Сұрақ тар мен тапсырмалар
1. Қазақ тілі синтаксисінің қазан төңкерісіне дейінгі зерттелуі
2. Қ.Жұбановтың зерттеу еңбектері (синтаксис жайлы)
3. Жай сөйлемнің синтаксисін қазақ тілінде кімдер зерттеген?
4. Құрмалас сөйлемнің синтаксисін кімдер зерттеген жəне қандай еңбетер
70
жарияланды?
Əдебиеттер
1. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы.
Алматы. Ғылым. 1988.
2. Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. Алматы. Санат.
1988
3. Болғанбаев Ə., Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы. Алматы. Санат. 1997.
4. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997.
5. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі Алматы. Сөздік-Словарь.
1999.
71
Қазақ диалектологиясының зерттелу тарихы
Жоспары
1. Қазақ диалектологиясының 1917 жылға дейінгі зерттелуі.
2. Қазақ диалектологиясының 1917-70 жылдардағы зерттелуі.
3. Қазақ диалектологиясындағы мəселелер
4. Қорытынды.
Тірек сөздер: Орыс ғалымдары Н.И.Ильминский, В.В.Радлов,
М.Терентьев, П.М.Мелиоранскийдің пікірлері, қазақ ғалымдары Ж.Досқараев
пен С.Аманжоловтың қазақ диалектілері жөніндегі алғашқы еңбектері.
Қазақ диалектологиясы - қазақ тіл білімінің тек Қазан революциясынан
кейін пайда болып, қалыптаса бастаған саласы. Оның не бары жетпіс жылдық
қана тарихы бар. Шын мəнінде диалектология мəселесімен шұғылдану 1940
жылдардың аяқ шенінен басталады. Содан бері республика аудандарына
жылма-жыл экспедициялар шығарылып, қазақ тіліндегі диалектілік
ерекшеліктердің сипатын білдірерліктей көлемді материал жиналды.
Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу қазақ диалектологиясының теориялық
мəселелерін көтеріп, кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Соның
нəтижесінде қазақ диалектологиясы қазақ тілі мен əдебиетінен маман
даярлап шығаратын жоғары оқу орындарына арнаулы пəн ретінде енгізілді.
Қазақ тіл білімінің басқа салаларына қарағанда диалектологияның
зерттелу тарихында біраз өзгешеліктер бар. Қазақ тілінің дыбыстық,
грамматикалық жəне лексикалық құрылысының, жан-жақты зерттеле
бастауы кеңес дəуірінде болғанмен, олардың зерттелу тарихы төңкерістен
бұрын басталды. Сол кездің өзінде-ақ алғашқы грамматикалар мен сөздіктер
жасалып, қазақ тілі зерттеу обьектісі бола бастаған Ал қазақ тілінің
диалектологиясы жайында мұны айта алмаймыз.
Қазақ тіліндегі диалектілер мен говорлардың революциядан бұрынғы
жайын көрсетерліктей түркологтардан қалған арнаулы еңбек жоқ, өйткені
олардың ешқайсысы да қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктермен
72
шұғылданбады. Бірақ соған қарамастан революцияға дейін басылып шыққан
ауыз əдебиеті нұсқалары мен сөздіктерде диалектілік сипаты бар сөздер мен
дыбыстық, грамматикалық тұлғалар белгілі мөлшерде қамтылып отырған.
Ал қазақ тілі жайындағы кейбір мақалалар мен грамматикаларда жекелеген
диалектілік ерекшеліктерге жасалған талдаулар немесе қазақ тілінің
диалектілерге бөліну-бөлінбеуі жайында жол-жөнекей айтылған бірен-саран
пікірлер бар. Мəселен Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению
киргизского наречия» деген əйгілі еңбегінде батыс аймақтағы халық тілінде е
дыбысының арап-парсы сөздерінде болмаса, сирек қолданылатыны
көрсетілген. Шынында да, тіл алды ашық дауыстылардың сөздің екінші,
үшінші буындарында қолданылуы əсіресе оңтүстік говорларға тəн екенін
экспедиция материалдары анықтап отыр. Бұдан əрі Н.И.Ильминскийдің ж
дыбысы сөздің басында кейде түсіріліп, кейде й дыбысымен алмасатынын
айтып, барып атыр (барып жатыр), бара йатыр (бара жатыр), со йерде
(со жерде) сияқты мысалдар келтіреді.
Н.И.Ильминскийдің бұл еңбегінде Батыс қазақтарының тіліне тəн басқа
да ерекшеліктер берілген. Мысалы; дырау (үлкен), манат (сом), мəстемір
(қысқаш), бізің (біздің), сізің (сіздің), мызылу (сызылу), суама (өсекші) т.б.
сөздер кездеседі.
Акад. В.В.Радлов қазақ тілінің негізінен, біртұтас екендігіне назар
аударып, ондағы диалектілік ерекшеліктерге мəн бермеген. Ол былай деп
жазды; «Əр түрлі қырғыз тайпаларының тілінде елеулі айырмашылық жоқ.
Қалай болғанда да сахараның менің болуыма тура келген аймақтарында, яғни
Ұлы жүз бен Орта жүздегі Омбы мен Семейдің арасында, Бұқтырмада,
Алатау округінде, Шу өзені бойында жəне Ташкент маңында мен оларды
байқай алмадым... Дəл сондай сахараның Орынборға жақын батыс жағынан
Н.И.Ильминский мырза жинаған материалдар да шығыстағы қырғыздардың
тілімен мүлде ұқсас. Сол себепті мен қырғыз əдебиетінің үлгілерін І,ІІ
томдардағыдай жер-жерге жəне диалектілік айырмашылықтарға қарап
73
бастыруды қажет деп таппай, материалдарымды мазмұнына қарай бөлуді
жөн деп көрдім».
Акад.В.В.Радловтың пікіріне сүйене отырып, проф. А.М.Позднеев те
қазақ тілінде диалектілік ерекшелік жоқ деп есептеген; «Қырғыз
сахарасының
ұлан-байтақ
кеңістігінде
қырғыз-қайсақтардың
тілі
диалектілерге бөлінбейді»- дейді.
М.Терентьев жазған грамматикада Қазақстанның көбінесе оңтүстік
аймағындағы халық тілін сипаттайтын материалдар қамтылған. Еңбегінің
алғы сөзінде өзінің грамматикасына Түркістан қазақтарының тілін негіз етіп
алғандығын ескертеді.
А.Старчевскийдің 1878 жылы басылып шыққан кітабында батыс
говорларға тəн төмендегідей сөздер кездеседі; аду//ату (мəсі), əше (ендеше),
бостан (бостандық), мəстемір (қысқаш) т.б.
В.В.Катаринский грамматикасының қолжазбасын қарау үстінде
Н.Ф.Катанов Тарбағатай ауданында ч, дж аффрикаттары айтылатынын
байқаған. Тарбағатай ауданында болған экспедициысының материалдары
Н.Ф.Катановтың бұл айтқаныны растайды.
Проф. П.М.Мелиоранский алғашында қазақ тілінің диалект, говорларға
бөлінуін жоққа шығарғанмен, кейін В.Катаринскийдің грамматикасына
жазған сын мақаласында бұрынғы Орынбор губерниясында қазақ, башқұрт,
татар тілдері араласуынан туған говорлар бар екендігін айтады. «Орынбор
губерниясы, -деп жазады П.М.Мелиоранский, -түрколог үшін аса қызықты
зерттеу орны болып табылады, өйткені оның татар, башқұрт, қырғыз аралас
отырған халқында осы үш наречиеден басқа арагідік əр түрлі ауыспалы
говорлармен де танысуға болады. Орынбор губерниясындағы қырғыздардың
тілі, олардың Батыс Сібір жеріндегі тумаластарының тіліне қарағанда, біраз
басқашарақ, міне, сол себепті қаралып отырған грамматикаға не
Н.И.Ильминскийде
оның
атақты
«Материалдарында»,
не
менде
көрсетілмеген екі-үш қызық форма еніп кеткен. Олар-қырғыздарға татардың
74
жазба тілінен енуі ықтимал кележақ, бережақ сияқты «жекелеген»
формалар.
П.М.Мелиоранский сөз етіп отырған етістіктің -жақ тұлғасы батыс
аймақта осы күні де қолданылады.
В.Катаринский кейбір фонетикалық ерекшеліктерді байқаған. Ол жүз
деген сөз кейде дүз болып, жүз көріс- дүз көріс болып айтылатынын сөз
етеді.
Тоқаш Бокиннің сөздігінде оңтүстік говорларға тəн тұма (бұлақтың
көзі, қайнар), тана (тайынша), бұл (мата, товар), қамчы (қамшы), маңлай
(маңдай), сым (матадан тігілген шалбар) т.б. сөздер кездеседі.
Сөйтіп, революцияға дейінгі түркологтардың қазақ тіліндегі диалектілік
ерекшеліктер мен оның диалектілерге бөліну-бөлінбеуі жайындағы
пікірлерін екі топқа бөлуге болады. а) В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский (əуелгі
кезде), А.М.Позднеев қазақ тілінің диалектілерге бөлінуін жоққа шығарды\ ə)
Н.И.Ильминский, Н.Ф.Катанов, П.М.Мелиоранский, М. Тереньтев т.б. қазақ
тілінің барлық жерде біркелкі емес, өз ішінде диалектілік ерекшеліктері бар
екенін мойындайды.
Қазақ тіліндегі говорларды зерттеуге аса қажетті тілдік материалдар
революциядан бұрынғы басқа зерттеушілер (А.В.Васильев, Н.Н.Пантусов,
Ш.Уəлиханов, А.А.Диваев, И.Лаптев т.б.) бастырып шығарған ауыз əдебиеті
нұсқаларында да кездеседі. Бірақ бұл материалдар осы күнге дейін толық
жинақталып қорытылған жоқ.
Қазақ тіліндегі жергілікті диалектілерді арнайы зерттеу жұмысы шын
мəнінде 1930 жылдан басталды. Қазақстан Ғылым Академиясы 1937 жылы
алғаш рет Алматы облысының Кеген, Нарынқол, Оңтүстік Қазақстан
облысының Мақтаарал, Қарағанды облысының Нұра аудандарына
диалектологиялық үш экспедиция ұйымдастырылды. Мұндай экспедициялар
1939 жылы Мақтарал, Маңғыстау, Торғай аудандарында, 1940 жылы Сарысу,
Арал, Орда аудандарында болып материал жинады. Міне, осы кезден бастап
күні бүгінге дейін Қазақстанның əр аудандарына жылма-жыл экспедициялар
75
шығарылып келеді. Тіпті Ұлы Отан соғысы жылдарында да бұл жұмыс
біржола тоқтап қалған жоқ. qore жылы академияның кейбір ғылыми
қызметкерлері Түлкібас, Жуалы, Талдықорған аудандарында болып,
материал жинаған. 1944 жылы Ж.Досқараев «Оңтүстік диалектісінің кейбір
мəселелері» деген тақырыпта кандидатттық диссертация қорғады.
Соғыстан кейінгі жылдарда тіл ерекшеліктерін жинап зерттеу
жұмысының көлемі əлдеқайда артты. Диалектологиялық экспедициялар
бұрын болмаған көптеген басқа аудандарда болып, бірнеше рет материалдар
жинады. Қазіргі кезде республиканың оңтүстік, батыс аудандары тіл жағынан
едəуір зерттелді деуге болады. Ал орталық, шығыс аудандар соңғы жылдарда
ғана қолға алына бастады. Қазір олардың бірсыпырасында диалектологиялық
экспедиция бірнеше рет болып қайтты. Бұл жерде əлі де болса кейбір
орталық, солтүстік аудандардың жете қамтылмай келе жатқанын айта кеткен
жөн.
Тіл ерекшеліктерін экспедициялық жолмен жинауда тек өз
республикамыздың көлемі ғана емес, сонымен бірге қазақтар мекендеген
басқа республикалардағы кейбір аудандар да қамтылып отырды. Міне,
осындай жұмыстардың нəтижесінде диалектілік ерекшеліктер мен кəсіби
сөздер бойынша көлемді материал жиналды. Мұның өзі қазақ
диалектологиясының мəселелері туралы кейбір қорытындылар жасауға
мүмкіндік берді. qori жылы С.Аманжолов «Қазақ диалектологиясының
негізгі проблемалары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Тіл ерекшеліктерін жинау жұмысын ұйымдастыруда 1945 жылы
Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл жəне Əдебиет институтында қазақ
тілінің тарихы мен диалектологиясын зерттейтін арнаулы бөлім құрудың
маңызы зор болды. Бұл бөлім қазіргі кезде бүкіл республика көлеміндегі
диалектологиялық зерттеу жұмысын басқарып отыр. 1956 жылы «Қазақ
тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау бойынша сұраулық» жарық көрді.
Алғашқы тəжірибе екендігіне қарамастан, сұраулықтың тіл ерекшеліктерін
76
жинауда əжептəуір көмегі тиді. 1959 жылы бұл сұраулық толықтырылып,
қайта басылып шықты.
Сонымен бірге Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл Білімі институты
диалектологиялық зерттеу жұмыстарына арнап, ғылыми жинақтар шығарып
келді. 1958 жылдан бері мұндай жинақтардың сегізі жарық көрді. Бұл
жинақтарда республикадағы жəне одан тыс жерлердегі қазақ тілі
ерекшеліктері мен кəсіби сөздері туралы материалдармен бірге тіл
тарихының да əртүрлі мəселелері қамтылды.
Қазақ диалектологиясы қазақ тіл білімінде кейін қалыптасқан
салалардың бірі болғандықтан, оның кейбір мəселелері тіл мамандары
арасында көпке шейін пікір таласын туғызып келеді. Солардың бірі қазақ
тілінде диалектілер бар ма, жоқ па деген мəселе. Қазақ тілі ежелден
диалектісіз тіл немесе ондағы диалектілер ХV ғасырда біртұтас халық тілі
құрылған кезде жоғалып кетті деген пікірлер екі негізге сүйеніп айтылған еді.
Бірінші, революциядан бұрынғы кейбір түркологтардың (В.В.Радлов,
П.М.Мелиоранский, А.М.Позднеев) қазақ тілі диалектісіз деген пікірде
болғандығы` екінші, мал шаруашылығымен байланысты қазақ халқының
көшпелі өмір сүргендігі. Бірақ осы екі пікірдің қай-қайсысы да қазақ тілі
диалектісіз тіл деуге дəлел бола алмайды. Біріншіден, революцияға дейінгі
түркологтардың ешқайсысы да қазақ тіліндегі диалектілерді, олардың
ерекшеліктерін арнайы зерттемегендігін ескеруіміз керек. Сонымен бірге
қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктер туралы революцияға дейінгі
түркологтардың бəрі бірыңғай пікірде болмағаны белгілі.
Қазақ тілі мен ауыз əдебиетін зерттеушілер үшін революциядан бұрынғы
түркологтар аз мұра қалдырған жоқ. Халықтық ауыз əдебиетінің көптеген
нұсқаларын бастырып шығарды, қазақ тіліныі грамматикалары мен
сөздіктерін жасады. Бұған дейін тілі мен əдебиеті ғылым дəрежесіне көтеріле
алмай келген халық үшін бұл баға жетпес еңбек еді. ХІХ ғасырдан, əсіресе,
оның екінші жартысынан бастап, орыс түрколгиясы түркі тілдерін зерттеуде
алғашқы қадам жасап, елеулі нəтижелерге ерісті. Бірақ соның өзінде түркі
77
тілдерінің революцияға дейін жеке тіл ретінде танылмай, тек наречие
дəрежесінде
қаралып
келуі
бұған
айғақ
бола
алады.
Проф.
П.М.Мелиоранскийдің алғашында қазақ тілі диалектісіз деп, соңында кейбір
ерекшеліктермен таныса келе басқаша пікір айтуы да осыны көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, қазақ тілінде диалект бар ма, жоқ па
деген мəселеде революцияға дейінгі кейбір түркологтардың пікірлеріне
сүйену орынсыз болып табылады.
Екіншіден, қазақ халқы тек мал шаруашылығын кəсіп еткендіктен, бір
орында тұрақтап отырмай, үнемі көшіп-қонып жүрді, мұның өзі тілдегі
диалектілік ерекшеліктердің жойылып кетуіне əкеп соқты деген көзқараста
тарихи шындыққа жанаспайды. Революцияға дейінгі Қазақстанда жер жеке
кісінің меншігінде болғаны, əрбір ру, тайпаның белгілі жерге иелік еткені,
қасындағы қоңсы-қарашылармен бірге ру ішіндегі байлар, дəулетті адамдар
өздері меншіктеп алған жайлау, жайылымдық жерлерде жыл бойы көшіп-
қонып жүргені- тарихи шындық. Жер меншігінің осы айтылған түрі мен
көшіп-қон тəртібі халық ішінде қатаң сақталып отырды. Бұл тəртіпті бұзу
көрші отырған ру-тайпалар арасында сондай-ақ олардың өз ішінде талай-
талай қандай соқтығыс, дау-жанжал тууына себеп болғаны белгілі. Мұның
өзі сол кез үшін заңды да, өйткені халықтың тіршілік, күн-көрісі тек малға,
мал жайылатын жерге байланысты болды. Бұл шындық революцияға дейінгі
қазақ өмірі туралы жазылған шығармалардың қай-қайсысында да айқын
көрініп отырды.
Қазақ революциясына дейін ғасырлар бойы қазақ халқы жерді емін-
еркін пайдаланып, ешбір кедергісіз, оңды-солды көше берді деп ұғынбау
керек. Ол кездегі адамдардың араласуы көбінесе өз руының көлемінен аса
алмады. Ал тайпалық одақтардың бір-бірімен байланысы тіпті жоқтың қасы
еді. Акад.С.Мұқанов пен проф Е.Ысмайлов сол кездегі жағдай туралы былай
деп жазады; «Көші-қон мен жайылым жөніндегі рушылдық қатаң заңдар
халықтың емін-еркін араласуына кедергі болды. Онымен бірге революцияа
дейінгі Қазақстанда жол қатынасының нашар болғандығын, қазақ жерінің аса
78
үлкендігін, мұның өзі онда мекендеуші ру-тайпалардың қарым-қатынасын
нашарлатқанын, сөйтіп уақыт озған сайын олардың тілінде айырмашылық
пайда болып отырғанын ескеру керек».
Қазақстан тарихында қазақ халқының құрылу процесі аяқталып біткен
ХV-ХVI ғасырларда да, ол процесс аяқталғаннан кейінгі ХVII-ХVIII
ғасырларда да Қазақстанның феодалдық бытыраңқылық жағдайда
қалғандығы, кең-байтақ жердің əртүрлі аудандары экономикалық жəне саяси
жағынан өзара нашар байланыста болғандығы айтылады.
Дəл осындай жағдайда ғасырлар бойы келе жатқан диалектілер бірден
сңіп жоғалып кетті деу, əрине, артық болады. Қайта, жоғарыда айтылған
жағдай диалектілік ерекшеліктердің белгілі мөлшерді сақталып қалуына
мүмкіндік береді.
Қазақ тілінде диалект бар ма, жоқ па деген пікір таласы 1953 жылға
дейін созылды. Қазақ тіл білімінің кейбір талас мəселелері жөнінде 1952
жылы Алматыда өткен айтыс бұл мəселе жайында елеулі жаңалық енгізе
алмады да, пікір-талас бұрынғы күйінде қалды. Қазақ тіліндегі диалектілік
ерекшеліктерді зерттеп білмей тұрып, айтысты бұдан былай соза берудің
қажеті жоқ екені айқын бола бастады. Бұл мəселе тек пікір таласымен
шешілмейтіні, оны шешудің бірден-бір жолы жергілікті халық тілін кең
көлемді зерттеу керек екендігі ескертіліп, 1953 жылы қазақ тіл білімі атына
сын айтылды. Қазақ Тіл Білімі институтының Түркі тілдері секторы қазақ тіл
білімінің зерттелу жайы туралы 1953 жылы жасаған қорытындысында былай
деп көрсетеді; «Қателердің екінші түріне ең алдымен қазақ тіліндегі
диалектілердің жоққа шығарылуын жатқызуға болады».
Сол жылы мамыр айында Москвада өткен тіл ғалымдарының ғылыми
кеңесінде бұл мəселе тағы көтерілді. Кеңесте қазақ тіліндегі диалектілер мен
говорлардың зерттелу дəрежесінің төмен екендігін сынаумен бірге, қазақтың
ұлттық тілі мен əдеби тілінің қалыптасуына белгілі бір диалектінің
жетекшілік ролі болғандығы атап көрсетілді.
79
Сөйтіп, қазақ диалектологиясының тарихында 1937 жылдан 1950
жылдың орта тұсына дейінгі зерттеу жұмыстарының ерекше орны бар.
Өйткені бұл жылдарда қазақ тіл білімінің бір саласы ретінде диалектология
ғылымының негізі салынды. Қазақ диалектологиясы арнаулы курс ретінде
жоғарғы оқу орындарында оқытыла бастады.
1950 жылдардың орта тұсынан бастап қазақ тіліндегі диалектілік
ерекшеліктерді жинап зерттеу жұмысында жаңа бетбұрыс басталды. Бұған
дейін пікір таласының шарпуы тиіп, құлаш жая алмай келген қазақ
диалектологиясында енді зерттеу жұмысына тікелей кірісуге мүмкіндік туды.
Жалпы қазақ диалектологиясындағы қол жеткен табыстардың басы
көпшілігі 1950 жылдардың орта тұсынан кейінгі уақыттың ішінде іске
асырылуы кездейсоқ емес. Оған дейін қазақ диалектологиясының зерттелу
дəрежесі жеке мақалалар аясынан шыға алмай келсе, енді алғашқы көлемді
монографиялық еңбектер, сөздіктер пайда бола бастады. Ж.Досқараев 1955
жылы «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» (лексика) деген атпен
диалектологиялық сөздік шығарды, 1959 жылы С.Аманжоловтың «Вопросы
диалектолгий и историй казахского языка» деген атпен көлемді
монографиясы жарық көрді. Бұл еңбектерде тіл ерекшеліктері нақты
зерттелумен бірге диалектілік лексикографияның алғашқы үлгілері жасалды.
Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясына арнап жеке жинақтар шығарып
отыру мəселесі де осы кезеңде қолға алына бастады.
1953 жылдан бастап қазақ диалектологиясын зерттейтін маман кадрлар
көбейе бастады. Қазақ тіл біліміне келген жас мамандардың бір тобы
халықтық говорларды зерттеуге белсене кірісті. Соның нəтижесінде жеке
говорлар туралы монографиялық еңбектер жазылды.
Бұлардан басқа жекелеген аудандардағы тіл ерекшеліктері жайында
қаншама ғылыми мақала жазылды. Диалектілік ерекшеліктермен қоса
жергілікті кəсіби сөздер де зерттелуде. Олардың кейбір түрлері жайында
арнаулы еңбектер жазылды. Қазақтың ұлт тілі мен əдеби тілін жетілдіруде
халық тіліндегі бұл сияқты байланысты жинап зерттеудің мəні зор екені
80
сөзсіз. Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктердің осылайша зерттелуі қазіргі
кезде қазақ тілінің толық диалектологиялық сөздігін құрастыруға,
диалектологиялық карта, атлас жасау жұмысын бастауға мүмкіндік беріп
отыр. |Міне, жоғарыда шолу түрінде келтірілген осы фактілердің өзі-ақ қазақ
диалектологиясының қол жеткен табыстарын айқындай түседі.
Қазақ тілінде диалект бар, жоқ па деген мəселені қайта көтеріп, ілімізде
диалектілік ерекшеліктер бар екеніне күмəн келтірушілер кейін де болды.
1958-59 жылдары «Қазақ əдебиеті» газеті бетінде басылған кейбір
мақалаларда диалектілердің тарихи, ғылыми мəнін жоққа шығаратын
пікірлер айтылды. Бұлар, əрине, тілдің, оның құрамды бөліктері болып
табылтын диалектілердің өзіндік даму жолы мен заңдылықтарын түсінбеуден
туған еді. Ғылыми жұртшылық мұндай жаңсақ ойдан туған пікірді
қолдамады. Акад. С.Кеңесбаев газет бетіндегі айтыс материалдарды
қорытындылай отырып; «Жиналған материалдарға үңіле қарап, сұрыптай
келгенде, қазақ тілінде жергілікті ерекшеліктердің бар екендігіне ешбір
күмəн келтіруге болмайды. Ол ерекшеліктері, кейбіреулер айтып жүрген, тек
лексикалық ерекшеліктер емес, сонымен қатар фонетикалық, кейде
грамматикалық ерекшеліктер де кездеседі. Қазақ тілі мұлде диалектісіз тіл
деген топшылауға қол қоюға болмайды» - деп жазған болатын.
Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің сипаты, таралу шегі
диалектілік көлемде ме, əлде говорлық көлемде ме жəне оларды қалай
топтастыруға болатындығы жайлы əлі бірыңғай ортақ пікір жоқ. Қазақ
тілінің жергілікті ерекшеліктерін бірқатар зерттеушілер (С.Аманжолов,
Н.Сауранбаев) диалект сипатында деп қараса, басқа ғалымдар (Ж.Досқараев,
Ғ.Мұсабаев) говор сипатында деп көрсетеді.
Қазақ тілінің диалектілік, говорлық құрамын зерттеп, анықтау
мақсатымен 1950 жылдардың орта тұсынан бастап зерттеу жұмыстары
жүргізілді. Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді говорлық жүйеде
зерттеу осы кезде басты орын алды. Мұның өзі ғылыми-практикалық мəні
бар кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Шынында тарихи-
81
этникалық тұрғыдан зерттеу обьектісін анықтай отырып, шағын көлемді
говорларды зерттемейінше, мол территорияға тараған қазақ тілінің жергілікті
ерекшеліктерін жан-жақты қамту мүмкін емес. Тіл ерекшеліктерін говорлық
жүйеде зерттеу арқылы, біріншіден, жергілікті шағын аймақтардағы қазақ
тілінің жайы нақты түрде анықтала бастады. 1950-жылдан бері жеке говорлар
ретінде он екі шағын аймақтың зерттелуі бұл айтылғанның айғағы бола
алады. Сөйтіп, қазақ тілі тарихында бұл шағын аймақтардағы халық тілінің
дыбыстық, грамматикалық, лексикалық құрылысындағы ерекшеліктер əдеби
тілмен салыстырыла отырып, ғылыми тұрғыда нақты сипатталды. Қазіргі
кезде жергілікті халық тіліндегі дыбыстық, грамматикалық ерекшеліктердің
негізгі түрлері, бірқатар лексикалық ерекшеліктердің анықталғанын айтуға
болады. Екіншіден, тілдегі жеке говорлардың зертелуі арқылы қазақ тілінің
жергілікті ерекшеліктері мен кəсіби сөздерінің қоры одан əрі толықтырылды.
Соның нəтижесінде 1959 жылы «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі»
жарық көрді жəне диалектологиялық карта, атлас жасау жұмысын бастауға
мүмкіндік туды. Диалектілік лексикаға қатысты материалдардың молаюы,
диалектілік сөздіктер жасау тəжірибесі соңғы жылдарда диалектілік
лексикографияның бірқатар прроблемалық мəселелерін көтеріп, ғылыми-
практикалық қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, жеке
говорлардың зерттелуі туралы қазақ диалектологиясының кейбір мəселелері
туралы жаңа теориялық қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Осындай
мəселелердің бірі тіліміздегі говорлардың бір-біріне қатысы, тарихи
байланысы жайында. Говорлар бір-біріне байланыссыз, қатыссыз емес, сол
сияқты олардың өзара жақындығы, туыстығы да бірдей емес. Мəселен, Шу
бойынан жиналған тіл ерекшеліктер мен Жетісу немесе Орда ауданынан
жиналған ерекшеліктерді салыстырсақ, Шу мен Жетісу тұрғындары тіліндегі
ерекшеліктердің ортақ жағы басым екені байқалады. Мұның өзі жергілікті
халық тіліндегі ең негізгі ерекшеліктердің бірнеше говорға ортақ болып
сипатынан туған, тек бір-бірімен туыс говорлардың арасында болатын
жағдай. Ондай говорлардың өзара айырмашылығы неғұрлым ұсақ
82
ерекшеліктерден байқалады. Міне, негізгі ерекшеліктері бірыңғай осындай
говорлардан туыс говорлар тобы, яғни тілдегі диалектілер пайда болады.
Проф. Н.Сауранбаев Шу, Жетісу, Шымкент, Сырдария говорларының
əрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен бірге бүкіл оңтүстік өлкеге тəн негізгі
тіл ерекшеліктерін де сақтап қалғанын, сөйтіп, олардың оңтүстік диалектісіне
кіретінін көрсеткен еді. Сонымен бірге бұл топқа Ташкент жəне Тəжік
говорлары кіретіні анықталды.
Соңғы кездегі зерттеулер говорлардың өзара туыстығы, жақындығы
туралы мəселені одан əрі дамыта түсті. Баянөлгий, Қошағаш, %скемен,
сондай-ақ Аягөз атыраптарының тарихи-тілдік сипты, ортақ белгілері
зерттелді. Қазақстанның батыс өлкесіндегі орталық говор Маңғыстау, Арал,
Сыр, Қарақалпақстан мен Түркменстан республикаларындағы қазақ тілі
говорларының тарихи-тілдік сипаты, ортақ белгілері зерттеліп, батыс
говорларының бірыңғай тобы бар екені анықталды.
Бұл сияқты фактілер қазақ тілінде шағын территорияны қамтитын
говорлардың да жəне көлемі кең диалектілердің де бар екенін көрсетеді.
Ал қазақ тіліндегі диалектілер мен говорларды топтастыру мəселесіне
келсек, онда негізінен алғанда, екі түрлі көзқарас бар; 1) С.Аманжолов қазақ
тілінде үш диалект бар деп есептеген (оңтүстік, батыс жəне солтүстік-шығыс
диалектілері). 2) Н.Сауранбаев пен Ж.Досқараев диалектілер мен
говорлардың екі үлкен тобы бар деп қараған (оңтүстік-шығыс пен солтүстік-
батыс диалектілері мен говорлары).
Қазақ диалектологиясының алдында тұрған басқа проблемалық
мəселелер бар. Мысалы, тілдегі диалектілер мен говорлардың бұрынғы ру-
тайпа тілдеріне қатнасы, қазақтың ұлттық əдеби тілінің диалектілік негізі
туралы да əртүрлі көзқарас бар. Қазақ тілінің зерттелу тарихы жас екенін,
оның үстіне диалектология маңында пікір таласы болып келгенін ескерсек,
диалектілерді жоғарыдағыдай топтастыруда жəне басқа мəселелерде түрліше
көзқарас, пікірлердің тууы заңды құбылыс.
83
Ғылыми
айтыс,
пікір
таласының
нəтижесінде
қазақ
диалектологиясындағы кейбір мəселенің жан-жақты шешілуіне, ал бірқатар
мəселенің ғылыми дəрежеге көтерілуіне, олар жайындағы пікірлердің
айқындалып саралана түсуіне мүмкіндік туды. Осы жоғарыда айтылған
мəселелердің зерттелуінде жəне қазақ диалектологиясының жеке сала болып
қалыптасуында кейбір ғалымдарымыздың көп еңбек сіңіргендігін атап өткен
жөн. Қазақ диалектолгиясының зерттелу тарихы сөз болғанда, Қазақстан
Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті, филология ғылымдарының
докторы, профессор С.Аманжоловты жəне филология ғылымдарының
кандидаты Ж.Досқараевты атауға болады.
Қазақ диалектологиясының алғаш зерттелуі жəне қалыптасу тарихы
проф. С.Аманжоловтың есімімен тығыз байланысты.
Проф.С.Аманжолов бұл тақырыпта докторлық диссертация қорғап,
одақтық жəне республикалық баспасөз бетінде бірнеше ғылыми мқалалар
жариялады. Абай атындағы Қазақ педагогика институтында qoei-eo
жылдардан бастап қазақ тілі тарихы мен диалектологиясынан лекция оқыды.
Əртүрлі қиыншылықтарға - қаражаттың жетіспейтіндігіне, маман
кадрлардың аздығына қарамастан Қазақстанның əртүрлі аудандарына
диалектологиялық
экспедициялар
ұйымдастырды.
Диалектілік
ерекшеліктерді жинау үшін алғашқы программа мен сұраулықтардың
жобасын жасады. Қазақ диалектологиясы үшін маман кардрлар дайындау
ісінде де аз жұмыс істеген жоқ. С.Аманжоловтың 1959 жылы шыққан
«Вопросы диалектологии и истории казахского языка» атты күрделі еңбегі
автордың диалектология мен тіл тарихы саласында көп жылдар бойы
жүргізген зерттеу жұмыстарының нəтижесі еді. Бұл еңбекте қазақ тілінің
тарихы оның құрамына енген диалектілердің тарихы баяндалған.
Қазақ диалектологиясы үшін көп еңбек сіңірген ғалымның бірі -
филология ғылымдарының кандидаты Ж.Досқараев. Оның əсіресе халық
тіліндегі мол байлықты - диалектілік ерекшеліктер мен кəсіби сөздерді -
жинаудағы еңбегі ерекше атап өтуді керек етеді. Əсіресе оңтүстік өлкедегі
84
халық тілі ерекшелігін жете зерттеп, оның жүйелі құбылыс екенін дəлелдеп
берді. Диалектілік ерекшеліктерді жинауға тікелей қатысуымен бірге
Ж.Досқараев бұл іске үнемі басшылық етіп, бірнеше жылдар бойы Қазақстан
Ғылым Акаддемиясында Тіл Білімінің диалектология бөлімін басқарды.
Оның 1955-жылы «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» (лексика) деген
еңбегі тек қазақ тіл білімінде ғана емес, түркология ғылымының
диалектология саласында жасалған тұңғыш диалектологиялық сөздіктердің
бірі болып табылады.
Қазақ диалектологиясы мəселелерімен проф. Н.Сауранбаев та
шұғылданды. Оның «Диалекты в современном казахском языке» жəне басқа
ғылыми
мақалаларында
халық
тарихына
байланысты
қазақ
диалектологиясының теориялық мəселелері сөз болды. Қазіргі говорларды
тіл
тарихындағы
елеулі
кезеңдермен
байланыста
қарап,
қазақ
диалектолгиясының қалыптасу, даму тарихы туралы ілімді тереңдетті.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қазақ диалектологиясының қазақ тіл білімі тарихында қалыптасу
тарихы қандай
?
2. Қазақ тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу ісі шын мəнінде
қай кезеңнен басталады
?
3. 1917 жылға дейінгі қазақ диалектілер бойынша орыс ғалымдарының
еңбектері қандай
?
4. Қазақ диалекологиясы тарихында ерекше орын алатын тұлғалар
кімдер
?
5. 1952-53 жылдардағы қазақ тілінде диалект бар ма, жоқ па деген пікір
талас мəселесінің маңызы қандай еді
?
6. Қазақ диалектілерінің аймақтарға бөлініп зерттелуі туралы.
85
Əдебиеттер
1. Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. Алматы. 1991.
2. Бекетов Б. Қарақалпақ қазақтарының тілі. Алматы. 1991.
3. Жүнісов Н. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері. Алм. 1981.
4. Нұрмағанбетов Ə. Түркменстан қазақтарының тілі. Алматы. 1974.
5. Нақысбеков О. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алм. 1982.
6. Сарыбаев Ш., Нақысбеков О. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы.
Алматы. ғылым. 1989.
7. Насыров Д., Доспанов О. Қарақалпақ диалектологиясы. Нукус. 1995.
Достарыңызбен бөлісу: |