92
8. Оқу үрдісінің жоспарына (оқу жоспарына) түсіндірме жазба
Оқу жоспары кәсіби дайындықтың құрылымдық мазмұнын білдіреді, мо-
дульдер бойынша оқу уақыты көлемін, модульдерді оқу реттілігін қамтиды.
Оқу бағдарламасы және оқыту жоспары әр түрді модульдерден құралады.
«Модуль» термині теориялық және тәжірибелік блоктарды үйлестіру арқылы
«оқыту салаларының» үлгісін түсіндіреді. Осылайша қажетті модуль маман-
дық бойынша дайындық шеңберінде қарастырылатын құзыреттілікті меңгеру
мен дамытуға негізделеді.
«Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша оқу жоспары келесі
оқу циклдарына бөлінеді:
• Жалпы білім беру модульдері
• Жалпы гуманитарлық модульдер (мысалы: кәсіби қазақ (орыс) тілі,
мемлекеттік тілде іс жүргізу, кәсіби шет тілі, дене шынықтыру)
•Базалық жалпы кәсіптік модульдер теориялық сабақтар сағаттары,
зертханалық-тәжірибелік жұмыстар және өндірістік оқытудан құралады
•Кәсіптік модульдерде де теориялық сабақтар сағаттары, зертхана-
лық-тәжірибелік жұмыстар және өндірістік оқыту болады.
• Білім беру ұйымы анықтайтын модульдер (мысалы: гидравлика,
пневматика және жылу техникасы негіздері; энергетика негіздері; түсті
металлургия пештері; икемді автоматтандырылған басқару жүйелері)
• Өндірістік оқыту және кәсіптік тәжірибе «Электрмеханик» біліктілігі
бойынша диплом жазу тәжірибесі және дипломдық, инженерлік жобалардан
құралады.
• Аралық аттестация
• Қорытынды аттестация
• Консультация
• Факультативті сабақтар – әлеуметтік бағыттағы пәндер циклын оқу ұсы-
нылады.
Әзірленген оқу жоспары сағаттарды модульдер, бақылау формалары және
аттестаттау бойынша білім алушылардың біліктілік деңгейлерін есептей оты-
рып бөлуді қарастырады.
Әзірленген оқу жоспары өндірістік оқытуды кәсіптік модульдермен үй-
лестіруді қарастырады, яғни өндірістік оқу кәсіптік модульдер бойынша жік-
теледі.
Оқу уақытының көлемі жұмыс беруші талаптарын ескере отырып өзгертілуі
мүмкін.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру келесі тармақтар-
дан құралады:
- оқыту және дағдыларды қалыптастыру бойынша өндірістік жұмыс (зерт-
хана мен шеберханада өндірістік оқыту);
- оқыту және дағдыларды дамыту бойынша өндірістік жұмыс (оқу зертха-
налары мен шеберханаларды өндірістік оқыту, кәсіптік тәжірибе дәне өндірі-
стегі білім беру);
- кәсіптік тәжірибе (технологиялық, диплом жазу).
Әрбір тәжірибе түрінің ұзақтығы маман біліктілігі бейіні талаптарына сәй-