ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) Ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



Pdf көрінісі
бет3/21
Дата06.03.2017
өлшемі1,49 Mb.
#8315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Сауат ашу (оқу, жазу)  
Пәннің  басты  мақсаты  –  оқушылардың  оқу  және  жазу  дағдыларын 
қалыптастыру,  қарапайым  грамматикалық  ұғымдармен  таныстыру,  айтатын 
ойын  толық,  түсінікті,  жүйелі  жеткізе  білуге,  байланыстыра  сөйлеуге  үйрету, 

21 
 
ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру.  
«Сауат ашу» (оқу, жазу) пәнін оқытудың мiндеттерi:  
әлiппеге дейiнгi кезең:  
- тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыру, лексикалық тақырыптар, 
сюжетті суреттер бойынша байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту, сөздiк қорын 
байыту;  
- сөйлем құрауға үйрету, сөйлемнен сөзді, сөзден бөліп алуға, сөзді буынға 
бөлуге, буынды дыбысқа ажыратуға машықтандыру; дыбыстық талдау (сөздегi 
дауысты және дауыссыз дыбыстардың саны мен ретiн табу) жасауға, дыбыстық 
сызба  құруға  дайындау,  оны  «оқу»;  жазуға  даярлау:  жазу  жолын  сақтай 
отырып,  әрiп  элементтерiн  (әртүрлi  сызықтар,  өрнектер  мен  таңбалар)  жазуға 
үйрету.  
әлiппе кезеңi: жаңа әрiппен таныстыру (әрiптiң баспа түрi және жазба түрi, 
бас  әрiп  және  кiшi  әрiп);  сөзге  дыбыстық-әрiптiк  талдау;  сөздiң  дыбыстық-
әрiптiк  сызбасын  құру;  буынды,  сөздi,  сөйлемдi  оқу;  байланыстырып  сөйлеу 
тiлiн  дамыту;  сөздiк  қорын  байыту;  мәтiндi  дұрыс,  саналы,  түсініп  оқуға 
дағдыландыру; сауатты, көркем жазуға үйрету.  
Әлiппеден  кейiнгi  кезең:  тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым 
дағдыларын  жетілдіру,  оқушының  тiлін  дамытып,  алғашқы  грамматикалық 
мәліметтер беру. 
«Сауат ашу (оқу, жазу)» пәні бойынша жазба жұмыстары  
1 жартыжылдықтың соңында: айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді (3-
5  сөз),  екі-үш  сөзден  тұратын  сөйлемдерді  тыңдау  арқылы  жазу;  баспа 
әріптермен  берілген  мәтінді  (10-15  сөзден  артық  емес)  көшіру  жұмыстарын 
орындай алуы тиіс.  
2 жартыжылдықтың соңында: 1) күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі 
сөздерді, құрмында л – р, н– ң, с – з, с – ш, ж – ш, п – б дыбыстары кездесетін 
сөздерді  тыңдау  арқылы  жазу  (барлығы  8-10  сөз);  2)  үш-төрт  сөзден  тұратын 
сөйлемдерді, шағын  мәтіндерді  (10-15 сөзден аспайтын)  тыңдау  арқылы жазу; 
3)  сұрақтарға  жауап  жазу  арқылы  мазмұндама  жазу  (15-20  сөз  көлемінде); 
белгілі  бір  тақырыпқа  сөйлемдер  құрап  жазу  (2-4  сөйлем  мөлшерінде)  
(2-кестені қараңыз) жұмыстарын орындай алуы керек.  
Ескерту: 1-сыныпта шығарма жазылмайды.  
 
2-кесте - Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі  
Тоқсан /жұмыс түрлері 
диктант 
мазмұндама 
шығарма 
І 



ІІ 



ІІІ 



IV 



Жылдық 



Барлығы 



 
«Сауат  ашу  (оқу,  жазу)»  пәніне  оқу  жылы  бойында  аптасына  
7 сағат берілген, барлығы 231 сағатты құрайды, оның ішінде: әлiппеге дейiнгi 
кезең – 14 сағат; әлiппе кезеңi – 98 сағат; әлiппеден кейiнгi кезең – 119 сағат.  

22 
 
Қазақ тілі  
Қазақ  тілі  пәні    бастауыш  сынып  оқушыларын  алғашқы  тілдік  білім 
негіздерімен  қаруландыратын,  тіл  арқылы  қарым-қатынас  жасау  қызметінің 
барлық  дағдысын  (тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым)  меңгертетін  және 
олардың ақыл-ойын дамытатын пән.  
Пәнді  оқыту  мақсаты:  тіл  туралы  оқушыларда  тұтас  ғылыми  ұғым 
қалыптастыру, тіл ғылымы туралы негізгі ережелерді меңгерту; алғашқы тілдік 
мағлұматтарды  меңгерту,  сауатты  жазу,  оқу  дағдыларын  жетілдіру, 
интеллектісі  мен  шығармашылық  қабілеттерін,  қатысымдық  құзыреттілігін 
дамыту,  жеке  тұлғаның  қалыптасуы  мен  дамуына  мүмкіндік  жасау;  ауызша 
және жазбаша сөйлеу білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлға қалыптастыру.  
Пәнді оқыту міндеттері:  
 
оқушылардың  өз  ана  тілі  –  қазақ  тіліне  деген  қызығушылығын  ояту, 
тілдің  құдіретін  және  оның  эстетикалық  құндылығын  сезіндіру  арқылы 
қазақтың  ұлттық  мәдениетінің  бір  бөлігі  ретінде  өз  тілін  құрметтеу  және 
мақтаныш ету сезімдерін қалыптастыру;  
 
тілдік  ұғымдар  арқылы  оқушыларды  өзін  тілді  иеленуші  тілдік  тұлға 
ретінде сезінуге тәрбиелеу;  
 
ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру;  
 
тілдік материалдар негізінде қажетті тілдік білім, білік, дағдыларды (өз 
ана  тілінде  дұрыс,  түсініп,  мәнерлеп  оқу  және  сауатты,  көркем  жазу) 
қалыптастыру және дамыту;  
 
алғашқы  тілдік  құбылыстарды  танымдық  нысан  ретінде  меңгерту, 
оларды талдау, салыстыру, топтау және ажырату дағдыларын қалыптастыру;  
 
оқушының  өзіндік  іс-әрекеті  арқылы  оның  белсенді,  креативтік,  сын 
тұрғысынан ойлауын жетілдіру.  
Пәнді  оқыту  ерекшелігі  –  грамматикалық  материалдар  жүйелi-концентрлi 
ұстанымға  негiзделiп,  кешендi  сипатта  берілді.  Пән  мазмұны  «Тіл  және 
сөйлеу», «Дыбыс және әріп», «Мәтін», «Сөйлем», «Сөз және оның мағынасы», 
«Сөз  құрамы»,  «Сөз  таптары»  бөлімдерінен  тұрады.  Тілдік  саладағы  барлық 
тоғыз сөз табы мен олардың белгілері таныстырылады.  
Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы                
3  сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітіліп,  Қазақстан  Республикасы  Әділет 
министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде №8424 тіркелген «Қазақ тілі» пәнінің оқу 
бағдарламасына  сәйкес  биылғы  жылы  3-сыныптың  оқулығы  қайта  өңделді. 
Аталмыш 
оқулықтың 
құрылымы 
мен 
мазмұны 
тiлдi 
оқытудың 
коммуникативтiк  iс-әрекеттiк  бағытын  жүзеге  асыру  арқылы  тiлдiк  бiлiмнiң 
сапалы меңгертілуін қамтамасыз етеді.  
Жоғарыда  аталған  бағдарламаға  сәйкес  оқулыққа  енгізілген  өзгерістер 
мынадай:  
1)  оқулық  «Фонетика  әлеміне  саяхат»,  «Синтаксис  әлеміне  саяхат», 
«Морфология  әлеміне  саяхат»,  «Еліктеу  сөздер»,  «Сөйлеу  мәдениеті» 
тақырыптарымен толықтырылған;  
2)  жаттығулар  мен  тапсырмалар  Блум  таксономиясы  бойынша  оқу 

23 
 
деңгейлеріне (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) сәйкес берілген;  
3)  оқулық  мазмұны  оқушының  өз  біліміне  сын  көзбен  қарап,  қатесін 
анықтап,  өзіне  баға  беруге  үйрететін  рефлексиялық  жаттығулармен 
(проблемалық жағдаят) толықтырылған;  
4) кейбір 1 сағаттық материалдардың соңында міндетті бөліктерден басқа 
міндетті емес бөліктер берілген;  
5)  үлкен  тақырыптардан,  тараулардан  соң  оқушылардың  өз  білімдерін 
өздері  тексеруін  мүмкін  ететін  1  сағаттық  «Өзіңді  өзің  тексер»  материалдары 
берілді,  
6) «Жыл бойы өткенді қайталау» тарауының соңғы 1 сағаттық материалы 
оқушылардың «Жазғы қызықтар» жобасымен жұмыс істеуіне арналады.  
4-сыныпта  дыбыс  және  әріп  тарауында  фонетика  термині  енгізіліп, 
фонетикалық  талдау  үйретіледі; сөйлем  тарауында  синтаксис ұғымы  енгізіліп, 
синтаксистік  талдау  жасау  үйретіледі;  сөз  таптары  тарауында  морфология 
термині енгізіліп, морфологиялық талдау үйретіледі.  
Жазба жұмыстарының оқу  тоқсандары  бойынша бөлінуі  кестеге  (3-кесте) 
түсіріліп,  әр  сыныпқа  тоқсан  сайын  диктант  –  3  сағат,  мазмұндама  –  1  сағат, 
шығарма – 1 сағат, барлығы – 20 сағат жазба жұмысына берілген.  
 
3-кесте – Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі  
 
Сыныптар 
Жазба жұмыстар 
түрлері 
Оқу тоқсандары 
Барлығы 
І 
ІІ 
ІІІ 
ІҮ 

Диктант 




12 
Мазмұндама 





Шығарма 





Барлығы: 




20 

Диктант 




12 
Мазмұндама 





Шығарма 





Барлығы: 




20 

Диктант 




12 
Мазмұндама 





Шығарма 





Барлығы:  




20 
 
Жалпы саны: 
15 
15 
15 
15 
20 
 
Сауаттылықты  тексеру  қазақ  тілі  пәнінің  міндеті  болғандықтан, 
шығарманың  әдебиеттік  оқу  пәнінде  де  жазылатыны  ескеріліп,  шығармаға 
берілген сағат саны қысқартылып, диктанқа бөлінді.  
Ескерту: Әр сыныпқа мазмұндама мен шығармаға берілген жылдық сағат 
саны  –  8  (4  мазмұндама,  4  шығарма  жұмысы),  ал  диктантқа  (сауаттылықты 
тексеру және бақылау диктанты) – 12 сағат беріледі.  
«Қазақ  тілі»  пәні  2-4-сыныпта  аптасына  4  сағаттан  оқытылып,  жылдық 
жүктемесі 136 (116 + 20) сағатты құрайды.  
 
 

24 
 
Әдебиеттік оқу  
Әдебиеттік  оқу  пәні  –  бастауыш  сынып  оқушыларының  ауызша  және 
жазбаша  тілін  дамытуды,  яғни  сөздік  қорын  байытуды,  байланыстыра  және 
грамматикалық  тұрғыдан  жүйелі  сөйлеуге  үйретуді,  сөйлеу  мәдениетін 
қалыптастыруды  көздейді.  Ұлттық  тәрбие,  рухани-мәдени  құндылықтар,  ана 
тілі  және  қазақ  халқының  салт-дәстүрі  негізінде  сусындаған  жеке  тұлғаны 
қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Адамның  ішкі  рухани  жан  дүниесі  байлығын 
ашуға,  адамгершілікке  тәрбиелеуге,  тілі  мен  қиялын  дамытуға  мүмкіндік 
береді.  
Пәннің  мақсаты  –  дұрыс,  мәнерлеп  және  шапшаң  оқуды  меңгерту, 
оқушыны  шығарма  авторының  көзқарасын  түсінуге  жетелеу  және  мәтінді 
қабылдаушы  оқырман  ретінде  тәрбиелеу,  көркем-шығармашылық  және 
танымдық  қабілеттерін  дамыту,  сөз  өнеріне  деген  қызығушылығы  мен 
эстетикалық  талғамын  қалыптастыру,  сөйлеу  әрекетінің  барлық  түрін 
(тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым)  жетілдіру,  ұлттық  және 
жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.  
Пәннің міндеттері:  
 
оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;  
 
ауыз  әдебиетінің  жанрларымен,  отандық  және  әлемдік  балалар 
әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;  
 
ақын-жазушылардың  балаларға  арналған  шығармаларының  басты 
тақырыбын, басты кейіпкерлерін және негізгі мазмұнын айқындауға үйрету;  
 
талданып 
отырған 
мәтіннің 
жанрлық 
сипатын 
анықтауға 
машықтандыру;  
 
әдеби-теориялық білім негіздерін қалыптастыру;  
 
адамгершілік  және  эстетикалық  құндылықтар  жүйесі  негіздерін 
қалыптастыру;  
 
оқылған  шығарма  сюжеті  желісімен  немесе  еркін  тақырыпта  әртүрлі 
әдеби  шығармашылық  жұмыс  түрлерін  (өлең,  әңгіме  құрастыру,  мәтінді 
сахналау,  мәтін  бойынша  сурет  салу,  мақала  жазу,  шағын  үзіндіге  сценарий 
жазу, т.б.) орындауға машықтандыру;  
 
әдеби  функционалдық  сауаттылыққа  баулу  және  әдеби  тілде  еркін 
сөйлеуді меңгерту;  
 
тұлғалық  оқырмандық  мәдениетін  қалыптастыруда  ана  тілінде  ауызша 
және  жазбаша  дұрыс  сөйлеу,  өз  ойын  анық  (тіл  байлығын  арттыра  отырып), 
нақты баяндау білігі мен дағдысын қалыптастыру;  
 
кітап  және  анықтамалықтармен,  библиографиялық  әдебиеттер  және 
сөздіктермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.  
«Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту ерекшелігі – пән мазмұны балалар әдебиеті 
(ауызекі, жазба) үлгілерін, жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығы туралы 
қысқаша  мәліметтерді,  ғылыми-танымдық  шығармаларды  оқытып  үйретеді, 
мақала,  естелік,  өмірбаян  туралы  түсінік  қалыптастырады,  әдеби-теориялық 
білімдерді игертеді, монолог, диалог құруға дағдыландырады.  
Пән  баланың  көркем  сөзді  түсінуінде  «сезімдік»  саналарын  пайдалану, 

25 
 
яғни «сезімге әсер еткен шығарма ғана түсінікті болады» идеясы басшылыққа 
алынып,  мәтінді  түсінуде  музыка,  көркемөнер,  сурет  туындыларының 
мүмкіндіктерін пайдалану алдыңғы орынға қойылды.  
2-сыныптағы оқытудың басты міндеті - баланы оқуға төселдіру үшін оның 
жанына жақын, танымына сай ұлттық құндылықтардарды үйрету.  
Қазіргі  кезде  барлық  ақпарат  құралдарында  адамгершілік  құндылықтар 
азайып, қатігездік белең алып отырғаны жаппай жазылып та, айтылып жатқаны 
белгілі.  Әсіресе,  сондай  жат  қылықтардың  бірегейі  -  қазақ  отбасындағы 
балалардың  ата-анасына  деген  мейірімділігі  азайып,  қарттар  үйіндегі  қазақ 
аталары  мен  апаларының  санының  артуы  -  дұрыс  шешімін  табуы  тиісті 
әлеуметтік  маңызды  мәселе.  Осындай  күрделі  істе  оқулықтың,  соның  ішінде 
көркем  сөздің  құдіретін  пайдалануға  мүмкіндік  беретін  «Әдебиеттік  оқу» 
пәніндегі  көркем  шығармалардың  мәні  өте  күшті  тәрбие  құралы  екендігін 
ескерілген.  Жастайынан  балалардың  бойына  ата-анасына,  үлкендерге 
мейірімділік,  қамқорлық  көрсету  мақсатында  «Адам  болам  десеңіз»  жалпы 
бөлімінен  басқа  арнайы  «Қадірлі  әкелерім,  мейірімді  аналарым»  атты  бөлім 
қосылды.  
2-3-сыныпта  маусымдық-тақырыптық  ұстаным  басшылыққа  алынатыны 
себепті  маусымдық  материалдардың  дер  кезінде  оқылуы,  мәтіндегі 
оқиғалардың  оқушының  көз  алдында  өтіп  жатуы  тиістігі  ескеріліп,  оқу  күз 
айында басталатынына орай «Білім керек бәріне», қыс мезгілінің материалдары 
«Қыста  талай  қызық  бар»,  көктем,  жаз  айлары  келбеттері  «Туған  өлке 
табиғатын қастерлейік» деген атаулармен берілді.  
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  3 
сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітіліп,  Қазақстан  Республикасы  Әділет 
министрлігінде  2013  жылы  10  сәуірде  №8424  тіркелген  «Әдебиеттік  оқу» 
пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес биылғы жылы 3-сыныптың оқулығы қайта 
өңделді.  
3-сыныпта  көрнекті  ақын-жазушылардың  өмірі  мен  шығармашылығынан 
қысқаша  мәлімет  беру  үшін  авторлар  тарапынан  «суреттер  топтамасы»  деген 
айдармен  әдістемелік  тәсіл  қолданылған.  Мұнда  жазушының  өміріне  қатысты 
мағлұматтардың  суреттік  бейнесі  ұтымды  пайдаланылған:  портреті,  белгілі 
туындылары мұқабаларының суреті, нақыл-ақыл сөздері, т.б. Материалдардың 
осындай  қысқа  да  нұсқа  түрде  орналастыруы  Л.С.  Выготскийдің  «сызбалар 
түрінде оқыту баланы ойлауға жетелейді» деген ұстанымына негізделген.  
Мәтіндердегі сөздердің мағынасын білім алушылардың жеңіл қабылдауын 
қамтамасыз  ету  үшін  әлемдік  тіл  ғылымындағы  сөздердің  түсін  анықтау 
теориялары  (А.  Вежбицкая,  Сепир  Уорф,  т.б.)  әдістемелік  қолданыс  тапқан. 
Оқулықтың бірінші бетінен бастап «Білімсіздік», «Білім» күндерінің түсіне зер 
салғызып,  оның  сәулелеріне  атау  табу  тапсырмасы  берілген.  «Білімсіздік» 
күнінің  түсі  қандай  қара  болса,  оның  сәулелеріне  қатысты  оқи  алмау,  жаза 
алмау,  т.б.  сөздердің  де  түп  мағынасы  осы  қараға  жақын  қараңғы,  күңгірт 
дегенге  саяды.  Әрі  қарай  мәтіндерде  де  кейіпкер  өмірінің  ерекше  сәттері 
сипатталған  сөздердің  түрлі-түсті,  келеңсіз  жайттары  қүңгірт  бояулармен 
ерекшеленуі оқушының мәтінді дұрыс түсінуіне, әңгімелеуіне септігін тигізеді.  

26 
 
«Әдебиеттік  оқу»  пәні  4-сыныпта  оқушыны  жоғарғы  сыныптардағы 
«Әдебиеттің» жүйелі курсын меңгеруге дайындауға, әдеби сауаттандыруға, сөз 
өнері  құралдары  арқылы  мәдени  дамытуға  баса  көңіл  бөлінеді.  Бұл 
материалдарды  оқытуда  4-сыныпта  жанрлық-хронологиялық  ұстаным 
басшылыққа  алынып,  қазақ  балалар  әдебиеті  тұтас  бітімінің  қысқа  нұсқасы 
ұсынылады.  
Әр  тоқсан  бойынша  екі  үлкен  тараудан  топтастырылған  материалдарды 
оқыту көзделген. Әр бөлімге бөлінген сағаттар санында ауызша және жазбаша 
тіл дамыту, қайталау сабақтары қоса есептеледі.  
Бастауыш  сынып  оқушысының  дайындық  деңгейіне  келесі  талаптар 
қойылады:  
–  2-сыныпта  көлемі  150-200  сөзден  тұратын  мәтін  мазмұнын  толық, 
қысқаша  және  жоспар  бойынша  таңдау  мен  әңгімелеу;  халық  ауыз  әдебиет 
үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты 
жатқа  айту;  2-3  өлеңді  жатқа  айту,  25-30  сөзден  тұратын  мазмұндама  мен 
шығарма жазу; 
–  3-сыныпта  көлемі  200-250  сөзден  тұратын  мәтін  мазмұнын  толық, 
қысқаша  және  жоспар  бойынша  таңдау  және  әңгімелеу;  халық  ауыз  әдебиет 
үлгілерін және 3-4 өтірік өлеңді, 4–5 өлеңді жатқа айту; 15-20 мақал-мәтел мен 
жұмбақ,  жаңылтпашты  жатқа  айту;  30-35  сөзден  тұратын  мазмұндама  мен 
шығарма жазу; 
–  4-сыныпта  көркем  шығармадан  алған  әсерін  8-10  сөйлеммен  жазбаша 
түрде орындау; 40-45 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазу.  
«Әдебиеттік  оқу»  пәнінің  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын, 
нақты  айтқанда,  оқу  сауаттылығын  қалыптастыруда  мүмкіншілігі  мол.  PISA 
халықаралық  зерттеуi  бойынша  оқу  сауаттылығы  ұғымы  оқушылардың  жазба 
мәтіндерді  түсініп,  саналы  оқу  қабілеттілігі  және  оларға  рефлексия  жасауы, 
олардың мазмұнын өмірмен байланыстыра алуы, бiлiмдері мен дағдыларын өз 
мақсатына  қол  жеткізу  үшін  қолдана  білуі  дегенді  білдіреді.  Сондықтан  оқу 
сабақтарында  оқушылардың  оқу  сауаттылықтарын  тексеру  олардың  оқу 
техникасын  немесе  мәтiннің  мазмұнын  айтып  беруін  бағалаудан  гөрі,  оқу 
барысында  меңгерген  білімдері  мен дағдыларын өмірлік жағдайларда  қолдана 
білу  ептіліктерін  бағалауға  мән  берген  жөн.  Өйткені  PISA  халықаралық 
зерттеуiнде  мәтiнді  толық  түсiнгенін  дәлелдейтін  машықтары  мен  меңгеру 
деңгейлері  бағаланады, олар:  мәлiметтi  табу,  мәтiнді  түсіндіріп беру,  мәтiннiң 
мазмұнына немесе оның формасына рефлексия жасау және оларды бағалау.  
Мәтіннен  мәлімет  таба  білуді  бағалау  үшін  мәтінді  қарап  шығып,  оның 
негізгі элементтерін анықтау және сұрақтан гөрі қажетті (синонимдiк) форманы 
бейнелеген мәліметті іздестіруге бағытталған тапсырмалар қолданған дұрыс.  
Оқушылардың  мәтінді  түсіндіріп  беру  қабілетін  бағалау  барысында 
мәтінде  берілген  әр  түрлі  мәліметтерді  салыстыру,  автордың  сипаттаған 
ойларынан  қорытынды  жасау  немесе  мәтiннiң  мәнiн  түсіну  біліктіліктерін 
қалыптастыруға арналған тапсырмалар орындатқан жөн.  
Рефлексия жасауы мен баға беру қабілетін бағалау үшін мәтіннің мазмұны 
немесе формасына, тапсырманы орындау барысында мәтіндегі мәліметті басқа 

27 
 
жерден  алған  білімдерімен  байланыстыра  білуіне,  мәтінде  берілген  пікірлерді 
өмір туралы өз көзқарастарымен байланыстырып, дәлелдеулеріне көңіл бөлген 
абзал.  
«Әдебиеттік оқу» пәні 2-4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, оқу 
жылы көлемінде әр сыныпта 136 сағатты құрайды.  
 
«Русский язык» для школ с нерусским языком обучения  
Роль  русского  языка  в  школьной  системе  образования  определяется  в 
целом  его  основной  функцией  как  языка  межнационального  общения  в 
многонациональном государстве.  
Цели  обучения  русского  языка:  формирование  и  развитие  элементарной 
русской  речи  на  ограниченном  лексико-грамматическом  материале; 
взаимосвязанное  обучение  видам  речевой  деятельности  (аудированию, 
говорению,  чтению,  письму);  практическое  усвоение  элементов  уровней 
русского  языка  (фонетики,  графики,  орфоэпии,  лексики,  грамматики, 
словообразования, орфографии, пунктуации); воспитание средствами русского 
языка коммуникативной, нравственной и эстетической культуры.  
Задачи учебного предмета:  
 
научить  учащихся  строить  простейшие  типовые  предложения,  широко 
употребляемые в живой русской речи, обогатить словарный запас учащихся (в 
пределах лексико-грамматического минимума);  
 
научить распространять простейшие типовые предложения за счёт ранее 
усвоенных слов и словосочетаний по законам синтаксического строя русского 
языка;  
 
сформировать у учащихся элементарные навыки активного пользования 
синтаксическими конструкциями для выражения собственных мыслей, чувств и 
наблюдений в рамках тематики для чтения и развития речи;  
 
совершенствовать  навыки  чтения  и  письма,  полученные  на  уроках 
родного  языка;  дифференцировать  звуки  и  буквы  в  системе  гласных  и 
согласных  с  учётом  различий  в  фонетических  системах  родного  и  русского 
языков.  
Содержание  предмета  состоит  из  трех  блоков:  речевой  деятельности, 
языкового  материала  и  текстов  для  чтения  и  развития  речи,  охватывающих 
сферы  общения:  учебную,  социально-бытовую,  социально-культурную, 
игровую. Так как  текст выступает как единица обучения и развития речи, для 
отбора  рекомендуются  адаптированные  тексты  из  произведений  детских 
писателей  прозаического  характера,  стихотворения,  а  также  произведения 
малого жанра (пословицы, поговорки, загадки), сказки.  
При  отборе  содержания  обучения  русскому  языку  как  второму  следует 
учитывать  сферу  речевой  деятельности  младших  школьников,  уровневые 
минимумы  (лексический,  грамматический,  тематико-ситуативный,  фонетико-
орфоэпический и др.) для начального этапа обучения, явления транспозиции и 
интерференции.  
Ведущими  компонентами  при  отборе  языкового  материала  являются 
словарь (список слов для активного усвоения) и тематика для чтения и развития 

28 
 
речи.  
На  начальном  этапе  обучения  русскому  языку  как  второму  учащиеся 
должны  усвоить  1000  лексических  единиц  (в  каждом  классе  примерно  
450-500 слов).  
Особенности  предмета  русского  языка.  Содержание  предмета  состоит  из 
трех блоков: речевой деятельности, языкового материала и текстов для чтения и 
развития  речи,  охватывающих  учебную,  социально-бытовую,  социально-
культурную,  игровую  сферы  общения.  Так  как  текст  выступает  как  единица 
обучения  и развития  речи,  для  отбора  рекомендуются  адаптированные  тексты 
из произведений детских писателей прозаического характера, стихотворения, а 
также произведения малого жанра (пословицы, поговорки, загадки, сказки).  
При  отборе  содержания  обучения  русскому  языку  следует  учитывать 
сферу  речевой  деятельности  младших  школьников,  уровневые  минимумы 
(лексический, 
грамматический, 
тематико-ситуативный, 
фонетико-
орфоэпический и др.) для начального этапа обучения, явления транспозиции и 
интерференции.  
Ведущими  компонентами  при  отборе  языкового  материала  являются 
словарь (список слов для активного усвоения) и тематика для чтения и развития 
речи.  
На  начальном  этапе  обучения  русскому  языку  учащиеся  должны  усвоить 
1000 лексических единиц (в каждом классе примерно 450-500 слов).  
В содержание предмета внесены следующие коррективы:  

дается  подробное  пояснение  к  структуре  речевых  моделей 
(синтаксических конструкций на основе единого грамматического минимума).  
-  внесены  дополнительные  лексические  единицы,  список  слов  для 
активного  усвоения  на  основе  учёта  как  речевой  деятельности,  так  и  единого 
лексического  минимума  по  русскому  языку  для  начального  этапа  обучения 
русскому языку как второму.  
В  тематику  для  чтения  и  развития  речи  учащихся  внесены  новые  темы  – 
это «День за днём», «Ключ к счастью – в труде » и другие.  
Материал  фонетики  дан  с  учётом  дифференцации  звуков  и  букв, 
представляющих трудность для младших школьников казахской школы.  
В  соответствии  с  действующим  базисным  учебным  планом  общее 
количество часов распределено конкретно по разделам.  
Русский язык вводится с 3- го класса, то для итогового контроля после 4-го 
класса  разработаны  требования  к  владению  речевыми  умениями  и  навыками 
(аудирование, говорение, чтение, письмо), а также к усвоению языковых знаний 
(элементарные сведения по фонетике, грамматике, лексике и синтаксису).  
На  основе  текстового  материала  выявляются  знания  о  символике  РК  и 
этнокультуроведческие материалы.  
Учащиеся  3-го  класса  должны  понимать  прослушенное  сообщение,  речь 
учителя,  звукозапись  продолжительностью  звучания  1-2  минуты;  составлять 
высказывание  из  2-4  предложений;  сознательно,  плавно  читать  вслух 
небольшие  тексты,  соблюдая  паузы,  словесные  ударения;  учить  наизусть 
небольшие  стихотворения;  задавать  друг  другу  вопросы,  отвечать  на 

29 
 
поставленные вопросы; пересказывать прочитанный текст; писать по образцу и 
под  диктовку  слова  и  предложения,  написание  которых  не  расходятся  с 
произношением.  
Учащиеся  4-го  класса  должны  уметь  выделять  основную  мысль  и 
структурные элементы текста, пересказывать прочитанное;  составлять связное 
монологическое  высказывание  из  3-4-х  предложений,  составлять  рассказ-
описание, рассказ-повествование; писать под диктовку небольшие тексты из 30-
40  слов  и  изложение  из  5-6  предложений;  зрительные,  зрительно-слуховые, 
словарные,  картинные  диктанты;  строить  диалог;  выразительно  читать  текст; 
знать наизусть не менее трёх стихотворений в четверти.  
Русский  язык  в  школах  с  нерусским  языком  обучения  в  3-4  классах, 
изучается по 2 часа в неделю, общее количество часов в году составляет 68 ч.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет