Е.КАМАЛ
Суреттерде: Басқосудан көріністер
«БАРЛЫҒЫ ҮШІН ЕҢБЕК»
Астана қалалық прокуратурасының бастамасымен Қылмыстық атқару жүй
есі департаментінің ЕЦ166/10 түзеу мекемесінде «Барлығы үшін еңбек» атты
жаңа пилоттық жоба қолға алынды. Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі
сотталғандардың құқығын қорғау және басқалармен тең, әділетті, ыңғайлы
жағдайда еңбек етуін қамтамасыз ету. Мекемеде 12 мүмкіндігі шектеулі сот
талған азамат жазасын өтеп жатыр.
Жоба шеңберінде аталған тұлғаларды еңбекпен қамту мақсатында
тапсырыс тарын орналастыру туралы «ЕңбекАқмола» РМК мен «ДОС» Тәу
елсіз өмір орталығы (одан әріҚоғам) арасында келісімшарт жасалды. Қазіргі
уақытта сотталғандар киім тігу мен майдагерлік өнім өндірісі дағдыларын
оқыпүйрену мақсатында жұмысқа тағылымгер ретінде қабылданды.
Осындай қолдауды тиімді пайдаланған сотталғандардың бірі киім тігу мен
майдагерлік өнімдерін жасау бойынша жеке өндірісін ашты. Сөйтіп басқа мүм
кіндігі шектеулісотталғандарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.
Мекемеде 2017 жылдан бастап қоғаммен мүмкіндігі шектеулі сотталғандар
үшін психологиялық тренингтер мен қыш өнімдерін өндіру үшін қосымша
оқытукурстарын жүргізу жоспарланып отыр. Жоба мекеменің және Астана
қаласы прокуратурасы басшылығының қолдауымен ұйымдастырылған.
Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі
Орайы келген әңгіме
Жоба
Кесел
Дәулет ИСКАКОВ,
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті
бастығының орынбасары, әділет подполковнигі:
«ЖАЗАНЫ ІЗГІЛЕНДІРУ
САЯСАТЫНЫҢ ЖАҒЫМДЫ
НӘТИЖЕЛЕРІ СЕЗІЛЕ БАСТАДЫ»
– Жалақының аздығы жемқор-
лыққа итермелейді деген пікірмен
келісесіз бе?
– Мамандардың мемлекеттік қыз
меткерлердің еңбекақысын көтеру
сыбайлас жемқорлық пен басқа да
құқықбұзушылықтарды азайтады деген
пікірімен толығымен келісемін. Әр
адам өзінің сіңірген еңбегіне қарай зей
нетін көруі керек.
– Биыл департаментке қарасты
құрылымдардың қанша қызметкері
жұмыстан кетті? Солардың ішінде
ұнамсыз жағдайларға байланысты
жұмыстан босатылғандары бар ма?
– Ағымдағы жылы қылмыстық
атқару жүйесінің Павлодар облысы
бойынша департаменті мен оған қара
сты мекемелерден 60тан астам маман
еңбегі сіңген демалысқа кетуіне, еңбек
сіңірген жылдары (қызмет мерзімі)
және зейнетақыға құқық беретін қыз
метті өткерудің шекті жасына жетуіне
және денсаулық жағдайына байланысты
қыз меттен босатылды. Ал, теріс қылық
жасағаны үшін 3 қызметкер жұмыста
рынан шеттетілді.
– Қазір жазаларды ізгілендіру сая-
сатының нәтижесінде ауыр және аса
ауыр, қоғамға қауіпті әрекеттерден
басқасына қоғамнан оқшаулаумен
байланысты емес жазалар қолда-
нылатын болды. Есесіне бар салмақ
қызметін енді бастаған пробация
қызметінің мойнына түсуде. Мұн-
дай қызметтің шет мемлекеттерде
атқаратын жұмысы маңызды болға-
нымен, өмірбаянын бес-алты жыл
көлемінде бастаған отандық проба-
ция бақылау ға алынатын соншама
адамға әлеуметтік-құқықтық көмек
көрсетуді ойдағыдай қамтамасыз ете
алмай келеді. Мамандар еліміздегі
пробация лық қызметтің материал-
дық базасы әлі де жетілдіруді қажет
етеді деп санайды. Сіз қалай ойлай-
сыз?
– Өзіңіз байқағандай, Қазақстандағы
пробация қызметі аяғынан енді ғана
қазқаз тұрып келеді. Бұл қызметтің
құзіретіне пробация қызметінің есебін
де тұрған сотталғандарды бақылап,
тексеру, психологиялық және құқықтық
көмек көрсету, жазасын өтеушінің білім
алуына, кәсіптің белгілі бір түрін мең
геруіне, жұмысқа орналасуына көмек
көрсету тәрізді жауапты міндеттер
енеді. Қазір қылмыстық заңнамалары
мыздың ізгілендірілуіне байланысты,
қоғамнан оқшаулаумен байланысты
емес балама жазалардың түрлері көбей
тіліп, есесіне, әрбір инспектордың атқа
ратын жүмысының көлемі де ұлғайтыл
ды. Сондықтан да, пробация қызметінің
жүктемесін ескере отырып, ондағы
штат санын өсіру қажет деп ойлаймын.
– Тәжірибеде қылмыс жасағаны
үшін сотталып, кейін түрлі себептермен
түзеу мекемелерінен қайтадан ақта-
лып шыққан немесе жаза мерзімдері
төмендетілген адамдардың деректері
ұшыраса ма? Ұшырасса, олар қандай
баптардың жазасына қатысты?
– Жаңа қылмыстық заңнамалардың
талаптарын қолдану кезінде, Павло
дар облысының аумағындағы түзеу
мекемелерінде жазасын өтеп жүрген
сотталғандарға Қылмыстық кодекстің
6, 55 баптарының талаптарын қолдану
арқылы 2015 жылы 292 сотталғанның,
ал, үстіміздегі жылы 50 сотталғанның
жазаны өтеу мерзімдері қысқартылды.
– Қолданысқа жаңадан енгізіл-
ген Қылмыстық және Қылмыстық
атқару кодекстеріндегі жазасын өтеу-
шілерге қатысты баптарды жетілдіру
қажет деп санайсыз ба?
– Уақыт ұдайы қозғалыста бола
тын құбылыс. Еліміз барлық бағытта
даму үстінде. Соған сәйкес, заман та
лабына сәйкес жаңа заңдар мен заңға
тәуелді актілер қабылдануда. Тәжіри
беде, әртүрлі жағдайларда проблема
лық мәселелер туындаған кезде біз ол
жөніндегі ұсыныстілектерімізді ҚАЖ
комитетіне жолдаймыз.
– Әңгімеңізге рақмет!
Пікірлескен
Елеусіз МҰРАТ,
«Заң газеті»
режим және күзет бөлімінің бастығы,
әділет майоры Шыңғыс Қанапиннің
келтірген мәліметтеріне сенсек, үстіміз
дегі жылдың он айында ғана тыйым
салынған заттарды жасырын алып
өтуге әрекет жасаудың 20 дерегі тіркел
ген. Оның 2 дерегі бойынша кінәлілер
әкімшілік жазаға тартылып, 13і бо
йынша ескерту жасалып, 5 дерегі қаралу
үстінде екен. Осы заң бұзушылықтар
дың жолын кесу нәтижесінде 238 290
теңге, 2 литр ішімдік, 29 бірлік кесуші
құрал, 23,40 грамм «гашиш» есірткісі
алынған. Ол режим және күзет бөлімі
қызметкерлерінің қырағылығы арқа
сында шай мен сабынның, ал ақша жеке
заттардың арасынан, кесетін құралдар
аяқ киімдерден, спирттік ішімдіктер
азықтүлікті тексеру барысында та
былған. Алынған ақша мемлекет кірісі
не, кесуші құралдар мен есірткі заттары
Алматы қаласындағы Түрксіб аудандық
сотының шешіміне сәйкес Әділет де
партаменті сот орындаушыларымен
жойылған. Әкімшілік құқықбұзушылық
туралы кодекстің 481бабы талаптарына
сәйкес, алынған заттар туралы шешімді
Алматы қаласындағы әкімшілік істер
жөніндегі мамандандырылған аудана
ралық соты қабылдайды. Қалған заттар
дың материалдары заң талабына сәйкес,
шара қабылдау үшін Түрксіб аудандық
сотына жіберіледі.
Шыңғыс Қанапиннің айтуынша,
жыл басынан бері түзеу мекемесінен
тергеуде жүргені бар, кесімді жазасы
5 жылдан аспайтындықтан осындағы
шаруашылық қызмет көрсету жасағын
да жазасын өтегені бар ұзын саны 2082
адам өткен. Қазір тергеу абақтысында
950 адам ұсталынуда.
– Мақсатымыз сотталғандар мен
тергеуде жүргендердің жазаны өтеу
тәртібін бұзбауын қадағалау. Мұндай
жауапты жұмысты мінсіз атқаруға
қызметкерлеріміз дайын. Жүздесуге
келетіндерге кездесу тәртібін бұзғаны
үшін Әкімшілік құқықбұзушылық
туралы кодекстің 481бабы талабы
на сәйкес жазалар қарастырылғанын
ескертіп, көрнекі жерге мекеменің ішкі
тәртібінің ережелері туралы стенд жа
сап, іліп қойғанбыз, – дейді режим және
күзет бөлімінің бастығы, әділет майоры
Шыңғыс Қанапин.
Е.КАМАЛ
Суретте: Мекеменің режим және
күзет бөлімінің бастығы Шыңғыс
Қанапин.
ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАРДЫ ӨТКІЗГІСІ КЕЛЕТІНДЕР
АЗАЯР ЕМЕС
(Соңы. Басы 1-бетте)
Шара