Ұстаздық Ұлы қызмет №40 (1275)


„ әр мекеменің есігін қағып



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата09.03.2017
өлшемі8,44 Mb.
#8534
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

„

әр мекеменің есігін қағып



құжат жинап қажыған қағазбасты 

әлеуеттің тағы бір жұмысы 

жеңілдеді. 

Айсана НҰРБАП                                                                                  

Облыстық экология басқармасында мемлекеттік 

органдардың, табиғи ресурстарды пайдаланатын 

кәсіпорындардың қатысуымен жиын өтті. Шара 

барысында  рұқсатнамаларды  тіркеудегі  және 

экологиялық заңнама тәртібіндегі жаңа өзгерістер 

жайлы айтылды. 

- Қазіргі уақытта экологиялық сараптаманың 

жаңа ережесі күшіне енді. Қабылданған жаңа ере-

же талабы бойынша енді бізге ұсыныс жасағандар 

санитарлық-эпидемиологиялық және бассейн - су 

инспекциясының ағаш тексеру және аңшылық 

шаруашылығы инспекциясынан қорытынды құжат 

талап етілмейді. Бұрын аталмыш қорытынды болма-

са, біз ұсынысты қарамайтынбыз. Енді кәсіпкерлер 

әр мекемеге сандалмай-ақ, өз ұсыныстарын бірден 

бізге  жеткізеді.  Жаңа  өзгеріс  кәсіпорын  мен 

кәсіпкердің уақытын да, қаржысын да үнемдейді. 

Және сараптамалық рұқсат алу кезіндегі өтініш 

қағазын баяғыдай жарты күн бойы емес, жарты-ақ 

сағаттың ішінде толтырып шығатын болады. Өтініш 

қағазында  тек  қоршаған  ортаға  шығарылатын 

қалдықтардың мөлшері ғана жазылады. Бір сөзбен 

айтқанда, бұндай практикалық қадамдар біздің 

кәсіпорындардың  жұмысын  жеңілдету  үшін 

қабылданған, - дейді  Экологиялық реттеу және 

бақылау комитетінің «Жамбыл облысы бойын-

ша экология департаменті» экологиялық реттеу 

бөлімінің басшысы Юрий Пасечный.

ТАриф КөТерілуі мүмКіН

 

„

Тараз қаласының әкімі Н.С.Календеровтің                                                                                 



2015 жылдың  қаңтар -  ақпан  аралығында қала тұрғындары алдында өткізген 

есепті кездесулері барысында көтерілген ұсыныстар негізінде қабылданған 

іс-шаралардың орындалуы туралы

кезіндегі  бұзылған  жолдар-

ды  қалпына  келтіруді  сұраған. 

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жам-

был  облыстық  филиалының 

ж ау а б ы   б о й ы н ш а   « Т а р а з 

қаласы  газ  жүйесін  жаңғырту 

б а ғ д а р л а м а с ы »   б о й ы н ш а 

Ниетқалиев,  Төле  би,  А.Чехов,                                                                       

Рыс бек  батыр  көшелеріне 

қ а т ы с т ы   ж о л д ы   қ а л п ы н а 

келтіру  жұмыстары  толығымен 

аяқталған.

2.  №3  аумақтық  округтің  

«Төңкеріс»  алқабы,  6/25  үйдің 

тұрғыны,  «Азиз-Үміт»  ПИК 

төрайымы  З.Бабаходжаеваның 

сұранысы  бойынша,    Жамбыл 

даңғылынан  осы    алқаптың 

жүргiншi  бөлiгiне  қиыршақ 

т а с т а р   т ө с еу   ж ұ м ы с т а р ы 

жүргізілді.

3.  №5  аумақтық  округтің 

«Қарасу»  мөлтек  ауданы,  25/2а 

үйдің  тұрғыны,  «Қайрат»  ПИК 

төрағасы  Д.Қожахметов  Әл-

Фараби  көшесіндегі  «Арай» 

кафесі  мен  №25  жатақхана 

арасындағы  жаяу  жүргіншілер 

жолын ашуды сұраған.  Қазіргі 

таңда жеке кәсіпкер тарапынан 

жаяу жүргіншілерге арналған ені 

2,5 метр болатын жол ашылған.

4. №6 аумақтық округтің За-

падная көшесі, 71 үйдің тұрғыны 

Л.Кочалованың  өтініші  бойын-

ша,  «Жасыл  Ел-Тараз»  ЖШС 

«Крылов» аялдамасында қоршау, 

сәкі  және  күл-қоқыс  салатын 

жәшіктер орнатты.

5.  №7  аумақтық  округтің 

Қазыбек би көшесі, 103/64 үйдің 

тұрғыны Л.Корнилина «Орталық 

гастрономның» алдындағы бей-

берекет  сауданы  жоюға    шара 

қолдануды  сұраған.  Бүгінгі 

күнге  «Орталық  гастроном» 

айналасында заңсыз тұрған па-

вильон  мен  дүкеншіктер  толық 

алынған,  бей-берекет  сауда 

жойылған.

6.  №8  аумақтық  округтің 

« С а м а л »   м ө л т е к   а у д а -

н ы ,   8 / 3 1   ү й д і ң   т ұ р ғ ы н ы 

С.Пулатова  №45  гимназияның 

алдындағы  автотұрақ  бойынша 

шағымданған. №45 гимназияның 

маңындағы  автотұрақ  Әл-

Ф а р а б и   к ө ш е с і   б о й ы н а                                          

жайластырылды.

7.  №10  аумақтық  округтің                               

Высоцкий  көшесі,  1а  үйдің 

тұрғыны  С.Якубжановтың                                                       

Высоцкий  көшесін  асфальттау 

туралы өтініші түскен. Аталған 

көшенің  жол  бөлігіне  орташа 

жөндеу жұмыстары жүргізілді.

8.  №11  аумақтық  округтің 

«Шөлдала»  шағын  ауданы, 

Т.Рысқұлов  көшесі,  20    үйдің 

тұрғыны  Қ.Қенжеқұловтың 

өтініші бойынша, Шөлдаланың 

мектепке  баратын  бұрылысына 

жол белгілері орнатылды.

Жалпы  есепті  кездесулер 

барысында  қала  тұрғындары 

тарапынан  көтерілген  барлық 

ұсыныс-пікірлердің  орындалуы 

тұрақты бақылауға алынған.


5

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №40 (1275), 30 ҚырКүйеК  2015 Жыл  //

орта

 

„

Бүгінде қала келбеті жаңа сипатқа ие болғаны анық. Қаланың 



түнгі сұлулығында сөз жоқ. Шығыс поэзиясының мәңгілік 

музасына айналған, өнер мен тарихқа өзек болған шаһарымыздың 

шырайы түн шымылдығының ішінде адам танымастай құлпырған.

ШАмдАры 

ЖАрҚырАғАН ШАһАр

Сейділдә ТӨРЕН

Жиынға    сарапшы  топтың 

мүшелері,  облыстық  мәслихаттың 

депутаттары,  «Жас  Отан»  жастар 

қанатының өкілдері және атқарушы 

орган  қызметкерлері  қатысты. 

Басқосуды  ашып, жүргізген «Нұр 

Отан»  партиясы  облыстық  фи-

лиалы  Саяси  кеңесінің  мүшесі, 

облыстық  мәслихаттың  депутаты 

Сембек Сейдазимов ҚР Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 инсти-

туционалды  реформасын  жүзеге 

асыруға  бағытталған  «100  нақты 

қадамда»  көрсетілген  мемлекеттік 

қызметтің кәсіби деңгейін арттыру, 

беделін көтеру,  кадрды жетілдіру 

мәселелеріне тоқталды. 

Шарада  баяндама  жасаған  об-

лыс  әкімі  аппараты  басшысының 

орынбасары  Хыдыр  Бегалиев 

100  нақты  қадамның  алғашқы  15                                                                    

қадамы – «Кәсіби мемлекеттік ап-

парат құру» реформасы аясындағы 

«Мемлекеттік  қызмет  туралы» 

жаңа Заң жобасына кеңінен түсінік 

берді. Төменгі палата депутаттары 

мақұлдаған заңға сәйкес, мемлекеттік  

қызметке алғаш кірген қызметкерлер 

лауазымдарын ең төменгі сатыдан 

бастайды. 

-  Бүгінгі  таңда  мемлекеттік 

қызмет  саласын  уақыт  талабына 

сай жетілдіріп, сапасын жақсартып,  

басқару жүйесінің тиімділігін арт-

тыруда, кадр саясатын мемлекеттік 

саясатқа  сай  жүйелеуде  келер 

жылдан бастап күшіне енетін осы-

нау  «Мемлекеттік  қызмет  тура-

лы»  жаңа  Заң  –  егемен  еліміздің 

кәсіби мемлекеттік аппаратын құру 

үдерісінде маңызды рөл ойнайды,- 

деген Хыдыр Бегалиев мақұлданған 

заң жобасы туралы егжей-тегжейлі 

түсінік берді. 

Мұнан кейін мінберге шыққан 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және 

сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-

қимыл  агенттігі  Жамбыл  облысы 

бойынша департаментінің бөлім бас-

шысы Нұрлан Еркебаев партияның 

«Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық 

іс-қимыл жоспары» атты сайлауалды 

тұғырнамасын іске асыру жөніндегі 

аймақтық  жоспарының  өңірімізде 

орындалуы  туралы  хабарлама  жа-

сап,  қойылған  сұрақтарға  жауап 

берді. Жамбыл облысы әкімдігінің 

мемлекеттік қызметшілерді қайта даяр-

лау және біліктілігін арттыру орталығы  

директорының орынбасары Лесбек 

Егембердиев облыстағы мемлекеттік 

қызметшілердің  кәсіби  деңгейін 

жетілдіру бағытындағы атқарылған 

жұмыстар туралы баяндады. 

Б а с қ о с у д ы ң   с о ң ы н д а 

баяндамашыларға әр түрлі сұрақтар 

қойылып, тұшымды жауаптар алын-

ды. Сонымен қатар тиісті шешімдер 

шығарылып, қаулы қабылданды.  

Баға арзан, сапа жоғары

 

„

Орталық «достық» алаңында ай басында бастау алған ауыл 



шаруашылық өнімдерінің  жәрмеңкесі осы сенбі күні жалғасын 

тапты. 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Осы  аптада  Тараз  қаласы  мен  Байзақ, 

Талас, Сарысу, Т.Рысқұлов, Жуалы аудан-

дарынан және Тараз қаласындағы «Тараз» 

ӘКК»  АҚ-ның  тауар  өндірушілерінің 

қатысуымен өткізілген ауыл шаруашылығы 

жәрмеңкесіне  жалпы  құны  43,2  млн. 

теңгеден астам 78,9 тонна ауыл шаруашылық 

тауарлары  сатылымға  шықты.    Атап 

айтқанда, 14,4 тонна ет өнімдері (жылқы, 

сиыр,  қой,  шошқа),  6  тонна  сүт,  1  тонна 

кондитерлік,  3  тонна  макарон  өнімдері, 

0,5 тонна бал, 5 мың дана жұмыртқа, 0,5 

тонна  кептірілген  жеміс  және  37,5  тон-

надан  астам  бақша  мен  көкөніс,  жеміс-

жидек  өнімдері.  Аталған  аудандардың 

ауыл  шаруашылығы  тауар  өнідірушілері 

қала  тұрғындарына  өз  тауарларын  10-20 

пайыз төмен бағамен ұсынды.  Бұл жолғы 

жәрмеңкеде  сатып  алушылардың  қарасы 

өткен  жәрмеңкедегідей  қалың  болмаса 

да,  халық  арзандатылған  өнімнен  алып 

қалуға тырысты. Десе де, осы сенбі күнгі 

жәрмеңке  барысында  тұрғындардың  көп 

сұранысына ие болған көкөніс пен жеміс-

Мемлекеттік 

қызмет – 

абыройлы 

міндет

 

„

«Нұр Отан» 



партиясы облыстық 

филиалының мәжіліс 

залында партияның 

«Қазақстан. 2017 

мақсаттары. Ұлттық 

іс-қимыл жоспары» 

атты сайлауалды 

тұғырнамасын іске 

асыру жөніндегі 

аймақтық жоспардың 

«мемлекеттік басқару 

жүйесі» бағыты 

бойынша сарапшы 

топтың отырысы өтті. 

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Болашағымыздың бір түйіріндей 

болып,  шаһар  сұлулығын  қимай 

батып  бара  жатқан  күнге  қарап 

тұрып-ақ  сөз  құдіреті  жетпейтін 

сезімді бастан кешіру қиын емес. 

Ғасырлардың  құшағына  сый-

май  тұрған  асыл  шаһарымыздың 

сұлулығы  құдды  бір  уақыттың 

жүрегін  жаулап  алғандай.  Сонау 

ғарыш  аймағынан  қарағанда,  екі 

мың жылдан аса жарқырап тұрған 

жұлдыз  іспетті  шаһарымыздың 

бүгінгі келбеті мүлдем бөлек.  Аспан-

мен астасқан мұнаралардың орнын 

зәулім ғимараттар, керуендердің ор-

нын көшелер басты. Ел тарихымен 

құрдас, ұлттың ұрпағымен сырлас 

бола білген шежірелі шаһарымыз 

әлі күнге жазылып жатқан дастан 

секілді. Кешегі шығыс шайырлары 

жырлаған қаламызды сол ақындар 

қазір  көрсе  ғой.  Жер  басса,  жер 

қайысатын қазақ елінің тізгін тар-

тып,  осы  өлкеге  Хандығымызды 

құруы  да  тегін  емес-ау,  шамасы. 

Биыл  төрткүл  дүниенің  наза-

рын  аударып  отырған  бес  жарым 

ғасырлық  белесімізді  ел  болып 

атап өтуге белсене кірісіп кеттік. 

Кешегі Күлтегін бабалардың ама-

натын  бүгінгі  ұрпаққа  жеткізген 

балбал тастардай, қалада  атаулы 

тарихи  мерекеміздің  құрметіне 

ғасырларға  татитын  монумент 

пен мүсіндер орнатылуда. Жалпы 

қазақстандықтар жұмыла атсалы-

сып жатқан  мерейтойымызды атап 

Түнгі Тараз көз тартады.   

өтетін уақыт та жақындап қалды. 

Қаланың  бүгінгі  келбетіне,  басқа 

өңірлерден  келіп-кетіп  жатқан 

қонақтар түгіл, балалық шағынан 

бері шаһармен өмірін бөлісіп келе 

жатқан  жергілікті  тұрғындардың 

өзі таңдануда. Алысқа бармай-ақ, 

былтырғы жылдың осы уақытымен 

салыстырған  күннің  өзінде,  қала 

көркі  көз  сүрінерлік  жағдайға 

жетті.  Дегенмен,  күндізгі  көрініс 

бір бөлек. Ал түнгі келбеті тарихи 

романс  пен  сұлулық  галереясына 

айналған.  Қала  жастары  әр  кеш 

сайын орталық «Достық» алаңында 

бас қосып, салауатты өмір салта-

натымен  көңіл  көтерсе,  қариялар 

жаңадан соғылып біткен скверлер-

де  өздерінің  кезіндегі  шаһардың 

келбетін әңгімеге арқау етеді. Бұл-  

тыным  таппайтын  қаламыздың 

түнгі тыныс-тіршілігінің бір ғана 

көрінісі.  Арнасы  кеңейген  қала 

көшелерімен  заулаған  көліктер, 

жарқыраған  бағдаршамдар  мен 

бабалардың  өсиеті  жазылған  ар-

калар,  жол бойында жарқыраған 

бағаналар,  заманауи  үлгіде 

жасалған  аялдамалар  қаланың 

түнгі сырымен бөлісіп тұрғандай. 

Барлығы  жарасымды.  Алдағы 

мерейтойымызға  орай  қалалық 

әкімдіктің  ұйымдастыруымен 

құрылған арнайы топ қаланың түнгі 

өмірімен танысып қайтты. Қалалық 

мәслихат  хатшысы  Балабек                                                                        

Нарбаев  және  қала  әкімдігіне 

қарасты  бөлім  басшыларынан 

құралған  топ  шаһардың  орталық 

көшелерінен  бастап,  түгел  ара-

лап шықты. Мақсат – атаулы ме-

рекеге  орай  қала  ішіндегі  түнгі 

жарықтандыруға  байланысты 

кемшіліктерді  анықтап,  алдын 

алу.  Жұмыс  барысында  аз-кем 

кемшіліктер де табылды. Мәселен, 

Әл-Фараби  көшесінде  20-дан 

астам  бағаналар  жарықсыз  тұр. 

Және жаңадан бой көтерген кейбір 

нысандардың ауласында әлі күнге 

құрылыс  қалдықтары  жиналмап-

ты.  Абай  даңғылында  бірнеше 

аркаларға түнде жарық берілмеген. 

Бейбіт  күннің  батыры,  қаһарман 

Ғазиз  Байтасовтың  есімі  берілген 

көшенің  де  жарықтандырылуы 

төмен.  Бірнеше  мейрамханалар 

мен  дүкендердің  түнгі  жарна-

маларында  әріптер  өшіп  қалған. 

Осы  секілді  санаулы  кемшіліктер 

болғанымен,  анау  айтқандай  сын 

жоқ. Штаб жұмысы барысында Төле 

би көшесінен Тәуке хан көшесінің 

аяғына  дейін,  әуежай  маңы,                                                                                  

Б. Момышұлы, Сейфуллин, Қонаев 

көшелеріндегі  жарықсыз бағаналар, 

аялдамалардың  маңы,  дүкендер 

мен  бейберекет  орнатылған  жар-

намалар,  жол  белгілері  мұқият  

қадағаланды.  Дейтұрғанмен, 

сынмен  еме с,  сұлулығымен                                                                                 

баурап  тұрған  шаһардың  орталық 

көшелеріндегі  жарықтандыру 

жұмыстары  көңіл  қуантарлықтай. 

Төле би көшесінің бойындағы тоғыз 

қабатты үйлер мен «Астана» мөлтек 

ауданындағы  үй  ғимараттарының, 

«Тараз-Арена» спорт кешенінің түнгі 

жарықтандырылуы жоғары деңгейде. 

Ал  анықталған  кемшіліктер  жуық 

арада шешімін табатын болады.

жидек және ет өнімдері болды. 

- Біз Талас ауданынан келіп отырмыз. 

Өзіміз  жеке  мал  бордақылып,  етін  сату-

мен айналысамыз. Бұл жолы сатуға 5 бас 

қойды сойып әкелген болатынбыз. Барлығы 

дерлік өтіп кетті. Біздің өнімдер тұрғындар 

үшін ыңғайлы болып отыр. Себебі, базар 

бағасынан едәуір арзан сатып жатырмыз. 

Мәселен,  біз  сатып  отырған  қой  еті  ба-

зарда келісіне 1100 теңге болса, мұндағы 

баға 950-900 теңге шамасында. Халықтың 

сұранысы  көптігі  бізді  қуантып  отыр,- 

дейді сатушы Ләйлә. 

Жәрмеңкеде жүрген қала тұрғындарын 

әңгімеге  тартқанымызда  барлығының 

сатылымға  шыққан  тауар  мен  бағаға 

көңілдері толатындарын аңғардық. Жоғары 

деңгейде  ұйымдастырылған  жәрмеңке 

келесі сенбі күні де өз жалғасын табатын 

болады. Келесі  жәрмеңкеге Тараз қаласы 

мен Меркі, Мойынқұм, Қордай, Жамбыл, 

Шу  аудандары  мен  «Тараз»  ӘКК»  АҚ  өз 

тауарларын сатылымға шығармақ.


мереКе 

Бар жақсылық сіздер үшін!

6

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №40 (1275), 30 ҚырКүйеК   2015 Жыл  //



Индира БАЙҚОНЫС

Расында,  мұғалімдер  өз  уақытын 

шәкірттерінен аямайтын, өзгенің бақытын 

мерейленіп аялайтын тау тұлға деуге толық 

негіз бар. Жалпы, қала бойынша білім сала-

сында 7572 педагог еңбек етеді. Оның 5481-і 

мектептерде, ал  2091-і  балабақшалар мен 

шағын орталықтарда жұмыс істейді. Қазан 

айының  алғашқы  жексенбісінде  Қазақ 

елінің  мұғалімдері  төл  мерекелерін  атап 

өтеді. Бұл күні ұстаздар қауымының мерейі 

тасып,  шәкірттерінің  ыстық  ықыласына 

кенеледі.  Мерекеге орай «Менің алғашқы 

ұстазым!» бірыңғай республикалық акциясы 

бастау алды. Қыркүйектің  жиырма бірі мен 

қазан айының төртінші жұлдызы аралығын 

қамтитын акция  «Менің алғашқы ұстазым, 

мерекеңізбен!»,  «Құттықтауымды  қабыл 

алыңыз!»,  «Сүйеміз  және  жадымдасыз!», 

«Ұстаздар, бар жақсылық сіздер үшін!» атты 

ұрандарымен өтуде. 

Педагогтердің мәртебесін көтеру – зор 

міндет. Ел азаматтарын алғашқы ұстаздарын 

ұмытпауға және  оларға құрмет көрсетуді 

мақсат  тұтқан  акция  біздің  өңірде  де  кең 

көлемде сипат алып отыр. Бүгінде облысы-

мызда бірыңғай республикалық акция аясын-

да 16 іс-шара  ұйымдастырылыпты. 

Мәселен,      Шу  ауданы,    Ғ.Мұратбаев 

атындағы орта мектебінде «Менің алғашқы 

ұстазым,  мерекеңізбен!»    тақырыбында 

дөңгелек үстел өтіп, оған  262 педагог, 134 

оқушы қатысса,  Жуалы ауданы А.Пушкин 

атындағы  орта  мектепте  «Ұстаздар,  бар 

жақсылық  сіздер  үшін!»  тақырыбында 

ардагер  ұстаздарға  арналған  концерт 

ұйымдастырылды.   Сондай-ақ, атаулы күнге 

орай, қала әкімдігі білім бөлімі де ұстаздар 

қауымын төл мерекелерімен құттықтайтын 

болады. «Менің алғашқы ұстазым!» акциясы-

на білім бөлімінің қызметкерлері де атсалы-

сып, өздерінің алғашқы ұстаздарына құрмет 

көрсетуді  жоспарлап  отыр.  Бұдан  бөлек, 

шаһар мұғалімдерінің мәртебесін арттыру 

мақсатында бірқатар іс-шаралар легі де өтпек.

Жалпы, ұстаздарды ұлықтап, олардың 

қоғамдағы рөлінің маңыздылығын тағы бір 

айғақтайтын  облыс  педагогтерінің  салта-

натты жиыны бұрнағы күні өтті. Онда жас 

ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген 

ардақты жандардың ерен еңбектері еленіп, 

құрмет-қошеметке  бөленді.  Жамбыл  об-

лысы  әкімдігінің  білім  басқармасының 

ұйымдастыруымен    Мұғалімдер  күні 

мерекесінің  идеологиясын  күшейту  және 

мерекелеу мәртебесін арттыру мақсатында  

облыс көлемінде 51 іс-шара өткізу жоспарда 

тұр. Атап айтқанда, кездесу кештері, дөңгелек 

үстелдер, акциялар, флешмоб т.б. 

Дамудың даңғыл жолына бет алған еліміз 

білім саласына айрықша көңіл бөліп келеді.  

Мемлекет дамуының өлшемі  ғылым мен 

техниканың,  экономиканың  жетістіктері 

болса, мұның барып тірелер жері – білім, 

ал  білім  беру  тетігі  –  мұғалім.    Ұрпақ 

тәрбиелеуде мұғалімге қойылар талап өте 

жоғары. Мұғалім – кәсіби білімді, мәдениетті, 

ізгі қасиеттерімен зиялы адам, инновациялық 

жаңа бағыттағы іс-әрекетке әрқашан дайын,  

дарынды оқушының қабілетін одан әрі дамы-

та білетін тұлға.

Ендеше,  құрметті  оқырман,  сіз  де 

өзіңіздің алғашқы ұстазыңызды құттықтауға 

асығыңыз!

Адамның адам болып қалыптасуына ата - аналармен қатар, ұстаздың да рөлі зор. Сол 

себепті ата - анамызды қалай құрметтесек, ұстаздарды да солай  құрметтеуіміз керек. Басшыға 

да, данаға да, ғалымға да, баршамызға ұстаз ғана білім береді. Шындығында, ұстаз барлық 

мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін адал жан. «Ұстаздың мамандығы - барлық 

мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтылған. Ұстаз алдында тәрбие алмайтын жан жоқ 

шығар, сірә. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. 

Бізге тура жол сілтеп, білімдерін аямай беріп жатқан ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. 

Керімбай атындағы  №12 мектеп-гимназиясының барлық мұғалімдеріне және география 

пәнінің мұғалімі, біздің сынып жетекшіміз Мұқашева Динара апайға  көп - көп рахмет! Ол 

кісінің тек жақсы қасиеттерін байқап жүрміз. Ол кісі мейірімді, ақылына көркі сай, өз  ісінің 

маманы, бізге ақылын айтып, көмектесуден жалықпаған. Біз сізді жақсы көреміз, құрметтейміз!    

  

Керімбай атындағы №12 мектеп- гимназиясының  



9 «Б» сынып  оқушылары

Ұстаздарға мың алғыс!



 

„

мектеп біздің екінші үйіміз болса, ұстаздар біздің екінші ата-



анамыз.

Әжемдей болғым келеді



 

„

 



менің апам Шалғынбаева Қалдыкүл әженқызы қырық 

жылдай білім саласында қызмет етіп, көптеген марапаттарға 

ие болған жан. 

 

1970  жылы  Абай  атындағы  педагогикалық 



училищені бітірген соң балабақшаға тәрбиеші бо-

лып орналасады да, 2008 жылға дейін сәбилерді 

тәрбиелеумен айналысады. Тәуелсіз мемлекет болған 

соң, бұрынғы Сармолдаев атындағы балалар үйінде 

тәрбиеленіп жатқан қазақ балалары бір жерге топ-

тастырылып, «Ұлан» балалар үйі ашылғанда соған 

ауысып, біраз жыл еңбек етеді. 

Апам өзге балаларды тәрбиелей жүріп, өз бала-

ларын да тәрбиелеуді ұмытпаған. Жеті ұл-қыз өсіріп, 

оларды оқытып, бәріне жоғары білім әпереді. Мені де 

кішкентай кезімнен атам екеуі тәрбиелеп, қазақтың 

салт-дәстүрін үйретіп, қазақы тәрбие беріп өсірді.

Қазір атам мен апамның сүйікті қызымын. Кей 

кезде әке-шешемнен де қызғанады. Апам өз бала-

ларынан басқа мен сияқты көптеген жиендерін де 

тәрбиелеп өсіруде. Арман деген ағам, Сәуле деген 

сіңлім, Қуаныш деген інім де ата-апамның қолында 

өсіп, бәрі де кәмелетке толып еңбекке араласты. Жасы 

жетпіске жақындап қалса да, немерелерін бағуда. Ата-

апаның тәрбиесі бөлекше, нағыз қазақша. Шашымызды қысқартпай, қысқа көйлек кигізбей, 

үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуды үйретті және үйретіп келеді. Апамның балабақшада 

тәрбиелеген ұл-қыздары бүгінде қызметте, өздері де ұл-қызды болса да, апама келіп сәлем 

беріп тұрады. 

30 жылдан асқан еңбегі ескеріліп, жоғары дәрежелі мұғалім, «ҚР білім беру үздігі» 

белгісімен, облыс, аудан әкімдерінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Апам «Алтын 

алқа» иегері. Бүгінде ұл-қыздары түрлі қызметте. Немерелерінің алды да еңбекке араласып, 

шөбере сүйген асыл әже. Апамды алдағы келе жатқан Мұғалімдер күнімен құттықтаймын. 

Дені сау, аман болсын!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет