Бизнес-план, а также рассмотрены вопросы безопасности жизнедеятельности


 OptiX BWS 1600G жүйесінің сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата06.03.2017
өлшемі2,8 Mb.
#8392
1   2   3   4   5   6   7   8

2.2 OptiX BWS 1600G жүйесінің сипаттамасы 

DWDM  аппаратурасын  таңдау  барысында  аппаратураның  техникалық 

сипаттамаларына  мән  беріп  ғана  қоймай,  сонымен  қатар  келісу 

аппаратурасынсыз жұмыс жасауға болатындай  етіп таңдау керек. 

Huawei    Technologies  қытай  компаниясымен  ұсынылған  DWDM  OptiX 

BWS  1600G  жіберудің  жолдық  жүйесі,  жаңа  заманға  сай,  үлкен  көлемді 

жіберу жабдығы болып табылады. 

Бұл  жүйе  оптикалық  желілерге  арналған  заманауи  және  болашақ 

қажеттіліктер есебімен жасалған.  

Жүйе  жіберудің  оптикалық  желілерінде  негізгі  рөл  атқаруына  септігін 

тигізетін, барлық конфигурацияларды  және жоғары мүмкіндіктерді қолдайды. 

Оптикалық  талшықтардың  жылдамдығы    10  Гбит/с-тан  1600  Гбит/с-қа  дейін 

біртіндеп  өсуі  мүмкін.  Егер  жүйені  кеңейтер  болсақ,  жабдықты  өшірудің 

немесе қызметтерді ұсынуды тоқтатудың қажеті жоқ. Тек ғана жаңа қосымша 

аппараттық  құралдар  орнату  жеткілікті.  Әдеттегі  конфигурацияда    OADM 

байлауын енгізу де жүйе жұмысына ешқандай ықпалын тигізбейді. 

Жүйе  түрлі  топологияларды  қамтиды,  соның  ішінде:  "нүкте-  нүкте", 

сызықты  немесе  сақиналық  желілер.  Бұл  жүйе  желілердің  жолдық  деңгейі 

болғандықтан,  ол  ірі  қалаларды  біріктіреді  және  оптикалық  коммутауиялық 

трафиктің  үлкен  көлемін  өткізеді,  соның  ішінде  DWDM  қалалық  желілерін 

(MAN, 


metropolitan 

area 


network), 

 

SDH 



жабдығын 

немесе 


маршруттандыруларды. 

DWDM OptiX BWS 1600G жүйесі бір бағыттағы сервис дабылдарын бір 

оптикалық кәбіл арқылы жіберуді жүзеге асырады,  яғни екі бағыттағы жіберу 

екі  оптикалық  талшық  арқылы  жүзеге  асады:  бір  талшық-  жіберу  үшін,  ал 

екіншісі-  қабылдау  үшін  пайдаланылады.  Желінің  келесі  артықшылықтары: 

AWG-типтегі  мультиплексорлар  мен  демультиплексорларды,  эрбиевті 

талшықты-оптикалық 

үдеткіштерді, 

Раман 

үдеткіштерін, 



толқын 

ұзындықтары  тұрақты  дабыл  көздерін,  арна  қуатын  баланстау  функциясын 

қолдану,  желіні  басқарудың  әмбебап  және  орталықтандырылған  жүйелерінің 

дисперсия  компенсацияларын  жою  оның  жұмыс  сипаттамасы  мен  желі 

ұйымдастыруын жақсартады. 

Huawei  (NMS  -  network  management  system)  компаниясы  жасап 

шығарған  желіні басқару жүйесі DWDM жабдығын толықтай басқарып ғана 

қоймай, сонымен қатар  OptiX жабдығының барлық серияларын, соның ішінде 

SDH және METRO жабдықтарын басқарады. ITU-T ұсынысына сәйкес, ЖБЖ 

желіге  техникалық,  өзіндік  қызмет  көрсетудің  көптеген  түрі  бар.  Бұл 



32

 

 



функциялар  бас  тартуларды  өңдеуге,  жұмыс  сипаттамаларын  басқаруға, 

конфигурацияларды  жөндеуге,  резервтеуге,    OptiX  желісінің  техникалық 

қызмет көрсетілуі мен тестілеуін жүргізуге мүмкіндік береді. NMS тұтынушы 

талабы бойынша алмаспай басқару қызметін жүзеге асырады.  Аталған қызмет 

желі  қызметтерін  айтарлықтай  жақсартады,  жөндеу  шығындарын  азайтады 

және желілік ресурстарды тиімді пайдалану кепілдігін береді. 

ЖБЖ  өте  күшті  және  заманауи  мүмкіндіктерге  ие.  Ол  меңгерілуі  оңай 

және  қарапайым  тұтынушылық  интерфейстер  ұсынады.  Оның  құрылуында 

пайдаланылатын  объектке  бағытталған  жол  пайдаланушыға  кез-келген 

қызметті  сол  уақыттағы  физикалық  желі  мүмкіндіктеріне  сәйкес 

қосуға/өшіруге  мүмкіндік  береді.  OptiX  BWS  1600G  NMS  жүйесінде  өте 

пайдалы  функциялар  бар:  арналарды  алмаспай  басқару  (толқын 

ұзындықтарын), 

толқын 


ұзындығы 

ресурстарының 

статистикалық 

сараптамасы,    авариялық  дабылды  басқару,  жұмыс  сипаттамаларын  басқару, 

жүйені басқару, жабдықты басқару және техникалық қызмет көрсету т.б. 

 

2.2  кесте  –  Huawei  Technologies  OptiX  BWS  1600G  өндірген  DWDM 



жүйесінің техникалық сипаттамасы 

Модель 


 

OptiX BWS 1600G 

 

Толқын ұзындығының диапазоны 



 

C,L 


 

Базалық жүйедегі толқын 

ұзындықтарының саны 

 

 



40 

 

Пайдаланылатын талшық түрі 



 

G.652, G.655, G. 653 сәйкес, бір сәнді 

 

Толқын ұзындықтарының санын 



арттыру 

192 дейін 

 

Қызмет байланысының болуы 



 

Иә, аналогты телефондар 

 

Басқару жүйесі 



 

T2000 


 

Интерфейстер 

 

Fibre Channel 1 Gbps,Gigabit Ethernet, 



SDH (STM-16/64), SONET: OC-48c/192c, 

10 Gigabit Ethernet 

 

Транспондерлер 



Бекітілген толқын ұзындықтарына 

қойылатын 

 

OADM құрылысы 



 

2хN оптикалық арналардың немесе 40 

арналардың бөлінуімен 

 

Жұмыс тәртібі 



 

3R кіріс дабылын қалпына келтіру 

3R+тұтынушы графигін инкапсуляциялау, 

G.709 FEC қателерді түзеу жұмысы, AFEC 

(дамыған) 

Базалық мультиплексор / 

демультиплексор 

40 толқын ұзындығына 

 

Сервисті интерфейстер 



 

RS-232/422, 16 кірісті құрғақ 

контактілер, 8 портты дабылды шығару 


33

 

 



Үдеткіш учаскесіндегі шекті OSNR 

17дБ 


 

Дисперсия компенсаторлары 

 

10,40,60,80 км-ге L,C 



 

Оптикалық үдеткіштер 

 

Автоматты түрде түзеу 



 

Басқару арнаы 

 

OSC басқарушы оптикалық арнаы 



 

Резервтеу 

 

жоқ;1+1 екі транспондер және екі 



тұтынушылық интерфейс (маршрут); Y-кәбіл, 2 

транспондерға бір интерфейс 

 

 

ТОБЖ  (талшықты  оптикалық  байланыс  желісі)  алыс  қашықтықта 



құрылатындықтан,  яғни  Ұржар-  Өскемен  қалаларының  аймағында,  O-E-O 

(оптикалық  -  электрлі  -  оптикалық)  өзгеріс  трафигін  жіберу  ҮБ  (үдеткіш 

бекет) араларына қойылатын төменгі және аралық орамдарда жүзеге асады.  

DWDM  OptiX  BWS  1600G    жіберуге  арналған  оптикалық  жүйе  өзіне 

үлкен  жеткізу  комплектін  қамтиды,  соның  ішінде:  статив,  подстатив, 

қоректендіру  блогы,  желдеткіш  блогы  (ауа  сүзгішін  қоса),  дисперсия 

компенсациясы  модулін  (Dispersion  Compensation  Module,  DCM)  және 

концентраторлар 

сөресін. 

 

Подстативтер 



стативке 

түрлі 


плата 

комбинацияларымен  бекітіледі.  Негізгі  сөре  -  бұл  екі  жағынан  артқы  панель 

және  алынбалы  қыр  панельдерімен  бекітілген  статив.  Қоректендіру  үстіңгі 

жағынан. DCM дисперсия компенсация модулінің сөресі мен концентраторлар 

сөресі статив негізінде бекітіледі. 

Бір  стативте  ең  көп  дегенде  үш  статив  бөліктері  құрастырыла  алады: 

үстіңгі,  ортаңғы  және  астыңғы  бөліктерде.  Орнатылатын  әр  статив  бөліктері 

үшін желдеткіш блок пен ауа сүзгіші бар. OptiX BWS 1600G жүйесінің статив 

бөлшектері төрт бөлікке бөлінеді: үстіңгі бөлік – интерфейстік қосылулардан 

шығу  аясы  немесе,  қарапайым  тілмен  айтқанда,  интерфейстер  аясы.  Мұнда 

статив бөлшектеріне жататын барлық сыртқы электр интерфейстері қосылады. 

Ортаңғы  бөлік  -  платаларды  орнату  аясы.  Төменгі  бөлік-  оптикаталшықтық 

кәбілдер мен желдеткіш блоктарын төсеу аясы. 

Платаларды орнату аясын кеңірек қарастырайық: 

Стативте  барлығы  13  электр  жалғағыш  құрылғы    (IU1-IU13),  солдан 

оңға қарай нөмірленген : IU1, IU2 … IU13. Құрылғы IU7 ені 24 мм. SCC/SCE 

(жүйе  басқару  платасы  мен  байланыс  платасы)  үшін  резервтелген.  IU 

(интерфейс  блоктары)  басқа  құрылғыларының  ені  38  мм.  Барлық  оптикалық 

интерфейстер міндетті түрде платалардың алдыңғы панелдеріне шығады. 

2.2  суретте    DWDM-жабдығының  алдыңғы  жағы  көрсетілген,  онда 

қолданыстағы платалардың орналасуы бейнеленген. 

 


34

 

 



 

 

2.2 сурет - DWDM жабдығының алдыңғы бөлігі 



 

Трафиктің  ұдайы  өсуіне  байланысты  өткізгіш  қасиет  артуы  мүмкін, 

және арналардың өсуі желі жұмысының тоқтауынсыз жүзеге асады. DWDM-

желісін  эксплуатацияға  енгізе  отырып,  оператор  өз  клиенттеріне  үлкен 

сыйымдылықты  арналарды  ұсына  алады,  бұл  өзіне  үлкен  көлемдегі 

ақпараттарды  жылдам  жібергісі  келетін  жаңа  клиенттерді  тартуға  септігін 

тигізеді. 

DWDM  технологиясы  талшық-оптикалық  арналардың  өткізгіш 

жолақтарын  бірнеше  жүз  есеге  дейін  кеңейтудің  ең  масштабты  әрі  тиімді 

жолын  табуға  мүмкіндік  береді.  Оптикалық  желілердің  өткізгіштік  қасиетін 

DWDM  жүйесінің  негізінде,  желінің  даму  жағдайына  қарай,  орнатылған 

арнаға біртіндеп жаңа оптикалық арналарды енгізу арқылы арттыруға болады.  

      

2.3 OptiX BWS 1600G жүйесінің құрылымы 

DWDM  OptiX  BWS  1600G  жүйесінің  механикалық  құрылымы    шкаф, 

платалар,  статив  бөліктері,  желдеткіштер,  қоректендіру  блогы  және  т.б. 

құрайды.  Шкафқа  жабдықтың  әр  түріне  арналған  платалардың  түрлі 

конфигурациялары бар статив бөліктері бекітілуі мүмкін. 

Кішігірім  дизайн  жабдықты  орнатуға  арналған  кеңістікті  тиімді 

пайдалануға  мүмкіндік  береді.  OTM  конфигурациясы  400  Гбит/с  өткізгіштік 

қасиетімен  екі  шкаф  қолдану  арқылы  жүзеге  аса  алады,  ал  бір  шкаф    OLA 

конфигурациясын  жүзеге  асырыуға  арналған.  Бір  шкафқа  үш  статив 

бөліктерін орнатуға болады: қоректендіру блогын,  

DCM сөресін және HUB сөресін. HUB бір сөресінде ең көп дегенде екі 

концентратор (HUB) орнатуға болады,  DCM сөресінде де дәл солай екі DCM 

орнатылады. 

Жүйеде жабдықтың бес түрі бар: 



35

 

 



- оптикалық мультиплексор (OTM, Optical terminal multiplexer); 

- оптикалық үдеткіш (OLA, Optical line amplifier); 

- қосу/ерекшелеу оптикалық мультиплексоры (OADM, Optical Add/Drop   

  Multiplexer); 

- регенератор (REG); 

- оптикалық түзеткіш (OEQ, Optical equalizer). 

Жабдықтың әр түрінде 40 арнаға дейін болуы мүмкін. 

 

2.3.1 Оптикалық мультиплексор (OM) 

DWDM  желісінің  бекетінде  сыртқы  жабдық  қызметі  үшін  DWDM 

желісіне қосылу жүзеге асырылады. 

Жіберу  кезінде  ол  түрлі  клиенттік  жабдықтардан,  мысалы  SDH 

жабдығынан  бір    ТОБЖ-ға  үдету  және  кейіннен  жіберу  үшін  түсетін 

оптикалық дабылдарды өзгертеді және мультиплекстейді.  

Қабылдау  кезінде  барлық  арналардың  демультиплекстеуі  және  сәйкес 

клиент жабдығына жіберу қызметі жүзеге асады.  

OTM негізгі төменде берілген компоненттерден тұрады: 

- оптикалық ретранслятор блогы (OTU, Optical transponder unit); 

- оптикалық мультиплекстеу блогы (M40); 

- VOA (V40) мультиплекстеудің 40-арналы оптикалық блогы; 

- оптикалық үдеткіш блогы (OAU/OBU/OPU); 

- оптикалық демультиплекстеу блогы (D40); 

- оптикалық талшық интерфейсінің блогы (FIU, Fiber interface unit); 

- (SC1) бір бағыттағы оптикалық бақылау арнасының блогы/ (TC1) бір   

бағыттағы оптикалық бақылау арнасының және синхронды жіберу  

блогы; 

- дисперсия компенсациясының модулі (DCM, Dispersion compensation 



module); 

- спектрдің көп арналы сараптауының блогы (MCA, Multi-channel 

spectrum analyzer unit); 

- байланыс пен жүйе басқару блогы (SCC, System control & 

Communication unit). 

 

 



 

2.3 сурет - OTM қабылдауыш бөлігінің блок-сұлбасы 

    


36

 

 



2.3.2 Оптикалық желілік үдеткіш (OLA) 

OLA  блогы  екі  бағытты  оптикалық  дабылдарды  күшейтеді  және 

дисперсия орнын толтырады. Бір сөзбен айтқанда, ол регенерациясыз жіберу 

алыстығын ұлғайтады немесе 3R-қызметін пайдаланбай жіберуді қамтамасыз 

етеді. 

OLA  модулі  оптикалық  үдеткіш  блогынан,  Раман  үдеткішінен  (Раман 



және  EDFA  үдеткіштерін  қоса  пайдалану  үдеткішінің  шу  деңгейі  төмен 

оптикалық  дабылдарды  күшейтуді  қамтамасыз  етеді,  ал  ол  жіберу 

аймақтарының ұзақтығын арттыруға мүмкіндік береді), DCM, FIU, SC2, SCC 

блоктарынан және т.б. тұрады. 

 

 

 



2.4 сурет - OLA блок-сұлбасы 

 

OTM сияқты, Раман үдеткіштері OLA қабылдау жағына қойылады. Олар 



оптикалық  дабылдарды  үдету  қызметін  атқарады  (шу  деңгейі  төмен),  және 

содан кейін дабылдарды FIU блогына жібереді. Жүйе бақылау ақпаратына қол 

жеткізуі  үшін  FIU  негізгі  трактыдан  оптикалық  бақылау  дабылын 

ерекшелейді.  Мұнымен  бір  уақытта  негізгі  трактағы  C-диапазонының 

дабылдары  OAU  (оптикалық  үдеткіш  блогы)  блогына  жіберіледі,ол  жерде 

олар үдетіледі. DCM негізгі трактың дабыл дисперсиясын қалпына келтіреді. 

 

2.3.3 Енгізу/шығару оптикалық мультиплексоры (OADM) 

Жүйеде OADM екі түрі қолданылады: кезекті және параллельді. 

Кезекті  OADM  енгізу/шығару  локальді  операциялары  үшін  16  арнаға 

дейін  негізгі  тактыдан  MR2  платаларын  каскадтау  жолымен  қолданылады. 

OADM  негізгі  қолданылатын,  локальды  қосылатын  және  транзитті  арналар 

үшін  оптикалық  қуат  балансын  кепілдендіретін,  оптикалық  қуатты  түзетуші 

түрі. 

Кезекті  OADM  (OAU/OBU)  оптикалық  үдеткіш  блогын,  (MR2) 



енгізу/шығару  қызметі  бар  оптикалық  мультиплексор  модулін,  DCM,  OTU, 

FIU, SC2/TC2, SCC блоктарын және т.б. құрайды.  

 


37

 

 



 

 

2.5 сурет - Кезекті OADM блок-сұлбасы 



 

MR2  -  OADM-нің  негізгі  функционалды  блогы.  MR2-нің  әр  платасы 

қызметтің  екі  арнаының  енгізу/шығаруын  іске  асырады.  MR2-нің  сегіз 

платасына  дейін  каскадты  қосуға  болады.  Соның  нәтижесінде  16  арнаның 

енгізу/шығарылуы  қамтамасыз  етіледі  (8  сурет).  FIU  блогы  қабылдау 

бөлігінде  делит  негізгі  трактыны  оптикалық  бақылау  дабылдары  мен    C-

диапазонды  дабылдарға  бөледі.    Содан  соң  бақылау  арнаының  дабылы 

SC2/TC2-ке ары қарай өңдеу үшін жіберіледі. 

C-диапазонды дабылдар қызмет арналарының енгізу/шығарылуы жүзеге 

асатын  MR2  платаларына  жіберіледі.  Бұл  локальды  енгізілу/шығарылу 

арналарына кіру OTU арқылы жүзеге асады. 

Жіберу  бөлігінде  оптикалық  аттенюатор  түсуші  дабылдарды  жүйеде 

бекітілген  қуат  талаптарына  сәйкес  баптайды  және  олардың  MR2  платасына 

транспортталуын жүзеге асырады. 

Содан соң барлық дабылдар OBU үдеткішіне  түседі. Соңғы этапта FIU 

блогы C-диапазоны мен бақылау арналарының дабылдарын ары қарай ТОБЖ-

на (талшықты оптикалық байланыс желісі) жіберу үшін қайта есептейді. 

 

2.3.4 Регенератор 

Стохастикалық  сипатына  байланысты,  жарықты  таратудың  кейбір 

жағдайларында,  дабылдарды  алыс  жерлерге  жіберу  кезінде  шығыс 

дабылдарын регенерациялау қажет, бұл дисперсияны азайту немесе толықтай 

жою,  бастапқы  қуаттан,  оптикалық  шудан  немесе  PMD-эффектілерінен 

айырылудың алдын алу үшін қажет. 

Регенератор  (REG)  3R-өңдеуді  атқарады,  яғни  дабылдардың  бастапқы 

формаларын қалпына келтіреді (reshaping), тактілік синхронизацияны қалпына 

келтіреді  (re-timing)  және  дабылдарды  регенерациялайды.  Оптикалық 

дабылдарды регенерациялау жолымен, REG жіберу алыстығын ұзартады. 

 2.8  суретте  көрсетілгендей,  REG  бекетсы  келесі  блоктардан  тұрады: 

OAU, D40,OTU, M40, FIU, SC2 және SCC. 

 


38

 

 



 

 

2.6 сурет - Регенератор блок-сұлбасы 



 

Функционалды түрде екі қарама-қайшы қосылған OTM REG-ті құрайды. 

Жалғыз ерекшелігі, REG оптикалық дабылдардың енгізілу/шығарылуын OTM 

тәрізді  қамтамасыз  етпейді.  REG  -тің  барлық  функционалды  блоктары  мен 

өңдеу блоктары OTM блоктарына ұқсас. Тек OTU-дан басқа, себебі REG OTU 

-дің 3R-функциясын жүзеге асыратын регенерация қызметін пайдаланады. 

 

2.3.5 Оптикалық түзетуші 

Алыс  жерлерге  жіберу  барысында  (ELH)  жіберу  учаскесінің  ұзындығы 

регенераторларды  қолданусыз  ұзынырақ.  Осыған  байланысты  келесі 

мәселелер туындауы мүмкін: 

-  оптикалық  үдеткіштің  үдету  коэффициенттерін  бөлу  кезіндегі 

сәйкессіздік  және  ТОБЖ-на  (талшықты  оптикалық  байланыс  желісі)  өшу 

коэффициенттерін  бөлу  оптикалық  қуат  пен  дабыл/  шу  қатынасы  бойынша 

тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі; 

- DCM дисперсиясының тіктілігі ТОБЖ (талшықты оптикалық байланыс 

желісі)  сипаттамасына  толық  сәйкес  келмегендіктен,  толқынның  барлық 

ұзындығы  бойынша  толық  өтеуді  қамтамасыздандыру  мүмкін  болмайды, 

сондықтан дисперсия қабылдағыш бөлігінен жүйе талаптарына сай келмейді. 

ELH  жүйесінде  оптикалық  қуатты  сапалы  түзету  және  дисперсияның 

орнын  толтыру  үшін  OEQ  модулін  пайдалану  қажет.  OEQ  жабдығы 

оптикалық қуат түзеткіші мен дисперсия түзеткішін қамтиды. Оптикалық қуат 

түзеткіші.  Бұл  мәселені  шешудің  екі  жолы  бар:  негізгі  трактыда  арналар 

қуатын  түзетуші  үдеткіш  коэффициентінің  динамикалық  түзету  блогын 

пайдалану (DGE, dynamic gain equalizer unit) және VMUX блогын пайдалану. 

 Оптикалық  қуатты  түзету  дегеніміз  жіберу  тиімділігін  арттыру  үшін 

барлық  арналардағы  оптикалық  дабыл  энергиясын  бірдей  жұмсау.  Алыс 

аймақтарға  жіберу  жүйесінде  оптикалық  үдеткіштердің  көп  мөлшері  бір-

бірімен байланысқа  түседі.  Оптикалық  үдеткіштердің  АЖС-сы  (амплитуалы-

жиілік сипаттама) тікбұрышты болмағандықтан, дабыл спектрі қатайған кезде, 

сәйкесінше  өзгереді.  Оптикалық  дабылдар  үдеткіштің  бірнеше  санынан 

өткеннен кейін, спектрдің жиілігі айтарлықтай төмендейді.Осылайша, "дабыл-

шу"  қатынасы  бұзылады,  биттік  қателіктер  саны  көбейеді  және  жүйенің 

жіберу  тиімділігі  төмендейді.  Мұндай  мәселелерді  шешу  үшін  DGE  платасы 

пайдаланылады, ол спектрдің жіңішкелілігін қадағалайды. 



39

 

 



Дисперсия  түзеткіші    SuperWDM  технологиясы  қолданылатын,  алыс 

жерлерге  жіберу  жүйелерінде  пайдаланылады.    Егер  регенерациясыз  жіберу 

алшақтығы 1000 км-ден асатын болса (SuperWDM технологияларын қолдану 

есебімен),  онда  дисперсияның  міндетті  түзетілуін  ескеру  қажет.  Жүйе 

мультиплекстелген  дабылдарды  дисперсия  компенсациясы  модуліне  DSE 

платалары  арқылы,  дисперсияның  түзетілген  өтемі  мақсатында  жіберуді 

жүзеге асырады. 

Дисперсия  түзеткішін  қуаттың  оптикалық  түзеткішімен  бір  бекетға 

орналастыруға  болады.  Дұрысы,  оны  қабылдау  жағына,  оптикалық 

мультиплекстеу секциясының соңғы бекетіне қою. 

 

2.4 ТОБЖ төсеу тас жолын таңдау 

ТОБЖ  төсеу  тас  жолын  таңдау  жобалаудың  негізгі  элементтерінің  бірі 

болып  табылады,  себебі,  тас  жолы  дұрыс  таңдалуына,  кәбілдік  желілер  мен 

байланыстар  құрылғыларының  бағасы,  олардың  қызмет  көрсету  ұзақтығы, 

сонымен  бірге  әрекет  сенімділігі  байланысты.  Кәбілді  өткізу  траекториясын 

таңдағанда,  түрлі  кедергілердің  (темір  жолдары  мен  трамвай  жолдарының 

қиылысуы,  тас  жолдар,  жыралар  және  т.б.)  аз  болуына  мән  беру  қажет. 

Сонымен  қатар  кәбілді  әктасы  көп  жер  қыртыстарында,  саз  батпақты 

орындарда,    сілті  және  қышқыл  жиналған  жерлерде  (химиялық  және 

металлургиялық  зауыттар  жанында),  сонымен  бірге  құрылыс  қоқысымен 

ласталған  жерлерде  салмаған  дұрыс,  себебі  мұндай  жағдайларда  кәбілдің 

топырақ жемірілуіне ұшырау қаупі зор. 

Құрылыс  кезінде  шығындарды  азайту  үшін,  ТОБЖ  (талшықты 

оптикалық  байланыс  желісі)  тас  жолдардың  ұзындығын,  көл,  темір  және  тас 

жолдарының, су құбырларының болуы мен қиылысу күрделілігін, аймақ, жер 

қыртысы, ыза сулардың сипатын ескереді.  

Тас  жолын  салуда  аймақтар  арасындағы  ара  қашықтық  мүмкіндігінше 

қысқа  болуы  тиіс  және  байланыс  желісін  құруды  қиындататын  кедергілер 

барынша  аз  болуы  керек.  Магистральді  және  ішкі  аймақтық  оптикалық 

кәбілдердің  тас  жолдары,  әдетте  жалпы  мемлекеттік  немесе  республикалық 

мәні  бар  авто  жолдарында  салынады,  ондай  болмаған  жағдайда-  жергілікті 

облыстық мәні бар автожолдар таңдалады. Кәбілді тас жол бойына жүргізген 

кезде кәбіл мен үйме табаны арасындағы ара қашықтық тура 5 м блуы керек. 

Кәбіл мен орман көшеттерінің ара қашықтығы 3 м-ден, ал жеке ағаштардан-2 

м-ден кем болмауы тиіс.  

Қызмет  көрсетуші  регенерация  бекеттерін  (ҚкРБ)  ТОБЖ  жолының 

бойына,  мүмкіндігінше  кәбіл  төсеу  осіне  жақын,  лай  сулармен  ластанбаған 

жерлерге салу керек. 

Дипломдық  жобада  ТОБЖ  жолын  қолданыстағы  автожолдар  бойына 

салу  ұсынылады,  себебі  бұл  монтаждау,  жұмыскерлерді,  жабдықтар  мен 

кәбілді  жеткізу  кезінде,  сонымен  қатар  кәбілді  өткізуге  дайындау  кезінде 


40

 

 



ыңғайлықты  қамтамасыз  етеді,  және  де  жобаға  салынатын  қаражатты 

үнемдейді.  

Бұл  жол  келесі  қалаларда  жүргізілетін  болады:  Аягөз,    Қалбатау, 

Өскемен.  2.3  кестеде  ара-  қашықтықтары  көрсетіле  отырып,  бойында 

жобаланған жол салынатын аймақтар тізімі көрсетілген. 

   


2.3 кесте- Аймақтар арасындағы ара-қашықтық 

Аймақ 


Аймақтар 

арасындағы  ара-қашықтық, 

км 

Ұржардан 



ара-

қашықтығы,км 

Ұржар - Аягөз 

175 


175 

Аягөз - Қалбатау 

192,2 

367,2 


Қалбатау – Өскемен 

115,8 


483 

 

Осылайша,  барынша  қысқа  және  түзу  сызықты  траектория  бойынша 



бекеттерді байланыстыратын ең оңтайлы жол таңдалды.  

Кәбілді  жүргізу  жолын  орналастырудың  жалпы  жоспары  А 

қосымшасының А1 суретінде көрсетілген.   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

41

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет