қайта басылған. 

1927  жылы  ғалымның    «Адамның  тән  тірлігі»  атты  оқулығы  Қызылордада  жарық  кӛреді.(  11)  Бұл  кітап  туралы  академик 

Алшынбай  Рақышев  :  «  Бұл  еңбекте  ӛте  пайдалы,  әрі  құнды  атаулар  кездеседі.Әрине,Халлел  сияқты  қазақтың  атақты 

ұлдарының  артқа  қалдырған  еңбек,  ой  пікірлерін  дұрыс  тексеріп,  тарихи  мән  беру  келешектің  ісі  деп  жазады»  (12)   

Мәдениет  мәселелерімен  тікелей  шұғылданатын  «Талап»  қоғамын    құрады.  Онда  проф,  А.Шмидт,  Ә,Диваев,  К.Халенұлы, 

М.Жұмабайұлы,  Н.Архангельский  т.б.  қоғамдық  жұмыстар  атқарады,  Басты  мақсат  –  халықтардың  мәдени  ӛркендеуіне 

жәрдемдесу еді. 

Халел  Досмұхамедұлының  «Шолпан»  журналының  1-8  сандарында  жарық  кӛретін  «Қазақ  тіліндегі  сингармонизм  заңы» 

аталатын  зерттеу  еңбегі  (  Кейін  осы  атаумен  Ташкентте    1924  жылы  жеке  кітапша  ретінде  «Қазақ  тіліндегі  сингармонизм 

заңы»  -  жарық  кӛреді.(12)  Ғалым  бұл  еңбегінде    қазақ  тілінің  негізгі  заңдарының  бірі  туралы  ӛз  пікірлерін  жүйелей 

жеткізеді. Қазақ тіліне аса қолайсыз әсер етуші жат сӛздердің (шетел тілдерінен ене бастаған) тілімізді бүлдіру себептерінің 

бірі оларды қабылдауда сингармонизм заңдылығының сақталмауы деп түсіндіреді. Ойлана қолданса кірме сӛздердің бәрін 

осы заңдылық аясында қабылдауға болар еді деген  пікірге тоқтайды. Сондықтан да тілімізді сақтаудың басты тәсілдерінің 

бірі, тіл заңының  негізгі ұстанымдарын ұстау. 



Халел  Досмұқамедұлының  1923  жылдары  жарық  кӛретін  мақалаларының  ішінде  филологтар  кӛңіл  аударатын  ерекше 

еңбегі    М.Қашқаридің  «Диуани  лұғат  ат-түрік»  мақаласы.  Бұл  «Шолпан»  журналының  (13)  сандарында    жарияланған. 

Ескерткішке айрықша назар аударған ғалым  оның  1917 жылы Рифғат (түрік ғалымы 3 том етіп адарған) аударған нұсқасын  

пайдаланады.  Ескерткіштің    түркі  халықтарының  тілін,  тархын,  әдебиетін  зерттеуде  теңдесі  жоқ  материалдар  беретінін 

айтады. Әсіресе, тілдер фонетикасы мен лексикасын салыстыра зерттеуде маңызын атап кӛрсетеді. Соған қарағанда ғалым 

түрік  тілін  де  жақсы  білген.  Ғалымның  «Құдатғу  біліг»,  «Жамиғ  ат  тауарих»  т.  б,  ескерткіштермен  де  жақсы  таныстығы 

байқалады.. 

1924  жылы  Халел  Досмаұхамедұлы  Россия  академиясының  Орталық  ӛлкетану  бюросының  мұше-корреспонденті  болып 

сайланады. 

1926  жылдан  бастап  Қазақ  педагогика  институтының  проректоры,  1927  жылы,  доцент,  1929  жылы  профессор  атағы 

беріледі. 

1929  жылы  Алматы  қаласында    Қазақ  мемлекеттік  университеті  ашылады  да  ұйымдастыруға  белсене  қатысқан 

Х.Досмұхамедұлы оның бірінші проректоры болып тағайындалады. Осы жұмысымен қатар  Қазақ АССР Халық денсаулығын 

сақтау комитетінде жоспарлау-ұйымдастыру басқармасының меңгерушісі қызметін қоса атқарады. 

1920  -  жылдарда  Х.Досмұхамедұлының    ғылыми  -  ұстаздық,  ұйымдастырушылық  қабілеті  жан-жақты  кӛрінеді.  Ұлттық 

мектептердің  жаңа  жүйесін  құруда,  оларға  арнап  оқулықтар  жазуда,  ғылыми  терминология  қалыптастыруда  аянбай 

еңбектенеді. Оған пікірлес достары М.Жұмабайұлы, М.Әуезұлы, Ж.Аймауытұлы т.б. белсене  кӛмектеседі. 

Х.Досмұхамедұлының  ӛмірбаянына  тоқталғанда  оның    ұстаздық,  ұйымдастырушылық  қызметі    туралы  да  кӛп  жазуға 

болады.  Мәселен,  «Еркін  қазақ»  газетін  шығаруда.  1919  жылы,  Орал  губерниясындағы  уезд  орталығы  Ойыл  кентінде 

бірнеше  номері    шыққын  (14)  Сонымен  қатар  Ташкентте  тәлім-тәрбие  журналы  «Сана»ны    шығаруға  күш  салады. 

Мемлекеттік  ғылыми баспаның бӛлім жетекшісі ретінде   қоғамдық-әлеуметтік маңызды кітаптарды шығаруға, оқу ағарту 

әдебиетін,    оқу  құралдарын,  мәдени  мұраларға  байланысты  кітаптарға  кӛңіл  бӛледі.  «Бекет  батыр»,  «Мырза  Едіге», 

«Алпамыс», «Шәкірұлы Шора», «Шора батыр», «Қобыланды», «Тарту»  жинағын жеке кітап қылып  бастыруда еңбегі бар. 

Ә.Бӛкейханұлының «Сұлтан Кенесары тарихына қосымша материал»(орыс тілінде), «Қыз Жібек», «Кенесары Наурызбай», 

«Қазақ  тілінің  түсіндірме  сӛздігі»,  «Абай  ӛлеңдерінің  таңдамалы  жинағына»  (Алғысӛз,  түсініктемелер  жазады)    редактор  

болады.                                       

Ташкент қаласы...,Түркістен автономиялы республикасының қазақ елі үшін аса маңызды қызметтеріне араласу Т.Рысқұлов, 

С.Қожанов,Н.Тӛреқұлов,М.Жұмабаев,М.Әуезов, .Аймауытов,М.Тынышпаев, Қ.Кемеңгерұлы, т.б. тәрізді  аса талантты қоғаи 

қайраткерлерімен сырлас, қанаттас болу  қаламгерді ерекшк шабыттандырған кезең еді. 

Халел  Досмұхаметұлы  ғылыми-шығармашылық  және  оқу-ағарту,  баспагерлік,  ұстаздық  жолында  мерзімді  баспасӛз 

беттеріне  қоғам алдындағы ӛзекті мәселелер туралы мақалаларды тартынбай, арал кӛңіл, шын ниетімен ӛте кӛп жазады. 

 «Мұрат  ақын  сӛздері»(1924),  «Исатай-Махамбет»(1925),  «Шернияз  –  шешен»(1925),  «Аламан»(1926),    атты  алғы  сӛздері 

және тиісті  ғылыми түсініктемелері бар кітаптарын жариялайды. Бұл басылымдар бұгінгі таңда кӛп қолданылып, зерттеліп 

жұрген  шығармалар.  Бірақ,  олардың  жаңа  басылымдарын  дайындауда    түпнұсқа  ретіндегі    Х.Досмұхамедұлының  

кіпаптарымен салыстырған жӛн. Ӛйткені Махамбеттің соңғы басылымдарында баспалар тарапынан еркіндіктер кӛп кеткен. 

Қазақ халқының сәулет ӛнері туралы туралы кӛптен армандаған (Санкт-Петербург кезінен) ойларын «Бұхарадағы Кӛгілташ  

медресесін  салу  туралы  әпсана»(  1927),  «Самарханд  қаласындағы    «Тіллә  қари»  мен  Ширдар  медреселерін  салғызған 

Жалаңтӛс  батыр  шежіресі»(1928)  туралы  ғылыми-тарихи  очерктерінде    айтады.    Бұларда  халқымыздың  кӛне  тарихының 

ӛзіндік даму жолдары мен ерекшеліктері бар екені  деректі түрде дәйектеледі. 

Халел  Досмұхамедұлының    әдебиеттану  саласындағы    маңызды  еңбектерінің  бірі  «Қазақ  халық  әдебиеті»  очеркі  (1928). 

Зерттеуші  еңбегінде  халық  әдебиетінің    баспа  бетін  кӛрген  материалдарын    мақсаты  мен  мазмұнына,  түрлеріне  қарай 

топтайды. Қаламгердің  халық әдебиеті туындыларын ғана емес олар туралы зерттеушілер мен жинаушылардың еңбектері 

мен  пікір,  кӛзқарастарын  жақсы  білгені  байқалады.  Ол  кітапқа  жазған  алғысӛзінде    халық  әдебиетнің    ел  тұрмысы    әдет-

ғұрып,  салт-санасымен  тығыз  байланыстылығын  кӛрсетеді.  Қаламгердің  осы  еңбегінде    халық  әдебиетінің  ескіден  келе 

жатқан әрі  ел ішінде кӛп  кездесетін бір түрлерінің:  дем салу, үшкіру, бал ашу, түс кӛру  тәрізді  фольклоршылар назарынан 

тыс қалып келе жатқан түрлеріне назар аударады. Очеркті дайындау барысында мұндай материалдарды Х.Досмұхамедұлы 

қалай  қолына  түсірді  деп  ойланғанда    оның  халық  әдебиеті  туындыларын    жинаушы  Әбубәкір  Ахметжанұлы.Диваевқа 

арналуы  біраз  нәрселерді  айқындайтын  тәрізді.  Автордың  ел  тарихын  жақсы  білетін    адамдармен,  ел  ортасында  қадірлі, 

беделді қариялармен сыйластығы,  достығы үлкен кӛмек болған  сияқты.  

Ойлана  қарағанда,      халықтың    бағзы  замандардан  бері  сырқат  адамдарды  емтеу  үшін  қолданып  келе  жатқан  осы 

тәсілдерінің  адам психикасы мен  дәрігерлік-емшілік мамандыққа  байланысы барлығын  мүлде жоққа саюға болмайтын 

шығар. Қаламгердің бұларды кӛңіл бӛле топтастыруына қарағанда айрықша бір ойлары болған сияқы. 

Халық әдебиетінің бір түрі ретінде сақталған мұндай мұраларға кӛз жұма қараудың, оларды  ескермеудің  дұрыс еместігі 

бүгінгі таңдағы ғылым  теріске шығарылып отырса, зерттеушінің  ӛткен ғасырдың 20 жылдары-ақ оған мән беруі ойлантады. 

Сондай-ақ, сол жылдардың ӛзінде де оқығандар қабылдай қоймаған: «Аруақтармен айтысу» тәрізді  халық әдебиетінің бір 

үлгілерін «Сана» журналында  жариялайды. 

Х.Досмұхамедұлының  оқу құралдары мен кітаптар шығаруда, газет-журналдарға мақала жариялауда мұқият қараған, кӛңіл 

бӛлген      басты    ұстанымы  –  қатесіз,  үлгі  болардай  деңгейге  жеткізе,  сауатты,  мәдениетті  жазу  және  жариялау  болатын. 

Шама келгенше болашақ шығармаларға  жол кӛрсету еді. 

Кӛрнекті  қоғам  қайраткері,  үлкен  ғалым,  Х.Досмұхамедұлының  алдына  қойған міндеттері  де  ойға  алған  мәселелері  де  аз 

емес еді. Бірақ, оны орындауды тағдыр жазбады. 

Х.Досмұхамедұлы  1930  жылы  тұтқындалып  Воронеж  қаласына  отбасымен  және  халқымыздың    кӛрнекті  қоғам 

қайраткерлері: Ж.Досмұхамедұлы, Әбдіхамит және Жақып Ақбайұлдары,  Әшім Омарұлы, Сейдәзім Қыдырбайұлы, Мұхтар 

Мурзин  т.б.  бірге  жер  аударылды.  Оның  осы  қаладағы  қызметі  мен  ӛмірі  туралы    Халелтануға  кӛп  еңбегі  сіңген  ғалым  

А.Мектеп мынандей деректерді ұсынады: 


 «Воронеж  қаласында  Халекең  қоғамдық  денсаулық  сақтау  және  гигиена  институтында  бала  және  жас  ӛспірімдер 

денсаулығын  қорғау  бӛлімін  басқарады...,  қаланың    аудандық  денсаулық  сақтау  бӛлімінде  инспектор-  мектеп  дәрігері 

қызметін  атқарады...Осы  жылдардағы  оның  қызметіне  Воронеж  қалалық  денсаулық  сақтау  органдарырың  разы  болып 

берген құжаттары бар»-деп жазады проф. Хабижанов Б. (15.) 

1935 жылы мерзімі бітсе де  елге орала қоймайды. Сірә, тағдыр тауқыметін кӛп кӛріп жазықсыз жапа шеккен талантты жан 

алда  тұрған  сұмдықтарды  сезген  тәрізді.    Кӛп  кешікпей-ақ  сол  қалада  1937  жылы        қайта  тұтқындалып,  әуелі  Мәскеу 

түрмесіне,  кейін  Алматыға  жіберіледі.  Осында,  Қазақстанның  астанасында    1939  жылы  әскери  трибуналдың  үкімімен  ату 

жазасына кесіледі. 

Қазақ халқының қоғамдық санасының даму тарихында Әмбебап ғалым, энциклопедист Х.Досмұхамедовтың  алатын  орнын  

енді ешкім де жоққа шығара алмайды. Бұл - бүгінгі таңда дәлелдеуді қажет  етпейтін   тарих. Бірақ оның   осы қасиеттерін, 

туған  елі  мен  халқы  үшін  сіңірген  ерен  еңбегін  екінің  бірінің  біле  бермейтіні  де  сондай  шығңдық.  Оның  үстіне    кӛрнекті 

қаламгердің  ӛмірбаянын, шығармашылық ғұмырнамасын жасадық, туындыларын түгелдей таптық, талдадық деп те ешкім 

айта  алмас. Бұл да алдымызды тұрған аса ірі мәселелердің бірі дер едім. 

Мәселен  Х.Досмұхамедұлы    ӛмірінің  Санкт-Петербургтегі  жылдары  немесе  Воронеж  қаласы    мен    облысындағы  қызметі 

туралы  не білеміз? Бұл қандай жылдар еді? 

1903-1909 жылдар. Еуропа  мен  Ресей , тіпті әлем тарихындағы қилы-қилы құбылыстарға, қайшылықтар мен қақтығыстарға 

толы жылдар. Осы жылдарда, білім іздеп  Санкт-Петербургке Тайсойған, Оралдан келген таланты  шәкірт қарап отырған жоқ 

қой. Осы жылдардағы ғалымның ӛмірбаяндық мәліметтері әлі жүйге түскен жоқ. 

Қазақ  халқының  рухани  жан  саулығы  мен  тән  саулығының  шипагері    Х.Досмұхамедұлының  1905-1907;  1916-1917  жылғы 

дүрбелеңдер,  ақпан,  қазан  тәңкерісі  тұсындығы  атқарған    қоғамдық  -  саяси  қызметтерінде    ұстанған  идеялық  бағыт, 

бағдарларын  айқындайтын  құжаттар    да  аздау.  Осыларды  ескергенде  әлі  де  ашып,  аршып    қарайтын,  мұқият  тексеретін  

мәселелер  жеткілікті.  Мерейтойлық  кезеңдерде  асығыстау,  апыл-ғұпыл  жазылған  мақалалар  мен  баяндамалар  біраз 

нәрселерге кӛңіл аудартқанмен күткен нәтижеге жеткізбесі анық. Ендеше, осы   аса  мәнді мәселелерге шындап кірісетін, 

түптей тексеріп  деректі, түбегейлі  пікір айтатын зерттеушілер керек. Қолында билігі мен қаражаты бар, әсірес, осы қорға 

қатысы бар адамдардың жол ашатын басты мәселесі осы дер едім.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1

 



Қабдолов З. Кӛзқарас.-Алматы:1996. – Б. 89-97. 

2

 



Нұрпейісов К.Алаш һәм Алашорда.-Алматы: 1995  

3

 



Сыздықова Рәбиға. Халел шыңдары//Халел Досмұхамедұлы.Таңдамалы.-Алматы: 1998. - Б.11-26  

4

 



ӘнесҒ.Халел шыңдары// Халел Досмұхамедұлы.Таңдамалы.-Алматы:1998. -  Б. 11-26. 

5

 



Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы.-Алматы: 1998. – 13 б. 

6

 



Егемен Қазақстан. 1991, 2-қараша 

7

 



Ленин В.И. т.5. – М.:1974. – 352 с. 

8

 



Жануарлар.І-бӛлім.Сүйектілер хақында.-Ташкент: 1922  

9

 



Жануарлар.П-бӛлім.-Ташкент,1922. Жануарлар.Ш-бӛлім. – Ташкент: 1926 

10

 



Адамның тән тірлігі.-Қызылорда: 1927 

11

 



Рақышев А.Адам анатомиясы. – Алматы: 1994 

12

 



Қазақ тіліндегі сингармонизм заң. –Ташкент:  1924 

13

 



Досмұхамедұлы Х.Қашқари М. Диуани лұғат ат-түрік.//Шолпан  (№6-7-8) 

14

 



Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.-Алматы: 2002. – 247 б. 

15

 



Хабижанов Б. Дәрігерлік қызметі..// Ағартушы Халел.-Алматыю - 2004. 

 

 



 

 

 



 

 

 



З.Г. БИСЕНГАЛИЕВ  

ТРУДЫ ХАЛЕЛАДОСМУХАМЕДОВАИ НАЦИОНАЛЬНОЕ САМОСОЗНАНИЕ 

 

Резюме:  Известный  казахстанский  учёный  достаточно  подробно  излагает  основные  вехи  трудовой  и  творческой 

деятельности  ХалелаДосмухамедова.  При  этом  особо  подчеркивается  роль  Х.  Досмухамедова  в  росте  и  становлении 

национального самосознания задолго до октябрьской революции. 

Органам  государственной  власти,  обществу,  учёным  Казахстана  предстоит  приложить  немало  усилий  по  изучению  и 

возвращению народу творческого наследия его великого сына – считает автор 

 

 



 

 

 

 

Z.G.BISENGALIEV  

PROCEEDINGS OF KHALEL DOSMUKHAMEDOV AND NATIONAL CONSCIOUSNESS 

 

Resume:  Renowned Kazakh scientist set out in some detail the major milestones of labor and creativity of Khalel Dosmukhamedov. 

In this case highlights the role of H. Dosmukhamedov were in the growth and development of national consciousness long before 

the October Revolution. 

Public authorities and, scientists of Kazakhstan will make great efforts to study and return to the people  the creative heritage of its 

great son - the author. 

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет