Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата06.03.2017
өлшемі3,22 Mb.
#8345
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27

ISSN 1991-3494                                                                                                                                                № 1. 2015 
 
 
69 
 
 
 
 
3-сурет – Омметр 4-сурет – Мультиметр 
 
-
 
Частометрлер – электр тоғының тербеліс жиілігін өлшеуге арналған (5-сурет); 
-
 
Кедергі дүкендері – берілген кедергілерді өзгерту үшін [4] (6-сурет); 
 
 
 
 
 
5-сурет – Частометр 6-сурет – Кедергі дүкендері 
 
-
 
Ваттметрлер мен варметрлер – электр тоғының қуатын өлшеуге арналған (7-сурет); 
-
 
Электрлік есептеуіштері – қолданылған электр энергиясын өлшеуге арналған (8-сурет). 
 
 
7-сурет – Ваттметр 8-сурет – Электрлік есептеуіштері 
 
-
 
Жəне басқа да түрлері. 
 
ƏДЕБИЕТ 
 
[1]
 
Димов Ю.В. Метрология, стандартизация и сертификация. Учебник для вузов. 2-е изд. – СПб.: Питер, 2009. – 432 с.  
[2]
 
Нейман Л.Р., Демирчан К.С. Теоретические основы электротехники. – Т. 1, 2. – Л.: Энергоиздат,1981. 
[3]
 
Кацман М.М. Электрические машины. – М.: Высшая школа, 2004. – 464 с. 
[4]
 
Перельмутер Н.М. Электромонтер – обмотчик и изолировщик по ремонту электрических машин и 
трансформаторов: Учебник. – М.: Высшая школа, 1984. – 328 с. 

Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
70  
REFERENCES 
 
[1]
 
Dimov Y.V. Metrology, standardization and certification. Textbook for high schools. 2nd ed. SPb.: Peter, 2009. – 432 p.  
[2]
 
Neumann L.R., Demirchian K.S. Theory of Electrical Engineering. T. 1, 2. L.: Energoizdat, 1981. 
[3]
 
Katsman M.M. Electrical Machines. M.: Higher school, 2004. 464 p. 
[4]
 
Per Muter N.M. Electrician – insulation wrapper and repair of electrical machines and transformers: Textbook. M.: 
Higherschool, 1984. 328 p. 
 
 
МЕТРОЛОГИЧЕСКОЕ ОБЕСПЕЧЕНИЕ КАЧЕСТВА  
ЭЛЕКТРОТЕХНИЧЕСКИХ ПРИБОРОВ 
 
Т. М. Мендебаев, А. З. Габдуллина, Г. Е. Абитаева 
  
Казахский национальный технический университет им. К. И. Сатпаева, Алматы, Казахстан 
 
Ключевые  слова:  метрология,  трансформатор,  повышение  качества  продукции,  размагничивание, 
определение погрешностей. 
Аннотация.  Народное  хозяйство  любой  страны  требует  разнообразной  информации  о  параметрах  и 
характеристиках  объектов  исследований  и  измерений  в  науке,  производстве,  здравоохранении,  сельском 
хозяйстве, транспорте, в области охраны окружающей среды и в других сферах человеческой деятельности. 
Для  этой  цели  необходимо  метрологическое  обеспечение,  т.е.  установление  и  применение  научных  и 
организационных  основ,  технических  средств,  правил  и  норм,  необходимых  для  достижения  единства  и 
требуемой точности измерений. 
 
Поступила 15.01.2015 г.
 
 
 
 
 

ISSN 1991-3494                                                                                                                                                № 1. 2015 
 
 
71 
BULLETIN OF NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES  
OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
ISSN 1991-3494 
Volume 1,  Number 353 (2015),  71 – 76 
 
 
MODEL OF THE FORM OF COMPUTER LABORATORY  
WORK ORGANIZATION FOR RESEARCH  
ON DIFFRACTION OF LIGHT 
 
K. A. Kabilbekov, H. A. Ashirbayev, P. A. Saidakhmetov,  
K. Z. Rustemova, L. E. Baidullaeva 
 
M. Auezov South-Kazakhstan State University, Shymkent, Kazakhstan. 
E-mail: ken_kab@mail.ru; ank_56@mail.ru; timpf_ukgu@mail.ru 
 
Key words: models of forms, computer laboratory work, picture of diffraction, Fresnel zones, secondary 
waves. 
Abstract. The model of the form of the organisation of computer laboratory work for research on diffraction of 
light, including problems with the subsequent computer check, experimental problems, problems with the missing 
data, ambiguous problems, research, search and creative tasks are offered. 
 
 
УДК 532.133, 371.62, 372.8.002 
 
ЖАРЫҚТЫҢ ДИФРАКЦИЯ ҚҰБЫЛЫСЫН ЗЕРТТЕУДІ 
ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН КОМПЬЮТЕРЛІК ЗЕРТХАНАЛЫҚ 
ЖҰМЫСТЫҢ БЛАНКІ ҮЛГІСІ
  
 
К. А. Қабылбеков, Х. А. Аширбаев, П. А. Саидахметов,  
Қ. Ж. Рүстемова, Л. Е. Байдуллаева 
 
М. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент, Қазақстан 
 
Тірек  сөздер:  бланкі  үлгілері,  компьютерлік  зертханалық  жұмыс,  дифракциялық  бейне,  ренель  зона-
лары, екінші ретті толқындар.  
Аннотация.  Жарықтың  дифракциясын  зерттеуді  ұйымдастыруға  арналған,  жауабын  компьютер  кө-
мегімен  тексеретін  есептерді,  тəжірибелік,  берілгендері  жетіспейтін,  бірмəнді  емесе  есептерді,  зерттеулік, 
ізденістік жəне творчестволық тапсырмаларды қамтитын компьютерлік зертханалық жұмыстың бланкі үлгісі 
ұсынылған. 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті-Елбасы  Н.А.Назарбаев ««Казахстан-2050 –
стратегиясы» -қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: 
Қазақстан 2050 жылы 30 дамыған мемлекетер қатарына енуі керек деп атап көрсетті. Дамып келе 
жатқан  елдер  арасында  мұндай  қатарда  болуы  үшін  бəсекелестік  қатаң  болады.  Ұлт  глобалдық 
экономикалық  бəсекелестікке  дайын  болғанда  ғана  мұндай  қатарда  бола  алады.  Біз,  аса  маңызды 
мақсаттарымызды  естен  шығармай,  мақсатты  жəне  шабытты  еңбек  етуіміз  керек:  қазіргі  заманға 
сай нəтижелі білім мен денcаулық сақтау жүйесін құру. Бəсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу 
үшін  біз  сауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз  керек.  Бізге  оқыту  əдістемелерін  жаңғырту  жəне 
өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек 
болады.  Біз  қалайтындардың  барлығы  үшін  қашықтан  оқытуды  жəне  онлайн  режімінде  оқытуды 
қоса,  отандық  білім  беру  жүйесіне  инновациялық  əдістерді,  шешімдерді  жəне  құралдарды 
қарқынды енгізуге тиіспіз [1].  

Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
72  
Президент  жолдауында  келтірілген  тапсырмаларды  орындау  үшін  М.Əуезов  атындағы 
мемлекеттік университететінің «Физиканы оқытудың теориясы мен əдістемесі» кафедрасы биылғы 
оқу  жылында  оқу  үрдісіне  "Білімдегі  ақпараттық  технологиялар", "Физиканы  оқытудағы 
ақпараттық  технологиялар"  жəне  "Электронды  оқулықтарды  оқу  үрдісінде  қолдану"  курстарын 
енгізді.  Курстың  мақсаты:  студент-болашақ  физика  мұғалімдерін  оқу  үрдісінде,  өздерінің  кəсіп-
шілік  қызметінде  жəне  біліктілігін  жоғарылатуында,  оқу  үрдісі  мен  сыныптан  тыс  жұмыстарды 
жəне  компьютерлік  зертханалық  жұмыстарды  ұйымдастыруда  болашағы  зор  білім  беру  техно-
логияларын творчесволық жəне тиімді пайдалануға дағдыландыру. 
Оқу материалдары  базасын жасауда студенттер мен магистранттар белсенді  қатыстырылады. 
Авторлар  құрастырған  бірқатар  демонстрациялық  тəжірибелердің  компьютерлік  моделдерін  оқу 
үрдісінде пайдалану жəне компьютерлік зертханалық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған бланкі 
үлгілері туралы біз бұрын жазғанбыз [2-14].  
Мақалада  студенттерге,  магистранттарға,  мектеп  мұғалімдеріне  көмекші  құрал  ретінде-
оқушылардың [15] ресурсын  пайдаланып  «Ньютон  сақиналары.  Интерференция  құбылысын 
зерттеу»  компьютерлік  зертханалық  жұмысты  ұйымдастыруда  қандай  тапсырмалар  беруге 
болатынын  жəне  оқушыларға  алдын  ала  берілетін  компьютерлік  зертханалық  жұмыстың  бланкі 
үлгісін ұсынамыз.  
1.  Компьютерлік  зертханалық  жұмысты  орындауға  оқушыларға  алдына  ала  ұсыны-
латын бланкі үлгісі. 
Жұмыстың тақырыбы: Жарықтың дифракция құбылысын зерттеу. 
Жұмыстың мақсаты: Жарық дифракциясының суреттерін бақылау. Дифракциялық минимум 
мен максимумдардың пайда болу шарттарын анықтау, компьютерлік тəжірибе арқылы жарықтың 
толқын ұзындығын анықтау.  
Сынып.............   Оқушының фамилиясы......................................   Есімі............................ 
Теориядан қысқаша мəлімет. 
Жарықтың  дифракциясы  деп  жарықтың  түзусызықтың  бойымен  таралудан  ауытқуын  немесе 
тосқауылды  орағытып  өтуін  айтады.  Егер  параллель  жарық  шоғы  жолында  домалақ  тосқауыл 
(дөңгелек  дискі,  шарик  немесе  дөңгелек  саңлауы  бар  тосқауыл)  тұрса,  онда  анағұрлым  алыс 
орналасқан  экранда  кезектесіп  орналасқан  ақ  жəне  қара  сақина  жолақтар  пайда  болады.  Егер 
тосқауыл  сызықты  сипатта  (саңлау,  жіп,  жазық  тосқауыл  шеті)  болса,  онда  экранда  параллель 
дифракциялық  жолақтар  байқалады.  Дифракциялық  құбылыстың  теориясын  француз  физигі 
Френель 1818 ж.  жасады.  Френель  Гюйгенс  принципін  екінші  ретті  толқындар  интерференциясы 
идеясымен  толықтырды.  Бұл  идея  қарапайым  тосқауылда  байқалатын  дифракциялық  суреттерді 
есептеуге  мүмкіншілік  берді.  Дифракциялық  теория  Френель  зоналары  ұғымының  негізінде 
құрылды.  Домалақ  тосқауылдар  үшін  Френель  зоналарының  радиусы 
L
m
r
m


,  мұндағы  λ – 
жарық  толқынының  ұзындығы, L- тосқауыл  мен  бақылау  нүктесінің  ара  қашықтығы.  Дифракция 
нəтижесі (r
m
=R)  тосқауылға  сиятын  Френель  зонасының m санына  күшті  тəуелді 
L
R
m



2

Зоналар саны m тақ болғанда домалақ саңлауда пайда болатын дифракциялық суреттің центрінде 
ақ  дақ,  жұп  болғанда  қара  дақ  байқалады.  Тосқауыл  домалақ  дискі  (немесе  шарик)  болғанда 
дифракциялық суреттің центрінде барлық кезде ақ дақ (Пуассон дағы) пайда болады. Тосқауыл ені 
d cызықтық  сипатта  болғанда  дифракция  нəтижесі  жазық  Френель  зоналар m санына 

 

L
d
m



/
2
/
2
 байланысты байқалады. 
Тосқауыл өлшеміне сиятын Френель зоналар саны дифракция нəтижесін бірмəнді анықтайды. 
Осы жағдай басқа да жарық спектрлерінің аумағы үшін қондырғының өлшемдерін таңдай отырып 
дифракциялық құбылыстарды моделдеуге мүмкіншілік береді. 
  

ISSN 1991-3494                                                                                                                                                № 1. 2015 
 
 
73 
 
 
Бақылау сұрақтары: 

 
Жарықтың дифракциясы деп қандай құбылысты айтады? 
Жауабы:..................................................................................... 

 
Гюйгенс принципін тұжырымда? 
Жауабы:..................................................................................... 

 
Гюйгенс принципіне Френель қандай қосымша енгізді? 
Жауабы:..................................................................................... 

 
Френель зоналары қалайша тұрғызылады? 
Жауабы:..................................................................................... 

 
Домалақ тосқауылдарда дифракциялық суреттер қандай сипатта болады? 
Жауабы:..................................................................................... 

 
Жазық тосқауылдарда дифракциялық суреттер қандай сипатта болады? 
Жауабы:..................................................................................... 

 
Дифракциялық максимум мен минимумдар шарттары қандай? 
Жауабы:..................................................................................... 
1. Танысу тапсырмалары.  
1.1. Тосқауыл радиусы R = 1.0 мм шарик пен экран арасы L= 10 м. Толқын ұзындығы λ=633 нм 
жарықтан пайда болған дифракциялық сақина жолақтарды бақылаңдар. 
Бақылау қорытындысы:............................................................................. 
1.2.  Тосқауылдағы  радиусы R = 1.0 мм  домалақ  саңлау  пен  экран  арасы L=10 м.  Толқын 
ұзындығы λ=633 нм жарықтан пайда болған дифракциялық сақина жолақтарды бақылаңдар. 
Бақылау қорытындысы:............................................................................. 
1.3.  Тосқауылдағы  ені d = 2.0 мм  сызық  саңлау  мен  экран  арасы L=10 м.  Толқын  ұзындығы 
λ=633 нм жарықтан пайда болған дифракциялық сызық жолақтарды бақылаңдар. 
Бақылау қорытындысы:............................................................................. 
1.4. Қалыңдығы d = 2.0 мм тосқауыл ине мен экран арасы L=10 м. Толқын ұзындығы λ=633 нм 
жарықтан пайда болған дифракциялық сызық жолақтарды бақылаңдар. 
Бақылау қорытындысы:............................................................................. 
2. Тəжірибелік есептер. 
2.1.  Тосқауыл  шарик  пен  экран  арасы L= 10 м.  Шариктің  радиусын 1.0 мм  мен 4.0 мм 
аралығында  өзгертіп  дифракциялық  суретті  бақылаңдар.  Дифракциялық  суреттің  центріндегі 
сақина  қандай  сипатта  болатынын  жəне 1-ші  жəне 5-ші  сақина  ақ  жолақтардың  диаметрін 
анықтаңдар. 
Жауабы:............................................................................... 

Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
74  
2.2.  Тосқауыл  шарик  пен  экран  арасы L= 10 м.  Шариктің  радиусын 1.0 мм  мен 4.0 мм 
аралығында  өзгертіп  дифракциялық  суретті  бақылаңдар.  Дифракциялық  суреттің  центріндегі 
сақина  қандай  сипатта  болатынын  жəне 1-ші  жəне 5-ші  сақина  қара  жолақтардың  диаметрін 
анықтаңдар. 
Жауабы:............................................................................... 
2.3.  Тосқауылдағы  дөңгелек  саңлау  мен  экран  арасы L= 10 м.  Саңлау  радиусын 1.0 мм  мен           
4.0  мм  аралығында  өзгертіп  дифракциялық  суретті  бақылаңдар.  Дифракциялық  суреттің 
центріндегі  сақина  қандай  сипатта  болатынын  жəне 1-ші  жəне 5-ші  сақина  ақ  жолақтардың 
диаметрін анықтаңдар. 
Жауабы:............................................................................... 
2.4.  Тосқауылдағы  дөңгелек  саңлау  мен  экран  арасы L= 10 м.  Саңлау  радиусын 1.0 мм  мен          
4.0  мм  аралығында  өзгертіп  дифракциялық  суретті  бақылаңдар.  Дифракциялық  суреттің 
центріндегі  сақина  қандай  сипатта  болатынын  жəне 1-ші  жəне 5-ші  сақина  қара  жолақтардың 
диаметрін анықтаңдар. 
Жауабы:............................................................................... 
2.5. Тосқауылдағы сызық саңлау мен экран арасы L= 10 м. Саңлаудың d енін 2.0 мм мен 7.0 мм 
аралығында  өзгертіп  дифракциялық  суретті  бақылаңдар.  Дифракциялық  суреттің  центріндегі 
сақина қандай сипатта болатынын жəне 1-ші жəне 3-ші сызық ақ жолақтардың енін анықтаңдар. 
Жауабы:............................................................................... 
2.6. Тосқауылдағы сызық саңлау мен экран арасы L= 10 м. Саңлаудың d енін 2.0 мм мен 7.0 мм 
аралығында  өзгертіп  дифракциялық  суретті  бақылаңдар.  Дифракциялық  суреттің  центріндегі 
сақина қандай сипатта болатынын жəне 1-ші жəне 3-ші сызық қара жолақтардың енін анықтаңдар. 
Жауабы:............................................................................... 
3. Бірмəнді емес жəне мəндері жетіспейтін есептер. 
3.1.  Тосқауыл  ретінде  шарик  орнатылған  дифракциялық  тəжірибеден  жарықтың  толқын 
ұзындығын анықтаңдар.  
Жауабы:............................................................................... 
3.2.  Домалақ  саңлауы  бар  тосқауылдағы  дифракциялық  тəжірибеден  жарықтың  толқын 
ұзындығын анықтаңдар.  
Жауабы:............................................................................... 
3.3.  Сызық  саңлауы  бар  тосқауылдағы  дифракциялық  тəжірибеден  жарықтың  толқын 
ұзындығын анықтаңдар.  
Жауабы:............................................................................... 
3.4. Ине тосқауылдағы дифракциялық тəжірибеден жарықтың толқын ұзындығын анықтаңдар.  
Жауабы:............................................................................... 
4. Зерттеу тапсырмалары.  
4.1.  Диаметрі d = 8,6 мм  домалақ  саңлау  арқылы  толқын  ұзындығы  λ=633  нм  жарықтан 
дифракциялық  суреттер  бақылап  сол  саңлау  өлшеміне  қанша  Френель  зонасы  сиятынын 
анықтаңдар. 
Жауабы:............................................................................... 
4.2.  Диаметрі d = 8,6 мм  домалақ  саңлау  арқылы  толқын  ұзындығы  λ=623  нм  жарықтан 
дифракциялық  суреттер  бақылап  сол  саңлау  өлшеміне  қанша  Френель  зонасы  сиятынын 
анықтаңдар. 
Жауабы:............................................................................... 
4.3  Диаметрі d = 7,0 мм  домалақ  саңлау  арқылы  толқын  ұзындығы  λ=617  нм  жарықтан 
дифракциялық  суреттер  бақылап  сол  саңлау  өлшеміне  қанша  Френель  зонасы  сиятынын 
анықтаңдар. 
Жауабы:............................................................................... 
4.4  Диаметрі d = 5,0 мм  домалақ  саңлау  арқылы  жарықтың  дифракциялық  суреттерін 
бақылағанда сол саңлау өлшеміне бір ғана Френель зонасы сиыуы үшін қандай толқын ұзындықтар 
диапозондарда тəжірибе жүргізу қажет. 
Жауабы:............................................................................... 

ISSN 1991-3494                                                                                                                                                № 1. 2015 
 
 
75 
4.5. Жарықтың  толқын  ұзындығын анықтау  үшін  қандай  дифракциялық  тəжірибелер  жүргізу 
керек.  
Жауабы:............................................................................... 
5. Ізденістік тапсырмалар. 
5.1.  Өте  кішкентай  саңлаудың  диаметрін 1,0 10
-9
  м  дəлдікпен  өлшеу  үшін  қандай  тəжірибе 
жүргізер едіңдер. 
Жауабы:............................................................................... 
6.  Творчестволық  тапсырмалар.  Мұндай  тапсырма  аясында  оқушыларға  өз  бетінше  бір 
немесе  бірнеше  есеп  құрастыру  жəне  үйде  немесе  сыныпта  орындауы  ұсынылады.  Содан  кейін 
алған нəтижесін компьютерлік моделді пайдаланып тексеруі керек. Алғашқыда бұл есептер бұрын 
құрастырылып,  сабақта  шешілген  есептер  типтесі  болып,  кейіннен  модел  мүмкіншілігіне  орай 
жаңа типті болуы мүмкін.  
 
Орындалған тапсырмалар саны 
Қателер саны 
Сіздің бағалауыңыз 
 
 
 
 
 
 
 
Бланкіде  тапсырмалар  артығымен  берілген.  Бір  оқушы  олардың  барлығын  орындауы  шарт 
емес. Мұғалім ұсынылған тапсырмалар ішінен іріктеп оқушының шамасына қарай бергені дұрыс, 
немесе басқа да тапсырмалар ұсынуына болады. 
 
ƏДЕБИЕТ 
 
[1]
 
Назарбаев  Н.A. «Стратегия  «Казахстан-2050» – новый  политический  курс  состоявшегося  государства». 
Послание народу Казахстана. Астана. www.bnews.kz. 14 декабря 2012г. 
[2]
 
Кабылбеков  К.А.,  Байжанова  А.  Использование  мультимедийных  возможностей  компьютерных  систем  для 
расширения  демонстрационных  ресурсов  некоторых  физических  явлений // Труды  Всерос.  научно-практ.  конф.  с 
междунар. участием. – Томск 2011. – С. 210-215.  
[3]
 
Кабылбеков  К.А.,  Аманбаев  С.П.,  Халметова  З.Б.,  Арысбаева  А.С.  Модель  урока:  Лабораторная  работа: 
«Исследование  последовательного  и  параллельного  соединения  проводников»  с  использованием  виртуального 
конструктора // Научные труды ЮКГУ им. М. Ауезова. – Шымкент, 2013. – № 1 (26). – С. 83-87.  
[4]
 
Кабылбеков  К.А.,  Сатаев  С.,  Серкебаев  С.К.,  Арысбаева  А.С.  Модель  урока:  Лабораторная  работа: «Иссле-
дование цепей переменного тока» с использованием виртуального конструктора // Труды междунар. научно-практ. конф. 
«Казахстанское  общество  всеобщего  труда:  социально-педагогический,  экономический,  инновационный  и  правовой 
аспекты». – Тараз, 2013. – 2 т. – С. 60-64.  
[5]
 
Кабылбеков  К.А.,  Турмамбеков  Т.А.,  Иманбеков  Д.А.,  Арысбаева  А.С.  Компьютерлік  зертханалық  жұмыс 
блакісінің үлгісі // А. Ясауи атындағы ХҚТУ хабаршысы. – Туркістан, 2013. – № 1 (81). – С. 23-31.  
[6]
 
6.  Кабылбеков  К.А.,  Аширбаев  Х.А.,  Белгібаева  А.М.,  Арысбаева  А.С.  Оқушылардың  өз  бетінше  атқаратын 
компьютерлік  зертханалық  жұмыс  блакісінің  үлгісі // Труды  междунар.  научно-практ.  конф. «Ауезовские  чтения-12: 
«Роль регионального университета в развитии инновационных направлений науки, образования и культуры», посвящ. 70-
летию ЮКГУ им. М. Ауэзова. – Шымкент, 2013. – Т. 5. – С. 149-153.  
[7]
 
Кабылбеков  К.А.,  Дасибеков  А.Д.,  Аширбаев  Х.А.,  Серкебаев  С.К.  Физика  сабақтарында  компьютерлік 
моделдер  мен  виртуал  лабораторияларды  қолдану  əдістемесі // Труды  междунар.  научно-практ.  конф. «Ауезовские 
чтения-12: «Роль регионального университета в развитии инновационных направлений науки, образования и культуры», 
посвящ. 70-летию ЮКГУ им. М. Ауэзова. – Шымкент, 2013. – Т. 5. – С. 157-161.  
[8]
 
Кабылбеков  К.А.,  Саидахметов  П.А.,  Арысбаева  А.С  Оқушылардың  өз  бетінше  атқаратын  компьютерлік 
зерханалық жұмыс бланкісінің үлгісі // Известия НАН РК. – 2013. – № 6. – С. 82-89.  
[9]
 
Кабылбеков  К.А.,  Саидахметов  П.А.,  Байдуллаева  Л.Е.  Абдураимов  Фотоэффект,  комптонэффекті  заңдылық-
тарын  оқытуда  компьютерлік  үлгілерді  қолданудың  əдістемесі,  компьютерлік  зертханалық  жұмыс  атқаруға  арналған 
бланкі үлгілері // Известия НАН РК. – 2013. – № 6. – С. 114-121.  
[10]
 
Кабылбеков  К.А.,  Саидахметов  П.А.,.Турганова,  Т.К.,  Нуруллаев  М.А.,  Байдуллаева  Л.Е.  Жинағыш  жəне 
шашыратқыш линзаларды үлгілеу тақырыбына сабақ өткізу үлгісі // Известия НАН РК. Серия физ-мат. – 2014. – № 2. – 
С. 286-294. 
[11]
 
Кабылбеков  К.А.,  Аширбаев  Х.А.,  Такибаева  Г.А.,  Сабалахова  А.П.  Серкебаев  С.К.  Аширбаев  Х.А.,  Такибае-             
ва Г.А., Сабалахова А.П. Серкебаев С.К. Физикада компьютерлік зертханалық сабақ өткізуді ұйымдастыру // Труды меж-
дунар.  научно-практ.  конф. «Ауезовские  чтения-12: «Роль  регионального  университета  в  развитии  инновационных 
направлений науки, образования и культуры». – Т. 6. – Шымкент, 2014. – С. 277-281. 
[12]
 
Кабылбеков  К.А.,  ТурмамбековТ.А  П.А.Саидахметов,  Л.Е.Байдуллаева.  Сфералық  айнаны  моделдеу  тақыры-
бына сабақ өткізу үлгісі // Труды международной научно-практ. конф.. – МКТУ, Туркестан, 2014.  

Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
76  
[13]
 
Кабылбеков К.А., Серкебаев С.К. Салмақ пенсалмақсыздықты зерттеуді ұйымдастыруға арналған компьютерлік 
зертханалық жұмыстың бланкі үлгісі // Республикалық ғылыми-практ. конф. материалдары. – Шымкент, 2014. – 37-40 б. 
[14]
 
Кабылбеков К.А. Физикадан компьютерлік зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру. Оқу құралы. – Шымкент. – 
77 б. 
[15]
 
CD диск компании ОАО «Физикон». «Открытая физика 1.1».2001. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет