12
Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің дайындық
жұмыстары бойынша ұсынымдар
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты факторы»
атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткендей, «бүгінде Назарбаев
Университеті мен Зияткерлік мектептері халықаралық стандарттар негізінде
жемісті еңбек етіп келеді ... олардың тәжірибесін қазақстандық білім беру
жүйесіне тарату керек...».
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
Стратегиясында Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, «Орта білім беру
жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік
мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ , орыс
және ағылшын тілдерін білуге тиіс. оларды оқыту нәтижесі оқушылардың
сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру
болуға тиіс».
Бұл бағдар Білім мен ғылымды дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған
басым бағыттарында көрсетілген, онда орта білім деңгейінде «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін есепке ала отырып орта білім беру
мазмұнын жаңарту бірінші кезектегі міндеттердің бірі болып табылады.
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын және 2014-2016 жылдарға арналған білімді дамытудың басым
бағыттарын іске асыру аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлесе отырып, орта
білім мазмұнын жаңарту жөніндегі жұмыстары екі бағытта жүргізілуде:
– бастауыш білім берудің жаңа МЖМБС, бастауыш мектепке арналған
типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын әзірлеу (кезең-кезеңімен
апробация 2015 жылдан және енгіру 2016 жылдан басталады);
– жобалау қызметін күшейте отырып 11 жылдық мектептің білім
мазмұнын ішінара жаңарту, барлық сөйлеу қызметінің түрлері және АКТ
бойынша дағдыларды дамытуға, сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыруға
бағдарлануы тиіс, яғни 5-11-сыныптар үшін тілдік пәндер, информатика,
жобалау қызметі бойынша оқу бағдарламалары мен оқу жоспарын әзірлеу (2015
жылдан бастап апробация және 2016 жылдан бастап енгізу).
МЖМБС жаңарту «өмірлік білім алу» тұжырымдамасынан «өмір бойы
білім алу» тұжырымдамасына қарай өтуге; білімді үнсіз тыңдаудан
бастамашылыққа,
білімнен
құзыреттілікке
бағытталған.
МЖМБС-тің
инновациялық сипаты оның тек білімді меңгертуден білімді өмірде қолдана
алу парадигмасына ауысуымен танылады. Оның түп мәні оқытудың мақсаттары
кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру арқылы оқытудың нәтижесіне қарай
бағытталуында.
2015-2016 оқу жылында 1-сыныпта оқытудың жаңа форматының
құрылымы мен мазмұнын апробациядан өткізу жоспарланып отыр.
Эксперименталдық алаң ретінде еліміздің барлық өңірлерінен жалпы білім
беретін 30 мектеп анықталды (4-қосымша).
170
Эксперимент барысында:
– жаңартылған мазмұнды типтік оқу жоспарлары мен оқу
бағдарламаларын апробациялау;
– сынама оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарын апробациялау;
– мектеп басшыларын, мұғалімдер мен әдіскерлердің біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру;
– эксперимент режиміндегі оқыту сапасына тұрақты мониторинг жүргізу
жоспарланған.
Жаңартылған типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары «Назарбаев
Зияткерлік мектептерінің» инновациялық тәжірибесін ескере отырып күшейтіле
түседі.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын
жаңа құрылымы болып табылады:
1) пәннің маңыздылығы;
2) оқу бағдарламасының мақсаты;
3) үштілділік саясатты іске асыру;
4) оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5) оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер;
6) түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру;
7) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі;
8) оқушылардың коммуникиативтік дағдыоарын дамыту;
9) оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10) пән бойынша бағдарламаның мазмұны, ұйымдастырылуы мен
бірізділігі.
Оқу бағдарламасының көрсетілген бөлімдері білім беру деңгейлері
бойынша оқу материалдарынан тұрады. Оқу бағдарламасына ұзақ мерзімді
және орта мерзімді жоспарлардан тұратын ұсынымдық сипаттағы оқу
жоспары қоса беріледі. Оқытудың мақсаттары мен тәсілдеріне негізделген
жоспарларда мұғалімдер үщін әрбір бөлім мен тақырыптарды өткізу,
оқушылардың сабақта білім алуын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар
берілген, сонымен бірге оқу ресурстары енгізілген (интернет, мәтіндер,
жаттығулар, бейне және аудио материалдары т.б.).
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:
– пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы;
– тану заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері
бойынша жіктелімге негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту
мақсаттарының иерерахиясы;
– білім беру деңгейлері бойынша және тұтас оқыту курсы бойына
педагогикалық мақсаттар қою ішкі пәндік байланыстарды барынша ескеруге
мүмкіндік береді;
– пәндер арасында «ортақ тақырыптардың» бір білімдік сала ішіндегі
тақырып ретіндегі болмысын танып, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру;
-пәннің бөлім мазмұндары мен тақырыптарының уақыт талабына сәйкес
болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назарды шоғырландыру;
- ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде оқу үдерісін
171
технологияландыру.
Ішінара жаңарту шеңберінде «НЗМ» ДББҰ оқу жоспарлары мен оқу
бағдарламалары мынадай пәндер бойынша бейімделуде:
– қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған «Қазақ тілі» (Т1) (10-11-
сыныптары үшін; 5-11-сыныптар және 8-11-сыныптар үшін);
– қазақ тілді емес мектептерге арналған «Қазақ тілі» (Т2) (10-11-
сыныптары үшін; 5-11-сыныптар және 8-11-сыныптар үшін);
– орыс тілінде оқытатын мектептерге арналған «Орыс тілі» (Т1) (10-11-
сыныптары үшін; 5-11-сыныптар және 8-11-сыныптар үшін);
– орыс тілді мектептерге арналған «Орыс тілі» (Т2) (10-11-сыныптары
үшін; 5-11-сыныптар және 8-11-сыныптар үшін);
– қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған «Ағылшын тілі» (Т3)
(10-11-сыныптары үшін; 5-11-сыныптар және 8-11-сыныптар үшін);
– «Информатика» (10-11-сыныптары үшін; 5-11-сыныптар және 8-11-
сыныптар үшін);
– «Жобалау қызметі» (6-9-сыныптар үшін).
Тілдерді оқыту барысында сөйлеу қызметінің - тыңдалым, айтылым,
оқылым және жазылым төрт дағдысын дамытуға арналған коммуникативтік
тәсіл күшейтілетін болады. Грамматика ұсынылған сөйлеу тақырыптарының
шегінде оқытылады.
Бірінші, екінші, үшінші тілдерді оқытудың оңтайлы тұстары сөздік қорын
кеңейтуге, кіріктірілген тілдік тақырыптардың аясында коммуникативтік
дағдыларды пысықтауға мүмкіндік беретін бірыңғай сөйлеу-тақырыптық
режимін енгізу болып табылады. Екінші тіл ретінде Қазақ/ орыс тілдерін (Т2)
және «Ағылшын тілін» (Т3) пәндерін оқыту CEFR (тілдерді меңгерудің
жалпыеуропалық рамкасы) сәйкес жүзеге асырылады.
Информатика бойынша жаңартылған бағдарлама оқушылардың АКТ-
құзыреттерін дамытуға бағытталған. Оқушылар ақпараттық сауаттылықты
жоғары деңгейде меңгеруі керек (іздеу тәсілдері мен амалдарын меңгеруі,
ақпаратты ұсына алу, түрлі көріністегі: мәтіндегі, сандық, дыбысты, кескін
бейнелі); оқушылар АКТ-біліктілігі негіздерін білуі және түсінуі тиіс
(ақпараттық тапсырмаларды шешу үшін компьютерді қолдану (АКТ басқа
түрлерін қолдану); алгоритмдік және логикалық ойлауды игеруі тиіс
(алгоритмге сәйкес әрекет жасау және қарапайым алгоритмдер құрастыру).
«Жобалау қызметі» пәнінің негізінде оқушының қоршаған ортаны өз
бетімен түрлі аспектіде зерттеу және өз қызметінің өнімдерін жасай білу
жатыр. «Жобалау қызметі» пәнін оқытуда оқушыларда сын тұрғысынан және
шығармашылық ойлау дағдылары, стандарттық және стандарттық емес
жағдаяттарды
тиімді
шешудің
дағдыларын
қалыптастыру
дамиды.
6-9-сыныптарда аталған пән жаратылыстану циклінің пәндерін кіріктіреді,
10-11-сыныптарда гуманитарлық пәндердің де мазмұнын енеді. Пән
оқушыларды болашақ өмірге дайындау мақсатына бағытталған, олар зерттеу
дағдыларын, сын тұрғысынан ойлай білуді және өзінің көзқарасын жеткізе
білуді пайдалана алады.
172
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдірудің жаңа жүйесін енгізу аясында
Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – Орталық) және «Өрлеу»
біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ ҚР Білім және ғылым
министрінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы №1 бұйрығымен бекітілген Педагог
кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқпулыққа
сәйкес Орталық Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесе
отырып әзірлеген ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік
бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарын өтікізуде.
2014 жылдың 2-тоқсанының қорытындысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті
арттырудың ұлттық орталығы» АҚ мен оның филиалдарының базасында
деңгейлік бағдарламалар бойынша бүгінгі күні Қазақстан Республикасының
8542 мұғалімі білімін жетілдірді.
Осыған байланысты, мұғалімдерді жаңартылған білім беруді енгізуге
даярлау мақсатында дегейлік бағдарламалар бойынша курстан өткен
мұғалімдер өз жұмысында жаңа оқыту әдістерін қолданып, осы бағытта
әріптестеріне де көмектесулері тиіс, 11 жылдық білім беру жүйесін кезең-
кезеңімен және ішінара жаңарту бойынша дайындық жұмыстары жүргізуге,
яғни мұғалімдердің пәндерді оқытуда сөйлеу қызметінің барлық түрлері мен
АКТ-ны дамытуға және кең мүмкіндігін қолдана алуына, сын тұрғысынан
ойлауды дамытуы, өз бетімен ізденіс жүргізіп, ақпаратты жан-жақты іздей
алуына, пәндерді оқыта отырып функционалдық сауаттылықты (оқу
сауаттылығы, математикалық сауаттылығы, жаратылыстану сауаттылығы)
дамытуға бағыт ұстанғаны дұрыс. Оқушылардың өз білімін өмірде қолдана
алуына, жобалау қызметін қарқынды меңгеруіне, пән аясында зерттеу
дағдыларын дамытуға бетбұрыс жасауы керек.
173
1-қосымша
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша
пилоттық білім беру ұйымдарының тізімі
№
Облыстардың,
Астана және
Алматы қ. атауы
Білім беру ұйымының атауы
Білім беру
ұйымының түрі
Оқыту тілі
1.
Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы
«Арман» мектепке дейінгі ұйым
қалалық
қазақша,
орысша
№ 39 балабақша
қалалық
қазақша,
орысша
№ 32 мектеп-гимназия
қалалық
қазақша,
орысша
Ақтөбе көлік, телекоммуникация
және
жаңа
технологиялар
колледжі
қалалық
қазақша,
орысша
Ақтөбе гуманитарлық колледжі
қалалық
қазақша,
орысша
2.
Қарағанды
облысы,
Қарағанды
қаласы
«Мерей» балабақшасы
қалалық
қазақша,
орысша
«Бәйтерек» балабақшасы
қалалық
қазақша,
орысша
№ 53 жалпы орта білім беретін
мектеп
қалалық
қазақша,
орысша
№ 92 гимназия
қалалық
қазақша,
Қарағанды
гуманитарлық
колледжі
қалалық
қазақша,
орысша
3.
Астана қаласы
№ 29 балабақша
қалалық
қазақша
№ 9 балабақша
қалалық
орысша
№ 59 мектеп-лицей
қалалық
қазақша,
орысша
№ 22 мектеп-гимназия
қалалық
орысша
Гуманитарлық колледж
қалалық
қазақша,
орысша
4.
Алматы қаласы
№ 27 балабақша
қалалық
орысша
№ 156 балабақша
қалалық
қазақша
№ 35 гимназия
қалалық
орысша
№ 131 мектеп-лицей
қалалық
қазақша,
орысша
№ 172 жалпы орта білім беретін
мектеп
қалалық
қазақша
№ 55 жалпы орта білім беретін
мектеп
қалалық
орысша
№ 1 Алматы қазақ-мемлекеттік
гуманитарлық-педагогикалық
колледжі
қалалық
қазақша
№ 2 Алматы қазақ-мемлекеттік
гуманитарлық-педагогикалық
колледжі
қалалық
қазақша,
орысша
5.
Алматы облысы,
Есік қаласы
Есік гуманитарлық-экономикалық
колледжі
қалалық
қазақша,
орысша
174
2-қосымша
Оқытудың 12 жылдық моделін апробациялау бойынша
білім беру ұйымдарының тізімі (12-сынып)
№
Облыс атауы
Білім беру ұйымының атауы
Оқыту тілі
1.
Ақмола
Бурабай ауданы Оқжетпес ОМ
орыс
Атбасар ауданы Мариновка ОМ
қазақ
2.
Ақтөбе
Ақтөбе қаласы, №24 ЛГМ
қазақ
Мартұқ ауданы №1 ОМ
орыс
Мұғалжар ауданы Абай атындағы ОМ
қазақ
3.
Алматы
Талдықорган қаласы №5 ОМ
қазақ
Талдықорған қаласы №19 МГ
қазақ
Талдықорған қаласы №16 ОМ
орыс
Еңбекшіқазақ ауданы Абай атындағы ОМ
қазақ
Райымбек ауданы Жанабаев атындағы №1 ОМ
қазақ
4.
Атырау
Атырау қаласы Сатпаев атындағы ОМ
қазақ
Кұрманғазы ауданы Абай атындағы ОМ
қазақ
5.
Шығыс Қазақстан
Глубокое ауданы Уваров ОМ
орыс
Өскемен қаласы №16 ОМ
қазақ
Приречное ОМ
қаз/орыс
6.
Жамбыл
Байзақ ауданы Г.Муратбаев атындағы ОМ
қазақ
Жамбыл ауданы Төле би атындағы ОМ
қазақ
Тараз қаласы №39 МГ
орыс
7.
Батыс Қазақстан
Орал қаласы №9 ОМ
орыс
Зеленовский ауданы Дарьин ОМ
орыс
Сырым ауданы Қ.Мырзалиев ОМ
қаз/орыс
8.
Қарағанды
Қарағанды қаласы № 27 ОМ
қаз/орыс
Абай қаласы №14 ОМ
орыс
Қарағанды қаласы № 92 МГ
қазақ
9.
Қостанай
Аманкелді ауданы Ы.Алтынсарин атындағы ОМ
қазақ
Қостанай ауданы Мичурин ОМ
орыс
Рудный қаласы №17 ОМ
орыс
10. Қызылорда
Қызылорда қаласы № 6 ОМ
қазақ
Қызылорда қаласы №144 ОМ
қазақ
Сырдария ауданы № 42 ОМ
қазақ
11. Маңғыстау
Ақтау қаласы № 11 ОМ
қазақ
Маңғыстау ауданы М.Атымов атындағы №6 ОМ
қазақ
12. Павлодар
Шарбақты ауданы Абай атындағы ОМ
қазақ
Павлодар ауданы Розовка ОМ
орыс
Ақсу қаласы №8 ОМ
орыс
13. Солтүстік
Қазақстан
Қызылжар ауданы №2 Бескөл ОМ
орыс
Есіл ауданы №3 Явленск ОМ
қазақ
Петропавл қаласы №5 ОМ
орыс
14. Оңтүстік Қазақстан Ордабасы ауданы «Кәусар» МГ
қазақ
Шымкент қаласы Х.Дулати ат. №8 гимназия
орыс
Созақ ауданы «Созақ» МГ
қазақ
15. Астанақаласы
№38 МЛ
қазақ
«Голубой парус» мектеп-бақша кешені
орыс
16. Алматы қаласы
№136 ОМ
қазақ
175
3-қосымша
Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан
өткізу үшін пилоттық орта білім беру ұйымдарының тізбесі
Ақтөбе облысы
1.
Ақтөбе қаласы әкімдігінің «№1 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
2.
Ақтөбе қаласы әкімдігінің «№ 3 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
3.
Ақтөбе қаласы әкімдігінің «№ 16 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
4.
Ақтөбе қаласы әкімдігінің «№ 32 жалпы білім беретін мектеп-
гимназия» мемлекеттік мекемесі.
5.
Ақтөбе қаласы әкімдігінің «№ 39 қазақ жалпы білім беретін мектеп»
мемлекеттік мекемесі.
6.
Мұғалжар ауданы білім беру бөлімінің «Эмба қаласының №1 орта
мектебі» мемлекеттік мекемесі.
7.
Алға ауданы білім беру бөлімінің «А.И. Пацаев атындағы № 2 Алға
орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.
8.
Алға ауданы білім беру бөлімінің «№4 Алға орта мектебі»
мемлекеттік мекемесі.
9.
Алға ауданы білім беру бөлімінің «№1 Алға мектеп-бақша»
мемлекеттік мекемесі.
10.
Алға ауданы білім беру бөлімінің «Бестамақ орта мектебі»
мемлекеттік мекемесі.
11.
Әйтеке би ауданы білім беру бөлімінің «М. Жұмабаев атындағы орта
мектеп» мемлекеттік мекемесі.
12.
Әйтеке би ауданы білім беру бөлімінің «Т. Жүргенов атындағы орта
мектеп» мемлекеттік мекемесі.
13.
Қарғалы ауданы білім беру бөлімінің №2 Бадамша орта мектебі»
мемлекеттік мекемесі.
14.
Шалқар ауданы білім беру бөлімінің «Бозой орта мектебі»
мемлекеттік мекемесі.
15.
Ырғыз ауданы білім беру бөлімінің «Ы. Алтынсарин атындағы орта
мектеп» мемлекеттік мекемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |