Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы бекарыс ақСАҚАЛҰлы шойбеков



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата06.03.2017
өлшемі7,75 Mb.
#8473
1   2   3   4

2017   жылы   20   сәуірде  орын   алатын   тарихи   сәтті   1967

жылғы мектепті бітіріп кеткен түлектер мен мектеп ұжымы

тағатсыздана     күтуде.   50   жыл   сарыла   күткен     сарғайған

қазыналы   рухани көмбе, яғни “Үндеухаттың” мәтіні “Аза

тұтқан   ана”атты   ескерткіші     маңында         жария   болмақ.

Ұрпақтар сабақтастығының    қауышуы    деген  осы  болар,

бәлкім.

Жылнамалар   бойынша     Некрасов   атындағы   мектеп



нөмірлері №73,   №387, №20, №9   болып бірнеше атаумен

өзгереді.   Ұзақ   мерзімде   мектеп   №20,   содан   кейін   №387

болып   өзгеріп,   1975   жылдан   бастап     №9   болып

тұрақталады.

Мектепті   Ли   Анатолия   Хоянов   басқарған   кезде

материалды-техникалық база құрылады.

Директор С.И.  Филимонова басшылығымен мектеп пен

РМЗ зауыты серіктес болып, оқушылар еңбек практикасын

зауыт цехтарында өткізген.

Мектеп   директоры   Коробкова   Ольга   Николайқызы

болған   тұста   мектепішілік   патриоттық   тәрбиеге   мән

беріліп, мектепте “Отан” тобы құрылған. 

1993ж.   Некрасов   атындағы   №9   жалпы   орта   мектепке

Керн Светлана Николаевна директор болып тағайындалған

еді.   Қиын   өтпелі   кезеңде   мектепті   қаладағы   ең   үздік

мектептер қатарына қоса білді, мектеп бірінші рет жаңа оқу

жылына   дайындық   бойынша   қалалық   байқаулардың

жеңімпазы атанды. Ол сапалы білім беру бойынша үлкен

практикалық   тәжірибе   алаңында   іс   атқарып   мектепті

жоғары   ғылыми-әдістемелік   деңгейге   көтереді.   Модульді

оқыту, Вальдорф мектебі,  Селевко бойынша дамыта оқыту

секілді жаңа технологияларды оқу  үрдісіне  енгізді. 

1993   жылы   білім   бөлімінің   басшысы   Г.Зияйдинованың

бұйрығымен   орыс   тілді   оқыту   мектебінде     қазақ   бөлімі

ашылды.   Тұңғыш   рет   ашылған   қазақ   бөлімінің   1-сынып

жетекшісі   Несіпкүл   Мейманханқызы     Утебаева   (мақала

авторы)   болып бекітілген еді.               С.Н.Керн Некрасов

атындағы №9 мектеп- гимназияны 17жыл  көлемінде  ҚР-

ның   заңына,   мектеп   жарғысына   сәйкес     басқарады.

Мектептің материалдық базасын нығайту үшін тынымсыз

еңбектенді.   1993   жылы     “Гимназия   статусын”   алу   үшін

мектеп тәжірибелік алаң болып табылады.

1996ж. 20 сәуірде  Некрасов атындағы  №9 жалпы орта

мектепке “ағылшын – математика”  бағытындағы гимназия

статусы   берілді.   Жұмыстың   тиімділігі   білім   сапасының

көтерілуінен   байқалды,   ҰБТ   нәтижесі   бойынша   мектеп-

гимназия   қаладағы   ең   үздік   бес   мектеп   қатарына   енді.

Мектептің дамуы мен “гимназия статусын” алуына мектеп

---5 --


 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті –25 қараша 2016 ж | № 20 (170)       

директоры   С.Н.Керн,   директордың   оқу   ісі   жөніндегі

орынбасары   “ҚазССР   ағарту   ісінің   үздігі”   Алехина

Валентина Демьяновна(40ж. еңбек еткен) басшылық еткен

педагогикалық   ұжымның   еңбегі   орасан   зор   болды.   Жаңа

деңгейдегі   мектепті   құру   идеясын   Виктор   Измаилов

ұсынған   еді.   Идеяны     жүзеге   асырған   жоғары   білікті

мұғалімдер: Мамешова Р.Г.,   Логинова Л.С., Попова Т.Л.,

Смирнова   Н.М.,   Ильина   Л.К.,   Утебаева   Н.М.,   Халилова

Г.Т.,   Раджапова   М.И.,   Примжанова   Т.М.,   Спирина   Н.П.,

Миржикбаева   М.К.,   Миржикбаева   И.К.,   Никитина   М.В.,

Михайлина   Г.А.,   Сулейманова   Б.Х.,   Атчабарова   А.,

Косанова   М.М.,   Шешина   В.И.,   Касымова   Ж.Ә.   ,

Бұлдырықова Б. т.б.

Іскер   басшы   жұмысын     атқаруда   педұжымда   ізгілік,

сенімділік, жауапкершілік қасиеттерін   ұстану барысында

жоғары білікті кадрлар жинап, оқушылар саны арта түсті.

Оқу   кабинеттері   жетіспеушіліктен,   заманауи   мектеп

талабына сай мектепке қосымша ғимарат, асхана, акт залын

салу   үшін   бірнеше   рет   ҚББ,   ОББД,   қала   әкімшілігіне,

депутаттарға өтініш білдірді. 

Болашақ   ұрпақты   және   жас   мамандарды   оқыту   мен

тәрбиелеуде үлкен жетістіктер көрсеткені үшін: “Қазақстан

Республикасының   білім   беру   үздігі”,   “Ы.Алтынсарин”,

”Кәсіподақ   мүшесінің   төсбелгілерімен,   Қазақстан

Республикасының     Білім   Беру  Министрлігінің,   Мәдениет

және   денсаулықты   сақтау   Министрлігінің,   ҚББ,     ОББД,

қалалық   әкімшіліктің,   қалалық   кәсіподақ   ұйымының

Мақтау   грамоталарымен   марапатталған.Іскер   басшыға

Санкт-Питербург   психология   академиясының   “Еңбегі

сіңген   педагог–психолог”   құрметті   атағы,     “Өзгермелі

әлемдегі   мектептің  орны”  сертификаты  Шымкент  қаласы

2001ж,   “Тиімді   мектеп”   Қазақстан   Республикасының

сертификаты берілді.

Керн   Светлана   Николаевна   білім   беру   мен   тәрбиелеу

майданындағы   барлық   марапаттаулар   мен   атақ-даңқты

атқарған   еңбегінің   өлшемімен,   шеберлігімен,

педагогикалық іскерлігімен айқындады.

2010 жылы әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған ынтымағы

жарасқан   ұжымға   мектеп   директоры   болып

Ж.Ә.Орынбаева   тағайындалды.     Ол   2011ж.   “Үздік

менеджер”   облыстық   байқауына   қатысып,  ең   жас   мектеп

басшысы   ретінде   танылады.   Осы   жылы   мектеп-гимназия

базасында   “Славян   орталығы”   ашылды.     Қала   бойынша

Славян орталығы филиалының директоры А.Н.Пудовкина

күні бүгінге дейін қызметін жалғастыруда.

Мектеп   директоры   жаңа   білім   мазмұнын   меңгерудің

функционалдық-семантикалық   және   коммуникативтік

әрекеттік аспектілерін күшейтудің жолдарын қарастырып,

бұл   инновациялық   үрдісті   мектепке   батыл   енгізді.

Ж.Ә.Орынбаева – шығармашыл директор – зиялы, рухани

бай, жаңашыл, еркін, ізгілікті, азаматтық белсенді, бәсекеге

төтеп   беретін,   өз   кәсібін   жетік   меңгерген,   озық

технологияларды игерудің нағыз майталманы.

Мектептің   материалды-техникалық   базасы   нығайып,

қысқа мерзімде заманауи жаңа үлгі бойынша жабдықталған

300 орындық ғимарат, акт залы, асхана салынды. Осы бой

көтерген   қосымша   мектеп   жанынан   шағын   бала-бақша

орталығы   ашылды.     Бүгінде   мектеп   ұжымы   және

қаламыздың тұрғындары осы салынған нысананың игілігін

көруде.   Мектеп   басшысы   қазіргі   педагогикалық

технологиялар   және   білім   сапасын   арттыру  үшін   білімін

жетілдіргісі   келген   мұғалімдер   мен   оқушыларға   қолдау

көрсетіп   мүмкіндік   жасайды.   Осы   тұрғыда   оқушылар

қалалық,   облыстық   пән   олимпиадаларынан   жүлделі

орындарды   иеленіп,   халықаралық   және   республикалық

байқауларға қатысты. Мектеп тарихында әрбір оқу жылы

бойынша   әрдайым   “Алтын   белгі”   иегерлері   шығып

отырған. Адам өмірінің “алтын бесігі” – мектептің тыныс-

тіршілігі осылай жалғаса бермек.

  2014жылы “Жаңа заман талабы –жаңашыл басшы”атты

мектеп   басшыларының   қалалық   сайысынан     мектеп   –

гимназия директоры Ж.Ә.Орынбаева жүлделі  орын алды.

2014ж.Республикалық   деңгейде   іскер-басшы   ретінде

мектеп   директоры   Орынбаева   Жаңыл   Әнішқызы   Ы.

Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды. 

Директордың   оқу   ісі   жөніндегі   орынбасарлары

Г.М.Муратова,

 

Г.Т.Халилова,



 

Г.А.Михайлина,

Г.О.Божбанбаева,   А.Ж.   Сайдуллаева   және   тәрбие   ісі

жөніндегі

 

орынбасарлары



 

С.К.Жорықбаева,

Г.М.Наурызбаевалардың   ұйымдастыруымен   әртүрлі

тақырыпта   облыстық,   қалалық   семинарлар   әрдайым

жоғары   деңгейде   өткізілуде.   Олар   өздеріне   жүктелген

тапсырмаларды   дер   кезінде   жауапкершілікпен   атқарады.

Міндетке   алған     республикалық,   облыстық,   қалалық

семинарлардың   бағдарламасын   дайындау,   түзу,     бекітуді

қолға алып, ашық сабақтар өтетін  мұғалімдерге әрдайым

әдістемелік   көмектерін  

  береді.   Оқу   ісінің

орынбасарларының     әрқайсысының   өзіндік   жолдары   бар.

Біріншіден ұстаздар - жас мұғалімдерге білгенін үйрететін

әріптестер, екіншіден білімнің кілтін балаға ұстата білетін

мұғалімдер,   үшіншіден   ұжымды   басқаратын   білікті

директордың орынбасарлары.   

Ұзақ   жылғы   білім   мен   тәрбие   беру   жолында   аянбай

еңбек   етіп   келе   жатқан   білім   ордасы   есімдері   көпке

танымал   азаматтарды,   ғылым   мен   өнер   жұлдыздарын,

қоғам   мен   мемлекет   қайраткерлерін   тәрбиелеп   шығарды.

Мектеп  түлектері  әлемнің   әр  түкпірінде  еңбек   етіп,  өмір

сүруде. Олар ешқашан мектепті ұмытқан емес. Әр жылы 25

мамыр күні шәкірттік әдепті сақтай отырып мектепке келіп

“Аза тұтқан ана”ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын

қояды.   Балалық   шақтарын   еске   түсіріп   ұстаздарымен

қауышып   алтын   ұя   мектептеріне   деген   сағыныштарын

басады.   Тарихы   терең,   тағылымы   мол,   есімі   мәңгілік

өшпейтін   мектептің   қабырғасынан   білім   алған   бітіруші

түлектер елімізде жасампаз еңбектерімен танымал тұлғалар

қатарына еніп қоғамымызда кірпіш болып қаланды, оларды

мақтанышпен  атайтын болсақ, ҚР халық әртісі –Лаки Кес-

Оглу, ҚР-ның Венгриядағы елшісі – Н.Т.Рустемов., ҚР-ның

Елбасы   грантының   иегері   қобызшы   А.Ж.Тәжібаева,   ҚР

Ұлттық   зерттеу     институтының   директоры   Б.Ж.

Нурмухамедов,   ҚР   белгілі   танымал   психолог   –

А.А.Мухамеджанов,   Түркістан     қаласындағы   педагогика

саласына еңбегі  сіңген  ұстаз – Ф.А.Рысбекова,   Қалалық

білім   саласында   толымды   еңбек   етіп   жүрген   –

З.А.Мухамеджанов,   Г.Н.Макашева,   ҚР   “Білім   беру”

орталығының төрағасы – Р.С.Алимкулов, Ішкі саясат бөлімі

“Жастар   орталығының”   директоры   –   А.С.   Байжанов,

Ұлттық   банк   төрағасының   кеңесшісі   –   О.Құдайбергенов,

Түркістан   қалалық   ішкі   саясат   бөлімінің   басшысы   –

Б.К.Бөкебаев т.б.

Некрасов   атындағы   №9   мектеп-гимназияның

Стратегиясы: “Тұлғаның қабілеттілігінің құрылымы - өзін-

өзі   дамытуы,   өзін   -өзі   талдау   жасауы,   өздігінше   шешім

қабылдауы   және   өзін-өзі   жетілдіру   жолындағы   жеке

тұлғаның   қабілеттілігінің   құрылымы.”   Миссиясы:

“Заманауи технологиялардың және педагогикалық қарым-

---6 --


 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті –25 қараша 2016 ж | № 20 (170)       

қатынастың   негізінде   әлеуметтік   –экономикалық

жағдайларға   бейімделуге   қабілетті   және   функционалдық

сауатты   жеке   тұлғаны   даярлау.”Сапалы   білім

бәсекелестікке қабілетті қоғам құрудың негізі” тақырыбы

бойынша жұмыс істейді. Бүгінгі таңда мектепте нені және

қалай   оқыту   керек   мәселесі   қойылған.   Дамыта     оқыту

технологиясы   өзінің   “жақын   дамыту   аймағымен”

ерекшеленеді. Осы технологиямен Филатова Г.М., Попова

Т.Л.,   Ильина   Л.К.,   Бейсекова   А.,   Нарымбетова   Ш.И.,

Батырова Г.А., Ережепова Қ., Раджапова М.И., Кузягулова

С.С.,Халжан-хожа   С.А.,   Утебаева   Н.,   Смирнова   Н.М.,

Прима   Т.Л.т.б.   жұмыс   жасаған.     Деңгейлеп   оқыту

технологиясы   бойынша   жұмыс   атқаратын   мұғалімдер,

Жукова М.А., Мухашева   Р.Х., Дадашева Н.А., Кеутешова

Ж.,   Загидуллин   Н.Р.,   Курлысбаев   А.Б.,   Турсунбаева   З.И.

Ұжымдық   өз   ара   іс-қимыл   технологиясымен   Косанова

М.Б.,   Байгазиева   Ж.,Джумашева   Н.Р.,     Матвиенко   О.В.,

Атаханова   М.Д.,   Миржикбаева   И.К.,   Никитина   М.В.,

Ибраев М.Х. т.б. жұмыс атқарған болатын.

Өзгеше   қайталанбас   тұлға   дамытуына   бағдарланған

жаңашыл   тәсілдерді   Тасманова   А.,   Бұлдырықова   Б.,

Рахматуллаева   Б.Б.,   Куланова   Н.А.,   Эрметова   М.Т.,

Исраилова   Г.Р.,   Абдуллаев   Р.З.   сынды   мұғалімдер     өз

жұмысында пайдаланады. 

2000-2001оқу жылы бойынша Білім беру Министрлігінің

бұйрығы   бойынша   Некрасов   атындағы   №9   мектеп   –

гимназия   базасында,   М.Жанпеисованың   модулді   оқыту

технологиясы   бойынша   апробация   басталды.   Тәжірибе

алаңы үш жылға есепке алынған.

Қазақстандық модулді оқыту моделі бойынша өзінің озат

тәжірибесін   қалалық   және   облыстық   деңгейде   келесі

мұғалімдер   таратты:   ПудовкинаА.Н.,     Жукова   М.В.,

Сулейманова   Б.Х.,Абдиева   Ф.,Косанова   М.Б.,   Джумашева

Н.Р., Казурова А.К.

 “Өзінің уақытын аямай, өзгенің  бақытын аялап” жүрген

мұғалімдеріміз   тоқтамай   үздіксіз,   толассыз   еңбек   етуде.

Атап


 

айтсақ,


 

Н.Р.Загидуллин,

 

С.Кузягулова,



М.И.Раджапова,   М.Т.Ильясова,     М.   Оразбаева,   Ж.Ж.

Байгазиева,   У.Исабекова,   Э.Баратов,   Ә.Ж.Құлжаев,

Ж.Асанова,   А.Б.   Курласбаев,   Р.Абдуллаев,   И.Кононенко,

М.Ибраев, О.В.Матвиенко, Г.Турганбаева, А.Сұлтанбекова,

Н.Куланова,   Л.К.Ильина,   Ж.Баймен,   Ж.Маханбетжанова,

Ж.Кеутешова,   А.Шаметова,   Ж.Атабалаева,   М.А.Жукова,

А.Ш.   Туктибаева   (менеджер),   Г.Балабаева   (кітапханашы),

М.Саулебаева  (социолог) т.б.

Мектеп   Білім   беру   Министрлігі   ұсынған   барлық

жобаларға   қатысады.ПШО   Кембридж   университетінің

білім   беру   факультетімен   бірігіп   білім   беруде   әлемдік

тәжірибе арқылы бағдарлама түзіліп енгізілді.

Ы.Алтынсарин   төсбелгісінің   иегері   мектеп   директоры

Орынбаева Ж.Ә. деңгейлік курстардан өткен мұғалімдерді

қолдап,   жеті   модуль     бағдарламасын   енгізу    мақсатында

мүмкіндікті назардан қалт жібермеді. Жаңыл Әнішқызы ҚР

жалпы   орта   білім   беру   ұйымдарын   басқарушылардың

біліктілігін   көтеру   бағдарламасы   бойынша   курстан   өтіп

жатқан,   үшінші   деңгейді   оқыған   барлық   мұғалімдерді

біріктіруді   ұсынды   және   осы   айтылған   ауқымды   істің

жүзеге   асырылуын   директордың   орынбасары

Г.Т.Халиловаға   жүктеді.   “Адам     көркі   –   жақсы     іс”

дегендей,   қыруар   атқарылып   жатқан   ісшараның   басы

қасында   жүретін   Г.Т.Халилова   әрдайым   мұғалімдерден

әдістемелік көмегін аяған емес.

НПЖҚ   командасы   (Некрасов   желі   қоғамдастығы)

педагогикалық   инновация   негізінде   құрылды.   Мектепте

жоспардың   жанданған         құрылымы   бойынша   қала

мектептерінде (№ 9, №12, Шорнақ мектептері) ынталанған

мұғалімдер     қоғамдастық   желісі   іс   әрекетте   жүзеге

асты.Тренинг,   коучинг   түрде   оқыту,     LESSON-STUDY

өткізу,   НПЖҚ   қоғамдастығында   белсенділік   таныту

т.б.жұмыстары   жанданды.   2014ж.   Ибадуллаева   Н.С.

“Мирас” университетінің базасында өткізілген “Оқытудың

жаңа   тәсілдері”   атты   ағылшын   тілі   пәні   мұғалімдерінің

халықаралық   педагогикалық   конференциясына   қатысты.

Мектепішілік және серіктес мектептерде көптеген коучинг,

Lesson   study,   идея   және     нәтижелермен   өзара   тәжірибе

алмасу   өткізілді.   44   адамнан   құрылған   даму   командасы

мектепте оқытудың жаңа формаларын енгізу бойынша тер

төге еңбектеніп жүр. Олар мектеп көшбасшылары – мектеп

директоры   Орынбаева   Ж.А.   және   директордың

орынбасарлары-Халилова   Г.Т.   Михайлина   Г.А.,   Муратова

Г.М.,   Божбанбаева   Г.О.,   Сайдуллаева   А.Ж.,

С.К.Жорықбаева,   Г.М.   Наурызбаева   және   мұғалімдер-

Пудовкина   А.Н.,   Ибадуллаева   Н.С.,   Веркашанцева   К.В.,

Герасимова В.А., Беристемова А., Бижанова А., Неметова

А.Д.,   Попова   Т.Л.,Кубанова   Л.М.,   Аллашова   О.С.,

Батырқұлова В. т.б.

Бүгінде № 9 мектеп-гимназия  оқытудағы инновациялық

өзгерістер алаңына айналды.

     Мектеп базасында:

1.Деңгейлік   курсын   оқыған   мұғалімдермен   облыстық

кездесу


 

ұйымдастырылып

 

облыс


 

көлемінде

“Педагогикалық шеберхана” конференциясы  өткізілді

2.3-ші  деңгей  курсын  оқыған  мұғалімдермен  облыстық

онлайн – конференциясы өткізілді.

      Мәселені жан-жақты қарастыру барысында алынған

нәтижелер оны шешудің бір ғана жолы деп есептеп, бұл

бағыттағы ізденістер болашақта жас мұғалімдерде, мектеп

басшыларында, мектеп ұжымында, әдістемелік мекемелер

қызметкерлерінде  осы сапаны дамытудағы сабақтастықты

қамтамасыз   ету,   шығармашылық   әлеуетті   диагностикалау

құралдары мен көрсеткіштерін     жасау тұрғысында өзінің

жалғасын табуы тиіс.

             Бүгінгі таңда А.Н.Пудовкина,   К.В.Веркашанцева,

Б.Қ.Oмар, Л.М.Кубанова, С.А.Халжанхожа, О.С.Аллашова,

Г.Р.Исраилова       Г.М.Наурызбаева,   Р.А.Бердиярова,     Н.М.

Смирнова,  В.М. Батыркулова,  А.Т.Бейсекова, Т.Л. Попова,

Ф.М.Абдуллаева,   Г.А.   Батырова,   Д.А.   Рапиева,

А.Ш.Абдулханова,   Д.А.Погорелов,   М.М.Атаметова,

Ш.И.Нарымбетова,   М.М.  Шахманова,        М.Д.Талипова,

Ю.В.Костин,   В.А.Герасимова, 

 

 С.А.Агаева,

М.Р.Абдинабиева,   М.С  Галеева,  А.Ш.   Ибрагимова,

М.С.Байзакова,   А.А.Ерназарова,  

  Т.Ю.   Прима,

Г.Ц.Өскенбаева, И.Ш.  Дадажанова,   Э.М.Дуйсенбаева, Г.Б

Кенжеғұл,

 

З.И.Турсунбаева,



 

Р.Х.Мухашева,

А.Д.Мырзагалиева,   Ш.К.Тайтенова,   К.К.Ережепова,

Г.Б.Еділбаева,

 

А.Д.Неметова,



 

А.А.Алёхина,

Д.А.Балтабаева,   А.Н.Сырлыбаева,   Р.И.Мухтарова,

М.А.Хансеитова,У.И.Жумадуллаева,

 

С.Ш.Атаханова,



М.А.Сапарбаева,

 

К.Н.Расулов,



 

В.С.Абдураимова,

Б.К.Сабден,

 

Ж.И.Молданова,



 

Г.Б.Еділбаева,

Б.Б.Рахматуллаева,   Н.Шимпулатова,   Н.С.Ибадуллаева,

А.С.Бижанова,   Ш.Р.Валиева,   З.Ертаева,   Н.С.Калтаева,   А.

Бекенова   т.б.   мұғалімдер   шығармашылықпен   еңбек

атқаруда. 

---7 --


 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті –25 қараша 2016 ж | № 20 (170)       

Адам өмірінің “алтын бесігі” – мектептің есігін ашқан

балдырғандарға   11   жыл   бойы   білім   беріп,   адамдық

қасиеттерді   қастерлеуге,   өмір   заңдылықтарын   үйрететін

мұғалім.   Рухани   –   адамгершілік   құндылықтарды   білім

мазмұнына   енгізу   ежелден   айтылып   келеді.   Осындай

қоғамның   қозғаушы   күші   болып   отырған   жарғақ   құлағы

жастыққа тимей ағарту жолында аянбай еңбек етіп жүрген,

білім қызметкерлерінің  ерен  еңбектерін  елемеу,  ескермеу,

бағаламау   менің   ойымша,   әділетсіздік,   елдігімізге     сын

болмақ.   Қоғамның дамуындағы білімнің және мұғалімнің

орны мен рөлі жайлы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан

халқына   Жолдауында:   “…білімін   дамыта   алмаған   ел

тығырыққа тіреледі. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі

алысты  барлап,  кең   ауқымды  ойлай   білетін   осы   заманғы

басшыларсыз   біз   инновациялық   экономика   құра

алмаймыз.” Ол үшін әрбір  білім саласындағы қызметкер өз

ісінің білікті маманы, педагогикалық еңбегінің майталманы

болуы абзал. 

“Үш   ақ   нәрсе   адамның   қасиеті:   Ыстық   қайрат,   нұрлы

ақыл,   жылы   жүрек.   Сонда   толық   боласың   елден   ерек,”-

демей   ме,  Абай  атамыз, әр  бала  өз  жүрегінің   қалауымен

ұстазды қабылдауы, оқушыға әсер ететіндей ұстаздың жеке

басының   мәдениеттілігі,   сабырлы,   салмақтылық   жеке

қарым-қатынас   кезінде   инабаттылық,   әдептілік,

мейірімділік қасиеттері болу керек. Ұстаздың бойындағы

жақсы   қасиеттердің   оқушыға   берілуі,   кез-келген   пәнді

оқытудағы   ұйымдастырушылық   қабілетімен   тығыз

байланысты. Мәңгілік білім алу үрдісінің енгізілуі ежелден

келе жатқан ата-баба мұраты мен аманаты екендігінде дау

жоқ.   Ы.Алтынсарин,   А.Байтұрсынов,   М.Дулатов,

М.Жұмабаев,   Ж.Аймауытов,   Ш.Құдайбердиев   сынды

аталарымыздың   армандап   кеткен   заманы-   біз   өмір   сүріп

отырған ғасырдағы қоғам. Сол аталарымыздың аманатын,

білім саласындағы ағартушы қызметкерлер дұрыс орындап

жүрміз деп ойлаймын. “Мен Жастарға сенемін! Алаш атын

аспанға,   шығарар   олар   бір   таңда…”   деп,   Мағжан   ақын

жырлағандай,   Болашағымызға   сеніммен   қарайық,

әріптестер!

Өтебаева  Несіпкүл Мейманханқызы,

“Ы.Алтынсарин” төсбелгісінің иегері,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,

Түркістан қаласы, Некрасов атындағы

 №9мектеп-гимназияның мұғалімі

Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  педагог

кадрлардың кәсіби  дамуының  «Тәжірибедегі

рефлексия» білім  беру  бағдарламасы  бойынша

мектепішілік  курстарды  жүргізудің  маңыздылығы

Тәуекелова   Гулбану  Қонысбайқызы

Алматы  қаласы  №57  жалпы  білім  

беретін  мектебінің  мектеп тренері

                                              

  Умбетова  Жанат  Кулпыбаевна

Алматы  қаласы  №2 жалпы  білім  беретін 

мектебінің  мектеп  тренері

   

  Қазақстан   Республикасында     орта білім беру мазмұнын

жаңарту   аясында     мұғалімдердің   оқыту   тәжірибесін

жетілдіру қажеттілігінің маңызы арта  түсуде. 

  Осыған орай   мұғалімдердің   тәжірибесін арттыру және

қолдау   көрсету   мақсатында       Қазақстан   Республикасы

педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың  деңгейлі

бағдарламалары   бойынша   біліктілігін   арттырған

мұғалімдер     Алматы     қаласының     «Педагогикалық

шеберлік     орталығынан»   арнайы     «Тәжірибедегі

рефлексия» білім   беру   бағдарламасы   бойынша мектеп

тренері  курсынан  өтіп,  2016-2017 оқу  жылының  қараша

айынан бастап  өз  мектептерінде  деңгейлік  бағдарламаны

игермеген  мұғалімдерге  мектепішілік  курсттарды  бастап

кетті.  

  «Тәжірибедегі   рефлексия»     жалпы   білім   беретін

мектептердегі   педагогика     кадрларының   кәсіби   даму

бағдарламасының   мақсаты:   Педагогика   кадрларына

оқушылардың   шығармашылық,   зерттеу,   сын   тұрғысынан

ойлау,   логикалық     ойлау     және   проблемаларды   шешу

дағдыларын     дамытуға   көмектесетін   педагогикалық   әдіс-

тәсілдерді меңгерту.



Бағдарламаның  негізгі  міндеттері:

1)   мұғалімдердің     бойында   төмендегідей     дағдылардың

қалыптасуын

қамтамасыз ету:

• оқыту  үдерісін  жоспарлау;

• оқушыларды  оқу  үдерісіне  тарту;

• АКТ құралдарын  тиімді  қолдану;

•   оқушылардың    сын    тұрғысынан   ойлау    дағдыларын

дамыту;

• оқушыларды  тиімді  түрде жүйелі бағалау;



• өзінің  оқыту  үдерісі  туралы рефлексия;

2) мұғалімдерді  үздіксіз  кәсіби  дамуға  дайындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет