Бизнес-план, а также рассмотрены вопросы безопасности жизнедеятельности


 DWDM-жабдығының негізгі орамдары



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата06.03.2017
өлшемі2,8 Mb.
#8392
1   2   3   4   5   6   7   8

1.4 DWDM-жабдығының негізгі орамдары 

DWDM  технологиясында  телебағдарламалық  және  радиолық  хабарлау 

принциптері  толық  қайталанған.  Жіберуші  телебахдарламалы  антенна 

бірнеше телехабарламалық бағдарламаларды таратады, әр қайсысы- өз жиілігі 

бойынша. Бұл кезде электромагниттік толқындар түрлі жиілікпен бір-бірімен 

әрекеттеспейді.  ТВ-қабылдауыш  қабылдау  антеннасының  көмегімен  кез-

келген  арнаны  баптауға  болады  (кез-келген  жиілікке).  DWDM  жағдайында 

оптикалық  талшық  ауа  рөлін  атқарады  -  ол  бойынша  бір  емес  бірнеше,  бір-

бірімен  әрекет  етпейтін  түрлі  жиілікті  электромагнитті  толқындар  таралады. 

Әр  жиілікте  -  STM,  ATM,  IP  трафиктері  қолданылады.  Электромагнитті 

толқындардың  өшуі  аз,  жоғарыда  аталып  кеткен  С-  және  L-диапазондары 

жиіліктері немесе толқын ұзындықтары пайдаланылады.  

DWDM  технологиясы  оптикалық  сәуле  көздеріне  SDH  қарағанда 

қаталырақ  талаптар  қояды.  Көрші  арналар  бір-біріне  әсер  етпеуі  үшін,  сәуле 

спектрінің кеңдігі оптикалық арна кеңдігінен едәуір аз болуы керек, яғни 0,2-

0,3  нм  деңгейінде.  SDH  жүйелерінде  оптикалық  кәбіл  бойынша  1310  немесе 

1550 нм жиілігінде тек бір дабыл жіберіледі. Сондықтан оптикалық сәуле көзі 

спектрінің жиілік пен кеңдігіне қойылатын талаптар көп емес. 

Бір  талшық  бойынша  бірнеше  STM  дабылдарын  жіберу  үшін  оларды 

SDH  форматынан    DWDM  форматына  өзгерту  керек.  Бұл  қызметті 

транспондер  атқарады.  Оның  кірісіне  DWDM  форматына,  яғни  толқын 



22

 

 



ұзындығы  мен  тар  сәуле  спектрінің  қатал  бекітілген  дабылдарына  өзгертуді 

талап  ететін  STM  дабыл  беріледі  (немесе  ATM,  IP).  Оптикалық  STM-дабыл 

электр формасына өзгереді, дабыл формасы қалпына келтіріледі, содан кейін 

DWDM  форматына  қайта  электрооптикалық  өзгеру  орындалады.  Дабыл 

формаларын  қалпына  келтіру  үшін    3R-өзгерту:  1R  (re-amplification)  -  дабыл 

үдеткіш,  2R  -  1R  қосу  дабыл  формаларын  қалпына  келтіру  формасы  (re-

shaping), 3R - 2R қосу ресинхронизация (re-timing) қолданылады. Қала немесе 

облыс  аумақтарында  дабыл  жіберу  үшін  2R  функциялы  транспондерлерді 

пайдалану жеткілікті.  

DWDM жабдығының төрт негізгі орамдарға бөлуге болады: 

- оптикалық терминалды мультиплексор (Optical Terminal Multiplexer -   

OTM), 


- регенератор (Regenerator - REG), 

- оптикалық үдеткіш (Optical Line Amplifier - OLA), 

- енгізу-шығарудың оптикалық мультиплексоры (Optical Add Drop  

Multiplexer - OADM). 

Оптикалық терминалды мультиплексордың негізгі орамдары оптикалық 

мультиплексор  (OM)  және  оптикалық  демультиплексор  (OD)  болып 

табылады.  OM  жіберу  бағдарында  транспондер  шығысында  топтық  дабылға 

өзгертілген  және  оптикалық  кәбілмен  жіберілетін,  бекітілген  толқын 

ұзындықтары дабылдарын мультиплекстейді.  

OD қабылдауында топтық дабыл транспондерлерге берілетін бекітілген 

толқын ұзындықтары бар дабылдарды керісінше процесс жүреді. 

Оптикалық  регенератор  топтық  дабыл  формасын  қалпына  келтіру, 

джиттерді  басу  және  дабыл/шу  қатынасын  жақсарту  үшін  пайдаланылады. 

Осы  мақсатпен    O-E-O  (Optical-Electrical-Optical)  өзгертілу  пайдаланылады. 

Топтық  сигнал  REG  кіруде  электрлі  формаға  өзгертіледі,  3R-  форманы 

қалыпқа  келтіру  жүргізіледі,  және  кейін  ол  оптикалық  формаға  қайта 

өзгертіледі.  Регенератор  транспондер  арқылы  back-to-back  сұлбасы  бойынша 

қосылған  екі  OTM-мультиплексор  базасында  қолданылады.  Мұндай 

конфигурация  барлық  оптикалық  арналардың  енгізу-  шығарылуын  жүзеге 

асыруға мүмкіндік береді. 

Оптикалық үдеткіш сәйкесінше формасын қалпына келтіруінсіз топтық 

дабылдарды  үдетеді.  Алыс  аймақтарға  ақпарат  жіберу  кезінде  үдеткіштер 

эквалайзер-  оптикалық  арналар  қуатын  түзету  қызметін  атқарады.  Қала 

жағдайында  эквалайзер  қызметі  жасалмайды,  және  бұл  үдеткіш  құнын 

төмендетеді.  Оптикалық  үдеткіш  DWDM  жабдығының  ең  арзан  түрі  (OTM-

мультиплексоры мен регенератормен салыстырғанда). 

Енгізу-  шығару  оптикалық  үдеткіш  пассивті  оптикалық  плата 

қосылатын  оптикалық  мультиплексор  базасында  құрылады,  ол  толқын 

ұзындықтары  бекітілген  оптикалық  арналардың  шектеулі  санын  енгізу-

шығаруға  мүмкіндік  береді.  Ол  ультракүлгін  сәулелері  көмегімен  жасалған, 

оптикалы- талшықты кәбілдердегі кертік есебімен жететін сыну индексі үнемі 

өзгеріп  тұратын  бреггов  торын  сипаттайды.  OADM-мультиплексоры  брегг 



23

 

 



торлары  базасында  1  ден  12  арнаға  дейін  енгізу-шығаруды  жүзеге  асыруға 

мүмкіндік  береді.  Қалған  арналар  үшін  ол  үдеткіш  ретінде  пайдаланылады. 

Мұндай    мультиплексордың  OTM-мультиплексоры  мен  регенератормен 

салыстырғандағы артықшылығы - оның бағасының едәуір төмендігі. 

DWDM-жабдығының  құнын  төмендетудің  келесі  мүмкіндігі  -    "түрлі 

түсті"  интерфейстерді  пайдалану.  Жоғарыда  айтқанымыздай,  транспондерге 

бір  жағынан    SDH-жабдығы,  келесі  жағынан  -    DWDM  (брегг  торлары 

базасындағы 

енгізу-шығарудың 

оптикалық 

мультиплексоры/ 

демультиплексоры  немесе  пассивті  оптикалық  құрылғысы)  жабдығы 

қосылады.  Бірақ  егер  SDH  жабдығында    толқын  ұзындығы  бекітілген  және 

сәулеленудің  тар  спектрі  бар  STM-интерфейстерін  пайдалансақ,    онда 

транспондердің  қажеттілігі  болмайды.  Мұндай  STM-интерфейстер  "түрлі 

түсті" деп аталады. Оларды пайдалану, яғни транспондерлерден бас тарту O-

E-O    өзгерістерінің  санын  азайтуға  және  оптикалық  байланыс  кәбілдерінің 

санын  азайтуға  көмектеседі,  ол  өз  кезегінде  жабдықтың  мүмкіндігін 

жақсартады.  Одан  бөлек,  жабдық  мөлшері  мен  қуат  жұмсау  мөлшері 

төмендетіледі. 

DWDM 

жүйесінің 



компоненттері: 

мультиплексорлар 

және 

демультиплексорлар 



Әрбір  лазерлік  таратқыш  WDM  жүйесінде  берілген  жиіліктің  бірінде 

дабыл  жібереді.    Осы  барлық  дабылдарды  (арналарды)  бірегей  құрамдас 

дабылға  мультиплекстеу  (бір  -  бірімен  байланыстыру)  қажет.  Бұл  қызметті 

атқаратын  құрылғы  MUX  (немесе  OM)  оптикалық  мультиплексоры  деп 

аталады. Ұқсас құрылғы байланыстың басқа жағында құрамдас дабылды жеке 

арналарға  бөледі,  ол    DEMUX  (немесе  OD)  оптикалық  демультиплексор  деп 

аталады.  Оның  мұндай  арналарды  қатайту  операциялары  уақытша  аяда 

жасалып, негізінен қабылдағыш пен таратқыштың дәл синхронизациялануына 

көп  мән  берілетін  TDM  жүйесінен  айырмашылығы,  WDM  жүйелерінде 

мультиплекстеу  мен  демультиплекстеуге  сипаттамалары  белгілі  жеке 

дабылдардың спектрлі компоненттері қатысады. 

 

 



 

1.1 сурет - Мультиплексор мен демультиплексор 



24

 

 



 

Оптикалық  мультиплекстеу  мен  демультиплекстеу    негізделген 

қиыстырылған  немесе  тар  жолақты  сүзгілерде  бір  бірінен  кейін  кезекпен 

орналасқан.  Негізінде,  сүзгілеу  үшін  жұқа  қабықты  сүзгіштер,  талшықты 

немесе  көлемді  брэгг  дифракционды  торлары,  дәнекерленген  талшықты 

разветвительдер, сұйық кристалдар негізіндегі сүзгіштер (фазалық толқындық 

дифракционды торлардың матрицалары немесе фазарлар), интегралды оптика 

құрылғылары пайдаланылады. 

Қазіргі уақытта жеке арналар арасында WDM желілерінде танылған 100 

ГГц  (~0,8  нм)  интервал  жиілігімен  оптикалық  мультиплекстеу  мен 

демультиплекстеу  құрылғылары  көбірек  таралуда.  Соңғы  уақытта  пайда 

болып жатқан мультиплексті құрылғылар 50 ГГц немесе одан азырақ интервал 

жиілігі  бар  арналарды  орналастырудың  қаттылығын  қамтамасыз  ете  алады. 

Заманауи  оптикалық  мультиплексорлар  жұқа  қабықты  сүзгілер  негізінде 

жасалады,  диффракционды  торлар  мен  брэгг  торларының  матрицаларында 

жасалу  сирек  кездеседі.  DWDM  жүйелеріндегі  арналардың  орналасу 

қаттылығын  кейіннен  өсіру  және  MUX/DEMUX  оптикалық  құрылғыларына 

қйылатын  талаптарды  қатаңдату  қолданыстағы  технологиялар  спектрінің 

өзгеруіне әкеледі. 

 

1.5 Топология түрлері  

DWDM  технологиялары  (SDH  технологиялары  сияқты)  алғаш  рет  екі 

нүктелі  байланыс  топологиясы  бар  алыс  және  жоғары  жылдамдықтағы 

жолдарды байланыстыруда қолданылды.  

Егер төменгі нүктелер арасындағы алшақтық талап ететін болса, мұндай 

жолдарды  ұйымдастыру  үшін  олардың  төменгі  нүктелеріне  DWDM 

терминалды  мультиплексорларын,  ал  аралық  нүктелеріне-  оптикалық 

үдеткіштерді орнату жеткілікті.  

 

 



 

1.2 сурет -  DWDM терминалды мультиплексоры негізіндегі алыс екі 

нүктелі байланыс 


25

 

 



Суретте  көрсетілген  сұлбада  желі  абоненттері  арасындағы  дуплексті 

алмасу екі талшық бойынша барлық жиынтықты бір бағытта жіберу есебімен 

жүзеге  асады.  DWDM  желісі  жұмысының  басқа  да  жолы  бар.  Бұл  желі 

орамдарын 

байланыстыру 

үшін 


бір 

ғана 


талшықты 

пайдалану.  

Дуплексті  режим  талшық  бойымен  оптикалық  дабылдарды  екі  бағдарда 

жіберу жолымен жүзеге асады -  жиілік жоспардың жарты толқыны ақпаратты 

бір бағытта, қалған жартысы- келесі бағытта жібереді. 

Екі  нүктелі  байланысты  топологияның  табиғи  дамуы  аралық 

қосылулары  бар  байланыстар  болып  табылады,  оларда  аралық  түйіндер 

енгізу-шығару мультиплексороларының қызметін атқарады. 

 

 

 



1.3 сурет- Аралық түйіндердегі енгізу-шығаруы бар DWDM байламдары 

 

Енгізу-  шығару  оптикалық  мультиплексорлар  (Optical  Add-Drop 



Multiplexer, OADM) жалпы оптикалық толқындар ішінен белгілі бір ұзындығы 

бар  толқынды  транзиттік  дабыл  спектрін  өзгертпей  және  аралық 

мультиплексорға  қосылған  абоненттердің  бірімен  байланыс  орната  отырып 

алып шыға алады. 

OADM  енгізу-  шығару  операцияларын  оптикалық  құралдар  арқылы 

немесе  электрлік  формаға  аралық  өзгерту  арқылы  жүзеге  асырады.  Әдетте 

енгізу-  шығарудың  толық  оптикалық  (пассивті)  мультиплексорлары  азғана 

толқын  сандарын  алуы  мүмкін,  себебі  әрбір  шығару  операциясы  оптикалық 

дабылдың қосымша өшіп қалуда енгізетін оптикалық сүзгісі арқылы біртіндеп 

өтуін  талап  етеді.  Егер  мультиплексор  дабылдың    электр  регенерациясын 

атқаратын  болса,  онда  шығарылатын  толқындар  саны  толқындар 

жиынтығының  аясында  әр  түрлі  болуы  мүмкін,  себебі  транзитті  оптикалық 

арна алдын ала толықтай демультиплекстеледі. 

Сақиналық  топология  резервті  жолдар  есебімен  DWDM  желілерінің 

қарқындылығын  қамтамасыз  етеді.  DWDM  -  де  қолданылатын  трафикті 

қорғау  әдістері    SDH  әдістерімен  ұқсас  (алайда  DWDM-де  олар  әлі 



26

 

 



стандартталмаған).  Белгілі  бір  байланысты  қорғау  үшін,  оның  төменгі 

нүктелерінде  екі  жол  орнатылады:  негізгі  және  резервті.  Төменгі  нүктелі 

мультиплексор  екі  дабылды  салыстыра  отырып,  жоғары  сапалы  дабылды 

таңдайды. 

 

 

 



1.4 сурет -  DWDM мультиплексорларының сақина топологиясы 

 

DWDM  желілерінің  даму  жағдайына қарай  оларда ұяшықты  топология 



жиі  пайдаланылатын  болады  (4  сур.),  ол  басқа  топологияларға  қарағанда 

иілгіштік  және  өндіргіштік  бойынша  жоғары  көрсеткіштерді  қамтамасыз 

етеді.  Алайда  ұяшықты  топологияны  жүзеге  асыру  үшін  оптикалық  кросс-

коннекторлардың  (Optical  Cross-Connector,  ОХС)  болуы  шарт,  олар  енгізу- 

шығару  мультиплексорлары  жасайтындай  жалпы  транзиттік  арнаға 

толқындарды  қосып,  оларды  сол  жерден  қайта  шығарып  ғана  қоймай, 

сонымен  қатар  түрлі  ұзындықтағы  толқындармен  жіберілетін  оптикалық 

дабылдар арасындағы кез-келген коммутацияны қолдайды.  

 

 

 



1.5 сурет -  DWDM ұяшықты топологиясы 

27

 

 



1.6 ТОБЖ жобалауда қойылған талаптар 

Ocы  жoбaның  мaқcaты  Ұржар-  Өскемен  aумaғындa  ТOБЖ  жoбaлaу 

бoлып тaбылaды. 

ТOБЖ 


oл 

қуaтты 


цифpлық 

шығapмaлapы 

мeн 

Қaзaқcтaн 



Pecпубликacының  бipiншiлiк  мarиcтpaль  тopaбының  арналарын  opындaуғa 

apнaлғaн. Pereнepaциялық бeкeттepiдeгi xaлық opнaлacқaн жepлepдe құpылуы 

қaжeт.  Тapaтқыштық  қoндыpғылapының  cупep  cәулeлeнуiнiң  көздepi  кeм 

дereндe  10

5

  ,  яғни  100000  caғaттaй  жұмыc  icтeуi  кepeк.  Бacқapудың  жәнe 



бaқылaу  жүйeci  кeлeci  функциялapды  aтқapу  үшiн  кepeк:  шeткi  бeкeттepдeгi 

қoндыpғылapды,  қызмeт  гидpa  көpceтiлмeйтiн  peгeнepaциялау  кepeк 

бeкeттepiн бaқылaу, жeлiнi peзepвкe aвтoмaттылы түpдe aуыcтыpу. 

Ocындaй  мaқcaттapғa  жeту  үшiн  диплoмдық  жoбaдa  мынaлap  icкe 

acырылып, opындaлуы қaжeт: 

1.

 



Тығыз толқындық мультиплекстеу технологиясын DWDM   

пaйдaлaнып  «Ұржар  -  Өскемен»  aумaғындaғы  бaйлaныc  жeлiciнiң 

cұлбacын жacaу. 

2. ТOБЖ тpaccacының жoбacын құpy. 

3. Oптиraлық кәбілдің түрі мeн мapкacын тaңдay. 

4. Қoндыpғылapды тaңдay. 

5. Taлшықты  oптикaлық  кaбілдің  көрсеткіштерін  eceптeу,  

     регенерациялау аймағын eceптeу жәнe TOБЖ ceнiмдiлiriн қapacтыpу. 

6. Тipшiлiк қaуiпciздiгiнiң cұpaқтapын нeriздeу. 

7. Жoбaның бизнec – жocпapын құpу. 

 

2 Ұйымдастырылатын желі құрылғысы 

2.1 Кәбілді таңдау 

ТОБЖ-ның  (талшықты  оптикалық  байланыс  желісі)  арзан  емес 

элементінің бірі оптикалық кәбіл (OК) болып табылады. 

ОК-ді  рационалды  таңдау    ТОБЖ  (талшықты  оптикалық  байланыс 

желісі)  жобаларын  құру  мен  жөндеу  кезіндегі  шығындарды  азайтады. 

Орнатуға арналған ОК-ді дұрыс таңдау үшін келесі факторларды есте сақтау 

қажет: 

- желіларды жөндеу кезінде пайда болатын қоршаған орта әсеріне  



   тұрақтылық (механикалық, климаттық); 

- қоршаған ортаның кәбілге әсері; 

- қажет етілетін кәбілдегі оптикалық талшықтар саны; 

- қолданылатын оптикалық жіберу жүйесі; 

- жоғары сенімділік, жөндеудің ұзақ мерзімі. 

Талшықты-оптикалық өткізудің байланыс желілерін жобалау үшін және 

кәбілдің керек түрін таңдау үшін, кәбілдің құрылысын, жөндеу жағдайларын 

және оның техникалық көрсеткіштерін білу қажет. 



28

 

 



Талшықты-оптикалық  байланыс  желілеріна  деген  сұраныс  күн  санап 

артуда.  Өсу  динамикасы  байланыс  операторлары  құрып  жатқан  желі 

жолдарының  сегментінен  байқалады.    Қазіргі  уақытта  түрлі  қолдану 

жағдайларына  (ғимарат  ішінде,  телефонды  ұйымда  немесе  грунтта  төсеу, 

сонымен бірге оптикалық кәбіл темір жолдарында, электр жіберу желілерінда, 

арнаизациялық және су өткізу құбырларында, өзен-су астарында, автожолдар 

бойында  өткізілуі  мүмкін)  бағытталған  ТОК  (талшықты  оптикалық  кәбіл) 

конструкциялары өте көп. 

Артықшылықтарының көптігіне байланысты талшықты оптиканы түрлі 

жағдайларға пайдалану тиімді болып саналады. 

Талшықты-оптикалық  арналарды  ғимараттан  тыс  орнату  бүгінгі  күні 

көп  түрлілігімен  ерекшеленеді,  бұл  жөндеу  жағдайларының  жасалуына 

байланысты.  Мұндай  кәбілдерді  екі  топқа  бөлуге  болады:  тікелей  грунтқа 

көмілетін, және арнайы ұйымдарға төселетін. Сонымен бірге ашық жерлерде, 

арқандағы  бағаналар  арасында  немесе  ғимараттар  бойында  кронштейндерге 

ілінетін кәбілдерді жеке бөлуге болады. 

Осы  дипломдық  жобамда  оптикалық  кәбіл  грунтқа  көмілетін  болады, 

сол себепті алдымен кеміргіштерден қорғану мен механикалық  мықтылықты 

сақтауды ескеру қажет, сонымен қатар ультракүлгін сәулелердің әсерін, тегіс 

қабат  пен  төмен  температураларда  жұмыс  жасау  жағдайын  естен  шығармау 

керек.  Сонымен  бірге  кәбілді  төсеу  кезінде  ылғалдан  қорғану  жолдарын 

ескеру  қажет.  Оған  гидрофобты  құрамды  талшықты  трубкалар  арасына  бос 

кеңістік  сала  отырып  қол  жеткізуге  болады.  Әдетте,  мұндай  кәбілді  төсеу 

арнайы механикалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады. 

Соңғы жылдары нарықта ТОБЖ (талшықты оптикалық байланыс желісі) 

жобалауында  оптикалық  талшықтарды  пайдалануды  жеңілдетуге  және 

арзантуға  мүмкіндік  беретін  бірнеше  технологиялар  мен  тауарлар  пайда 

болды.  


Ұржар  -  Өскемен    жолдары  үшін  қазақстандық  телекоммуникация 

нарығында  танымал  "СОЮЗ-КӘБІЛ"  ИООО  Белорусс  мекемесімен 

ұсынылатын КС-ОКБ маркалы кәбіл пайдаланылатын болады. 

Зауыттың өндіргіш қуаты   жылына 10  мың  км  талшықты-оптикалық  

кәбілді құрайды.  

Мекеменің  өндіргіштік  базасы  оптикалық  кәбілдерді  шығару  бойынша 

«Nextrom    OY»  (Финляндия)      фирмасының  технолгиялық  жабдығының 

заманауи жоғары өндіргіштік кешені негізінде құрылған.  

Оптикалық  талшық  кәбілдерінде  пайдаланылатын  конструктивті 

көрсеткіштер мен оптикалық сипаттамалар IEC 60793 талаптарына сай келеді. 

КС-ОКБ маркалы кәбіл барлық категориялы грунттарда қолмен немесе 

механикалық  жолмен  төсеу  үшін  арналған.  Келесілерге  рұқсат  етілмейді: 

кәбілді  арнаизацияларда,  құбырларда,  блоктарда,  коллекторларда,  көл  мен 

батпақ қиылысқан жағдайда суларда.  

 


29

 

 



 

 

2.1 сурет –КС-ОКБ маркалы кәбіл құрылымы: 1  –  оптикалық талшық  



(бір модалы);  2  -  гидрофбты ішкі модульді толтырғыш: Macroplast CF 250. 

(өндіруші  –  Henkel  фирмасы  -  Германия);  3  –  оптикалық  модуль: 

полибутелентерефталат Ultradur 

B6550L  (өндіруші  –BASF  фирмасы  -  Германия);  4  –  орталық  күш 

элементі:    шыны пластикті   шыбықша (өндіруші   –    AKSH    Үндістан);  5   –  

гидрофобты  модуль  аралық  толтырғыш:  өндіруші  –  JC  Com  (Корея);  6  – 

аралық  сыртқы  қабат:  НЕ6062  жоғары  қабатты  полиэтилен:  өндіруші  – 

Borealis  фирмасы  (Финляндия);  7  –  қабат  гидроизоляциясы:  өндіруші  –  JC 

Com (Корея); 8 – бронь: дөңгелек темір шыбықша: 

өндіруші  –«СИЛУР»  АҚ  (Украина);  9  –  гидрофобты  толтырғыш;  10  - 

сыртқы  қабат  :  ОКБ  –  жоғары  сапалы  полиэтилен:  өндіруші  –Borealis 

фирмасы (Финляндия). 

Кәбілдің  өзегі  түзу  бір  жақты  немесе  SZ  орамы  әдісімен  жасалған 

орталық  күш  элементін  және  сыртқы  орауларды  құрайды.  Ішкі  орауларда 

оптикалық  модульдер  және  кордельді  толтырғыштар  орналасады.  "А"  

модификациялы  кәбілдің  орау  үстіне  төселген  алюмполиэтиленді  лентасы 

болады.  Орау  үстіне  полиэтилен  мен  пластмассадан  жасалған,  жанбайтын 

қабат  төселген.  Қорғаныш  қабаты  темір  орамдарынан  және  жанбайтын 

полиэтилен мен пластмассаның сыртқы қабатынан тұрады. Темір орамдардың 

ауа  кеңістігі   гидрофобты   компаундпен  толтырылған.  1.1 кестеде  КС-ОКБ  - 

4/144  -  SM/MM50/MM62,5-FF/CF  кабелінің  негізгі  техникалық  сипаттамасы 

көрсетілген. 

 

2.1 кесте– Кәбілдің техникалық сипаттамасы 



Көрсеткіш 

 

Өлшеу бірліг 



Мәні 

 

Оптикалық талшықтар саны 



 

дана 


 

4-144 


 

Оптикалық модульдер саны 

 

дана 


 

4-12 


 

Номиналды сыртқы диаметр 

 

мм 


 

9,0-30,0 

 

Сыртқы қабат қалыңдығы, кем      



емес 

 

 



мм 

 

 



2,0 

 

Аралық қабат қалыңдығы, кем  



емес 

 

 



мм 

 

 



1,0 

 


30

 

 



Кәбіл массасы 

 

кг/км 



 

250-1500 

 

Рұқсат етілетін басу күші 



 

кН/см 


 

1,0-1,5 


 

Рұқсат етілетін созылу күші 

 

кН 


 

3,0-80,0 

 

Минималды иілу радиусы 



 

 



15хD

каб 


 

Құрылыс ұзындығы 

 

км 


 

≤ 6 


 

Төсеу мен монтаж температурасы 

 

0С 


 

  10 бастап 50 ден 

 

Температуралардың жұмыс 



диапазоны 

 

0С 



 

  40 бастап 50 ден 

 

Қызмет ету мерзімі, кем емес 



 

жыл 


 

25 


 

Кепіл мерзімі 

 

жыл 


 

 



 

Кәбілдің қосымша сипаттамалары: 

- кәбіл төсеу мен монтаж температатурасында минималды иілу радиусы 

бойынша 20 циклға дейін көтере алады; 

-  қоршаған  ортаның  қалыпты  температурасында  кәбіл  4  метрден 

аспайтын  ұзындықта,  ±360°  бұрышта  осьтік  айналудың  10  циклына  дейін 

көтере алады; 

-  кәбіл  40-кратты  сыртқы  диаметрі  бар  барабанды  айналдыру 

тұрақтылығына ие; 

-  кәбіл  4g  жылдамдығымен  10-нан  200  Гц-ке  дейінгі  жиілік 

диапазонында діріл жүктемесіне ие; 

- кәбіл мықтылығы оны кеміргіштерден  қорғайды; 

-  кәбіл  +35  °С    температурасында  98%    көтеріңкі  ылғалдылық  әсеріне  

төзімді; 

-  кәбіл  көгенрген  саңырауқұлақтар,  атмосфералық  жауын-шашын,  күн 

сәулесі т.б. әсеріне төзімді; 

-  кәбіл су өткізбеушілігімен сипатталады; 

- дайындау кезіндегі температура диапазоны –-60°С-тан +70°С-қа дейін; 

- кәбілдің сыртқы қабаты герметикалық

- +70 °С температурада кәбілдің гидрофобты толтырғыштарында тамшы 

түсу болмайды; 

-  «метал  элементтері–жер»  (біріктірілген)    байлау  изоляциясы  5  секунд 

ішінде 50 Гц жиілікпен тұрақты токтың 20 кВ күшін немесе ауыспалы токтың 

10 кВ көтере алады; 

- кәбілдер 105 кА көлемді 60 мкс ұзақтығынан аспайтын импуьсті токты 

көтере алады; 

-  металл  элементтері  мен  қоршаған  орта  (су)  арасындағы  өлшенген 

кәбілдің сыртқы қабатының электрлік кедергісі 2000 МОм x км кем емес (1000 

МОм x км кем жанбайтын кәбілдердің орындалуында 

Кәбілдегі  оптикалық  талшықтардың  қажет  санын  таңдауда  желіні 

дамытуға қосымша қорды ескеру қажет, алайда ОТ санының шамадан тыс көп 

болуы оптикалық кәбіл бағасының өсуіне әкелетіндігн естен шығармау керек. 



31

 

 



ҚР  желі  жолдарында  түрлі  фирмалардың  ТОК  (талшықты  оптикалық  кәбіл) 

пайдаланылады,  мысалы:  «Siemens»,  «Alcatel»,  «Daewoo»  және  т.б.  орташа 

жылдамдықты  SDH  жүйелері  үшін  бір  модалы  талшықты  пайдалану 

көзқарасы  бойынша,  тапсырыс  беруші  талабына  сай  келетін  кез-келген  өшу 

бойынша қанағаттандыратын талшықтар қолданылуы мүмкін.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет