Бакалавриат жалпы гигиена



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата09.03.2017
өлшемі0,99 Mb.
#8514
  1   2   3   4   5

 

 

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 



____________________________________________________________ 

 

БАКАЛАВРИАТ 



 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

ЖАЛПЫ ГИГИЕНА 

 

5В110400 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы 



 

Сағат көлемі – 225 (5 кредит) 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 



 

Астана 2011 

 


 



АЛҒЫ СӨЗ 

 

 

1.  ӘЗІРЛЕГЕН  ЖӘНЕ  ҰСЫНҒАН  «Медицина  білімі  мен  ғылымының 



инновациялық 

технологиялар 

Республикалық 

орталығы», 

С.Д. 

Асфендияров  атындағы  Қазақ  Ұлттық  медицина  университеті,  «Астана 



Медициналық  университеті»  АҚ,  Қарағанды  мемлекеттік  медицина 

университеті,  М.Оспанов  атындағы  Батыс-Қазақстан  мемлекеттік 

медицина  университеті,  Семей  қаласының  Мемлекеттік  медициналық 

университеті, 

Оңтүстік-Қазақстан 

мемлекеттік 

фармацевтикалық 

академиясы.  



 

2.  АЛҒАШ РЕТ енгізілген 

 

3.  Үлгілік 



оқу 

бағдарламасы 

5В110400 

«Медициналық-



профилактикалық  іс»  мамандығы  бойынша  ҚР  2009  жылғы  мемлекеттік 

жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген 



 

4.  Үлгілік  оқу  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасының  Денсаулық 

сақтау  министрінің  2011  жылғы  26  қазандағы  №734  бұйрығымен 

бекітілген. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



МАЗМҰНЫ 



 

 

1.  Түсініктеме ………………………………………………………..……. 

2.  Пән бойынша сағаттың бөлінуі…………………………...………… 



3.  Пәннің  мазмұны  және  сабақтардың  тақырыптық  жоспарының 

үлгілері …………………………………………………………............ 

 



4.  Оқу және оқыту әдістері………………………………………….…… 

22 


5.  Студенттердің білімін бағалау…………………………..…………….. 

22 


6.  Құрал-жабдықтар…………………………………….………………… 

23 


7.  Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі......................................................... 

23 


   

 

   



 

                                       

 

 

                                                                                   

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл  үлгілік  оқу  бағдарламасын  Қазақстан  Республикасының  Денсаулық 

сақтау министрлігінің рұқсатынсыз көбейтуге және таратуға болмайды.  

 

 


 



1  ТҮСІНІКТЕМЕ 



 

Гигиена  –  медицинаның  негізгі  профилактикалық  саласы,  қоршаған 

ортаның  табиғи  және  антропогендік  факторларының  адам  организмі  мен 

қоғамның  денсаулығына  әсер  ету  заңдылықтарын    зерттейтін,  аурудың  алдын 

алуға, адам денсаулығын нығайту мен сақтауға, тіршілік әрекеті үшін оңтайлы 

жағдайларды  қамтамассыз  етуге  бағытталған  гигиеналық  нормативтерді, 

санитариялық тәртіп пен шараларды дайындайтын ғылым. 

Гигиена бұл көпсалалы пәндердің бірі, оның әрбір бөлімі гигиена ғылымы 

мен  практиканың  жеке  бір  саласын  қамтиды  –  коммуналдық  гигиена,  еңбек 

гигиенасы,  тағам  гигиенасы,  балалар  мен  жасөспірімдер  гигиенасы  т.б. 

Сонымен  бірге  қоғамдық  денсаулық  сақтаудың  болашақ  бакалаврларын 

дайындауда,  гигиеналық  ғылымның  негізін  қалаушы  бөлім  ретінде  –  гигиена 

пропедевтикасы  ретінде,  студенттерді  гигиена  әлемімен  таныстыруда  жалпы 

гигиена ерекше орын алады. 



 

Пәннің мақсаты: ғылым ретіндегі гигиена туралы, оның іргелі негіздері, 

принциптері  мен  әдістемелері  туралы  мәлімет  беру,  гигиеналық  пәндерді  оқу 

кезінде  ескертпелі  және  ағымдық  санитариялық  бақылаудың  теориялық  және 

қолданбалы  аспектілерінің  заңнамалық  базасын  игеруге  қажетті  әдістемелік 

білім мен шеберліктің негізін салу. 

 

Пәннің міндеттері

 гигиенаның  теориялық  және  әдістемелік  негіздерімен  және  қоршаған  орта   

  факторларын гигиеналық нормалау қағидаларымен таныстыру; 

 адамдардың  өндірістік  іс  әрекеті  мен  тіршілік  ету  жағдайында  жеке  адам 

  мен  қоғамның  денсаулығына  қоршаған  орта  факторларының  әсер  ету 

  табиғаты мен сипаты туралы түсініктеме беру; 

 қоршаған  ортаның  көп  тараған  факторларын  және  олардың  адам 

  денсаулығына әсерін  зерттеу әдістерін оқыту; 

 сауықтыратын шаралардың негізгі бағыттарын анықтауды үйрету. 

 

Білім берудің түпкілікті нәтижелері (компетенциялары) 



 

                        

Студент тиісті: 

компетенциялар 

Білуге 

 

 

 

 

гигиенаның  басқа  ғылымдармен  байланысын,  онда 

қолданылатын  зерттеу  әдістерін,  мақсаты  мен  негізгі 

міндеттерін;  

гигиенаның  пайда  болу  тарихы  мен  дамуындағы  негізгі 

кезеңдерін, оның дамуындағы бас гигиенистердің ролін; 



 



 



  

қоршаған  ортаның  әртүрлі  факторларының  организмге 

әсерінің заңдылықтарын, сипатын және пайда болу 

 белгілерін; 



 

қоршаған  ортаның  химиялық,  физикалық,  биологиялық 

және  әлеуметтік  факторларын  гигиеналық  нормалау 

ерекшеліктері мен принциптерін; 

қоршаған  ортаның  факторларын  және  олардың  адам 

организміне  әсерін  зерттеу  мен  бағалаудың  әдістемелік 

жолдарын; 

адамның  денсаулығына  қоршаған  ортаның  жағымсыз 

факторларының  әсер  етуінің  алдын  алу  шараларын 

ұйымдастырудың негізгі бағыттарын; 

санитариялық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру 

негіздерін.  Санитария  дәрігерінің  жұмыс  істеу  әдістері 

мен түрлерін;  

санитариялық  заңдылықтар  базасы  болып  табылатын 

негізгі  нормативтік  құқықтық  актілер  мен  әдістемелік 

құжаттардың маңызын; 

санитариялық ағарту әдістері мен түрлерін; 

соғыс  уақытында  медициналық  қызметке  жүктелетін 

санитария-гигиеналық  шараларды  өткізу  тәртібін, 

көлемін, мазмұнын 



үйреніп алуға 

инфрақызыл  және  УК  радиациясының  қарқындылығын 

анықтауды,  УК-сәулеленуінің  бактерицидтік  әсерін 

бағалауды

су көздерінің басымдықтарын анықтауды; 

суды хлорлау және коагуляциялауды; 

асхана 

жұмысының 



ұйымдастыруылына 

бақылау 


жүргізуді  

өндіріс 


зонасының 

шаңдануын 

және 

шаңның 


дисперсиялылығы 

мен 


пневмокониоз 

қауіптілігін 

анықтауды; 

жұмыс  зонасы  ауасындағы  көмірқышқыл  және  иісті 

газдарды,  азот  және  күкірт  тотықтарын,  аммиакты 

анықтауды; 

уыттылық  және  қауіптілік  көрсеткіштері  бойынша 

өндірістік  улардың  уыттылығы  мен  қауіптілік  класын 

анықтауды; 

емдік-профилактикалық 

бөлімдер 

мен 


балалар 

мекемелерінің  жоспарлануы  мен  орналасуын  жоба 

сызулары  мен  топографиялық  карталары  бойынша 

сипаттап,  олардың  гигиеналық  талаптарға  сәйкестігін 



 

бағалауды; 



балалар  мен  жасөспірімдердің  дене  дамуы  мен 

денсаулық  жағдайының  негізгі  көрсеткіштерін  бағалау 

және анықтауды; 

 

әскерде:  дайын  тамақтан  және  судан  лабораторияда 

зерттеу жүргізу үшін сынама алу, сондай-ақ олардың РВ 

мен  ОВ  мен  зарарланғанда  полктың  медициналық 

қызметінің мүмкіндігіне қарай тексеру; 

әскери  құрылымда  аурудың,  оның  ішінде  жұқпалы 

аурудың  туындау  және  таралу  қауіпі  факторын  анықтау 

және олардың алдын алу шараларын жасауды; 

дала жағдайында суды зарарсыздандыру мен тұндыруды 

бақылауды іске асыруды  



машықтануға 

санитарлық-гигиеналық  зерттеулерге  ауадан,  судан, 

топырақтан,  тағамдық  азықтардан,  дайын  тағамдардан, 

маталардан,  сынама  алу  және  жолдама  құжаттарын 

толтыруды;  

Тұрғын,  қоғамдық  және  өндірістік  бөлмелердің 

микроклимат  параметрлеріне,  ауа  ортасының  сапасына, 

жарықтануын,  жылытуға  және  желдетуге  зерттеулер 

жүргізіп,  оларды  оптимизациялау  туралы    шаралар 

ұсынуды;  

Судың  органолептикалық  қасиеттеріне,  тұзды  құрасына 

және  судың  ластануының  органикалық  көрсеткіштеріне 

зерттеулер жүргізіп, сапасына баға беруді;  

Топырақтың  физикалық-химиялық  қасиетіне  зерттеулер 

жүргізіп, топырақтың санитарлық жағдайын санитарлық-

химиялық,  токсикологиялық,  гельминтологиялық  және 

энтомологиялық көрсеткіштері бойынша бағалауды; 

Негізгі  тағамдық  заттардың  сапасын  органолептикалық 

бағалау  және  сүтке,  етке,  банкі  консервілерін  мен  нанға 

физикалық-химиялық зерттеулер жүргізуді;  

Шу,  діріл  және  иондауыш  емес  электромагниттік  

сәулелер деңгейін өлшеу және бағалауды;  

Балалар  мен  жасөспірімдердің  физикалық  дамуы  мен 

денсаулық 

жағдайының 

негізгі 


көрсеткіштерін 

бағалауды;  

Халықтың 

әртүрлі 


контингенттерінің 

арасында 

санитарлық-*ағарту жұмыстарын жүргізуді;  

 

 



 

 


 



Пререквизиттер  мен постреквизиттер 



Пререквизиттер:  информатика,  медициналық  биология,  генетика, 

радиобиология,  экология,  медициналық  биофизика,  химия,  анатомия, 

физиология,  гистология,  биохимия,  патологиялық  физиология,  патологиялық 

анатомия, микробиология. 



Постреквизиттер:  эпидемиология  дезинфекциялық  іс  негіздерімен, 

коммуналды  гигиена,  тағам  гигиенасы,  еңбек  гигиенасы,  балалар  мен 

жасөспірімдер гигиенасы, радиациялық гигиена 

 

2  ПӘН БОЙЫНША САҒАТТЫҢ БӨЛІНУІ 

 

 

Сағаттың 

жалпы 

саны 

 

 

Аудиториялық сағаттар  

 

 

СӨЖ 

Барлығы 

 

Дәрістер 

 

 

Практикалық 

сабақтар 

 

ОСӨЖ 

№1 кредит - 45 

30 



10 



15 

15 


№2 кредит - 45 

30 


10 


15 

15 


№3 кредит - 45 

30 


10 


15 

15 


№4 кредит - 45 

30 


10 


15 

15 


№5 кредит - 45 

30 


10 


15 

15 


 

3 Пәннің мазмұны* және сабақтардың тақырыптық жоспарының 

үлгілері** 

 

№1 кредит 

 

Мамандыққа кіріспе 

 Гигиена медицинадағы негізгі профилактикалық пән ретінде. Гигиенаның 

мақсаты  мен  міндеттері.  Оқу  пәні  мен  мазмұны.  Медициналық  зерттеулер 

кешеніндегі  гигиенаның  орны,  басқа  ғылымдармен  байланысы.  Гигиенаның 

негізгі  бөлімдері.  Жалпы  гигиенаның  пропедевтикалық  маңызы.  Гигиенаның 

даму тарихы 

Қазақстанда  гигиена  ғылымының  дамуы  мен  қалыптаса  бастауы.  Қазіргі 

кездегі  гигиенаның  әртүрлі  саласы  дамуының  маңызы  мен  болашағы. 

Гигиенаның  әрі  қарай  дамуына  үлесін  қосқан  Қазақстанның  көрнекті  ғалым-

гигиенистері – К.Р.Амрин, Т.Ш.Шарманов, Б.Е.Алтынбеков. 

Гигиенада  қолданылатын  зерттеу  әдістері:  гигиенаның  өзіндік  әдістері        

(санитариялық 

тексеру, 

эпидемиологиялық, 

гигиеналық 

эксперимент, 

санитариялық  сараптама,  санитариялық  ағарту)  және  басқа  пәндердің 

әдістемелері. 



 

Қазақстан 



Республикасындағы 

санитариялық-эпидемиологиялық 

қызметтің  құрылымы,  негізгі  міндеттері,  функциясы  мен  әдістері. 

Санитариялық-эпидемиологиялық  қызметтің  жұмысын  іске  асыратын    - 

ескертпелі  және  ағымдық  санитариялық  бақылаудың  маңызы.  Мемлекеттік 

санитариялық  бақылауды  ұйымдастыру  мен  жүргізу  үшін  құқықтық  негіз 

ретіндегі санитариялық заңдылықтар. 

 

Қоршаған орта және оның факторлары. Қоршаған орта   



факторларын гигиеналық нормалау туралы ілім 

Қоршаған орта және оның факторлары. 

Қоршаған  ортаның  экологиялық  және  гигиеналық  мәселелері,  олардың 

өзара  байланысы.  Халықтың  денсаулығының  нашарлауына  әртүрлі 

экологиялық  факторлардың  қауіптілік  әсері.  Қоршаған  орта  факторларының 

кешендік,  аралас,  қабаттасқан  әсері.  Қоршаған  орта  факторларының  адам 

организміне  әсерінің  гигиеналық  (донозологиялық)  диагностикасының 

қағидалары. 

Профилактикалық  шаралар  жүйесіндегі  негізгі  звено  ретінде  қоршаған 

орта  факторларын  гигиеналық  нормалау.  Нормалаудың  артықшылығы. 

Гигиеналық нормалаудың негізгі қағидалары. Атмосфералық ауа құрамындағы, 

жұмыс  зонасының  ауасындағы,  судағы,  топырақтағы,  тағамдық  азықтардағы 

химиялық 

қосылыстарды 

нормалау 

қағидалары. 

Микроэлементтерді, 

физикалық және биологиялық факторларды нормалау қағидалары. 

 

Ауа ортасының гигиенасы 

Ауаның  физикалық  қасиеттері.  Температураның,  ылғалдылықтың  және 

ауа  қозғалысы  жылдамдығының  гигиеналық  маңызы.  Адам  организмі  мен 

сыртқы 


ортаның 

жылу 


алмасуындағы 

рөлі. 


Микроклимат, 

оны 


қалыптастырушы  факторлар.  Микроклимат  түрлері,  адам  организміне  әсері. 

Бөлмелердің  температуралық  тәртібін  зерттеу  әдістері.  Шынайы  және 

радиациялық температураны анықтау.  

Ауаның  ылғалдығын  және  қозғалысын  зерттеу  әдісі  мен  бағасы.  «Жел 

раушанын»  әдістемелік  құрылымы,  оның  қолданбалы  маңызы.  Микроклимат 

параметрлеріне  жүргізілген  аспаптық  зерттеулердің  мәліметтері  адамның 

жылулық  жағдайының  обьективтік  көрсеткіштері  және  жылусезуі  бойынша 

бөлмедегі  микроклиматты  бағалау.  Микроклиматты  кешенді  бағалау  әдісі. 

Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу шаралары. 

Жылыту мен желдету - бөлмелердің микроклиматын жақсартудағы тиімді 

құрал.  Жылытатын  жүйелерге  қойылатын  гигиеналық  талаптар.  Жылыту 

жүйелеріне  қойылатын  гигиеналық  талаптар.  Желдеткіштердің  гигиеналық 

маңызы.  Табиғи  желдеткіштер  және  оның  тиімділігі.  Табиғи  желдеткіштерді 

күшейту  амалдары.  Ауа  жіберу  жасанды  желдеткіштер  түрлері.  Ауа  алмасу 

көрсеткіштері, оларды анықтау әдістері.  


 

Атмосфералық  қысым.  Биіктік  (тау)  және  кессон  ауруының  себептері, 



дамуының  физиологиялық  механизмдері.  Кессон  ауруының  алдын  алу. 

Барометрлік  қысымды  өлшеу  әдістері.  Барометрлер  мен  барографтардың 

құрылымы мен жұмыс істеу принципі. 

Ауа  ортасының  электрлік  жағдайы.  Электрлік  жағдайды  сипаттаушы 

компоненттер,  адам  организміне  әсері.  Ауа  ортасының  радиоактивтілігінің 

гигиеналық маңызы.  

Жабық бөлмелердің  ауасының химиялық құрамының гигиеналық маңызы. 

Тұрғын,  қоғамдық  және  өндірістік  бөлмелердің  ауа  ортасының  ластану 

қайнарлары.  Ауа  ортасының  сапа  көрсеткіштері.  Әртүрлі  шаруашылықта 

бөлмелердің  ауасындағы  химиялық  заттарды  нормалау  принциптері.  Ауа 

сапасының  жанама  көрсеткіші  ретінде  бөлмелер  ауасындағы  көмірқышқыл 

газды  анықтау  әдістемесінің  маңызы.    қайнарлары.  Ауа  ортасының  сапа 

көрсеткіштері.  Әртүрлі  шаруашылықта  бөлмелердің  ауасындағы  химиялық 

заттарды  нормалау  принциптері.  Ауа  сапасының  жанама  көрсеткіші  ретінде 

бөлмелер  ауасындағы  көмірқышқыл  газды  анықтау  әдістемесінің  маңызы.  

Үйлердің  ауасының  биологиялық  ластануы.  Ластауыш  көздері  және  таралу 

жолдары, эпидемиологиялық қауіптілігі. Ауаның бактериялармен ластануының 

көрсеткіштері.  

Жабық  бөлмедегі  ауа  мен  атмосфералық  ауаны  санитариялық-химиялық 

және санитариялық-бактериологиялық зерттеу әдістері. 

Инфрақызыл  сәулеленудің  биологиялық  әсері.  ИҚ  сәулелердің 

қарқындылығын  зерттеу  әдістері.  Актинометрлер  мен  пиранометрлердің 

құрылымы және жұмыс жасауы. 

Көрінетін сәуленің организмге әсері. Бөлмелердегі табиғи жарық пен күн 

сәулесінің  түсуінің  гигиеналық  маңызы.  Бөлмеге  күн  сәулесі  түсу  режимінің 

түрлері  және  олардың  сипаттамасы.  Бөлмедегі  табиғи  жарық  көрсеткіштері. 

Бөлмедегі табиғи жарықтың гигиеналық маңызы, оған қойылатын гигиеналық 

талаптар.  Жасанды  жарық  көздерінің,  шырақ  түрлерінің,  жарықтандыру 

жүйелерінің  сипаттамасы.  Жарықты  анықтау  әдістері.Жарықты  гигиеналық 

нормалау қағидалары. Бөлмелердегі жарық түсу тәртібін өлшеу әдістері. 

Ұзын,  орта  және  қысқа  толқынды  ультракүлгін  (УК)  сәулеленудің 

фотохимялық  әсері  және  олардың  әсерінен  болатын  өзіне  тән  тиімділігі.  УК-

сәулеленудің  жетіспеушілігі.  УК–сәуленің  жетіспеушілігінің  алдын  алу. 

Зарарсыздандыру үшін УК–радиациясының бактерицидтік әсерін қолдану. 

УК  сәулеленудің  интенсивтілілігін  бағалау  және  өлшеу  әдістері.  Ауаның 

сәулеленуінің  бактериоцидтік  әсерін  бағалау.  Бөлмені  санациялау  үшін 

қолданылатын бактерицидтік шамның санын есептеу. 

Ауа райы мен климат туралы түсінік.  

 Климаттүзуші 

негізгі 


факторлар. 

Климат 


түрлері. 

Климаттық 

факторлардың адам организміне әсері. 

Климаттық факторларды сауықтандыру мақсатында қолдану. 



 

10 


Акклиматизацияның (жерсіндірудің) гигиеналық проблемалары. Қолайсыз 

климаттық  аудандарда  акклиматизацияны  қамтамасыз  ету  жөніндегі 

гигиеналық  шаралар.  Кешенді  метеорологиялық  көрсеткіштер  және 

медициналық мақсатта климат пен ауа райын бағалау әдістері. 

 

№1  кредит сабақтарының тақырыптық жоспарының үлгілері 

 

Дәрістердің тақырыптық жоспарының үлгісі  

(академиялық сағаттың ұзақтығы – 50 минут) 

 

№ 



Тақырыптары 

1. 


Гигиена  негізгі  алдын  алу  пәні.  Мақсаты,  міндеті  және  зерттеу 

нысандары  

2. 

Гигиенаның әдістері. Даму тарихы. 



3. 

ҚР  санитарлық–эпидемиологиялық  қызметтің  құрылымы.алдын  алу 

және ағымдағы санитарлық бақылау. 

4. 


Гигиеналық нормалаудың ғылыми негіздері. Нормалау критерийлері. 

5. 


Нормалау қағидалары. Гигиеналық эксперимент. Жедел нормалау. 

6. 


Ауа  ортасының  гигиеналық  маңызы.  Организмге  ауадағы    физикалық 

және  химиялық  факторлардың  әсер  етуімен  байланысты  аурулардың 

алдын алу. 

 

Жалпы сағаты: 5  

 

Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспарының үлгісі 

 

№ 

Тақырыптары 

1.  Кіріспе.  Гигиенаның  мақсаты,  міндеті  мен  әдістері.  Мамандардың 

мемелекеттік 

тұрғыда 


санитариялық-эпидемиологиялық 

қызметті 

ұйымдастыру негіздері. Жұмыс формасы мен әдістері. 

2. 


 

Ауа  ортасының  гигиеналық  маңызы.  Мекемедегі  температуралық  және 

ылғалдылық тәртібін өлшеу және бағалау әдістері. 

3.  Адам  организміне  микроклиматтық  факторлардың  әсерін  кешенді 

бағалау.  Адамдардың  обьективтік  және  субьективтік  жылу  сезінуін 

бағалау. 

4.  Тұрғын  және  қоғамдық  бөлмелердегі  ауа  ортасының  сапасын  зерттеу 

және  бағалау,  ауадан  сынама  алу  әдісі.  Ауа  алмасуының  қажетті  және 

нақтылы көлемін есептеу әдісі мен ауа алмасу еселігі. 

 

Жалпы сағаты: 10  



 

 

 

 

11 


Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) 

тақырыптарының үлгісі 

 

№ 



Тақырыптары 

1. 


Профилактикалық  шаралар  жүйесіндегі  негізгі  жүйе  ретінде  қоршаған 

орта факторларын гигиеналық нормалау. 

2. 

Ауа  қозғалысының  жылдамдығы  мен  атмосфералық  қысымды  өлшеу 



және бағалау әдісі. 

3. 


Ғимараттың табиғи және жасанды жарығын бағалау мен зерттеу әдісі. 

4. 


Ультракүлгін сәулесінің қарқындылығын өлшеу және бағалау әдісі. 

5. 


Инфрақызыл радиациясының қарқындылығын өлшеу және бағалау әдісі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет